Бас редактор с. Ж. Пірəлиев а



Pdf көрінісі
бет13/17
Дата03.03.2017
өлшемі2,6 Mb.
#7072
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

ƏОЖ 37.349
М.А. Нуриев
т.ғ.к., профессор
Абай атындағы ҚазҰПУ
Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ғылыми зерттеу институтының директоры
ҚР Жоғарғы мектебіне еңбегі сіңген қызметкер
Г.Б. Мединеева
Интеллектуалды ұлт қалыптастыру
ғылыми зерттеу институтының инспекторы
МЕДИАЦИЯ ЗАҢЫ
Бұл мақала дəстүрлі сот ісіне бір-біріне қатты жауласқан, қызуқанды бəсекелестер рəсімі 
жайында жазылған. Бұл жерде тараптардың шынайы мүддесі қатерге алынбайтын фактіге 
баса  назар  аударылады.  Тараптар  бір-бірімен  делдалдар,  яғни  заңгерлер  мен  судьялар 
арқылы  сөйлеседі.  Бұдан  медиация – тараптардың  бір-бірімен  тікелей  байланыс  жасауы-
на жəне мəселе шешімін ынтымақтастық арқылы табуға жəрдемдесуіне тоқталдық. Меди-
ация тараптар арасындағы даулардан туындайтын эмоциялық жағдайлардың төмендеуіне 
мүмкіндік беретіндігіне ерекше назар аударылды. Бұл қатысушылардың «ашылуына» жəне 
таластарды шешудің үздік жолдарын табуға көмектесетіндігі мен медиацияның көмегімен 
өзара байланысты мəселелерді бір уақытта жəне бірнеше тараптардың қатысуы тар деңгейде 
ғана  емес,  кең  ауқымда  талдап  шешуге  болатындығы  жайында  анықталған.  Медиация 
үрдісінде  жеңімпаздар  мен  жеңілушілер  болмайтындығы,  оның  мақсаты  екі  тарапты  да 
қанағаттандыратын шешім табу мақсаттары жайлы жазылған.
Түйін сөздер: заң, заңгер, медиация, құқық, татулық, дəстүрлі заң, келісім.
В данной статье написанно о традиционном виде суда, среди твердо враждующих друг 
на  друга  людьми.  Рассмотрено  что,  особое  внимание  уделяется  сторонам  у  которых    ис-
тенный интерес не считается опасностью. Две стороны разговоривают друг с другом с по-
мощью посредника, адвоката или судьи. Медиация это – оказываемая помощь которая по-
могает сторонам общаться прямо друг с другом и через решение проблемы сотрудничество
Написано о том, что медиация помогает снизить уровень эмоциональных расстройств враж-
дующих сторон, а так же, решать проблемы в назначенное время и в свободной обстановке. 
В процессах рассмотренных методом медиаций не бывает победивших или пебежденных, 
данная цель медиаций удовлетворительное положение двух или более сторон.
Ключевые слова: закон, юрист, медиация, право, примерение, традиционный закон, до-
говор.
In this article of the court written about a traditional kind, among fi rmly quarreling on each 
other people. It is considered that, the special attention is spared to parties at that interest ignores a 
danger. Two sides of with each other by means of mediator, advocate or judge. It - given help that 
helps parties to intermingle straight with each other and through the decision of problem collabora-
tion. It is written that медиация helps to bring down the level of emotional disorders of quarreling 
parties, and similarly, to work out problems in the appointed time and in a free situation. In pro-
cesses the considered the method of медиаций is not winnings or, this aim of satisfactory position 
two or more than parties. 
Keywords: law, lawyer, mediasia, right, tried, traditional law, agreement.

87
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
«Əділ жəне сатылмайтын сот – демо кра-
тия лық жəне құқықтық мемлекеттің аса ма-
ңыз  ды  негізі.  Егеменді  Қазақстанның  бас ты
 
 
жетістіктерінің  бірі – бұл  соттар  мен  су дья -
лардың  тек  формалды  заңды  ғана  емес,  со-
ны мен қатар нақты тəуелсіздікке ие  болуы», 
– деп айтқан болатын Н.Ə. Назарбаев.
Елбасымыздың  Қазақстан  халқына  ар-
наған биылғы Жолдауында аса ұқыптылықты 
қа жет ететін салалардың бірі – сот жəне құ-
қық   қорғау  жүйелерін  жаңғырту  мəселесі 
де ді. Осы ретте «Арбитраждық жəне аралық 
сот тар  жүйесін  нығайту  керек»  деген  ұсы-
ныс та  дер  кезінде  көтерілді  деп  ойлаймыз. 
Ай рықша  назар  сот  төрелігін  жүзеге  асыру 
процесін оңайлату, оның басы артық бюро-
кра тиялық  рəсімдерден  арылтуға  аударыл-
ды.   «Сонымен  бір  мезгілде  соттардың  жұ-
мы  сын жеңілдету мақсатында дауларды  сот -
тардан  тыс  реттеу  институттарын  дамыту-
ды   жалғастырған  жөн.  Болмашы  мəсе ле лер  
бойынша  дауларды  шешу  соттардан  тыс  
тəртіппен  жүргізілетіндей  тетіктер  қа рас-
тыру қажет»[1] – делінген болатын.
Осындай  үлкен  бір  бастама  бұдан  екі  
жыл  бұрын  қабылданған  Қазақстан  Рес-
пу бликасының  «Медиация  туралы»  За ңы  
тұр. Яғни, медиация, медиатор деген  ұғым-
дар дың  елімізде  пайда  болуына  Қазақстан 
Рес публикасының 2011 жылғы 28 қаңтарда 
шық қан,  жоғарыда  айтылған  «Медиация 
тура лы»  Заңы  себепкер  болды.  Заң  қол да-
ныс қа алты айдан кейін 2011 жылдың тамыз 
айын да енгізілді. 
Ал  алғашқы  тəжірибесі  ретінде    қол да-
ны луы  «Медиация  заңы»  қабылданғаннан 
кей ін, аудандағы үкіметтік емес ұйымның – 
«Синергия» қоғамдық бірлестігімен «Доста-
су»  атты  медиация  жəне  құқық  орталығы 
құрылған болатын. Орталықтың екі кеңсесі 
бар – Қарағанды мен Теміртау қалаларында. 
Бі реуі  медиация  жұмыстарын  атқаратын, 
екін шісі білікті медиаторларды дайындауда.  
Қа зақстан  Республикасы  қылмыстық  сот 
пен шағын жəне орта қылмыстарымен меди-
ация  рəсімін  өткізу  жайында  Тəуелсіз  мем-
ле кеттердің (СНГ) одағында жалғыз мемле-
кет   болып  саналады.  Медиация  заңының 
шық қан күнінен бастап «Достасу» орталығы 
ең алғаш жұмысы болып – жол апатына қа-
тыс ты  қылмыстық  істі  ашқаны  болатын.  
Нəти же сінде  екі  жақ  бітімгершілікке  келд і. 
Осылайша  қылмыстық  іс  жабылды. 2011 
жылдың 8 қыркүйегінде  Қарағанды  обл-
ы сының  сотымен  бірлескен  ашық  ха лық-
ара лық  ғылыми-практиккалық  «Медиация 
– еркіндіктің, қауіпсіздіктің жəне əділ діктің 
кеңістігі»  атты  конференциясы  өт ті.  Бұл 
конференцияға Қазақстан, Санкт-Петер бург-
тың  Мемлекеттік  Университетінің – меди-
ациязаңының  негізін  қалаушылары,  Қазақ-
стан  Республикасы,  Ресей  Федерациясы,  
Қыр ғызстан  Республикаларының  медиатор-
лар ұйымдарының мүшелері қатысты. Осы-
лай келе «Достасу» орталығы бүгінгі күнге 
дей ін халықтың көңілінен шығуда. Оған мы-
на  медитацияның категориялары дəлел бола 
алады: 
–  қылмыстық  іс  қозғалған  жұмыстар 
бой ынша екі жақтың достасуы – 2 (3,6%);
–  отбасылық  мəселелер,  мүлікті  бөлісу, 
ба ла лардың  тұратын  орнын  анықтау – 14 
(21,8%);
–  тұтынушылардың  жанжалдары – 18 
(32,7%);
–  кредит төлеу жəне қайтару – 4 (7,2%);
–  коммерциялық жанжалдар – 8 (14,4%); 
–  коммерциялық медиация (заңды тұлға-
лардың қатысуымен) – 8 (14,4%); 
–  медиациядан бас тарту –1;
–  коммуналдық қызмет атқарушылармен 
талас – 4 (7,2%);
–  адамдар 
арасындағы 
ұрыс-керіс 
(денсаулыққа  жеңіл-желпі  зиян  келтіру, 
т.с. с.) – 4 (7,2%);
–  бұқаралық  ақпарат  құралдарымен 
сөзге келмеу – 3 (5,5%) [2]. Кодекс Республи-
ки  Казахстан  об  административных  право-
нарушениях от 30 января 2001 года №155-II 
//Ве домости Парламента Республики Казах-
стан, 2001 г., № 5-6, ст. 24.
Міне осындай нəтижеге медиация əдісте-
ме лерін қолданудың арқасында қол жеткізіп 
отыр.  Айта  кетер  болсақ,  бүгінгі  күні  дау 
да,  кикілжің де кең етек алып барады. Міне, 
осындай  дау  дамайдың  тікелей  себептері 
–  меншік  түрлерінің  көбеюі,  нарықтық 

88
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
қатынастардың  орнауы  жəне  халықтың  құ-
қықтық  сауатының  аздығы  мен  оған  қо са  
талабының  артуы  болып  табылады.  Өмір де 
кездесетін  кез-келген  ұсақ-түйек  кикіл жің-
дер дің  арқасында  ел  сотқа  жиі  жүгінетін 
бол ды. Тіпті айтар болсақ, облыс, аудандар-
да сотқа түскен істердің 35 пайызы осындай  
себеп терден  құралған. Мысал ретінде Қара-
ғанды облысын алайық, өткен 2012 жылдың 
қараша айында статистика бойынша соттар 
63 мыңнан астам азаматтық іс қараса, соның 
сотқа  дейін  жəне  соттан  тыс  медиация  жо-
лымен  жүргізілгені  саусақпен  санарлықтай 
ға на.  Бұл  дегеніміз  бізде  осы  заңның  баяу 
жүретіндігін  көрсетеді.  Қазіргі  кезде  по-
лиция  қызметкерлері  медиация  заңын  көп 
жағдайда жария етпейді. Егер де шағын жə-
не орта қылмыстар болатын болса, онда тер-
геуші жəбірленушіге немесе күдіктіге дереу 
медиаторларға  бағыттау  керек.  Міне,  сонда 
ғана жұмыс реттеледі, демократия орнайды, 
жемқ орлық азаяды, заң – жүзеге асады.
Дамыған өркениетті елдерде медиаторлар 
азаматтық істердің 32 пайызына дейін қа рай -
ды. Нəтижесінде олардың 85 пайызына ше-
шім   шығарылады,  іс  екі  жақтың  бітісуімен 
аяқ талады.  Көрші  Ресей  мемлекетінде,  Ук-
раинада  дауларды  соттан  тыс  қарау  үр дісі 
қарқынды  дамып  келе  жатқандығын  бұқа-
ра лық  ақпарат  құралдары  беттерінен  көріп 
жүр міз. Оларда да медиация туралы немесе 
соған ұқсас заңдар қабылданған.
Сонымен  медиация  жəне  медиатор  деге-
ні міз не? Медиация термині латын тіліндегі 
геометриялық ұғым, медиана – ортадағы сы-
зық  деген  сөзден  шыққан  болатын.  Қаза қы 
ұғымға келтірсек, медиатор екі жаққа да бір-
дей ортақ, дау-дамайда айтысушы жақтарды 
ортақ  мəмілеге  келтіріп  тең  шешетін  ара 
ағай ын, орысша – посредник[3].
Егер Қазақстан Республикасы заңдарында 
бас қаша  белгіленбесе,  жеке  жəне  (неме-
се)  заң ды  тұлғалар  қатысатын  азаматтық, 
ең бек,  отбасылық  жəне  өзге  де  құқықтық 
қаты настардан туындайтын даулар, сондай-
ақ   онша  ауыр  емес  жəне  ауырлығы  орта-
ша   қылмыстар  туралы  істер  бойынша  қыл-
мыстық  сот  ісін  жүргізу  барысында   қара-
латын дау-шаралар медиацияның қолданылу 
саласы  болып  табылады.  Медиа ция,  яғни 
ара-ағайындық  негізінен  тұрғын  үй,   еңбек, 
отбасылық  ажырасулар,  көршілер  ара сын-
да ғы даулар мен кикілжіңдер, мұраны бөлу, 
ме диаторлардың қарауына беруге болады.
Медиация  рəсімі  қолданылмайтын  жағ-
дай ларға келсек олар төмендегідей. Бірі н ші-
ден:  дауда  дауласушыға  жатпайтын  үшінші 
тұл ғалардың  мүддесі  қозғалса,  сондай-ақ 
сот  шешімімен  əрекетке  қабілетсіз  деп  та-
ныл ған  адамдардың  мүдделі  қатысы  болса; 
екін шіден тараптардың бірі мемлекеттік орган  
бол са.  Сыбайлас  жемқорлық  қылмыстар  мен  
мемлекеттік  қызмет  туралы  заңдар  бұзыл ған 
жағдайда да медиация рəсімі қол да ныл май ды. 
Медиация туралы небəрі 28 баптан тұра-
тын   осы  заңның  тиімді  жақтары  аса  көп. 
Мə се лен  жоғарыдағыдай  бір  дауды  сот 
судья лары қараса адамдар заңның қатаң ау-
қы мына  түседі,  заңдылықтарға  сəйкес  жау-
ап керге заңның бабы көрсетіліп айып та ғы-
лады.  Адам  кəдімгідей  сотта  болады.  Жау-
апкер де, талапкер де өздерін қорғау не месе 
адалдығын  дəлелдеу  үшін  айғақтар  мен  
құжаттар жинауға көшеді. Қажет болса қор-
ғау шы (адвокат) жалдауға, мемлекеттік баж 
салығын төлеуге мəжбүр болады[4].
Ал медиация рəсімінде мұның бірі та лап  
етіл мейді, заңның баптары да қолда ныл май-
ды. Медиацияны жүргізу рəсімі осы  заңның 
аясында  тараптар  келіскен  тəр тіп   бойынша 
жүргізіледі. Тараптардың өз қалау лары бой-
ынша медиацияны жүргізу уақыты мен оры-
ны  анық талады.  Медиацияны  жүргізу  ме-
диатор  мен  тараптардың  тек  өзара  келісімі 
бойынша жəне олардың арасында медиация 
туралы шарт жасалған кезде жүзеге асыры-
лады..
Ал  енді  кім  медиатор  бола  алады  деген 
сұрақ қа келсек медиация туралы заңда оған 
да  ай қын  жауап  берілген.  Айта  кететін  бір 
жайт – медиатор  қызметін  кəсіби  негізінде 
атқа ратын  кəсіпқой  медиатор  жəне  кəсіби 
емес негізінде атқаратын қоғамдық медиатор 
бар.  Ауылдық жерлерде кəсіби медиаторлар 
жоқ   болғандықтан  медиацияны  қоғамдық 
ме  диаторлар жасайды. Қырық жасқа толған 
жə не кəсіпқой емес медиаторлар тізілімінде 
тұр ған тұлғалар медиацияны кəсіби емес не-

89
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
гіз де жүзеге асыра алады. Медиатордың заң 
оқу ын бітіруі шарт емес. Ол тəуелсіз, бейта-
рап,  істің  қандай  да  бір  жақ  үшін  пайдалы 
нəти же сін де  мүдделі  емес  адам.Ол  медиа-
цияны екі тараптың мүддесі үшін жүргізуге 
жəне рəсімдерге тараптардың тең қатысуын 
қамтамасыз етуге тиіс. Қазақ «Еліңнің ішін 
даудан  сақта,  сыртын  жаудан  сақта»  деген.  
Елі нің  тыныштығы  мен  бейбітшілігін  ой-
ла ған  əрбір  ауыл  əкімі  өз  ауылдастарының 
іші нен  өмірлік  тəжірибесі  мол,  абыройлы  
жə не  мінсіз  беделі  бар  кем  дегенде 2-3 ақ-
са қал дар алқасынан тұратын медиаторлар ды  
сайлап  (тағайындап)  алулары  керек. «Ауыл 
ағасыз,  тон  жағасыз  болмайды»  дей тін  
қазаққа  бұл  тіпті  түсінікті  əрі  жақын  нəр-
се. Ал «Медиация туралы » заң осыған жол  
ашып беріп отыр. Дауларды сотқа дейін ба-
ла малы  негізде  шешудің  конституциялық 
не гізгі  принципі  Қа зақстан  Республикасы 
Кон ституциясының 13-бабының 1-бөлігі 
бо лып  табылады.  Ата  за ңымыздың  осы  бө-
лігінде  тайға  таңба  басқандай  етіп, «Əр-
кім нің  құқық  субъектісі  ретінде  танылуына  
құ қығы бар жəне өзінің құқықтары мен бос-
тандықтарын,  қажетті  қорғанысты  қоса  ал-
ғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тəсіл-
дермен қорғауға хақылы» екені анық көр се-
тілген. Бұл – əр азаматқа қатысты даулы іс ті 
бітімгершілікпен шешуге сілтеме беріп тұр-
ған  айқын да анық құқықтық тұжырым.
Соның  ішінде  еліміздің  сот  төрелігіне 
ме диа ция  институтын  заңдылық  тұрғыдан 
ен гізу, оны айналымдағы заңдармен тең дə-
ре жеде қолданудың негізгі принциптері, рə-
сім дері, ме диатордың құқығы мен мін дет те-
рі, конфиденциалдығын сақтау жөніндегі ке-
пілдік жəне келісімді бекітудің тəртібі, сон-
дай-ақ қоғамдық ортада орын алған əртүрлі 
дау ларды  шешуде  бұл  тəсілдің  тиімділігі 
жо ғары  екенін  көрсеткен  бірқатар  елдердің 
тə жірибесі жан-жақты түрде қарастырылды.
Жалпы алғанда қоғамда орын алатын дау-
лардың баламалы негізде шешілуі судья лар 
үшін  үлкен  жеңілдік  туғызады.  Ай  сайын 
оларға толассыз келіп жататын істер ық шам-
да лып, бөлінетін жүктемелері азаяды. Соның 
арқасында  тараптардың  келтірген  даулары 
тез шешіліп, сот төрелігінің əділеттілігі мен 
оның орындалуы халық арасына ке ңінен та-
ралып,  ел  ішіне  өзінен-өзі  насихатталады. 
Бұ ған нақты мысал ретінде бұрынғы би лер-
ден қалған «Өзі басталып өзі біткен дауды – 
жа ным дерсің, бес бала тапқан əйелді – ха-
ным дерсің» деген мақалдың жөні болар.
Бітімгершілік арқылы екі жақтың мəмілеге 
келуі – қазақтың əлімсақтан келе жатқан би-
лер  сотындағы  ең  тура  жолдың  бірі.  Ауыл-
үй  арасында  мал  дауы,  жер  дауына  байла-
нысты рулы елдер арасындағы түрлі дау-да-
майларды ара ағайынның араласуы арқылы 
шешу – рулар  арасындағы  елдің  бірлігін, 
жердің  тұтастығын  сақтап  келген.  Бітіспес 
араздыққа  бармай,  кісі  өліміне  соқтырмай 
қанқұйлы ауыр қылмыстардың алдын алуда 
ерекше рөл атқарғанын, Қазақ елінің құқық 
тарихына зер салған адам жақсы білуі тиіс.
Ұсақ-түйек  ұрлық-қарлық,  барымта  алу, 
жер  дауы,  жесір  дауының  барлығын  да 
аузы  дуалы  ара  ағайындар  билер  сотына 
түсірмей-ақ,  кемелдікпен  шешіп,  келісімге 
кел тірген.  Ол  емес,  еларалық  жанжал  да, 
бітіспестей болып жауласқан көрші елдер де 
бітімгершілік  арқылы  келісімге  келіп,  бей-
марал  өмір  сүру  үшін  «Судың  түбін  шым 
бекітеді,  даудың  түбін  қыз  бекітеді»  деген 
билер сотындағы прецеденттік ұстаныммен 
бір-біріне қыз беріп, қыз алысып, жаулықтың 
соңын  бауырдай  тəтті  құда-жегжаттыққа 
айналдырған.  Осы  тұрғыдан  алғанда  меди-
ация,  яғни  бітімгершілік – біздің  ата-баба-
ларымыз  Қазақ  елінің  дəстүрлі  құқығының 
негізінде  мыңдаған  жылдар  бойы  ұстанып 
келе  жатқан  бітімгершілік  жолы.  Ендеше, 
медиация  бүгінгі  таңда  тəуелсіз  еліміздің 
өркенді  жолын  жақсы  қырынан  дамытуға, 
оның саяси құқықтық тұжырымдамасы мен 
баянды  бағдарламаларына  мінсіз  қызмет 
көрсететінін сеніммен айтуға болады.
Медиатор  мемлекеттік  қызметте  (немесе 
соған теңестірілген жұмыста) істемеуі керек, 
өтелмеген не алынбаған соттылығы болмауы 
тиіс.Егер оған қатысты қылмыстық қудалау 
басталса медиатор тізілімінен шығарылады. 

90
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
Медиация рəсімі азаматтық даулар бойынша 
шарт  жасалған  күннен  бастап  күнтізбелік 
отыз күннен кешіктірілмей аяқталуға тиіс.
Осы уақытта тағы бір көкейтесті жағдайда 
тараптардың  өзара  шешімі  бойынша  ме-
диацияны  жүргізу  мерзімі  тағы  бір  айға 
ұзартылуы мүмкін.
Азаматтар  дауын  сотқа  беріп  қойған 
соң  қайтып  алуға  болмайды  деп  ойлайды. 
Медиацияның ерекшелігі сол, бəлкім ың ғай-
лылы ғы  да  болар – дауды  соттың  қарау ын-
да  жатқанда  да  сұратып  алып  медиатор лар  
шешіміне  ұсынуға  болады.  Бұл  өзі  бəлен-
ше кен  бірімен-бірі  соттасып  жатыр  деген 
жаман атақтан құтқаратын жол. Іс медиация 
рəсіміне берілгенде сот іс жүргізуді тоқтата 
тұрады. Медиация нəтижесінде мəмілеге қол 
жет кізілсе дауды реттеу туралы келісім жаз-
ба ша түрде жасалады, екі жақ қол қояды. Дау-
шарды  реттеу  туралы  келісімді  медиа ция 
тараптары ерікті түрде, келісімде көзделген 
тəртіппен  жəне  тағайындалған  мерзімде 
орын дауға тиіс. Егерде келісім орындалмаған 
жағ дайда келісімді бұзған медиация тарабы 
заң ды лыққа сəйкес жауаптылыққа тартыла-
ды.  Дауды  реттеу  туралы  қол  қойылған  екі 
жақты  келісім  тез  арада  осы  азаматтық  іс 
жатқан сотқа жіберіледі.
Есті  мəселенің  бірі – медираторлардың 
білім алуы болып табылады. Мысалға Ресей 
Федерациясында  медиаторларды  ЖОО-да 
сонымен қатар медиаторлар орталықтарында 
да   бі лім мен  қамтамассыз  етеді.  Ал  Қазақ-
стан дағы жағдай тым өзгеше. Үкіметтің қау-
лы сы  бойынша  медиаторларды  дайындау 
ерек ше құзыреттілікпен жүзеге асырылады. 
Ол  дегеніміз  медиаторлыққа  үйрету  үшін 
меди атор үш оқу бағдарламаларын меңгеру 
қа жет.  Сол  бағдарламаның  əр-қайсысынан 
кей ін  қорытынды  аттестациядан  өтіп  оны 
күə ландыратын сертификат алу керек [5]. За-
кон Республики Казахстан от 23 января 2001 
года  № 148-I «О  местном  государственном 
управлении и самоуправлении в Республике 
Казахстан» //Ведомости Парламента Респу-
блики Казахстан, 2001 г., № 3, ст. 17.
Кəсіпқой емес медиатор əдетте істі тегін 
қа райды.  Медиацияға  қатысушы  дауласу-
шы  тараптар  оның  медиация  жүргізуге  ке-
те тін  шығындарын  бірлесіп  көтереді.  Мед-
иаторға  сыйақы  төлеу  қарастырылуы  мүм-
кін.   Медиация  нəтижесіз  аяқталса  дауды 
бұл   жолмен  шешуге  болмайтындығының 
се беп тері  көрсетіліп  жазбаша  хабарлама 
жа салады жəне оның бір данасы азаматтық 
(қылмыстық)  іс  жатқан  сотқа  жолданады. 
Медиацияны нəтижесіз тоқтату тараптардың 
біреуі одан жазбаша бас тартқан жағдайда да 
жасалады.
Медиация  туралы  заңның 3 бабына   сəй-
кес  оның мақсаттары дауды сотқа жеткізбей 
қа рау,  дауды  шешудің  екі  тарапты  да  қана-
ғат тандыратын  жолын  табу,  тіпті  болмаса  
тарап тардың  дауласушылық  деңгейін  тө-
мендету болып табылады.
Ал нақты медиатордың міндетіне тоқ тай-
тын болсақ: медиаторға судьяның өкілеттілігі 
берілмеген,  ол  шешім  қабылдай  алмайды 
жə не тараптарды өз шешімін орындауға мін-
деттемейді. Ол текқана келіссөздердің тиім-
ді  жолмен  жүргізілуіне  көмектеседі  соны-
мен  қатар,  оларды  қажетті  арнаға  бұрады. 
Өзі нің  бейтараптығы  арқасында  медиатор 
дау дың мəн-жайын əділ бағалап, туындаған 
мə селенің оңтайлы шешімін таба алады.
Бұл Заң ең алдымен қылмыстан алыста тып,  
тараптардың  бірінің  мүдделерінің  қал пы на 
келуін, бас бостандығынан айырудан сақ тау 
жолы. Дауларды қараудың сапасын арт тыруға 
үлкен  мүмкіндік  береді,  қаралатын  істер-
дің  санын,  судьялардың  жүктемесін  азай-
туға ықпал етеді. Медиация рəсіміне өмір лік 
тəжірибесі  мол,  жоғары  білімді  адамдарды, 
сот  төрелігін  атқаруда  тəжірибесін  то лық 
қолдануға  болатын  дағдарысты  судьялар-
ды,   прокурорларды  тартуға  мүмкіндік  туа-
ды.   Дауға  қатысушылардың  барлығынан 
күн делікті  өмірдегі  қолданыстағы  заңнама 
нор маларын  білу  жəне  қолдану  дағдылары 
та лап  етілетіндіктен,  жалпы,  құқықтық  мə-
де ниеттің  дамуына  əсер  етеді.  Сол  сияқты 
та раптардың материалдық шығыны азаяды.  
Жан жалдасушы тараптардың келешек өмір-
ле рін де  бір-біріне  кек  сақтамауына,  адам-
дардың мейірімділігін, адамгершілік қа сиет-
те рін,  мəдениеттілігін  арттыруға  зор  ықпал 
етпек. Медиация осы басты идеялар негізінде 

91
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
пайда  болды.  Медиацияны  отбасында,  биз-
несте,  өндірісте,  жалпы,  қоғамның  барлық 
са лаларында қолдануға болады. 
Дауларды бітімшілік рəсімі арқылы шешу, 
медиация  рəсімі  мынадай  белгілермен  си-
патталады:
Еркінділік.  Азаматтар  медиацияға  ерікті 
түрде  қатысады,  осылай  медиация  рəсімін 
та ластар  мен  дауларды  шешуде  пайдала-
ну   туралы  шешім  қабылдауда,  медиация  
жүр гі зу  үрдісінде,  шешім  қабылдау  кезін-
де   келісімге  қол  жеткізуде,  сондай-ақ  өза ра  
тиімді шешімдерді орындау кезінде ер кін ді-
лік  принципі жүзеге асырылады;
Уақыт пен ақшаны үнемдеу. Таласты ме-
диация жолымен шешу көп уақыт алмайды 
жə не  оған  қатысушылардың  ресурстарын 
ай тарлықтай үнемдейді.  
Тараптардың  өзара  көңіл  білдіруіне  не-
гіз делген.  Медиация  үрдісінде  жеңімпаздар 
мен  жеңілушілер  болмайды,  оның  мақсаты 
екі  тарапты  да  қанағаттандыратын  шешім 
та бу.  Тараптарды  позиция  алмасудан  эмо-
циясыз,  өзара  кінəлаусыз  шынайы  мүдде 
қалып тастыруға  көшіру,  тараптарға  өзара 
ше шімдер  қабылдату  медиацияның  басты 
мақсаты болып табылады. Осылай тараптар  
та ласты  өздері  шешеді,  бұл  өз  кезегінде 
медиа ция барысында күштеп орындату рəсі-
мінсіз  келісімге  қол  жеткізген  ерікті  түрде 
орындау деңгейін арттырады.
Медиатордың тəуелсіздігі жəне күні бұ-
рын  ой түймеуі. Тараптардың əрқайсысына 
ме диаторлар  ассоциациясы  немесе  одағы 
ұсын ған тəуелсіз медиаторлар тізбесінен ме-
диаторды өз еркімен таңдау құқығы беріледі. 
Тараптардың əрқайсысының пікірі медиатор 
үшін бірдей маңызды. Медиация үрдісіндегі 
аса маңызды принцип деп медиатордың күні 
бұрын ой түймеуін айта аламыз, ол əспенділік 
пен  өзінді  пікірден  алыс  болуды  білдіреді. 
Медиатордың даудың маңыздылығы туралы 
өз пікірін білдіруіне, өзінің əділдігіне күмəн 
тудыратындай əрекет етуіне құқы жоқ.
Рəсімнің икемділігі. Медиация медиацияға 
қатысушылардың  бастамасымен  кез  келген 
уақытта  тоқтатылады.  Медиацияға  қаты су-
шылар  өздерін  қанағаттандыра  алатын   ке-
лі сім ге  қандай  жағдайда  жететінін  өздері 
шешеді.  Медиатор  кінəлі  мен  кінəсізді  із-
де мейді,  тараптардың  өзара  шешім  қа был-
дауларына  бағыт  береді.  Бұдан  басқа  та-
раптардың  өзі  медиация  үрдісінің  тоқ та ты-
луы на бастамашыл бола алады. 
Тиімділік. Медиатордың таластарды  қара-
уы  кезінде тараптар жеке немесе іскерлік қа-
ты настарын сол күйінде сақтап қалады, сот 
ісі   сатысында  даулардың  көпшілікке  жария 
бо лу ына  жол  берілмейді.  Медиация  рəсімі 
ар қылы көпшілікке жария болуын тараптар 
қаламайтын сыпайы мəселелерді қозғайтын 
таластарды (некені бұзу, отбасылық, аза мат-
тық-құқықтық, т.б.) қарастыруға болады.
Қолжетімділік. Медиатор жеке жəне заң-
ды  тұлғалардың  қатысуымен  болған  аза-
маттық,  еңбек,  отбасылық  жəне  басқа  да  
құқықтық  қатынастардан  туындайтын,   сон-
дай-ақ шағын жəне орташа ауыр қылмыстық 
істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу 
барысында қарастырылатын дауларды шешу 
кезінде  егер  Қазақстан  Республикасының 
заңымен  белгіленбесе («Медиация  туралы» 
ҚР Заңының 1-б. 2-4 тт.) делдал бола алады. 
Ол  аталған  заңның 1-б. 2-4 тт.  белгіленген. 
Медиатор медиация жүргізу кезінде тек та-
раптардан ғана емес, мемлекеттік органдар-
дан,  басқа  да  заңды,  лауазымды  жəне  жеке 
тұл ғалардан  да  тəуелсіз  болады.  Медиатор 
таластарды  шешу  кезінде  тек  тараптардың 
мүд делерін, адамгершілік нормаларын, сон-
дай-ақ жеке өмірлік тəжірибесін негізге ала 
отырып делдал бола алады.
Медиацияның басты принциптерінің бі рі 
Құпиялылық  принципі.  Медиацияға  дайын-
дық  кезінде  медиаторға  ұсынылған  немесе 
медиация үрдісінде дайындалған кез келген 
ақпараттар,  жазбалар,  есептер  жəне  бас қа 
да құжаттар құпия болып табылады. Құ пия-
лылық  медиация  жағдайына  жəне  та рап-
тардың  кез  келген  шешіміне  байланысты  
бо лады. Тараптар өздері ереже шығара ала-
ды,  медиатормен  алдын-ала  келісе  ала ды  
не месе  құпиялылықты  сақтаудың  бұрын-
нан  анықталған  ережелерін  қолдана  алады. 
Барлық ақпараттың немесе оның бір бөлі гі-
нің құпиялылығы туралы тараптардың ке лі-
сі мі медиатор үшін міндетті болып табыла-
ды.  Ресми  емес  кеңес  кезінде  тараптардан 

92
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
алынған  ақпаратты  оны  ұсынған  тараптың 
ке лі сімінсіз  басқа  тарапқа  немесе  басқа  бір  
тұлғаға  ашуға  медиатордың  құқы  жоқ.  Бұл  
принцип əсіресе келісімге келуді, сол ар қы-
лы тұлғаны сақтап қалуды жəне даулы жағ-
дай да болған деректі ашпауды қалайтын та-
раптар үшін аса маңызды.
Келісімдердің  мазмұны  тек  тараптармен 
жə не заңмен белгіленген жағдайда, мəселен 
ке лісімді  мəжбүрлеп  орындату  кезінде  ғана 
ашыл уы  мүмкін. «Медиация  туралы»  ҚР 
Заңы ның 8-б. сəйкес жəне құпиялылық прин-
ципі  бойынша  медиатордың  куəгер  ретінде 
медиация барысында оған белгілі болған ҚР 
заңымен қарастырылған жағдайлардан басқа 
мəліметтер жөнінде тергеуге алынуы мүмкін 
емес. Медиацияға қатысушы ақпаратты оны 
ұсынған медиация тарапының рұқсатынсыз 
жария  еткені  үшін  түрлі  жауапкершілікке 
тартылады.
Бағамдап  қарасақ,  еліміздің  заңнама ла-
рын да медиацияны қолдану, яғни істі бітім-
гершілікпен шешу туралы мəселе 1998 жыл-
дың   1-қаңтарынан, Қылмыстық кодекс жаңа-
дан  қабылданған  кезден  бері  жеңіл  жəне 
орта ша ауырлықтағы қылмыстар, сондай-ақ 
же ке  айыптау  істері  бойынша  тараптардың 
бітім гершілік келісімге келу институтын ен-
гі зу мə селесі қарастырылғаны байқалады.
Əсіресе,  жасалған  қылмыстық  мəн-жай-
лар ға байланысты жауапкершілікті жеңіл де-
те тін əрекеттер, соның ішінде құқық қор ғау 
органдарына қылмыстың ашылуына  көмек-
тескені  үшін  жауапкершіліктен  босатудың 
негіз демесі  немесе  жəбірленушімен  тату-
ласқан жағ дайда, бұған қоса медиация тəр-
ті бімен  жəбірленушіге  келтірілген  зиян-
ды  толық  өтеген  болса,  қылмыстық  жау-
аптылығын қысқарту қарастырылған. Соны-
мен  қатар,  қылмыстық  істер  жөніндегі  заң 
нормаларына  сəйкес,  медиация  рəсімін  тек 
қозғалған қылмыстық іс терге қатысты, сотқа 
дейінгі жəне сот сатысында қолдану мүмкін 
екеніндігі  көрсетілген.  Нəтижесінде  медиа-
ция тергеу жəне алдын ала тергеу органдары 
мен соттардағы жүктемені азайтуға қол жет-
кі зу ге мүмкіндік туғызатыны дəлелденді.
Осы ретте кəмелеттік жасқа толмаған жас-
өс пі рім дерге  қатысты  қылмыстық  істерді 
қа рауда  «Медиация  туралы»  заңның  əлі 
оң-соңын  танып  білмеген  жеткіншектердің 
абай сыз дықта  жасаған  жеңіл  қылмыстарын 
ізгі лендіруге тигізер əсері мол. Өйткені, қан-
дайда бір қылмыстық істің басталған кезі нен 
аяқталған уақытына дейін айыпталу шы аза-
матпен тергеу амалдары тікелей жүр гі зі ліп, 
іс сотқа түскен кезде де бетпе-бет отыр ғы зы-
лып,  сот тергеуі көзбе-көз жүзеге асады.
Ал  азаматтық  жəне  əкімшілік  істерде 
көбіне қағаз жүзіндегі құжаттамалар басым-
дыл ыққа ие болады. Сондықтан, «Медиация  
ту ра лы» заңның, яғни бітімгершіліктің қыл-
мыстық іс жүргізу заңнамаларында кеңі нен  
қолданылуы – қоғамда  орын  алатын  қыл-
мыс тық  құқықты  барынша  ізгілендіруге, 
сон дай-ақ  сот  беделінің  үнемі  артуына  ай-
рық ша үлес қосады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет