Доппенорындалатын арнайы жаттығулар «Тобықтан қағу» әдісін үйрену үшін табанның қарымен жерде жатқан допты ұру, осы жаттығуды жерге түсіп келе жатқан доппен орындау
«Шалу» әдісін үйрену үшін бүгілген аяқтың қылтасына қойылған допты аяқты тез жазу арқылы орындау
«Ілу» әдісін үйрену үшін доптың аяқтың ұшымен, өкшемен балтырдың көмегімен қозғалту,соғу
«Қырқа шалу» , «өңгеріп тастау» әдістері үшін допты өкшемен, тіземен, санның сыртымен соғу
Аяқтан ұстап жығуды үйрену үшін жерде жатқан допты қолмен жылдаи көтеріп, артқа, жанға лақтыру
«Кеудеден асыра лақтыру» әдісін үйрену үшін допты алдыға ұстаған бетте «көпірге тұру» мақсатында арқа шалқайып, допты 3-4м.жерде тұрған белгіге дәл тигізуге тырысып, арқа лақтыру.
Секіргіш жіппен орындалатын жаттығулар Секіргіш жіппен орындалатын жаттығулар – ептілік, жылдамдылық, шыдамдылық қабілетттерді дамыту және жаттығуды дәл орындауды жетілдіруге көмектеседі. Секіргіш жіппен жаттығуды орындау кезінде аяққа көп күш түседі және тыныс алу, қан айналу жүйелеріне әсер етеді.
Екі аяқпен секірген кезде жіп бір айналым жасайды.
Жіп бір айналым жасаған кезде екі рет секіріп үлгеру
Бір аяқпен секірген кезде жіппен бір және екі айналыс жасап үлгеру