2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ
47
Шеткі Ақшоқы басында қалған бала
Шырқырап күн батқанша жылап жатты,-
деп жағдайды авторлық позициясына орайлап
бұрып әкетеді. Еңлік пен Кебектен Ермек атты
бала қалыпты-мыс. Ол туралы ел аузынан
жеткен дастан да бар. Ол бөлек әңгіме.
Еңлік-Кебек – Абай айналасында үлкен
қызығушылықпен қолға алынып, ақын
шәкірттердің жарыса поэма етіп жазған сол
кездегі ел аузында жүрген тарихи оқиғалардың
елеулісі. Халықтың өткен тарихын танып-білу
ғана емес, сол асыл қазынаны кейінгіге жеткізуді
мұрат еткен Абай өзі де қатысып, шәкірттеріне
де тапсырма беріп, бұл тақырыпқа қайта
айналып соға берген. Ел аузында алуан түрлі боп
айтылатын аңыз-ақиқаты аралас әңгіменің
шәкірттері тарапынан жырланғанда халыққа
дұрыс жетуіне аса мән берген. Тек екі жастың
сүйіспеншілік сезімін басты назарға алған
Мағауия жырына тұсау салғанда, орта қалай
қабылдайды, оқырман не дейді, - деген күдікті
Абай алдымен ойлаған-ды. Орыстандырудың
астыртын саясаты қаймағы бұзылмаған қазақы
билікті ығыстырып, орыс заңына бағына
бастаған елдің кешегі әділеттің ақ туын
жықпаған билері мен шешендерін үлгі ету еді -
Абайдың арғы ойы. Шәкәрім Ұстаз ойын
ақтады. Сөз жоқ, ел ішін бүлдіріп ала жаздаған
сезімтал Мағауияның по эмасынан кейін,
Шәкәрім шығармасының жазылуы Абайдың
қатты қадағалауында да болуы ықтимал. Екі
жастың трагедиясын жеке адамдардың
мүддесінен іздемей, одан терең жатқан ел
ішіндегі әлеуметтік қайшылықтардан табады.
Бұл тұрғыдан алғанда Шәкәрім ұстаз көңілінен
шықты деуге болады.
Resume
Резюме
В статье рассматриваются варианты поэмы "Енлик-Кебек".
The article discusses options for the poem "Enlik-Kebek."
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ
48
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ
Шәкәрім поэзиясында қазақтың дәстүрлі
поэзиясында бұрын-соңды кездеспеген өзіндік
болмысымен ерекшеленетін, ырғақтық-
интонациялық жүйесі соны, үні мен әуені
өзгеше өлеңдер баршылық. Бұл өлеңдердің ішкі
табиғаты
яғни
т ақырыптық–идеялық,
көркемдік-бейнелілік жүйесі ғана өзгеше емес,
сыртқы құрылымдық сипаты да жаңа. Абай
поэзиясының ішкі-сыртқы әлемін жүрегімен
ұғып, терең түсінген ақын ұлы дананың ізімен
кете бермей, өзіндік соқпағын салуды мақсат
еткендігін ақынның осы «мінезі дара» өлеңдері
байқатады. Шәкәрімнің Абайдан үйреніп, оның
өлеңдерінен ұғынған басты сабағы – өлеңнің
ішкі табиғатына сай сыртқы пішінін табу, ішкі
сарайына сай сыртқы сымбатын салу. Осыған
орай Шәкәрім по эзиясындағы бір-біріне
ұқсамайтын сан алуан ырғақтық-интонациялық
құрылымдар ақынның өлеңнің сыртқы
формасына ерекше мән беріп, өлеңдерін
мақсатты түрде
сол жүйеге енгізіп
отырғандығын дәлелдейді. Оны ақынның ұлы
Абаймен өлеңнің пішіні туралы әңгімелері
нақтылай түседі. «Бір күні Абай Шәкәрімді
шақырып алып: «Осы қазақта алты, жеті, сегіз,
он бір буынды шумақтар бар. Тоғыз, он, он екі
буынды өлең шумағы болуы мүмкін бе? Ай
ондай болмайтын шығар» - дейді. Шәкәрім
ертеңіне тоғыз, он, он екі буынды өлеңге ән
шығарып әкеліп, Абайға тыңдатады». Бұл
әңгімелер Абай мен Шәкәрімнің өлеңнің ырғақ
жүйесіне үлкен мән беріп, өлеңді түрлендіретін
ерекше құрал ретінде бағалағанын байқатады.
Сондай-ақ, Шәкәрімнің өлең өлшемінің өзгеше
мүмкіндігін ашудағы үлкен шеберлігін
танытады.
Ақын үшін өлең құрылымы несімен
маңызды? Ақынның тың құрылымдарымен
құрылған өлеңдері несімен ерекшеленеді? Осы
сұрақтарға жауап іздеу барысында Шәкәрім
Абай дәстүрін жалғастырушы ғана емес, жаңа,
өзінен кейінгі әдебиетке із салушы, жаңа
әдебиеттің бетін айқындаушы ретінде
танылады. Шәкәрім мен қазіргі қазақ
ақындарының өлең құрылымына қояр ортақ
талаптарының молдығы байқалады. Қай кезде
болмасын, өлеңнің тақырыптық-мазмұндық
ерекшелігіне
дөп
түсетін
ырғақтық-
интонациялық өрісін шын мәніндегі шебер
ақындар ғана таба алған. Өлеңнің сырын
танытып, мінезін ашатын кілт ретінде түрлі
ырғақтық кестелер М.Жұмабаев, Қ.Аманжолов,
Т.Айбергенов, М.Мақатаев, М.Шахано в,
Ф.Оңғарсынова, Ұ.Есдәулет, Е.Раушанов,
Г.Салықбай сынды талантты ақындардың
поэзиясында үлкен орын алады.
Ақын үшін өлең құрылымы ішкі ойды
жеткізуші, сөздің терең сырын ашушы.
Со ндықтан жаңа құрылымдық жүйеге
негізделген өлеңдерінен жанды, құнарлы
интонациялық леп байқалады. Сондай өлеңнің
А.ҮСЕНОВА, филология ғылымдарының докторы
Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің доценті
ӘӨЖ 811.512.122
ҚАЗІРГІ ӨЛЕҢ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ ҮРДІСТЕРІ
Тірек сөздер: қазақ поэзиясы, Шәкәрім үрдісі, ырғақтық-интонациялық жүйе.
Мақалада Шәкәрім поэзиясының ырғақтық-интонациялық жүйесі, үні мен әуені, қазіргі қазақ
поэзиясымен үндестігі сөз болады.
49
бірі «Қорқыт, Қожа Хафиз түсіме енді де... »
деген жолдардан басталады. Бұл құрылымдық
жүйеге аталмыш өлеңінен өзге «Әбдіғали
бауырыма» және «Ойдан шығарылған бар түрлі
әндерім» деген өлеңдері енеді. Бұл өлеңдердің
құрылымдық ерекшелігін өлеңнің мазмұнына,
ішкі сырына бойламай ашу мүмкін емес.
«Қорқыт, Қожа Хафиз» өлеңінде ақын өз
Ойымен әңгіме өрбітсе, «Әбдіғали бауырға»
өлеңінде жақын адамға амандық, сәлем хаты
айтылады. «Ойдан шығарылған бар түрлі
әндерім» өлеңінде әнді тыңдаушы мен салушыға
кеңестер береді. Үш өлеңінде де осы ойлар
көркемдегіш құралдарсыз, образдылық үстейтін
фигураларсыз, поэзияға тән пафоссыз беріледі.
Сондықтан бұл өлеңдерде ақынның барынша
табиғилыққа ұмтылысы байқалады. Ойды ырғақ
пен интонацияны түрлендіріп, жанды жеткізу
арқылы өлеңді көркем, шынайы, әсерлі етеді.
Қорқыт, Қожа Хафиз түсіме енді де,
Осы әніне салып келді де,
Үш қайтара мұны сайратып,
Деді: «Көкейіңе енді ме?
Бұл әнге мынау жырды сал
Әні мен сөзін ұғып ал!
Ойыңмен қоштасар
Мезгілің таяу
Жыр жазбасаң, тартар ой,
Күннен-күнге жалқауланып баяу» [1;183]
Өлеңнің ырғақтық-интонациялық жүйесі
дәстүрлі қазақ өлеңінде бұрын кездеспеген.
Ұзынды-қысқалы
тармақт арды
өзара
сабақтастыратын соңғы бунақтардың үш
буындылығы мен ұйқасушы сөздер. Бұл
өлеңдердің құрылымы жаңа дегенмен, оның
ырғақтық негізі жыраулардың толғау үлгісімен
үндес. Шәкәрім ескі жыраулардың дәстүрін
ерекше жоғары бағалағаны «Ескі ақындық»
өлеңінен белгілі. Шәкәрім толғаулардың
осындай құрылымдық жүйесін жаңғыртып,
жаңа дәуірге лайықтап, ұмыт қалмауын
құнттаған. Шәкәрім по эзиясындағы о сы
«табиғилық, шынайылық» үрдісі қазіргі
поэзияның да негізгі бағытына айналған.
Толғаулар суырып салып айтылып, түрлі
эмоционалдық-экспрессивті реңкке ие болса,
Шәкәрім
де
өз
өлеңінің
ырғақтық-
интонациялық жүйесін айтылу мәнеріне
жақындатып, өлеңдегі ойды шынайы, пафоссыз
беруге тырысады. Ақын өлеңдері айтылу мәнері
бірнеше түрленіп, эмоционалдық бояуы қанық
болып, ішкі логикалық өріске сай шыққан. Осы
құрылымдық жүйедегі үш өлең көркемдік
ерекшелігімен бағаланбайды, ойдың өз мәнеріне
сай жандылығымен, ырғақ жүйесінің
құнарлылығымен, жалпы шынайылығымен
құнды.
Қала.
Үй.
Балкон.
Көңіл кәсібі уайым ба?
Тірлікке ой да сүйкім бермейді,
Сүйкім бермейді ойын да.
Көше. Тастақ жол.
Сұрғылт жер, сұр-ақ
көкжиек
Бұлттар өріп жүр.
Сықсиды сұп-сұр бір бұлт жел сұрап,
О, өз басыңа көрінгір! [2; 5]
Ақын Т.Ешенұлының өлеңі Шәкәрімнің
өлеңдерімен үндестігі өз тақырыбына сай түрін
тауып, біте қайнасып, тұтасып, бір бүтін бола
білуінде. Мұнда тіршілік атаулыдан жырақтап,
оны бір сәт сырттан баққан лирикалық
кейіпкердің жан-дүниесі алақанға салғандай
айқын. Ұйқысыз қала тұрғынының көзіне тас
көше, сұрғылт жер мен сұр бұлттың түсуі
лирикалық кейіпкердің өмірдің сүрең тірлігінен
шаршаған жан дүниесін аз сөзбен ырғақтық-
интонациялық жүйесін түрлендіру арқылы
шынайы, дәл көрсеткен. Қозғаған мәселені
сырттан сұлу сөзбен көмкеріп, көркемдемей,
сөзге сәуле түсіру арқылы, сөздің тереңіне
бойлау арқылы, құрылымдық жүйесін
түрлендіріп, сөзге сай мәнер табу арқылы
жеткізу қазіргі ақындардың басты позициясына
айналған.
Шәкәрім қазақтың дәстүрлі өлшемдерінде
аса сирек қолданылатын, болмаса мүлдем
қолданылмаған өлшемдерге шығарған өлеңдері
арқылы барлық өлшеммен өлеңдер кестелеу
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ
50
мүмкіндігін көрсетті. Ақынның тоғыз буынды,
он буынды, он екі буынды өлеңдері ізденіс
ретінде бірді-екілі өлеңдермен шектеліп қалып
қойса, қазіргі поэзияда бұл өлшемдер дәстүрлі
7-8, 11 буынды өлшемдермен қатар еркін
қолданыста жүр. Тоғыз, он, он екі буынды
өлшемдермен халық ауыз әдебиетінің тақпақ,
санамақ сынды шағын жанрлары ғана
өрнектелетін-ді. Ал Шәкәрім бұл өлшемдермен
тұтас өлеңдер жазып байқады. Бұл өлеңдердің
кейбірі келісті, сұлу мәнер тудырса, кейбірінің
ырғақтық-интонациялық жүйесі жатық емес,
оқыс.
Ақынның көп өлеңдерінде дәстүрлі қазақ
өлеңінде бұрын соңды сабақтаспаған 9 буынды
өлшеммен 8 буынды өлшем, 8 буынды өлшем
мен 6 буынды өлшем құрылымдық жүйе жасап,
жаңа интонация тудырады. Шәкәрімнің тоғыз
буынды өлшемді сегіз буынды өлшеммен
сабақтастырып, біртұтас ырғақтық жүйе жасау
тәжірибесі «Анадан алғаш туғанымда» өлеңінен
көрінеді.
Анадан алғаш туғанымда
Жыладым неге дыбыстап,
Кіндікті кесіп қинағанда
Анамнан кеттім алыстап.[1; 105]
Тоғыз буынды 3+2+4 өрнегі мен сегіз буынды
өлшемнің 3+2+3 өрнегі еркін сабақтасып,
біртұтас, жатық, жеңіл мәнер тудырады. Ақын
Ұ.Есдәулет бұл өрнекті «Ақтабан шұбырынды»
өлеңінде үш тармақты шумаққа негіз етіп алады.
Өлеңін бірыңғай 4+2+3 өрнекті тоғыз буынды
өлшемге құрады. Бұл ырғақ айнымай үш рет
қайталанып,
өзара
ұйқас
арқылы
байланысқандықтан мәнері жеңіл, ширақ.
Тасымалдану арқылы жеке тармақ ретінде
бөлініп шыққан соңғы үш буынды бунақ өлеңнің
ырғақтық-интонациялық
жүйесін
құнарландырып, әрі өзі де логикалық екпінді
иеленіп тұр.
Бақ дегенім сорға айналды,
Тақ дегенім көрге айналды,
Көкірегіме шер байланды
толайым. [3; 92]
Ақынның «Ескі қаламен қоштасу» өлеңінде
то ғыз буынды өлшемнің 3+3+3 өрнегін
жасайды. Бұл ырғақтық өрнек те келісті, жатық,
толқынды, сұлу мәнер тудырады. Тоғыз буынды
1-2 тармақтарда ақынның қимас сезімі
толқынды, келісті мәнермен жеткізілсе, алты
буынды 3-4 тармақтарда ой өрісінің өзге арнаға
ауысуына байланысты ырғақтық-интонациялық
өзгеріске ұшырайды. Яғни, қимастық сезімінен
туындайтын үкілеген үміті қысқа, нақты
мәнермен беріледі. Ақын үмітінің сенімсіздігін
сездіргісі келгендей, екпін салмай, жай айтып
кеткендей әсер қалдырады.
Бақытты\\ сәттей боп\\ қас-қағым,
Алматым,\\ сенде өтті\\ жас шағым.
Ұмытпас мені де,
Медеуім, Тастағым.
Арманға құшақты ашып көп
Өртенгем мен дағы ғашық боп,
Жұлдыздан шашуын
Тұратын шашып көк [3;49]
Қазіргі поэзияда тоғыз буынды өлшеммен
тұтас өлеңдер көп жазылып, оның түрлі кестесі
көрініп жүр. Ақын Ұлықбек Есдәулеттің «Балға»
атты өлеңі тұтасымен тоғыз буынды өлшемнің
6+3, 4+2+3 сияқты әрқилы өрнектердің өрімінен
туған мәнер шымыр да, сұлу.
Көкірегімде \\ дүрсілдеген
Балғам-ды
Аллатағаладан \\ алғам-ды,
Қара төске \\ қарсы \\ салғам-ды
Жалпағынан \\ жаншып \\ жалғанды.
[3;158]
Бірінші тармақ пен екінші тармақ он бір
буынды өлшемнің тасымалдануынан туған бір
бүтін ой және ырғақтық-интонациялық бірлік.
Өзге үш тармақтың кестесі бірдей, әрі бір
дыбыстық үйлесімге негізделгендіктен мәнерді
ширатып, екпін қосып, толғау үлгісінің арынды
шабысын сездіреді.
Ақын Жұматай Жақыпбаев поэзиясында
тоғыз буынды өлшемдер жиі ұшырайды. 3+3+3
өрнекті тоғыз буынды өлшем өлеңдерінің ішкі
сарайына сай келгендіктен ақын көп өлеңіне
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ
51
ырғақтық негіз етіп алады. Бұл өрнек түрі
көбінесе, сыршыл, сұлу сезімді лириканы
тербейтіндігі аталған ақындар лирикаларынан
көрінеді. Бұл өрнектен туындайтын мәнер
жатық, салмақты, келісті, баяу, байыпты.
Айттап кеп\\ көлдегі\\тал-құмға,
Жағаға\\жантайды\\күн бүгін.
Жан-жаққа\\ қаранып\\алдың да,
Көк сұйық\\күміске\\сүңгідің. [4; 48]
3+3+3 өрнегі тоғыз буынды өлшемнің аса
сұлу мәнерлі өрнегі екендігі даусыз. Осы өрнек
ақын Г.Салықбаеваның «Жапырақ жыры»
өлеңінде өзге өлшемдермен с абақтасып,
біртұтас ырғақтық-интонациялық жүйе құрады.
5-6-9-9 буынды өлшемдер сабақтасып
шумақтық күрделі жүйе жасайды. 3+3 өрнекті
екінші тармақ 3+3+3 кестелі 4-5 тармақтармен
жеңіл, жатық сабақт асады. Өрнектердің
бірыңғай үш буынды бунақпен түзілгендіктен
өлең ырғағы жатық, мәнері келісті, әрі жұмыр,
жеңіл. Бес буынды бірінші тармақ өлеңнің
ырғақтық-интонациялық жүйесін түрлендіріп,
логикалық екпінді иеленіп, әрі эмоционалдық
әрін ашып тұр.
Аспан алдады,
Алдады\\мені аспан,
Жел, жеме\\жанымды\\жұлқылап,
Менсіз де\\өлмейсің\\сен аштан. [5;137]
Он буынды өлшемнің 3+4+3 өрнегіне
Шәкәрім үш өлең құрды. Шәкәрімге дейін он
буынды
өлшемдердің
аясы
санамақ,
жаңылтпаш, мақал-мәтел сынды шағын
жанрлардың шеңберінде қалып қойғандығы
белгілі. «Тұрақсыз дүние», «Ажалсыз әскер»,
«Қатындар жас баласын күтеді» сияқты
ақынның он буынды өлеңдерінің мәнері тосын.
Жатық, бірқалыпты өрбімейтін мәнер мазмұнды
шектегендей, өлең бітпей, кілт үзілгендей әсер
береді.
Қарумен\\қанша қатты\\ұрса да
Сөзіме\\жанның әлі\\келмейді.
Бұл дүние\\шыр айналып\\тұрса да,
Ғаскерім\\қартаймайды,\\өлмейді. [1;89]
Бұл өрнете ырғақты тежеп, мәнерді
ауырлататын бунақтар сабақтастығы. 3+4+3
өрнекте үш буынды бунақтың ілесуі ауырлатса,
төрт буынды бунақтан соң үш буынды бунақтың
орналасуы кілт үзілгендей өқыс мәнер
тудырады. Бұл он буынды өлшемнің келісті
мәнерін ақын Қ.Аманжолов «Дариға сол қыз»
өлеңінде жасай білген. Ақынның 3+2+3+2
өрнекті ырғағында нәзік сезімге толы,
лириканың болмысына дөп түсетін еркін,
толқынды, ширақ мәнер бар. Қазақ өлең
құрылымында 3+2 ырғақтық сабақтастығы ең
тығыз сабақтастық. Олардың арасындағы
ырғақтық кідіріс тіпті сезілмейді. Сондықтан
ақынның бұл ырғақ жүйесінде бұл екі бунақ
тұтасып, бір бунақтай болып, бір-бірімен еркін
алмасып, жатық мәнер тудырған.
Өңімде\\ме еді,\\түсімде\\ме еді,
Көріп ем\\ғой бір\\армандай\\қызды.
Бір нәзік\\сәуле\\күлімдеп еді.
Сұрапыл\\соғыс\\соқты да,\\бұзды. [6;114]
Әр өлшемнің келісті кестесі, өңді өрнегі
болатындығы белгілі. Қазіргі қазақ поэзиясында
он буынды өлшемнің келісті өрнегі табылып,
бұл өлшем көп ақындардың өлеңдерінде жиі
қолданылып
жүр.
Ақын
Г.Салықбай
поэзиясында 3+2+3+2 өрнегі сегіз буынды
өлшеммен сабақтасып, біртұтас ырғақтық-
интонациялық жүйе жасап, келісті мәнермен,
сырлы, сұлу өлеңге бесік болған жайы бар.
3+2+3+2 тоғыз буынды өрнектің 3+2+3 сегіз
буынды өрнекпен сабақтастығы Қасым өлеңінен
өзгеше мәнер тудырады. Екі өрнектің
сабақтасуы еркін, толқынды, әрі жинақы. Бұл
сабақтастықтың үш буынды бунақпен
қайырылуы өлең мәнерін созбай, жинақтап
қойған. Өлең мәнері Қасым өлеңінің мәнерінен
салмақты.
Жапырақпенен жайым бір еді,
Елсізге мені ерт келіп,
Сайқалсып, сұлу сағым күледі,
Жабыса алмай дерт болып.
....
Жылады жаздың жапырақтары
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ
52
Құлады бірі шашыма.
Адамның көп қой ақымақтары,
Мен емес соңы, басы да...[5; 96]
Он буынды 3+2+3+2 өрнек пен 3+2+3 сегіз
буынды өрнек сабақтастығы етене сабақтасып,
біртұтас толқынды, келісті, сұлу мәнерлі өлеңге
негіз бола алатындығына Гүлнәрдің өзге
көптеген өлеңдері айғақ бола алады. Бұл
өрнектердің сабақтастығынан туатын мәнер
ақын өлеңдерінің тереңіне сәуле түсіріп, қанат
бітіре алатындықтан, яғни ішкі болмысына дөп
келгендіктен Гүлнәрдің өлеңдері ойлы, сезімді.
Ойласам
Барша адам
Суға аққан дөңбек
Себепке
Кезекке
Тамам жан көнбек
Әлсіз бен күшті тағы себептен,
Кім құтылар кезектен
Жамандық,
Жақсылық
Бәрін билеп алған зат,
«Мен білдім,
Іс қылдым
Өзім билеп» - дегеніміз тіпті ұят. [1; 217]
Шәкәрім поэзиясында мұндай ырғақ жүйесі,
өлең ке стесі күрделі өлеңдер молынан
табылады. Оның кейбірі өлең мазмұнымен
тығыз сабақтасып жатса, кейбірінде мақсатты
туған формализм басым түсіп жатады. Мұндай
түрмен әсіре әуестенушілік мазмұн желісін
шектеп, көркемдік сипатын кемітіп, эмоциясы
керісінше келіспей, мәнері оқыс естілетін
жайлар да кездеседі. Шәкәрімнің формализм
ықпалынан туған өлеңдерінің тақырыптары
үндес болып қана қоймай, мағыналық бірліктер
екінші өлеңде өзгеріссіз қайталана береді.
Шәкәрімнің «Адамның еркі қайда?»-деп
ақылдан сұрағаным», «Ақылдың жауабы» деген
екі өлеңінде формализм әсері байқалады.
Абай мен Шәкәрім өлеңдері айнымалы
ырғаққа құрылғанмен, барлық шумақта белгілі
ырғақтық және ұйқасу реті сақталады. Қазіргі
қазақ поэзиясындағы айнымалы ырғақтарда
белгілі бір жүйе жоқ. Абайдың «Сен мені не
етесің» және Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы
әннен
өзгерек»
сияқты
өлеңдерінің
құрылымдық жағынан аса күрделі, аса сұлу өлең
қазіргі қазақ поэзиясында жоқ дерлік. Қазіргі
поэзиядағы графикалық өлеңдердің барлығы
айнымалы ырғаққа құрылмаған, олардың
көпшілігінде дәстүрлі 12,11, 8,7 буынды
өлшемдер екі немес е бірнеше тармаққа
жіктеліп, тасымалданып беріледі. Осындай
құрылымы қайталанбайтын бірегей өлеңдердің
жазылмауы қазіргі ақындардың тарапынан
өлеңнің құрылымдық сапасына ерекше мән
берілмеуінен. Қазіргі ақындар үшін өлеңнің ішкі
тақырыптық-идеялық, көркемдік бейнелілік
сипаты маңызды. Ал Абай мен Шәкәрім өлеңнің
ырғақтық-интонациялық жүйесін мақсатты
түрде түрлендірді. Қазіргі поэзиядағы жаңа
құрылымдық кестелер өлеңнің мазмұндық
өрісімен бірге пайда болатын, тақырыбы мен
идеясына тәуелді, белгілі өлеңмен шектелетін
құрылымдар. Сондықтан Абай мен Шәкәрім
өлеңдерінің айнымалы ырғақтары белгілі бір
қатаң жүйеге енсе, қазіргі ақындар ой мен
сезімнің жетегіне ереді. Сол себепті олардың
шумақ құрылымы ырғақтық-интонациялық
жүйе ретінде әртүрлі сипатта болады.
Айнымалы ырғаққа құрылған өлеңдер нәзік
сезімнің сырын терең шертуші ақын
Г.Салықбай поэзиясында баршылық. Сан алуан
сыры бар сүйген жүрек лүпілін дәл жеткізу үшін
сан түрлі мәнер қажет болса, ақын өлеңдеріндегі
әр алуан ырғақтық-интонациялық құрылымдар
сол ойды құнарлы, сұлу сырымен, өзіндік
тербелісімен жеткізу мақсатынан туындаған.
Кеш.
Дүние бос.
Жып- жылы жүрегімді мұзға тастадың,
Және қашпадың.
Өш!
Хош.
...Кеш.
Дүние - дос.
Мұздың шамасы келмеді!
Ештеңе өлмеді.
- Бір, екі, үш, төрт, бес!
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ
53
Алақаныңды тос... [5; 39]
Ақын үзік-үзік, әрі қысқа ой бірліктері
арқылы сүйген жанның бір өшіп, қайта оянған
үмітіне иек артқан сүйіспеншілік сезімін өзгеше
үрдіспен жеткізіп отыр. Алғашқы шумақтағы
бос дүние, мұзға тасталған жүрек, өш, хош деген
сөздер сүйген жүректің ауыр қасіретін танытса,
дос дүние мен шамасы келмеген мұз сүйген
жүректің басына орнаған қайғы бұлтын үміт
сәулесі сейілткенін жеткізеді. Сезімді сыртынан
сипаттамай, жүректің өзін сөйлетіп, сезімнің
тамырын ұстатып, көзіне қаратқандай жанды,
сезім сырының құбылған сан күйін құнарлы,
сәтті көрсеткен.
Шәкәрім он екі буынды өлшеммен
«Бостандық таңы атты» өлеңін жазды. Оның
өрнегі 3+3+3+3 қазіргі по эзияда жиі
қолданылмайды. Ақын Қ.Мырзалиевтің осы
ырғақтық-интонциялық жүйеге құрылған
өлеңінің мазмұны Шәкәрім өлеңінен мүлдем
өзгеше. Шәкәрім өлеңі ұраншыл саяси
тақырыпта болса, Қадыр өлеңі махаббат
тақырыбын тікелей, емес, жанамалай өтеді.
Бозбала жасқа өзі ұғып білген махаббат мәнін
ұқтырғысы келген ағаның сөзін арнайды.
Жаман ба\\жақсы ма\\біздер де\\сүйдік қой,
Сүйдік қой,\\көп сырды\\көңілге\\түйдік қой.
Бозбала\\өзің де\\ұғасың\\мұны әлі\\
Сүйгенді\\ешқашан\\деме сен\\кінәлі\\
Одан да\\жыр оқы,
Қыздарға\\гүл апар,
Жас адам\\сүймеген\\күні үшін\\күнәкәр! [7;
38]
Шәкәрім мен Қадыр өлеңіндегі үндестік сол
– екеуінің қаратпа мәнде айтылуы, яғни Шәкәрім
халыққа арнаса, Қадыр жас жанға ақыл-кеңес
береді. Яғни бұл өлшемнің ырғағының
жатықтығы, бунақтардың еркін сабақтасуы,
соған сай мәнерінің нақты, байыпты, салмақты
болуы осындай тақырып пен идеяны жеткізуге
оңтайлы.
Сонымен Шәкәрім мен қазіргі ақындардың
өлеңге, оның құрылымдық жүйесіне деген
көзқарастары ұқсас. Шәкәрім өлең құрылымына
немқұрайды қарамай, керісінше, өлеңнің ішкі
сарайын ашатын кілт ретінде қараған. Өлеңнің
көркемдік қуатын әдемі сөз кестесінен іздемей,
ырғақтық-интонациялық жүйесінен іздеген.
Оның жаңаша өрнектелген жүйеге негізделген
өлеңдері сөзге сараң, ой мен сезімге бай,
интонациясы құнарлы болып келетіні де осыған
байланысты.
«Түр мазмұнның көрінісі болғандықтан
олардың
бір-бірімен
байланысының
мызғымастығы соншалық түрді мазмұннан
бөліп қарау мазмұнды жоқ ету, керісінше
мазмұнды түрден бөліп алу түрді жоқ ету» деген
Белинский пікірі қазіргі поэзияға қатысты
алғанда көп ақындардың шығармашылығы
зерттелгенде өлеңдердің тақырыптық-идеялық,
көркемдік-бейнелілік жүйесімен шектеліп,
ырғақтық-интонациялық жүйесі назардан тыс
қалғандықтан ақынның шын шеберлігі
танылмай, өлеңдердің нағыз бағасы берілмей,
оның көркемдік әлемі тұтсымен тексерілмей
сыңаржақ зерттеулер жүргізілген еңбектерге
қаратып айтылғандай. Ал поэзиялық шығарма
адамның сезіміне тікелей бағыталғандықтан
оның эмоционалдық-экспрессивті сипатын
айқындайтын
ырғақтық-интонациялық
жүйесіне мән бермеу шығарма туралы маңызды
ойды айтпау деген сөз. Сондықтан мазмұн мен
түрді өлеңнің қос қанатындай тең көрген Абай
мен Шәкәрім, олардан кейінгі және қазіргі
поэияның озық өкілдерінің шығармашылығын
ғылыми сүзгіден өткізгенде ырғақтық-
интонациялық жүйесін мойындап, маңызды мән
берілмесе, ақын таланты толық түрде
ашылмайды.
Қорыта айтқанда, Шәкәрім ақынның өлеңнің
ырғақтық-интонациялық жүйесіне берген
маңызды орнын қазіргі қазақ поэзиясының бетке
ұст ар
майталмандары
М.Шаханов,
Ф.Оңғарсынова, Қ.Мырзалиев, Е.Раушанов,
Ұ.Есдәулет, Г.Салықбай сынды ақындар да
мойындап, өлеңнің ырғақтық-интонациялық
жүйесіне көркемдік жүкті ерекше артып жүргені
байқалады. Сондықтан олардың өлеңдері
мазмұнды, көркем ғана емес, жанды, шынайы,
сезімді. Өлеңнің түрлі өрнегі арқылы ішкі
сырын бар болмысымен жарқырата ашып
Достарыңызбен бөлісу: |