ƏДЕБИЕТТЕР
1 Бұл мақалада қазіргі кезде тəрбие жұмысына назар аударылып, ұлтжанды ұрпақ
тəрбиелеу мəселесі бүгінгі күннің басым бағыттарының біріне айналып отырғандығы жай-
лы айтылады. Сонымен бірге, ең бастысы -Бəмішұлы Б. Ұрпақ тəрбиесі – ұлт тағдыры. –
Қазақ тілі мен əдебиеті, 2005ж.
2 Жалмағамбетова Б. Ұлттық мектеп – ұлттық болмыс ортасы. – Қазақстан мектебі,
№3. 2005ж.
3 Қожахметова К. Ұлт тағдыры мен қыз бала тəрбиесі – біртұтас. – Ұлт тағылымы,
№2. 2005ж.
4 Оразбекова К. Тіл – ұлттық сана-сезімнің теориялық-əдіснамалық негізі. – Ұлттық
психология мен халық тəрбиесі болашақтың бастауы хақында, 2000ж.
5 Тойлыбаев Б. Ұлттық тəрбиеде жеке тұлғаның қалыптасуы. – Ұлт тағылымы, №2.
2004ж
6 Төлешова Ұ. Ұлттық тəрбиенің ерекшеліктері. – Ұлағат, 2000ж.
106
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
ƏОЖ 74.2 355.
Қ.Ə. Қаражанова
Атырау облысы Исатай ауданы Тұщықұдық селосы
Ж.Мырзағалиев орта мектебінің жоғары санатты кітапхана меңгерушісі
ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫНЫҢ ҚАһАРМАНДЫҚ БЕЙНЕСІ АРҚЫЛЫ ЖЕКЕ
ТҰЛҒАНЫҢ ОТАНСҮЙГІШТІК ҚАСИЕТТЕРІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ МОДЕЛІ.
Бұл мақалада қазақ батырларының қаhармандық бейнесі арқылы оқушылардың
отансүйгіштік қасиетін модельдеу жазылған.
Қазақ батырларының бейнесі тұлғаның отансүйгіштік қасиеттерін модельдеу 3-бөлімнен
тұрады. Кіріспе бөлімде: бар күш-жігерімен қайратын жұмсайтын отаншыл азаматтарды,
яғни , нағыз патриоттарды тəрбиелеп шығару көзделген. Негізгі бөлімде: батырдың ерлігі
мен қаhармандық бейнесі, отансүйгіштік қасиеттерді жинақтау моделі қамтылған.
Ал еліміздің ұлттық құндылығын, тұтастығын, бүтіндігін аман сақтау, жас ұрпақты осын-
дай жоғары рухта тəрбиелеу –бүкіл қоғамның, ұстаздар мен ата - аналар баршасының басты
парызы. Ата-бабаларымыздың ата-салтымен, дəстүріміздің қанымызға сіңіп кеткен ұлттық
тəрбиенің болашағымызды тəрбиелеуде атқаратын ролі зор. Қазақ жұрты ұлттық тəрбиеге
жіті мəн берген. Жас ұрпақты Отанын сүюге, аялауға, құрметтеуге, оған адал қызмет ету-
ге тəрбиелеу- ұлттық тəрбиенің көрінісі орта мектептің оқу-тəрбие үрдісіне негізделген
педагогикалық тəжірибе жұмыстарында ұлттық құндылықтарымызды қазақ батырларының
қаhармандық бейнесі арқылы оқушылардың бойына отансүйгіштік тəрбиені қалыптастыру
туралы айтылған.
Түйін сөз: Қаhарман, қайсар, жігерлі, батыл, өткір, намысты,
В статье рассматривается моделирование любви к родине учеников через героические
роли казахских батыров.
Моделирование любви к родине казахских батыров состоит из трех частей. Во введении:
рассматривается вопросы воспитания граждан любящих родину, защищающих ее всеми си-
лами, то есть настоящих патриотов своей родины. В основной части: составлена модель
совокупных свойств батыров, их героизм.
Защита целостности, сохранности национальной ценности страны, воспитание молоде-
жи в таком высоком духе – это главная обязанность всего общества, учителей и родителей.
Огромна роль воспитания будущего поколения на основе национального воспитания,
обычаев и традиции предков. Казахи предавали большое значение национальному воспи-
танию. Воспитание у молодежи любви к родине, чтить память, служить ему честно – это
характеристики национального воспитания.
В педагогической практике средней школы в основе учебно- воспитательного процесс
лежит формирования у школьников любви к родине через национальные ценности.
Ключевые слова: Героический, герой, устойчивый, сильный, острый, честолюбивый
Modeling love is considered In article to native land pupil through heroic dug the kazakh batir.
Modeling love to native land kazakh batir consists of three parts. In introduction: is considered
questions of the unbringing the people loving native land, protecting her(its) all power that is to
say persisting patriot of its native land. In the main part: is formed model total characteristic batir,
their heroism.
Protection to wholeness, safety of national value of the country, education youth in such high
spirit - a main duty whole society, teachers and parents.
107
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
The Enormous role of the unbringing the future generation on base of the national education,
custom and traditions limit. The Kazakhs betrayed big importance national education. Education
beside youth love to native land, honour the memory, serve him honestly - a features of the na-
tional education.
In pedagogical practical person of the secondary school in base scholastic- vospitatel process
lies shaping beside schoolboy love to native land through national value.
Keywords: Heroic character, steady, strong, sharp, ambitious
Бұл мақалада қазақ батырларының қаhар-
ман дық бейнесі арқылы оқушылардың отан-
сүй гіштік қасиеттерін қалыптастыруда, оқу
-тəрбие үрдісінде, жеке тұлғаның бой ында
рухы мықты, адамгершілік нор ма лар ды
бойына сіңірген теориялық моделі ай ты-
ла ды. Жеке тұлғаның қоғамдық ортадағы
қалып тасуы негізінен бірнеше факторлармен
си пат талады.
Ер тең гі күн табалдырығын ата-ба ба ла ры-
мыз айтқандай, «Ел болам десең, бесігіңді
тү зе». Осы тұрғыдан алғанда əр азаматтың
өзін-өзі жас ұрпақ алдында ұнамды жағынан
көр сете білуге талпынудың болашағымызға
се німді болуға қосар үлесі мол. Тілімізге,
дінімізге қайта мойын бұрған кезеңде ұлы
көшке тосқауыл болар көп кедергі болғаны
белгілі. Болашақ ұрпағымыздың ең асыл мұ-
ра – өз ана тілін білмеуі, салт дəстүрден бір-
те-бірте қол үзіп бара жатқандығы, əке-ше-
ше сін, ата-əжесін, бауыр еті баласын тастап
кету, жетімсірету сияқты қатігездіктің, арақ
ішу, наша тарту, зорлық-зомбылық, ұр лық
жасау сияқты жағымсыз қасиеттерге бой
алдыруы, өз пікірі жоқтық, біреудің айт қа-
ны на көнгіштік, табансыздық т.б. сүреңсіз
іс-қылықтардың етек жайып еркінси бас-
тауы. Мұның бəрі адамгершіліктен жұрдай
бо лу ға жетелейтін əдеттер. Осы қауіптен
құты лудың, жіберілген кемшіліктен ары лу-
дың жолы қандай? Бұған негізгі жауап хал қы-
мыздың даналықпен жасаған ұлттық дəс түр-
салттарын тəрбие ісінде кең пайдалану, олар-
ды жас ұрпаққа үлгі етіп ұсыну. Жан дан ды-
рып, насихаттап, үйретіп, тəрбие мə се ле сінде
кеңінен пайдаланып отыруымыз қажет.
Қазақтың патриоттық, отансүйгіштік тəр-
биесі-тереңнен тамыр тартқан, халқымыз-
дың сан ғасырлық болмысының, дүние та-
ну көз қарасының ақыл-ойы мен салт-дəс-
түр, мəдениетінің көрінісі. Осыларды бой ға
дарытпайынша, келер ұрпақты пат риот тық
отансүйгіштік тəрбиеге лайықты қалып тас-
тырмайынша, алтын бесік елін, кіндік кес кен
жерін қорғайтын жəне осы мақсат жо лында
бар күш-жігері мен қайратын жұм сай тын
отаншыл азаматтарды, яғни, нағыз пат риот-
тар ды тəрбиелеп шығару мүмкін емес.
Туған халқымыздың өткен тарихына көз
жі берсек, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін
кө реміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып, қа-
зақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-
бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің ар қа сы.
Тарихи мəліметтерден байқайтынымыз,
жоң ғар шапқыншылығы кезі мен одан бер-
тіндегі ұлт - азаттық көтерілісін алып қарасақ,
ондағы батырлардың ешқайсысы бүгінгідей
жүй елі патриотизмге тəрбиелеудің тезіне
са лынбаған. Бірақ елін, жерін, Отанын қор-
ғаудан жанын аяп қарап қалмаған. Осындай
тарихи тəжірибелерден сол кездегі отбасы
тəр биесіндегі отансүйгіштік сезімнің қалып-
тасуына ата-ана, ауыл- аймағының ықпа лы-
ның күшті болғанын көреміз.
Ата-бабаларымыздың ата-салтымен, дəс-
тү ріміздің қанымызға сіңіп кеткен ұлттық
тəр биенің болашағымызды тəрбиелеуде ат қа-
ратын ролі зор. Қазақ жұрты ұлттық тəрбиеге
жіті мəн берген. Жас ұрпақты Отанын сүюге,
аялауға, құрметтеуге, оған адал қызмет етуге
тəр биелеу-ұлттық тəрбиенің көрінісі.
Отанын сүйетін адам əрдайым оған адал
қыз мет етеді. Отансүйгіштік қасиет деген
де осы. Əр халықтың өзіне тəн ұлттық тəр-
бие сі бар. Ұлттық тəрбие Отанды сүюден
бас та лады. Дүние есігін ашқаннан бері өз
табиғатының сұлулығына қандырып, өзі нің
таза суымен, адал ақ нанымен, ұлы кең бай тақ
даласымен күйге бөлеп отырған Отан-Ана ны
ешқашан мақтанарлық емес деуге бол майды.
108
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
Отанды сүю отбасынан басталады. Себебі,
отбасы-Отанды құраушы Кішкене бөлшегі.
Ұлы тəрбиелердің бастауы ата-ана тəрбиесі.
Ата-анадан жақсы тəлім-тəрбие алған балада
отансүйгішгіштік қасиет болады.
Жалпы кез-келген адам соғыс іс-əрекет-
те рінде немесе басқа жағдайда ерлік, отан-
шыл дық істерге бару үшін оған алдымен
ру хани жағынан дайын болуы тиіс. Өйткені,
отаншылдық іс-əрекетке ішкі жан-дүниесі,
сана-сезімі дайын болмаса елі мен жері үшін
жанкештілікке баруы екі талай. Бұл жерде
ата тектен келе жатқан ұлттық болмыстағы
пат риотизмнің орны бөлек.
Бүгінгі Қазақстан жағдайындағы ұлттық
патриотизмнің басты көрінісі – қазақтың ана
тілінде сөйлеуі, балаларына ұлттық тəрбие
беруі, ұлттық мінез, жүріс-тұрыстарын қа-
лып тастыру, ізет, құрмет, мейірім, т.б. се зім -
де рін дамытуы.
Б.Момышұлының еңбектерін оқи отырып
оның шығармашылығынан патриоттық тəр-
бие нің қайнар көзін табатынымыз айқын.
Пат риот тық сезімнің қайнар көзі – Отан де-
сек қателеспейміз.
Қазіргі кезде қоғамдық əлеуметтік жағ-
дай дың жаңаруына байланысты білім мен
тəрбие берудің де жаңаша бағытта қа лып та су-
ында жеке тұлғаның «бəсекеге» қабілетті бо-
луына талап- міндеттер қойылуда. Мұ ның өзі
сана-сезімі жетілген, жан-жақты, елін, жерін,
Отанын қорғай білетін, мем ле кет тік рəміздерді
қасиет тұтатын тұл ға ны тəр бие леуді негізге
алатын басым ба ғыт тар дан тұ ра ды.
Отансүйгіштік тəрбие берудегі басты
мақ сат жеке тұлғаның бойында рухы мық-
ты, адамгершілік нормаларды бойына сі-
ңір ген, отансүйгіштік қасиеттерді қа-
лып тастыру болып табылады. Ғалым
Н.Елікбаевтың пікірінше: «біріншіден, тари-
хи қалыптасатын, ұлттық өмір сүру ізімен
жалғасқан дəстүрлі қасиет болғандықтан,
ұлттан тыс бола алмайды; екіншіден, кез-
келген ұлтқа еңбек сіңірген өзге ұлт өкілдері
сол ұлтқа бүтіндей беріле алмайды; үшініден,
отансүйгіштік сезімді тек биологиялық деп
қа рау ғылымға жат нəрсе, оны жануарлардың
ин стинктімен шатастыруға болмайды. Отан-
сүй гіштік қасиет биологиялық емес, ол та-
рихи, саяси əлеуметтік, идеологиялық дəс-
түр лі, күрделі құрылым».
Демек, жеке тұлғаның қоғамдық орта да-
ғы қалыптасуы негізінен бірнеше фак тор ла-
р мен сипатталады. Яғни, сапалық отан шыл-
дық сезім жəне мінез-құлықтық тұрғыдан
түсіндіреміз. Мұның өзі оқу-тəрбие үрдісінде,
отбасында, дос-жарандарының арасында,
т.б. ортада жүреді. Əдетте, отбасында қазақ
батырларының қаhармандық бейнесі арқылы
отансүйгіштік тəрбиені қалыптастыруда ата-
бабаларының ерлігін шежіре тұрғысынан
жеткізудің тəрбиелік мүмкіндігінің маңызы
зор.
Қазақ батырлары туралы мағлұмат беру-
дің өзі тарих қойнауындағы ірілі-ұсақты
қақ тығыстарға байланысты келіп шығады.
Себебі, батырдың өзі соғыс майданында ерлі-
гімен, күшімен, қайратымен көзге түскен жə-
не өзін іс-əрекетімен көрсете білген фигура
деп түсінген жөн. Оның мəнісін түсіндірер
болсақ, батыр атағы тектен-текке берілмейді
жəне оның қазақ қоғамында өзіндік мəртебесі
болған: «Батыр (парсы тілінен аударғанда
– бахадур-ержүрек, батыл, батыр)- əскери
өнер ді жақсы меңгерген, жау түсірер ерлі-
гі мен ие болды», - дейді. Яғни батырдың
ер лі гі мен қоса қаhармандығына да көп мəн
беріліп отыр. Оның бір айғағы батырдың
кү ші мықты, ер болғанын өзінде де оның
қа hар ман, айлалы, бауырмал, дұшпанына
қа тал, достарына адал, т.б. секілді қасиеті
бо луы қажет. Осындай қырларына бай ла-
ныс ты батырларды ұлтымыз құрмет тұтқан
жə не ерліктерін аңызға айналдырған. Ал
«Қаhарман (араб, парсы тілдерінде – құ-
ді рет сөзінен шыққан) 1. Алдына келгенді
қа hар лы сұсымен имендіретін, суық түсті,
ай бынды батыр. Араб, иран тілдерінен ауыс-
қан қиссаларда «қаhарман» сөзі батыр ұғы-
мы на эпитет ретінде айтылған. 2. Көркем
əде биеттегі герой ұғымының баламасы» деп
ай тылады. Бұл анықтамада «суық түсті»,
«қаhарлы сұсымен» дегенде батырдың тұр-
тұр патын көрмей жатып-ақ дұшпанының
бойында үрей сезімі қалыптасатындай бо-
лу ы тиіс. Əдетте, эпостық жырларда, ерлік
шы ғар маларында өзгелер осындай айбынды
батыр лардың қаhарынан қорыққан жəне
109
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
олар дұшпанына аян беріп, тіпті оны түсінде
оны жеңіп, қорқыныш ұялататын болған.
Мы салы, Тайшық ханның түсіне Алпамыс
ба тыр кіріп, аян береді.
Шығармада:«Арыстандай айбатты, жол-
ба рыс тай қайратты бір жас батыр келіп ел
жұр тымды қырып, қаламды жауға көміп,
қақпамды қанға малды. Басымнан тəжімді,
бауы рымнан жарымды тартып алды. Ай дар-
лымды құл қылды. Ел – жұртымның тоз-то-
зы шыққан соң, қабырғам сөгіліп, қасірет
ше гіп, еңіреп жүр екенмін»,-деп айтылады.
Бұл түсті жорудың өзі де рухани өмірмен
бай ланысты болып отырады. Демек, қа hар-
мандық – адамның жеке басының жігер мен
ерлікті, батылдық пен табандылықты, қажет
болса жанын құрбан етуді талап ететін,
қоғамдық маңызы зор, халық бұқарасының
мүдделеріне жауап беретін іс-əрекет екенін
байқаймыз.
Сондай-ақ, кейбір батырлық шығара ма-
ларда «қас батыр» деген теңеулер де к ездесіп
отырады. Оның мағынасы «ешбір қауіп-
қатерден қаймықпайтын, өз күшіне сенген
қа hарман батыр». Қазақ əдебиеттерінде ба-
тырларды зерттеуде жиі қолданылатын нағыз
батыр деген ұғым. Яғни, алдындағы ешбір
ке дергіден қаймықпайтын, қажет болса сол
жолда құрбан болатын батырды айтамыз.
Батырлардың қоғамдық-əлеуметтік орны да
ерекше, ол мал мен дүние жимайды, тек қана
елін, жерін қорғайтын болған.
Мектеп оқушыларына батырлардың қаhар-
мандық бейнесін насихаттау үшін профессор
Қ.Ж.Қожахметованың зерттеуіндегі «ер жі-
гіт тің» халық ауыз əдебиетіндегі жи нақ тық
об ра зын келтіреміз. Мұнда автор ер жігітті
сырт қы көрінісі жағынан «ұ зын бойлы, өт-
кір көзді, қара көзді, кең маң дай лы, тік мұ-
рын ды, кеуделі, өткір тісті, қол да ры қарулы,
мы ғым денелі, жауырыны қақ пақ тай, бір
сөз ді, шыншыл, рухы күшті», ал си паты мен
өзіндік ерекшелігі жағынан «қы ран дай қы-
рағы, сұңқардай тəкаппар, арыс тандай ай бат-
ты, жолбарыстай күшті, қас қырдай ба тыр,
қара нардай шыдамды, құ лан дай сүйікті,
жылқыдай сезімтал, бұландай ай бар лы,
сауысқандай сақ, т.б.», қабілеті мен іс кер-
лі гі не байланысты «көсем жігіт, дана жігіт,
ер жүрек жігіт, мырза жігіт, күрескер жігіт,
шар уа жігіт, сұңқар жігіт, арыстан жігіт,
қас қыр жігіт, нар жігіт, т.б.».,-деп жіктейді.
Сон дай-ақ жігіттің бойында болуы қажет
«бай қағыштық, шеберлік, ерлік, күштілік
жə не табандылық, білімділік» секілді алты
қа сиетті атап көрсетеді. Мұның өзі бүгінгі
оқу шылардың қазақ батырларына тəн отан-
сүй гіштік қасиеттерді танып - білуіне жəне
өз деріне үлгі болуына септігін тигізеді.
Дей тұрғанмен, болашақ тұлғаның бой-
ын дағы батырлардың қаhармандық бей не-
сі педагогика ғылымында ескерілмей ке-
ле жатқанын айтуымыз қажет. Сондай-ақ,
тəр бие, білім, ғылымда нақты көңіл бө-
лу дің нысаналы тұстары байқалып отыр.
Олай болса, қазақ батырларының қа hар-
ман дық бейнесі арқылы отансүйгіштік қа-
сиет терді қалыптастыруды айқындап, оны
жи нату үшін модельдеу арқылы түсін дір-
уге болады. Модельдеу бүгінгі күні зерт-
те ле тін тақырыптың мазмұнынын ашу ға
кө мектесетін бірден-бір əдіс болып та бы-
ла ды. Сондықтан қазақ батырларының мо-
де лін жасау барысында модель сөзіне түсі-
нік береміз. «Модель» сөзі (франц. Моdele,
итал. Modello, лат modulus) – «өлшеуіш,
өл шем, үлгі, норма» деген мағына бе ре -
ді. Демек модельдеу əдісін ресей ға лым дары
Н.И.Болдырев, М.Н.Скаткин, В.Богославский,
Э.И.Моносзон, Л.И.Выготский,
т.б.
ғы-
лы ми – зерттеулерде қол данса, ал, қазақ
этнопедагогикасын
зерттеу
ба ры сында
Ж.Наурызбай, К.Қожахметова се кіл ді ғалымдар
ең бек те рінде көрініс та ба ды. Отансүйгіш тəрбие
бе ру туралы мо дель деуде С.Нұрмұқашева,
С.Иманбаева, Л.Сайдахметова, М.Құрманбаев,
А.Бейсенбаева, т.б. пікірлерін негізге ала мыз.
Жал пы оқу-тəрбие үрдісіндегі қағи да лар ға
сүйене отырып, қазақ батырларының қаhар-
мандық бейнесі теориялық модулін тұжы-
рымдамалы (концептуалды) модель негізінде
ай қындауға болады. Мақсаты: қағидалары,
нор мативтік негіздеулері, мазмұны: əдісі,
құралдары жəне нəтижелерінен тұрады.
Мақсаты: қазақ батырларының қаhар-
ман бейнесі арқылы оқушылардың отан-
сүй гіштік қасиетін қалыптастыру. Отанс үй -
гіштік қасиеттер жеке тұлғаға тəн болатын
110
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
(қаhарлы, ба тыл, сұсты, арлы, епті,
қарапайым, ұятты, зе рек т.б.) негіздеулерден
тұрады.
Мазмұны:
1. Кітап оқу үрдісінде: Тарихи тұлғалар,
Қа зақстан өлкесі, ерлік дəстүрлер, көркем
шығармалар.
2. Тəрбие үрдісінде: Патриоттық əндер
конкурсы
3. Сыныптан тыс уақыттарда: Ерлік, көр-
кем шы ғармалар, факультативтік сабақ. Се-
ми нар сабақтар.
Құралдары: Ауыз əдебиеті туындылары,
ер тегілер, мақал-мəтелдер, шежірелер, дас-
тандар, тарихи деректер, көркем əдебиеттер.
Əдіс-тəсілдері: əңгіме, тест, сауалнама,
роль дік ойындар, пікір-сайыстар, жаттығу,
плакаттар.
Оқыту формасы: сабақ, лекция, семинар
са бақ, саяхат сабақ, практикалық сабақ.
Нəтижесі бүгінгі күннің талаптарына
жау ап беретін. Отанын сүйетін, оның құн-
дылықтарын сақтайтын, еліміздің өр кен-
деуі не үлес қосатын, білім мен ғылымды
111
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
то лық меңгерген, отан сүйгіштік қасиеттері
қа лыптасқан тұлғаны тəрбиелеу. Демек, жо-
ға ры да келтірілген теориялық моделімізді
не гізге ала отырып, қазақ батырларының қа-
hармандық бейнесі арқылы мектеп оқу шы-
ла рының отансүйгіштік қасиеттерін қалып-
тас тыру өлшемдері:
1. Оқушылардың «патриотизм», «отан-
сүй гіштік», «қазақстандық патриотизм»,
«қа hармандық» т.б. ұғымдарын игеруі;
2. Қазақ батырларының қаhармандық
бей не сі арқылы отансүйгіштік қасиеттерді өз
бой ында қалыптастыру қажеттілігін түсінуі;
3. Оқушылардың қазақ батырларының
қа hармандық қасиеттеріне еліктеу жəне өз-
дерінің отансүгіштік қасиеттерін іс-əре-
кет тері арқылы дамытуы. Жоғарыдағы өл-
шемдерге сай оқушылардың даярлық дең-
гей лерін «жоғары», «жеткілікті», «төмен»
деп бөлеміз.
4. Анықтама берген өлшемдердің маз-
мұ ны нында отансүйгіштік қасиеттер жеке
тұл ға ның өмір сүру ортасындағы іскерлігін,
бел сенділігін, дағдысын қалыптастыруға ба-
ғыт талады. Сондай-ақ, біздің өлшемімізге
алын ған қазақ батырларының қаhармандық
бей несі арқылы отан отансүйгіштік қа сиет-
тер ді оқу-тəрбие үрдісінде жүргізуге мүм-
кін дігі зор болып табылады.
Негізгі міндеттері:
- Орта мектеп оқушыларының отан сүй-
гіш тік қасиеті іс-жүзінде, практикалық тұр-
ғы дан көрініс береді. Оқушы, ұстаз, ата-ана-
сы, достары т.б. қарым-қатынасы барысында
отансүйгіштік қасиеттердің алатын орны.
Оқушының бойындағы негізгі отан сүй-
гіш тік қасиеттері:
Қарапайым, бір сөзді, батыл, сабырлы, ой-
өрі сі кең, ұқыпты, жинақы, кішіпейіл, шы-
мыр, бауырмал, іскер, достыққа адал, отан
ал дын дағы борышына жауапкершілікпен қа-
рай
ды. Шығармашылық бейімділігі жоғары,
на мыс шыл, тез шешім қабылдай біледі.
Сонымен қатар, қазақ батырларының қа-
hар мандық бейнесі арқылы оқушылардың
отан сүйгіштік қасиеттерін қалыптастырудың
құрылымдары, өлшемдері мен көрсеткіштері
кестеде берілген.
Қазақ батырларының, қаhармандық бей не сі
арқылы оқушылардың отансүйгіштік қа сиет терін
қалыптастырудың көрсеткіштері, деңгейлері.
Келтірілген кестедегі оқушылардың бой-
ында табылуы қажет қасиеттерді ескере
оты рып, «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлғалық
мо де лін жүйелеуге болады. Бұл жөнінде
профес сор С.Қапиұлы: «мінезі майда, ары
таза, тəні сау, өнегелі, өнерлі, жан-жақты
жетілген толық адам», - деп сипаттама
112
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
бере ді. Бұл ой-пікірдің астарында əлі де
айтылатын ой - пікірлердің тереңдігіне мəн
беру ге тура келеді.
Сондай-ақ, «Сегіз қырлы, бір сырлы» де-
ген ұғымға қазақ тілінің түсіндірме сөз ді гін-
де «жан-жақты, өнерпаз, шебер» деп сипат-
тама берілген.
Жоғарыда келтірілген кестеге түсінік бе-
рер болсақ, еңбек ету барысында жеке тұл-
ға ның бойында табандылыққа көп мəн бе-
рі леді. Əдетте, мұндай қасиетке ие адамды
«та банды, алған бетінен қайтпайтын, тұ рақ-
ты, сөзіне, уəдесіне берік» деп сипаттайды.
Де мек табанды болудың өзі де еңбектің же-
мі сі болуына септігін тигізетін қасиет деп тү-
сін гені міз жөн. Ал, отансүйгіштік тұрғыдан
на мыс ты болу тұлғаның бойындағы бірден
бір асыл қасиет болып табылады.
Философ Г.Нұрышева өзінің ғылыми ең-
бе гінде «Намысты болу өз бойына сан қырлы
би ік мағыналармен асыл құндылықтарды
жи нақ тау»,- деп түсінік береді.
Сонымен қатар, КСРО батырлары
Б.Момышұлы: «Жігерлену дегеніміз - руха-
ни күш беру, күш - қуаттың тасуы, сер гек-
тік күй, - дейді. Яғни, жігерлі тұлғаға отан-
сүй гіштік тұрғыдан сипаттама береді. Ол
қоғамдық ортада өзінің мейірімділігімен,
бау ырмалдылығымен ерекшеленеді. Мейі-
рім ділік дегеніміз – ол адамгершілік сезім,
же ке тұлғаның бойында тəрбие негізінде
қа лып тасады. Ал, бауырмалдық дегеніміз
- ана
сүтімен дарыған асыл қасиет. Сон-
дай – ақ, өнерге деген көзқарасына байла-
ныс ты, шеберлік үйрену, білу барысында
қалыптасатын ептілік болып табылады. Хал-
қымыз «жігітке жеті өнер де аз» деп айтады.
Оқу - білім үйретуде маңызды қасиеттерге
зеректілік, алғырлық, тапқырлық т.б. жата-
ды. Зеректік табиғат берген дарындылықтың,
іс – əрекеттің жемісі. Мұндай қасиеттердің
өзі тұлғаның құрамдас бөлігіне сипатта ма
береді. Жалпы адам баласына тəн қа сиет-
тердің бірі руханилық «рухты, иманды, адал,
пəк, т.б. болып табылады. Рухы мықты де ге-
німіз тылсым күштердің əсерінен болатын
се зім. Кейбір ғылыми еңбектерде рухты
ару ақпен қатар түсіндіреді. Нақты деректер-
ге сүйенсек, «Аруақ, күш, қуат, т.б.» деген
сөз дер дің ауыспалы мағынасы деп сипат-
талады. Де мек, сегіз қырлы, бір сырлы»
ұғымының қол даныс аясы кең болып табы-
лады.
113
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
Сондай – ақ, дүние жүзі халықтарында өз
елін, жерін, Отан сүюге бағытталған саяси -
иде ологиялық талап міндеттеріне де мысал
келтіруге тура келеді. Ағылшын ағартушысы
Д.Локк өзінің педаглогикалық ойларында
өз заманындағы джентельмендер тəрбиесін
насихаттай отырып: «ол үшін бүкіл жақсы
қасиеттер бойынан табылуы қажет. Əрине
ақылды, білімді, дене бітімі дұрыс жəне өз
Отанын қорғай білетін азамат – джентель-
мен болуы тиіс» деп көрсетеді.
Ал, профессор - А.Айталының «Аптық-
пағанның асығы алшысынан» атты еңбегінде
неміс патриотизмінің он өсиетінде «ұсақ –
түйек» шығын шығарғанда да, Отаныңның
жəне ел азаматтарының мүдделерімен есеп-
тесу, шетелдің тауарын сатып алғанда, өз
еліңе зиян келтіретініңді ұмытпау, сенің
ақшаң ның текке неміс саудагерлері мен жұ-
мыс шыларына пайда əкелуін ойлау, шет ел-
ден келген машина мен құрал - саймандарды
қолданып, неміс жерін, неміс шаңырағын,
неміс шеберханасын қорламау, дастарханыңа
шет елдің етін, майын, т.б. қоймау, себебі, ол
неміс ет өндірісі мен отандық мал шаруа-
шылығына зиян келтіретінін ойлау, əр
уақытта неміс қағазына, неміс сиясына ма-
лып, неміс қағазымен жазып, неміс сорғы-
шымен сорғызу, неміс игілігіне тек немістің
ұны, немістің жемісі, немістің еті жарайты-
нын білу, тек қана неміс матасынан тігілген
сырт киім мен неміс қолынан шыққан бас
киімдерді кию, егер сен неміс кофесін іш кің
келмесе, Германияның отар елдерінен əке лін-
ген кофені ішу жəне балаларың мен əйеліңе
де отар елінің какаосын ішкізіп, шоко ладын
жеуге əмір ету, еш уақытта шет елдің тауа-
рына қызықпау жəне германия азаматының
керегі тек Германия шығара алаты нын есіңде
берік сақтау туралы баса айтылады.
Демек, жоғары да айтылған неміс- гер-
мен патриотизмінің он өсиетінің біздің
қазақ стандықтар үшін де қажетті тұстары
байқалып отыр, яғни отандық тауар өндіруге
септігін тигізетін мемлекеттік деңгейдегі
осындай ұлттық негіздегі ереже, өсиеттердің
маңызы зор деп түсінген жөн.
Сонымен
қатар,
қытай
халқында:
«қытайдың баласы қай жерді аяғымен бас-
са, сол қытай елі», - деп түсінік беріледі. Де-
мек əрбір елдің өзіндік менталитетіне сəйкес
осындай ұғымдар бар.
Бүгінде жалпы білім беретін мектептің
оқу- тəрбие үрдісінде жас ұрпақтың бой-
ында патриоттық сезім қалыптастырудың
жүйесін жасау мəселесі қалыптастырылуда.
Солардың ішінде оқушыларды кітап оқуға
баули отырып, Қазақстандық патриотизмге
тəрбиелеуді басты мақсат етті.
1. Ана тіліне сүйіспеншілік – туған тілін
білу, өз ана тілінде оқу мен сөйлеу, ана
тіліндегі көркем шығармаларды еркін оқи
білу оқырмандық қабілет қалыптастыру.
2. Туған жерге сүйіспеншілік өз ұлтын
сүю. Отанын сүю, ұлтының əдет-ғұрпын,
салт-дəстүрін қастерлеу, ұлт мəдениетінің
өркендеуіне, ел экономикасының гүлденуіне
үлес қосу – азаматтық сана аясы.
3. Туған жерге сүйіспеншілік – туған өлке
табиғатын сүю, туған жердің орман көлі,
тау- тасы , аң құстарына қамқорлық жасау,
оны аялау мен оны қорғау күтіп баптау –
экологтік ая.
4. Өз отбасына сүйіспеншілік ата – анасын,
туыс- бауырын сыйлап құрметтеу, қамқорлық
жасау, сыйластық қатынас орната білу –
адамгершілік, кісілік қалыптастыру аясы.
Оқырмандардың бойында осы тектес
құндылықтар қалыптастыру бағытында
олар дың тұлғалы қалыптасу қуаты арта тү-
се ді. Ізгілікті ел сүйгіш тұлға ғана жалпы
адам заттық құндылықтарды меңгереді, өз
елі нің қажетіне жаратарлық азамат болып
тəр биеленеді. Оқырмандарға осы аталған
ба ғытта қызмет көрсетуде, іс -шаралардың
ма ңыздылығы. Кітап оқу баланың ой –өрі сі-
нің дамуына, ойлау қабілетінің өсуіне, адам-
гер шілік, үлкенді сыйлау, кішіге қолқабыс
бо луға, өзі қоршаған табиғатты қадірлеп,
жер-ана, отан, ел мүддесін өз мүддесінен жо-
ға ры қоятын азамат болып өсуіне əсер ететін
кітап құдіреті ұстаздан бірден – бір кем емес
еке нін түсінген абзал.
Бүгінгі қазақстандық патриотизм туралы
айтар болсақ, ол мынадай принциптерге
сүйенуі тиіс:
-
Қазақ ұлтын, ана тілін, мұсылман ді-
нін, туған жерін жанындай сүю, қорғай білу;
114
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
-
Қазақ ұлтын əлемге танытуға ұмтылу;
-
Қазақ халқына деген отансүйгіштігі,
бауырмалдығы жоғары болу;
-
Отандық өнімдерді, ұлттық тағам-
дар ды əрқашан тұтыну;
-
Қазақтың ырымдары мен тыйымда-
рын берік ұстану;
-
Қазақтың салт - дəстүрлерін қастерлеу
жə не үнемі насихаттау;
-
Қазақтың отансүйгіштік əндерін тың дау;
-
Мемлекеттік рəміздерді қасиет тұту
жəне қорғай білу;
-
Отансүйгіштік ой – санасы жетілген,
ары таза болу;
-
Қазақ батырларының ерлігін, үлгі –
өсие тін өнеге тұту;
Қорыта келгенде, қазақ батырларының
қа hар мандық бейнесі арқылы жеке тұл ға-
ның бойына отансүйгіштік тəрбиені қа лып-
тастыру мəселесіне арналған орта мек теп-
тің оқу –тəрбие үрдісіне негізделген пе да-
гогикалық тəжірибе жұмыстарының нə ти-
же сі жан-жақты дамыған отансүйгіштік қа-
сие ті қалыптасқан тұлға қалыптасады.
Біздің туымыз тəуелсіздік, тілегіміз-бей-
бітшілік, тыныштық. Ал еліміздің осы тұ-
тас тығын, бүтіндігін, халқымыздың аман
сақ тау –жас ұрпақты осындай жоғары рухта
тəр биелеу- бүкіл қоғамның, ұстаздар мен ата
- ана лардың баршаның басты парызы.
Достарыңызбен бөлісу: |