Балуанныѕ дене- кїш ќабілетін арттыру


Шектен тыс күш түсіру әдістемесін қолдану



бет7/42
Дата16.02.2023
өлшемі468 Kb.
#68638
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42
Шектен тыс күш түсіру әдістемесін қолдану. Бұл әдістеменің ерекшелігі – жаттығу үшін қолданылатын салмақ мөлшері өте үлкен болады. Мысалы, жаттығушы 1-2 рет қана көтере алатындай ауыр салмақ алынады. Бұл әдістемені қолданған кезде балуан тез шаршап қалады, бірақ қалпына келу «шегіне дейін» әдістемеге қарағанда тезірек болады. Әр жаттығу аралығына 3-10 минут үзіліс беріледі. Штангі, зіл, тас т.б. жабдықтар қолданылады.
Ауыспалы күш түсіру әдістемесі. Бұл әдістемеде алдымен жүктеме жеңіл салмақпен, одан кейін орташа салмақпен, соңынан мүмкіндік шегіне дейінгі салмақпен орындалады. Осы жаттығуларды басқаша да орындауға болады мысалы, алдымен мүмкіндік шегіне дейінгі салмақты қолданып, салмақты қолдану кезінде жаттығуды жиі қайталап орындау қажет. Салмақпен орындалатын жаттығуларды секіру, отырып-тұру, екінші бір адамды иығына салып көтеру, т.с.с. жаттығулармен араластырып орындау пайдалы болып келеді.
Статикалық жаттығулар. Статикалық жаттығулар күрес кезінде қарсылас балуанның ұзақ уақытқа созылатын қарсы күшіне төтеп беруге көмектеседі. Бұл әдістеменің ерекшелігі жаттығушы өз денесінің бір мүшесін қозғалыссыз ұзақ ұстап тұруға негізделген (аяқты көтеріп ұстап тұру, қолмен денені тіреп тұру т.б.). Жаттығу неғұрлым күрделі болуы шарт, қозғалыссыз ұстап тұру уақыты небәрі 2-8 секундтан аспайтын жаттығуларды алу қажет, ол орындаушыға шамасынан тыс жаттығулар орындату мақсатынан туындаған. Мысалы, көтеруіне немесе қозғалтуына күші жетпейтіндей ауыр салмақтарды бір жерден екінші жерге апару, қабырғаға бекітілген заттарды тарту, итеру т.б.
Шегіну – жол беру әдістемесі. Бұл әдістеменің ерекшелігі – адамға берілетін жүктеме мөлшері оның күшінен бірнеше есе артық болуы шарт. Осылай болған жағдайда бұлшық етке түскен салмақ күшінің әсерінен жұмыс жасаушы бұлшық ет созылуға болады. Осылай әсер кту салдарынан бұлшық ет күшінің артуына үлкен жағдай туғызылады. Бұл әдістеме басқа күшті арттыру жаттығуларына қарағанда тиімді болып келеді. Бұлшық ет күшінің мөлшерін диномомерт аспабы арқылы өлшейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет