Аудитор жұмысының түпкі өнімі болып кәсіпорын қызметінің қаржылық жағдайы мен нәтижелерін көрсететін қаржылық есеп берудің дұрыстығы туралы оның көзқарасын білдіретін құжат табылады. Аудиттің бас мақсаттарының бірі сондықтан айқындамау жағдайында кәсіпорынмен берілетін қаржылық мәліметтердің шынайылығына маңызды әсер ететін қателіктердің жоқтығы мен ережелерден шегінуде сенімділіктің ең жоғары дәрежесіне жету болып табылады.
Қаржылық есеп берудің элементтері мен көрсеткіштерінің шынайылығын, бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысулардың дұрыстығын анықтап алғаннан кейін, қаржылық есеп берудің аудиторлық тексеруін аяқтауға болар еді.
«Аудитор, егерде ол шынымен клиентпен іскер қарым қатынастарын жалғастыруға қызығушылық танытса, кәсіпорынның қаржылық жағдайының талдауын жүргізуге және тиісті ұсыныстар дайындауы міндетті».
Басқа сөзбен айтқанда, аудиторлық қорытындыны құру негізделетін кәсіпорын аудитінің қорытынды және шешуші сатысы кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның кемшіліктерін және олардың себептерін анықтау, оны тұрақтандыру мен жақсарту бойынша нақты ұсыныстарды жасау мақсатымен тексеру болып табылады.
«Аудиттің түпкі мақсаты - кәсіпорынның қаржылық жағдайын, қаржылық тұрақтылығының талдауы, қаржылық көрсеткіштерін талдау болып табылады». Қаржылық талдаусыз кәсіпорынның қаржылық жағдайын тексеру мүмкін емес.
Аудит жүйесіндегі қаржылық талдаудың мақсаттары болып табылады:
Кәсіпорын активтері мен олардың пайда болу көздерінің құрамы мен құрылымын бағалау;
Қаржылық жағдайда кеңістіктік – уақыттық шегінде өзгерістерді және олардың пайда болуына негіз болған негізгі факторларды анықтау;
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен болашақта оның қызмет ету перспективаларын бағалау.
Аудиттегі қаржылық талдау екі аспектіде қолданылады: біріншіден, кәсіпорынның қаржылық тетігін, оның операциялық, қаржылық және инвестициялық қызметі үшін қаржылық ресурстарды құру және пайдалану үрдістерін тану әдісі ретінде; екіншіден, аудиторлық қызмет көрсету түрі ретінде.
Шетел тәжірибесі көрсеткендей, аудиторлық қызмет экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдерінің кең спектріне тірелуі керек.
Аудитті жүргізу барысында диалектика қағидаларының, берілген ғылымның әдісі мен жалпығылымдық әдістерінің жиынтығын білдіретін экономикалық талдаудың жалпы әдістемесіне тірелетін қаржылық талдаудың әртүрлі әдістері мен арнайы тәсілдері қолданылады.
Қаржылық талдау әдістерінің түрлі жіктелімі болады. Жіктеудің бірінші деңгейі формализацияланған және формализацияланбаған әдістерді бөліп қарасытырады.
Формализацияланбаған әдістер қатаң талдамалық байланыстарға емес, логикалық деңгейде талдамалық процедураларды сипаттауға негізделген. Оларға келесі тәсілдер жатады: сараптама бағалары, психологиялық, морфологиялық, көрсеткіштер жүйесінің тізбегі, аналитикалық кестелер жүйесінің тізбегі. Формализацияланбаған әдістерді қолдану белгілі бір субъективтілікпен сипатталады, себебі аналитиктің интуициясы, тәжірибесі мен білімі үлкен маңызға ие болады.
Формализацияланған әдістерге жеткілікті түрде қатаң формализацияланған талдамалық тәуелдіктерге негізделетін әдістер жатады. Мұндай әдістердің ондаған әдістері белгілі; олар жіктелімнің екінші деңгейін құрайды. Оларға қаржылық талдаудың келесі классикалық әдістері жатады: элиминерлеу (тізбектеп орын ауыстыру), баланстық байланыстар, топтамалар, орташа және қатысты өлшемдер, графикалық, индекстік және басқалар.
Қаржылық талдау тәжірибесі нарықтық экономика жағдайында қызмет ететін кәсіпорындардың қаржылық есеп беруін талдау әдістемесін дайындады. Нарықтық экономикаға өтуге дейін қалыптасқан, басқарудың барлық деңгейлерінде және кәсіпорындардың өзімен ондаған жылдар бойы қолданылған талдау әдістемесі шаруашылықтың әкімшілік жүйесінің қызмет ету шарттары және қаржыландырудың негізінде орталықтандырылған қайнар көздердің мемлекеттік меншігі үшін дайындалған болатын. Бұл шарттар шаруашылықты тиімді жүргізуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдауда кәсіпорынның жеке дербестігін шектеп отырды және мүлде нарықтық қатынастармен, кәсіпкерлік қызметпен сәйкеспеді.
Қаржылық талдаудың өткен әдістемесінде шешуші рөлді баланстың жеке баптары мен топтарының қорытындылары мәнін салыстыру, нормативтен ауытқулардың себептерін, кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығына бұл ауытқулардың әсерін зерттеу атқарады. Жаңа қаржылық есеп берудің маңызды ерекшеліктерінің бірі онда жоспарлы көрсеткіштер мен нормативтердің жоқтығы болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында қызмет ететін кәсіпорындармен қолданылатын қаржылық талдаудың негізгі әдістерінің ішінен келесі алты әдісті бөліп қарастыруға болады: 1) тікелей талдау; 2) көлденең талдау; 3) трендтік талдау; 4) қаржылық коэффициенттер әдісі; 5) салыстырмалы талдау; 6) факторлық талдау.
Тігінен (уақыттық) талдау – есеп берудің әрбір позициясын алдыңғы кезеңмен салыстыру. Ол алдыңғы кезеңмен салыстырғанда бухгалтерлік есеп берудің әртүрлі баптарының абсолютті және қатысты ауытқуларын анықтауға көмектеседі.
Көлденең (құрылымдық) талдау – толықтай нәтижеге есеп берудің әрбір бабының әсерін айқындаумен қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Бұл талдау баланс немесе оның бөлімдері бойынша жеке баптардың қорытынды көрсеткішке үлес салмағын анықтауға көмектеседі.
Тігінен және көлденең талдаулар бір бірін толықтырады. Сондықтан есептік бухгалтерлік нысанның құрылымын, сондай – ақ оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын сипаттайтын кестелер құрылады.
Трендтік талдау барлық көрсеткіштері 100% болып қабылданатын базистік жылдың деңгейінен бірқатар жыл бойынша көрсеткіштердің қатысты ауытқуларын есептеуге негізделеді. Трендтің көмегімен болашақта көрсеткіштердің мүмкін мәндері құрылады, яғни перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.
Нарықтық экономика жағдайында кеңінен тараған әдіс болып әртүрлі қаржылық көрсеткіштердің қолданылуы табылады.
Коэффициенттер оларды есептеу кезінде бір өлшемді бірлік деп қабылдайтын, ал басқасын бірлікке қатынас ретінде көрсететін қатысты өлшемдер болып табылады. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптары арасында белгілі бір арақатынастарының бар болуына негізделеді. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кейінгі факторлық талдау үшін бастапқы негіз болып табылады және талдауы зерттеушіге көзге көрінбейтін құбылыстарды айқындауға көмектесетін екі өлшем арасында математикалық арақатынасты сипаттайды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының қатысты көрсеткіштері үлестіру коэффициенттері мен координация коэффициенттеріне бөлінеді.
Үлестіру коэффициенті қаржылық жағдайдың белгілі бір абсолютті көрсеткіші абсолютті көрсеткіштер тобының қорытындысының қандай бөлігін құрайтындығын анықтауды талап еткен кезде қолданылады. Есептік кезең бойынша үлестіру коэффициенттері мен олардың өзгерістері баланс бойынша клиенттің қаржылық жағдайымен алдын ала танысу барысында үлкен рөл атқарады.
Координация коэффициенттері мәні бойынша қаржылық жағдайдың әртүрлі абсолютті көрсеткіштерінің немесе әртүрлі экономикалық мәні бар олардың сызықтық комбинацияларының қатынастарын сипаттау үшін қолданылады.
Қаржылық коэффициенттердің талдауы базистік өлшемдермен салыстыруда, сондай – ақ есептік кезең және бірқатар жылдар бойынша олардың динамикасын зерттеуде түйінделеді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын және олардың өзгеріс тенденцияларын нақты және толық сипаттау үшін қаржылық коэффициенттердің кішігірім көлемі жеткілікті. Бұл көрсеткіштердің әрқайсысы кәсіпорынның қаржылық жағдайының мәнді тұстарын сипаттау маңызды болып келеді. Ең кең таралған және зерттелетін көрсеткіштер болып өтімділік, қаржылық тұрақтылық, табыстылық пен іскерлік белсенділік табылады.
Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау – бұл фирманың, еншілес фирманың, бөлімшелердің жеке көрсеткіштері бойынша есеп берудің жиынтық көрсеткіштерінің ішкішаруашылық талдауы да, берілген фирманың көрсеткіштерінің бәсекелестерінің көрсеткіштерімен, ортасалалық және орташа жалпыэкономикалық мәліметтермен қатысты шаруашылықаралық талдау. Бұл әдіс кезінде болып жатқан жайтқа бағаны ұқсас түсініктер мен құбылыстар арқылы береді. Бұл әдісті қолданудың қажетті шарты болып көрсеткіштердің сәйкестілігін сақтау табылады.
Факторлық талдау – бұл зерттеудің детерминерленген немесе стохастикалық әдістерінің көмегімен жеке факторлардың нәтижелі көрсеткішке әсерін талдау. Факторлық талдау тікелей (талдаудың өзі) болуы мүмкін, яғни нәтижелік көрсеткіштердің құрама бөліктерге бөлінуі, сондай – ақ оның жеке элементтері жалпы нәтижелік көрсеткішке біріктірілген кезде кері (синтез) де болуы мүмкін.
Жоғарыда айтылған әдістермен қатар, кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметін талдау кезінде экономикалық талдаудың, экономикалық және математикалық статистиканың, экономико – математикалық әдістерінің дәстүрлі тәсілдері қолданылады.
Қазіргі уақытта кез келген ғылымның әдістері мен тәсілдерін тек қана оған ғана тиесілі деп жекелеп алу мүмкін емес, өйткені әртүрлі ғылымдардың ғылыми құралдарының өзара байланысы байқалады.
Қаржылық талдауда бастапқыда басқа бір экономикалық ғылымның шегінде құрылған әртүрлі әдістер мен тәсілдер пайдаланылады. Оларды орынды қолда білу кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауға және оның қаржылық тұрақтылығын бекіту бойынша ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.
Сонымен, жоғарыда айтылғаннан аудитор шаруашылық субъектінің қызметін қаржылық талдаудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін қолдана алады деген қорытынды шығаруға болады. Оларды дұрыс қолдана отырып және оны жүргізудің кезеңділігінің дұрыс әдістемесін таңдап, аудитор кәсіпорынның қаржылық жағдайының терең, жан – жақты, кешенді талдауын жүргізе алады, объективті және шынайы баға береді, қаржылық тұрақтылықты бекіту және кәсіпорынның табыстылығын жоғарылату бойынша ұсыныстар әзірлейді.