2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ
101
қонақтың, саят үйдің орнын сипалап, терең
ойланып, іштей не түйіп кеткенін сұрауға ешбір
жан батпапты.
Асылы, ол қонақ біздің өткен тарихты, ұлт
ұлыларын қалай «құрметтеп» қалай бағалап,
пайымдайтынымызды іштей сыртқа шығармаса
да, сөгіп кеткен болар.
Бүгінде саят қора басында Абайлық азамат,
ел – жер тарихын жетік білуші, өзі де сол жайлы
білгенін жазып жүрген Серікқазы Шабдановтың
1996 жылы жазып қойған белгісі ғана алыстан
қарауытады.
Онда
«Шәкәрім
Құдайбердіұлының
тошаласы (Саят қорасы)» деген хабаршы жазу
тұр.
Бұл мәселені біздің елдің адамдары жақсы
біледі. Кейінгі жылдары әр түрлі деңгейдегі
жиын – мәжілістерде Шәкәрімнің саят үйін
қайта қалпына келтіру мәселелері көтеріліп те
жүр.
Шыңғыстау елінің өткенін, ел мен жердің
тарихын бір кісідей білетін М.Түңлікбаев,
С.Шабданов,
С.Кошкин,
М.Рақышев,
С.Дүйсенбеков, М.Момынғазин, Б.Төлеубеков
сияқты ел үлкендері Шәкәрімнің саят қорасы
жайлы әңгімелерді жақсы біледі.
Тағы бір қосып айтар жаңалық. 2007 жылдан
бері Алматы археологтары аудан аумағында
зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүр. Нәтижесі де
жоқ емес. Шыңғыстың сыртындағы «Сарыкөл»
деген жерден көне түркі дәуіріндегі
ғибадатхананың орны анықталып отыр.
Бұл арадан алтын бұйымдар мен қыш
құмыралармен қо са, көне түркі дәуірінің
ескерткіштері: тасқа қашалған суреттер, балбал
мүсіндер, тас қоршаулар, тас мүсіндер, тастағы
жазулар табылған. «Сарыкөл» қорымы
археоло гтардың үлкен қызығушылығын
тудырып отыр. Зерттеу жұмыстары «Мәдени
мұра» аясында үстіміздегі жылы да жалғасатын
түрі бар.
Демек, елдің ежелгі тарихын білемін,
Шыңғыстауға келіп Шәкәрім әлемін көремін
деушілерге көрер қызық аз емес.
Әрине, Шәкәрімнің саят үйін қалпына
келтіру, қайта салу мәселесіне жеңіл – желпі
қарау дұрыс болмас.
Бұған тарихшылар, Шәкәрім әлемін
зерттеуші әдебиетшілер, суретшілер мен
сәулетшілер араласып, пікір айтып жатса еш
артықтығы жоқ.
Тағы бір мәселе, саят қораға баратын жол
әуресі болып тұр. Таспадай тартылған, сымдай
созылған тура жол жоқ. Тауды бөктерлеп,
кішігірім асулар мен дөңдерді жағалап, өзен,
суларды жалдап баратын тау жолы ғана бар.
Саят қора - Қарауылдан 70-80 шықырым, ең
жақын елді мекен Бақанас пен Байқошқарға 15
шақырымдай жерде орналасқан. Қазір саят
қораға ең жақын Абай ауданына қарайтын
Бақанаста біраз жұрт тұрып жатыр. Телефон
байланысы мен жоғары кернеулі жарық та бар.
Соңғы екі жыл бойы бұрыңғы бастауыш мектеп
үйі жөнделіп, ол оқушылар демалатын лагерге
айналған.
Жаз маусымында жүздеген ауыл балалары
таза ауамен тыныстап, денсаулығын нығайтып
демалуда.
Балалар бос уақытында туған өлкеге саяхат
жасап, Абай, Шәкәрімге қатысты тарихи
орындарды аралап көруі әдетке айналған.
То қсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні
Шәкәрімнің
саят
үйіне
байланысты
төмендегідей ойымыз бар.
Біріншіден, бұрынғы саят үйінің құлап
қалған орнын қоршап, төбесін шатырмен
көлегейлеп, жел, су, қардан сақтап, қорғау
шаралары жасалу керек. Бұл тарихи мәні бар,
Шәкәрімнің ескі саят үйінің орнын сақтаудың
бірден-бір жолы.
Екіншіден, жаңадан салынар саят үйі екі
бөлмеден, қосымша ас сақтайтын шошала мен
кіре беріс дәлізден тұрса, ішкі бөлмелердің
жасау жабдықтарын орналастыруда Ахат пен
Қабыш ақсақалдардың айтқандары іске
асырылса.
Үшіншіден, саят үйі болған соң, оның ел
көрер қабырға тұсына Шәкәрімнің бүркіт ұстап
тұрған суреті бейнеленіп, мәрмәр тасқа
«Шәкәрімнің саят үйі» деген жазу белгі қойылса.
Төртіншіден, іргедегі бұлақ көзі аршылып,
үйден бұлаққа барар жолға тас төселіп, бұлақ
басына Шәкәрімнің қанатты серігі болған –
Қоңырат бейнесі бар белгі орнатылса.
Бесіншіден, ат қора, шөп қора сияқты
қо сымша шаруашылық құрылыст арының
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ
102
сыртқы қоршауы таспен қаланып, саят үйін
қараушыға арнап шағын екі бөлмелі үй салынса.
Сонда Шәкәрімнің саят үйі - Шыңғыс
сыртындағы дала мұражайы болар еді. Сол
төңіректегі Абай, Шәкәрімге қатысты тарихи
орындарды таныстыратын, әрі келушілер мен
сырт қонақтарға ұлылар өмірінен талай сыр
ұқтыратын орынға айналар еді.
Әрине, Шәкәрім әлемін ұғып, қажының өзін,
ғұламалық сөзін құрметтеп, рухына табынушы
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ
Атымтай жомарт демеушілер шығып, бұл
шараға қызығушылық туып, қол ұшын берем
деушілер табылып жатса істің алға басқаны.
Біздің жерден, көктен іздеген, сұраған тілегіміз
де осы емес пе?
Оған қуанып, қол шапалақтап шаттанудан
артық біз де, ой да, басқа қуаныш та жоқ.
Resume
Резюме
Статья посвящается историческим местам связанные с именем Шакарима.
The article is devoted to historic sites related to the name Shakarim's.
103
«ШӘКӘРІМ» ЖУРНАЛЫ
____________________________________________________
Мекен-жайы: Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы. Семей қаласының Шәкәрім
атындағы мемлекеттік университеті, «Шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу орталығы. Глинка көшесі,
№20 "А". Бас ғимарат, 209 бөлме. Байланыс телефоны:
8 (7222) 35 48 52;
Е-mail: shakarimtanu.semey@mail.ru
Компьютерде беттеген: Болесова А.Е.
Корректоры: Жарылғасынұлы М.
Беттеуге тапсырылған күні - 20.09.2013 ж. Басуға қол қойылған күні - 27.09.2013 ж.
Форматы - 60х84 1/8. Таралымы 500 дана. Бағасы келісімді.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің
баспаханасында басылды
Достарыңызбен бөлісу: |