21.Қанат-таңдай шұңқыры, қабырғалары, байланыстары.
Алдынан-жоғарғы жақтың төмпешесі, артынан- сына тәрізді сүйектің қанат тәрізді өсінділерімен, іш жағынан-таңдай сүйектің верикальды табақшасымен шектелген. Сыртқы қабырғасы болмайды. Байланыстары; бастың ішкі негізімен-дөңгелек тесік арқылы; көз шарасымен-көздің төменгі саңылау арқылы; мұрын қуысымен-қанат-таңдай тесігі арқылы; ауыз қуысымен-үлкен таңдай өзек арқылы; бастың сыртқы негізімен-қанат тәрізді өзек арқылы байланысады.
50 баллдық емтихан сұрақ
(ҚОЛДАНАДЫ)
Қандай шайнау және көмекші бұлшықеттерді білесіз?
Самай, шайнау, медиальды қанат тәрізді, латеральды қанат тәрізді.
Көмекші: қос қарыншалы, жақ-тіласты, иек-тіласты.
Беттің алдыңғы бөліктері қандай бөліктерден тұрады және неден құралады?
Ауыз, ұрт, көз, көз асты, шайнау-шықшыт, беттің терең аймағы, беттің бүйір аймағы, әлпет аймағы, қанат-таңдай шұңқыр.
Ересек және жас бала тістерінің формуласын жазып беріңіз?
Ересектерде: 2-күрек тіс, 1 ит тіс, 2 алдыңғы азу тіс, 2-артқы азу тіс болады, жалпы 32 тіс.
Жас балаларда: 2-күрек тіс, 1 ит тіс, 0 алдыңғы азу тіс, 2-артқы азу тіс болады, жалпы 20 тіс.
Тіс неден құралған және тіс сипаттамасын атаңыз?
Коронка, мойыны, түбі, ұшы. Қатты заттар: эмаль, цемент, дентин. Жұмсақ заттар: пульпа,
Дәмнің (тістем) қандай түрлерін білесіз. Қалыпты дәм (тістем) және оның түрлері.
Қалыпты немесе ортогнатикалық және патологиялық.
Қалыпты немесе ортогнатикалық: 1. Жабатын-жоғарғы жақ тістер төменгі тістерді 1-2 мл жауып тұрады. 2. Керсінше жабатын-төменгі тістер жоғарғы тістерді 1-2 мл жауып тұрады. 3. Ортогеникалық немесе тікелей тістем-төменгі және үстіңгі тістер бір біріне тікелей қарама-қарсы тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |