«бас және мойын клиникалық анатомиясы» Пәнінен жазбаша емтихан сұрақтарына жауап эталондары


Тісті жансыздандыру. Инфраорбитальді анестезия, орындау техникасы



бет4/11
Дата17.10.2023
өлшемі34,65 Kb.
#117477
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
5.Тісті жансыздандыру. Инфраорбитальді анестезия, орындау техникасы.
Екі түрі бар: ауыз қусы арқылы және сырттай. Көз кырының астыңғы тесіктің проекциясын анықтағаннан кейін инені сүйектің өзегіне енгізеді 1,0 мл жансыздандыру препараттың ертіндісін енгізеді.
6.Тісті жансыздандыру. Алдыңғы таңдай нервін жансыздандыру, орындау техникасы.
Қатты және жұмсақ таңдайдың шекарасын анықтайды. Науқас ауызын кең ашады, 2-ші азу тістің проекциясына 1,0 мл жансыздандыру препараттың ертіндісін енгізеді.
7.Тісті жансыздандыру. Мұрын-таңдай нервін жансыздандыру, орындалу техникасы.
Күрек тесіктің проекциясын анықтайды, 7-8 мм таңдайдың шетіне қүрек тістердің арасына 0,25-0,5 мл жансыздандыру препараттың ертіндісін енгізеді.
8.Тісті жансыздандыру.
Туберальді, инфраорбитальді, алдыңғы таңдай , мұрын-таңдай, мандибулярлы, торусальді, иекасты.
9.Тісті жансыздандыру. Мандибулярлы анестезия, орындалу техникасы.
Екі түрі бар: ауыз қусы арқылы және сырттай. Ауыз қуысы арқылы-азу шуңқыры арқылы самай қыртысын (гребень) анықтайды, ауыз қуысын кең ашады. Инені самай қыртысының (гребень) ішкі жағынан 0,5-1,0 см төменгі азу тістердің шайнау бетінің үстімен жүргізеді, инені сүйекке жеткенше енгізеді, тағыда ішке қарай 2,0 см жылжытады-1,5-2,0 мл жансыздандыратын преператың ертіндісін енгізеді. Сырттай- төменгі жақтың бұрышынан 1,5 см алға, инені төменгі жақтың бұтағынын бойымен жоғарыға жылжытады, 4,0-5,0 мм тереңдікте 3,0 мл жансыздандыратын преператтың ертіндісін енгізеді.
10.Тісті жансыздандыру. Торусальді анестезия, орындалу техникасы.
Жансыздандыратын преператтың ертіндісін төменгі жақ сүйектің шодырына енгізеді. Бір кезеңде төменгі альвеолярлы, тіл және ұрт нервтерді жансыздандырады. Ақыл тістің шайнау бетінен 0,5 см жоғары инені қанат-жақ қыртысының сыртқы жиегіне енгізеді. Шприцты ауыздың қарама-қарсы бұрышына апарады, инені сүйекке дейін жеткізеді. 1,5-2,0 мл жансыздандыратын преператтың ерітіндісін енгізеді. Анестезия 2-5 мин кейін басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет