«бас және мойын клиникалық анатомиясы» Пәнінен жазбаша емтихан сұрақтарына жауап эталондары


Ұрт аймағы, шекарасы, топографиялық анатомиясы



бет11/11
Дата17.10.2023
өлшемі34,65 Kb.
#117477
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
«áàñ æ?íå ìîéûí êëèíèêàëû? àíàòîìèÿñû» Ï?í³íåí æàçáàøà åìòèõàí ñ

Ұрт аймағы, шекарасы, топографиялық анатомиясы.

Шекаралары: жоғарыда-көздің төменгі қыры, төменде-төменгі жақтың төменгі қыры, алдынан-мұрын-ерін жүлгесі, арттан-шайнау бұлшықеттің алдыңғы қыры. Жұқа тері, тері асты шел майы жақсы дамыған, ішінде беткейлік шандырдың табақшалары орналасады. Шел-май қабатта бет артериясы және венасы өтеді. Лимфа тамырлар венамен бірге жүреді. Нервтендіру-көз асты нерв үшкіл нервтің ІІ-ші бұтағы, ұрт және иек нервтері үшкіл нервтің ІІІ-ші бұтағы. Беткейлі қабаттың астында майдың жатықшасы орналасады (corpus adiposus buccae). Бұның астында ұрт артериясы орналасады және fascia buccopharyngea. Оның астында ұрт бұлшықеті.

  1. Көз шарасының астыңғы аймағы, шекарасы, топографиялық анатомиясы.

Көз шарасының астыңғы аймағы (regio infraorbitalis) шекарасы: көздің төменгі қырының астында орналасқан; ішкі жағынан-мұрының қанаттары, сырттан-жоғарғы жақтың беттік өсіндісімен, астынан-жоғарғы ерінмен. Осы аймақтың проекциясы ит шұңқырына сәйкес келеді. Тері жұқа, жылжымалы. Шел май қабаты дамыған, беткей шандыр. Жоғары жағында дөңгелек бұлшықеттің перифериялық бөлігі орналасады. Аймақты жоғарғы ерінді көтеретін және мұрының қанатының бұлшықеті. Кішкене төмен ұрт бұлшықеті. Шел май арқылы мұрын-ұрт жүлгесінде бет артерясының соңғы тармағы (a. angularis) өтеді. Ит шұнқырына foramen infraorbitalis арқылы артерия және нерв infraorbitalis шығады. Нерв қаздың кіші табаншасын құрайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет