Бар елде ғана қалана


Өндіріс циклын тексерудегі бақылау тестілері



бет12/46
Дата22.12.2022
өлшемі0,92 Mb.
#58900
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46
Байланысты:
Бар елде ?ана ?алана

3. Өндіріс циклын тексерудегі бақылау тестілері

Ішкі бақылау құрылымын меңгеру процесі барысында аудитор бақылау жүргізеді, олар аудиторға ҚР нормативті-құқықытық құжаттарға сай екендігін көрсететін дәлелдемелер береді. Бұл дәлелдемелер аудиторға бақылаудағы тәуекелділік деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.


Ішкі бақылауды, бухгалтерлік есепті бастапқы бағалау үшін аудитор алынған ақпарат негізінде алдын ала жасалған тестті жүргізеді. Тестілеу нәтижесінде жүйе сенімділігі аудитті жоспарлау кезіндегі бағалаумен салысытырылады. Егер мұндай баға бастапқыдан төмен болса, басқа аудиторлық процедураларды көлемімен тәртібін сәйкестендіру қажет. Бақылау процедураларын жоспарлауда аудитор мұқият тексерілетін объектілерді анықтап, аудиторлық тәуекелділкті нақтылайды.
Ішкі бақылау құралдарының тиімділігін сипаттайтын тестілеу сұрақтары:

Кесте-3 Ішкі бақылау құралдарының тиімділігін сипаттайтын тестілік сұрақтар





Тест сұрақтарының мазмұны

Иә

жоқ

Ескер-ту

1

2

3

4

5

1

Кәсіпорында тауарлық-материалдық қорларды сақтау мен босатуға жауапты адамдар тағайындалды ма?










2

Материалдық жауапкершілік туралы шарт құрылды ма?










3

Әкімшілік қызметкерлер мен материалды жауапты адамдарға арналған лауазымдық нұсқаулар бар ма?










4

Қоймалардағы тауарлы-материалдық қорлардың сақталуы қамтамасыз етілді ме?
-қорғау сигнализациясымен;
-темір есік, торлар;
-стеллаждар, жәшіктер, шкафтар және т.б.;
-ашық сақталған материалдар үшін жабулар.










5

Материалды жауапты адамдар есептерді тұрақты тапсырып тұра ма?










6

Тауарлық-материалдық қорларды түгендеу уақытылы жүргізіле ме?










1

2

3

4

5

7

Түгендеу жүргізу кезінде анықталды ма:
-артық;
-жетіспеушілік;
-артық сорттау;
-құндылықтардың бұзылуы.










8

Жиі орын ала ма:
-кінәлілардың зияндарды өтеуі;
-қызмет нәтижелеріне шығара салу;
-істі тергеу орындарына тапсыру.










9

Қоймаларда тауарлы-материалдық қорлар нормативтері орнатылған ба және олар орындала ма?










10

Мыналар бойынша құжаттар дұрыс толтырыла ма:
-тауарлық-материалдық қорлар шығындары бойынша;
-ішкі жылжу бойынша.










11

Өнім өндірісіне материалдарды жұмсаудың бекітілген нормалары бар ма?










12

Осы шығын нормалары дәлелді ме және орындала ма?










13

Тауарлық-материалдық қорларды енгізу және шығару кезінде босату жүйесі орнатылды ма?










14

Сұранысқа ие емес және жатып қалған шикізат, материалдар орын ала ма?










15

Жүктелім, лимит алушы карталар, талаптар, жүкқұжат, табельдер бланктеріне бөтен адамдар қол жеткізе ме?










16

Жүкқұжат, лимитті-заборлы карталар, талаптар, жүктелімдер, табельдерге алдын ала номерлер қойыла ма?










17

Кәсіпорында әкімшілік-басқару персоналының санына лимит (шектеу) қойыла ма?










18

Әкімшілік шығындар сомасы бекітілген сомаға сәйкес келе ме?










19

Есеп беру кезеңінде кәсіпорындар айыппұл, тұрақсыздық айыбын төлеу шығындарына ұшырады ма?










Аудитор осындай тестілік сұрақтар құру арқылы материалдардың, өндірістік шығындардың жағдайы туралы қосымша мәліметтер ала алады.
Талдамалық процедуралар көмегімен тәуекелдерді анықтайды, шоттар арасындағы арақатынасты зерттейді, аудиторға тәуекелдікті бағалауда көмектесетін тенденциялар мен заңдылықтарды анықтайды. Тенденциялар көрінуі мүмкін:
-өндірістік шығындардың құрамдас бөлігі, өндірістік шығындар мен баға ауытқулары арасындағы арақатынасты;
-дайын өнімдердің қорларының айналымдылығы (сатылған өнімнің өзіндік құнының дайын өнімнің орташа қоры қорына қатынасы).
Аудитор арақатынасты талдап, оларды өткен кезеңнің сәйкес мәліметтері мен болжау көрсеткіштерімен салыстырып, ерекше операцияларды анықтап, олардың құрылу табиғатын түсініктеме табуы қажет. Ішкі есеп беруде әкімшілік жүргізген талдау аудиторға өзінің талдамалық процедурасына қосу үшін олар қаншалықты қажет екенін шешуге мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған талдамалық процедуралардан басқа аудитор мыналарға талдау жасайды:
-шикізат пен материалдардың, жалақының нақты шығындары мен жүкқұжат шығындарының нормативтен ауытқуына;
-тауарлық-материалдық қорлар құрамы мен құрылымына;
-тауарлық-материалдық қорлардың шығарылуы;
-тауарлық-материалдық қорлардың өтімділігі.
Аудитор компанияның бақылау құрылымын өзіне аудитті жоспарлауға мүмкіндік беретіндей етіп түсінуі керек. Бұл олардың пайда болу қаупі немесе мүмкін бұрмалауларды анықтау және объектіге қатысты тексеру әдістемесін даярлау үшін қажет. Аудитор өзіне кәсіпорын туралы белгіні талдайды, алдыңғы жылдағы аудит нәтижелерін қарастырады, клиент персоналымен әңгімелеседі, персонал өз міндеттерін қалай орындайтынын бақылайды, бақылау саясаты мен процедурасының клиент дайындаған сипаттамасын қарастырады, құжаттар мен есептемені зерттейді.
Егер аудитор толықтық, дәлдік және болу сияқты аудит мақсаттарына қатысты өндірістік циклдің кейбір немесе барлық шоттарының бақылау тәуекелін төмен деп бағаласа, онда босалқы қорларға түгендеу жүргізуді міндетті бақылаудан басқа аудиттің осы мақсаттарына қатысты мән бойынша тексерулер аналитикалық процедуралармен шектеледі. Ол аудиттің келесідей мақсаттарына қатысты бақылау тәуекелін сирек төмен деп бағалайды: құбылыс, бағалау, құқық және міндеттемелер, ұсыну және ашу. Сондықтан осы мақсаттарға қатысты әдетте мән бойынша тексерулер жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет