Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата03.03.2017
өлшемі1,7 Mb.
#6072
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

І. Білім беру үрдісінің құрылымын оң тай-

лан дыру және ұйымдастырылуын жетілдіру:

1.  Білім  беру  үдерісін  модернизациялау 

мәселелерін  зерттеудің  теориялық-әдісте-

ме лік алғышарттарын меңгеру, мәлімет тер ді 

талдау  барысында  оның  мәндік  сипат та ма-

ла рын ашу.

2. Жүзеге асуы үшін қажетті және жеткі-

лік ті психологиялық-педагогикалық жағ дай -

ларын жасауға бағытталған білім беру үде рі-

сін модернизациялау тетіктерін даярлау.

3.  Білім  беру  үдерісін  жетілдіруді  қам-

та масыз  ететін  педагогикалық  жүйені,  оны 

пайдалану бойынша оқытушыларға ұсы ныс-

тар ды теориялық жетілдіру және әдістемелік 

бағ да рын даярлау.

4.  Оқу  бағдарламаларын  оқу  материал да-

рын  игеру  сапасын  бағалаудың  критериалдық 

жүйесі мен диагностикалық аппаратын көр се ту.

ІІ.  Білім  алушылардың  интеллектуалды 

тұлғасын дамытудың мазмұны мен ны сан да-

рын  жетілдіру:

1. Жаңа білім беру парадигмасында, оқу 

үдерісінде  оқу  мақсаты  үшін  қажет  про-

филь дік емес түрлі пәндердің, соның ішінде 

шет  тілдерінің  жеткіліксіз  қолданылуымен 

анық талған  кәсіби  даярлауға  қойылатын 

талап тардың артуы.

2. Білім беруді бағалау траекториясының 

маз мұнды формасын  ұсыну. 

ІІІ. Білім берудің жаңаруын ғылыми және 

оқу-әдістемелік қамтамасыз ету:

1.  Халықаралық талаптарды есепке ала 

оты рып, білім беру дамуының мониторингін 

жетіл діру, соның ішінде, ұлттық білім беру 

құры лы мын  жасау.

2.  Білім  алушылардың  интеллектуалды 

әле уе тін  дамыту  бағдарында  білім  берудің 

ын та ландыру  жолдарын  нақтылап,  оқыту 

технологиясын ұсыну.

3. Патриоттық тәрбие беру және азаматтық 

белсенділік,  әлеуметтік  жауапкершілік  қа-

лып  тас тыру бойынша шаралар кешенін және 

жас тар интелектуалды әлеуетінің ашылу те-

тік  терін жүзеге асыру.

4. Білім берудің деңгейлері мен саты ла ры-

ның жалғаспалылығын қамтамасыз ету және 

оның практикалық бағытталуын күшейту. 

Қорытындылай  келе,  білім  беруді  интел-

лектуалды  қоғам  дамуына  бағыттау  негі зін-

де  ұйымдастыру  –  оқушының  өзінің  дер бес 

мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  бел сен ді  іс-

әрекет  жасауына,  оқушының  тұл ға  ретінде 

үнемі дамуына, өзін-өзі тәр бие леп дамытуына, 

жеке  ерекшеліктерін  ес ке  ру ге  жағдай  туғыза 

алуымен  маңызды.  Ол  үшін  білім  беру 

бағытын жетілдіретін жаңа шылдық мәселелер 

зерттеліп,  білім  бағ дарламаларында  көрініс 

табады деген ой да мыз. 

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: 

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. – Алматы, 2007. -72 б. 

2  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан-2050» 



43

ҰЛТТЫҚ ПОЭЗИЯ

стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына 

Жолдауы. 14.12.2012. // Ақиқат, 2013. №1.

3 Изотов М. Проблемы патриотического воспитания народа в процессе  формирования 

общеказахстанской национальной идеи. //Общенациональная идея. – Алматы, 2013. - 23с.

ӘОЖ 82-1.82-14



М.Әліпхан

Абай атындағы ҚазҰПУ «Абайтану» ғ.з. орталығының аға ғылыми қызметкері, ф.ғ.к.

М.Қашымбек

ҚазМемҚызПУ филология факультетінің 4-курс студенті



АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ЖАҚСЫ АДАМ БЕЙНЕСІ

Мақалада  Абайдың  «Алланың  өзі  де  рас,  сөзі  де  рас»  өлеңіндегі  айтылған  ойлары 

мен  қаиетті  Құранда  айтылған  сөздердің  аражігін  ажыратып,  ашып  көрсеткен.  Сонымен 

қатар, Абай өлеңдеріндегі жақсы адам бейнесі Құран және өзге де ойшылдар ойларымен 

сабақтастықта қарастырылған.

Түйін сөздер: адам, ғұлама, ақын, дана, мінез, жас ұрпақ.

В  статье  поясняются  мысли  Абая  в  стихах  «Аллах,  и  его  слова  истинны»  и  слова 

священного Корана. А также, личность благородного человека рассмотрена в взаимосвязи с 

Кораном и мыслями великих мыслителей.



Ключевые слова: человек,ученый,поэт, мудрый, характер, молодое поколение.

In the article the ideas of  Abay are explained in verses Allah, and his words of  true and  words 

of sacred Koran. And also, personality  of  noble man is considered in intercommunication with 

Koran and ideas of great thinkers.



Keywords: people, scientist, poet, wise, character, the young generation.

Адам  баласы  жаратылысынан  бері  кө-

кей інде дамыл таптырмай мазалап, өмі рі нің 

соңына  дейін  айықпас  дерттей  жа быс қан 

бір сұ рақ пен арпалысып келеді. Жара ты лы-

сының мәні мен мақсатын дәлдеп ай қын дай 

алмаған адамзат баласы осынау сауал да ры-

ның  жауабын  сонау  ықылым  замандардан 

бе рі іздеу үстінде. Солардың қатарында да-

ла мыз дың  данасы  Шәкәрім  де  ой  толғап, 

отыз жыл өмірін арнаған «Үш анық» еңбе-

гін де күрмеуі шешілместей болған сұрақ тар-

дың жауабын ақыл танитындай етіп дәлелді 

сөз де рі мен  қадап  танытқан.  Ол  аталмыш 

еңбе гін де: «Тіршілік туралы адам арасында 

көп тен бері айтылып келе жатқан екі түрлі 

жол бар. Бірі, дене өлсе де, жан жоғалмайды, 

өл ген нен соң да бұл тіршілікке, тіпті, ұқ са-

май тын бір түрлі өмір бар. Сондықтан жал-

ғыз ғана дүние тіршілігінің қамын ойламай, 

сол  соңғы  өмірде  жақсы  болудың  қамын 

қылу керек дейді. Мұны ақирет – өлгеннен 

соң ғы өмір жолы дейді. Енді бірі, бұл әлем-

де гі барлық нәрсенің бәрі өздігінен жаралып 

жа тыр,  оны  былай  қылайын  деп  жаратқан 


44

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

иесі  жоқ,  һәм  өлген  соң  тірілетін  жан  жоқ 

дей ді. Менің ойымша, осы екі жолдың қай-

сы сы  анық  екенін  табу  ақылы  сау  адамға 

қат ты міндет» [1,7], – дей келе сөз соңында: 

«Адам  атаулыны  бір  бауырдай  қылып,  екі 

өмір ді де жақсылықпен өмір сүргізетін жал-

ғыз жол осы мұсылман жолы сияқты. Кейбір 

дін шілдерді қорлыққа түсіріп жүрген шатақ 

дін мен жалғандық. Әйтпесе Жаратушыда бі-

лім  бар, өлген coң да бір түрлі жан тіршілігі 

бар!   Жанның  екі  өмірде  де  азығы:  ұждан 

(совесть) деумен ешкім де еш нәрседен кем-

дік   көрмейді.  Тіпті,  бұл  жоғарылаудың  eң 

зор  жәрдемі. Үш анық дегенім міне осы...» 

[1, 34] – деп түйіндейді. 

Ақиқатында бар сауалдың жауабы Құран 

Кәрім де  айқын  берілгеніне  көзіміз  жетті. 

Қа сиет ті  кітабымыз  Құранда  Алла  Тағала: 

«Мен  жындар  мен  адам  баласын  «тек  қана 

(мені  танып),  маған  ғибадат  етсін»,  деп 

жарат тым» («Зарият» сүресі, 56 аят), – делі-

не ді. Осыдан келіп жаратылысымыздың мәні 

құлшылықтан  мақсатымыздың  да  шы ға ты-

ны,  яғни  Алла  Тағаланың  разылығы  үшін 

өмірімізді  құлшылықпен  өткізуіміз  қа жет 

екені айқындалады. Құлшылылық де ге ні міз 

дінімізде  аталатын  бес  парызбен  шек тел-

мей ді. Ол – ауқымы кең дүние. Құлшылық 

– адам баласының Хақты танып, Оған мой-

ын сұ нып, Алла сүйетін, разы болатын іс тер-

ді  Оның  разылығы  үшін  жария  немесе  жа-

сы рын орындауы.

Бұл турасында Абай хакім «Алланың өзі 

де рас, сөзі де рас» өлеңінде:

Руза, намаз, зекет, хаж – талассыз іс,

Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс.

Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті

Қылғанменен  татымды  бермес  жеміс  [3, 

304], – деп түйеді. «Осы жердегі «бастапқы 

үш»  дегеніміз  «имани  гүл»  ұғымына  келіп 

саяды. М.Әуезов Абайдың «Алланың өзі де 

рас, сөзі де рас» өлеңіндегі мораль фило со-

фия сына  соғатын  үш  сүю  (имани  гүл)  деп 

аталатын ақын танымының мағынасы терең 

өзекті  желілеріне  айрықша  назар  аударады. 

Абай айтқан үш сүю жайлы ой байламдарын 

анық тау  арқылы  ішкі  нанымы,  танымы 

түгел ге жуық ашылып, өз көрінісін бере ал-

ған  деп  қарайды.  Себебі,  осы  өлеңдегі  үш 

сүю де алға қойылған бастапқы пікір:

«Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті» [3, 

304],  –  деп  жаратушы  түп  иесін  жаралған 

пен де сі нің  махаббатпен  сүюі  қажет  дейтін 

бірін ші сүю ді көреміз

Екінші  сүю  –  ақын  шығармаларында 

же лі   лі  түр де  таратылатын  басты  ой  желісі 

«Адам заттың бәрін сүй бауырым деп» айдар 

та ғып, ерекше бөліп көрсетуінде жатыр.

Үшінші  сүю  –  «Және  сүй  хақ  жолы  деп 

әділетті» деп 38-сөзінде Алланың бойын да-

ғы  8  сипаттан  құдірет  пен  ғылымды  бірік-

тіріп  алатын  ғақылға  (ақылға)  Абай  нақы-

лия,  ғақлия дәлелдерге сүйене отырып ұсы-

на тын ғәділетке (әділетке) ерекше мән бере-

тін үшінші сүюді көреміз» [4, 104-105]. Аң-

да ға нымыздай,  Абай  құлшылықтың  шарты 

ретінде  имани  гүлді  көрсетіп,  ең  алдымен 

адам жүрегінде осы үш сүю болу керектігін 

ұғын ды рады.

Бастапқы  жолдарға  назар  салсақ,  Абай  

«жақ сы  болсаң,  жақсы  тұт  бәрін  тегіс»,  – 

деу  арқылы  құлшыллыққа  ықтияттылық 

пен үш сүюді толық қамтысаң жақсы бола-

рың ды  меңзеп,  салмақты  «жақсы»  сөзі-

не  артады.  Жақсылыққа  жанымыз  құ мар  

болып,  жақсы  адам  атануға  қанша  ұмтыл-

ға ны мыз бен,  «жақсы»  сөзінің  мағынасын, 

жақ сы  адамның  кім  екендігін,  оның  сипа-

ты ның  қандай  болмағын  өзімізше  саралап 

келе міз.  Абай  әр  нәрсенің  себебін  іздейтін 

ха кім болғандықтан, ақиқатты ақыл көзімен 

кө ру ге тырысқандықтан да жоғарыда «жақ-

сы»  сөзінің  астарын  ұғынып  айтты.  Абай-

ға  көңіл  бөлмес  бұрын  алдымен  ғалым, 

ой шыл дарымыздың  жақсы  адам  жайлы 

ойла рын  қарастыруды  жөн  көріп  отырмыз. 

Философия  ғылымдарының  докторы,  про-

фес сор Тұрсын Ғабитов «Қазақ этикасының 

кате гориялары  мен  ұстындары»  еңбегінде: 

«Жақсы  адам  –  рухани  бай  адам»,  –  деп, 

ойын Қ.Жарықбаев сөздерімен жалғас ты ра-

ды:  «Осындай  мұрат  тұтатын  адам  тура лы 

қазақтанушы  Қ.Жарықбаев  ойларын  бы-


45

ҰЛТТЫҚ ПОЭЗИЯ

лай түйіндейді: «Ақылды адам өзіндік ойы, 

өзіндік  мақсаты,  өзіндік  бағыты  бар,   кез 

келгеннің  жетегіне  еріп  кетпейді.  Сал қын-

қан дылық,  тұрақтылық,  мінезділік  –  адам-

ға  ауадай  қажет.  «Қайда  жүрсең  де  өзің ді 

тізгіндеп  ұста»,  «Адам  болу  үшін  ерлік-

пен  қатар  ақкөңілділік  те  керек»,  «Бай сал-

ды лық  –  ізгі  қасиет».  Адамның  осындай 

жақ сы  қасиеттерін  тізбектей  келе,  жұртты 

жа ман  мінез,  жат  қылықтан  жирендіреді. 

(«Сараңның жұрт түгілі өзіне де дәрмені жет-

пейді», «Топасқа қылығы да қырсық бо лып 

жабысады»,  «Ұятсыздан  үйдей  пәле  шыға-

ды»).  Адамға  төмендегідей  қылықтар,  атап 

айтқанда – өтірік айтып, дандайсу, ішкі лік ке 

салыну, нәпсіге құмарту, іштарлық, күн шіл-

дік пен бас араздық, бұзық жолға түсу, бос қа 

күйіп-пісіп, ашушаң болу, адамның өзін-өзі 

ұстай  алмауы  және  тағы  басқалары  еш  уа-

қыт та опа бермейді. Ақылды адам бұларды 

бойы на  дарытпау  үшін  ылғи  қам  жеп,  сақ 

жүреді. Жақсы адам ылғи да жеке басымен 

қоса, отбасының да берекесін ойлап жүреді. 

Бақытты  болу,  асыл  мұратқа  жету  жақсы 

қасиет терсіз жүзеге аспайды» [5, 279-280], – 

дейді де, жақсы болмақтың басы етіп ақыл-

ды  қояды. 

Психология  бойынша  энциклопедиялық 

сөз дікте:  «Мұсылман  халықтарында  «адал, 

арам»  ұғымдарына  өте  зор  мән  беріледі. 

Алғаш қысы «жақсы адам» дегенді білдірсе, 

соң ғысы  «жаман,  оңбаған  адам»  дегенді 

ұқтырады. Адал – ешкімнің ақысын жеп, ала 

жібін  аттамай,  өз  еңбегімен  дүние  жинап, 

күн көріп жатқан, ғайбат сөйлемейтін, кісіге 

қиянат қылмайтын жан; арам – дүние-малы 

еңбексіз;  ұрлық-қарлық,  қулық-сұмдық,  ал-

дау-арбаудан  жиналған,  сонымен  күн  көріп 

жат қан екіжүзді, обал-сауаппен санаспайтын, 

жы мыс қы адам» [6, 15], – деп, жақсы адамды 

тікелей  исламдағы  адал  ұғымымен  бай ла-

ныстырады. Сөйте келе адал адамды - жақ сы 

адам, арамды - жымысқы адам деген тұжы-

рым  жасайды.

Ал  Есім  Ғарифолла  «Жақсы  адам  кім?» 

де ген  сауалға  Абайдың  38-сөзі  арқылы  жа-

уап береді. Ол: «Адамның Хауас сәлим, яғни 

жақсы адам атануы үшін алты шарт қажет, 

олар: жақсы тән саулығы, жақсы туыс, жақ сы  

ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұс таз. 

Міне, жақсы адам болу үшін қажетті шарт-

тар. Бұл – жақсылықтың өлшемдері, ал ен-

ді Шәкәрім қойған сауал «Ең жақсы адам не 

қылған кісі?» дегенге келсек, оған жауап ты 

тағы да Абайдың өзінен табамыз. Абай ай-

та ды, жоғарыда айтылған қасиеттері болған 

соң,   оның  «аты  адам  болады»,  яғни  жақсы 

адам атанады, бірақ ол қандай істермен жақсы 

атан бақ, олар: «Алла Тағаланы танымақтық, 

өзін  танымақтық,  дүниені  танымақтық...» 

Жақ сы  адамның  алдында  үнемі  осындай 

үш  мәселе  болмақ,  солардың  нәтижесінде 

оның  адамдығы  айқындалмақ,  яғни  жақсы 

адам атанбақ»,- деп, жақсы адам атануға ең 

алдымен  таным,  яғни  ақылмен  тану  керек-

ті гін нұсқайды. Таным дегеніміздің өзі тіке-

лей   ғылымға  негізделеді.  Ғылым  туралы 

ой айтқанда да Абай: «Ғылым — Алланың 

бір  си паты,  ол  –  хақиқат,  оған  ғашықтық 

өзі де ха қлық һәм адамдық дүр» [7, 281], - 

деген.  Асылында  адамдағы  рахымның  ор-

ны  жү рек  бол ға нымен,  жүрекке  ақ-қа ра ны 

ажы ратпақ  үшін  ақылға  жүгінбек  қа жет. 

Сондықтан  адамшылық  жолында  жүрек-

пен  біте  қайнасқан  нұрлы  ақылдың  бо луы 

шарт.  Ақыл  Хақты  танып,  жүрекке  мойын-

сұ нуы мен  нұрлы  аталады.  Әбсаттар  қажы 

Дербісәлі «Шәкәрім және ислам мәдениеті» 

мақа ла сын да:  «Ең  жақсы  адам  -  әрдайым 

бойын да ғы  жаман  қылықты  көре  білген, 

мойын дай  алған  парасатты  тұлға.  Қате 

қылықтарымен  үнемі  күресіп,  олардың  ор-

нын кемел қасиеттермен айырбастай білген 

адам.  Өзі  үшін  емес,  көбірек  өзге  үшін  ғұ-

мыр  кешкен  жан.  Қысқасы,  ең  жақсы  адам 

- әр бір ісінде Жаратқанның ризашылығына 

же ту ді  мақсат  еткен,  кемел  адам  хазіреті 

Мұхаммед  (с.ғ.с.)  пайғамбарымызды  үлгі 

тұт қан рухы биік, талабы озық пенде» [8, 5],- 

де ген екен. Демек, жақсы адамның шартты 

түр де көздегені Алланың разылығы болып,  

пай ғам барымыз  Мұхаммедті  (с.ғ.с.)  үлгі 

тұт қа ны дұрыс. Автор өз танымында жақсы 

адамды  рухы  биік,  талабы  озық  пенде  деп 


46

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

біледі де, оның өзегі мұсылманшылық екенін 

айтады.  Ал  Хакім  Абай  Алла  Тағаланы 

тану жолында, Алла жолында жүрген адам-

ды  таза мұсылман, толық адам дейді. Оған 

дәлел Абайдың 38-сөзіндегі жолдар: «Құдай 

та ға ланың жолы деген жол Алла Тағаланың 

өзін дей ниһаятсыз болады. Оның ниһаятына 

eш кім жетпейді. Бірақ сол жолға жүруді өзі-

не шарт қылып кім қадам басты, ол таза мұ-

сыл ман, толық адам делінеді» [9, 95]. Адам-

ның  діттегені  Алланың  разылығы  болуы 

үшін адам баласына ең алдымен Жарат қан ға 

деген  махаббат,  соқыр  махаббат  емес,  яғ ни 

иманнан бастау алған махаббат керек. Шек-

сіз ді шектеулі ақылмен толық тани алма ға-

нымызбен, ақылдың жеткенінше тануға ұм-

тыл сақ, жүрегімізде иман шуағына малынған 

Хақ қа  деген  шынайы  махаббаттың  орын 

ала ры, адамзаттың сол махаббат арқылы Раб-

бының  разылығын  көксейтіні  –  сөзсіз.  Шә-

кә рім «Үш анығында»: «Руссо деген атақ ты 

поэт (ақын) айтқанмен, басында адам тәңі рі-

нің  барлығына  нанбаса  да,  толықтыққа  же-

те ді  деп  ойлаушы  едім.  Аяғында  онымның 

бе кер  ой  екендігін  білдім.  Тәңірінің  барлы-

ғы на ақылымен әбден нанбай тұрып, адам то-

лық тық қа жете алмайды деген зор философ 

Биран жие» [1, 14-15], - деп, ақылмен айтыл-

ған сөзді жан туралы пайымдауларына мы сал 

еткен. Нақ осы сөз алдыңғы екі ойды қуат тап 

тұрғандай. Шындығында да адам бала сы ның 

жақсы болмағы, толық болмағы Хақ ты сезген 

жүректің  ақылға  арқа  сүйеп,  Хақ ты  тануға, 

хикметін сезуге ұмтылған ақыл дың жүрекке 

мойынсұнуымен астасып жата ды.

Жан  Жаратушыдан  келгендіктен  Хаққа 

жа қын,  жақсылықты  құмартады.  Себебінің 

өзі себеп болған Жаратушыда жатыр. Алла 

Таға ла  өзі  қандай  шексіз  көркем  болса, 

жара ты лыс тардың  асылы  адамға  да  сол 

көркем дікті белгілі бір аяда берген. Бұл ой 

Нағима  Байтенова,  Айна  Қабылова,  Айша 

Ромашева лардың  бірігіп  жазған  «Шығыс 

фило софиясындағы кемелденген адам мәсе-

ле сінде»: «Ортағасырлық шығыс мұсылман 

фило софиясының  ірі  өкілдерінің  бірі  әл-

Ғазалидің  пікірі  бойынша,  Құранда  айтыл-

ған дай,  адам  Алланың  көшірмесі,  оның 

көмес кі бейнесі. Адам да Алла сияқты көре-

ді,   естиді...  Абайдың  «Қара  сөздерінің» 

38-сөзінде де осы жайлы айтылады: «... Алла 

Тағала ға ұқсай алам ба деп, надандық бір ол 

сөз ден  жиіркенбе,  ұқсамақ  -  дәл  бірдейлік 

дағуа сы  бір  емес,  соның  соңында  болмақ. 

Оның  үшін  Алла  Тағаланың  сипаттары: 

«Ха ят  (тір ші лік),  Ғылым,  Құдірет  (күш), 

Ба сар  (көру),  Сәміғ  (есту),  Ирада  (тілеу, 

қалау),  Кәләм  (сөздер),  Тәкин  (болу)»  [10, 

169],-  дегенінде  дұрыс  ой  жатыр.  Адам 

жаны  осынау  көркемдікті,  игі  қасиеттерді 

сақтап  қалу  үшін  де  өмір  бойы  күресумен 

өтеді.  Бастауын  әл-Фарабидің  «парасатты 

адамынан»  алған  Жәуанмәртілік,  Хәл  ілім-

де рі  нің  жалғасы  болған  Абайдың  «Толық 

адам» ілімінің де көксегені – адамгершілік. 

«Абай шығармаларында жиі ұшырасатын: 

«адам болу», «жарым адам», «толық адам», 

«адам шы лық», «адамдық», «адамның адам-

ды ғы», «адамшылығының кәмалат таппағы», 

«бен де ліктің  кәмалаты»,  «толық  инсаният» 

т.б. терминдік терең мәні бар сөздер мен күр-

де лі ұғымдардың бәрі де өзінің арнасы жағы-

нан шығыс пен батыс ойшылдарының еңбек-

те рін де көп сөз болған «камили инсани» мә-

се ле сі мен  іліктес  жатқан  дүниелер....  Ұлы 

ақын  жас  ұрпақтың  адам  болу  талабының 

тұң ғыш  қадамы  неден  басталу  керек  деген 

сұрақ қа:  «Қашан  бір  бала  ғылым,  білімді 

махаб батпен  көксерлік  болса,  сонда  ғана 

оның аты адам болады», - деп жауап береді... 

Бала ның  адам  болуға  ұмтылған  алғашқы 

ады мының негізін бұзатын, яғни, қазақ бол-

мы сын да  оның  адамдық  қасиетінің  толық 

қалып та суына  зардабын  тигізетін  нәрсе  – 

ба ла өс кен әлеуметтік орта. Бала соның әсе-

рі нен қиянатшыл болады деп қараған.

Осы себептерді еске алатындықтан да: «...

қия натшыл балалар талапқа да, ғылымға да, 

ұстазға да... қиянатпен болады. Бұл қия нат-

шылдар – жарым адам... Олардың адам шы-

лы ғының  кәмеләт  таппағы  қиынның  қиы-

ны» болып, тәлім-тәрбиенің ырқына көнбей 

шы рық бұза береді....

Бірақ  Абай  шығармаларын  зерлей  ой-


47

ҰЛТТЫҚ ПОЭЗИЯ

ла нып  оқымаған  кісі  ақынның  адам  болу 

тура лы  ойларында  кездесетін  бенделіктің 

кәма латтығы мен инсанияттың кәмалаттығы 

деген ұғымдардың мәніне, табиғатына жіті, 

ажырата  қарамаудан,  оларды  бір  мағынада 

танып  қалуы  мүмкін.  Мұнда  қолданылып 

отырған  «бенде»  немесе  «пенде»  сөзі  діни 

ұғымдағы  «құдайдың  құлы»  деген  ұғымда 

алынса,  «инсан»  сөзі  өмірдің  гүлі  –  адам 

деген  гуманистік  мәнде  беріледі  де,  жалпы 

шығыс классиктерінде көп сөз болған ка ми-

ли инсани туралы таныммен сабақтас алын-

ған   бұл  ұғым  Абайда  негізінен  толық  адам 

де ген атпен таратылып отырады...

Абайдың    өзі    толық    адам    туралы 

ойларының  не гі зін  осы  жәуан  мәртілікпен 

ұштастыра қарай тындықтан: «Белгілі жәуан 

мәртілік  үш хаслат бірлан болар деген: сиддиқ, 

кә рәм,   ғақыл.  Бұл  үшідан  сиддиқ-ғадалат 

бо лар.  Кәрам шафағат болар, ғақын-мағлұм 

дур ғы лым ның бір аты екендігі... Сенде  бұл 

ғы лым, рахым, ғадалат үш сипатпен сипат-

тан бақ; ижтиһадің шарт еттің, ... толық ин-

са ния тың бар болады», - деген пікірін ашық 

айта ды.  Адам  болудың  бұл  үш  сипаты: 

ғылым  (ақыл),  рахым  (шафағат),  әділет 

(ғадалат)  тәрізді  қасиеттерді  жас  ұрпақтың 

бойы на толық дамытқанда ғана оның аты – 

Абай  сөзімен  айтсақ  толық  инсанияты  бар 

не ме се камили инсани бола алмақ» [11, 11-

14], - деп Мекемтас Мырзахметов Абайдағы 

«адам»  ұғымына  байланысты  терең  мәнді 

ұғым дар дың  ара-жігін ашып береді. 

Жоғарыда  аталған  Абайдың  «Алланың 

өзі  де  рас,  сөзі  де  рас»  өлеңіндегі  жолдар 

Құран  Кәрімдегі:  «Күдіксіз  сондай  иман  кел-

ті ріп, түзу іс істегендер; міне солар, жара тыл-

ған дар дың  жақсысы»  («Бәййіна»  сүресі,  7 

аят),-  деген  аятынан  нәр  алып,  Алланың  осы 

бір  сөзін  түсіндіріп  тұрғандай.  Абай:  «Жақ-

сы  болсаң  жақсы  тұт  бәрін  тегіс»,  -  дей ді 

де,  артынан  «Бастапқы  үшін  бекітпей  соң ғы  

төртті, Қылғанменен татымды бермес же міс», 

-  деп,  адам  әуелі  имани  гүлмен  жүрегін  нұр-

лан дырса ғана ғибадаттарының толық, жеміс-

ті  болатынын  дәл  айтады.  «Қасиетті  Құран 

Кәрімнің көптеген аяттарында «иман келтіріп, 

ізгі  амал  жасағандар»  деп  реті мен   айтылса, 

хадис  шәріптердің  бірінде  Ислам ның  бес 

негізден  құралатынын,  олардың  көш  басында 

Аллаға  және  пайғамбарға  иман  ету  тұратыны 

айтылған.  Байқап  қарасақ,  аятта  да,  хадисте  де 

алдымен иман, содан соң өз ге жақсы істер аталған» 

[12,  29].  Абайда  ай тыл ған  «істің  басы  –  ретін 

танымақтық»  та  осы ны   қуаттайды.  Меніңше, 

Абайдағы  толық  адам  ұғы мы нан  жоғарыдағы 

«жақсы» дегені алыс жатқан дүние емес. 

Абай  «Малға  достың  мұңы  жоқ  малдан 

басқ а» өлеңінде:

«Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті:

Ыстық  қайрат,  нұрлы  ақыл,  жылы  жү-

рек»,   -  деп  толық  адамға  тән  үш  шартты 

атап  көрсетеді.  Адам  дүниеге  келгенінде  то-

лық  болып  келмейді,  тек  толықтыққа  жете-

лей тін  қасиеттермен  келеді  де,  толық  бол-

мағы  шафағат  етпек  жүректің,  ақ-қа ра ны 

ажырататын ақылдың, нәпсіңе бой алдырмай, 

ізгі  амалдар  жасататын  қай рат тың  тұтасып, 

кемелденуімен  болады.  Оған  дәлел  Абайдың 

38-сөзінде:  «Белгілі  жәу ан мәртлік  үш  хаслат 

бірлән болар деген, сиддиқ, кәрәм, ғақыл – бұл 

үшеуінен сиддиқ ғада ләт болар, кәрәм шафағат 

болар. Ғақыл маға лұм дүр, ғылымның бір аты 

екендігі.  Бұ лар  әр  адамның  бойыңда  Алла 

табарака уа та ғала тәхмин бар кылып жаратқан. 

Бірақ  оған  рәуаж  беріп  гүлдендірмек,  бәлки, 

адам өз халінше кәмәлатқа жеткізбек жәһәтінде 

бол мақ.  Бұлар  –  өз  иждиһадің  бірлән  ниет 

халис бір лән ізденсең ғана берілетін нәрселер, 

бол маса жоқ» [9, 86], - деп ой түюі. Абай шы-

ғар маларының көбінде осы үшеуінің тұта суы-

нан болатын толық адамның шартты негізі кез-

деседі.


Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой –

Бес асыл іс, көнсеңіз, – деген жолдардан 

да  жоғарыдағы  ұғымдарды  аңғарамыз. 

Қайрат тан  шығатын  талап  пен  еңбек,  ақыл 

жемісі терең ой, жүректің асылы рахым мен 

қанағат барлығын тұтастырып, толық адам-

ды  құрайтын қасиеттерді санамалап, шартты 

түр де толықтыққа жетудің негізі етуі бекер 

емес.  Адам  бойындағы  барлық  жақсы,  игі 

қасиеттер Абай атаған ақыл, қайрат, жү рек-


48

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

тен   қайнар  алады.  Абайдағы  бұл  ой  келесі 

өлең де анық танылады:

Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек,

Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.

Тоқтаулылық, қалыпты, шыдамдылық,

Бұл қайраттан шығады, білсең керек.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек.

Жеке-жеке біреуі жарытпайды,

Жол  да  жоқ  жарыместі  жақсы  демек 

[3,  128].  Мұндағы  ойды  дәл  байқай  білген 

ғалым  Мекемтас  Мырзахметов:  «...  адам 

бой ындағы  ақыл,  қайрат,  жүрек  жөніндегі 

күр делі ұғымға алғаш рет ерекше назар ау-

да рып,  ой  толғай  бастайды.  Осы  күрделі 

ұғым ның  философиялық  мән-мағынасынан 

өз  өмі рінің  соңғы  шағына  дейін  қол  үзбей, 

оған  негізінен  гуманистік  астар  бере  оты-

рып,  әсіресе,  ондағы  жүрек  мәселесіне 

Абайдың өзі үш сүю немесе имани гүл деп 

ата ған танымының негізінде өзіндік ой бай-

ламдарын жан-жақты таратып беруге ұм тыл-

ған  ақынның белсенлі әрекетін көреміз» [11, 

21], - деп баға береді де: «Абай өзінің дүние 

та ны мында ақыл, қайрат, жүректің бірлігіне 

аса зор мән бере қарауы себепті де:

«Біреуінің күні жоқ біреуінсіз

Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек» [3,128], 

-  деп,  аталмыш  ұғымдардың  қоғамдық  са-

на дағы алатын орны мен мағынасын білуде 

ғы лым ға жүгініп, оған сілтеме жасауында да 

зор мән бар» [11, 21], - деген пікірімен те рең 

ой  тастайды.  Адамды  толықтыратын  атал-

мыш үш қасиет болғанмен де, ғылымның сол 

үше уінің  жөнін  білетіндігін  Абай  тегіннен-

те гін жазбаған. Адамға хикметті сезіну үшін 

ғы лым ға бой ұруы керек.

«Жүректің көзі ашылса,

Хақтықтың түсер сәулесі.

Іштегі кірді қашырса,

Адамның хикмет кеудесі.

Наданның көңілін басып тұр,

Қараңғылық пердесі.

Ақылдан бойы қашық тұр,

Ойында  бір-ақ  шаруасы»  [3,  165],  -  деген 

жолдардан-ақ  адамды  надан  ететін  нұр сыз-

дық тың  салдары  ақылдың  рахымнан  алыс 

болуынан,  жүректің  әміріне  ақылдың  құ лақ 

аспауынан  туады.  Жүрек  көзінің  ашы луы 

Хақ  сәулесінің  түсуімен,  жүректің  Түп  Ие ні 

сезуінен  болса,  Абайдағы  «нұрлы  ақыл дың» 

мағынасы тікелей «...ыстық жүрек тің ырқымен 

жүретін, тек қана ра хым -шафағаттың дегенін 

іске  асыратын  гу ма нис тік  жолдағы  ізгілікті 

ақыл...» [11, 23], - де ген ге келіп саяды. Олай 

болса,  ақылдың  нұр лан бағы  да  ең  алдымен 

жан мекені жүректен екен. 

«Алла деген сөз жеңіл,

Аллаға ауыз жол емес.

Ынталы жүрек, шын көңіл,

Өзгесі хаққа қол емес...

Ақылмен хауас барлығын

Білмейдүр, жүрек сезедүр...» [3, 268] - де-

ген жолдардан-ақ жүрек деген жұмыр ет тің 

Иесін  сезетінін,  Хаққа  жақын  ететін  ын-

та лы  ғашық  жүрек  пен  шын  ниет  екен ді-

гін  аңғарамыз.  Осыдан-ақ,  жүректің  адам-

да ғы  бас  мүше  екендігі,  онда  Хақ  сәу лесі 

болғандықтан рахымның да орын ала тын ды-

ғы, оның әмірі ақылға да жү ре тін ді гі белгілі. 

Олай  болса,  толық  адамға  жету  жо лын да 

жү рек тің  басымдырақ  танытатыны  «сен  де 

сүй  ол  Алланы  жаннан  тәттімен»  тұ та сып 

жатады.

Абайдың  баласы  Әбдірахманға  арнаған 



өлең дерінде  Әбдірахман  бейнесімен  қатар 

то лық адам бейнесі де сомдалады. 

«Тұла бойың ұят-ар едің

Ескеріп істеп, ойлаған.

Тәуекелге нар едің,

Талаппен терең бойлаған» [3, 229], - деген 

жолдардан  жүрек,  ақыл,  қайраттан  бастау 

ал ған қасиеттердің Әбдірахман бойында тұ-

тас қаны сипатталады. Осы үшеуден шыққан 

қа сиет тер:

«Сабыр мен талап беріпті,

Ақылың, рахымың қиынды» [3, 241].

«Жүрегі – жылы, бойы – құрыш,

Туысы жаннан бөлекті.

Аямаған ғаріптен

Қолдан келген көмекті.

Кісіге сідет жүктетпей,

Еңбекпен тапқан қоректі.

Біреудің қылған қарызын


49

ҰЛТТЫҚ ПОЭЗИЯ

Айтқызбай артық төлепті.

Боямасыз ақ көңіл,

Кірлетпей кетті жүректі» [3, 228].

«Орынсызды айтпаған,

Түзу жолдан қайтпаған.

Жақсылық қылар орында,

Аянып  бойын  тартпаған»  [3,  234],  -  де-

ген   жолдардан  да  ұшырасып,  адамзаттың 

бол мы сы  –  адамдықпен  астасып  жатады. 

Адам бой ындағы асыл қасиеттер ғана емес, 

енді осы қасиеттердің тұтастығынан өзінен-

өзі  келіп  туындайтын  игі  істер,  ғибадаттар 

да  Әбдірахмандағы  адамдыққа  меңзейді. 

Ақын ның «мұндай асыл тумайды» [3, 237], 

- де ге ні алдыңғы ойдың айғағы. Бұл жоқтау 

Абай дың бекзат баласын ғана жоқтауы емес, 

кез-келгенде  кездесе  бермейтін  адами  құн-

ды лық ты, толық адамдықты жоқтауы. 

Абайдағы жақсы адам – анығында толық 

адам.  Жоғарыда  ой  өрбітуге  сеп  болған 

«жақ сы  болсаң,  жақсы  тұт  бәрін  тегіс»  де-

ген  жолдардағы  ой  Абайдың  Әбдірахман 

өлімі не  бай ланысты  жазған  өлеңдеріндегі 

Әбдірахман  болмысынан  байқалады.  Иман 

то лық  тығын  бұ затын  «дүниеге  дос»,  «дү ние -

ге ын тық» ұғымдары да ер Әбіштің «өл мей тін  

атақ қалдырып, дүниеге көңіл бөлмепті» си па-

ты мен қарама-қайшылықта.

Жалалауддин  Дауани  «Ахлақи  жалалийа» 

еңбегінде:  «Адамның  жаратылысында  мақ-

сат  бар.  Тіпті,  оның  әрбір  ағзасының,  күш -

қуаттарының  мақсаты  бар.  Алланың  адам  ағ-

за сы  мен  қуаттары  үшін  қойған  бұл  мақ сат-

тардың түпкілікті нәтижесі, яғ ни мақсаттардың 

мақсаты  «шынайы  кес мел дік ке»  жеткізу.  Бұл 

кемелдік Алланың ха ли ф асы (сирр-ул-хилафат-

илахийа).  Адам ның  бар  болуының  (ижад) 

мақсаты  жер  бетін де  Алланың  халифасы 

болу  және  оған  құл шы лық  ету  (убудийат). 

Құлшылықта  кемел дік ке  жету  –  адамның 

қуаттарын,  қолы нан   кел ген ше  Алланының 

сипаттарына  ұқ сау ға  тырысу  үшін  қолдану 

арқылы  мүмкін  болады.  Осы лай   болғанда, 

шын  мәнінде  «құл»  және  «Алланың 

халифасы» болады. Алланың си пат тарымен 

байланыс құрылса, одан кемел дік ке жетеді, 

халифа болады. Алланың ах ла қы мен (мінезі-

сипаты) сипатталу халифа, кемел адам болу 

деген  сөз»  [13,  132-133],  -  деп,  кемелдікті 

құлшылыққа алып келеді. Абай да ғы:

Руза, намаз, зекет, хаж – талассыз іс,

Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс.

Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті

Қылғанменен  татымды  бермес  жеміс  [3, 

304],  -  деген  жолдардағы  «жақсы»  ұғымы 

да  о сы  құл шылықтағы  кемелдікке  жетуге 

жа қын.  Бастапқы  үш  болған  имани  гүл 

мен ғибаттарды атқармаққа толық адам бо-

лу  керек.  Құлшылықтардың  негізі  имани 

гүл, яғни Алланы сүю, адамзатты сүю, әді-

лет ті  сүю  үшін  рахым-шафағаттың,  ақыл, 

та ны мның,  қайраттың  тұтастығы  керек. 

Жүрек те  нұр  болса  ақыл  оны  танымаққа 

ұмты ла ды  да,  қайрат  таныған  ақиқатын 

мойын дау ға  итермелейді.  Осы  турасында 

Абай дың:  «Қазақ  та  адам  баласы  ғой,  көбі 

ақылсыздығынан  азбайды,  ақылдың  сө зін 

ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, бай лау-

лы лықтың жоқтығынан азады», - деген те рең 

ойлы сөзі дәл айтылған. Егер адам ке мел дік ке,  

толықтыққа  жетсе  «...жақсы  тұт  бәрін  тегіс-

ке» қол жеткізеді. Адамның болмысы әу бас-

тан құл болғандықтан жақсы болу, толық бо лу 

құлшылықтағы  кемелдікпен  сабақтас.  Ақи-

қат қа жүрек көзімен қарасақ қана толық бо ла 

аламыз. Осыдан шығатыны, ақынның «жақ сы 

болсаң» дегені толық адам ұғымымен өзек тес, 

мәндес  жатады.  Абайдағы  «жақсы»  ұғы  мын 

«толық адамынан» бөліп ала ал май мыз. 

Өмірінің  соңғы  жылдарында  жазылып, 

ха кім нің  Хақты  тану  жолындағы  ойларын 

қо ры та айтқан «Алланың өзі де рас, сөзі де 

рас»  өлеңінде: 

«Распенен таласпа мүмин болсаң,

Ойла, айттым, адамдық атын жойма!» [3. 

305] - деп қорытынды жасап, шығармадағы 

бү кіл ойдың түйінін «адамдық» деп беруінің 

өзі – хақиқатты түсінген, расты қабыл еткен 

ха кім айтарлық ой. Олай болса, «адамдық» 

де ге німіз – Хақтың жердегі халифасы «кіші 

әлемнің», яғни адамның болмысы. 



50

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет