ƏОЖ 378.14
Н.Б. Əужанова
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ доценті
Талдықорған қаласы
ОҚУШЫЛАРҒА ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН
ПАТРИОТТЫҚ ТƏРБИЕ БЕРУ
Бұл мақалада қазіргі кезде тəрбие жұмысына назар аударылып, ұлтжанды ұрпақ
тəрбиелеу мəселесі бүгінгі күннің басым бағыттарының біріне айналып отырғандығы жайлы
айтылады. Сонымен бірге, ең бастысы отансүйгіштік тəрбие, отансүйгіш сезімі отбасы
жағдайында қалыптасып, өмірге деген негізгі көзқарасы мен өзіндік ұстанымдары ата-ана
тəрбиесінен бастау алатынын ұмытпау керектігі айтылады. Этнопедагогикаға негізделген
қазіргі заман талабына сай патриоттық тəрбие беру жұмыстары туралы жазылған. Осы
жұмыстар барысында оқушылардың ұлтжандылығын, отансүйгіштігін қалыптастыру
жолдары көрсетіледі.
Түйін сөздер: этнопедагогика, патриоттық тəрбие, отансүйгіштік.
В данной статье патриотизм выступает как важнейшая, устойчивая характеристика
человека, выражающаяся в его мировоззрении, нравственных идеалах, нормах поведения.
В статье рассматривается феномен патриотизма и его воспитательный потенциал в
укреплении государства. Автор обращаеться к историко-культурному наследию оте чес-
твенных мыслителей, а также традиционным духовно-нравственным и идейно-ми ро воз-
зренческим основам понимания патриотизма.
В этой статье представлены результаты исследования о возможности патриотического
воспитания на основе использования этнопедагогики.
Ключевые слова: этнопедагогика, патриотическое воспитание, любовь к родине.
This article serves as a critical patriotism, stable characteristic of a person, as expressed in his
worldview, moral ideals, norms of behavior.
The article discusses the phenomenon of patriotism and its educational potential in strengthen-
ing the state. Copyright obraschaetsya the historical and cultural heritage of national thinkers, as
well as traditional spiritual and moral, ideological and philosophical understanding of the funda-
mentals of patriotism.
In this article research results are presented about possibility of patriotic education on the basis
of the use of folk pedagogics.
Keywords: olk pedagogics., patriotic education, love to the motherland.
Мемлекет тарапынан отансүйгіш шəкірт
тəр биелеудің жаңа жүйесін қалыптастыру
мақ сатында оқу, білім, тəрбие жұмыстарына
ерек ше көңіл бөлуде.
Біріншіден, тəрбие жұмысына назар ауда-
ры лып, ұлтжанды ұрпақ тəрбиелеу мəселесі
бү гін гі күннің басым бағыттарының біріне
ай налды. Ұлт, Отан деген сөздің мағынасына
ежел ден жете мəн беріп, «Туған жерге туың-
ды тік», «Туған жердің топырағы да ыстық»,
«Ту ған жерден топырақ бұйырсын» деп,
отан сүйгіштік сезімді дəріптеген халқымыз
«Отан ды қорғау азаматтық парызың» дей ді
[2]. Сондықтан бүгінде ұстаздар мен тəр бие-
шілер қауымының алдында тек білім бəсе-
ке сіне қабілетті, дарынды балалар даярлап
қана қоймай, сонымен қатар, өз елінің нағыз
отансүйгіш жастарын тəрбиелеу міндеті тұр.
Бұл бүгінгі күннің өзекті, əрі үлкен жа уап-
кер шілік жүгін арқалаған маңызды ісі.
Отансүйгіштік туа пайда болатын сезім.
Сəби дің бойында ең алдымен анасына, өз
101
отбасына, үйіне, туған жеріне деген жылы
се зі м нен бастау алатын, тұлға есейген сай ын
біртіндеп ұлт, халық, əлеумет, мемлекет дең-
гей іне көтеріле беретін бұл сезім адамның
бү кіл ғұмырымен сабақтасып жатады. Сол
себепті де ол еш шеңбер-қалыпқа сый май-
тын, мағынасы терең əрі үлкен ұғым. Бұл
рет те мектеп қабырғасынан бастап ұлт жан-
ды азамат тəрбиелеу жұмысы өз алдына бір-
қа тар міндеттер қояды:
1. Мемлекеттік тілді оқыту.
2. Ұлттық мəдени мұраны игеру.
Патриоттық тəрбие жүйесі білім бе ру
мекемелерінде оқыту мен тəрбиелеу үр ді сін-
де əлеуметтік маңызды құндылықтарды, аза-
мат тық келбетті қалыптастыруды көздейді.
Осы орайда ҚР мемлекеттік нышандарын
зер де леуге ерекше мəн берілуде. Себебі,
мем лекеттік нышандардың көмегімен жас-
тар дың бойына еліне сүйіспеншілік, мақ-
та ныш, патриоттық сезімдер дəйекті де, те-
рең ірек сіңері хақ. Олардың əрқайсысында
халқымыздың, Отанымыздың басынан өткен
ке ше гі, бүгінгі тарихы, бейбітшіл саясаты
бей неленген. Сондықтан да Туымыз, Ел-
таң бамыз сияқты халықтың қасиетті, кие лі
белгілерін оқушы қауымға қайталап оқы тып
тұрудың ешбір артықтығы жоқ [1]. Өйт кені
отансүйгіштік тəрбие үздіксіз, əрі жүйе-
лі жұмыс. Қазақстандық патриотизм, ұлт-
жан дылық идеялары мемлекеттік, ұлттық
мүд де ұғымдарымен тығыз байланысты.
Осы орайда еліміздегі барлық жастардың
пат риоттық рухын көтерудің қайнар көз-
де рі нің бірі, əрі бірегейі мемлекеттік тіл
мəселесі мен өзге ұлт өкілдерімен сый лас-
тық, адамгершілік қарым-қатынасты қалып-
тас ты ру;
Екіншіден, жастарға патриоттық тəр бие
беру, Отанын, жерін сүюге үндеу əске ри лер-
мен қатар білім саласы қызметкерлерінің де
алдына қойылған үлкен міндет бол ған дық тан,
оқушылармен кездесуге осы салада тəжіри-
бесі мол, арнайы мемлекеттік жəне үкі мет тік
емес ұйымдардың мамандарын ша қы ру.
Үшіншіден, оқушы жастарды «Қазақстан
Рес публикасының мемлекеттік «Жастар сая-
са ты туралы» Заңының патриоттық тəрбиеге
қатысты баптарымен таныстыру;
Төртіншіден, оқушылардың отансүйгіштік
дүниетанымын қалыптастыратын қосымша
оқу материалдарын беру, дөңгелек үстелдер,
əскери патриоттық ойындар, əскери учили-
ще сарбаздарымен арнайы кездесулер ұйым-
дас тыру, тəрбие сағаттарын өткізу;
Бесіншіден, Білім жəне ғылым минис тр-
лі гінің «ҚР азаматтарына патриоттық тəрбие
беру туралы Жобасының» нəтижелері бой-
ын ша балалар арасында пікірталас ұйым-
дас ты ру;
Алтыншыдан, патриоттық тəрбие мəселесі
адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан
ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат
болғандықтан, мектеп оқушыларының па-
триот тық санасын дамытуда халқымыздың
бір туар ұлы, жазушы, Кеңес Одағының ба-
ты ры Бауыржан Момышұлының кейінгі ұр-
паққа үлгі етіп қалдырған шығармаларын,
қа зақ тың батыр ұлы Əбу Досмұхамбетовтың
ер лік ке толы өмірбаянын оқыту жəне осы
та қырып аясында белсенді оқушылардың өз
бас тамаларын барынша қолдау.
Сонымен бірге, ең бастысы отансүйгіштік
тəр бие, отансүйгіш сезімі отбасы жағ дай-
ын да қалыптасып, өмірге деген негізгі көз-
қа расы мен өзіндік ұстанымдары ата-ана
тəрбиесінен бастау алатынын ұмыт па ған
абзал. Себебі, «Отан отбасынан бас та-
ла ды». Осы орайда мектептерде 5-8 сы-
нып тар арасында қызықты да тартымды:
«Қазақ стан ортақ үйіміз», «Менің елім
– Қазақстан», «Қасиетті, қасіретті Жел тоқ-
сан», «Тəуелсіздік тұғыры биікте», «Қа-
зақ станның болашағы білімді ұрпақ», т.б.
тəр бие сағаттарын өткізіп, шəкірттерімізді
ұлт жанды, отансүйгіш рухта тəрбиелеуге ат
са лысуымыз керек.
«Отан отбасынан басталады» десек, əр от-
басы балаларының бойына саналы тəрбиені,
ұлағатты өнегені, салт-дəстүрді, патриоттық
сезімді сіңіре білуі керек [3].
Əріге үңілсек, Қара қыпшақ Қобланды,
Ер Төс тік, Алпамыс батырларымыз найзаның
ұшы, білектің күшімен отансүйгіштігін көр сет ті.
Кейінгі Желтоқсан оқиғасын еске алсақ,
жас тардың отансүйгіштігін, елім, жерім, деп
жас жандарын шүберекке түйіп, бастарын
бəй ге ге тігіп алаңға шыққанын экран ар-
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
102
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
қы лы көзбен көргендейміз. Солардың қа та-
рында жарқ етіп көрінген Нұртай Сабильянов
қа зіргі таңда Мəжіліс депутаты, ел ге
қаншама қамқорлық жасап, тұрмысы тө мен
отбасыларына, айтыс саласына қол ұшын
бер генінен үлкен патриоттық леп се зі ліп
тұрғандай.
Азамат Бекболат Тілеуханды экран арқы-
лы тыңдасақ, əр сөзінің құнын, жүрегінің
жы лу ын сезгендейсің. Келешек жастарға
тəр бие лі де мəнді, ұлағатты ыстық ықы ла-
сын аямайды. «Елім менің аңсаған, тас бұ-
ғау дан босаған» деген термені жүрегімен
айт қа нында қанша мəн-мағына, əсер жатыр.
Сон дай азаматтар ортамызда көбейе берсе,
жас тар ға патриоттық тəрбие беруге айқын
үл гі болмақ.
Ұлтымыздың патриотизмге бай тарихын,
жауынгерлер мен батырлардың ерліктерін,
ата-бабаларымыздың өнегелі өмірін жас
ұрпаққа жеткізу патриотизмге баулудың бір-
ден-бір көзі. Бұл ретте аттары аңызға ай нал ған
Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай,
Жанқожа, Ақтан, Райымбек, Наурызбай,
Қарасай батырлар сынды ба тыр лар дың ерлігін
баяндау осының куəсі.
Қазақ
халқының
біртуар
ұлдары
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев,
М.Дулатов,
Ж.Аймауытов,
С.Сейфуллин,
І.Жансүгіров,
Б.Майлин,
М.Шоқай,
Қ.Рысқұлбеков өз ұлтының нағыз патриоттары
екендігін мойындатқан нағыз ұлы тұлғалар [4].
Көп ұлтты Қазақстан халық үшін
отансүйгіштік сезімінің рухани саладағы тату-
тəтті тірлік, азаматтық келісімде ғана емес,
мемлекеттік материалдық негізін нығайтуға
да тікелей ықпалы бар. Отансүйгіштік рух −
қазақ елінің əлемдік өркениетті елдер көшіне
қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан
лайықты орын алуына мүмкіндік беретін
бірден бір күш. Біздің елімізді өзге елдер
ықылым заманнынан-ақ мойындаған, қазір
де мойындап отыр.
ТМД елдері арасындағы қазақ елінің көп
ұлтты екендігі баршамызға мəлім. Ұлтына,
нə сі ліне, діни сенімі мен нанымына, сая си
көзқарасы мен ұстанған бағыт-бағ да ры на,
т.б. ерекшеліктеріне қарамастан, рес пуб-
ли ка мыздың əрбір азаматы өзі өмір сү ріп,
ауасын жұтып, игілігін пайдаланып отыр-
ған мемлекетін «Туған елім, Отаным» деп
тануы қажет. Мемлекетке есімін беріп отыр-
ған ұлттың салт-дəстүріне құрметпен қа-
рау, оның тілі мен дінін сыйлау, заңдарына
ба ғыну, рəміздерін ардақтап, жетістіктеріне
шат тану қоғамның əрбір мүшесінің басты
мін деті. Бұл кезеңде тəуелсіздігін алған ТМД
елдерінің экономикалық потенциалын ерек-
ше леп, мемлекеттердің атауы көрсетіледі.
Жалпы ұлттың қамын ойлау – ұлтшылдық
емес, ұлтжандылық, ал, ұлтжандылық деге-
ні міз – ұлттық тұрғыдағы рухани болмыс-
кел бет.
Қазақстан Республикасы өзінің тəуелсіз
мем ле кет болып қалыптасқанын бүкіл əлем-
ге дəлелдеді. Енді басты міндет – осы мем-
лекеттің өркендеп өсуі, халықтың əлеуметтік,
экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды
– Отаным деп таныған əрбір азаматтың
осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы керек.
Мұ ның басты шарттарының идеяларын
Н.Ə.На зарбаев өзінің «Қазақстан-2030»
Жол дауында «біздің балаларымыз бен не ме-
ре леріміз бабаларының игі дəстүрін сақ тай
отырып, қазіргі заманғы нарықтық эко но-
ми ка өркендеу үстіндегі күллі əлемге əйгілі,
əрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады»,
– деп, нақты көрсеткен болатын.
Отанымыздың аумағының бүтіндігін сақ-
тау, халықтың тыныштығын алатын лаң-
кес термен қарсы ұйымшылдықпен күрес,
мем лекеттерге қауіп төндіретін кез келген
сырт қы жəне ішкі күштерге қарсы тұрудың
өзі жас тарды отаншылдық рухта тəрбиелеу
міндетін жүктейді. Қазіргі уақытта қоғамның
дамуына байланысты оқушыларға білім
беру, оларды тəрбиелеу жəне рухани дамыту
міндеттері барған сайын күрделеніп бара
жатыр. Басты міндеттің бірі: орта мектепті бі-
тірген оқушы өмірге белсене араласа отырып,
ғылымның шапшаң дамуына ілесуі, ашылған
жаңалықтарды өздігінше оқып меңгеруі,
олар дың өзі қызмет ететін салаларына қа-
тыс тыларын іс жүзіне асыра білуі, өмірде
қол дана алуы. Сонымен қатар, оқушылар
мек теп қабырғасында жүріп-ақ əлемдік құ-
ры лым қалыптасуының негізгі ғылыми
ұста ным дарын, ойлаудың əдіс-тəсілдерін,
103
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
Отан деген сүйіспеншілік, патриотизм, та-
ным ның заңдылықтарын игеруі тиіс. Оқу-
шы лар ға патриоттық тəрбие беру барлық
пəн дер дің үлесіне жатады. Сондықтан кез-
кел ген пəнге оқушылардың ынта-ықы ла-
сын, қызығушылығын арттыру үшін əр түр лі
жаңа əдістемелік технологияларды қол да-
нып сабақ өткізу тиімді. Бұл оқу шы лар-
дың сабақтан жалықпауын, жөнсіз əре кетке
бармауын, əр іске назар аударып, жауап кер-
шілікпен қарауды, ой елегінен өткізіп ой ла-
нуды қалыптастырады, бағдарламалық ма-
тер иалдарды жеңіл, тез меңгеруге септігін
ти гізеді. Осы мақсатпен оқу материалының
күр делі жəне жеңіл түрлеріне қарай ерек ше-
лік терді анықтайық [6].
«Патриотизм дегеніміз – Отанға деген
сүйіс пен шілік, жеке адамның аман-саулы-
ғы ның қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке
тікелей байланыстылығын сезіну, ал, мем ле-
кет ті нығайту дегеніміз – жеке адамның рө-
лін күшейту екенін мойындау, қысқасын айт-
қанда, патриотизм мемлекет деген ұғым ды
жеке адаммен, яғни оның өткені мен бү гін-
гі күнімен жəне болашағымен қарым-қа ты-
насты білдіреді». Осыған байланысты са бақ
берудің ең негізгі мақсаттарына тө мен де гі-
лер кіреді. Бірінші – танымдық, екінші – тəр-
биелік, үшінші – дамытушылық. Осы мақ-
сат тарды орындау үшін мемлекеттік стан-
дарт ты басшалыққа ала отырып, балалар
əде бие тінен, негізінен, оқушылардың өз
беті мен білім алу дағдыларын қалыптастыру,
шы ғармашылық қабілетін дамыту, ізденіс
жұ мыстары мен алған білімдерін іс жүзінде
пайдалана білуге үйрету бағытында жұмыс
жүр гізу қажет. Балаларға ел сүйгіштік, ата-
ананы сүю, Отанды сүю, мəселесінде қан-
дай шығармалар оқығанын, қандай шы-
ғармаларды оқуды ойлап жүргендігі жай-
ын дағы пікірлері жөнінде əңгімелер өткізу
ке рек [5].
Ауыз əдебиетінен мысалы: «Қобыланды
батыр», «Алпамыс батыр» т.б. шығармаларын
атап көрсетті. Ал, Махамбеттің шығармалары,
əсіресе, «Баймағанбет Сұлтанға айтқаны»,
«Ереу іл атқа ер салмай», «Ұл туса», «Əй,
Махамбет жолдасым». Ал мұндай туған елді,
ұл тын сүю тақырыбында ХІХ ғасырдың
жазушыларының шығармаларынан Абайдың
«Қайран елім, қазағым, қайран жұртым» т.б.
М.Жұмабаев та елді сүю, оған қызмет ету
тақырыбында көптеген шығармалар жаз-
ған. Мысалы, «Мен сүйемін». Осын дай
тақырыптарда С.Торайғыровтың «Туған
еліме», «Шəкірттерге» т.б. атты шы ғар ма ла-
ры оқығандығы жөнінде ауызша жорнал өт-
кізу ге болады.
Патриоттық тақырыпқа жазылған шы ғар-
малардан І.Есенберлиннің «Көшпенділер»,
Т.Ахтановтың «Күткен күн», М.Мақатаевтың
өлеңдерін де атап өтуге болады. Балаларды
патриотизмге тəрбиелеу рухында оқыр ман-
дар конференциясын өткізудің де мəні зор.
Ғ.Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» ро ма-
ны, Ə.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз»
Қ.Қайсеновтың «Ажал аузынан», «Жау
тылында», «Партизан соқпақтары» оқу-
шы лар конференциясына арқау боларлық
шы ғармалар. Оқушыларды патриоттық ел
сүй гіштігіне арналған шығармаларды жай
ға на емес, мəнерлеп оқумен қатар жатқа
ай ту тəсілін қолдануға болады. Мысалы,
Б. Бұлқышевтың «Шығыс ұлына хат»,
І.Жансүгіровтың «Ағынды менің Ақсуым»,
«Же тісу суреттері» атты өлендерін жаттап,
мə нер леп оқуға болады. Отансүйгіштік се-
зі мі туа біте пайда болатын қасиет. Сə би дің
бойын да ең алдымен анасына, өз от ба сы на,
өз үйіне, туған жеріне деген жылы се зім нен
бастау алатын, тұлға есейген сайын бір тін-
деп ұлт, халық, əлеумет, мемлекет дең гейі-
не көтеріле беретін бұл сезім адамның бү-
кіл ғұмырына өзек болады. Осыған орай
патриоттық тəрбие мəселесі адамзат та ри -
хы ның өн бойындағы ұрпақтан-ұрпақ қа
жалғасып келе жатқан ұлы мақсат бол ған-
дық тан, мектеп оқушыларының бойындағы
Отан ға деген сүйіспеншілігін, яғни пат-
риот тық санасын дарытуда халқымыздың
бір туар ұлы, ержүрек қолбасшы, жазушы,
Ке ңес Одағының батыры Б.Момышұлы
ата мыз дың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қал-
ды рып кеткен өсиеттерінің жəне ерлікке
то лы шығармаларының алатын орны ерек-
ше. Өзінің саналы ғұмырын əскер қата-
рында өткізген Бауыржан атамыз өмі рі нің
соңына дейін əскери-патриоттық та қы-
104
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
рып тарға шығармалар жазды. Екінші дү-
ние жүзілік соғыс кезінде атақты генерал
И.Панфиловтың сегізінші гвардиялық диви-
зия сында рота, батальон, полк, кейін дивизия
коман дирі қызметін атқарып, неміс-фашист
бас қыншыларына соққы беріп, батальонды
бірнеше мəрте жау қоршауына алып шықты
[6].
Ата мекен жер үшін
Қасиетті ел үшін,
Əзиз ана, қарт ата,
Ботакөз сұлу қарындас
Күн, құл болмасын, – деген жыр жол да-
ры арқылы жауынгерлерге рух беріп, ер-
лік істерге шақырады. Кейіннен атақты
жазу шы Александр Бек батыр атамыздың
ерлік тері жайлы «Волоколамск тас жолы»
ат ты романын жазды. Осы роман арқылы
Бауыржан атамыздың аты əлемге əйгілі бол-
ды. «Жеңіс кілті Отанды сүюшілікте. Ол
солдатқа жөргекте жатқаннан бастап үйре ті-
луі, қанына кіріп, сіңісуі тиіс», – дейді атақ-
ты батыр.
Дəстүр-тəрбиенің басты қайнары. Ал,
дəс түр ұлттық тəрбиеден өзекті орын алады.
Отан сүюшілік, ұлтын сүюшілікті ұлттық
дəстүрмен жалғастырып, солдатқа саналы
түрде сіңіру керек» – деген ол артына өшпес
өне ге, ерлікке, патриоттық, сезімге толы
бірнеше кітаптарын: «Офицер жазбалары»
(1962), «Артымызда Москва» (1963), «Ге-
не рал Панфилов» (1965), «Куба əсерлері»
(1969), «Жоңарқа» екі томдық шығармалар
жи нағы (1969), «Соғыс психологиясы»,
«Қан мен жазылған кітап» (1990, 1991),
«Ұш қан ұя» кітабын қалдырды. Ал, «Ұшқан
ұя» кі табы үшін Мемлекеттік сыйлықтың
лауреа ты атағына ие болған. Сонымен бір-
ге халықты ерлікке, патриоттыққа тəр бие-
леу дегі, жан жарасын жазудағы өнер мен
əдебиет тің, музыка мен көркемөнердің құді-
рет ті күштерін, олардың өмір үшін күресте
рухани күшті құралы болғанын соғыс эпи-
зод тарынан нақты мысалдар келтіре отырып,
рухы мықты халықтың ешқашан да жаудан
жеңілмейтініне басты назар аударған. Сон-
дай-ақ, Бауыржан атамыз артына жетпіске
жуық мақал-мəтелдер қалдырған. Ол ма-
қал -мəтелдеріне «Үлкенді ізетте, кішіні
күзетте көр», «Ерлік білекте емес, жүректе»,
«Отанда опасызға орын жоқ», «Тізе бүгіп ті-
рі жүргеннен, тік тұрып өлген артық», – деп,
халық атынан ащы да əділ үкімін пай ым-
дайды. Біз жазушы, тəлімгер Бауыржан Мо-
мышұлының еңбектерін оқи отырып, оның
шығармашылығы патриоттық тəлім-тəр бие-
нің қайнар көзі екенін байқаймыз. «Ұлттық
патриотизм» жəне «Қазақстандық пат рио-
тизм» ұғымдары арқылы Отан, туған өл ке,
туған халқы туралы нақты түсініктер беру дің
тиімділгі арта түспек. Ал, түсінік де ге німіз
– бір нəрсенің мағынасы мен мəнін ұғыну.
Сөйтіп, «ұлттық патриотизм жəне «қа-
зақстандық патриотизм» ұғымдарына анық-
та ма беру, олардың мазмұнын құрайтын:
отан сүйгіштік сезімін дамыту, ұлттық салт-
дəс түрді ұстану мен мемлекет рəміздеріне
құр мет қалыптастыру, т.б. тəлім-тəрбиелік
мүм кіндіктерін кеңейте түседі. Осыларды
көз деп жүргізген зерттеу еңбегімізде педа-
гог, психолог, философ ғалымдар мен
ақын-жазушылардың ой-пікірлеріне сүйе-
не отырып «ұлттық патриотизм» жəне
«қа зақстандық патриотизм» ұғымдарына
анық тама беруге ұмтылдық. Сондай-ақ,
бұл ұғымның маңызын ашып көрсету жас
буын дарды тəрбиелеуде бүгінгі күннің кезек
күттір мейтін қажеттігінен туындап отыр.
Қазақ стандық патриотизмнің арқауы қазақ
мем лекетіне деген сүйіспеншілік, ұлтына
сені мі, нанымы, саяси көзқарасы, т.б. қара-
мас тан, əрбір қазақстандық өзі өмір сүріп,
күн көріп отырған мемлекетін – «Отаным»
деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ
ұлт ына сыйластық, оның заңдарында бас
ию, рəміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп,
мақ тану, кемшіліктерін болдырмаудың жо-
лын қарастыру қазақстандық патрио тизм-
нің белгілері болуы керек деген ой ке ліп
туады. Туған халқымыздың өткен та ри хы-
на көз жіберсек, отансүйгіштіктің кере-
мет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні еге-
мен ді ел болып, қазақ деген ұлт болып
оты руымыздың өзі ата-бабаларымыздың
тең десі жоқ ерлігінің арқасы. Тарихи мəлі-
мет терден байқайтынымыздай, жоңғар шап -
қын шылығы кезі мен одан бертіндегі ұлт
азаттық көтерілісін алып қарасақ, ондағы
105
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
батырлардың ешқайсы бүгінгідей (ке ңес
дəуіріндегідей) жүйелі патриотизмге тəр-
бие леудің тезіне салынбаған. Бірақ елін,
же рін, Отанын қорғауда жанын, тəнін аяп,
қа рап қалмаған [2]. Осындай көптеген та ри-
хи тəжірибелерден, сол кездегі отбасы тəр-
биесіндегі отансүйгіштік сезімнің қа лып-
та суына отбасындағы тəрбиенің ықпалын
еле мей қоюға болмайды. Б.Момышұлы,
Б.Бұлқышев, С.Бегалин, Қ.Қайсенов сияқты
тұлғалардың ерлікке толы естеліктері мен
əде би мұраларын пайдалану арқылы оқу-
шы лардың білімін көтеру, оқ пен оттың
аза бына шыдап, жеңіске жеткен ағалардың
ер лігін үлгі тұтуға тəрбиелеу Жамбылдың
«Ленинградтық өрендерім» өлеңінің сол ке-
здегі мəнінің жоғары болғандығын айта ке-
ліп, оқушыларға қосымша материалдар жи-
нақтатуға болады. Патриоттық тəрбие беру
мəселесін ұтымды өткізуде Б.Момышұлының
«Тəртіпсіз ел болмайды» деген анықтамасын
тілге тиек етіп, ал, əскери ант тақырыбына
кел генде С.Бегалиннің
Біз Отанның солдаты жауға аттанған,
Біз халықтың қайраты, қанаттанған
Қайтпас семсер, көк болат, біз мұқалмас,
Қаһарменен суырып, кекке малған –
деген өлең жолдарында ұрыста жауынгердің
қандай қасиеттері көрініс берді деген сұрақ
арқылы сабақты ары қарай өрбіттім.
Қорыта айтқанда, оқушылармен осы жо-
ға ры да баяндалғандай тағы да басқа əдіс-
тер ді қолдана отырып, оқушының көкейіне
осын дай іс-əркеттерімен ой сала білсек, үл гі
көрсетсек заманға сай, қоғамға керекті аза-
мат отансүйгіш, елсүйгіш азамат елге қызмет
ете тін қайраткер тəрбиелейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |