Бұқаралық ақпарат құралдары а мәтіні Газет мақаласынан үзінді Журналист кез келген дерек пен оқиғада бейтараптылық танытқаны абзал Қуандық Шамахайұлы


Ә мәтіні:ғаламтор мақаласынан үзінді Бейбітшілік және Ассамблея



бет4/4
Дата22.05.2023
өлшемі20,75 Kb.
#96064
1   2   3   4
Ә мәтіні:ғаламтор мақаласынан үзінді
Бейбітшілік және Ассамблея
Ассамблея құрылған күннен бас­тап елімізде мыз­ғымас бірлік, сар­қыл­мас береке бас­тау алып келе жатқаны белгілі. «Ассамблея – көп­этносты еліміздің басын біріктіретін, қо­ғамның пікірін тыңдайтын үлкен мінбер. Бүгінгі таңда құ­рылым еліміздегі татулық пен тұрақ­тылықтың ең басты кепілі болып отыр.Тәуелсіздіктің алғашқы кү­ндерінен бастап өңірлерде, қалаларда, ау­дандарда, ауылдарда мың­даған кездесулер ұйымдастырылып жатыр. Осыдан жиыр­ма жылға жуық уақыт бұрын, Ассамблеяны құра оты­рып, біз әлемдегі барлық мәлім болған модельдерден де озық шыға білдік. Біз халықты ор­тақ патриоттық тұғырнамада топ­тастырудың бірден-бір сенімді тетігін таптық. Оның мәні әркімге де түсінікті және қарапайым адами сұраныстарды – жұмысты, отбасындағы әл-ауқатты, балалар үшін білім беруді, денсаулықты, тұрғын үйді, қауіпсіздік пен демалысты қамтамасыз етуге кө­мектеседі.
Біздің қоғамда ешкімнің де этностық артықшылығы жоқ және бәрі де Заң алдында тең. Барлық қазақстандықтар – бір туған жердің балалары. Біз бәріміз – біртұтас Қазақстан халқының әртүрлі және бірдей балаларымыз. Біздің бәрімізді бір мәселе толғандырады – бүкіл Қазақстан халқының әл-ауқаты. Біздің бәрі­міздің мақсатымыз бір – біздің ортақ Отанымыздың өркендеуі. Бұл біздің ортақ табысымыз, ортақ мақтанышымыз.
Бұл осы жылдар бойына елімізде жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі деп білеміз.
Тұрақтылық пен келісім – әр­бір азаматтың күн сайынғы жұмы­сы!
Ассамблея әр кезде де уақыт­пен бірге қадам жасауда. Оның қолдауы біздің Тәуелсіздігіміз тарихының барлық тағдыршешті сатыларында шешуші болып келді. Бірлік пен топ­тасудыңең бас­ты құндылықтары екенін қайта­лаудан ешқашан жа­лықпаймыз. Соның арқасында біз экономиканы көтердік, халықтың әл-ау­қатын нығайттық, елдің бо­лашағын көрсеттік. Біз 2030 Стра­тегиясының мерзімінен бұрын орындалуына қол жеткіздік.
Бүгінде біздің бірлігіміз – жаңа 2050 Стратегиясын жүзеге асырудың шешуші факторы. Ең дамыған мемлекеттердің 30-на ену – біздің мақсатымыз және барлық қазақстандықтардың ор­тақ тағдыры. Стратегияда біздің ұлы көпэтносты халқымыздың даналығы көрініс тапқан. Ол біз­дің бітімнің, рухани келісімнің ай­рықша мәдениетінің жоғары қағидаттарынан арқаулық табады. (260 сөз)

Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Бейбітшілік-адамзаттың асыл құндылықтарының бірі» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет. / 20 /


Бейбітшіліктің құнын немен өлшейміз?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет