Гантельді қолданып жасалатын жаттығулар
Гантельмен жаттығулар жасау күш, жылдамдылық иілгіштік, ептілік қабілеттерді дамытуға көмектеседі.
Жаттығуларды отырып, тұрып және жатып орындауға болады.
Тұрып орындалатын жаттығулар
Гантельді көтерген қолды бүгіп- жазу
Алға, төмен және жанға созылған қолмен гантельді айналдыру
Гантельді қолмен жоғары, төмен түсіріп, екі қолмен бірдей және кезек- кезек көтеру
Екі жаққа созылған қолмен гантельді жоғары төмен көтеру
Иық тұсына бүгілген қолмен гантельді жоғары төмен көтеру
Гантельді алға созып, ұстаған бойда «бокс» жаттығуларын жасау
Гантельді қолға ұстап, желкеге, қойып, алға еңкею, артқа шалқаю, жанға иілу
Гантельді лақтыру, қайта ұстау, бір қолдан екінше қолға ауыстыру
Аяқтың үстіне қойылған гантельді жоғары лақтырып, қолмен ұстау, қолдан жерге тастаған гантельді, аяқпен қағып алу т.с.с
Отырып орындалатын жаттығулар
Желкеде ұсталған гантельмен алға еңкею
Алға еңкею кезінеде қолды екі жаққа, алға созу
Гантельді ұстаған бойда жанға бұрылу
Гантельді қолға ұстаған бойда етпеттен жатып, қолды бүгіп жазу
Жатып орындалатын жаттығулар
Шалқадан жатқан бойда (гантель ұстаған қол жоғары созылған) қолды алға- артқа түсіру
Гантельді кеудеден жоғары көтеру
Қолдар жанға созылған бойда, гантельді жоғары көтеру
Гантельді жоғары көтерген бойда аяқты жоғары көтеру тырысу
Алға еңкею
Гантельді қолға ұстаған бойда кілем үстінде аунау, гантельді кілемге тигізбеуге тырысу
Аяқ арасына қысылған гантельді жоғары көтеру
Гантельді ұстаған бойда, алға және артқа домалау
Достарыңызбен бөлісу: |