Етпеттен жатып орындалатын жаттығулар
Кір тасын иінінен ұстап, кілем үстімен домалату
Кір тасын бір және екә қолмен жоғары көтеруге тырысу
Шынтақтап тұрып, кір тасын кілем үстінен көтеру
«Көпірде» тұрып орындалатын жаттығулар
Арқада жатып орындалатын жаттығуларды қайталау
«Көпірде» тұрған бойда бас жақта тұрған кір тасы арқылы аударылып түсу
Қолға кір тасын көтерген бойда «Көпірде» тұрып алға- артқа ырғалу
«Көпірде» тұрған бойда бас жаққа қойылған кір тасы арқылы жанға айналып кету
«Көпірде» кір тасын қолға ұстаған бойда түрегеліп кету
Нығыздалған допты қолдану арқылы орындалатын жаттығулар
Допты қол саусақтары үстінде айналдыру
Бір қолдан екінші қолға допты лақтырып қағып алу
Допты жоғары лақтырып, бір қолмен және екінші қолмен қағып алу, осы жаттығу 360° айналу арқылы орындалады.
Допты алға, артқа, жанға, қашықтыққа лақтыру
Допты аяқ арасынан өткізіп артқа лақтыру
Допты қол мен аяқтың арасынан өткізіп айналдыру
Допты «Көпірде» тұрып жоғары лақтырып, қағып алу
Допты екі адам бір- біріне қырымен тұрған бойда бастарынан асыра лақтырып қағып алу
Бір- біріне арқасын беріп тұрған екі адам бастарынан асыра лақтыру, мақсат- қағып алу
Кеудесіне ұстаған допты бір- біріне серпе лақтыру
Арқада жатып допты жоғары лақтырып,қағып алу
допты ұстаған бойда алға- артқа тоңқалаң асып домалау
Аяқпен допты лақтырып, оны қолмен ұстап алу
Арқада жатып, екі аяқтың арасына допты қысқан бойда бастан асыра кілемге тигізу
Допты аяқ ұшымен, жанымен, тіземен, санмен ұрып қақпақылдау
Допты қолға ұстаған бойда алға еңкею, артқа шалқаю, айналдыру
Нығыздалған доппен, баскетбол, регби, футбол, қол добы ойындарын ойнату
Достарыңызбен бөлісу: |