Бас редактор с. Ж. Пірəлиев а



Pdf көрінісі
бет14/17
Дата03.03.2017
өлшемі2,6 Mb.
#7072
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

ƏДЕБИЕТТЕР
1 http://www.bnews.kz. 
Қазақстан Үкіметі арбитраждық жəне аралық сот қызметтері
2  Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях от 30 января 
2001 года №155-II //Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., № 5-6, ст. 24.
http://site.mediaovd.kz/kz/zek Түрме реформасы –түбегейлі өзгеріс бастауы 
http://zekzakon.kz/Document/Қазақстан Республикасының Заңы
3  Закон  Республики  Казахстан  от 23 января 2001 года  № 148-I «О  местном  государ-
ственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» //Ведомости Парламента 
Республики Казахстан, 2001 г., № 3, ст. 17.

93
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
ƏОЖ 111.1(09)
Б.М. Аташ 
ҚазҰПУ магистратура жəне PhD докторантура институты, саясаттану жəне 
əлеуметтік философия кафедрасының доценті, философия ғылымдарының докторы
Н.Б. Маханова 
ҚазҰПУ
Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ эксперті
ҚАЗАҚТЫҢ КӨРКЕМДІК-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАНЫМЫ
Бұл  мақалада  қазақтың  көркемдік  эстетикалық  танымы  туралы  қарастырылған. 
Халқымыздың эстетикалық дүниетанымының пайда болу тарихы мен ерекшеліктерін жан-
жақты ашып көрсеткен. Атап айтқанда, сақтарда металды өндіретіндер, оларды өңдейтіндер, 
қару-жарақ  соғатындар,  зергерлік  бұйымдарды  жасайтындар,  петроглифке  жазатындар, 
татуировка  салатындар  сияқты  əрбір  салада  маманданған  шеберлер  болғандығы  туралы 
атап өтіледі. Қазақтардың дүниені көркемдік тұрғыдан игеруінің ерекшеліктері зерделеніп, 
əлемнің  рəміздік  бейнелерінің  көріністері  шағын  үлгілері  көрсетілген.  Атап  айтқанда, 
өнердің  өнер  туындыларының  шындыққа  сəйкестігі  ұқсатылады.  Сандар  мен  түстердің 
түзілімінің ішкі мағынасы сарапталады жəне қазақ эстетикасының бүгінгі таңдағы жалпы-
лама бейнесі тарихи-эстетикалық тұрғыдан сарапталады.
Түйін сөздер: эстетика, Алтын адам, түс, сан, көркемдік дүниетаным.
В  данной  статье  рассматривается  художественно-эстетическое  познание  казахов.  Раз-
носторонне и открыто показывали появление историй эстетическое мировоззрение и осо-
бенности нашего народа. А именно, упоминали о существований металла производители 
и  обрабатывающий  их  человек,  сотворители  вооружений,  создатели  ювелирных  изделий, 
писатели  петроглифов,  рисующие  подобно  татуировке  и  специализированный  мастер  по 
каждой отрасли. Изучая особенности с точки зрения освоения художественного мира каза-
хов, показали примеры подходящие виду мирового символического образа. А именно, нахо-
дили соответствие реальности произведения творческого искусство. Анализирован смысл 
внутреннего реестра цифровых цветов и точки зрений историко-эстетический образ обоб-
щенный сегодняшней эстетикой казахов.
Ключевые слова: эстетика, Алтын адам, цвет, цифр, художественная мировозрения. 
This article examines the artistic and aesthetic knowledge of Kazakhs. Versatile and openly 
showed the appearance of stories aesthetic outlook and especially our people. Namely, mentions 
the existence of metal producers and the processing of their founder of weapons, jewelry creators 
, writers petroglyphs depict like tattooing and special master for each industry . Studying features 
in terms of the development of the artistic world of the Kazakhs , the examples have shown an 
appropriate symbolic image of the world . Namely, we fi nd the corresponding reality creative 
works of art. Analyze the meaning of the internal registry of digital colors and point of view of 
historical and aesthetic image synthesis today aesthetics Kazakhs.
Keywords: aesthetics, Altyn Adam, color, numbers, artistic outlook.
Эстетика  ілімі  тек  сұлулық  пен  əдемілік 
ту ра лы  емес,  сезімдік  таныммен  келіп 
түйіс етін  қайғылылық  пен  асқақтық,  ерлік 
пен  төмендік,  күлкілілік  пен  ұсқынсыздық 
сияқты  ұғымдар  жүйесін  тұтас  қамтитын 
философияның іргелі саласы. Сонымен қатар 

94
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
бұл  ілімде – үйлесімділік,  тең  өлшемділік, 
өза ра сəйкестік, бірін-бірі толықтырушылық 
тə різ ді  ыңғайластырылған  үдерістер  де  ма-
ңыз ды болып саналады.
Халқымыздың  эстетикалық  дүниетаным 
ерек шеліктерінің бір арнасы əлемді көр кем-
дік  тұрғыдан  бейнелеуде  анық  аңғарылады. 
Бұл   Қазақ  халқының  салт-дəстүрлерінде, 
əдет -ғұрпында,  діни  сенімдерінде  сырт қы  
дүниенің  келбетін,  ішкі  сырын,  бол мы сын 
рəміздік  немесе  шынайы  түрде  көші румен 
жалғасын  табады  жəне  нəзік  тұс  тармен 
көмкеріледі. Биік эстетикалық тал  ғам, өмірдің 
сұлулығын  түйсіну,  дү ние  нің  əсем дігін 
ұғыну  қазақтардың  руха ни  мə де ниетінде 
қамтылған.  Бұнда  сандық  қатынастардың 
өзіндік  реттелуі  (нумер оло гия лық),   түстер 
түзілімі,  сыртқы  пішін ге   ба сымдылық 
беретін дизайн еркін қол да ныл ған.  
Қазақ  халқының  сұлулық  пен  əсемдік, 
əдемілік пен көркемдік талғамы да жоғары. 
Оның тым көне бастаулары тұрмыстық бұй-
ым дардан, киім үлгілерінен, ат əбзелдері мен  
қару-жарақтардың безендірілуінен анық кө-
рі ніс табады. Оның тарихтағы озық ең көне 
үл гі лері  сақтардың  «аң  стилі»  деп  аталған 
өрке ниетінен  бастау  алады.  Жауынгер  ха-
лық   болған  сақтар  металл  өңдеуді  өздері 
иге ріп, сол кезеңде-ақ металл өндіретін жə-
не  өңдейтін  өзіндік  шағын  «өндіріс  орын-
да рын» орнатқан. Ендеше, олардың аң сти-
лі нің  металл  бұйымдарында  көрініс  та буы 
заңды  құбылыс.  Олай  болса,  осы  өн ді ріс-
терде  жұмыс  жасайтындар,  металды  өн ді-
ре тіндер,  оларды  өңдейтіндер,  қару-жа рақ  
соғатындар,  зергерлік  бұйымдарды  жа сай-
тындар,  петроглифке  жазатындар,  та туи-
ровка  салатындар  сияқты  əрбір  салада  ма-
ман  данған  шеберлер  болған.  Сақтардың 
бей нелеу  өнері  əсіресе,  мүсін,  безендіру, 
сəу лет,  тоқыма  өнеркəсібі  салаларында 
анық   байқалды.  Тасқа  қашап  жазатын  не-
ме се  оған  сурет  салатын  петроглифтер  ме-
талл  өңдеуден  кейін  пайда  болған.  Сақтар 
өз де рінің  дүниетанымын,  аң  стилін  тек  қа-
на   металл  бұйымдарында  қалдырған  жоқ. 
Бұн дай  стиль  мен  өнер  ағашқа  (тақтайға), 
те рі ге,  киізге  де  салынған.  Бірақ,  бұл  ши-
кізат тар уақыттың сынына төтеп бере ал май,  
бұзылып, шіріп жоқ болған. Демек, сақ тар-
дың  өзіндік  бейнелеу  өнері  жан-жақты  да-
мы ған  жəне  олар  барлық  материалды  да 
пай да ланған. Металл бұйымдары мен тастар 
уа қыт  сынына  төтеп  беріп,  өзінің  қалпын 
көп жылдар бойы сақтай алатындықтан ғана 
біз ге  тек  осы  шикізаттардан  жасалған  өнер 
түр лері жеткен.
Аңдарды  нақыштау  стилі  əлемді  хай уан  
кейпінде  бейнелеумен,  өмірдегі  қай шы-
лық тар ды  ажыратып  көрсетумен,  таби ғат 
пен  адам  арасындағы  бірліктерді,  кей   жағ-
дайларда қайшылықтарды ашып көрсетумен 
келіп шартталады. Мысалы, аңдардың айқасы 
үстінде  бейнеленген  сюжетті  өнерлер  мен 
қоз ғалыс,  шындап  келгенде,  əлемдегі  өлім 
мен  өмір,  жақсылық  пен  жамандық  сияқты 
дү ние танымдардан  бастау  алады.  Сондай-
ақ  қозғалыс  үстінде  бейнеленген  аңдардың 
көп шілігінде əлемнің, адамның, табиғаттың 
үл гісін беру басшылыққа алынады. 
Сақтардың  «Алтын  киімді  адам»  туын-
ды сының құрылымы жерлеу жоралғысы ар-
қы лы  əдіптелген.  Сондықтан,  осы  «алтын 
киім ді  адам»  арқылы  олардың  дүниетаным 
ерекшеліктері, саяси-əлеуметтік құрылымы, 
діни  танымы,  тұрмыстық  салттары  анық 
бай қалады.  Оның  басында  тымақ  тəріздес 
жел келігі бар, төбесі шошақ, биік бөркі бол-
ған.  Бас  киіміндегі  бейнелер  рəміздік-тұс-
пал дық  мəнге  ие.  Жауынгердің  бас  киімін-
де гі айналдыра тігілген «алтын таулар» мен 
«ағаштар»  дүниенің  келбетін  білдіруге  ар-
нал ған.  Тік  шаншылған,  қорамсақта  орна-
ласқандай  атуға  дайын  тұрған  алтын  же бе-
лер  күннің  сəулесі  болып  есептеледі. «Ал-
тын  киімді адамның» өзі Күн Құдайымен те-
ңестірілгендей мағынада болған. Бас киімнің 
беткі  жағындағы  алтын  жебе,  ешкі  мүйізді, 
алтын қанатты қос ат бейнесі «патшалықтың 
белгісі»  мен  əлеуметтік  беделді  жəне  асқан 
дəу леттілікті  тұспалдап  тұр.  Бас  киімдегі 
ағаш   басындағы  құстардың  көркемделуі, 
сон дай-ақ құс тəрізді бейнелер кезінде терең 
ма ғы налы  тұспалды  ойларды  жинақтаған. 

95
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
Құс — аспан мен Күннің жалпы адамзаттық 
рə мі зі. Құс күллі əлемді барлап, Құдайларға 
ға рыш шекарасын қорғауға көмектеседі де-
ген  түсініктермен  сабақтасқан.  Құстар  бей-
не сі  жоғары  əлем  рухына,  аспанға  ұшумен 
бай ланыстырылады.  Бас  киімдегі  қанаттар 
«Ал тын киімді адамның» абыздық қызметін 
дəйектейді. 
Əскери қару-жарақтағы жыртқыштардың, 
мы са лы, барыстың, арыстанның, жол ба рыс-
тың,   қасқырдың  бейнеленуі  жауынгерлік 
рух қа дем беруші жəне оның қару-жарағына 
қуат  дарытушы  күш  деп  есептелген.  Əрбір 
түс  жəне  олардың  туғызған  əсері  дүниені 
көр кемдік  түрде  пайымдаудың  маңызды 
туын дысы деп есептеледі. Киімнің қызыл тү сі 
жəне оның алтын жасауы — Күннің түс тері, 
күміс түс — Айдікі, көгілдір түс — аспан түсі 
деп есептелген. Түс – сақ дəуірінде де ерекше 
ақпараттық  құн ды лық қа  ие  болды.  Қызыл 
жəне алтын түспен бай ланысты сипаттамалар 
Құдайға жəне күй діретін Күннің буырқанған 
қуаты  мен  құдіреттілігін  бейнелегендей 
сыңай  та ныт қан.  Сақ  дəуірінен  басталған 
осындай  əсем дікті  түйсіну,  оны  көркемдік 
түрде  өнер мен   белгілеу  кейіннен  түркі 
жəне  қазақ  эсте ти ка сындағы  дүниенің 
келбеті,  адам  мен  əлем  қа тынасы  туралы 
пайымдаулар арқылы жал ғас қан.  
Ғарыш  туралы  түсініктердің  бірі – əлем 
құрылымы  мен  оның  тұтас  келбетін  біл-
діретін киіз үймен рəсімделген. Ол тұрмысқа 
қажетті баспана ғана емес, «Жер – тегістік, 
ас пан – көмкерілген  күмбез,  ортасында – 
адамдар  тіршілік  етеді»  деген  байырғы  əф-
саналық  түсінік  бойынша  құрылған  дү ние-
нің  бейнесін  (моделін)  елестеткен  көр кем 
туынды  болып  табылады.  Оның  құ ры лы-
мын дағы шаңырақ – күннің рəмізі, уықтары 
–  оның  сəулесі,  ішіндегі  тұрақты  адамдар 
– жер бетіндегі адамзаттың тіршілігінің ша-
ғын  үлгісі  болып  есептелген.  Төрт  бұ рыш-
ты  түндік – оңтүстік  пен  солтүстік,  ба тыс  
пен  шығыс  болып  құрылған  əлемнің  төрт 
бағытын меңзейді. Қазіргі уақыттарда киіз-
дің   тек  жылылық  қана  емес,  зиянды  ұсақ 
ағ за ларды  (микробтарды)  өткізбейтіндігі, 
оларды  жойып  жіберіп  отыратындығы  ғы-
лым да дəлелденген.
Табиғатты  тұтасынан  көркемдік  таным 
ая сына  сыйғызған  халықтық  эстетиканың 
түп мəнді  құбылыстарының  бірі – Тау.  Тау  
архетипінің  бізге  мəлім  көркемдік  образ-
дары  жыраулар  поэзиясындағы  көрі ніс-
терден бастап, бүгінгі күнге дейін са бақ тас-
қан  өлең  жолдарынан  немесе  қазіргі  бей-
нелеу  өнеріміздегі  таулар  суреттелген  маз-
мұндардан анық байқалады. Адамзаттың түп-
панасы үңгір архетипінен бастап, ғұндардың 
Алтайы, сақтардың Алатауы, қыпшақтардың 
Оралы болған – тау, біріншіден, тұрмыс мəн-
ді лік,  екіншіден,  биіктігі  арқылы  ғарышқа 
ұм тылған, үшіншіден, адамға асқақтық сезім  
тудыратын  арналармен  келіп  тоғыса  ала ды. 
Мы салы,  осы  таулар – арғытек  баба ла ры-
мыз дың  тіршілік  мекені  ғана  емес,  жаудан 
қор ғанудың  тиімді  табиғи  қорғандарына  да 
айналған.  Сақ  қорғандарына  назар  салсақ, 
олар  бір  қырынан  алғанда,  қайғылылық 
се зім  тудыратын  мəйіттер,  екінші  бір  қы-
ры нан  алғанда,  тауда  емес,  жазық  далада 
орна ласуы  арқылы  жаудан  қорғанудың  жа-
санды  түрде  тұрғызылған  қорғандары  іс-
пет ті.  Себебі,  жерленген  ата-баба  рухымен 
гео графиялық-физикалық кеңістік бойынша 
физиологиялық  тұрғыдан  жымдасу,  сайып 
кел генде,  психологиялық  рухтанумен  келіп 
са бақ тасады.  Сақ  қорғандары  ата-баба  ру-
хы   сіңірілген  жаудан  қорғанатын,  ішкі  мə-
ні жөнінен демеу мен жебеу беретін əс кери 
техникалық  құрал  болған.  Сақ  қор ған дары 
Үлкен  таудың  Кіші  үлгісі  іспетті  бол ған-
дық тан,  осы  қызметі  тұрғысынан  да  ұқсас 
ке  ле  ді. Ол бастапқыда архитектуаралық нұс-
қасы  мен  пішіні  жағынан  пирамидаға,  тау-
ға  ұқсастырылғандықтан  ұшы  үшкір  бол-
ған,  кейіннен,  ғасырлар  қойнауы  мен  да ла 
табиғатының əсерінен, үшкір ұшы дө ңес теніп 
аласарып кеткендігі өздігінен-ақ тү сі нік ті жайт. 
Осындай тау мен баһадүрлік рух тың байланысы  
«Ер Тарғын» жырындағы: «Бұл ғыр да, бұлғыр, 
бұлғыр тау, Бұлдырап тұр ған құрғыр тау» деген 
эстетикалық мəнді жол дардың түпмағынасы 
арқылы нақтылана түседі. 

96
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
Демек,  елдік  пен  ерліктің  таумен  тұтас-
тан  дырылған  рухы  көне  дəуірлерден  бас-
тау   алады.  Мысалы,  ғұндардың  тұтасуы, 
өр кен деуі,  сыртқы  жаулардан  қорғана  оты-
рып,  өрістеуінің  панасы  болған – Алтай 
тау ла ры.  Сондықтан  ол  бүгінгі  күнге  дей ін 
түркі халықтары үшін мынадай эс те ти ка лық 
ұғымдар  тұрғысынан  бағаланады:  қас тер лі-
лік,   асқақтық,  көнелік  т.б.  Осы  «пананың» 
кей інге тасымалданған-сабақтасқан жетілген 
үл гі сі  «тау  бөктерінде»  орналасқан  көрініс 
ар қы лы  сипатталатын  елді  мекендер  болып 
та бы лады. Мысалы, Алматы қаласы да, отан-
дық  тарихқа көз жүгіртсек, бастапқыда осы 
тау дың панасына сүйенілген көне шаһар. 
Түркі-қазақ  өнеріндегі  кейіптеудің  ерек-
ше  бір түрі – адамды кескіндеу. Бұл – өнер-
дің   мүсін,  сəулет,  қолөнер  түрлерінде  аны-
ғы рақ  нақышталған.  Соның  бірі – тор сық.  
Ол  жорықтарда,  алыс  сапарларда,  шару а-
шы лықта, əсіресе, аттылы адам қолданатын 
ұлт тық  бұйым.  Оның  ер  мүсіндік  пішіні 
–  түр кі-қазақ  ұрпағының  мінез  бейнесіндегі 
ержүректілікпен,  рухтанушылықпен  ке ліп    үн -
десе алады. Демек, ол жай ғана ер  а дам бей несі 
емес, түркінің өршіл рух ты  ұл да ры ның келбеті. 
Себебі,  аттылы  жо рық  тағы,  алыс  сапардағы 
адам  үнемі  өлім  мен   өмір дің   арасындағы 
«шекаралық  жағдайлы»  кейіп те  болады.  Осы 
шекаралық  жағдайда  қол да нылатын  торсық, 
адамның  ішкі  пси хо ло гиялық  дүниесімен 
келіп  түйіседі.  Ен деше,  торсық  арқылы  түркі 
ұлы өзінің ру хын таниды, қайталайды, өзін-өзі 
біре гей лен ді ре ді,  қайтадан  ашады.  Мысалы, 
торсықтың тіп ті үйдегі болсын, жай ғана көрінісі 
соғыс жағ дайындағы немесе бейбіт кездердегі 
аса төзім ділікті, тəуекелшілдікті қажет ететін 
–  Жорықтарды  еске  түсірген.  Торсық  жай 
ға на  адам  емес,  толыққанды,  денелі,  алып 
тұл ғалы  жауынгерді  көшірмелеуден  туған 
көр кемдік танымдық бейне. Ендеше, ол күн-
делікті тұтынатын бұйым, сəт сайын кез де-
се тін  айғақ  болғандықтан,  келесі  кезекте, 
жас   ұрпақты  осындай  рухта  тəрбиелеудің 
кө рі ністік құралы да қызметін атқарған. 
Сонымен қатар торсық жалпы көшіп-қону 
үшін  нақты  қолданбалы  бұйым.  Торсықты 
ойлап табу, оны пайдалану бұндай өмір үшін 
қажетті болғандықтан шығарылған. Ол қилы 
за манда, əсіресе, жаздыгүні шөл қысқан сəт-
тер де  талайлардың  өмірін  сақтап  қалған 
ыдыс, оған жете алмағандар бір торсық су-
сын ға зар болып о дүниеге де аттанған. Ен де-
ше, торсық тек жай ғана адам мүсініне елік-
теу дің  үлгісі  емес,  көшпелі  өмірдің  нақты 
жə не тұтас бейнесін көз алдымызға келтіре 
ала тын көне эстетикалық бұйым. 
Осы  тұста  эстетиканың  ерлік  ұғымы  ай-
шық талады. Ұлттық дүниетанымдағы дү ни е -
ге ер бала келу қуанышының неліктен қыз ба-
ла ға қарағанда басымдау болғандығы – оның 
туыс тық  жағынан  ұрпақ  жалғастығының 
ке пі лі  екендігінен  ғана  емес,  болашақта 
жау ын гер  қатарын  толықтыратындығымен 
бай ла нысты.  Жаугершілік  замандағы  ұрыс-
тар да ғы  шығындалған  əскердің  орнын  тол-
ты ру,   оның  жетіспеушілігін  (дефицитін) 
жою,   қалың қолдың сан мен сапасының бір-
лі гін қамтамасыз ету, сайып келгенде, ер лік  
пен  елдіктің  тұғырлылығын  сақтау  қа шан-
да  ер  балаға  деген  сұранысты  мо лайт ты. 
Сондықтан  «шекесі  торсықтай  ұл   туды» 
деген  қуаныштың  мəні – таза  өмір мəн ді лік 
философия болумен қатар дала эсте ти ка сы-
ның көрінісін білдіреді жəне оны да тор сық-
қа  балайды.
Шығыстық,  Түркілік,  Қазақтық  өнерде 
тек  ер адамды мүсіндеу емес, əйелді кей іп -
теу  де  орын  алған  дəстүр.  Құмыра,  шəу гім 
сияқты  бұйымдар  нəзік  жандылар  қол да-
на тын  құрал  болғандықтан,  сыртқы  пішіні 
жағынан ұқсастырылып жасалған. Мысалы, 
шəу гі мнің  шүмегі  мен  тұтқасы  оның  екі 
қолы ның қимыл қалпын білдіреді. Ал қымыз 
құя тын  қос  ожау  əйелдің  екі  анарының  рə-
міз дік  көрінісі.  Ал  мойны  ұзынырақ  құман 
ақ қу  мен  қаздың  кейпіне  еліктеуден  туған. 
Сон дықтан  қазақтар  оны  кейде  «аққұман» 
(ақ қу) деп те атаған.
Байырғы түркі-қазақтардағы адамды жер-
леу дің  сақ  қорғандарынан  кейінгі  көрінісі 
– бал балтастар. Нақтырақ айтқанда, ол құл-
пы тас емес, құлпытас ислам дінінің адамды 
кей іптеуге  тиым  салуынан  туындаған  бал-

97
ҰЛТТЫҚ ТАРИХ
бал тастың «жұмсартылған» бейнесі. Бұл да 
көш пеліліктің  əлемге  əйгіленген  көркемдік 
бей нелерінің  бірі.  Балбалтастар  түркі  хал-
қы ның  өмір  сүру  аймағын,  шекарасын  бел-
гі ле ген. Халық көшпелі болғандықтан, оның 
сол   сəтте  сол  елсіз  далада,  өзі  болмаса  да 
жа пан  түзде  өмір  сүріп  отырғандығының 
ке пі лі  болған  балбалтастар,  мүсін  өнерінен 
гө рі өзіндік бір ансамбльдерді құрауы ар қы-
лы сəулет өнерінің ескерткіштеріне кө бі рек 
ұқсайды. Демек, балбалтастардың ай да ла да-
ғы тұрысының өзі сол кездегі жаулары мен  
басқа да көршілес халықтарға «бұл – біз дің 
еліміздің мекені» деген ниетпен өз ше ка ра-
сын да белгілеген. Сонымен қатар олар кең  
елсіз  сахарадағы  бағдар  мен  бағытты  біл-
дір ген.  Шексіз  даланы  кезген  əрбір  қазақ 
олар дың  əрбіреуінің  орналасқан  жерлерін 
тұс палдап  білген.  Əрбір  рудың  да  аймағы 
мен  мекен етіп отырған жерлерін бағдарлау 
үшін  қажетті  белгі  ретінде  де  орнатылған. 
Бү гін гі күні де қандай-ма бір географиялық 
кеңіс тікті сипаттауда «пəленшенің мəйітінің 
қасында», «түгенше  мазарының  тұсында» 
де ген  нақтылайтын  сөздердің  қолданылуы 
кө не  дəуірлердегі  кеңістікті  бағдарлаудың 
үл гісі ретінде бізге келіп жеткен. Себебі, сай-
ын далада бұдан басқа тұрақты жəне нақты 
нысандар көп емес. Балбалтастар – үнсіздік, 
тұрақтылық,  мəңгілік,  тылсымдық  сияқты 
та за  эстетикалық  сапаларды  иеленеді.  Бұл 
са палар халқымыздың тұтас тарихының ку-
əсі, өмірдің өткіншілігі мен дүниенің жал ған-
дығын қайталап еске түсіріп отырудың шы-
найы көрінісі. Сондықтан түп төркіні қай ғы-
лылық тудыратын балбалтастар, өзінің қас-
терлілігі  мен  көнелігі  арқылы  асқақтай  тү-
се ді. Бұл тұстағы үнсіздік тек сыртқы пішін, 
ал  тұтас тарихтың, талай өлім мен өмірдің, 
қуа ныш пен қайғының куəсі болған бұл үн-
сіз діктің астарында бізге айтар көп сыр бар, 
де мек,  оның  өзі  əлі  ашылмаған  құпия  бір 
тұ тас  мəтін  іспетті.  Ал  мəңгілікке  тұрақты 
ес керткіш  қалдыруға  аса  көңіл  аудару  əлем 
халықтарында  да  кездеседі,  кейіннен  қазақ 
халқында да ол дəстүр мазарлар, мəйіттер т.б. 
сияқты  архитектуралық  өнермен  жалғасын 
тапқан.  Балбалтастардың  нақышталуы  мен 
көр кемделуінің өзі терең көркемдік танымды 
біл діреді.  Оның  кейбірінде  оң  қолына  құс, 
сол  қолына тостаған ұстаған адам кейпі бар.  
Құс – ғарыштың,  тостаған – су  мен  жер дің 
рə мізі  ретінде,  ал  адам  шынайы  бей не  тү-
рін де  өрнектеліп, «ғарыш-адам-жер»  үштік 
құрылымының үйлесімділігін сипаттайды.
Қазақ өрнектерінің ішіндегі орталық бей-
не лердің бірі – «қошқар мүйіз» деп аталатын 
ою. Бұл – бүгінгі күні де халқымызда Қазақ 
ұл тының руханияттық «бренді» ретінде əй-
гі леніп жүр. Тым көне əлемдік əфсаналарда 
мүй із фетиші қазақ халқында да – жігер мен 
қуаттылықтың,  күш  пен  намыстың,  қа ру 
мен  айланың  т.б.  тұтастандырылған  жиын-
тығы болып табылады. Мүйізге ұқсас түр лі 
бейнелер  мен  заттар  ертеде  дəстүрлі  салт-
жоралғыларда  кең  түрде  қолданылған,  бай-
рақ   ағашының  ұшында  да  киелі  белгілер 
ре тінде  пайдаланылған.  Сондықтан  қошқар 
мү йіз,  бір  қырынан,  айбарлылық  пен  қа-
һар ды  рəміздейтін  бейне  болса,  екінші  бір 
қырынан,  əсемдік  пен  сұлулықты  қам тып 
жатады. Барлық мүйіздерді шақша, пы шақ-
тың   сабы  сияқты  тұрмыстық  бұйымдарда 
қол данады. Ал қошқардың, арқардың мүйіз-
де рі  өзінің  басқалардікіне  ұқсамайтын  ора-
тыл ған  ерекше  көрінісі  арқылы  диа лек ти-
ка да ғы  шиыршықталған  (спираль)  дамуды 
елес те теді, олай болса, оның формалық бей-
не сін дегі  ою  да  қозғалыс  пен  өркендеуді, 
ша рықтау  мен  өрлеуді  ниеттеуден  туған. 
Мысалы, күнделікті тұрмыста қолданылатын 
ақ пен қара кезектесіп келетін ала арқан қа-
рама-қарсылықтың бірлігі мен күресі заңы-
ның мазмұнын сипаттауға келіп саяды. Əлем-
дегі  ақ  пен  қара,  жақсылық  пен  зұлымдық, 
күн мен түн сияқты кереғар құбылыстардың 
қатар келуі жəне олардың өзара тең екендігі, 
екі тараптың да жойылып кетпейтіндігі т.б. 
бар лығы – осы өрілген ала арқанның екі ті-
ні не  сыйғыздырылған.  Себебі,  ақ  пен  қара 
тін   əлемдегі  қарама-қарсы  жақтар  сияқты 
бір-бірінен  ажырап  кетпейді,  кезектесіп  ке-
ліп  отырады,  бірін-бірі  толықтырады  жə не 
екі  арна  арқылы  құрасады.  Бұл  да  дүниені 

98
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
көркемдік  тұрғыдан  игерудің  ұлт тық  
бейнесі,  екінші  бір  қырынан  алғанда  тұр-
мыс қа қажетті бұйым, үшінші бір қырынан 
фи лософиялық  мағыналы  құбылыс  болып 
келеді.
Тек қолөнер мен сəулет, мүсін ғана емес, 
хал қымыздың  музыкалық  аспаптары  мен 
олар дың  дыбыстары  да  сыртқы  əлемнің 
көшірмесін  қамтасыз  ете  алады.  Мысалы, 
дүние дегі аттың шабысы, адамның жүрісі т.б. 
ырғақтардың бəрін – домбыра үніне жинақ-
тап,  түйенің  боздауы,  аққудың  саңқылы 
сияқ ты  үндерді – қобызбен  нақыштап, 
қамыс тың  гуілі  сияқты  дыбыстардарды – 
сыбызғымен  бейнелеген  көркемдік  таным, 
сəйкесінше, адамның үш түрлі көңіл-күйіне 
бағдарланған: домбыра – жігерлілік пен қуа-
ныш, қобыз – мұңлылық пен қайғы, сыбызғы 
–  сабырлылық  пен  ойлылық.  Қобыздан  да  
ша быт ты  үн,  домбырадан  да  көңілсіз  əуен-
дер ойналуы мүмкін, дегенмен, ол аспап тар-
дың əуел бастағы пайда болуынан осындай 
ың ғайлар байқалады. 
Сондай-ақ қазақ халқында əрбір сан өзін-
дік  тылсым мағыналықты, қасиеттілікті біл-
дір ген.  Бір  саны – жалғыздық  пен  қастер-
лілік  (жапандағы  жалғыз  терек,  бақсының 
жал ғыз  мəйіті  т.б.),  екі  саны – жұптық, 
қара ма-қарсылық  (жұптасып  өрілген  арқан, 
жанұя дағы  ер  мен  əйел),  үш  саны – əлем 
құры лымы, кез-келген нəрсенің екі шеті мен  
ортасы (ертегілердегі үш ұл, теректің: ға рыш, 
жер  беті,  жер  асты  бейнесі  т.б.),  төрт  са ны 
– киіз үйдің түндігінің төрт бұрышы, «төрт 
құбыласы түгел», «төртеу түгел болса тө
 
бе-
де гі келеді» деген сияқты мəтелдер арқылы 
дəй ек теледі,  бес  саны – бес  уақыт  намаз, 
бесе не ден белгілі, əлемнің төрт бұрышы жə-
не ортасы, алты саны – алты алаш, алты ба-
қан, «алыстан алты жасар бала келсе, ал пыс-
та ғы шал барып сəлем береді» деген мəтел-
ден анық байқалса, жеті саны – жеті қазы на, 
жеті қат көк, жеті түрлі тағамнан дайын дал-
ған наурыз көже, жетіген аспабы, сегіз саны 
– се гіз қиыр шартарап, сексен сегіз мың ға-
лам болып жалғаса береді де, 40, 41, 90, 99 
сан дары мен тəмамдалады. Мəселен, ханның 
қырық уəзірі, «қырық қыз» туралы аңыз, нə-
рес тенің  қырқынан  шығуы,  қырық  күндік 
қа де, қырық бір құмалақ, тоқсан ауыз сөздің 
то бықтай түйіні т.б. осының айғағы.
Сондай-ақ қазақ халқының көркемдік дү-
ние та ны мында  түстер  ерекше  мағынаға  ие 
бол ған жəне оны оңай ажырата білген. Мұны 
жыл қы  малының  сансыз  көп  түрлерінен 
бай қау ға  да  болады.  Əрбір  түс  терең  мəнді 
біл дір ген. Қара түс – қайғы мен мұң (қа ра  
жамылу,  қаралы  үй,  қара  қағаз  т.б.);  қуат-
ты лық пен жігер (қара нар, қара дауыл, қа-
ра  құрым  т.б.);  қарапайымдылық  пен  шү-
кір шіл дік  (қара  нан,  қара  жер,  қара  қатын 
т.б.); қастерлілік пен киелілік (Қаратау, қара 
бақ сы т.б.); көптік (қара қытай қаптау, қара 
халық); жамандық пен зұлымдық (қара ниет, 
«қа ра» дегені қарғыс); сары түс – қайғы мен 
мұң  (сары уайым, сағыныш); қастерлілік пен  
асқақтық  (сары  дала,  сары  алтын);  қарт тық  
пен көнелік (сары күз, сарғая күту); ты ныш-
тық пен шүкіршілдік (сарыжайлау, сарытау, 
сары  қымыз);  шағындық  пен  ықшамдылық 
(сары өзек (өзенше деген мағынада); қызыл 
түс – қастерлілік (отпен аластау); жігер мен 
шабыт (от, қыз-ығу, қозу-у, қыз-у, қызыл түл-
кі); мазасыздық пен үрей (қыз-ару); ойлылық 
пен сабырлылық (қызыл іңір, қызыл қыр); ақ 
түс – адалдық пен тазалық (ақ адал еңбегі, 
сүт тен ақ, судан таза, ақ киімді Қызыр ата), 
кең дік  пен  көлемділік  (алты  қанат  ақ  орда, 
Ақ сай) т.б. осындай əрбір түстің терең жəне 
көп жақты, астарлы мағынасы болған.
Бүгінгі таңда да адамның  «жан-рух-тəн» 
сұлу лы ғын  жəне  олардың  үйлесімділігін 
бір лік те  қарастырған  жөн.  Себебі,  адам да -
ғы жалаң сыртқы сұлулық өзінің толық қан-
ды  мағынасын  аша  алмайды.  Мəселен,  қа-
зақ  дүниетанымындағы  перінің  сұлу  қы зы,  
күндізгі сұлу қыздың түнде жыланға ай нал-
ғандығы  туралы  т.б.  осы  сарындас  əфса на-
лар дың  рəміздік,  тұспалды  көріністерінің 
түп кі  мағыналарына  үңілсек,  сыртқының 
ішкі ге сəйкес келмеуінің нақты тəжірибелік 
мыса лы бізге үлгі өнеге аларлық мұра болып 
табы лады. Ал ер адам сұлулығы басқа пара-
метр лермен өлшенген: «ішкі рухани қуаты-

99
көр кем  мінезі-қаһары»  бірлікте  болуы  тиіс  
деп  есептелген.  Мəселен,  бұдырайған  екі  
шекелі, қақпақтай жауырынды т.б. Ал əйел-
дің көркемдігі сияқты əспеттелген бет пі шін  
аса  бағаланбаған,  кей  уақытта  əйел  бол мы-
сы на жуықтатылып кері мағынаға ие болған. 
Қазір гі  заманғы  қазақтың  жас  азаматтары 
осы ны да ескеру керек. 
Батыс елдеріндегі сұлулық көп жағдайда 
қа зір  прагматизм  аясына  енгізілген:  тиім-
ді лік,   көзбояушылық,  алдамшылық,  фор-
ма ға  басымдылық  берушілік,  икем ді лік,  
инстинктерді  еліктірушілік,  пайда  келтіру-
ші лік т.б. жағымсыз мəнді бейнелесе, нақ ты-
лық,   дизаин, классикалық өнер, техникалық 
да му  сияқты  салаларда  жағымды  болып 
елес те тіледі.  Осыдан-ақ  ұлттық  көркемдік 
та ным  қалай  қалыптасуы  қажет  екендігі 
анық байқалады. 
Сондықтан, біріншіден, «батыста бəрі ке-
ре мет, олардікі не істесе бəрі мүлтіксіз ақи-
қат» деген біржақты пікірді жою керек, екін-
шіден,  көрсеқызығарлықтан  арылып,  па ра-
сат ты пай ымдай білуге, жақсы мен жаман ды  
айыруға,  ұлттық  бағдарға  мүлде  жат  түсі-
нік тер ден жиіркендіруге жұмыс жасауымыз  
қа жет. Үшіншіден, ұлттық эстетикалық құн-
ды лық тардың тек жай ғана өткеннің сарқын-
шағы мен тамашалауға арналған тарихи экс-
понат емес екендігін,  қазақ ұлтының қазіргі 
болмысы  да  олармен  тікелей  байланысты, 
тіпті соған тəуелді екендігін түйсінуді басты 
мақсат  етіп  қоюға  тиістіміз.  Төртіншіден, 
эстетикалық таным белгілерін бүгінгі нақты 
өмірге  қолданудың  жолдарын  құру,  оған  не 
кедерге болып отырғандығын табу жəне оны 
жою  да  басты  шаралардың  бірі  болмақ.  Ол 
үшін кейбір шараларды жастардан ғана емес, 
ересектерден де бастау қажеттігі туындайды. 
Осы орайда, біз бен сізге, əсіресе, еліміздегі 
психоаналитикалық  мамандарға  ауыр  жүк 
түседі. Себебі, ендігі заман, психикаға шабу-
ыл  заманы,  əр  түрлі  идеологиялардың  пси-
хо ло гиялық  күресі  дəуірі,  психотранстық 
ық пал  ету  белең  алып  келе  жатқан  кезең 
екен дігін түсінетін уақыт келіп жетті. 
Алтын адам
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ

100
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет