Бас редактор әмірбеков Шәріпбек



Pdf көрінісі
бет3/16
Дата06.03.2017
өлшемі2,84 Mb.
#8299
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Резюме
Resume
Данная статья посвяшена переводам Шакарима Кудайбердиева.
This article posvyashena  Shakarim's Kudaiberdieva transfers.
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ

15
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ
ШӘКӘРІМДЕГІ ЖАНТАНУ ІЛІМІ
Ұстазы хакім  Абай мен ақын  шәкірті ойшыл Шәкәрім  түп иені (хақиқатты)  танып білуге
жантану ілімі арқылы бару жолын мақалада жан жақты талдап көрсетеді.
Шәкәрімнің танымдық әлеміне Абай мұрасы
арқылы кіру – ұтымды боларына айрықша ден
қою  керек,  өйткені  бұл  жол  жантану  ілімін
танып білуде адастырмас темірқазығымыз.
Екі  ой  алыбы  өз  туындыларындағы
фило софиялық  лирика  жанрының  өзіндік
қайталанбас ерекшелігі шын мәніндегі қазақтың
қоғамдық ой санасындағы шешуші де ауыр, аса
күрделі  де  қиын  философиялық  тақырыпты
көтеріп, оның өзегіне айналған жантану ілімін
танып білу жолында толассыз ізденіске түскен.
Алдымен,  Абай  поэзиясында  1889  жылдан
өмірінің  соңына  дейін  түп  иені  танып  білу
жолындағы  «Ақыл мен  жан «мен»  өзім, тән  –
менікі», «Ақылмен хауас барлығын» танып білу,
жүрек култін көтере жырлау арқылы толық адам
ілімінің  негізін  салуға  батыл  қадам  жасауға
ұмтылды.  Бұл  ұмтылысты  Шәкәрім  өз
поэзиясында осы дәстүрді жалғастыра дамыту
арқылы  XIX  ғасыр  аяғы  мен  XX  ғасыр
басындағы әдебиетте философиялық лириканы
классикалық аса биік деңгейге көтере білді.
Ұстазы хакім Абай мен ақын шәкірті ойшыл
Шәкәрім  түп  иені  (хақиқатты)  танып  білуге
жантану  ілімі  арқылы  бару  жолын  ұстанды.
Әсіресе, бұл өте күрделі шешуі қиын, салмағы
зіл  батпан  мәселені  Шәкәрім  XX  ғасырдың
басындағы  қазақ  әдебиетінің  ояну  дәуірінде
мүлде тереңдей зерттеп соны таным, тың ойлар
желісін тартты. Әрі оны философиялық лирика
табиғатына сай молынан қамтып, зерлеп зерттеп
терең мән бере қарады.
Қазіргі философтар мен психолог ғалымдар
психология ғылымын жантану деп атап, бөгде
бағыт  алып  адасуда.  Өйткені,  шындығына
келсек,  мысалы  логика  ғылымы  –  ойлаудың
заңдылықтары туралы ғылым болса, психология
адамдағы  психикалық  құбылыстарды  танып
білудің ғылымы емес пе?
Ал, жанды танып білу ғарыштан келетін, яғни
жанның  тылсым  құбылыс  болуы  себепті,  ол
жантану іліміне жатады. Абай мен Шәкәрімнің
зерттеу,  іздену  нысанасына алып  отырғаны  да
осы ғарыш, яғни түп иеден келетін жанды тану
ілімі. Психология мен бұл айтылып отырған түп
болмысы  ғарыштан  келетін  шын  мәніндегі
жантану  ілімінің  арасы  жер  мен  көктей
айырмасы  бар,  басы  бірікпейтін  алшақ
танымдар ғой! Осы себепті Шәкәрім психолог
ғалымдардың о бастан-ақ адасқанын: «Жанның
бастан барын байқамапты, психолог ғылымын
шашқан  адам»,  -  деп  мәселенің    төркінін  дәл
басып, адасу себебін ескертіп отыр.
Анығына  келсек,  Абай  мен  Шәкәрімдегі
философиялық лириканың өзекті тақырыбына
айналып отырған аса күрделі де ұғынуы қиын
ғарыштық  танымдағы  жантану  ілімі  туралы
мәселе  таза  ақыл  қуатымен  танып  жырланған
өзіндік  қайталанбас  терең  сыры  бар  тылсым
құбылысқа айналды.
М. МЫРЗАХМЕТҰЛЫ, филология ғылымдарының докторы, академик
ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері
ӘОЖ 821.512.122
Тірек сөздер: Шәкәрім, Абай, хақиқат, жантану ілімі.

16
XIX  ғасырдың  соңы  мен  XX  ғасырдың
басында  ағайынды  ой  алыбы  Абай  мен
Шәкәрімнің  ғарыштық  тылсым  сырға  толы
жантану  ілімін  фило софиялық  лирика
жанрының  өзекті  тақырыбына  айналдырып,
соны ой, тың таныммен жырлану деңгейіне сол
тұстағы батыс пен шығыс ақындарының қолы
жете бермеуі де көп нәрсенің  сырын аңғартса
керек-ті. 
Бұл 
қазақ 
по эзиясындағы
философиялық лириканың сапалық деңгейі мен
идеялық  өрісінің  шарықтау  шегін  танытатын
бірегейі  рухани  құбылыстың  тетігі  жантану
ілімімен ұштасуында жатса керек-ті.
Менің 
пайымдауымша, 
Шәкәрім
дүниетанымында  тіршілік  пен  жанның  пайда
болуы  жайындағы  танымында  қос  сатылы
ұғымның қатарласып жату болмысы байқалады:
а)  Күн  планетасы  мен  жер  планет асы
арасында, яғни Күн-ата, жер-ана сипатындағы
қарым-қатынасынан  күн  нұрының  әсерінен
әуелі  өсімдік  әлемі  пайда  болғанға  ұқсайды.
Өсімдіктен жан-жануар әлемі пайда болған да,
одан адамзат жаралған деген танымды ұсынады.
Бұл  таным  негізі  Шәкәрім  өлеңінде  былай
суреттеледі:
Бас қозғалыс қой - жанның атасы...
Сол жаннан талай жан өскен,
Жанына қарай тән өскен.
Өсімдік жаны нашар боп,
Олардан жәндік және өскен,
Жәндіктен адам жаралған, –
деп жерде тіршілік әлемінің пайда болуы туралы
дүниетанымын ашық білдірген.
Бұлардың  бәрі  күннің  жерге  түскен  жылы
нұрынан  жаралуы  себепті,  бұл  құбылысты
жаралыстың төменгі сатысы деп қараймыз.
ә) Ал, енді күн жүйесіндегі жер планетасында
тіршілік  атаулыға  жан  қайдан  келді  деген  ұлы
сұраққа Шәкәрім: «Бас қозғалыс қой - жанның
атасы» деп көрсетеді де, бүкіл әлемдік жоғары
қабаттағы  құбылыстың  мән  мағынасына  ой
жүгіртіп:
Жанымыз күннен келген нұрдан,
Тәніміз топырақ пен судан жаралған, –
деп  ой  қорытып  алады  да,  «Жарық  нұрдан
жаралған  күн  жоғалмас»,  -  деп  күннің  өзін
жаратқан  күш  қуаты  жоғары  әлем  қабатында
жатқан түп ие құдіретін меңзейді.
Жаралыс басы қозғалыс,
Қозғауға керек қолғабыс.
Жан де мейлі бір мән де,
Сол қуатпен бол таныс.
Әлемді сол мән жаратқан, –
деп  жаралыстың  жоғары  сатысына  қарай
қабатына сілтейді. Түп иені «жан», «мән» деген
балама сөзбен береді де, бүкіл ғарыштық әлемді
сол «мән» («жан») жаратқан деп ой түйеді. Мұны
әлемнің  жоғары  қабатында  болып    жатқан
шешуші  құбылыс  ретінде  қарайды.  Осы  ой
қорытындысына келген Шәкәрім:
Шынды білмек ойласаң сен
Алдымен жанды біл, –
деп  жанға  мән  беру  арқылы  түп  иені  таза
ақылмен  танып  білу  жолында,  алдыменен,
жанды  білу  керек  деп  ескертеді:  «...жан  деген
өз  алдына  бір  нәрсе  емес,  сол  атомдардан
жаралған дененің бір қозғалысы өзгерістерінен
шыққан сипат ... 80 шамалы негіздің (элементтің
М.М.) бәрінің негізі бір нұр екен деп жүр дейді.
Олай  болса  барлық  әлемнің  түп  негізі  нұр
болғаны  дейді»  (9  бет)  деп  жаңаша  бір  ой
танымына  келеді.  Шәкәрім  жантану  ілімінде
жанға айрықша мән бере қарауында мәселенің
шешілер 
түйіні 
жатқаны 
байқалады.
Шәкәрімнің  фило софиялық  лирикасында
жырланатын басты мәселе де осы жанды тану
жолында ізденген ақынның жанкешті әрекетінен
туындаған жантану ілімін ерекше назар аудара
жырлауын ой көзімен қарай алмай келеміз.
  Шәкәрімнің  «Жоғала  ма  жан  өлген  соң?»
деген сұраққа жауап беруі ұстазы Абай пікірімен
сабақтасып жатуында да мән бар. Өйткені Абай
танымында  жанның  мәңгілік  өлмейтін  сыры
өнер  адамының,  не  ғалымның  өмір
шындығынан  тырнақтап  жинаған  ой
қазынасының  асыл  қоры  өнер  тілімен  сыртқа
шығып, ұрпақтар санасында сақталуы себепті:
Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ

17
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған, –
деп  ой  толғауынан  көп  мәселенің  тылсым
сырына қаныға түсеміз. Өлмегенде адамның өзі
емес, оның өнер тілімен дүниеге әкелген рухани
ой қазынасының ұрпақтар санасында орнығып
сақталу  себебін  айтады  екен.  Тіпті  бұған
мысалды  алыстан  іздемей-ақ,  Абай  мен
Шәкәрімнің  әдеби  мұрасында  ой  таным
желісінің  өзара  сабақтасып  жатқан  тұстарын
айтсақ та жетіп жатыр.
Жо ғарыда  айтылған  Абай  пікірінің  ой
желісіне  Шәкәрімнің:
Ғибрат қылар артыңа із қалдырсаң,
Шын бақыт,
осыны ұқ
мәңгілік өлмейсің, –
деп ой қосуы қос алыптың рухани тамыр соғуы
бір  ырғақпен  үйлесім  тауып  жатуына  көзіміз
жете түседі.
Екі ой алыбының адамшылық немесе іштей
рухани  жағынан  толысып  жан  тазалығымен
тазару,  толығу  жолындағы  жантану  ілімінің
негізін салуы – біздерге іргелі ғылыми ізденістер
жасауға міндеттейді.
Шәкәрім қойған сұрақтың бірі – «Не қылған
жөн?» мәселесі адамзат баласының мына жалған
фәни  өткінші  дүниеде  «боқтың  қабы»  болып
тоғышар қалыпта қалу ма, әлде рухани қазына
көзін  ізденіп,  Абай  негізін  салған  толық  адам
ілімінің  тертесін  ұстап,  адам  болудың  жолына
біржолата түсуі ме? Екі ой алыбының мақсаты
–  тілге  көнсе  қазағын  һәм  жалпы  адамзат
баласын осы жолға салу, ізгілікке бастау. Өйткені
бүгінгі  күнгі  адамзаттың  алдына  ең  өзекті
шешуші мәселе ретінде Шәкәрімнің ойынша:
Ар түзейтін бір ғылым табылмаса,
Зұлымдықты жалғанда әділ жеңбес, –
мәселесі көлденең қойылып отырғанына аса зор
мән бере қарау керектігі ескертетіні бар. Әрине,
ол  ар  түзететін  ғылым  –  Абай  негізін  қалаған
толық  адам  ілімі.  Осы  ілім  негізі  толық
зерттеліп,  ғылыми  тұрғыдан  жүйеленіп  жолға
қойылса, қоғам үшін теңдесі жоқ рухани қазына
көзіне айналары хақ.
Толық  адам  ілімі  Жүсіп  Баласағұнидің
жәуәнмәрттілік ілімі мен Ясауидегі хал ілімінен
(кемел адам) нәр алып, XІX ғасыр соңында Абай
арқылы  дүниеге  келді.  Ғажап  зор  рухани
құбылысқа  айналды.  Басы  XI  ғасырдағы
жәуенмәрттілік ілімінен бастау алып, XІX ғасыр
соңында Абай негізін салған толық адам ілімінің
мән-мағынасын  ашып,  ғылыми  тұрғыдан
негіздей 
отырып 
жүйеленсе, 
бүгінгі
тоғышарлық  пиғылға  тойтарыс  берер  рухани
қуат  күшіне  айналар  еді.  Әрі  түрік
халықтарының  ортақ  моральдық  кодексінің
іргетасына да негіз болып қаланары анық нәрсе.
Яғни  Шәкәрім  армандаған  «Ар  ғылымы
оқылса»,  адамзат  баласы  адамшылық  жолына
бағыт алмақ. Өйткені Шәкәрім армандағандай:
Хақиқатты жырлаған келешекте
Мерзім болып шығуы ғажап емес, –
дейтін  заман  келді  деп  білеміз.  Бүгінгі  қазақ
қоғамының даму қарқыны осы ұлы арманның
жүзеге  асуының  кепілі  ретінде  арқау  болып
өрілуі бізді күтіп тұрғандай.
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ
Resume
Резюме
В статье рассматриваются пути постижения истины через произведения наставника Абая
и его ученика Шакарима.
The article discusses ways to comprehend the truth in terms of products Abaya mentor and his pupil
Shakarim.

18
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ
Автор ұсынылып отырған мақаласында шәкәрімтану мәселелерін бағамдайды.  Тәуелсіздік алғаннан
кейінгі жылдардағы шәкәрімтануға қатысты шыққан зерттеулердің  мән-маңызына сараптау жүргізеді.
Шәкәрімтану саласына қатысты жаңа тұрғыдағы зерттеулердің бағыт-бағдарын ұсынады.
Тірек сөздер: Шәкәрімтану, тәуелсіздік, әдебиеттану, Шәкәрім мұрасы.
ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМТАНУ
Төл әдебиетіміздің тарихындағы аса күрделі
әрі  өте  жемісті  кезең,  ұлттық  әдебиетіміздің
жаңғыра  тыныст ап,  жаңарған  дәуірі  он
тоғызыншы  ғасырдың  соңғы  ширегі  мен
жиырмасыншы  ғасырдың  алғашқы  ширегін
қамтып жатқан жарты ғасырлық заман болды.
Оның  бастауында  тұрған  Абайдың  өз
шығармашылығы,  ақындық,  ойшылдық,
хакімдік  табиғаты,  одан  кейінгі  реалистік
әдебиеттің  тууы  мен  дамуы,  оның  өзіндік
жаңалығы, бағыт-бағдары жөнінде бүгінге дейін
қазақ  әдебиетт ану  ғылымында  көптеген
салихалы  ғылыми  зерттеулер  жүргізілді,
салмақты  жұмыстар  атқарылды,  зерттеу
кітаптары  жарық  көрді.  Қазақ  зиялыларының
атасы  атанған  Ахмет  Байтұрсыновтан  бастап
бүгінгі таңдағы көрнекті ғалымдарымызға дейін
осы кезеңнің әдебиеті жөнінде нақты көзқарас,
ғылыми, 
шығармашылық 
ой-түсінік
қалыпт астырды.  Ендігі  міндет  о сынау
қалыптасқан  қазынаны  жаңа  арналармен
байыту, нәрлі бастауларын молайтып, айдынын
кеңейте түсу болса керек.
Абайдан кейінгі дәуірдегі әдебиет дегенде ең
алдымен  ауызға  ілініп,  ойға  оралатыны  ұлы
ұстаздың  өзінен  тікелей  тәлім-тәрбие  алып,
шығармашылық  мектебінен  дәріс  алған
Ақылбай,  Мағауия,  Тұрағұл,  Кәкітай,  Мұқа,
Шәкәрім,  Уәйіс,  Әріп,  Әсет,  Нарманбеттер
тәрізді талантты шәкірттер тобы десек, осынау
ке зең  әдебиетіне  қатысты  әдебиеттану
ғылымындағы  әр  жылдары  түрлі-түрлі  дау-
дамайдың  құрбаны  болғандар  да  осылар  дер
едік. Кезінде Абайдың өзі жөнінде, оның әдеби
мектебі  жөнінде,  ұлы  ақынның  төңірегіндегі
ақындар жөнінде сан қилы айтыс-тартысқа толы
пікірлердің  болғаны  баршаға  мәлім.  Ұлы
Абайдың  айналасындағы  талантты  жастар
шоғырына  қатысты  әділ  пікірін  айтып,  тиісті
бағасын  беруге  талпынған  М.Әуезов,
Қ.Мұхаметхановт ардың  маңдайы  тасқа
соғылды,  өз  дегенінен  өзгені  өзекке  тепкен
өркөкірек,  өзімшіл  саясат  мұндай  қадамның
бәрін “аса мұқият” қадағалап, “қырағылықпен”
қиып тастап отырды. Сол себепті де аталмыш
ақындар шығармашылығына күні кешеге дейін
тұтас бір шығармашылық-эстетикалық құбылыс
ретінде  баға  бере  алмадық.  Ол  ол  ма,  тұтас
қарастыру  түгілі  о сынау  ақындардың
әрқайсысының шығармашылық мұрасын жеке-
жеке болса да зерттеуге дәрменсіз болдық. Бар
болғаны  Ақылбай,  Мағауия,  Әріп,  Әсеттердің
бүкіл  мұрасын  сұрыптап,  күзеп,  “өзімізге”
“ұнаған”  туындыларын  ғана  талдаумен,
таныстырумен шектелдік. Ал шын мәнінде бұл
ақындар  ұлы  ұстаздың  жаңа  тұрпатты  әдеби
дәстүрінің  құдіретін,  Абайдың  ақындық,
ойшылдық  тұлғасының  күшін  алғаш  сезініп,
соны  баянды  етуге,  ілгері  апаруға  талпынған
алғашқы қарлығаштар, ұлы дәстүрдің ұлағатын
Б. ӘБДІҒАЗИҰЛЫ, филология ғылымдарының докторы, профессор
Түркі академиясы
ӘОЖ 821.512.122

19
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ
тұңғыш  ұққан  өз  алдына  қуатты  бір
шығармашылық құбылыс болатын.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қарай, міне,
ат алған 
ақындардың 
шығармашылық
өмірбаянын,  ақындық  мұрасын  зерттеу  қолға
алынды. Бұл арада осы бағыттағы істің қашанда
бастаушысы болған, сол үшін кезіндегі алпауыт
саясаттың  талай-талай  ауыртпалықтарын
арқалаған көрнекті абайтанушы ғалым Қайым
Мұхаметхановтың есімін айрықша бөліп айтқан
жөн. Кеңестік идеологияның қаһары жер жарып
тұрғанда да өзінің осы жолдағы адал мұратынан
бас тартпаған қайсар ғалым тәуелсіздік заманы
туған алғашқы сәттен бастап Абай шәкірттерін
халқына таныстыруда қыруар іс атқарды. Соның
заңды  көрінісі  ретінде  ол  1993-1997  жылдар
аралығында  “Абайдың  ақын  шәкірттері”  атты
бірнеше  кітаптан тұратын  еңбегін  жариялады.
Оларда  Абай  талантын  үлгі  тұтқан  өнерлі
шәкірттердің  бұрын-соңды  белгілі-белгісіз
шығармалары  топталып,  оқырман  назарына
ұсынылды.
Со нымен  қатар  соңғы  жылдары  Әс ет
Найманбаев,  Әріп  Тәңірбергенов,  Көкбай
Жанатаев,  Тайыр  Жомартбаев  тәрізді  шәкірт
ақындардың шығармашылық мұралары жөнінде
арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілді, ғылыми
диссертациялар қорғалды.
Әйтсе  де  бұл  салада  біткен  ісімізден  әлі  де
болса  бітпегені  көп  дер  едік.  Ең  алдымен
ат алмыш 
ақындардың 
шығармаларын
көпшілікке кеңінен таныстыру жоғарыдағыдай
бірлі-жарым    кітаптармен  шектелмесе  керек.
Олардың мұраларын жеке-жеке кітап етіп, тіпті
болмаса  ұжымдық  жинақ  етіп  бастыру  ісі
кемшін жатқан секілді. Рас, Абай шәкірттерінің
өлеңдері  мен  поэмалары  жоғарыда  аталған
“Абайдың  ақын  шәкірттері”  атты  кітаптарда,
сондай-ақ әр кезеңде жарық көрген алуантүрлі
антологиялық,  хрестоматиялық  жинақтарда
жарияланды. Осыдан біраз жылдар бұрын Әріп,
Әсет,  Көкбайлардың  бірлі-жарым  жинақтары
басылды. Ендігі жерде осынау игілікті іске қайта
оралып,  шәкірт  ақындар  шығармаларын
текстологиялық  тұрғыдан  саралап,  жаңа
көзқарас арнасында жүйелеп жариялап жатсақ
қандай ғанибет!
Тәуелсіздік  жылдары  тек  әдебиеттану
ғылымындағы ғана емес, бүкіл рухани, мәдени
өміріміздегі  ең  басты  табысымыз  Шәкәрім
Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек
Аймауытов,  Міржақып  Дулатов,  Мағжан
Жұмабаев  сынды  біртуар  алаш  арыстарының
есімі  мен  мұраларының  ортамызға  оралуы
болды.  1988  жылдың  сәуір  айында  Шәкәрім
бастаған  әдебиет  алыптарын  ақтаған  ресми
шешімдер 
дүниеге 
келді. 
Олардың
шығармаларының  бір-бір  томдық  жинақтары
іле-шала  жарық  көрді.  Баспасөзде,  түрлі
басылымдарды арыстарымыздың өмір жолын,
шығармашылық  өнерін таныстыру  бағытында
көптеген ғылыми еңбектер, зерттеу мақалалары
шықты.  Бұл  іске  республиканың  белгілі
ғалымдары 
түгелдей 
атсалысты.
Ш.Сәтбаеваның, 
С.Қирабаевтың,
Р.Нұрғалиевтің, 
Ш.Елеукеновтың,
Б.Әбдіғазиевтің  бірқатар  монографиялық
еңбектері жарияланды. Бір сөзбен айтқанда, осы
жылдары  ұлттық  әдебиет  пен  әдебиеттану
ғылымы  өзін-өзі  тану  мен  танытудың  жаңаша
бір тынысын бастан өткерді.
Бұл кезеңде аттары аталған алыптармен қатар
өз  заманының  жырын  жырлаған,  жүректерін
сыздатқан сырларын бүкпесіз айтқан, сол үшін
халқынан  “алыстап”  қалған  Нарманбет
Орманбетұлы,  Ғұмар  Қараш  секілді  ақындық
өрнегі  өзгеше  талант  иелері  туралы  алғашқы
зерттеу  нышандары,  бірлі-жарым  мақалалар,
ғылыми  зерттеулер  төбе  көрсете  бастады.
Олардың  шығармаларының  жинақтары  жеке-
жеке кітап болып шықты.
Мұның  бәрі  де  алпыс-жетпіс  жыл  бойы
идеоло гиялық 
зынданда 
жатқан
алыптарымыздың  шығармашылық  табиғатын,
шынайы  қайраткерлік  тұлғасын  таныту
жолындағы  алғашқы  қадамдар,  ұлттық  сөз
өнеріндегі  ақтаңдақтардың  орнын  түгендеудің
бірінші кезеңі  еді.
Бүгінгі  таңда  әдебиеттанушы  ғалымдар
алдында осынау игілікті істің екінші кезеңі есік
ашып  отыр.  Енді  тұңғиықтан  қазып  алынған
қазынаның  ішкі  табиғатына  тереңірек  үңіліп,
олардың  асыл ойлары  мен меруерт  кестелерін
мұхит  түбінен  маржан  тергендей  түгендеп,
барлық әрімен жарқырата көрсететін шақ туды.
Сөз  өнеріндегі  асылдарымызды  жалпыға  жай

20
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ
ғана таныстыру бағытында емес, тану, таныту
бағытындағы игі істерді жүзеге асыру керек. Бұл
дегеніңіз  “ақтаңдақтар”  жөнінде  жалпылама
сөзден гөрі  ондағы әрбір туындының тылсым
табиғатын  ашуға,  дәстүрлік  негіздерін
айқындауға бағыт ұстау қажеттігі күн тәртібіне
қойылды,  қаламгер  шығармасының  әр
шумағының, әрбір ой орамының эстетикалық-
көркемдік,  әлеуметтік-философиялық  әрін
ұғындырудың,  талдап  түсіндірудің  мәні
әлдеқайда арта түсті деген сөз.
Осындай    рухани  сілкініс  заманында
әдебиеттану ғылымында ғана емес, тұтастай ұлт
өмірінде  ерекше  қуанышқа  айналған  жайт
Абайдан кейінгі көрнекті ақын, ойшыл Шәкәрім
Құдайбердіұлының мол мұрасының ортамызға
оралуы болды. 1988 жылдың сәуір айында сол
кездегі  Қазақстан  компартиясының  орталық
комитеті  «Ақын  Шәкәрімнің  творчестволық
мұрасы жөнінде»  арнайы қаулы  қабылдап, ақын
шығармашылығы туралы ақиқатты ашып айтуға
мәжбүр  болды.  Осынау  ресми  шешім  ақын
шығармаларының 
жариялануы 
мен
насихатталуына  мүмкіндік  жасаумен  қатар
тұтастай шәкәрімтану ғылымының ірге бекітіп,
орнығуына, өркендеуіне де жол ашты.
Шәкәрімнің  шығармашылық  мұрасы  1988
жылғы  ресми  шешім  жарық  көргенге  дейін
көпшілікке  мүлде  беймәлім  болып  келді  дей
алмаймыз. Ақынның өлеңдері мен мақалалары
өз  кезіндегі  қазақ  баспасөзінің  беттерінде
басылып  тұрды.  1911  жылы  тұңғыш  кітабы  -
“Түрік,  қырғыз,  қазақ  һәм  ханлар  шежіресі”
Орынборда шықты, бірқатар туындылары 1912
жылы  Семейде  басылған  ақынның  “Жолсыз
жаза  яки  кез  болған  іс”,  “Қазақ  айнасы”,
“Қалқаман-Мамыр”  атты  кітаптарына  енді.
Орыс 
ақыны  А.Пушкиннен 
аударған
“Дубровский  әңгімесі”  1924  жылы  жеке  кітап
болып шықса, “Боран” шығармасы 1936 жылы
“Әдебиет майданы” журналында  жарияланды.
Ал  “Ләйлә-Мәжнүн”  дастаны  алдымен
“Шолпан”  журналында  басылып,  кейінірек
С.Сейфуллиннің  басшылығымен  жеке  кітап
болып шықты. Ақынның бір топ өлеңдері 1959
жылы “Қазақ әдебиеті” газетінде жарияланды.
Ал  1978  жылы  Ленинградта  шыққан  “Поэты
Казахстана”  атты  антологиялық  жинақта
бірнеше  өлеңі  тұңғыш  рет  о рыс  тіліне
аударылып басылды.
Шәкәрімнің әдеби  мұрасы осылайша  өзінің
көзі  тірісінде  де,  одан  кейінгі  идеологиялық
құрсау заманында да белгілі-бір дәрежеде тасқа
басылып,  көпшілікке  жетіп  жатты.  Ақын
шығармашылығының  тағдыры  қаншалықты
қатаң қыспақты, шытырман шектеулерді бастан
кешіргенімен  оның  ойлы  да  көркем  жыр
жолдары, өмір даналығын бойына мол дарытқан
дастандары,  өзге  де  өрелі  туындылары
халықтың жүрегінен алыстаған жоқ. 1988 жылға
дейін созылған сұм пиғылды (түпкі мақсатына
үңілсек  бұдан  басқаша  айта  алмасақ  керек)
саясаттың салқыны сұңғыла ақын Шәкәрімнің
есімін қанша бүркемелеп, “құр құдыққа” қамап
келсе  де,  ақын  жырларының  табиғатынан
ұшқындаған  оттың  алауын  өшіре  алмады.  Ал
тәуелсіз заманның лебі есіп, парасат дәуірі туған
сәтте ол алау бар қуатымен рухани әлеміміздің
шалқарына  шалқып  көтеріліп  шыға  келді.
Ақынның  шығармалары  бүгінгі  күнге  дейін
бірнеше жинақ болып жарық көрді.
Табиғаттың  заңына  жүгінсек,  жоқтан  бар
тумайды. Тарамдалған  тамыры жоқ бәйтеректің
әуелей  бой  көтере  алмайтыны  тәрізді,
шығармашылық ой мен талант та тақыр жерге,
құнарсыз топыраққа негізсіз біте бермесе керек.
Қандай қаламгер болсын, өзінің алдындағы асыл
қазыналарды  ақтарып,  солардың  үздігінен
үйренеді,  озығына  орай  алға  қадам  басады.
Әдебиеттегі 
дәстүр 
мен 
жалғастық
ұғымдарының  сабақтастығы  дегеніміз  осы.
Өткенге  көз  салмай,  халықтың  сан  ғасырлық
тарихи  ілгерілеу  жолында  тірнектеп  жинаған
рухани  маржандарынан  нәр  алмай,  ұлттың
эстетикалық ой-парасатының кәусар бұлағынан
сусындамай  тұрып,  ешбір  қаламгер  көркемдік
айдынында еңселі желкен көтере алмаса керек.
Көркемдіктің  өзі  шын  мәнінде  озық
дәстүрлердің  көрігінде  шыңдалып,  талант
қайнарына  суарылғанда  ғана  жарқырай
көрінбек.
Шәкәрімнің шынайы көркем шығармашылық
мұрасына да біз осы тұрғыдан қарауға тиіспіз.
Абайдан кейінгі қазақ әдебиетінің бет-бейнесін
айшықтап көрсететін көрнекті ақын, талантты
прозашы,  ойшыл  философ,  терең  тарихшы

21

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет