Бас редактор с. Ж. Пірəлиев а


ҰЛТТЫҚ ƏДЕП ДƏСТҮРІНІҢ ТƏРБИЕЛІК МƏНІ



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата03.03.2017
өлшемі1,49 Mb.
#7059
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ҰЛТТЫҚ ƏДЕП ДƏСТҮРІНІҢ ТƏРБИЕЛІК МƏНІ

Бұл  мақалада  ұлттық  əдеп  дəстүрінің  тəрбиелік  мəні  кеңінен  ашылған.  Ата-

бабаларымыздың  өмiр  тəжiрибелерiнен,  халықтық  əдет-ғұрып  болып  қалыптасқан 

дəстүрлерiнен  үлгi-нұсқаларды  өне  бойы  өнеге  ету,  ұрпақтарына  үйретiп,  тiлек  тiлеп, 

жастарды жақсы жолға бастау керектігі жазылған. 

Түйін сөздер: Ұлттық тəрбие, əдеп, ұлттық дүние-таным, ата-дəстүр, өнер.

В  данной  статье  широко  раскрыта  тема  роль  этики  в  национальном  воспитание.  А 

также  истоки  возрождения  культуры  в  осознании  народных  традиций  и  народной  этики, 

в  соблюдении  общечеловеческих  ценностей,  в  возрождении  чувства  собственного 

достоинства, ведь у всех народов почиталось уважительность и честность, порядочность и 

тактичность, соблюдение норм поведения и общения.



Ключивые  слова:  Национальное  воспитание,

  этика,  национальные  мировозрение, 

обычай, искуство.

In this article is wide open topic of ethics in national education. And the origins of cultural 

revival in the awareness of folk traditions and folk ethics, compliance with universal human values, 

in the revival of self-esteem, because all peoples revered respectfulness and honesty, integrity and 

tact, compliance behavior and communication. 

Keywords: National education, ethics, national worldview, custom, art.

Əрбiр  адамның  əдептiлiгi  оның  сөзiнен, 

көзi нен, өзiнен байқалады. Яғни иманжүздi, 

əдеп тi адам күндей күлiмдеп, жарық дү ние-

дей жадырап сөйлейдi, сөзi де, ақылы да,   өзi 

арқылы тыңдаушының есту сезiмiн сүй сiн дi-

рiп,   көңiлiне нəр шашады, əдемi əсер берiп, 

əң гiмеге тартады.



Халық  əдебi  (ұлттық  əдеп) «Сiз»  деген 

сөз ден  басталады.  Бұл  сөз – сыйласымды, 

құр мет теу дi, ардақтауды бiлдiретiн қасиеттi 

сөз.   Жеке адамның iс-қимылына тəуелденiп 

ай тыл ғанда,  бұл  сөз  «ыңыз», «iңiз»  қосым-

шалары  арқылы  сыпайылық  мəнiн  арт ты-

ра ды.  Мысалы,  дастарқан  мəзiрiнде  «астан 

алы ңыз», құрметтеу ниетiн айтқанда «төрге 

шы ғы ңыз», т.т. Қазақ халқында өзiнен бiраз 

жас   үлкен  болсын,  кiшi  болсын,  бейтаныс 

адам ға «Сiз» деп сөйлеу салтқа айналған.

Өмiрiнде қателеспейтiн адам жоқ, аң ғал-

дық   жасап,  байқамай  қалатын  кемшiлiктер 

əр кiм де бар. Мұндай кемшiлiктер екiншi бiр  

адам ның  көңiлiне  қаяу  салып,  кейiтуi  мүм-

кiн,   жеке адамның əдептен озып, опықтануы 

бас қаға да əсерiн тигiзедi. Осындай жағ дай да  

«кешiрiңiз», «ғапу  етiңiз»  деген  сөздердi  ай-

тып,  өз  кемшiлiгiн  мойындаған  адам  əдеп тi-

лiк көрсетедi. Ол əдептi сөздерге «оқасы жоқ»  

деп, жауап беру де əдептiлiк болып та бы лады.

Əдептiлiктi  бiлдiретiн,  мəдениеттiлiктi 

көр се тетiн  сөздер – құрметтеу,  ардақтау, 

бағалау  сөздер: «Аса  құрметтi  атамыз,  бiз, 

Сiз ден тараған ұрпақтарыңыз Сiздiң тоқсан 

жыл дық торқалы тойыңызды зор құрметпен 

той лағалы отырмыз!», «Ардақты анамыз, ая-

лап   өсiрген  балаларыңыз  сiздiң  ақ  сүтiңiздi 

ақ тау  үшiн,  өзiңiзге  өмiр  бақи  ризашылықпен 

қыз мет етедi!». Мiне, осындай ардақтау, құр мет теу 

сөздерден соң ата-ана, үлкен адамдар жақ сы тiлектi 

батасын бередi. Бата – мəндi, оның түрi көп.

Əдептiлiктi  көрсететiн  сөздерге  теңеу, 

ба лау  сөз дер  де  жа тады.  Ағасы  iнiсiне,  не 

қа рын да сына  «жаным», «күнiм», «айым», 

ҰЛТТЫҚ ДƏСТҮР


18

ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ

«алты ным»   де се, əкесi, не шешесi, ағасы жас 

ба лаға «ботам», «құлыным» дейдi, бала ата-

сына  «аташым»,  апасына  «апатайым»,  аға-

сы на «ағатайым» деп сөйлейдi. Сол сияқты 

«кө ке», «апа», «əпкетайым»  деген  сөздер 

де  сыйласымды,  əдептiлiктi  бiлдiредi.  Егер 

бiр   iнi нiң  бiрнеше  ағасы  болса, «Ардақ 

кө ке», «Ғалым  көке», «Бақберген  көке», 

«Бақытжан   кө ке»  деп,  əрқайсысының  атын 

айту мен қатар, «көке» деген сөздi қатар қой-

ып,   көкелерiнiң атын құрметпен атайды.

Басқа адамнан көрген қызмет пен жақ сы-

лық үшiн «рахмет» айту да əдептiлiкке жа та-

ды. Бұл сөзге «денсаулығыңызға бұйырсын», 

«көңi лiңiз қош болсын», т.б. жауап айтылады. 

Жақ сылыққа  жақсы  сөз  айтып,  ризашылық 

бiл дiр меу əдепсiздiк болады.

Үлкен адамға қызмет ету үшiн немесе он-

ың тарапына қарай бiр iс-əрекет жасау үшiн, 

«рұқсат етiңiз», «мүмкiн бе?», «мархабат етi-

ңiз»,   «мүмкiн болса», «ренжiмесеңiз» деген 

сияқ ты уəж сөздер айту əрi мəдениеттiлiктi, 

əрi   əдептiлiктi көрсетедi. Үлкен адамның ал-

дын да дөрекi қимыл жасап, сөкет сөздер ай ту  

əдептiлiк емес. Əдепсiздiк деген сөздiң бiр ба ламасы 

«ақымақтық», екiншi бiр баламасы «нақұрыстық». 

Əдепсiз адам – бақытсыз. Ол  өз  ба қытын өзi тебедi, 

өзiне-өзi бақытты өмiр жасай алмайды.

Кiшi адамның үлкен адамға тiл алғыш ты-

ғы, яғни «мақұл», «құп болады», «қалауыңыз 

бiлсiн»  деген  сөздерi – əдептiлiктiң  белгiсi. 

Əдепсiз  бала  «мақұл»  деудiң  орнына, «сы-

нық қа сылтау» айтып, дөрекiленiп, тiла зар-

лық қа,  мiзбақпастыққа  салынады.  Ол  əдет 

өмiр ге  зиян,  адамдыққа  кесел,  тұрмысқа 

қыр сық.

Əдептi сөздерге неше алуан жанашыр сөз-

дер мен аяныш сөздер де жатады. Ондай сөз-

дер дi əдептi адам шын ниетiмен адал жүре гi-

нен айтып, басқаға əсерлендiре жеткiзуi қажет.

Əдептi  сөздер – ақылдан  шыққан  аялы 

сөз дер. Əдепке үйренiп, əдептi сөздердi ай-

ту ға жаттыққан адам – мəдениетті болады.



Қазақ  халқының  сыйласым  дəс түр-

ле  рі  жəне  тəрбие.  Отан  отбасынан  бас та -

ла  ды»   дейдi  халық.  Отбасының  екi  тi ре  гi 

– əлпештеген əке мен аялаған ана. Əке -ше-

ше  ар қы лы  өр бi ген  тұқымның  ту ыс  тық-

адамгершiлiк қатынастары жүйе ле нiп, əлеу-

мет тiк,  қоғамдық  құрылысқа  бай ла ныс ты  

қа лып тасқан.

Əрбiр отбасында əкеге байланысты: баба, 

кейуана, ата, əже, əке, аға, əпке, iнi, қарындас; 

ал шешеге байланысты: түп нағашы, нағашы 

ата, нағашы əже, нағашы аға, нағашы əпке, 

нағашы iнi, нағашы қарындас деген туыстық 

ұғымдар бар.

Отбасындағы туыстық қатынастар əкенiң 

жақындығына  байланысты  қалыптасқан. 

От ба сын дағы  əрбiр  адамның  туыстық  қа-

ты нас қа  байланысты  мiндеттерi,  па рыз да-

ры,   борыштары бар. Мiндет – күнделiктi iс-

əрекет арқылы имандылық пен қай ы рым ды-

лық  рəсiмдерiн орындау əрекетiн iске асыру 

жо лы.  Парыз – мiндеттi iске  асырудың  қа-

лып тас қан рəсiмдерi. Борыш – ата-анаға, үл-

кен   адамдарға  қызмет  етiп,  əкенiң  еңбегiн, 

ана ның ақ сүтiн өтеу үшiн жүргiзiлетiн салт-

қа  айналған қайырым iс-əрекеттер жəне ол – 

«қарыз» деген сөздiң де баламасы. Яғни ба ла  

өзiн əлпештеп өсiрген ата-ана алдында олар-

дың  жан  аямай  жасаған  еңбектерiн  өтеуге 

қа рыздар. Егер ол нағыз адам болса, ең əуелi 

ата-ана  алдындағы  борышын  өтеудi  өмiр 

жо лы на мақсат етiп қойып, сол мақсаттарды 

орын дауға жан-тəнiмен əрекет жасап, еңбек 

етедi.

Отбасының қос шынары – ала таудай ата-



сы жəне аналардың анасы – əже. Ата – бере-

ке,  мейiрiм,  өнеге  даналықтың  қайнар  көзi, 

ата салтын алға апарушыларға үлгi беретiн, 

қа сиет тi iсiмен сый-құрметке бөленген қадiр-

лi   қария.  Атаны  сыйлау – ата-бабаны,  елдi 

сый лау, ал əженi құрметтеу өмiрдi құрметтеу 

бо лып табылады.

Əкенiң негiзгi мақсаты – баланы өмiрге 

бау лу,  тəлiм  берiп  тəрбиелеу. «Мен  балам 

үшiн өмiр сүремiн» дейдi əзiз əке. Əкенiң үл-

гi-өнегесi, ақылы, нұсқауы, талап етуi – бала 

үшiн бұлжытпай орындайтын заң iспеттi.

Ақ сүт берген ана баласы үшiн жанын да  

аямайды.  Қазақта  «əкемдi  алсаң,  ал,  құ дай,  

шешемдi  қой,  шекпен  тоқып  берсе  де,  өл-

мей мiн ғой» деген мақал бар. «Түн ұйқысын 



19

ҰЛТТЫҚ ДƏСТҮР

төрт  бө лiп, суық бесiк таянған, түнде шошып 

оян ған»  ананың  ақ  мейiрiмi,  оның  қызметi, 

ере сен еңбегi бағаланбаса, ол – қорлық. Бiрақ 

ана  бəрiн  де  кешiредi,  аналық  мiндеттерiн 

ай нытпай орындай бередi. «Əпке» деген сөз 

«апа»  деген  түбiрге  «еке»  деген  сыйласым 

қо сымшаның  жалғануымен  қалыптасқан. 

Əп ке – екiншi ана. Ол – əрi анаға көмекшi, 

əрi өзiнен кiшi ұрпақты тəрбиелеушi. «Аға-

сы бардың жағасы бар» дейдi халық. Аға – 

əке ден кейiнгi отбасының иесi. Ол – əрi əке-

ге көмекшi, əрi отбасындағы барлық тiр лiк тi 

басқарушы,  тəрбиешi,  тəлiмгер.  Аға  iнi ге, 

қа рын дасқа үлгi-өнеге көрсетiп, оларға қам-

қор шы болуға мiндеттi.

«Iнiсi  бардың  тынысы  бар»  деп,  халық 

iнi нiң  ағаға  көмек  көрсетiп,  оған  сүйенiш 

бо ла тынын уағыздайды. «Аға – бордан, iнi – 

зор дан»  деген  мақал  ағаның  кешiрiмдiлiгiн 

iнi пайдалана бермей, iнi одан да зор бо лып,  

яғни асып түсуге тиiс деген ұғымды бiл дi ре-

дi. Iнi ағаны ардақтап, ақылына тəнтi бо лып,  

кеңесiп отыруға мiндеттi. Iнiсi мен қа рын да-

сы  ағасын əкесiндей сыйлау керек.

Қазақта «Қарындасын сыйламағанның қа-

ры  сын сын» деген қатаң мақал бар. Ұлттық 

дəс түр бойынша қыз баланы, əсiресе, ең кiшi 

қыз ды  əлпештеп  аялау – əрбiр  жақынның 

жан  дай  мiндетi.  Қыз  баланы  сыйлай  бiлу, 

оның көңiлiне қаяу салмау, бар жақсылықты 

əуе лi қызға жасау – ұлттық дəстүрдiң салтқа 

ай нал ған  үрдiсi.  Ал  қарындас  ағасына  қыз-

мет  етудi,  əпкесiне  көмек  көрсетудi  өзiнiң 

негiз гi мiндетiм деп, инабаттылық қарым-қа-

ты нас та болуы керек.

Отбасында  ағасының  жұбайы – жеңгесi 

бол са,  ол  да  ананың  мiндетiн  атқарады. 

«Жең ге»  деген – қастерлi  де  сыйлы  ұғым. 

«Жең ге сi бардың, теңгесi бар», «Жолы болар 

жiгiт тiң  жеңгесi  шығар  алдынан»  дейдi  ха-

лық.   Жеңгенi анадай сыйлау қажет.

«Бiр  үйде  қанша  болсаң,  бiр-бiрiңе  мей-

ман сың», «Бiр-бiрiңдi  жаттай  сыйла,  жат 

жа ны нан түңiлсiн» деп, халық отбасындағы 

сыйласымды жоғары бағалайды. Əке, жəке, 

көке,  ата,  əже,  апа,  апатайым,  ағатайым, 

айым, кү нiм,  па нам, алтыным, т.б. Ізеттi сөз-

дер мен  сыйласым  рəсiмдерiн  iске  асырып 

оты ру – отбасындағы əрбiр адамның парызы. 



От басындағы сыйласым – қуаныш, бақыт

қы зық ты өмiр!

Ата тегін ардақтау дəстүрінің тəрбиелік 

мə ні.  Қазақта  «Жетi  атасын  бiлмеген – же-

те сiз» деген мақал бар. «Жылқы жетi тегiне 

тар тып туады» деп, халық адамның да арғы 

те гi не  тартып  туатынын  айқындап, «Бiреу 

əке ге тартып туады, бiреу əкеден артып туа-

ды»  дейдi  де,  ұрпағының  мейлiнше  «артып 

ту ға нын» тiлейдi.

Жетi атаға дейiн жақсы бiлудiң əдептiлiкке 

əсе рi  мол,  яғни  шөпшек  бабасына  дейiнгi 

туыс тық тегiн жақсы бiлiп, халықтық салт-

сана  бойынша,  туыстық  қатынаста  қалып-

тас қан  парыздарын  орындап,  борыштарын 

өтеу ге мiндеттi.

Ата  тектi  бiлуде  туыстық,  жақындыққа 

бай ланысты: баба, ата, əке, бала, немере, шө-

бере, шөпшек, туажат, жүрежат деген ұғым -

дар  бар.  Атаның  баба  алдындағы  зор  мiн-

деттерi баланың, немеренiң, шөберенiң, туа-

жат тың,  жүрежаттың  алдында  жалғасады, 

ол  əдептiк  қарым-қатынас  ру,  ел,  ұлт,  ұлт а-

ралық, бүкiладамзаттық мəнде дами қалып-

та сып, адамгершiлiк парыздарды өтеуге мiн-

деттейдi. Адам баласының адамгершiлiк қа-

рым-қатынасындағы атаға, руға, ұлтқа бө лiп,  

адамдық  асыл  сезiмдерге  жол  бермей,  күн-

дес тiк,  бақталастық,  дүние  таластықты  ту-

ды руға, əдептi бұзып, адамгершiлiкке қиянат 

көр сетiп,  қылмыс  жасау  тектi  сыйламаудан, 

адам дық қасиеттердi қастерлемеуден туын дай-

ды. Тегiмiз – адам. Бiз адамдық қасиетке иемiз.

«У  iшсең  руыңмен»  дегенде,  халық  тек  

ру ыңды сыйла деп тұрған жоқ, əуелi руың-

нан  бөлектенiп  кетпей,  сыйласымды  от-

ба сыңнан,  жақыныңнан  баста  деп,  отан  

сүйгiштiкке  шақырып,  отанды  сүю  от ба сы-

нан  басталатынын  уағыздап  тұр. «Өзiңдi  өзiң  

жаттай сыйла, жат жанынан түңiлсiн» деп,   халық 

сыйласымның бастауын айқын көр се тедi.

Абай атамыз: «Атаның ғана баласы болма, 

адам ның баласы бол» деп, адамгершiлiк қа-

рым-қатынас атаға бөлуге байланысты бол-

мау керектiгiн басып айтқан болатын. Əкеңдi 



20

ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ

сыйласаң, атаңды құрметтей бiлесiң, бабаңды 

қастерлеп,  бабаның  өнегесiн  орындайсың 

да,    елi ңе елеулi, халқыңа қалаулы, бүкiл адам 

ба  ла сына лайықты əрекетi мен əдептiлiгi бар 

жан   екендiгiңдi танытасың.

«Қандасына бармағанның қары сынсын» 

деп,   халық жан бауырына əдiлеттi, адал бо-

лып,   оған жақындық көрсетпегендi қатаң қар-

ғай ды.  Өйткенi  бүкiл  адам  баласын  сыйлау 

ең  əуелi отбасын, аталасты, руласты, ұлтты 

сый лаудан басталмақ. Руыңды сыйла, бiрақ 

бас қа  руға  қарсы  болу – қылмыс,  онымен 

де   жақындас,  ұлтыңды  ардақта,  бүкiл  адам  

ба ласын  құрметтей  бiл.  Мiне,  бiздiң  хал-

қы мыз дың  имандылық  дəстүрлерiнiң  түпкi 

мақ са ты – осы. «Алтау ала болса, ауыздағы 

ке тедi,  төртеу  түгел  болса,  төбедегi  келедi» 

деп,   халық жас ұрпақты бiрлiкке шақырады. 

«Жүзге бөлiнгеннiң жүзi күйсiн» деп, ата ла-

ры мыз «бөлiнудi бəрiнен де жек көрiп, қат-

ты   қарғайды.  Өйткенi  адамгершiлiк  асыл 

қа  тынас  тарды  iрiту,  бiрлiктi  бұзу – ең  ауыр 

қыл  мыс,  ондай  қылмыс  бүкiл  адамзаттық 

асыл  қасиеттерге кесiрiн тигiзедi.

Тектi  бiлу  дəстүрi  ата  текке  байланысты 

туыс тық  қатынастарды  əдептiлiкпен,  иман-

дылықпен орындай отырып, одан əрi да мы-

тып, жекжат-жұрағаттармен, отан дас тар мен,  

жалпы адам баласымен ха лық  қа лып тас тыр-

ған  адамгершiлiк қатынас тар дың  бо лу ын уа-

ғыз дайды.



Бата  беру,  өсиет  айту  дəстүрлерінің 

тəр бие лік мəні. Ата-бабаларымыз болашақ 

ұрпақ та рының адал жанды, əдептi, иманды, 

ба тыл да батыр, инабатты, iзеттi болып өсуi 

үшiн,  өсиет  айтуды,  өнеге  көрсетудi,  бата 

бе ру дi, тiлек айтуды əлеуметтiк əдепке, ата-

бабалық  дəстүрге  айналдырған.  Ата  дəс тү-

рiн  ардақтау – қазақ  халқының  ұлттық  ұж-

да ны. «Атадан бала тусайшы, ата жолын қу-

сай шы»  деп,  халқымыз  атадан  балаға  мұ ра  

болып келе жатқан жақсы қасиеттердi ке ле сi 

ұрпақтың бойына сiңiрiп, iзгiлiкке тəр бие ле-

ген. «Ат таяғын тай басар» деп, кейiнгi ұр-

пақ тың  ата  салтын  бұзбауын  талап  еткен. 

Осы ның  арқасында  əуелi  отбасылық,  содан 

кей iн əулеттiк, ұлттық тағылымдар ата дəс-

тү рi не  айналып,  ұрпақтардың  санасына  сi-

ңiп,   əдет-ғұрыпқа, салт-санаға айналған.

Данышпан  ата-бабаларымыз  кейiнгi  ұр-

пақ қа  өркениеттi  өсиет  айтып,  өнеге-нұсқа 

қал дырған. «Ынтымақ болмай, iс оңбас» деп,  

бiрлiкке шақырған. «Кiсi болар баланың кi сi-

ме нен iсi бар, кiсi болмас баланың кiсiменен 

не сi бар» деп, кiсiлiктi үйренудi өсиет еткен. 

«Бi лектi бiрдi жығады, бiлiмдi мыңды жы ға-

ды»   деп, бiлiм алуды уағыздаған. «Еңбектiң 

тү бi   –  зейнет», «Жасыңда  бейнет  көрсең, 

қар тай ғанда  зейнет  көресiң»  деп,  өмiр  заң-

ды лық та рын өсиет тұтқан.

Халық: «Қария,  қарияның  ақыл-ойы  да-

рия »,   «Қарты  бардың  ескiден  қалған  хаты 

бар»  деп, ата-бабаның айтқан сөзiн ардақтай 

тың дап,  ерекше  құрметпен  есте  қалдыруды 

əдет ке, əдепке, дəстүрге айналдырған. Қарт-

тарды қадiрлеп, оларға сəлем беру, қария лар-

мен  ақылдасу, қарт кiсiнi төрге шығару, қарт 

адам дар ға  сыбаға  сақтап,  сыйлық  əзiрлеу, 

сый-сыя пат  көрсетiп,  олардың  батасын  алу, 

қарт адамға қамқоршы болу – салтқа ай нал-

ған  дəстүрлер.

Ата-бабаларымыз  өмiр  тəжiрибелерiнен, 

ха лық тық  əдет-ғұрып  болып  қалыптасқан 

дəс түр ле рiнен  үлгi-нұсқаларды  өне  бойы 

өне ге етiп, ұрпақтарына үйретiп отырған, тi-

лек   тiлеп,  жастарды  жақсы  жолға  бастаған. 

Ба та – адам баласына тек жақсылық тiлеу, ха-

лық тарихында ертеден қалыптасқан дəс түр . 

Кейiннен тiлек айту, сол тiлекке жету «құ дi-

рет ке байланысты» деген сенiммен батаның 

нұс қа лары  қалыптасты. «Үйiң  құтты  бол-

сын»,   «Сапарың  оң  болсын», «Жайлы  жа-

тып, жақсы тұрыңыз» деген тiлектер – қысқа 

да нұсқа баталық сөздер. Бата қарт адамның 

ри за лық сезiмiн, өсиеттi ой-тұжырымдарын, 

жақ сы  тiлектерiн  бiлдiредi: «Елiңнiң  елеу-

лiсi,  халқыңның  қалаулысы  бол», «Шы ра-

ғың  сөнбесiн», «Отбасыңнан  бақыт  кет пе-

сiн», «Арманыңның  асуына  жет», «Бере-

келi  тiрлiк,  мерекелi  бiрлiк  берсiн»,  деп,  

бата  берушi  жастарды  халқын  сүюге,  бiр-

лiк ке,  тiрлiкке  тəрбиелейдi.  Бата  алу,  бата 

сұ рау,  бата  қылудың  өз  рəсiмдерi  бар.  Ал-

ды на   көп  мақсат  қойып,  қариядан  бата  алу 



21

ҰЛТТЫҚ ДƏСТҮР

үшiн, ба та алушы бата берушiге сый-сыя пат  

көр се тедi.  Ас  қайыру  кезiнде,  бiткен  ас   со-

ңында  қариялардан  бата  сұрайды. «Жауын-

менен  жер  көгерер,  батаменен  ел  көге рер»  

деп, халық батаны «киелi сөз» деп, жо ға ры  

бағалайды, жастар жаттап, жадында сақ тай-

ды.   Киелi  сөз – батаның  орындалуы  үшiн 

ба та  алушы  арман-мақсаттарының  биiгiне 

шыр қай ды, яғни арманға жету үшiн, тiрлiк-

тiр шi лiк жасауға машықтанады.

Арттағы  ұрпағына  сөзiмен  де, iсiмен  де, 

ақы лы мен де, парасатымен де үлгi-өнегесiн 

қал дыр ған  ата-бабаларымыздың  аруағын 

ардақ тап, мұрасын мақтан тұтамыз!

«Ата сөзi – бата сөз» деп, ата-бабамыздың 

на қыл  сөздерi  мен  ақыл  сөздерiн – өрнектi 

өсиет терiн  қастерлей  қабылдап,  жадымызда 

сақ тай мыз.  Елге  бiрлiк,  тыныштық  тi леп,  

халқының қадiрлi қасиеттi болуын арман да ған  

данышпан ата-бабаларымыздың жолын қу ып, 

жоралғысын  жасау – бiз  үшiн  мiндет,  па рыз, 

ұрпақтық  борыш.  Бұл  қасиет  ұлттық  əдеп тi-

лiк  деп  аталады.  Ата-баба  дəстүрлерi  ұлт тық 

мəдениеттiң бiр негiзi болып та бы ла ды. 

Төрт  құдіретті  əулие  тұту  дəстүрінің 

тəр бие лік  мəні.  Бүкiлəлемдiк  тiршiлiктiң 

құдi рет тi төрт негiзi бар. Олар: Күн-ана, Жер-

ана, ауа мен су. Адамзат күнделiктi тiр шi лi-

гiн де осы төрт құдiретке сүйенедi. Егер осы 

төрт негiздiң бiреуi болмаса, тiршiлiк тоқ тай-

ды. Сондықтан адамзат Күндi, Жердi ана дай  

ардақтайды,  жер  мен  судың  əулиелiгiн  қас-

тер леп, əрекет жасап, қызығын көредi.



Күн – барлық тiршiлiктiң құдiреттi тi ре-

гi. Ертеде адамзат Күндi жаратқанның жа ра-

ту шысы деп табынып, сиынып, барлық тiр-

шi лiк те  Күннiң  құдiретiне  сүйенген.  Шын 

мəнiн де  мынау  жарық  дүниенiң  өзi  күннiң 

сəу лесi  мен  жылылығынан  қуат  алып  тұр. 

Сон дықтан  да  халқымыз  Күн  тұрған  аспан 

əле мiн  қасиеттеп, «аспанға  қарап  түкiрме», 

«ас пан ға  тас  лақтырма»  деп,  ырым-тыйым 

жасай ды.  Күннiң  нұры – сəулесi,  құдiреттi 

кү шi – от.  Əлемдегi  барлық  тiршiлiк  оттың 

күшi мен  қозғалысқа  түсiп,  адам  өмiрiн 

өркен детiп тұр. Отты халық қастерлеп, «отты 

бас па», «отпен ойнама», «отқа түкiрме» деп, 

ырым-тыйым  жасап,  кесiр-қырсықты  от пен 

«аластап», отқа табынған. Отбасы, ота ғасы, 

отау деген сөздер оттың құдiретiн қас тер леу-

ден шыққан. Найзағайдың жарқылы, мотор-

дың  от алуы, оқтың атылуы – бəрi де оттың 

əсе рi.  Тек  сол  оттың  əулиелiгiн  қадiрлеп, 

от ты  дұрыс  пайдалана  бiлу  адамның  ақыл-

бiлi мi не байланысты.

Қазiргi  заманда  Күннiң  құдiретiн  бө геп,  

аспандағы  озон  қабатын  ыдыратқан  тех ни-

ка лық  зардаптарға қарсы күрес жүргiзiлуде. 

Қа зақ  «отбасы  аман  болсын», «шырағың 

сөн бесiн» деп, отбасынан бастап бүкiл адам-

зат тың  барлық  тiршiлiктiң  анасы – Күннiң 

аман дығын тiлейдi.

Жер-ана  барлық  тiршiлiкке  нəр  берiп, 

ана мыздай  асырап  жатыр.  Адам  баласы 

ғасыр лар бойы жер бетiне таласып, қан тө-

гiп,   қырғынға  ұшырады.  Бiрақ  жер-ананы 

ая лау,  оны  бүлдiрмеу  үшiн,  əр  қилы  əрекет 

жа сау ды соңғы ғасырда ғана қолға ала бас-

та ды. Қазақ халқы жер-ананы əулие тұтады. 

«Бап тағанға – жер жомарт», «Жерi байдың – 

елi   бай», «Туған жердiң топырағы да ыстық», 

«Же мiс – жерде, жеңiс – ерде», «Туған жер  

– алтын бесiк» деп, халық жер-ананы ая лай-

ды,   баптайды, құдiрет тұтады. Халық «жердi 

теп  пе», «топырақ  шашып  ойнама», «жердi 

жа  ман  дама»  деп,  ырым  жасап,  жер-ананы 

қас тер леудi уағыздайды. Жер тоздыру, өрiс тi  

тарылту, бар жердi пайдаланбау, оны бап та

-

мау   –  əрi айып, əрi қылмыс.



Жер-жаһандағы тiршiлiктiң нəрiн сiңiрiп, 

өмiр сүрудiң тiрегi болып тұрған құдiрет – 



су.   Өсiмдiк,  жан-жануар,  құрт-құмырсқа, 

адам зат сусыз өмiр сүре алмайды. Өмiрге ең  

қымбат, ең қажеттi нəрсе болғандықтан, ха-

лық суды да əулие тұтып, судың шығып жат-

қан жерiн «əулие бұлақ», «əулие көл» дейдi. 

«Су дың  да  сұрауы  бар»  деп,  суды  ысырап 

жа са мау керек екенiн халық өз ұрпақтарына 

ес кер тiп  отырған. «Сулы  жер – нулы  жер», 

«Өзен бар жерде өмiр бар», «Бұлақ көрсең, 

кө зiн аш», «Судай таза, сүттей ақ бол» деп, 

ха лық  өмiр-тұрмыстың  жақсы  болуы  суға 

бай ланысты  екенiн,  сондықтан  арна  жасай 

бiлу дi уағыздайды, «суды улама» деп, судың 


22

ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ

та залығын сақтауды талап етедi. Суды дұрыс 

пай да лана  бiлмегендiктен,  Арал  теңiзiнiң 

тар ты луы,  өзен-көлдердiң  улануы  халықты 

қат ты күйзелттi. Өзен-көлдерден құстар мен  

аңдардың кете бастауы – қасiрет. Ел ең бек те-

нiп,   ұрпақтарын табиғат апатына қарсы кү-

рес ке тəрбиелейдi.

Жанды  дүниенiң  (өсiмдiкте  де  тiршiлiк 

бар)   өмiр  ырғағын  жасап  тұрған  құдiреттi 

нəр се   –  ауа. «Ауа – өмiр тынысы» дейдi ха-

лық.   Тыныс алу тоқтаса, өмiр де тоқтайды. 

«Ас қар  таудың  ауасы – аурудың  дауасы», 

«ауа ны былғама, алланың демi» деп, халық 

кең  ауаны, таза самалды қасиет тұтқан. Ауа-

ны  былғау  қылмыс  деп  есептеген.  Ең  қым-

бат ты,  қажеттi  нəрсенi «ауадай  қажет»  деп,  

халық ауаны қымбаттың қымбаты деп баға-

лайды. «Желдеткiштi  жаппа», «Ауаны  қы-

лыш  пен  кеспе»  деп,  ырым  жасап,  əулиенiң 

əу лиесiн дей көредi. Жердi өртеп, бомбы тас-

тап,   ауаны  бүлдiру – ауыр  қылмыс.  Халық 

ондай қылмысты ауыр жазалауды талап ете-

дi.  Тiршiлiктiң  төрт  тiрегiн  қастерлеу – ха-

лық  сал ты, өмiр заңы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет