Бас редактор әмірбеков Шәріпбек



Pdf көрінісі
бет12/16
Дата06.03.2017
өлшемі2,84 Mb.
#8299
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ

74
жаратылуын  мойындау,  яғни  дүниені,  бүкіл
ғаламды ерекше күш иесі – Алланың жаратуын
мойындау.  Мистикалық  деген    де  көпшілікке
таныс ұғым, бұ дүниені емес, о дүниедегі өмірді
жырлау,  соған  дайындық  жасау  деген  ұғымға
саяды. «Орысша-қазақша сөздіктегі» (кітап 1978
ж.  жарық  көрген)  анықт амасында  былай
берілген:  «мистицизм  (табиғаттағыдан  бөлек,
құпия  бір  нәрсеге,  дінге,  діннің  адам  басқа
дүниемен тікелей байланыс  жасайды дегеніне
сену;  бұл  реакцияшыл  идеологтар  халық
бұқарасының 
басын 
шырмау 
үшін
пайдаланатын,  ғылымға  қарсы  көзқарас)»[6;
418.].  Осы  қағиданы  жақсы  білетін,  кеңестік
дәуірдің  ірі  ғалымы,  академик  Серік  Қирабаев
бұл пікірге кәдімгідей шошына  қарайды, ашулы
пікір  білдіреді.  С.  Қирабаевтың  «Халық  ой-
пікірінің тарихын мұқият зерттейік»,- деген сын
пікірінде: «Мүмкін, Шәкәрімнің діни мистикасы
өзімен  бірге  кеткен  шығар  да,  оның  әдеби
мұрасы тарихта қалған болар.  Олай болса,  оны
оқудың, зерттеудің керегі не?  Жоқ, Шәкәрімді
біз  олай  ұқпаймыз»[7;16],-    дейді.  Қасым
Бейсембиев өз тұжырымын Шәкәрім ақынның
осы  дүниеде  қалған  мұралары  арқылы  жасап
отырғаны  мойындайтын  шындық.  Тек
академикті  шошындырып  отырған  -  «діни
мистикалық  идеалистік бағыттың өкілі» деген
ғалым қорытындысы. Бұл кеңес жылдары талай
жанды құрықтаған, жоқ еткен, құртып жіберген
анықтама  болатын.  Енді  ғана  ақталған
Шәкәрімді  таға  да  жоғалтып  аламыз  ба  деген
қорқыныш  ғалымға  жоғарыдағы  сөздерді
айтқызған.  Бұл  кеңестік  дәуірде  ғалымдардың
қаншалықты өз ойларын тұсап ұстауға мәжбүр
болғанына дәлел бола алады.  «Ғылымға дәлел,
дінге  сенім  керек»,-  деген  Әл  Фараби  айтқан
қорытынды аксиома екені белгілі. Дінді қаралау
үшін  бүкіл  қоғамның  сенімін  шайқалтқан
үкіметтің мықтылығы мен артында қалдырған
зардаптарын  санап  тауыса  алмасымыз  анық.
Қасым  Бейсембиевтің    жоғарыдағы  берген
түсінігі көбінесе, Қ.А.Ясауи мұрасына қатысты
айтылады.  Оның  «Диуани  хикметіндегі»  ақыл
сенбес істер, дін ғалымдары «хикмет» деп атаған
ерекше  оқиғалар мен баяндаулар сыры болмақ.
Бұған тек қана сенім керек. Демек, кез-келген
ақын  шығармаларын  Қ.А.Ясауи  мұрасымен
сабақтастыратын  идеялық  мұраттастық  осы
болмақ.  Ал  қазақ  әдебиеті  соңғы,  исламнан
кейінгі  дәуірінде  Қ.А.Ясауидің  сопылық
танымынан,  оның  мистицизмінен  нәр  алып,
суарылып  отырғанын  барлық  жанрлардан
көруге болады. Бұл өзінше үлкен тақырыптың
еншісіндегі мәселе. Қ.А.Ясауи ілімі жалпы қазақ
немесе  түрік  халықтарының    халықтық  ой-
пікірінің 
т арихында 
қаншалықты 
із
қалдырғанын,  бұл  дәстүрдің    қаншалықты
тереңдігі мен  ұлысымыз үшін мызғымас тірек
болғандығын түсіну, оны жас ұрпаққа түсіндіру
кезек  күттірмейтін  мәселе  болып  отыр.    Сол
мызғымас  тірек  пен  асыл  қазынадан
Шәкәрімдей ұлы ақын алыс болуы мүмкін емес.
Сондықтан  біз бұл мақаламызда осы бір асыл
желінің  Шәкәрім  ақын  шығармашылығында
қалай    бой    көрсеткенін  зерделеуге  арнап
отырмыз.
Шәкәрім  ақында  да    дінді,  ақиқатты  іздеу
жолдары  анық  көрінеді.  Бірақ  ол  Қ.А.Ясауи
сияқты періштелерден сабақ алдым, Меғражда
әулиелерден   ілім  үйрендім  дегендей   ойларды
айтпайды.
«Алты жаста тұра қаштым халайықтан,
Көкке шығып дәріс үйрендім мәләйіктан»,
«Әр таңда хабар келді құлағыма,
Зікір айт деді, зікірді айтып жүрдім»,
«Он сегізде шілтенменен шарап іштім»[8; 21-
25.].
Міне,  Қ.А.Ясауи  баба  ақиқатты  іздеу
сапарынан  о сындай  жолдарды  көрсетеді.
Ғалымдардың  «мистицизм»  деп  ат  қойып, жай
адамдар  сене  алмайтын    мәселелер    «Диуани
хикметте»   осылай   баяндалады. Ал,  Шәкәрім
ақын    өзі  көз  жеткізгісі  келген  ақиқатты  іздеу
жолын    өмірге  жақынырақ    түсіндіреді.
«Тіршілік,  жан  туралы»    деген  ұзақ  өлеңінде
ғылымдағы  түрлі  жаратылыс  туралы
бағыттарды 
салыстыра 
түсіндіреді.
Материалистер  түсінігін «білгіштер» дейді де,
олардың  ойларын   толық  терістейді. Жан  жоқ
деген  пікірдің  дұрыс  емес  екендігін  анық
түсіндіреді.
«Бұл жан басынан бар,
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ

75
Ойла, тексер ақылмен.
Құр сөзге нанып ден қойма,
Шын таза ақылдың таппас заты жоқ,
Ол қасиетін жойма»[9; 226.].
Осы  өлеңінде    материалистердің    біраз
қорытындыларына  өз  қарсылығын  ғылыми
дәлелдермен  көрсете  алған. Сүйтіп,  таза  ақыл
мен  жан  тіршіліктің  негізі  екенін  дәлелдейді.
Тәннің  жан  жарата  алмайтынын  қайта-қайта
ескертеді.  Теріс  пікірдің  о  баста  философ
Канттан басталғанын да ақын атап өтеді.
«Оларды сөзбен қайраған,
Ақылдан алыс айдаған,
Ойменен тапқан бұлдыр деп,
Дене мен пәнге байлаған.
Баяғы Конттың сөзі еді.
Жаңаны көрсе жүгірген,
Ақылдан әбден түңілген,
Осыдан дұрыс жол жоқ деп,
Бұл уды судай сімірген,
Дененің соқыр көзі еді»[9; 227.],-
деп кеңестік дәуірде  оқу орындарында жаппай
оқытып,  бүкіл  адам  санасын,  мінез-құлықты
өзгерткен ілімді қатты сынайды. Жан Алланың
алғаш  өзі  жаратқан  тіршілік  иелеріне  берген
ерекше  қасиеті  екенін,  сол  әрі  қарай  бүкіл
ұрпаққа  берілетінін  туралы  еш  күмәнсіз
түсіндіреді.
«Жан қожа тәнге, тән құлы,
Еріксіз айдап жүр демек,
Тән істер жанның жарлығын.
Жанды билей ме екен дене,
Болса бір сипат тәннен шыққан?
Билер жан неге?
Жан өсіріп тұр тәннің баршасын
Тән  жан  жаратты  деме!»[9;
227.].
Алдымен,  бір  клеткалы  тіршілік  өз-өзінен
жаратылып,  содан  эволюция  заңы  бойынша
дамып,  бүгінгі  адам  дәрежесіндегі  қасиетті
тіршілік иесіне дейін жетілді дегенді дәлелдемек
болған  Дарвиннің ілімін  осы өлеңінде білімді
ақын тас-талқанын шығарып терістейді. Бұл да
ақынның 
ақиқатты 
іздеуіндегі 
көп
әрекеттенгенін, 
түрлі 
гипотезаларды,
ғалымдардың  зерттеу еңбектерін оқығаны  анық
көрінеді. Өзінің сүйенген, ақылы танып, жүрегі
сенген шындықты айтудан жасқанбайды.
«Басында жоқты бар қылған,
Жоқтықты жойып көр қылған,
Есепсіз дене жаратып,
Еріксіз жиып нәр қылған
Жан емей енді немене?
Жарықтан бізді бу қылған,
Құбылтып буды су қылған,
Суынан топырақ қатырып,
Топырақтан жасыл туғызған
Ие кім сонда денеге?»[9; 228.].
Барлық есі бар пенде қоятын сұрақты ақын
осылай  анық  қояды.  Өзінің  іздеген  ақиқатын
танудағы  ізденістерінен    осылай  хабар  береді.
Алғашқы ес біле бастаған  күннен бастап  адам
баласы іздейтін сұрақ - осы. Ақын ғалымдарды
састыратын  сұрақтарды  үздіксіз  қойып
отырады.  Өзінің негізгі тапқан ақиқатын таныту
үшін сонау ертедегі философ Сократтың сұрақ-
жауап әдісін өте жақсы пайдаланған.
«Жансыз тән қалайша жүрмек?,
Сол жан емес пе денелерді қозғап өсірмек,
Бас қозғалыс қой жанның атасы,
Ол жаратады түрлеп,
Сол жаннан талай жан өскен,
Жанына қарай түр өскен»[9; 228.].
Әрбір жанның күшіне қарай соған лайықты
тән  жаратқанын  ақын  жақсы  түсіндіреді.
Қозғалыстан  тіршілік  жан  пайда  болса,  сол
жанда ақыл болады екен. Ақыл барлық тіршілік
иелерінде  болады  екен,  бірақ  ол  ақылды
адамның  «таза  ақылымен»    салыстыруға
келмейтінін 
де 
анықтап 
түсіндіреді.
Қорытынды сөзін былай түйіндейді.
«Жаралыс  басы –қозғалыс,
Қозғауға керек қолғабыс.
Жан де мейлің, бір мән де
Сол қуатпен бол таныс.
Әлемді сол мән жаратқан» [9; 230.].
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ

76
Шәкәрім заманы мен Қ.А.Ясауи заманын, сол
қоғамдағы  адамдар  түсінігінің  деңгейін
салыстыруға  келмейді.  Қ.А.Ясауи  қысқа
сөздермен Аллаға, пайғамбарларға мадақ айтты.
Алланың  әлемді  жаратқанын,  әр  жан  иесіне
берілген  ақыл  деңгейіне  лайық  о  дүниеде
сұрақтар сұралатынын түсіндірді. Оған жалпы
қоғамдық  сана  қарсы  болмады.  Себебі  жалпы
көпшіліктің  түсінігінен  бұл  түсінік  алыс  емес
еді. М.Әуезов бұл жағдайды былай түсіндіреді.
«Ол  кездің  өнерін  жалпақ  ел  түгел  түсінетін
болғандықтан,  екінші  кейінгі  ұрпақтың
түгелімен алатын білімі, тәрбиесі де сондайлық
көпке бірдей болып айтылатын жалпы дүниеге
көзқарасы  да,  өткен  өмірді  түсінуі  де  бір-ақ
түрде  болады.  Кейінгі  буын  өмірді  түгелімен
алдыңғыша  түсініп,  соларша  тәрбиеленеді»[1;
21.]. Міне, сондықтан, Ясауидің айтып отырған
насихат  мәні бәріне түсінікті еді. Ал, Шәкәрім
заманында  қоғамдық  санада  қопарылысты
өзгерістер  пайда  болып  еді.    Жо ғарыда
айтқанымыздай,  философияда    материалистік
бағыт,  жаратылыстану  ғылымында  эволюция
заңын негіздеген дарвинизм бағыты өріс алды.
Тұрмыстық  өмірінің    артық,  кем  болуы  да
тікелей адамдардың,  езуші таптың   күнәсі деп
түсіндірілген төңкеріске шақырған қозғалыстар
мен  үгіттер  де  көбейді.  Дінді  ауыстыру  да,
дәстүрді  терістеу  де  оңай  болып  қалды.  Міне,
қоғамдағы осындай қым-қуыт қайшылықтарды
ескерген ақын Қ.А.Ясауи баба дәстүрін әрі қарай
дамыта жалғастырды. Өзінің бар білімін қысқа
өлең  жолдарына  сыйғызып,  ұлы  жаратушы
Алланың  жаратылыс  иесі  екенін  дәлелдеді.
Айтылып  жүрген  ғалымдар  сөздерін
білетіндігін, оны таза ақылы қабылдамайтынын
әдемі жеткізді. Өз ақылы қабылдамағандықтан,
оның теріс ойдан  шығарылғандығын  көрсете
алды.  Оған  оның  жиған  білімі  жетті.  Білімі
толысқан  соң  ғана,  ешкімнің  айтуымен  емес,
өзінің  көзі  жеткен  шындықты  жеткізіп
отырғанын нақты дәлелдермен түсіндіре алды.
Дамытыла, ғылыми тіректерді ұстана отырып,
ұлы 
баба 
идеясын 
қо рғап 
шықты.
Дүниетанудағы түсінігі  Қ.А.Ясауимен үндесіп
тұрғанын көреміз.
«Бастапқы есті жанды ақыл,
Адамнан келіп шықпай ма?
Осыдан  өзге  шын бар ма?»,-
немесе
«Рух деген дінсіз таза ақыл,
Мінсіздің ісі шын мақұл,
Айуандағы ақыл ол емес.
Аз ғана сөзім – аз тақыл»,-
деген сөздер осыны ұқтырады.
  Және  ақын  адам  ақылының  өзге  жанды
жануарлардан  артықшылығын  дәлелдеп
түсіндіреді.  Бұл  ілімді  милары  уланған,  әбден
өздерінің    алдамшы  идеяларына    еріксіз
байланып  қалған  жандар  қабылдамайтынын
ақын мойындайды.
«Айтамын мұны жастарға,
Таза арақ ішкен мастарға,
У ішіп, қулық жинаған,
Айтпаймын қуыс бастарға,
Ол ұғынбас, тыңдар да» [9; 231.],-
деп оның себептерін де қапысыз түсіндіреді.
«Анықты білмес діншілдер,
Өзімшіл, ойсыз күншілдер
«Жаныңды жолдан қосты» деп,
Шариғат айтып күңкілдер,
Ойында биттей сәуле жоқ» [9; 231.],-
дейді  ақын.  Шәкәрім  ақын  тағы  бір  тың  пікір
білдіреді.  Бүкіл  әлемдік  дін  білімділері  тапқан
ақиқат – адам баласын азап пен күнәһарлыққа
итермелейтін    «нәпсі»  дейтін  ұғымға  түсінік
береді.
«Нәпсі дер рухсыз жандарды,
Мейлі адам, мейлі аңдарды,
Үстіртін қарап ұқпайды,
Қай молда мұны аңғарды?
Мәнісін білмей шатасқан.
Тәпсірші деген атақ бар,
Қарсы айтсаң молда тақақтар,
Анығын таппай айтылған
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ

77
Тәпсірде талай шатақ бар,
Ой-жотамен адасқан» [9; 232.].
Ақын  өзі  де  бұл  сөздерін    көптеген  пән
ғалымдары  мен  діншілдер  мо йындай
қо ймайтынын  біледі.  «Пәнші  мен  дінші
тыңдамас»,- дейді де, оның себебі, олардың таза
ақылмен  емес,  біреудің  айтқанына  ғана  еріп
жүрген «бірезу» жандар  болғаныдығынан деген
қорытынды шығарады.
«Таза ақыл ақты барлайды,
Дәлелсіз сөзді алмайды,
Танитын жанға кез болса,
Хақиқат жерде қалмайды,
Жалғанға сатпас шыныңды»,-
деп ақын қазір түсінетін жан табылмаса да, таза
ақылды  жастар  кейінгі  толқыннан  шығып,
асылын  керекке  жаратар  деген  қорытынды
жасайды. Ақиқатты тану үшін көп ізденгенін де
ашық айтады.
«Көп ғалымның сөзінің
Ақылға алдым сыйғанын.
Молдалардың  әдісін,
Пайғамбардың  хадісін,
Әулиелік  жәдісін,
Алмадым ақыл тыйғанын.
Айтса қандай ғалым зат,
Дәлелсіз болса, бәрі ағат.
Даусыз таза хақиқат
Жолында  жанды қиғаным» [9; 235.],-
дейді  ақын  өзінің  «Иманым»  деген
топтамасында.    Өлеңдерінен  оқығанымыздай,
ақынның    ақиқатты  тану  үшін  қаншама
ізденгенін көреміз. Жақының айтса да, ұстазың
айтса да, басқа бір таныс емес елдің  ғалымдары
айтса  да,  тек  ақылы  сенген  сөздерді  ғана
мойындау  керектігіне  ақын көп көңіл бөледі.
Өзінің жақыннан тапқан  ұстазы ұлы Абайдың
өсиетін  шын  ұқққанын  көрсетеді.  Ақынның
әулиелік  қасиеті  де  о сында  болса  керек.
Шәкәрім  ақынның  өз  ақиқатын  іздеуде  ұзақ
ізденістерден  өткенін,  ғылым  мен  дін
білгірлерінің біраз жазғандарын ақыл сүзгісінен
өткізіп  барып,  Қ.А.Ясауи  баба  жолының  шын
асыл  екеніне  көзі  жеткенін  көреміз.  Ешкімнің
айтқанынан емес, таза ақылымен тапқан білімі
екенін танытады. Үлкен ізденістер арқылы қол
жеткізген  асыл  мұрасының,  алдыңғы  толқын
бабалар  жолымен  Шәкәрім  заманына  да  аман
жеткен Ясауидің ақиқаты екенін айтады. Ясауи
ілімі  шын ақиқат екенін Шәкәрім ақын осылай
үлкен ғылыми зерттеулерінің нәтижесі ретінде
артқы  толқынға    аманат  етіп  кеткендігіне  көз
жеткізуге болады.
Шәкәрімнің 
Ясауи
идеясымен үндестігі-
  «Қырықтан соңғы иманым -
 Отыз жылдай жиғаным»,-
деп өзі көрсеткеніндей,
өзі ақыл тоқтатқан  ересек болған кезеңінен
бастап, отыз жылғы ізденісінің нәтижесі. Қазіргі
бірер ай курс оқып, дінді насихаттап жүрген жас
молдалар  ойлануы керек мәселе.  Сонша уақыт
тереңінен  ізденіп,  таза  ақылы  арқылы    сенген
ақиқатын ұсынады ақын. Бұл топтамада да ақын
Ясауимен  рухани  үндестігін  анық  танытады.
Қ.А.Ясауидің «Иман іздеп жақсыларға жеттім,
міне»[8;18.],-  деген  жолдарын өзінің «Иманым»
то птамасының  бастапқы  жолдарында-ақ
пайдаланған.
Ең  бірінші,  Қ.А.Яс ауиде  сөз  болатын
Алланың    нұр  болып  берілетін  ерекше  ілімі
Шәкәрім ақында да кездеседі.
«Айтамын  мұны жастарға,
Таза арақ ішкен мастарға» [9; 231.],-
деген  жолдардағы  «Таза арақ ішкен мастарға»
дегендегі  «мас», «таза арақ» сөздері біз білетін
арақ  деген мағынада айтылып тұрған  жоқ. Бұл
жердегі «арақ»  - Алладан берілетін ерекше ілім.
«Мас  болу»  сол  ілімді  бойына  сіңіру,  жанның
тынышталуы, Алланың барлығына, оның адам
баласын  сүйіп  жаратқанына,  он  сегіз  мың
ғаламды   адам  игілігі  үшін жаратқанына,  егер
жаныңды  таза  сақтай  алсаң,  алда  жақсы  да
мәңгілік  өмір  болатынына  сенгенде  пайда
болатын  ғажайып    рухани  толысу  деп
ұққанымыз  дұрыс  болады.    Қ.А.Яс ауи
хикметтерінде бұл ілімді «шарап» деген  сөзбен
береді.
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ

78
«Сегізім де сегіз жақтан жол ашылды,
Хикмет айт деп басыма нұр шашылды.
«Билхамдиллаһи» Пірмұған шарап
ішкізді»[8;23]
«Он сегізде шілтенменен шарап іштім»,
«Қайда барсам Қызыр Бабам  әзір болды,
Рахым етіп шарап берді тойдым, міне»[8;
24]
“ Отыз үште сақи болып шарап үлестім,
Тостаған толы шарапты тоя іштім»,
«Шілтенменен шарап ішіп дос –жар
болдым,
Жан дүниес хақ нұрына толды, достар».
«Пірмұған шарабынан тамшы таттым».
«Қырық жетімде жеті жақтан шабыт жетті,
Сақи болып жам-шарапты ием тұтты».
«Елу үште сол шарапты несіп қылды»[8;
32.].
Міне,  хикметтерден  іздесек,  Қ.А.Ясауи
«шарап ішу», «мас болу» туралы  осылай қайта-
қайта    сөз  етеді.  Жоғарыда  айтқанымыздай,
«шарап  ішу»  Алла жолдаған  ерекше  ақиқатты
танытатын ілім екенін көреміз.
Қ.А.Ясауи    хикметтерінде    «ғашық»  деген
сөздер  кездеседі.  Ол  ғашықтық  Аллаға  деген
іңкәрлік, анығырақ айтқанда, Алланың дидарын
көруге  ынтызарлық    мәнінде  айтылады.
Хикметтерден бірнеше мысал келтірейік.
«Мансүр сипат бас тіктім ғашық дертіне».
«Қырық тоғызда ғашық болып күйіп-
жандым».
«Хақ алдында ақылы кәміл түк қыла алмас,
Ғашық өрті лапылдаса жанды қоймас,
Көбелектей  отқа түсіп өзін білмес».
«Нұр дидарын  ғашықтарға уәде  қылды,
Ғашық жолына жаным қиып жүрдім, міне.
Шын ғашықты Аллам сүйіп пендем деді»,
«Нәпсіден безіп шын ғашықтар Алла
деді».
Бұл  мысалдардан  көретініміз,  бабаларды
ғашық еткен ұлы жаратушы Аллаға деген шексіз
берілгендік,  соны тануға деген құштарлық.  Сол
жолда  олар  қанша  білім  жинаған,  азапты
жолдардан  өткен.  Сондықтан  да  ислам  діні
туралы  ғылым  пайда  болып,  Құран  хатқа
түсірілген соң, оған сан түрлі тәпсірлер жазылу
барысында  ислам өркениеті қалыптасқан. Бұл
өркениеттің  ерекше  сапасы    соның  ішінде
ғылымның өркендеуі, бірер жолға сыйғызылған
Құрандағы ақиқат сырларды түсіну үшін терең
ғылыми  еңбектер  пайда  болғандығы.  Ислам
өркениетіндегі ғылымның тез қарқынмен даму
себептерін  осымен  ғана түсіндіруге болады.
Шәкәрім ақын «жар» деген сөзді қолданады.
Бірақ  ол  сөздің мағынасы  біз  түсінетін  сыңар,
жұбай деген мәнде емес. Оның ғашық жары –
өзін сүйіп жаратқан Алласы.  Бұл ой оған соңғы
отыз жылда, жасы  қырықтан асқаннан кейінгі
алған білімдерінің қорытындысы екенін де ақын
үнемі ескертіп отырады.
«Қырық жылдан өтіп жасым,
Ақылым болды сырласым.
Отыз жылдық замандасым,
Иманым – басшы, жолдасым.
...Жарымның сәулесін сездім,
Моланың ақтарып тасын.
Қабірден шықты көп нұрлар,
Нұры өлшеусіз сұлу бір жар»[9; 256.]
Ақын  сол сұлу жары бұның жүрегін жарып,
арам қаны мен насын тазалағанын айтады.
«Жарымның  нұрына жанып,
Тәнім көмір бола қалып,
Жүрегімді жарып алып,
Ағызды арамын, насын.
Беріп тәңірім  тілегімді,
Тазартқан соң жүрегімді,
Деді: «ұстат білегіңді»[9; 257.].
Жар сөзі ақында аз қолданылмайды. Соның
бәрі ұлы жаратушы Аллаға арналған.
«Жанның бәрі мендей  жар табар еді,
Терең ой, сау ақылмен шамаласа».
Өлім маған өмірден мың есе артық,
Жарға құрбан болуға жан жараса».
«Хақиқат жар нұрына қанса біреу,
Шықпайды оның жаны балталаса.
Жар нұрының ұшқыны осы ғой деп,
Жанған отқа шоқынам, жар қараса».
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ

79
Бұл жолдардағы жар сөзі Ясауи салған дәстүр
бойынша, жаратушы Алланың сипаты. Шәкәрім
бұл өлеңдерінде өзінен бұрынғы да, қатарлас та
ақындардан өзгеше Ясауи танымына барынша
жақындайды.  Ясауидің  сопылық  ілімін  ХХ
ғасырдағы  жалғастырушысы  Шәкәрім  ақын
екеніне анық көз жеткендей болады.
Бүкіл  шығыста  ғашықтардың  үлгісі    Ләйлі
мен Мәжнүн  екені белгілі. Қ.А.Ясауи бабамыз
да бұл есімдерді өз хикметтерінде  атап өтеді.
««Қырық тоғызда ғашық болып күйіп-
жандым,
Мәжнүндей туған туыстан қашып тындым».
«Мұсаға ұқсап, көкірегім күйіп жанды,
Мәжнүндей туыс-туғаннан қашып танды».
Ясауи  бабамыз    өзінің  ғашықтығын  сол
Мәжнүннің  ғашықтықтан  сергелдең  болған
халімен    салыстырады.   Көпке  мәлім  Мәжнүн
ғашықтығын өзінің де ынтықтықтан шын азап
шегетінін түсіндіру үшін алып отырғаны мәлім.
Мәжнүннің бар байлықтан, ең жақындарынан,
тіпті  бүкіл  адамзат  қо ғамынан  безіп,
ғашығының дидарын бір көруге өмірін де аямай
күй кешкенін білетін көпшілікке өзінің де Алла
дидарын  көруге  осындай  құрбандыққа  бара
алатынын дәлелдеу үшін хикметтеріне енгізген
болса керек. Шәкәрім ақын да дәл осы ғашықтар
атын  айтып  өзінің  халін,  осылардың  халімен
теңестіре сөз етеді. «Ләйлі-Мәжнүн» оқиғасын
шығыстағы  нәзира  дәстүрімен    талай  ақын
жырлағанын  әдебиеттен  хабары  бар  жандар
біледі.  Шәкәрім ақын осылардың ішінен Фзули
Бағдади  жырлаған  нұсқасын  қазақ  тіліне
аударғанын өзі айтады.
«Ғашықтық – махаббаттың ең күштісі,
Жүрекке қатты орнығар басқан сайын
...Мәжнүннің Ләйліменен сыры қиын,
Еш  адам  байыбына  бара  алмайды»[9;
349.],-
дейді   ақын.    Сол  арқылы   «ғашықтық»  деген
ұғымның  тым  терең,  көпшілікке  түсініксіз,
тұңғиық тылсым құпияға толы, көзбен көруге,
құлақпен естуге болмайтын, жүрекке орныққан
ерекше  сыр екенін түсіндіреді.  Соның ішінде
бұл екеуі бір-біріне  қосылуды мақсат етпеген,
бір-бірінің  амандығын  ғана  тілеген,  бірақ  өзге
жанға    Алла  қоспайтын,  о  дүниеде  де  бірге
болуды тағдырларына жазған Алланың сүйікті
құлдары  екенін  ұғындырады.    «Сыры  қиын»,
«Еш адам байыбына бара алмайды» деген сөздер
осыны  ұқтырады.   Бұл  ғашықтарды көп  ақын
жырлағаны  белгілі.  Солардың  ішінде,  Фзули
Бағдади деген ақын  сопылық танымға мейлінше
жақын  әдебиеттің  өкілі    болған.  Шәкәрім
ақынның осы ақынды іздеуі  өз танымының  да
осы танымға  жақындығын көрсетеді.
«Бұлардың әпсәнасын жазған адам –
Фзули Бағдади деген  кісі.
Ондай ғып еш бәйітші жаза алмаған,
Нақысын шын келтіріп қаза алмаған.
Кітабын Фзулидің іздеп тауып,
Кез болды былтырғы жыл әзер маған»[9;
350.]
Өте талғампаз әрі сыншыл ақын басқаларды
емес,  Фзулидің    жазғанын  іздеп  тапқанын  өзі
айтып отыр.  Демек, сол ақын ұстанымын  өзі
де қолдайды.
Осы поэманың  соңғы жағындағы  ақынның
Фзулиден  аударылмаған,  өзінің  қорытынды
сөзінде Ясауимен рухани бірлігін айтады. Біз де
бұл поэманы сол үшін сөз етіп отырмыз.
«Жігіттер, ендігі сөз – менің сөзім;
Мәжнүннен аз-ақ  кейін көрген күнім.
Мен ондай қызға ғашық болмасам да,
Ғарыппын дерті қалың, шын осыным»[9;
396.].
Ақын  өзі  де  ынтық  болған  нәрсесін  елден
таппай ғарыптың күнін кешіп жүргенін жүрегі
езіле жазады.
«Іздеген ғашық болып бес нәрсем бар,
Берейін атын атап, ұқсаңыздар:
Махаббат,  ғаделет пен таза жүрек,
Бостандық, терең ғылым, - міне осылар»[9;
397.].
Осы іздеген бес асыл қасиеттер қазіргі қазақ
қоғамында  жоқ,  сондықтан  мен  елімде  жоқ
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ

80
нәрсеге  ғашық  болдым  деп  түсіндіреді.
Мәжнүннің халінен де ауыр күй кешіп жүргенін
ақын  ашына  түсіндіреді.  Шындығында,
Мәжнүн елден безсе де, алдында  – Ләйлісі бар.
Ал ақынның қайғысының одан да қалың болу
себебі – қоғамда ақын ғашық болған мөлдір таза
қасиеттер  жоқ,  қалмаған.    «Иманым»
топтамасында шын ғашығының атын анығырақ
атайды.
«Менің жарым қыз емес,
Хақиқаттың шын нұры»[9; 238.],-
деп    Қ.А.Ясауидің    айтатын  «дидарға  ғашық
болу»    сөздеріне  тағы  да  жақындай  түседі.
Қ.А.Ясауи  бабамыздың  «Бір  және  Барым,
дидарыңды  көремін  бе?»  деп  зар  төгетінін
білеміз.  «Бір»,  «Барым»  деп  отырғаны  -
жаратушы  бір  Алла,  мақсаты  -  тек  соның
дидарын көру. Бұл ұлы мақсаттың  жолында көп
ізденіп,  көп  сырларға  қанық  болғанын  да
қасиетті бабамыз айтып отырады.
«Елу үште сол шарапты несіп қылды,
Жолдан тайған адам едім, жолға салды».
«Елу төртте жан дүнием зар жылады,
Ғылым- білім майданында бас айналды».
«Елу бесте  дидар үшін тіленші болдым,
Күйіп-жанып, күлдей ұшып ғайып
болдым,
Бір және Барым, дидарыңды көрермін
бе?»[8; 32.].
Қ.А.Ясауи  бабаның    ғашық  болғаны  да
Шәкәрім ақын айтқанындай, басқа жандар үшін
қолға түспес, Бір Алланың дидары. Соны ұғыну
үшін  қанша  азапты  ізденіс  жолдарынан  өтеді.
Алланы тану, оған бар жан-ділімен ғашық болу
әр пенденің маңдайына жазылған бақ емес. Бұл-
ақылы кемел, санасы таза, жүрегі ақ жандардың
ғылымның  тасын  кеміріп,  азап  шегіп  барып
жететін  межесі.  Шәкәрім  ақын  да,  ғашығын
өзінен  бұрынғы  ұлы  ұстаз  Ясауи  жолымен
осылай  көп  азапты  еңбектерден    кейін  барып
табады. Көп іздегені сол жол екенін түсінеді.
Қ.А.Ясауи бабаның ерекше бір жолы – алпыс
үш  жасқа  толғанында,  өз  еркімен  жер  астына
түсуі, жарық дүниені көруге өзіне тыйым салуы.
Жер астында қанша өмір сүргені туралы әртүрлі
аңыздар  бар.  Ешбір  ғылым  материялық
түсінікпен  түсіндіріп  бере  алмайтын  ерекше
жағдай.  Бұл  оқиғаның  анық  болғандығын
дәлелдейтін  Қ.А.Ясауи бабамыздың кесенесінің
жанында    жер  асты  қылуеті  бар.  Толық
ашылмаса да, жер асты мешіті бар.  Және баба
өз хикметтерінде  жер астына кірген себебі мен
осы ісінің мәнін түсіндіріп айтып кеткен.  Бұл
әрекетін өз хикметінде былай түсіндіреді:
 «Алпыс үште хабар келді: құлым жерге
кір деген,
Жаныңменен, жананыңмен шыбын жанды
бер деген,
Көңіл семсерін қолға алып, нәпсіні қыр
деген.
Құл Қожа Ахмет, нәпсіні тептім, нәпсіні
тептім,
Одан кейін сүйгенімді іздеп таптым.
«Өлмес бұрын жан бермектің дертін
тарттым»[8; 34-б.].
Бұдан  кейінгі  дін  ғалымдарына  бұл  әрекет
жайдан-жай  дәстүр  болып  кететінін  ойлаған
баба жер астына өздігінен емес, ғайыптан келген
хабардың күшімен түскенін баяндайды. «Өлмес
бұрын  жан  бермек»  деген  ерекше  әрекетті
түсіндіреді. «Өлмес бұрын жан бермек» ерекше
жандардың тағдырына ғана жазылған  қасиетті
іс екенін осылай түсіндіреді. «Өлмес бұрын жан
бермек»  әрекетіне  итермелеген  сыртқы
қоғамдағы  өзін  қоршаған  жандардың  әртүрлі
жағымсыз істері екенін де Қ.А.Ясауи баба жақсы
түсіндіреді.
«Ей, достар, наданменен жолдас болып,
Бауырым күйіп, жаннан тойып, өлдім,
міне.
Тура айтсам да, теріс жолға  мойнын бұрар,
Қан жұтып қасірет  уына тойдым, міне.
Наданменен өткен өмірің тозақ болар,
Надан барса, дозақ та одан қашар,
Наданменен  дозаққа қылма сапар».
Көріп  отырғанымыздай,  бабаның  бірінші
қорыққан  жандары,  безіп  жер  астына  түсуіне
себеп болған пенделері – надан жандар. Надан

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет