Бас редактор әмірбеков Шәріпбек



Pdf көрінісі
бет12/15
Дата03.03.2017
өлшемі4,45 Mb.
#7278
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

2013 №2 (19)
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

73
тіліміздің ішкі заңдылығына сай  өзгерген кірме
сөз  деп  қарауға  болмайды.    Бұл  жөнінде
ғалымның  өзі  былай  дейді:  «..Біз  «болыс»
волость дегеннен емес, «ұлыс» сөзінен шыққан
демекпіз,  түркі-монғолдық  «ұлыс»  термині  ең
алдымен  славян  тілдеріндегі    түркизмдер
қат арына    о рыс  тіліне  о рта  ғасырларда
енген»[1,35].    Шамасы  ғалымның  көрсетіп
отырған  дәуірі  орыс  мемлекетін  моңғол-
татарлардың жаулап алған  мезгілі болса керек.
Орыс  тіліне  «ұлыс»  сөзі    «волость»  болып
өзгеріп  енген.  Содан  соң  қайтадан    қайтадан
қазақ  тіліне    енген,  «болыс»  тұлғасына  дейін
өзгеріп  жеткен.    Сол  себепті  болса  керек
қазақтар  бұл  сөзді  мүлдем  танымай,  жат
құбылыстай қабылдап, «болыс» деп алады дейді
ғалым »[1,52].
Лексиканың  бұл  құрамының  әрбір  тарихи
кезеңде, әртүрлі деңгейде өзіндік  қоғам түзеп,
салтанат құрып келген  қазақ этносының барша
болмысын,  әлеуметтік  бейнесін,  қоғамдық
басқару  жүйесі мен салт-дәстүрін  танып-білуде
маңызы  зор.    Дәуірдің  бүкіл  болмыс-бітімін
танытатын лауазым атауларының бірі – «болыс»
сөзі:
Арқалықтың  бұл  айтылған  жайлары
оңтүстікті жайлаған Уақпен көршілес 3-4 болыс
елге  белгілі  болатын  (Абай  жолы,  67б.)  Абай
Қоңыркөкшеге  болыс  болған  кезінде,
Жиреншенің сол елдің бір биі етіп, қасына серік
қып жүрген болатын (Абай жолы, 38 б.).
Бұдан  өзге  атақ-лауазым  атауларының
қатарынан  орын  алатын  «атқамінер»,  «төре»,
«ұлық» сөздері. Сол  шақтағы бөлмеде Бошан,
Қарашор руларының жуан-жуан  атқамінерлері
мен бірнеше төрелері бар (Абай жолы,96 б.). Бұл
жолы Бөкенші сәлемін әкелген сол Бөкеншінің
бүгіндер  шыққан,  жаңа  буын  атқамінерінің
басы,  зор  денелі,  бітімді  жігіт  Күнту  болатын
(Абай  жолы,  80  б.).  Тағы  осы  жиын  ішінде
өздерінің  бұл  жерде  болуымен  Абайды
таңқалдырған  Жігетектің  екі  атқамінері  –
Бейсембі,  Әбділда  отыр(  Абай  жолы,  267б.).
Ертең  Жігітек  те  қуғыншы  боп  соңына  түседі
(Абай жолы, 84б.) орын алған.
Осындай  атаулар  қоғамдаса-қауымдаса өмір
сүрген  этнос өмірінде ғана пайда болып, олар
сол  қоғамның  барлық  саласын  –  қарапайым
жұрттың  өзара  қарым-қатынасынан  бастап,
сонау мемлекетік биік тұғырға дейін, ел басқару
жүйесінің  сатылы  деңгейлерінен  көрінетін
топтардың атақ-лауазымын, дәреже-мансабын,
кәсіп-мамандығын    түгел  қамтитын  өте  бай,
мазмұны  мен  құрамдық  жағынан  өте  күрделі
сала болып табылады.
Әдебиет
1. Жанпейісов Е. М. Әуезовтің «Абай жолы»
эпопеясының тілі. – Алматы: «Ғылым», 1976.
2.  Әуезов  М.  Абай  жолы.  Роман-эпопея.  –
Бірінші, екінші кітап. – Алматы: Жазушы, 1989.
– 604 б.
3.  Сейітова  Ш.Б.  Қазақ  этнонимдерінің
тарихи-лингвомәдени  жүйесі 
(Шығыс
Қазақстан  аймағы    материалдары  бойынша)
монография. – Семей, 2011.–  308 б.
4.  Әуезов  М.  Шығармалар.–  Алматы:
Жазушы, 1969. – 533 б.
5.  Орынбетова  Э.  А.  М.Әуезовтың  «Абай
жолы»  эпопеясының    ономастикалық
кеңістігінің    лингвомәдени  сипаты.  –  ф.ғ.к...
дисс.автореф. – Алматы, 2010.–  25 б.
2013 №2 (19)
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
Резюме
Resume
В статье рассмотривается функционирование в творчестве М.Ауэзова прецедентных единиц
и должностных наименований характерных для ментальности казахского народа.
In this article is considered carefully the operation of precedent in the works M.Auezov units and job
titles specific to the mentality of the Kazakh people.

74
МҮШЕЛТОЙ
2013 №2 (19)
Ә.БӨКЕЙХАНОВ,  көрнекті  қоғам  және  мемлекет  қайраткері,  Алаш
қозғалысының жетекшісі ғалым-суреткер
ҚАЛҚАМАН-МАМЫР (ШӘКӘРІМ)
Бұл кітап 1912 жылы басылған. 1914 жылдан
бері  иғланы  “Қазақта”  басылып,  оқушыларға
білінді.  Мұны  шығарған  “Қазақ  пен  хандар”
шежіресін жазған Шәкәрім. Шәкәрім Абайдың
ағасы Құдайберді баласы. Абай барда таласып
ақындық  қылып, жарыққа  шықпай,  көлеңкеде
жүре берген. 1900 жылы Шыңғыс елін жазған
Иван Флипович Гусев Шәкәріммен сөйлескен.
Маған  сонда  айтты:  “Жұрттың  бәрінің  аузына
алғаны Абай. Шәкәрімнің білімі де қазақта жоқ
екен”  деді.  Гусев  Шәкәрімнің  тамырын  тауып
ұстаса  керек.  Осы  2-3  жыл  ішінде  Шәкәрім
“Мұсылманшылық”,  “Қазақ  айнасы”,  “Қазақ
һәм  хандар  шежіресі”,  “Жолсыз  жаза”  һәм
“Қалқаман-Мамыр”  кітаптарын  шығарды.
Бұларды  оқыған  кісі,  Гусев  адасыпты  дейтін
емес.
Білімді жұрттың ақыны,
Біздің сөзді сынамас.
Жазушының жақыны,
Қазақ міні ұнамас.
Сынатарсың өзіңді,
Менің түгім құрымас.
Өстіп  көпіру  ақындық  сипаты.  Қанша
кішірейем дегенмен Шәкәрімге мұны ақындық
жырлатып  отыр.  Шын  ақын  бір  көпірмей
қоймайды.
Ескі бише отырмын бос мақалдап,
Ескі ақынға мал үшін тұрман зарлап.
Патша құдай сыйындым, тура баста өзіңе,
Жау жағадан алғанда, жан көрінбес көзіме.
Арғын, найман жиылса, таңырқаған
сөзіме,
Қайран сөзім қор болды тобықтының
езіне.
Өлеңді  ақын  сынағаны  жөн.  Оқушы  –
жазушы, ақын болмаса да, ақын сөзінде бұлар
сынға  салатын  да  мүшелер  болатын.  Орыста
Пушкин,  Лермонтовты  сынға  салып,  жұртқа
жайған Белинский сөзге ақын емес, ойға ақын
еді.  Шәкәрім  Пушкин  болмас,  біз  Белинский
болмаспыз.
Жазушының жақыны,
Қазақ киімі ұнамас.
Сынатарсың өзіңді,
Менің түгім құрымас, – болса дағы
“Қалқаман-Мамыр”  туралы  біраз  сөз
жазайын,  бұл  кітапты  оқушыларға  жаю  үшін.
“Қалқаман-Мамыр”  ғашық  болып  қосылып,
бейшара  болған  сорлыларды өлең  ғып  жазған
жыр. Жігіт – Қалқаман, қыз – Мамыр – 190 жыл
бұрын  болған  адамдар.  ‘“Қалқаман-Мамыр”
өлеңі  орыс  тілінде  “Историческая  хроника”
аталады.  Бұл  сияқты  тарихта  болғанды  өлең
қылған,  мысалы:  Пушкинде  “Царь  Борис
Годуно в”,  Лермонто вта  “Песня  о   купце
Калашникове”.  Бұл  орыс  өлеңдерінде  өткен
замандағы  адамдардың  мінезі,  тұрмыс  салты
айнадағыдай  көрінеді.  Оқушыларға  мұны
тәржіма  қылып  көрсетуге,  ақындықтан  аман
Мақалада  Ә.Бөкейханов  Шәкәрім  Құдайбердіұлының  алғашқы  шығармаларының  бірі
«Қалқаман-Мамыр» поэмасындағы типологиялық ерекшеліктерді орыс әдебиетімен салыстыра
отырып зерттейді.
Тірек сөздер: Шәкәрім Құдайбердіұлы, «Қалқаман-Мамыр» поэмасы.
ӘОЖ 821.512.122

75
МҮШЕЛТОЙ
2013 №2 (19)
боп, амал құрып тұр.
Бұл айтылған Пушкин, Лермонтов өлеңдері
Абайдың мына мақтанына тура келеді:
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған.
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған.
Толғауы тоқсан, қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл!
Оюын ойып,
Орындап қойып,
Түр салғандай өрнекке.
Қиыннан қиып
Қиырдан жиып,
Құрап сөзді термекке.
Еңбекке егіз тіл мен жақ,
Ерінбесең сөйлеп бақ!
“Қалқаман-Мамыр”  өлеңі  біздей  ақын  емес
надан  сынына  аса  жақсы  көрінеді.  Мұны
оқушылар  төменде  жазылған  мысалдардан
байқар.  “Қалқаман-Мамырда”  бұрынғы  қазақ
жұртының  салты,  қазақ  мінезі,  қазақтың  іс-
қылығы  әлгі  орыс  өлеңдеріне  қарағанда,  тіпті
аз.  Шәкәрім  жақыннан  қайырып,  ойдағыдай
толымды  қылып  жазбады.  Жұрт  көзін  ашуға
“Қалқаман-Мамыр” сияқты өлең өте керек. Рас,
біздің  қазаққа  осы  бойымен  де,  “Қалқаман-
Мамыр” айтулы жақсы өлеңнің бірі болар. Бірақ
“көп  бергеннен  көп  сұралады”  деген.  Мұны
Шәкәрімнен көп сұрап жаздым.
Әке берсе, қыз болмас кімге қатын,
Қайтейін сенде-ақ еді махаббатым.
Алдыңа кешу сұрай келіп тұрмын,
Көзге тірі болсам да, өліп тұрмын,
Қалқаман, осы саған хоштасқаным,
Денемді емес, жанымды беріп тұрмын.
Міне,  қазақ  қызының  қашаннан  болмысы,
кестелі  жазылған  ғашықтың  мінезі.  Бұған
Қалқаманның берген жауабы:
Ай, Мамыр, бұл іс оңай алдамасаң,
Зорлық жоқ өзің сүйіп, таңдамасаң.
Ержеткен қыз еркімен ерге тиер.
Молдалардан есіттім әлде қашан.
Қалқаман  мұны  айтқан  жоқ.  Қазақ  қызына
190 жыл бұрын түгіл осы күні еркімен ерге тию
болған жоқ. Шариғатта бұл болғанымен мұны
ол  уақыт  сөйлеген  жоқ.  Бұл  ақынның
Қалқаманмен өтірік айтып, рәсімінің ыңғайына
жайылатын молдаға жапқан жаласы.
Қыз алған жоқ жақыннан, тобықты әзір.
Өлтіремін деп жүрмесін бізді қазір.
Міне, заманына үйлесімді, жақсы жазылған
қыздың мінезі.
Бұған  айтқан  Қалқаманның  (Шәкәрімнің)
жаласы мынау:
Мамыр-ау, айтып тұрсың әлде нені,
Шариғат қосады екен немерені.
Дүниеде  адам  баласы айналып  өтпес  екі-ақ
көпір бар. Бірі – өлім, бірі – махаббат. Қалқаман
мен  Мамырдың  жалынғаны  махаббат  емес  пе
еді. Сүйіскен екі ғашық молда айтты, шариғатта
солай  деп  мыжи  ма?  Махаббат  адамды
байлағанда шариғат пен молдаға уақыт қала ма?
Бұл  жерде  Шәкәрім  ақындық  жолынан  шыға
жайылып,  Пушкин,  Лермонтов,  Шекспир,
Толстой қарауылына салсақ, зор күнәға батып
тұр.
Мінді де екі ғашық кетіп қалды...
Міне,  шын  ақын  сөзі  жаңа  келді.  Молласы
түзу шариғат айтқан тобықты мінезі мынау:
Мәмбетей жатып алды ырық бермей,
Қалыңмал ал, біт деген сөзге келмей,
Қалқаман мен Мамырды өлтірмесе,
Кетеміз деп бабаңды тіпті көрмей.
Көкенай тағы көнбей жатып алды,
Бітім болмай неше күн жұрт сандалды.
“Қалқаманмен Мамырдың дауындай” деп,
Осы елге мақал болып сонан қалды.
Ести сала садағын қолына алды,
Аулақ жүр деп Мамырдан айқай салды.
Ұялмай жүзі қараның жүргенін деп,
Аямай дәл жүректен атып қалды.
Міне, бұрынғы заман тобықты мінезіне дәл
жақсы  айтылған  өлең.  Көкенайдың  атып
тастағаны  Мамыр.  Жазасы  –  ғашығымен
қашқаны.
Ай жұртым, мен өлемін, сендер қалдың,
Орнына бауыздадың айтқан малдың,
Өз бауырын оққа байлап өлтірді деп,
Қалдыңдар обалына мына шалдың.
Назасы нақақ жастың қате кетпес,
Деймісің қалмақ сені тентіретпес.
Мамырдан қалған жанның керегі не?
Ісім ақ, қосылармын еш нәрсе етпес.

76
Белгілі Мамырдан соң көп жүрмесім.
Аямай елім оққа байлаған соң,
Кетер ме өлгенімше ойдан зарым.
Қалқаманның садақпен атылуға байланғанда
қоштасқаны.  Бұл  өлең  сырты  сұлу  болса  да,
ішінен ақаулы көрінеді. Қоштасқан зарлы адам
көңілге  жалынушы  еді.  Мұнда  ақыл  жағы
жығып  тұр.  “Деймісің,  қалмақ  сені
тентіретпесті” айтуға ол жерде Қалқаманның әлі
не келе қойсын.
Махаббатты жарым жоқ, жәрдемшім жоқ,
Өлейін бе, қайтейін, кімге айтайын? – деді.
Қалқаман Мамырға:
Қалқаманның мақсұтын Мамыр білді,
Аз ойланып, үндемей сабыр қылды.
Жылы жүрек өзіңе жар тапқандай,
Тыншымады, тулады, жүз құбылды.
Қызарды, бір ағарды байдың қызы,
Бетке шықпай қояма жүрек ізі.
“Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы”,– деген
өлең  осы  болар.  Шәкәрімнің  өлеңінің  түрі
жоғарыдағы  өлеңдерінен  белгілі  болар.  Өзге
кітабына  т ағы  бір  кезде  айналармын.
“Қобыландыны” аз уақытта талап алған біздің
жұртта  оқушылар  бар  көрінеді.  Бұл  кітап  та
кешікпей  өтер.  Қайта  басқанда  ана  Ахметтің
“Масасы” форымына салып, “Қазақ” емлесімен
басса, жақсы болар еді.
Қыр баласы
Статья  А.Букейханова  о  поэме  «Калкаман-Мамыр»  –  одни  из  первых  работ  в  истории
шакаримоведения. Автор находит типологические сходства поэмы «Калкаман-Мамыр» в русской
литературе.
The articles of A,Bukeikhanov about the poems “Kalkaman- Mamyr”  are the first works in the history
of Shakarimstudy. The author has found typological similarities of the poem “Kalkaman- Mamyr” in
Russian literature.
Резюме
Resume
МҮШЕЛТОЙ
2013 №2 (19)

77
МҮШЕЛТОЙ
2013 №2 (19)
Мақалада автор поэма кейіпкерлердің психологиялық портретін жан-жақты талдаған. Қандай
ситуацияда, қандай сипатта бейнеленсе де олар шынайы реалистік үлгіде жасалған көркем образ
күйінде танылғандығын дәлелдеп көрсетеді.
«Қалқаман-Мамыр» - Шәкәрімнің поэмасы.
«Қалқаман-Мамыр» поэмасын Шәкәрім «тарихи
хикая»  деп  атаған.  Ол  заңды  да  еді.  Себебі
Қалқаман  мен  Мамырдың  арасындағы
ғашықтық  төңірегіндегі  трагедиялық  оқиға
жайындағы әңгіме ел аузында бұрыннан-ақ аңыз
ретінде айтылып жүретін. Бұл оқиғаға болашақ
ақын  жастайынан  қанық  болатын.  Аталмыш
оқиға  ақынның  сезімтал  жүрегін  толқытпай
қалуы  мүмкін  емес  еді.  Айналасындағы  салт-
дәстүрлік 
кереғарлықты, 
әлеуметтік
әділетсіздікті  барынша  сезініп,  көңіліне  толқи
білген Шәкәрім үшін Қалқаман мен Мамырдың
басынан 
өткен 
трагедиялық 
ахуал
айналасындағы  өзі  өмір  сүріп  отырған  қоғам
жөніндегі өз үнін, өзінің азаматтық, перзенттік
үкімін паш етудің кілті болды.
Ғашықтық трагедиясы Шәкәрімге өзгелерден
өзгеше  әсер  етті.  Ақын  о сынау  махаббат
мұңлықтарының  басындағы  қайғылы  хал  мен
ел,  қо ғам  басындағы  трагедияны  асқан
шеберлікпен, 
ақындық 
көрегендікпен
ұштастыра отырып, ол туралы тамаша туынды
жасай  білді.  Ел  ішіндегі  бір  ғана  махаббат
тарихын баяндау арқылы ақын қазақ қоғамының
сол  кезеңдегі  этнологиялық,  психологиялық
сыр-сипатын ашып берді. Поэманың ең басты
құндылығы  оның  әлеуметтік  аст арының
тереңдігінде жатыр дейтініміз сондықтан.
...Он  сегізінші  ғасырдың  алғашқы
ширегіндегі 
қазақ 
даласы. 
Сахара
тұрғындарының  басына  күні  ертең  қасірет
әкелер  жоңғар  шапқыншылығының  қарсаңы.
Шәкәрім  өз поэмасына  қазақ елінің  өміріндегі
осынау  қайғылы  да  зарлы  заманның,  әйгілі
«ақтабан-шұбырынды,  алқакөл-сұлама»
оқиғаларының тұсындағы халық тұрмысының
бір  ғана  бөлшегін,  аласапыранның  жалқы
көрінісін арқау  етті.
Шығарманың  басынан-ақ  ақын  ондағы
оқиғаның  болып  өткен  мерзімі  мен  мекенінен
нақты  деректер  ұсынады.  Ондағы  уақыт  пен
кеңістік  нүктелері,  басты  кейіпкерлердің  жай-
күйі  хабарланады.
Өткен іс – ойға күңгірт, көзге танық,
Көрмесе де білгенге бәрі қанық.
Мың жеті жүз жиырма екінші жыл
Қазақтың Сыр бойында жүргені анық.
Шәкәрім  дастанындағы  уақыт,  кеңістік
ұғымдары осы шумақтағы  деректермен нақты
ке стеленеді.  Осыған  жалғастыра  ақын
дастандағы оқиғаға араласатын басты адамдар
–  Әнет  баба,  Қалқаман,  Мамыр  және  басқа
кейіпкерлердің жай-жапсарымен таныстырады.
Бір  кезде  ортақ  тамырдан  өсіп-өнген  атаның
балалары уақыт көшінің керуенінде тармақтала
келе ауыл-ауыл болып кеткен. Поэманың басты
қаһармандары  Қалқаман  мен  Мамыр  аталас
жандар.  Екеуі  де  жас,  бірін  бірі  жақсы  біледі.
Қыз  болса  да,  кішкентайынан  ұл  орнында
Б.ӘБДІҒАЗИҰЛЫ, филология ғылымдарының докторы, профессор
Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық  педагогикалық  университеті  қазақ
филологиясы факультетінің деканы
ӘОЖ 821.512.122
Тірек  сөздер:  Шәкәрім  Құдайбердіұлы,  «Қалқаман-Мамыр»  поэмасы,  Мәмбетей,  дәстүрлі
мораль, халықтық этика, бастаңғы.
«ҚАЛҚАМАН-МАМЫР» ПОЭМАСЫ

78
тәрбиеленіп,  еркекшора  болып  өскен  Мамыр
бұл кезде  сол әдетімен  астына жарау  ат мініп,
қарына бозбалаларша құрық іліп жылқы бағады.
Өзі ештеңеден тарлық көрмей өскен атақты бай
тұқымының  қызы.  Әкесі  –  Мәмбетей  елінің
ықпалды  адамдарының  бірі.  Ауқатты  әкенің
байлығы  мен  қаһарынан  жасқанып  Мамырды
ешкім  де  қыз  бала  деуге  дәті  бармайды.  Сол
себепті де әбден бойжеткенше Мамырды ешкім
айттырмаған. Осылай жүргенде бірімен бірі тең,
құрбылас  Мамыр  мен  Қалқаман  бір  күні
жылқыда  кездеседі,  оңашада  еркін  сөйлеседі.
Әңгіме  үстінде  жігіт  қызға  жұмбақ  мысал
айтады.  Табиғатынан  зерделі  қыз  жігіттің
жұмбаққа  орап  айтқан  пікірін  орайымен
сабақтап  әкетеді.  Дәл  осы  сәттен  бастап  екі
жастың арасындағы махаббат атты ұлы сезімнің
ұшқыны жылт етіп тұтанғандай, қос мұңлықтың
лүпіл қаққан жүректеріне от бергендей болады.
Мамыр  қыз  Қалқаманның  тілегіне  аз  уақыт
ойланып  жауап  беруге  уәде  етеді.  Осы  мезет
табиғат-ананың  әділетті  әмірі  орындалғандай,
бойжеткен  қыздың  санасына  да,  өміріне  де
шешуші өзгеріс енгендей болады. Ендігі жерде
еркекшора  қыздың  жүріс-тұрысы  ғана  емес,
киім киісіне дейін күрт өзгереді. Бұған дейінгі
жігіттерше  киінуін  тастап,  бойжеткендерше
киім  киеді.  Махаббат  с езімінің  отына
шарпылады.
Осы  көріністердің  қай-қайсысы  да
Шәкәрімнің  поэмасында  аса  нанымды  әрі
шынайы халықтық қасиетте танылады. Бірінің
жүрегіне  бірі  от  салған  жігіт  пен  қыздың  өз
сезімдерін  ә  дегеннен-ақ  анайы  түрде  ақтара
салмай,  ас а  инабаттылықпен  жұмбақт ап
жеткізуі  де,  дәл  осы  кездесу  сахнасында  екі
жастың табиғи болмысындағы ақылдылық пен
ибалылық  белгілерінің  көрініс  беруі  де  сол
кезеңдегі  халықтық  этикаға,  ұлттық  мінез
құлыққа,  дәстүрлі  мораль  мен  психологияға
сәйкес  міне здердің  көрінісі  еді.  Автор
баяндауының  астарында  міне  о сы  секілді
мазмұндық,  тағлымдық  тереңдік  сезіледі.
Шығарманың  реалистік  бояуын  да  осындай
қасиеттер  барынша  жарқыратып  айқындап
береді.
Шәкәрім поэмаларының қай-қайсысында да
сол  кезеңдегі  қазақ  тұрмысына  тән  әдет-
ғұрыптық,  этнографиялық,  тұрмыстық
қасиеттер,  заңдылықтар  мен  тәртіптер  мол
суреттеледі. Осы арқылы ақын қоғамдық өмірді
кең  қамтиды,  кейіпкерлерінің  психологиялық
күйлерін  дәл  жеткізеді.  Оның  айқын  дәлелін
аталмыш  поэма  басындағы  эпизодтардан-ақ
байқар  едік.  Қазақ  атамыз  ұлы  жоқ  болса  да
қызын ырымдап ұлша киіндірген ғой. Сондай-
ақ ғашықтар арасындағы сыр ешқашан да жай
сөзбен айтыла салмаған. Жоғарыдағы қыз бен
жігіттің жұмбақтасуының сыры осында.
Осы ерекшеліктің тағы бір мысалы Қалқаман
мен Мамырдың екінші рет кездесу сахнасынан
көрінеді.  Қыз  бен  жігіт  бұл  жолы  бастаңғы
үстінде  жолығады.  Бастаңғы  –  қазақ
ауылындағы  дәстүрлі  әдет-ғұрыптардың  бірі.
Әке-шешесі  Сәмеке  ханның  тойына  кеткен
құрбыларының  үйіне  жиналған  ауыл  жастары
думандатып  жатқанда  Қалқаман  Мамырдың
тұсына  жақын  келіп,  әнеукүнгі  өзінің  тілегіне
қыздың  жауабын  күтіп  жүргенін  сездіреді.
Бойжеткен  де  жігіттің  көкейіндегі  ойды  дөп
басып, реті келгенде жұмбақтап  бір ауыз өлең
айтады:
Ауылымның күнбатысы қалың қамыс,
Бүрсігүннен арғы күн болады алыс.
Жас кісіде бар болса жігер-намыс,
Болып  кетіп  жүрмесін  жатпен  таныс,  -
дейді.
Өлең  жолдарының  түпкі  мәнісі  өзгелерге
беймәлім  болғанмен,  ақыл-парасаты  ерекше
ғашық жастарға аян. Ғашықтар осылай деп уәде
байласады.  Уағдалы  уақытта  Қалқаман  мен
Мамыр  ауылдың  күнбатыс  шетіндегі  қалың
қамыстың бойында жолығады. Бір өкініштісі –
жастар  арасындағы  бұл  жолғы  әңгімеде
салқындық  бар.  Әкесі  Мамырды  аяқ  астынан
әлдекімге айттыруды ұйғарған. Ата-ана сөзі заң
болған заман. Оған қарсы қояр амал қайсы?
Екі жастың қосылуына қарсылық жасайтын
бұдан  өзге  кедергілер  де  аз  емес.  Басқа
себептерді  былай  қойғанда,  Қалқаман  мен
Мамырдың қандастық, туыстық  жағынан ілік-
шатыстығы  бар.  Не  істемек  керек?  Осы  бір
салмағы  зіл  батпандай  с ауал  екі  жастың
жалындаған жүректерін жегідей жейді.
Осы  сәтте  Шәкәрімнің  кейіпкерлері  қайта
түлегендей  күй  кешеді.  Олар  жастық  сезімге
МҮШЕЛТОЙ
2013 №2 (19)

79
албырттықпен  берілген  көп  жандардың  бірі
еместігін  дәлелдейді.  Ендігі  жердегі  екеуара
сырласу үстінде қос ғашықтың ақыл-парасаты
айқын  көрінеді.
- Қыз алған жоқ жақыннан Тобықты әзір,
Өлтірем деп жүрмесін бізді қазір.
Өзімді аяп тұрғам жоқ, сізді аяймын,
Сен сау болсаң болар ем мен-ақ нәзір, -
дейді Мамыр. Қыздың осынау сөздерінен оның
ел ішіндегі салт-дәстүр заңдылықтарын жақсы
білетіндігімен  қатар,  Қалқаманға  деген  адал
сезімі  де  жарқырап  көрінеді.  Ол  ғашығының
амандығын бәрінен жоғары қояды.
Бұл  кездегі  Қалқаманның  жайы  да  дәл
осындай еді. Екеуі өз бақыттарының жолында
қандай  сын  кездессе  де  төтеп  беруге  нық  бел
байлаған  қалыпқа  көшеді.  Ғашықтардың
жанарынан әлдеқандай бір үлкен сын алдында
тұрған  батырлардың  ішкі  қуат-күші  жалын
атқандай. Жүректерін пәк махаббатқа алдырған
ғашықтарды  ендігі  жерде  бірінен  бірін
айыратын  күш  жер  бетінде  жоқ  секілді.  Қиын
сәтте ойлары он саққа шарқ ұрғанымен екеуінің
де түпкі байламы ортақ. Уәде берік.
- Мамыр-ау, айтып тұрсың әлденені,
Шариғат қосады екен немерені.
Қайғы ойлап, жаман ырым айта берме,
Алаңсыз сүйген болсаң анық мені, -
деген  жігіттің  байламына  Мамыр  өз  шешімін
қо сақт айды. 
Осылайша 
жүректерін
сабақтастырған  екі  жас  қол  ұстасып  ауылға
келеді.  Елдің  арасы әпсәтте  абыр-сабыр  күйге
түседі.  Қалқаманның  мына  хабарын  алған
Олжай Әнет бабаға шабады. Елге сыйлы дана
қартқа  бұл  оңай  тимейді.  Келе-келе  ғашықтар
оқиғасы  сүттей  ұйып  отырған  ағайын
арасындағы  үлкен  даудың  өршуіне  себеп
болады.  Екі  жақтың  бітімге  келуі  қияметке
айналады. Мәмбетей жағы ешқандай келісімге
көнер  ыңғай  берер  емес.  Қояр  талабы  –  елдің
атына таңба түсірмеу, сол үшін екі жасты өлтіру.
Ал жігіт жағы мұндай жазаға қарсы.
Шығармадағы  өзара  т артысқа  түскен
жақтардың позициясы осындай. Бірі бітімге де,
қалыңмал алуға да көнбей жатып алса, екіншісі
біреудің  некелісін  бұзбаған,  өз  сезімдерінің
әмірлерімен  жүрген  жастарды  жазалаудан  бас
тартады.  Әйтсе  де,  оқиғаның  барысы
оқырманды  бірте-бірте  трагедиялық  шешімге
жақындата түседі. Осындай шиеленіс тұсында
төркініне  келген  Мамырды  өзінің  ағасы,
Мәмбетейдің батыры Көкенай садағының оғына
байлап мерт қылады.
Шығарма оқиғасының осы тұсында да қазақ
тұрмысына  тән  салт-дәстүрлік  фактор  бірінші
планға шығады. Ғашықтар  ғұмыр кешкен бұл
дәуір  ағайындық  мо ральдың,  ел  мен  ру
қатынасының  ас а  орнықты  тұрған  шағы
болатын. Сол себепті де Көкенай Мамырды оққа
байлар  мезет  туғанда  ешкімнің  ақыл-кеңесін
қажет  етпейді,  өз  әміріне  жүгінеді.  Тіпті  жар
дегенде жалғыз перзентіне ара түсуге қолында
күші де абыройы да бар қыздың ата-анасының
да  шамасы  келмейді.  Айналадағы  қалың
қауымның да үні естілмейді. Барлығы қыз бен
жігіттің  әрекетін  айыптайды.  Барлығының
бағынатыны  –  ел  ішіндегі  салт-дәстүр  тәртібі.
Көкенай – сол тәртіптің сақшысы.
Осы  эпизод  Шәкәрім  талантының  шынайы
қуатын  сездіргендей.  Өлім  мен  өмірдің
шекарасындағы  қылкөпірде  тұрған  қыз  бен
Көкенайдың бетпе-бет келген сәті кімді де болса
еріксіз  тебірентеді.  Шәкәрімнің  Мамыры  бұл
фәнидегі  соңғы  мезетіне  дейін  өзін  асқақ
ұстайды. Өлімнен қорықпайды. Қайта енді ғана
бүр  жарып,  көктеп  келе  жатқан  жас  өміріне
балта шапқан Көкенайға қарап тұрып батыл үн
қатады:
Кешікпей мен өлемін, сен тірісің,
Іс емес құдай кешер қылған ісің.
Өлтіртпе, тілегім сол, Қалқаманды,
Барасың тәңір алдына, білемісің?
Үкімге бергісіз қайсар үн. Көкенай бастаған
қасаң  түсінік  өкілдеріне  қарсы  айтылған
адамгершілік  сөзі,  дүниедегі  нәзік  сезім
атаулыға араша түсер имандылықтың үні.
Әйт се  де  Мәмбетей  жағы  мұнымен
тоқтамайды. Өлер қыздары өлді. Ендігі талап –
Қалқаманның өлімі.  Уақыттың заңы  осындай.
Туысқан ағайын арасында қыз алысып, сүйекке
таңба салғанша, «еркек тоқты құрбандық» деген
МҮШЕЛТОЙ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет