Аудиттегі компьютерлендірілген әдістерге — Компьютерлерді аудитті жүргізудің құралы ретінде пайдаланатын аудиторлық процедуралардың қолданбалы бағдарламалары жатады.
Аудиттің масштабы, ауқымы —Бұл термин нақты жағдайларда аудиттің мақсатына жету үшін қажетті болып саналатын аудиторлық процедураларға жатқызылады.
Аудитордың пікірі — Білімі, мамандану дәрежесі мен жұмыс тәжірибесіне негізделген аудитордың көзқарасы. Бұлар оған өзінің іс-әрекеттерінің тәртібін бірыңғай және қатаң анықтауға мүмкін болмайтын жағдайларда субъективті шешімдерді қабылдауға негіз болады.
Ауқымды база- Шығын өзін белгілі бір түрде көрсететін әрі нақты білінетін тенденциясы болатын ұйымның іскер белсенділігінің белгілі бір кезеңі.
Ажыратылмайтын тәуекелдік — тиісті ішкі бақылау жоқ болған кезде шоттардың сальдоларының немесе операциялар топтарының (класстарының) жеке-жеке немесе басқа шоттардың сальдоларындағы не болмаса операциялар топтарындағы (класстарындағы) бұрмалаушылықтармен бірге маңызды болуы мүмкін бұрмалаушылықтарға душар болуы.
Ақпарат — жинау, сақтау, өңдеу объектісі болып табылатын бір нәрселер туралы мәліметтер. Ақпараттардың құнына: ақпараттар жинауға жұмсалған басшылар мен олардың қол астындағы жұмыскерлердің уақыттары, сонымен бірге нарыққа талдау жасаумен, сыртқы кеңес берушілердің және т.б. қызметін пайдаланумен байланысты нақты шығыңдар кіреді.
Алдыңғы аудитор — бұрын субъектінің аудиторы болып табылған және кейінгі аудитормен ауыстырылған аудитор.
Алмаспайтын (тура жүргізілетін) тексеру — өзіне бухгалтерлік есептің барлық жүйесі арқылы бірнеше операцияларды қадағалау кіретін тест.
Арнайы мақсаттағы аудиторлық қорытынды есеп — қаржылық есеп беру бойынша жасалынған аудиторлық қорытындыдан өзге (басқа) қаржылық ақпараттарға, төмендегілермен қоса, тәуелсіз тексеру жүргізуге байланысты құрылған қорытынды есеп: