«бас және мойын клиникалық анатомиясы» Пәнінен жазбаша емтихан сұрақтарына жауап эталондары


Дәмнің (тістем) қандай түрлерін білесіз. Патологиялық дәм (тістем) және оның түрлері



бет8/11
Дата17.10.2023
өлшемі34,65 Kb.
#117477
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
«áàñ æ?íå ìîéûí êëèíèêàëû? àíàòîìèÿñû» Ï?í³íåí æàçáàøà åìòèõàí ñ

Дәмнің (тістем) қандай түрлерін білесіз. Патологиялық дәм (тістем) және оның түрлері.

Қалыпты немесе ортогнатикалық және патологиялық.
Патологиялық тістемдер: 1. Алға қарай. 2. Артқа қарай. 3. Вертикалды. 4. Қиғаш-бір жақты немесе екі жақты болуы мүмкін. Патологиялық тістемдер ауыз қуысының кілегей қабаттарына зақым келтіруі мүмкін, дикцияны бұзады, тістердің шайнау беттері тез бұзылады, беттің формасын өзгертеді.

  1. Шайнау аппаратына жататын бұлшықеттерді атап беріңіз және де қандай топтарға бөлінетінін атаңыз?

Меншікті шайнау және көмекші шайнау топтарға бөлінеді. Самай, шайнау, медиальды қанат тәрізді, латеральды қанат тәрізді. Қос қарыншалы, жақ-тіласты, иек-тіласты.

  1. Бас қаңқасының алдыңғы шұңқырының құрылысын атап беріңіз, шекаралары қандай құрылымдармен бекітіледі және шұңқырда орналасқан саңылаулардан нелер өтеді?

Алдыңғы шұңқыр ортаңғысынан сына тәрізді сүйектің кіші қанаттарымен шектеледі. Торлы сүйектің ұяшықтарынан иіс сезу нервтің жіпшелері (І) кіреді және алдыңғы және артқы торлы артериялар мұрын аймақты қоректенуге өтеді, қораз айдаршығына мидың қатты қабығының орақ тәрізді байламы бекиді. қораз айдаршығының екі шетінде иіс сезу нервтің пиязшалары жатады. Қораз айдаршығының алдында соқыр тесік орналасады. Бұл жерден жоғарғы сагитальды қойнауды мұрынмен байланыстыратын вена өтеді. Сына тәрізді сүйектің кіші қанаттарының негіздерінде көз өзегі орналасқан, ол жерден көру нерві (ІІ) және көз артериясы (ішкі ұйқы артериясының тармағы) өтеді.

  1. Бас қаңқасының ортаңғы шұңқырының құрылысын атап беріңіз, шекаралары, қандай құрылымдармен бекітіледі және шұңқырда орналасқан саңылаулардан нелер өтеді?

Бас қаңқасының ортаңғы шұңқыры алдынан-сына тәрізді сүйектін кіші қанаттарымен, артынан- самай сүйектің тастақ бөлігінің жоғарғы қыраның және түрік ертоқымының аркасының ортасында орналасады. Түрік ертоқымының денесінде гипофиз орналасады, түрік ертоқымының алдында қиылысқан жүлге орналасады. Жоғарғы көздің саңылауы, бұл жерден ІІ, ІІІ, ІV, VI, және V жұп бас нервтің І тармағы өтеді. Дөңгелек тесік арқылы V жұп бас нервтің ІІ тармағы өтеді. Сопақ тесік арқылы V жұп бас нервтің ІІІ тармағы өтеді. Қылқан тесік-ортаңғы ми артериясы ішке қарай кіреді. Жыртық тесік-үлкен және кіші тастақ нерв, ішкі ұйқы артериясының өзегі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет