1. Қаржылық инвестициялар бойынша сәйкестікке жүргізілген аудит қандай
заңдық және нормативтік құжаттарға негізделеді?
2. Қаржылық инвестицияларға аудит жүргізу кезінде тексерілуге тиісті
негізгі пайымдауларды атаңыз.
3. Қаржылық инвестициялар бойынша операцияларға ішкі бақылаудың
жүзеге асырылуына тест жүргізудің қажеті не?
4. Қаржылық инвестицияларға тексеру жүргізу кезінде аудитор ішкі
бақылаудың қандай процедураларына басты назар аударады?
5. Қаржылық инвестициялар аудитінің негізгі ақпарат көздерін атаңыз.
6. Қаржылық инвестициялар аудиті кезінде аудитор кәсіпорынның
бухгалтерлік есебінде қандай ықтимал бұрмалаушылықтар болады деп
болжайды?
7. Қаржылық инвестициялардың аудитін жүргізу кезінде объектіге қатысты
тексерудің мақсаты неде?
8. Қаржылық инвестицияларға аудит жүргізу кезінде қандай
талдамалықлық процедуралар жүзеге асырылады?
8. Міндеттемелер мен капиталдың аудиті
1. Капиталдың аудиті
2. Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу аудиті.
3. Басқа да кредиторлық қарыздар аудиті.
Капиталдың аудиті
Меншікті капитал аудитінің негізгі мақсаты – кәсіпорындағы қалыптасқан капиталдың құрылуы мен пайдаланылу дұрыстығын және оның бухгалтерлік есепте бейнелену негізділігін тексеру.
Меншіктi капиталды қалыптастыру мен пайдалануды зерттеу шаруашылық жургзушi субъектiлердiң iс-қызметiн ұйымдастыру аудитiнiң маңызды бағыттарының бiрi болып саналады. Меншiктi капита.лдың көлемi бухгалтерлiк баланста корсетiлген активтер мен мiндеттемелердiң құнын бағалауға байланысты.
ҚР «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есеп беру туралы» заңында бұл терминге мынадай анықтама берiлген: «Меншiкті капитал — субъектiнің мiндеттемелерi шегерiлгеннен кейiнгі активтерi. Меншiктi капиталдың ерекшелiгi — ол шаруашылық жүргiзушi субъектiнің- актив көзi ретiнде үнемi басым болуы, соған орай оның, бар-жоғы бiлiнбейдi (оны қолмен ұстауга болмайды).
Меншiктi капиталға мыналар жатады: жарғылық, резервтiк қосымша төленбеген және қосымша төленбеген капитал, бөлiнбеген табыс (жабылмаған залал).