2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ
29
Нұрмұхаметұлы жігіттерге айқайлап: «Қайда
барасыңдар? Жазықсыз өлсек өлейік, бәрімізді
қырмас!» – деп тоқтау айтып өзі орнында
тұрады. Сол арада мылтық үсті-үстіне атылып,
Қазының өзіне де, атына да оқ тиеді. Оқ
жүректен тиген екен. Есіл жас сол арада жан
тапсырады». Қайғылы хабар Семейде шығып
тұрған қазақ, орыс, газеттерінің баршасында
жарияланған. «В г. Алаше отрядом
красногвардейцев случайно был убит гражданин
Гази Нурмухамедов. Объединенный областной
съезд крестьянских, рабочих и солдатских
депутатов и представителей областно го
киргизского
и
комитета
и
казаков
Семипалатинской и Кокпектинской станиц
заслушав сообщение об этом печальном факте
единодушно обращается к родственником
убитого и ко всему киргизскому трудовому
населению, из среды каторого покойный вышел,
с выражением глубокого соболезнования и
скорбит вместе с ними бо утрате молодой
жизни», - деп Семейде шығатын «Известия...»
газеті төрт санында қатарынан қайталап басты.
Еркіндік жолына енді бет ала бастаған жігерлі
жастың оққа ұшуы қалың көптің ыза-кегін
туғызады, естіген, көрген елде жыламаған,
қайғырмаған жан қалмайды. Қабыр басында ұлт
көсеміне айналған Шәкәрім ақсақал халыққа
арнап сөз сөйлейді. «Әлеумет! Мына жатқан кім,
білесіңдер ме? Бұл – ұлты үшін шыбын жанын
құрбан қылған алаш азаматының тұңғышы.
Мұны өлді демеңдер, бұл күнгі һәм мұнан соңғы
ұлтым деген азаматтар мына мен сияқты болып
ұлтым деңдер деп өзінің ұлтшылдығын сөзбен
емес, іспен көрсетті. Марқұмның аты Қазы еді.
Қазы – би деген сөз. Қазы билігін айтып кетті»,
- деп көз жасын тыя алмаған Шәкәрім сөзін
аяқтайды.
Міржақып Дулатов, Райымжан Мәрсеков,
Мұстақым Малдыбаевтар сөз сөйлеген қаралы
жиынға Сұлт анмахмұт та қатынасқан.
Келтірілген шағын деректер Шәкәрім мен
Сұлтанмахмұттың бір-бірлерін білгендігін
дәлелдейді. Білгенді қо йып араларында
үзілмеген сыйластық, қаяусыз достық берік
орын тепкен.
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ
Resume
Резюме
In the article we can see about works os Shakarim's and Sultanmahmutov's invidual talant.
В статье рассматривается произведения поэтов Шакарима и Султанмахмута.
30
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ
ШӘКӘРІМ – ТІЛДІК ТҰЛҒА
Б.МОМЫНОВА, филология ғылымдарының докторы, профессор
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы
Ш.Уәлиханов атындағысыйлықтың иегері
ӘОЖ 811.512.122
Тіл философиясын зерттейтін ғалымдар
тілдің негізгі-негізгі мынадай функцияларын
ат айды: ойлаудың құралы – рух (дух)
(В.Гумбольдт),
адам
психикасын
материалдандыру амалы (Г.Штейнталь), қарым-
қатынас құралы (Ф.де Соссюр, Л.Блумфилд),
адамның жеке рухани шығармашылығы мен
эстетикалық іс-әрекетінің формасы (К.Фосслер).
Семантикалық фило со фия тілдің екі
функциясын, атап айтқанда, символикалық және
эстетикалық (Ч.Огден) немесе ғылыми және
эстетикалық (Ч.Черри), ал Ч.Моррис деген
америкалық
семантик
ғалым
тілдің
информативтік,
бағалауыштық,
жүйелендірушілік, қозғаушылық функцияларын
бөліп көрсетеді. Тіл функциясына байланысты
түрлі көзқарастарды қарастыра келіп,
Г.В.Колшанский тіл қызметін анықтауға
материалистік гно с еологиялық талдау
қажеттілігі туды деп біледі де, «Исходными для
языкознания в данном случае должны быть, в
первую очередь, тезис о языке как
действительном сознании, с одной стороны, и
положение диалектического материализма о
природе общественного сознания человека – с
другой» (Г.В.Колшанский. Соотношение
субъективных и объективных факторов в языке.
М.,Изд.Наука,1975,40-б.) пікір білдіреді.
Зерттеуші ретінде ол ой мен тілдің сәйкестігі
мен ара қатынасына тоқталғанда ой мен тілді
бір-бірінен бөліп алып қарастыруға қарсы.
«Поэтому выражение мышления при помощи
языка есть не какая-либо функция языка, а сама
природа языка, его сущность» (сонда,40-б.).
Тілді санадан тыс, одан бөлектенген сыртқы
материя деп тануға онтология тұрғысынан
ойдың сыртқа шығуының бірден-бір формасы
тілдік
материя
болуы
қарама-қарсы
қойылатынын айтады. Тілдің функциясы туралы
А.А.Реформатскийдің тұжырымы өзгелерге
қарағанда барынша түсінікті. Ол тілдің ұғымды
морфемалар арқылы жеткізетін функциясын
семасилогиялық, сөз арқылы атауын атаулық
(номинативтік), сөйлем арқылы хабар жеткізетін
функциясын коммуникативтік, эмоция мен адам
еркін жеткізетін экспрессивті қызметіне
жатқызады.
Тіл өз дамуының шырқау биігіне көркем
әдебиеттің тіліне айналғанда, көркем әдебиет
тілінің ерекшелігі оның эстетикалық
функциясынан туындайды. Эстетикалық
функция адам санасындағы сезім нүктесіне әсер
етеді. Сондықтан көркем әдебиет тілінде сөздің
сыртқы тұрпат межесінен гөрі бейнелілікке көп
көңіл бөлінеді. Әлдебір мағынаны жеткізу үшін
нақтылықпен қатар оның экспрессиясын
тудыруы, сол мағынаның бай ассоциациямен
түрленуі, ассоциациясының көптігі, көркем
шығарма үшін іріктелінген сөздердің айтылуы,
сөздердің әуезділігі, ұйқас жасауына
Шәкәрімнің шығармал арындағы ерекшеліктерінің көбі жазудың әдеби тілді
қалыптастырудағы артықшылығын дәлелдейтін бірнеше факторларды алға тартады, мақалада
автор осы факторларды ашып көрсетеді.
Тірек сөздер: Шәкәрім шығармашылығы, тіл философиясы, ассоциация, тіл функциясы.
31
байланысты қойылатын белгілі бір талаптар
орындалады. Шығарманың сыртқы тұрпат
межесіне байланысты, әсірес е по эзияға
байланысты орындалатын бұл талапт ар
шығарма
авторының
даралығына,
индивидуалдылығына тәуелді, соған орай
эмоционалдық, тілдің бірліктердің эмоция
жеткізуге жегілуін
әр автор өзінше
орайластырады, соған қарай эмоционалдық әр
авторда әрқилы көрініс табады. Яғни әркім өз
эмоциясын өзінше жеткізеді. Сол сияқты әр
мәтіннің оқушыға әс ері де әркімнің
қабылдауына қарай түрлі-түрлі болады.
Төл туындыларындағы автор-Шәкәрім
бейнесі ерекше колоритті. Шәкәрім жай ғана
ақын емес, ойшыл ақын. Абай сияқты. Ғ.Есім
Абайды ойшыл, гуманист дәрежесіне көтерген
қоғам қайшылығы, қазақ халқының ауыр
тұрмысы деп көрсетеді (Хакім Абай.
Алматы,1994,31-32бб.). Сөз жоқ, солай.
Сонымен бірге кез келген әлемдік дамудың,
өркениеттің лебі де қалам иесінің танымына
әсерін тигізбей қоймады. Жазушының, ақынның
өзге мәдениетті білуі, өркениеттің қозғаушы
күші арқасында іске асса, Шәкәрім үшін қазақ
мәдениетін, қазақ өмірін өзгемен салыстыру
қазақ қоғамының қайшылығын түсінуге қол
жеткізді, адам ретінде, индивид ретінде
танымының өзгеруіне жетеледі. Өзінің
алдындағы шығармашылық тұлғалардан
ерекшеленіп тұруы да оның таным дәрежесінің
бөлектігіне байланысты. Лирикалық кейіпкері
мен автор ретіндегі Шәкәрім арасына кейде
параллель сызықтардың жүруі де танымына
тәуелді. Сондықтан да Шәкәрім мен субъект-
кейіпкер бейнесі шығармаларында тайталасып
отырады. «Шәкәрімнің өмірі – өлеңінде» деген
Қ.Мұқаметханов сөзі ақын өлеңдерін оқыған
сайын тіл ұшына орала беретіні содан болар.
Қалай десек те ақын кейіпкерінің тасасында
қалмайды, ақын мені айқын. Өз бейнесін өзі
былайша суреттейді:
Танбаймын, шәкіртімін Толстойдың,
Алдампаз, арам сопы кәпір қойдың.
Оятқан ерте мені – Шығыс жыры,
Айнадай айқын болды әлем сыры.
Тілдік
тұлғаның
қалыпт асуына
шығармашылық иесінің өмірбаяны, өмір сүрген
ортасы, білім деңгейі, әлеуметтік ортасы, өзге
мәдениетпен диалогқа түсе алуы сияқты
көптеген
факто рлар
ықпал
етеді.
Автобиографияның тұлғаны өзгеге ұқсатпай,
басқалардан ерекшелендіретіні, оның тіліне де
әсер ететіні Шәкәрім шығармаларынан көрініп
тұрады, өйткені оның өмірбаяны қазақ әдеби
тілін қалыптастырушы алдыңғы лек өкілдерінен
басқаша өрілген. Шәкәрім заманындағы қоғам
қайшылығы мен қоғам жетістігі, әлеуметтік,
мәдени жағдай, экономикалық шарттар да
басқаша болды. Оның өмір кешкен ортасы оның
психологиясына әсер етті.
Психологияда тұлғаның шын мәнісінде тұлға
болып қалыптасуы тұлғаның санасымен және
өзін-өзі т ануымен байланыстырылады.
Сондықтан да тілдік тұлға проблемасы ақынның
мені-мен тығыз байланысты, бірақ одан гөрі
күрделі. «Говоря о языковом сознании личности,
мы должны иметь в виду те особенности
речевого поведения индивидуума, которые
определяются коммуникативной ситуацией, его
языковым и культурным статусом, социальной
принадлежно стью,
полом,
возрастом,
психиче ским типом, миро воззрением,
о со бенно стями биографии и другими
константными и переменными параметрами
личности» (Никитина С.Е. // Язык и личность. -
М., Наука, 1989, 34-б. 213б.).
Әрбір тілдік тұлға әлемнің тілдік бейнесін
сомдауға өз үлесін қосады. Сондықтан да ұлт
санасындағы әлемнің тілдік картинасының
қатып қалған догмалық құбылыс болуы мүмкін
емес, ол өзгеріп, толығып отырады. Шәкәрім
өзін-өзі танушы субъект-автор. Өзін-өзі тану мен
таныту әрекеті арқылы Шәкәрім тілдегі
субъективті адам факторына әкеледі. Тіл
білімінде адам факторы туралы жазылған
еңбектерде: «Познание, направленное не на мир,
а на один из объектов этого мира – на человека,
на самого себя – и создает тот специфический
фактор, который может быть с полным правом
назван субъективным человеческим фактором в
языке.
Чело век
как
познающий
и
самопознающий субъект противостоит миру не
как пассивный объект, а как деятельный субъект,
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ
32
пытающийся создать в своем сознании мир
вещей
как
свой со бственный
мир»
(Г.В.Колшанский. Объективная картина мира в
познании и языке. - М., Наука, 1990.-86-б.), - деп
жазылған. Антропоцентризм адам іс-әрекетінің
идеялық және практикалық жағынан
қарастырғандағы бастау-көзі. Субъект ретінде
адам ең алдымен қоршаған әлеммен, сонан соң
қоршаған әлеуметтік ортамен, жекелеген әрбір
индивидууммен, ең ақырында өзімен-өзі (өзін-
өзі тану) сәйкестенеді (соотносится). Пікір
білдіру барысында, бағалауда, ой салып,
қозғауда адам факторы айқындала түседі.
Шәкәрім шығармаларындағы әлемнің тілдік
бейнесі ақын қолданған сөздерден, сөз
тіркестерінен, көне мен жаңа лексикалық
қабаттарды қамтитын сөздік қорынан, мәдени
ореолынан көрінеді де, Шәкәрім феномені оның
тілі арқылы анықтала түседі. Өйткені пікір
білдіруші автор-субъект Шәкәрімнің өзі. Пікір
білдірудегі нысан автордың өзі болса адам
факторы да айқындалады, ең жоғары деңгейде
көрініс табады. Мұндай кездерде бағалау мен
бағалауыштықтың автордікі екені де ашық
көрінеді.
Тілдік зерттеулерде адам мен әлем, адам мен
әлеуметтік орта, табиғат пен адам арасындағы
қарым-қатынасты қарастырғанда модальдық-
бағалауыштық, прагматикалық аспект (сөйлеу
(сөз) әсері) және индивидуальды-стилистикалық
аспект актуальданады. Тілдік тұлғаны ашу адам
факторының бір көрінісі болса, Шәкәрім тілін
зерттеу барасында аталмыш аспектілер
саралануы тиіс.
Ақынның өзін не толғандырса, қандай көңіл-
күйде болса, басынан не өткізсе де – барлығы
ақын тұлғасын, МЕН-ін қалыптастыратыны рас.
Бірақ кез келген тілдік тұлғаның бейнесінен
ақынның басынан кешіргенін іздеу дұрыс емес,
ақын жалпы дүниені (оның ішінде өзі де бар)
суреттейді, бірақ өзін-өзі лирикалық кейіпкерге
икемдеп, бәрін өз бойына таңу, өзін-өзі өзгертуі,
өзін-өзі кейіпкердің бейнесіне көшіруі қиын.
Сондықтан автор мен лирикалық кейіпкер
арасына тепе-теңдік белгісін қою дұрыс бола
бермейді. Бұл жөнінде З.Ахметов: «Ал кейде
ақын өлеңін өз атынан, бірінші жақт ан
айтқанымен, өмірге жинақталып жасалған
лирикалық тұлғаның көзімен қарайтыны
байқалады», - дей келе, ақын өмірде болған,
болатын жайттарды шындыққа сәйкестендіріп
айтатынын, ақынның лирикалық кейіпкер
тұлғасы түрінде көрініс беретінін айтады
(З.Ахметов. Алғы сөз. - Кітапта: Абай. Шығ.екі
томдық жинағы. Алматы: Жазушы, 1995,12-б.)
Бірақ ақынның ішкі әлемін аласапыранға
түсіріп, жан-дүние сін қуатты сілкіністің
әсерінен алақабдал күйге салатын күйзелістер
мен қуаныштар тұлғалық өзгерістерге жол
ашады, тұлғалық сапаға әс ерін тигізеді.
Шәкәрім менінің қалыптасуына, тұлғалық
санасына әсер еткен бірнеше себептер бар, атап
айтқанда, оның оқығандығы, сауаттылығы, өзге
мәдениетпен таныс болуы, діншілдігі, діни
көзқарасының болуы және оның тереңдігі, дін
тазалығын мақсұттауы, дін исламға жетіктігі,
адалдығы, жан тазалығы. «Жиырмадан өткенде
Азғана ғылым оқыдым. Алғызып кітап шеттен
де Көңілге біраз тоқыдым» (63-б.), я болмаса
«Жүсіптегі сұлу жүз, Күндей нұрын жайғызған,
Зылиқаны білеміз, Ар-ұяттан тайғызған», - деуі
Шәкәрімнің рухани дүниесінің қалыптасу
этаптарын көрсетеді, замана шаңына көміліп
қалмай ізденіп, өзге де әдеби, мәдени дүниемен
таныс болғандығынан хабардар етеді. Оның
құмарлық, адамшылық, адамгершілік, қиянат
туралы жазған «Ғылымсыз адам – айуан»,
«Жасымнан жетік білдім түрік тілін», «Жан
менен дене һәм көңіл», «Білімділер сөз жазып
зарлағанда», т.б. өлеңдері дүние, тіршілікке
деген көзқарасының бұрынғыларға қарағанда
(алдыңғы кезеңмен салыстырғанда) ерекше
екенін көрс етеді. Ақындық мені мен
шығармашылық тұлғасын да өзгелерден
бөлектей қараудың алғышарттарын туғызады.
Оқығаны бар, с ауатты Шәкәрімнің
шығармаларындағы ерекшеліктерінің көбі
жазудың әдеби тілді қалыптастырудағы
артықшылығын
дәлелдейтін
бірнеше
факторларды алға тартады, оларды санамалап
көрсетуге болады.
Шәкәрімнің өз қолымен жазған өлеңдерімен
танысқан оқырман (сол дәуір оқырманының
көзімен қарағанда - ескерту біздікі - Б.М.)
жекелеген сөздер мен жаңа ұғымдармен,
дүниедегі жаңалықтармен, құбылыстармен
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ
33
таныса алады. Мысалы:
Күндіз-түні ойланып,
Жазудан да жалықтым.
Газет, кітап қолға алып,
Оқудан да талықтым (И.,71-б.);
Сағат пен орган жүргенін
Таңырқап ашып көргемін...;
Телеграм жайын білуге,
Оны да сынай жүруге (И.,62-б.)
Тынымы жоқ айланған,
Сөтке, жұма, жыл мен ай... (И.,27-б.);
Күннің беті жылынып,
Апрель өтіп, туды май (сонда,27-б.).
Патса айтты: Солдатты жөн азат қылған,
Ана уәзір ой салды маған тыңнан (И.,219-
б.).
Ол ойға көп керек тармақ,
Әр тілден словарь алмақ (И.,1327-б.).
Мұндағы әрбір кірме сөз - жаңа ұғым атауы,
сол тұстағы екі қазақтың бірі білді деуге
келмейтін, олай деуге сыймайтын ұғымдар.
Бұл сияқты кірме сөздерді, жаңа ұғымды
білдіретін атаулық тіркестерді, жаңа тұрпатты
қимыл мен әрекетті білдіретін тіркесімдерді ары
қарай жалғастырар болсақ: магнит, миллион,
философ, пароход, июнь, июль, партия, минут,
спирит, гипноз, телепат, радий, т.б. кете
береді. Тіркесімдері: магниттің қуаты, миллион
жыл, партияға тоймады, партия болып
таласып, т.б. Осы арада жазудың жаңа ұғым мен
атауларды танытуға келген кездегі пәрменділігі,
қуаттылығы байқалады. Бұл турасында: «В
пределах письменной разновидности возникают
мно гие инно вации. Письменная речь
воздействует на устную и обратно. ...Из всего
этого следует, что письменность является хотя
и единственным, но обязательным и важнейшим
признаком литературного языка», - деген
пікірдің (1,18) орынды айтылғаны Шәкәрім өз
шығармалары арқылы оқырманын көптеген
белгілі адамдардың атт арымен, жер-су
атауларымен таныстырғанынан да көрінеді:
Наушеруан (Шын атын Наушеруанның ел
білмейді, И., 217-б.), Толстой (Қаңғырып
Толстойша өлер дейді, И.,146-б.); Стамбол (Он
үш күн боп Стамболда, И.,137-б.); Париж
(Парижде де оқыған жан, И.,137-б.); Түрік,
Серкеш әм Үндістан (И., 37-б.); Мекке
(Жұмылдым Мекке бармаққа, И.,136-б.), Конт,
Қожа Хафиз, т.б.
Шәкәрім тілінде діни сөздердің өте көптігі
осыған дейін де сөз болған. Себебі, Шәкәрім дін
жолына берілген, өмірінің соңғы жылдарында
со пылық, аскеттік өмір кешкен. Өмір
тауқыметін көп тартқан, жан азабын шеккен.
Тауқымет тартуы және өмірге, тіршілікке деген
тақуалық, сопылық көзқарас Шәкәрім
тұлғасының сапалық өзгерістермен толығуына,
сөйтіп ақынның өзгеше, басқаларға ұқсамайтын
бөлек сарынды шығармаларды тудыруға
мәжбүрлеген. Осылайша сопылық сарын
Шәкәрімнің пессимистік сарынға құрылған,
элегиялық жырларының дүниеге келуіне тікелей
ықпал еткен және нақ осы өлеңдері терең ойға
құрылған. Элегиялық сарынмен жазылған ақын
өлеңдерінің бөлек қарастыруды қажет етуінің
себебі осында жатыр.
Шәкәрімнің Алланы сүюі, Аллаға деген
махаббат, Аллаға деген ниеттің тазалығы қазақ
поэзиясында бұрын-соңды жазылмаған өлеңдер
тудыртады. Аллаға деген шексіз сүйіспеншілік,
Жарға деген шексіз ынтызарлық Шәкәрім
көзқарасын түбірімен өзгерткені оның аталмыш
өлеңдерінің жүйесінен с езіліп тұрады.
Имандылық туралы ойлары мен дінге деген
көзқарасы
«Иманым»
жинағында
топтастырылған. «Иманым» жинағының
жазылуына осы таза дінге деген көзқарасының
қалыптасуы, тәңірдің құдіретін сезінуі әсер
еткен.
Шәкәрім ғана емес, кез келген ақын тілдік
тұлға болады деген пікірді құптау үшін,
дәлелдеу үшін, ақынның тілдік бейнесін ашып
алу, стильдік ерекшелігін айқындау міндеті
зерттеушінің алдында тұрған бірінші міндетке
айналады. Ал ақын бейнесі динамикалы,
өзгермелі. «Ақын бейнесі дегеніміздің өзі де
ылғи бір қалыпта, біркелкі сипатта көрінбейді,
әр қырынан, әр жағынан ашылып отырады»
(З.Ахметов. Алғы сөз. - Кітапта: Абай. Шығ. екі
томдық жинағы. Алматы: Жазушы, 1995, 12-б.).
Имандылық пен Аллаға деген шексіз сый
Шәкәрім шығармаларындағы діни сөздердің,
кірме, жат тілдік элементтердің шоғырлануына
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ
34
ықпал еткен. Діни тақырыпты қо зғаған
ақындардың бәрінде де осы ерекшелік айқын
байқалып отырады. Ал кірме элементтерді қай
ақын қалай, қандай күйде пайдаланғандығы әр
ақынның шығармашылығына жеке-жеке
тоқталғанда айтылатын өз алдына бөлек мәселе.
Айталық, Шал мен Бұқарда (олар да діни
сауатты адамдар) кірме сөздер өзге тілдік тұлға
мен мағына
тұт астығын
сақт ауымен
айрықшаланады. Әрине, ішінара қазақ тілінің
фонетикалық жүйесіне қарай икемдеп
алынғандары болғанымен, негізінен, өзге тілдік
сипаты сақталады. Бұл жазу арқылы енген кірме
сөздердің өзгеріссіз миграция жасауы жат
тілмен, бөтен оймен, өзге бір ойлау жүйесімен
жазу арқылы танысудан басталатын ерекшелік.
Бірақ Шәкәрім өлеңдеріндегі діни сөздердің
көбі қазақтың ауызекі тілінің нормасына қарай
икемделген: дін, сопы, мешіт, пір, мүрид, құдай,
рахат, молда, т.б.
Тілдік
тұлға
ретіндегі
Шәкәрім
шығармаларында кездесетін кірме сөздерді екіге
бөліп қарау керек:
1) араб-парсы сөздері. Бұл сөздердің өздерін
қалыптасқан дәстүрге сай іштей бірнеше топқа
жіктейміз: а) бұрыннан енген, тілімізге сіңісіп
кеткен сөздер: ә) діни әдебиет арқылы енген
сөздер. Діни әдебиет арқылы енген сөздерді: а)
шархи фәләк, Інжіл, фәни дене, ифрат,
тафрит, аят, ғибадат, сахаба, кәрәмат,
мархабат, фәни, хадис, т.б. – жазу үлгісін сақтай
енген кірме элементтер және ә) құран, молда,
молдеке, бейіс, хор, хор қыздары, тәпсір,
тәпсірлеу, ғаршы (жоғары ғаршы), сәлде,
тасбиық, пайғамбар, әулие, дозақ, патса, дін,
дінші, т.б. – ауызекі сөйлеу үлгісін қабылдап,
қазақ тілінің заңдылықтарына икемделген
сөздер деп бөлеміз.
2) орыс әдебиеті, мәдениетімен таныс болуы
себепті Шәкәрім тілінде орыс сөздері молынан
кездеседі. Орыс тілі арқылы енген өзге шет
тілдік сөздер де бар. Пароход, орган, телеграф,
философ, мәшине, радий, электр, спирит,
гипноз, телепат, хроноскоп, т.б.
Шәкәрім бұл сөздерді өлең мәтіндерінде
әдейі, мақсатты түрде қолданған сыңайлы.
Себебі, осындай жаңа ұғымдарды білуі арқылы
жаңалық атаулының барлығына өзі тәнті болған,
өзі тәнті болғанға өзгені де тәнті етпек оймен,
көптеген кірме сөздерді сол күйінде алып,
шығармасына енгізіп отырған.
Ал
аудармаларындағы,
әсірес е,
«Дубровскийдегі» отарба, пароход, шар,
динамит, бомба, пушка, заграница, молда қыз
(учительница, преподаватель), қышл ақ
(поместье), закон, задатка, почта, конвой,
секретарь, член, стена, чемодан, почтовой,
станса, доктор, тарантас, чиновник, уезной,
приказной, справник, заседатель, протокол,
дознание, әкті, разбойник, учитель, т.б. сөздер
сол күйінде қабылдап, аударылмаған сөздердің
көбірек қолданылуын тудырған себеп басқа.
Шәкәрім бұл сөздердің дәл баламасын таба
алмаған, аудару қажет екенін білгенмен, бәрін
аударуға сол ке здегі қазақ қоғамындағы
әлеуметтік,
мәдени
ортада
аталмыш
ұғымдардың жоқтығы, ұқсас та ұғымдардың,
түсініктердің болмауы кедергі болған.
Сондықтан өзгеріссіз сол күйінде алуды жөн деп
тапқан сыңайлы. Ал аударуға күші жеткен,
әлеуеті жеткен кейбір сөздердің сәтті
баламаларын келтірген, мысалы, аппеляция
( наразы арыз - түсінік Шәкәрімдікі), махкеме
(контора), сүт ене (няня), т.б. Сауда-саттық пен
тұрмыстық деңгейдегі қарым-қатынастың
арқасында тілге еніп, қолданыла бастаған
көптеген сөздерді халықтың сөйлеу тілінде
қалыптасқан вариантымен жұмсай берген:
божы (вожжи), жәмшік, т.б.
Шәкәрімнің орыс сөздерін аударудағы
үшінші тапқан амалы бар. Ол - қазақы өмір
салтында жоқ көшпелі тұрмысқа сай келмейтін
ұғымдарды өзге отырықшы болып қалыптасқан
түркі тілдерінде бар сөздермен аудару тәсілі.
Мысалы: поместье – қышлақ (өзбекше). Жаз
жайлауда, қыс қыст ауда өмірін өткізетін
қазақтар үшін поместье ұғымы мүлде
болмағаны белгілі. Енді соны қарапайым халық
ұғынуы үшін өзбек тілінің сөзімен бергендегі
ойы қыстайтын жайдан, яғни қыстаудан
қышлақтың күйі бөлектігін өзі білгендіктен,
соны басқаларға ұғындыру мақсатынан, өзгелер
де көрші жұрттың салт-дәстүрінен хабардар
деген үміті болғандықтан туындаған болса
керек. Учительницаны молда қыз деп
баламасымен беруі бала оқытқан адамның бәрін
Достарыңызбен бөлісу: |