Балуанныѕ дене- кїш ќабілетін арттыру


Еркін күресішінің арнайы шыдамдылығын жаттықтырудың әдіснамалары



бет8/42
Дата16.02.2023
өлшемі468 Kb.
#68638
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42
1.3 Еркін күресішінің арнайы шыдамдылығын жаттықтырудың әдіснамалары

Арнайы шыдамдылық деп еркін күресшінің алдына қойған мақсатына неғұрлым үнемді күш жұмсауы арқылы жету қабілетін айтады. Шыдамдылық қабілет адамның мінез- құлқымен тығыз байланысты болуымен қатар, жаттығу барысында балуанның дене- күш қабілетін жаттықтыру шыдамдылық қабілетіне тән жұмысты үлкен мөлшерде, қарқынды түрде орындай алу дәрежесіне жеткізеді. Машықтану кезінде жақсы шыдамдылық қабілетке жеткен спортшы өзінің дене- күш қабілетінің бастапқы қалпына қысқа мерзімде қайта келу жолдарын меңгеру дәрежесіне жетеді.


Балуан белдесу үстінде күш қабілетін үнемді жұмсап үйрену үшін төмендегідей әдістемелер қолданылады. Бұл әдістемеде белдесу уақыты 2 еседен 6 есеге дейін көбейтіледі. Осылай күресу кезінде балуан өз күшін белгіленген уақытқа толық жеткізу мақсатында күшін үнемдеуді үйренеді. Күрес үстінде үлкен күшті қажет ететін әдістерді орындамауға тырысады. Жаттықтырушы бір балуанға қарсы бірнеше балуанды ауыстырып күрестіруі ықтимал.
Шаршаған кезде күрестіру әдістемесі
Балуан шаршаған кезінде онымен тың тұрған серіктесін күрестіреді, әр белгіленген уақыт аралығында тың балуанды күреске қосып отырады. Негізгі мақсат- балуанды әбден шаршатып қалжырату.
Бір- бірін шаршатуға бағытталған белдесулер
Бұл әдістемеде балуандар бір- бірімен күресу арқылы қайсысы ұзақ уақытқа күресе алатындығын дәлелдеуге тырысады. Екінші жолы бірнеше балуандар бір- біріменм демассыз ауыса отырып күреседі де соңында шыдамдылық көрсеткен балуан жеңімпаз атанады.
Қысқа уақыт аралығында жеңіске жетуге бағытталған белдесулер
Бұл белдесулер балуанның аз уақыт ішінде жеңіске жетуге ұмтылып күресуіне негізделген және келесі белдесулерге күшін үнемдеуге үйретуге арналған. Осындай белдесулер көбіне шеберлігі жоғары балуанмен шеберлігі төмен балуанды күрестіру арқылы іске асырылады. Шеберлігі төмен балуанға кілемде неғұрлым көп тұрып жеңілмеуге тырысуға тапсырма беріледі. Белдесулердің тағы бір түрі ол шеберлігі жоғары балуандар арасында «аз уақыт жұмсап, көп жеңіске жету» бәсекесін ұйымдастыру. Осылай өткізген белдесулер кезінде балуандар жеңіске жылдам жету жолдарын іздестіпіп, өз күшін үнемді жұмсауға үйренеді.
Жаттықтырушы балуанның төзімділігін (шыдамдылық) қабілетінің қай жағы жақсы дамыған, қайсысы нашар екендігін үнемі бақылап отырады, белдесу кезінде тыныс алу, жүрек, қан соғысының жиілігін анықтау сияқты жұмыстарды атқарып отырады. Қажет жағдайда жаттықтырушы балуанның дене- күш қабілеттерін адам ағзасы жұмыстарының мүмкіндігін анықтау мақсатында жан- жақты дәрігерлік байқаудан өткізіп тұрады. Дәрігерлік байқауды жаттығу кезінде өткізген тиімді болып келеді. Машықтау кезінде қан тамыры соғысы мен тыныс алу жиілігі орташа мөлшердегі жүктемеден көп болса және тез шаршап қалса, онда ондай адамға жалпы жаттығу жұмыстарын көбірек беріп, ағзаның төзімділік (шыдамдылық) қабілетін арттыру қажет. Егер балуан үлкен жүктемелерді орындауға қабілеті жетіп, бірақ белдесу үстінде шамадан тыс (скован) қозу қалпына түсіпқимылдарын реттей алмайтын жағдайға келетін болса, онда себебін анықтау бақсатында белдесудің барысын талқылап, арнайы төзімділік пен үнемді жұмыс істеуге үйрету әдістемелері қолданылады.
Балуан әр белдесуге өзінің ерік күш- жігерін, көңіл- күйін реттеуге үйреніп машықтану қажет. Ол үшін төмендегі жағдайларды орындаған тиімді:

  1. Күніне 8-9 сағат ұйықтау. Тамақты қажетті мөлшерде уақытында қабылдау. Әр жарыстар арасында алдағы белдесулер туралы аз ойлау мақсатында демалыс үзілістерін ұйымдастыру (кітап оқу, театр- кино,мұражай т.б.орындарға бару, саяхат жасау).

  2. Жарыс кезінде өз салмағындаға белдесулерді бақылау, ең бастысы, өзі алдағы уақытта күресетін балуандардың кездесулерін көру, талдау. Адам ағзасына (есту, көру т.б.) күш түсіріп, жағымсыз әрекет ететін орындарға бармау.

  3. Қабылданатын астың сапалы болуын қадағалау. Асыра көп ас ішпеу. Астың құрамында адам ағзасына қажетті витаминдер мен қоспалардың болуын қадағалау. Астың құрамында витаминдер мен қоспалардың болуыкүш- қуаттың жылдам қалыпты жағдайға келуіне көмектеседі.

  4. Денсаулыққа зияны келетін тұмау, дизентерия т.б.эпидемиялық жұқпалы аурулар болатын уақыттарда қатаң сақтану.

  5. Көңіл- күйді бір қалыпты ұстауға тырысу. Жарыс ережесін бұзбай орындау.

  6. Егер жарыс үстінде дененің мысалы қол, аяқ, мойын т.б.мүшелері ерекше шаршаса немесе жарақат алса, оны қалпына келтіру мақсатында дәрігерлік т.б.қажетті шараларды жылдам ұйымдастыру.

Балуан жарыс барысында әр белдесуден кейін оның нәтижесінің әртүрлі болуына қарамастан өз күш- жігерін қалыпты жұмсауға үйренуі қажет. Дененің күш- қуатын қажетті уақытта қажетті мөлшерде жұмсай білуге үйренуге тиіс. Өз мүмкіндігі мөлшерінде жұмыс атқарып, өзінің күш- жігерін бақылай алатын балуан жарыстың он бойында шыдамдылық қабілетін көрсете алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет