Бас редактор с. Ж. Пірəлиев а



Pdf көрінісі
бет11/17
Дата03.03.2017
өлшемі2,6 Mb.
#7072
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

ƏДЕБИЕТТЕР

Сейсенбаева  Ж.А.  Ұлттық  тəрбиенің  ғылыми  негізі:  Оқу  құралы.  Алматы,  Абай 
атындағы ҚазҰПУ-2011 ж. – 158 бет.

Балақаев М. Қазақ тіл мəдениетінің мəселелері, А., 1965ж. -186 бет

Əбішев Ə.Тағы да тіл мəдениеті жайында / Ə. Əбішев // ҚазМУ хабаршысы. Фило-
логия сериясы.-1998. - № 20. - 17-20 бет.

Беркімбаева  Ш.  Мектеп  оқушыларының  тіл  мəдениетін  қалыптастырудың  кейбір 
мəселелері / Ш.Беркімбаева // Қазақстан мұғалімі.- 1994.- 17 ақпан. - 3-5 бет.

Уəлиев Н. Сөз мəдениеті / Н. Уəлиев. - Алматы: «Мектеп», 1984. - 118 бет.

Жапбаров А. Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасының негіздері / А. Жапба-
ров.- Алматы: Қазақ университеті, 1991. - 156 бет.

Мешимбаева Б.Ш. Тіл мəдениеті, оның өлшемдері мен көрсеткіштері / ҚАСУ Хабар-
шысы №2, 2009ж.

73
ҰЛТТЫҚ РУХАНИЯТ
УДК 37.0:36:364
Оспанова Р. Р.
Абай атындағы ҚазҰПУ т.ғ.к., доцент
Муратказин М.М.
Абай атындағы ҚазҰПУ т.ғ.к., аға оқытушысы
Мединеева Г.
«Интеллектуалды ұлт қалыптастыру» ҒЗИ инспекторы
Даулеткелді Ж.
«Интеллектуалды ұлт қалыптастыру» ҒЗИ эксперті
ТƏУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ 
ҰЛТТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ Н.Ə. НАЗАРБАЕВТЫҢ «НҰРЛЫ КӨШ» 
БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
Мақалада  Қазақстан  Республикасындағы  көші  қон  мəселесі  жəне  Нұрлы  көш 
бағдарламасының ұлттық дамуға үлесі талданады. «Нұрлы көш» бағдарламасы – барлық 
қажеттіліктерді кешенді түрде шешуге арналған нақты, айқын бағытты бағдарлама екендігі 
анықталады. Басқаша айтқанда басты екі қажеттілік – баспана мəселесі мен кəсіп мəселесін 
қабат шешетін бағдарлама.
Демек, мақалада Қазақстан тарихы ғылымында тəуелсіздік алғаннан кейінгі əрбір жылдар 
мен кезеңдерге арнайы зерттеулер жүргізу жəне оны жас ұрпақ санасына бойлату тарихшы 
ғалымдар алдында тұрған міндеттердің бірі екендігін айқындады. Өйткені ел тəуелсіздігін 
алу мен оны қалыптастыру мемлекетіміз үшін үлкен жауапкершілікті сəттердің бірі болды. 
Мұндай мəселенің бірі көші-қон үрдісі.
Сонымен  қатар  оралмандардың  еңбек  мəселесі,  қаржыландыру,  олардың  елімізді 
дамытудағы қызметтері жəне қоныстандыру мəселесіндегі қиыншылықтары осы мақалада 
сараланған. 
Түйін сөздер: Оралман, ұлттық, мемлекет, ғалым, көші-қон үрдісі, рухани қазына, ұлт-
тық тəрбие, мəдениетті тұлға, мəдениет, халық даналығы.
Статья посвящена миграционным процессам независимого Казахстана. Также, в статье 
рассматривается историческое значение программы «Нұрлы көш».
Программа «Нұрлы көш» является программой, которая решает открыто и точно ком-
плексные вопросы оралманов по всем направлением. Выразившись по иному это програм-
ма решает две самые главные темы, темы жилищнего вопроса и предпринимательства. 
И так, проблемы трудоустроиства финансирование оралманов развитие их труда и про-
блемы стабилизации в страны анализированы в этой статье.
Ключевые  слова:  Оралманы,  обычай,  традиция,  духовное  богатство,  национальное 
воспитание, культурная личность, культура, народное богатство. 
The article is devoted to migration processes of independent Kazakhstan. Also, the article dis-
cusses the historical signifi cance of the «Nurly Kosh».
Program «Nurly Kosh» is a program that openly and accurately solves complex issues repatri-
ates in all directions. Expressed differently this program solves two of the most major themes, 
themes Housing and entrepreneurship.
And so, the problem of fi nancing trudoustroistva repatriates development of their work and the 
problem of stabilization in the country are analyzed in this article. 
Keywords: Oralmans, custom, tradition, spiritual wealth, national education, cultural identity, 
culture, national wealth. 

74
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
Бүгінде 
еліміздің 
Президенті 
Нұрсұлтан  Əбішұлы  Назарбаевтың  бас шы-
лы ғымен  жасалған  бағдарламаларын  халық 
ара сында жақсылық жаршысы ретінде қарсы 
алу дəстүрі қалыптасты. 
2011  жылғы  «Болашақтың  іргесін  бірге 
қалаймыз» атты Қазақстан Республикасының 
Президенті  Н.Ə.Назарбаевтың  Қазақстан 
хал қына  Жолдауының  бір  ерекше  тұсы – 
əлеу меттік бағытты негіздейді.
Жолдауда  Тəуелсіз  елдің  дамуына  тəн 
бар лық мəселе қамтылды. Осы жолдауында 
«.....Жұлдызымызды  жарқырата  түскен  бұл 
ме рейлі белестен бұрын да біз біршама биік-
терді  бағындырдық.  Осы  жылдары  шет  ел-
дер ден 800 мыңнан  астам  отандасымыз  ке-
ліп,   халық саны бір жарым миллионға артты» 
деп  мемлекеттің тəуелсіз жылдардағы де мо-
графиялық жетістік белестерін атап өтті. Ел-
басы еліміздегі демографиялық мəселеге де  
мəн беріп «отандастарымызды шетелден ата-
мекенге жинаған əлемдегі үш елдің бірі бол-
дық»  деп  бағалады[1].  Осы  тұрғыда  Қазақ-
стан  тарихы  ғылымында  тəуелсіздік  алған-
нан   кейінгі  əрбір  жылдар  мен  кезеңдерге 
ар най ы  зерттеулер  жүргізу  жəне  оны  жас 
ұр пақ санасына бойлату тарихшы ғалымдар 
ал дын да  тұрған  міндеттердің  бірі  екендігін 
ай қын дады. Өйткені ел тəуелсіздігін алу мен  
оны қалыптастыру мемлекетіміз үшін үл кен 
жауапкершілікті сəттердің бірі болды. Мұн-
дай  мəселенің бірі көші-қон үрдісі.
Қазақстан  Республикасы  тəуелсіздік  ал
-
ған  жылдардан  бастап  дүниежүзлік  көші-
қон   үрдістерінің  белсенді  қатысушысына 
ай нал ды. 1991 жылдан бері ҚР 706 мыңнан 
ас там  этникалық  қазақты  қабылдады.  Тəу-
ел сіздіктің алғашқы жылдарынан бастап кө-
ші-қон процестерін реттеу мемлекеттік сая-
саттың маңызды бағыттарының біріне жа та-
ды.   ТМД  елдері  шеңберіндегі  негізгі  көші-
қон  ағыны Ресей, Украина жəне Орта Азия 
ел дерімен;  алыс  шет  елдердің  арасында – 
Гер маниямен байланысты болып отыр. ТМД 
ел дерімен  (Ресей  Федерациясын,  Беларусь 
Рес публикасы  мен  Украинаны  қоспағанда) 
оң   көші-қон  сальдосы  сақталды.  Көші 
қон   шығыны    Ресей  Федерациясымен 
1999 - 2007 жылдар  арасында - 3 есеге; 
Белоруссиямен - 6 есеге, Украинамен - 7 есе-
ге төмендеді. Алайда 2007 жылы 2006 жыл-
мен  салыстырғанда,  көші-қонның  оң  саль-
досы үш еседен астам (11 мың адам) ке мі ген. 
Керісінше  көшіп  кету  көбейген - 42,4 мың  
адам Қазақстаннан шетелге кеткен. Бұл рет-
те  көшіп кетушілердің негізгі бөлігі (71%) - 
ең бек жасындағы адамдар; көшіп келу азай-
ған - Қазақстанға 53,4 мың адам келген, бұл 
ал дыңғы жылғы деңгейден 20,0%-ға төмен. 
Не гіз гі  шығу  елдері:  Өзбекстан  (көшіп-қо-
ну шылардың 47 %), Ресей (20 % астам) жəне 
Қытай (11%) [2]. 
1993 жылдан бастап этникалық көшіп-қо-
нушылардың қоныс аударуы көшіп ке лу кво-
та сын  белгілеумен  реттеледі.  Соң ғы  жыл-
да ры (2005 -2008 жылдар)  оралмандардың 
көшіп  келу  квотасы  жыл  сайын 15 мың 
от басын  құрады.  Мемлекет  басшысының 
тап сырмасына  сəйкес 2009 жылдан  бастап 
орал мандардың көшіп келу квотасы жылына 
20  мың  отбасына  дейін  көбейді.  Мемлекет 
оралмандарға қажетті əлеуметтік көмек пен 
қолдау көрсетіп келеді.
  Еліміз  тəуелсіздік  алғаннан  бері  алыс-
жа қын шетелдерден атажұртқа оралған қан-
дастарымыздың саны миллионға жуықтаған. 
Бұл жері көп, халқы аз қазақ елі үшін үл кен 
күш  екендігі  даусыз.  Ұлтымыздың  мұн-
дай  демографиялық  жаңғыруға  қол  жеткі-
зуі не  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Əбішұлы 
Назарбаевтың ғасыр тоғысындағы страте гия-
лық  сəтті  шешімі  мұрындық  болды.  Содан 
бе рі  жалғасқан  ұлы  көш  «Нұрлы  көшке» 
ұлас ты.  Сонымен  қорыта  келгенде  қазіргі 
кез де Қазақстаннан шет елдерде 4 млн. 500 
мың   қазақ  бұрынғы  КСРО-ның 14 елінде 
жə не  əлемнің 25 елдерінде    тұрады. 1995 
жыл дан бастап Қазақстан Республикасы мен 
қазақ диаспорасы өкілдері арасындағы өзара 
қарым-қатынастың жаңа кезеңі басталды. Ең 
алдымен 1996 жылдың 31 желтоқсанында 
Қазақстан Республикасының Президентімен 
бекітілген  «Қазақ  диаспорасын  қолдау  бой-
ын ша  мемлекеттік  бағдарлама»  құрылды, 
1997 жылы 13 желтоқсанда «Көші-қон заңы» 
қа был дан ды,  Қазақстан  Республикасының 
көші-қон  саясатының 2007-2015 жылдарға 
ар налған  Стратегиясы, 2015 жылға  дейін 

75
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
Қазақстан Республикасының территориалды 
даму стратегиясы бекітілді.
2008 жылы біржолғы жəрдемақыны, тұр-
ғын үй алуға берілетін қаражатты, жол ақы-
сы   жəне  жүк  тасымалдау  шығыстарының 
өте міне берілетін қаржыны ескергенде, орта 
есеп пен 5 адамнан  тұратын  əрбір  отбасына 
833  мың  теңге  қаражат  бөлінеді.  Елімізде 
14  оралмандарды  уақытша  орналастыру 
орта лықтары  жұмыс  істейді[3].  Жергілікті 
ең бек  нарықтарындағы  білікті  кадрлардың 
тап шылығы  жағдайында  шетелдік  жұмыс 
кү шін тарту Қазақстан экономикасы қа жет-
тіліктерін  қамтамасыз  етудің  қажетті  шар-
ты на  айналды. 2007 жылы  қазақстандық 
кə сіпорындар  мен  ұйымдарда 104 елден 
58,8  мың  шетелдік  маманның  еңбегі  пай-
да ла нылды.  Ішкі  еңбек  нарығын  қорғау 
мақ сатында  Қазақстан  Республикасының 
Үкіметі  республика  аумағында  еңбек  қыз-
ме тін  жүзеге  асыру  үшін  шетелдік  жұмыс 
кү шін  əкелуге  арналған  квотаны  белгілейді 
жəне оның сақталуын бақылайды, шетелдік 
мамандарды кейіннен жергілікті кадрлармен 
ауыстыру  саясатын  жүргізеді. 2008 жылы 
рес пуб лика аумағында еңбек қызметін жү зе-
ге  асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 
республиканың экономикалық белсенді хал-
қы на  шаққанда 1,6 пайыз  мөлшерінде  кво-
та  белгіленген болатын. Жоғары білікті ма-
ман  дарды  басым  тарту  мақсатында  жаңа 
Кво та белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге 
шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру 
шарт тары мен тəртібі əзірленіп, 2008 жылдың 
мау сым ынан  бастап  қолданысқа  енгізілді, 
он да  шетелдік  қызметкерлердің  біліктілік 
си паттамаларын  баллдық  бағалау  енгізілді, 
не гіз гі  құрамдас  бөліктер  бойынша  (білімі, 
жұ мыс  стажы,  еңбек  нарығында  кəсіпке 
(ма мандыққа)  деген  сұраныс)  өлшемдер 
белгіленді.  Соңғы  уақытта  ішкі  көші-қон 
про цесі жанданды. 
Біздің ойымызша ел экономикасы өз дең-
гейіне  көтерілгенше  қаржыландыруға  бай-
ла нысты  оралмандаға  нақты  мүмкіндер 
анық талса  жəне  олардың  еңбек  ету  бейім-
ді лігіне  байланысты  жер  жерлерде  елдегі 
сол  мамандыққа бейімдеу курстары ашылса 
бо лар еді. Өйткені қазірі таңда Қазақстанда 
университет  бітірген  студенттердің  кей бі-
рі жұмыс таба алмай жүрген кездер де кез-
де седі.  Осы  тұрғыда  бұл  мəселелер  тек  
бір  оралмандардың  басына  түскен  келең-
сіздік  емес,  еліміздің  азаматтары  басын-
да ғы  да  жағдай.  Осы  себептер  негізінде 
орал манның  бəріне  бірден  жағдай  жасау 
қи ын  деп  ойлаймыз.  Сонымен  қатар  көші-
қон   саласында  құжат  алуда  да  көптеген  ке-
дер гі  мен  қиындықтар  кездеседі,  шетелден 
кө шіп  келген  жоғары  білімді  азаматтың 
өз  Отанына  келгенде  алған  білімінің  жү-
зе ге  аспай  қалуы  да  оралмандар  та қы ры-
бындағы  өзекті  мəселердің  бірі  жəне  же ке  
кəсіппен  айналысуға,  шаруашылық  жүр-
гі зуге  жеңілдіктер  мəселесі  көші  қон  келі-
сім шартында қарастырылса. Олардың əлеу-
мет тік  деңгейіне  байланысты  жағдайлар 
жа салса.  Мысалы:  мал  шаруашылығы  мен 
егін шілікпен айналысатындарына бір реттік 
тө ленетін  қаржылық  жарнаның  орнына 
игеріл меген жерлерден үлестік жер берілсе. 
Жергілікті атқарушы органдардың дерек-
те рі  бойынша  еңбек  жасындағы  этникалық 
кө шіп  келушілердің  үштен  бірі  еңбек  қыз-
ме тімен  қамтылмаған.  Шет  елдердегі  қа зақ  
диаспорасы  өкілдерінің  арасында  кə сіп-
тік  білім  алу,  балаларды  мектепке  дейін гі 
мекемелерге орналастыруда да қиын дық тар-
ға  тап болып отырды. Міне, мұның бəрі осы 
кө ші-қон  Бағдарламасын  əзірлеуге  себеп 
бол ды[4].
Осы негізде Тəуелсіз Қазақстанның тари-
хын  дағы «Нұрлы көш» бағдарламасының та-
ри хи  негізін зерттеу асқарлы асу деп бі ле міз. 
2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» 
бағдарламасын  бекіту  туралы  Қазақстан 
Республикасы  Үкіметінің 2008 жылғы 2 
жел тоқсандағы  №1126  Қаулысы  бекітілді. 
Бағ дарлама  Қазақстан  Республикасы  Пре-
зи дентінің 2007 жылғы 28 тамыздағы №399 
Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Рес пуб-
ли касы  көші-қон  саясатының 2007-2015 
жыл дарға  арналған  тұжырымдамасына; 
Қазақ стан Республикасы Президентінің 2006 
жыл ғы 28 тамыздағы №167 Жарлығымен бе-
кі тіл ген  Қазақстан  Республикасының 2015 
жыл ға дейінгі аумақтық даму стратегиясына 
жə не  Қазақстан  Республикасы  Прези ден-

76
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
ті  нің 2003 жылғы 10 шілдедегі  №1149 
Жар лығымен  бекітілген  Қазақстан  Рес пу-
бликасының  Ауылдық  аумақтарын  да мы-
тудың 2004-2010 жылдарға  арналған  мем-
лекеттік  бағдарламасына  сəйкес  əзір лен-
ді 2009-2011 жылдары  Бағдарламаны  іс ке 
асыруға барлығы 197 795,6 млн. теңге, о ның 
ішінде қосымша 118 073,7 млн. теңге бө лін-
ген.   Бағдарламаны  іске  асырудағы  негізгі 
кү ті ле тін  нəтижелер:  этникалық,  ішкі  жəне 
сырт қы көші-қон процестерін реттеуге жəне 
оны   өңірлердің  əлеуметтік-экономикалық 
да му  мүддесіне  бағындыруға;  этникалық 
жə не  ішкі  көшіп-қонушылардың  басым  бө-
лі гінің өмір сүру сапасын арттыруға; бұ рын  
Қазақстаннан кеткен жоғары білікті ма ман-
дардың  қайта  оралуын  ынталандыруға;  кө-
шіп-қонушылардың  бейімделу  жəне  кі рі гу 
қиындықтарымен,  жұмыссыздықпен  жə не  
бытырап  көшіп-қонумен  байланысты  əлеу-
мет тік қатерлердің туындауының алдын алу-
ға;  ұлттық  шоғырлану  процестерінің  одан  
əрі  дамуын,  əлеуметтік  тұрақтылық  пен  
келісімнің нығаюын, демографиялық аху ал-
дың жақсаруын қамтамасыз етуге мүмкіндік 
береді[5].  Əуелі  бұл  бағдарламаның  ерек-
ше лігіне  тоқтала  кетейік.  Бұрын  көшіп 
келушілерге  Үкімет  көмек  ретінде  баспана 
да  берді,  қаржылай  да  жəрдемдесті,  бірақ, 
дəл  жұмыспен қамту жағы дұрыс жолға қо-
йылмады. «Нұрлы көш» бағдарламасы -осы 
қажеттіліктерді  кешенді  түрде  шешуге  ар-
нал ған  нақты,  айқын  бағытты  бағдарлама. 
Бас қаша  айтқанда  басты  екі  қажеттілік – 
бас па на мəселесі мен кəсіп мəселесін қабат 
шеш пек.
Бағдарлама кезең-кезеңмен жүзеге асыры-
луда. «Біз əлемнің түкпір-түкпіріне тарыдай 
шашыраған  қандастарымызды  жинау  үшін 
Тəуелсіздік  жылдарынан  бері  көп  əрекет 
жасап  жатыр.  Соның  нəтижесінде 1 млн.-
нан  астам отандастырымыз елімізге оралып, 
қауышып,  қуанып  жатыр.  Осы  мақсатта 
«Нұр лы  көш»  бағдарламасы 2011 жылға 
дейін бекітті. Бұл бағдарлама өзінің жалғасы 
ре тінде «Республикадағы 14 облыс орталығы 
орал мандарға көмектесуге тиісті шараларды 
қабылдап жатыр. Елбасы бұл бағдарламаның 
келешегі  жөнінде: «Ең  бастысы,  Отанына 
оралу  барысындағы  алғашқы  кезекте  орын 
ала тын  қиыншылықтарға  шыдау  керек. 
Қазақ стан  да  қиыншылықтарды  бастан  өт-
ке ріп  келе  жатқан  жас  мемлекет.  Бірақ  дағ-
дарысқа  қарамастан  біз  «Нұрлы  көш»  бағ-
дарламасын  одан  əрі  жалғастыратын  бо-
ла мыз.  Қандастарымызға  қол  ұшын  беріп, 
кө мек тесетін,  оларды  шақыра  беретін  бо-
ла мыз.  Бұл  бізге  қажет»[6],  деді  Елбасы. 
«Нұр лы  көш»  бағдарламасы  бойынша 3 
жыл да  Қазақстанға  шетелден 300 мың 
адам ды  көшіріп  алу  жоспарланған[7].  Бағ-
дарламаға  қатысу  барысы  төмендегі  тұл-
ға лар ды  қамтыды:  негізінен  этникалық 
кө шіп  келушілер  үшін – оралмандардың 
жыл  сайынғы  көшіп  келу  квотасы  шең-
бе рін де;  Қазақстан  Республикасы  ау ма-
ғын да  еңбек  қызметін  жүзеге  асыру  үшін 
келген  Қазақстанның  бұрынғы  аза мат та-
ры  үшін – Қазақстан  Республикасы  ау ма-
ғын да  еңбек  қызметін  жүзеге  асыру  үшін 
шетелдік  жұмыс  күшін  тартуға  арнал ған  
жыл  сайынғы  квота  шеңберінде;  елі міз дің 
қолайсыз  аумақтарында  тұратын  Қазақ с-
тан азаматтары үшін – ішкі көшіп-қону шы-
лар дың  қоныс  аударуына  арналған  квота 
негізінде  айқындалатын  болады. «Нұрлы 
көш» бағдарламасы бойынша оралмандарды 
қоныс тандыру  «Нұр  Отан»  партиясының 
бақы лауында[8].
Көшіп келу квотасына оралмандарды ен-
гі зу  жəне  оларды  жайғастыру  жұмыстары 
жал ғасын  табуда.  Жұмыспен  қамту,  түрлі 
əлеу меттік  қамсыздандыру  шараларын  ат-
қа рады.  Бірақ,  тұтастай  алғанда,  оралман  
бауыр лардың жаңа ортаға бейімделуі, олар-
дың  интеллектуалдық  жəне  басқа  да   күш-
қуатының  тиісті  пайдаланылуы  ес керіл ме-
ген[9].  Оралмандар  біріншіден  қазақ  хал-
қы ның  үлес  салмағын  ұлғайтуға  əсер  ет ті. 
Екіншіден 1990 жылдары  нарықтық  эко-
но ми каға  өткен  кезде  біздің  базар  нарқына 
өтіп  кетуімізге  өте  үлес  қосты.  Мысалы, 
Түр киядан,  Ауғанстаннан  келіп,  базарларда  
сау да жасағандар, Қазақстанның бүкіл тері-
сін жинаған осы ағайындар болды. Олардың 
көп шілігі  мемлекет  қажеттілігіне  байла-
нысты  кəсіпке  бейімделді.  Сондықтан  мен  

77
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
Қытайда сотта істеген адам бұл жерде өмі рі 
судья  болмайды  деп  ойлаймыз.  Ол  мүм  кін 
де емес. Өйткені ол жақтың заңы бас қа,   жа-
зуы басқа. Елдегі қиыншылықтар орал манға 
ғана  жасалып,  басқа  халық  ол  қиын шы-
лықты  кешіп  жатқан  жоқ  деуге  болмайды.  
Тəу елсіздік  алғалы  бабажұртқа  қоныс  теп-
кен  қандастарымыздың  саны,  ресми  дерек 
бой ынша, 750 мың адам көрінеді. Қазақ то-
пы рағында  туып-өскен  бала-шағаны  қоса 
есеп тегенде 1 млн-нан  асып  жығылады. 
Олар дың  ішінде 45 ғылым  доктолары, 245 
ғылым кандидаттары, 1600 шығармашылық 
саласының өкілдері, 12,5 мың білім беру жə-
не 7 мың  медицина  саласының  мамандары  
бар.   Еңбекпен  қамту  жəне  тұрғындарды 
əлеу меттік  қорғау  министрі  Гүлшара 
Əбдіхалықованың  айтуынша,  бүгінгі  күнге 
дей ін  еңбекке  жарамды  оралмандардың 
61,5 пайызы жұмыспен қамтылған. Сырттан  
кел ген қандастарымыздың елеулі бөлігі же-
ке  бизнеспен  айналысып  жүр  дейді.  Орал-
ман дардың 76% азаматтық  алса, 21%-ның 
құ жаттары  қазір  рəсімделу  үстінде, 3%-ы 
аза маттық  алғысы  келмейтіндер  немесе  
Қазақ станда уақытша тұру құқына қол жет-
кізгендер[10].  Оралмандар  сонымен  қа тар 
еліміздің  дамуына  өзіндік  үлестерін  қо-
сып   жатыр.  Мысалы:  бір  ғана  мəдениет 
сала сын  қарастырған  тарихшы  ғалым 
Н.Мұқаметханұлының деректеріне сүйенсек: 
«Біз  бұл  арада  оралмандар  арқылы  Отанға 
қо сыл ған мəдениеттердің жалпы ұлттық мə-
де ниетімізді  дамытуға  белсенді  əсер  еткен  
мысалдарын  ғана  атап  айтқымыз  келеді. 
Əдебиет арнасын айтар болсақ, соңғы жыл-
дары  шетелдердегі  қандас  қаламгерлердің 
түрлі  көркем  шығармалары  отандық  басы-
лымдардан көптеп жарық көруде. Солардың 
ішінде  ұлы  ақын  Таңжарық  Жолдыұлының 
екі  томдық  «Шығармалары»  мен  қайсар 
жазушы  Қажығұмар  Шабданұлының  алты 
том дық  «Қылмыс»  романының  отандық 
бас падан басылып шығуымен отандық көр-
кем   əдебиетте  «түрме  мəдениеті»  деген 
ұғым   қалыптасты.  Ал  əн  өнерінде  Майра  
Мұхамедқызы Қазақстанның əн өнерін əлем-
дік   деңгейден  көрсетуі  (П.И.Чайковский 
атын дағы халықаралық конкурста ІІІ орынды  
же ң іп  алуы;  Францияның  «Гранд  опера» 
ұлт тық  театрында  келісімшарт  бойынша 
əн  шырқауы (2003-2010 ж.ж.) – отандық əн 
өне рінің жаңа белеске көтерілгендігінің кө-
рінісі  болды.  Би  өнері  саласында  Шұғыла 
Сапарғалиқызы  билеген  заманауи   би   өнері 
жастардың  биге  деген  үлкен  қы зы ғу-
шылығын  тудырып,  қазақстандық  би  өне-
рі нің  дамуында  белсенді  рөл  атқарды.  Ал 
ұлт тық  дəстүрлі  би  өнерінің  жауһары  бо-
лып  саналатын  «Қара  жорға»  биі  Жəмали 
Диханұлы жəне басқалардың ел аралап үгіт-
теуі нің  нəтижесінде  əмбебаптық  ұлттық 
би ге  айналды. «Қара  жорғадан»  төгілетін 
ұлт тық рух əсем гимнастикалық бимен ұш-
тасқандықтан,  үлкен-кішінің  бəріне  бір дей 
ұнап  отыр  деп  санаймыз.  Спорт  сала сын-
да  Мұстафа  Өзтүріктің  арқасында  Шы-
ғыс тың   таэквондо  спорт  өнері  елімізде 
мықты бір мектеп болып қалыптасты; Бақыт 
Сəрсекбаев  пен  Қанат  Исламұлы  отандық 
бок с  спортының  деңгейін  биіктен  көрсетіп 
ке ле ді. Білім жəне ғылым саласына қосылған 
жо ғары  білікті  педагог  ғалымдар  аз  емес. 
Бұл  арада  тек  гуманитарлық  білім,  ғылым 
са ла сындағыларды  ғана  атап  айтпақпыз. 
Кəсіпкер ғалым Талғат Мамырұлы қоғамдық 
сұранысқа  сай, 2007 жылы  өз  қаражатымен 
«Халықаралық  қазақ-қытай  тіл  академиясы 
кол леджін  ашып, «Аударма  ісі», «Туризм», 
«Ті гін өндірісі жəне киімді модельдеу», «Екі 
шет  тілі» (қытай  жəне  ағылшын), «Іс  қа ғаз-
дар ды жүргізу жəне мұрағаттану», «Киім ди-
зайны» сияқты мамандықтар бойынша кə сіби 
техникалық кадрларды дайындап ке ле ді [11].
Мұндай  елдің  демографиялық  жағ дай ы-
ның  жетістіктерге  жетуіндегі  Елбасы  бас-
там асы  интелектуалды  ұлт  қалыптастыру 
ба р ысындағы ірі бағытты қадамның бірі деп 
түй індей аламыз. Ұрпақтар сабақтастығында 
кей інгі кезеңдегі тарихта Елбасының «Нұр-
лы көші», Ұлы көш деп бағалануы тарихтың 
ен шісіндегі шындық.

78
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
ƏДЕБИЕТТЕР
1  Болашақтың  іргесін  бірге  қалаймыз.  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 28.01.2011ж.
2 Итоги переписи населения 1999 года в Республике Казахстан. – Алматы, 2000. – 129 
с.
3 Этникалық қазақтардың тарихи отанына оралу тұжырымдамасы туралы. Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 900 қауысы.
4 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы «Егемен Қазақстан» 2008 
жыл, 6 желтоқсан, № 375-379 (25348)
5 Есенгүл Кəпқызы Нұрлы көш» оралмандардың үмітін ақтай ала ма? http://www.azattyq.
org/content/Kazakhstan_nurly_kosh_repatriate/1776801.html
6 Дағдарысқа қарамастан «Нұрлы көш» бағдарламасы жалғаса беретін болады – Елбасы
7 Қазақстан көші қон туралы Қазақстан Руспуликасының заңы, 13 желтоқсан 1993 жыл
8 Елбасы жəне ел саны. Алматы, 2009. -224б.
9 Оралмандар туралы мəлімет www.enbek.gov.kz/kk/node/6930
10 О қазақ пен бұл қазақ. // Шахтинский Вестник 2011ж. ақпан baq.kz/regional_media/
post/256
11  Оралмандар  жəне  отандық  мəдениеттің  дамуы  Нəбижан  Мұқаметханұлы  qamshy.
kz/?p=69
«Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін»

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет