Балуанныѕ дене- кїш ќабілетін арттыру


Бейімделу және қалыптасу, еркін күресшіні дайындауға қойылатын жаттығулар



бет5/42
Дата16.02.2023
өлшемі468 Kb.
#68638
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
Áàëóàííû¾ äåíå- ê¿ø àá³ëåò³í àðòòûðó

1.2 Бейімделу және қалыптасу, еркін күресшіні дайындауға қойылатын жаттығулар
Спорттық жаттықтыру адам ағзасының сол жүктемеге бейімделу-қалыптасу мүмкіндігінің өте жоғары екендігін көрсетеді. Қандай да болмасын өте ауыр және экстремалды жұмыс атқаруды қажет ететін қызмет түрлері адам организмін бейімделу қалыптастыру мүмкіндігі жағынан спорттық жүктеме арқылы жаттықтыруға жетпейтіндігі анықталды.Оның себебі спортшының күн сайынғы көптеген сағаттар бойына үлкен жүктемелер арқылы жаттығуы және оған климаттық әсері, сонымен қатар жарыс үстінде спортшының экстремалдық жағдайларда жиі болуы ықпал етеді.
Спорттық жаттығу кезінде спортшы әртүрлі қозғалыс түрлерін орындауымен қатар оның жылдамдығын, көлемін, орындау түрін өзгертеді, әртүрлі әдіс-айланы, тәсілдерді пайдаланады сонымен қатар психологиялық әсерлер қоса жүреді. Өткізілетін жарыстың деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын спортшы ағзасына түсетін жүктеме және психологиялық әсер көп болады, осыған байланысты бейімделу деңгейіне де жоғары талаптар қойылады.
Спорт түрлерінің ерекшелігіне байланысты қолданылатын құрал-жабдықтар әртүрлі болып келеді (доп, штанга, семсер, бокс қолғабы, т.б), ал спорттық күрес кезінде екі адам бір-бірімен жекпе-жек жағдайында болғандықтан, бейімделу қалыптасу жағдайына басқаша талаптар қойылады. Спортшының түскен күшке, атқарған жүктемеге қалыптасып-бейімделуі машықтану кезеңдеріне байланысты әртүрлі болып келеді.Көп жылды жаттығу жоспары кезеңінде алдағы өткен мерзімде болған бейімделу жағдайын бұзып, одан да жоғары талаптарға бейімделу қажеттігі туады. Осылай әр кезеңге қойылатын талаптардың өзгеріп және артып отыратындығына байланысты, адам ағзасында ерекше бейімделу процестері пайда болып отырады.
Әр спортшының спорттық жылымен 5-6 жылдан 20-25 жылға дейін және одан да көп болуына әр кезеңдегі бейімделу-қалыптасу кезеңдері бір-бірінен жоғары болып отырғанда ғана жететіні белгілі болды. Спортшының үлкен жүктемелерді жеңуге бейімделу мүмкіндігін ең жоғары деңгейде ұстап тұру мерзімінің ұзақтығы, әр спорттың түріне және әр спортшының феногенетикалық ерекшелігіне және атқарылған жаттығу жұмысының адам ағзасына әсеріне байланысты. Осы жағдайда адам ағзасына берілетін жаттығу жүктемесінің мөлшері оны орындату әдістемесіне байланысты және оған адамның бейімделуі сол деңгейде ұстап тұру мүмкіндігі тікелей әсер етеді.Осы кезеңде адам ағзасының дене-күш қуатының сарқылып шаршамауын, зорықпауын қадағалау қажет.
Жаттығудың әр кезеңдерінде адамның дене-күш қабілетінің бір түрінің азаюы екінші бір түрінің артуы сияқты құбылыстарды дөп басып байқап отыру, спорттық жарыстарда нәтижелі жетістіктерді жоспарлауға мүмкіндік береді. Спорттық күресте кілем үстіндегі жағдай өте тез өзгеріп отыратын болғандықтан ұзақ, уақыт сақталытын бейімделу процесімен қатар, аяқ асты өзгерген жағдайға қажетті тез бейімделу процесі пайда болады. Қазіргі жоғары спорт жетістіктерінің талабы спортқа дарынды балаларды алдын ала анықтау, сол арқылы болашақта үлкен спорттық көрсеткішке жету жолын іздестіру болып табылады.
Шеберліктері өте жоғары және үскен спорттық жетістіктерге жеткен спортшылардың туа бікен қабілеттері басқа спортшыларға қарағанда ерекше және олардың жаттығу, жарыстық кезеңдерге бейімделу мүмкідіктерінің жоғары екендігі белгілі болады.
«Бейімделу» ұғымы «стресс» ұғымымен жақын, себебі ол адам ағзасына бірден үлкен жүктеме түсу салдарынан, барлық сезім мүшелерінің үлкен қозу жағдайында болуына әкеледі. Осындай күйге түскен кезде адам ағзасында гипофиз жұмысының артуы байқалып, аденокортикотропты гормонның бөлінуі көбейеді. Сондықтан ол адам ағзасының үлкен қозу жағдайларында бейімделу процестеріе реттейді.
Қатты тоңу немесе ыстықтау өз мүмкіндігінен көп мөлшерде жұмыс атқару, қан жасаушы және иммунитетті сақтаушы тимустың жұмысын әсер етеді, эндокринді бездердің жұмысын көбейтіп, «стресс-синдром» тудырады. Осы жағдайдың екі түрі болу қажет. Біріншісі- егер қоздырғыш жағдай өте жоғары болып және көп уақытқа созылса, онда стресс-синдромның соңғы фазасы адам ағзасында зорығу жағдайын тудырады.
Екінші түрі- егер создырғыш адам ағзасының мүмкіндігінен артпайтын болса, онда сол қоздырғышқа қалыптасуы, адам күшін реттеу арқылы бейімделу процнссі жүреді. Стресс-синдромның бірінші түрі, көбіне, жарыстық кезеңде және спортшыға өз мүмкіндігінен артық жаттығ жүктемесін жоспарлап орындатқан жағдайларда байқалады.
Екінші түрі жаттығу жүктемесіне бейімделудің негізі болып табылады. Осы жағдайда қан құрамында глюкозаның, майлы қышқылдың, аминді қышқылдардың, нуклейдтердің көбеюі байқалып, жүрек- қан, тыныс алу жүйесінің жұмысы жақсарып, қан мен оттегінің жұмыс жасаушы мүшеге жақсы жеткізуін қамтамассыз етеді. Сөйтіп жұмысты көп атқарушы мүшеге жұмысқа араласпайтын органнан қосымша ресурстар бөлінеді. Мысалы,
қалыпты жағдайда адамның бұлшық еті жеткізілетін оттегінің – 30% , ми -20%, бүйрек - 7% пайдаланатын болса, үлкен жүктеме арқылы жаттығу кезінде бұлшық ет оттегінің – 87%, ми – 2 %, бүйрек - 1% жұмсайды.
Адам ағзасының жүктемеге бейімделуін бірнеше түрге боледі. Оларға: жедел және ұзақуақыттық, туа біткен және жүре қалыптасқан түрлері жатады. Туа біткен бейімделуге, - жұмыс жасау кезінде тыныс алудың жиілеуі, қан айналысының көбеюі, көп шу болған жағдайда есту қабілетінің артуы, психологиялық қозу кезінде жүрек соғысының жиілеуі жатады. Ал жедел және жүре қалыптасқан бейімделуге, жаттығу жұмыстарының нәтижесінен үйренген күрделі қозғалыстарды орындай білу, көп әдіс- айланы меңгеру жатады.
Ұзақуақыттық бейімделу ол біртіндеп және ұзақ уақыт қайтй-қайта қайталаудың салдарынан адам оранизмінің сол қоздырғышқа бейімделуінен пайда болады. Жедел бейімделу түрінде жаттығуды қайта- қайта орындау нәтижесінде адам ағзасы бейімделу кезеңінен өткендігін білу қажет. Олай болмаған жағдайда келесі берілетін жүктеме мөлшеріне қажетті адам ағзасының күш- қуатының жетіспеушілігі байқалып, күткен нәтижеге жету мүмкін болмай қалады. Есте сақтау қажетті бір жайдай: ол, қалыптасу- бейімделу неғұрлым тез жүретін болса, оны сол деңгейіне шығарып жаттықтыру, қысқа мерзңмде берілетін жүктемелерге бейімднлуін арттырып жарыстық кезкңдерде үлкен табыстарға жеткізеді, бір сол спортшылардың жғары көрсеткіштер көрсетіп жарыстарға қатысу мерзімдері қысқа болады. Керісінше, ұзақ жылдар бойы біртіндеп жаттығу жүктемесіне қалыптасқан сопртшылардың бейімделу- қалыптасу уақыты ұзақ болғанымен, олардың жоғары көрсеткіштер деңгейінде жарыстарға қатысу мерзімі ұзақ болады.
Сонымен, адам ағзасы спорттық жаттығулар кезеңінде және жарыстарға қатысу кезеңдерінде қалыпты жағдайда жұмыс атқарып, өз мүмкіндігін толық пайдалана алуы үшін бейімделу- қалыптасу жағдайынан өтуі қажет. Осылай болғанда адам ағзасының күш- қуаты ұзақ уақытқа сақталып, нәтижилі жұмыс атқаруына мүмкіндік туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет