Бар елде ғана қалана


Аудиттегі компьютерлендірілген әдістерге —



бет41/46
Дата22.12.2022
өлшемі0,92 Mb.
#58900
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Аудиттегі компьютерлендірілген әдістерге — Компьютерлерді аудитті жүргізудің құралы ретінде пайдаланатын аудиторлық процедуралардың қолданбалы бағдарламалары жатады.

  • Аудиттің масштабы, ауқымы — Бұл термин нақты жағдайларда аудиттің мақсатына жету үшін қажетті болып саналатын аудиторлық процедураларға жатқызылады.

  • Аудитордың пікірі — Білімі, мамандану дәрежесі мен жұмыс тәжірибесіне негізделген аудитордың көзқарасы. Бұлар оған өзінің іс-әрекеттерінің тәртібін бірыңғай және қатаң анықтауға мүмкін болмайтын жағдайларда субъективті шешімдерді қабылдауға негіз болады.

  • Ауқымды база - Шығын өзін белгілі бір түрде көрсететін әрі нақты білінетін тенденциясы болатын ұйымның іскер белсенділігінің белгілі бір кезеңі.

  • Ажыратылмайтын тәуекелдік — тиісті ішкі бақылау жоқ болған кезде шоттардың сальдоларының немесе операциялар топтарының (класстарының) жеке-жеке немесе басқа шоттардың сальдоларындағы не болмаса операциялар топтарындағы (класстарындағы) бұрмалаушылықтармен бірге маңызды болуы мүмкін бұрмалаушылықтарға душар болуы.

  • Ақпарат — жинау, сақтау, өңдеу объектісі болып табылатын бір нәрселер туралы мәліметтер. Ақпараттардың құнына: ақпараттар жинауға жұмсалған басшылар мен олардың қол астындағы жұмыскерлердің уақыттары, сонымен бірге нарыққа талдау жасаумен, сыртқы кеңес берушілердің және т.б. қызметін пайдаланумен байланысты нақты шығыңдар кіреді.

  • Алдыңғы аудитор — бұрын субъектінің аудиторы болып табылған және кейінгі аудитормен ауыстырылған аудитор.

  • Алмаспайтын (тура жүргізілетін) тексеру — өзіне бухгалтерлік есептің барлық жүйесі арқылы бірнеше операцияларды қадағалау кіретін тест.

  • Арнайы мақсаттағы аудиторлық қорытынды есеп — қаржылық есеп беру бойынша жасалынған аудиторлық қорытындыдан өзге (басқа) қаржылық ақпараттарға, төмендегілермен қоса, тәуелсіз тексеру жүргізуге байланысты құрылған қорытынды есеп:

    а) бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарынан немесе Ұлттық стандарттарынан өзге бухгалтерлік есептің тегіс қамти алатын негіздеріне сәйкес дайындалған қаржылық есеп беру;
    ә) арнайы шоттар, қаржылық қорытынды есептегі баптар немесе шоттардың элементтері;
    б) келісім-шарттық міндеттемелерге сәйкестік;
    в) қорытындыланған қаржылық есеп беру.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет