Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата03.03.2017
өлшемі1,7 Mb.
#6072
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Түйін сөздер: Әдіс, миға шабуыл әдісі, брейнсторминг әдісі, жоба, эссе, ынталандырудың 

жолдары.

В  статье  автор  рассматривает  пути  стимулирования  студентов  ВУЗов.  Приведены 

примеры часто используемых методов в ВУЗе. Метод – это сборник нескольких путей и 

операции практического или теоретического освоения действия, направленного на решение 

определенной  обязанности.  Проблема  создания  и  классификации  методов  обучения  и 

воспитания является одной из основных в педагогике.



Ключевые  слова:  Метод,  метод  мозгового  штурма,  метод  брейнсторминг,  метод 

проекта, эссе, пути мотивации.

The author considers ways to encourage university students. Are examples of commonly used 

methods in VUZe.Metod - a collection of several ways and operation of practical or theoretical 

mastery of action aimed at addressing specific duties. The problem of creating and classification 

methods of training and education is one of the basic pedagogy.

Keywords: Method, brainstorming, brainstorming method, the method of the project, an essay, 

the way of motivation.

Қазіргі заманға сай білім беруде белсенді 

оқытудың әдістері кеңінен қолданылуда, ол 

тек  кәсіби  білімге,  ораторлық  қабілетке  ға-

на  емес,  сонымен  қатар,  оқытушылардың 

шығар машылық  шамасына,  шешім  қабыл-

дау  үшін  шынайы  шығармашылық  жағ-

дай ды  қалыптастыра  білу  шеберлігіне  де 

бай ланысты.  Оқытудың  белсенді  әдістерін 

пай далану мәселесімен жалпы танысып қа-

на   қоймай,  қазіргі  заманғы  жоғары  білім 

пе да гогтарымен  жүргізілетін  сабақтардың 

түріне  байланысты  оқытудың  белсенді 

нысандарын  жиі  пайдалануды  талап  етеді, 

бұл  тыңдаушылардың  кәсіби  және  жеке 

ерек шеліктерін жетілдіруге септігін тигізері 

анық. Оқытудың белсенді нысандары бола-

шақ  кәсі би  қызметтің  толық  мазмұнын 

модель деу ге  мүмкіндік  береді.  Мұндай 

оқу  түрі  жоғары  оқу  орнындағы  оқу-тәр-

бие   процесінің  дәстүрлі  нысандарына  жа-

ңа   сапа  енгізеді:  маңыздылық  орталығы 

ақ парат ты  беру,  өңдеу  және  меңгеру  про-

цесі нен  өзіндік  ізденіске  және  оны  бола-

шақ  кәсіби қызметте қолдану әдістерін мо-

дел деуге  көшу  процесі  жүреді.  Оқытудың 

жа ңа  нысандарын  іске  асыруда  белгілі  бір 

мүмкіндіктерді кез келген пән бойынша бей-

не және компьютерлік сыныптарды қол да ну, 

тыңдаушыларды  топтық  қарым-қаты нас-

тың  жаңа  жүйесіне  енгізу  жолымен  олар-

дың  дербес  қызметін  трансформациялау 

бай қал ған жағдайда топтық шешімді қажет 

ете тін  маңызды  жағдайларды  модельдеу 

мүм кіндігі  бар  семинар  және  тәжірибелік 

сабақ тар сияқты оқу процесін ұйымдастыру 

нысан да ры береді.


31

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

Қазіргі  таңдағы  еліміздегі  білім  беру 

жүйе сіндегі ең басты міндеті – білім берудің 

ұлт тық модуліне көшу арқылы жас ұрпақтың 

білім  деңгейін  халықаралық  дәрежеге  жет-

кізу.  Қазіргі  заман  талабына  сай  пән  оқы-

ту шысы ғана болу аз, оқытушы – ұстаз, ин-

но ватор,  иннотехник  болуы  тиіс.  Мұғалім 

ин нотехник  дәрежесіне  көтерілу  үшін  ин-

но вациялық  технологияларды  меңгеру  ке-

рек, содан кейін пән бойынша қандай та қы-

рып қа пайдалану керектігіне тиімді зерт теу 

жүреді.  Яғни,  әрбір  инновациялық  тех но-

логияларды  меңгереді,  содан  кейін  мең-

герген  технологияларды  апробациядан  (са-

бақ  барысында  қолдану)  өткізеді,  мұғалім 

тал дау жасай отырып, тақырыпқа сай тех но-

логияны таңдайды. Оқытушы білім алу шы-

ның табиғи дарын, қабілетін ашу жас ерек-

шелігін ескере отырып, технология эле мент-

те рін тиімді пайдалана алу керек [1].

Инновациялық  әдістердің  ең  негізгісінің 

бірі  –  «интерактивті  оқыту  әдісі».  Негізгі 

қағидасы  –  педагогикалық  қарым-  қатынас 

пен  қарым-қатынас  диалогы  арқылы  жеке 

тұл ғаны  қалыптастырып  дамыту.  ЖОО-а 

жиі қолданылатын әдістердің түрлеріне си-

пат тама келтірдік. Әдіс – нақты бір міндетті 

ше шу ге  арналған  әрекетті  практикалық  не 

теориялық  тұрғыдан  игерудің  біршама  бір-

келкі тәсілдерінің, операцияларының жиын-

тығы.  Педагогикада  білім  беру  мен  тәр бие 

әдістерін жасау мен оларды жіктеу про б ле-

ма сы негізгілердің бірі болып табылады.



Әдістердің түрлері

1. «Миға шабуыл» немесе «брейнстор-

минг».  Ұжымдық  талқылау  әдісі,  мұнда 

шешімді  іздеу  барлық  қатысушылардың  өз 

ойларын  еркін  түрде  жеткізе  білу  жолдары 

ар қылы жүзеге асырылады. 

Оқытушы: 1. Пікірталас тақырыбын таң-

дай ды. 


2. Студенттер алдына міндеттерді қояды жә-

не миға шабуылдың ережелері жөнінде ай та ды:

– «шабуыл» мақсаты – міндетті шешудің 

не ғұр лым көп нұсқаларын ұсыну;

– өз қиялдарыңызды жұмыс істеуге мәж-

бүр  етіңіздер.

3.  Оқытушы  барлық  туындаған  ойларды 

жа зып отыратын хатшы тағайындайды. 

4.  Үзіліс  жарияланады.  Үзілістен  кейін 

қатысушылар  бірінші  кезеңде  айтылған 

идея ларды  топтастырады  және  дамытады 

(идея лар  тізімін  шығарып,  қатысушыларға 

тара тып беруге болады). Қатысушылар идея-

ларды топтар бойынша іріктеп, маңыз ды ла-

рының ішінен өз пікірлері бойынша, қойыл-

ған   мәселелердің  жауабын  табуға  септігі 

тие тін дерін таңдай отырып, оларды талдауға 

кі рі седі. 

5.  Оқытушы  пікірталас  қорытындысын 

шы ға рады. Егер миға шабуыл күтілген нәти-

же лер ді бермесе, сәтсіздіктердің себептерін 

тал қы ланады [2]. 



Мысалы, Тақырыбы: Инсулин. Қасиет те-

рі, биологиялық қызметі, әсерінің механизмі. 

Инсулин алудағы биотехнологиялық әдістер. 

(оқу жоспары бойынша 1 сағатқа арналған).

Брейнсторминг  әдісі  бұл  жағдайды  жай 

мазмұндау ғана емес, кең ауқымды ин фор ма-

цион ды комплекстерді қолдана отырып, оны 

түсіндіру. Брейнсторминг технологиясының 

ең басты өзектілігі – аналитикалық ойлануды 

дамыту,  әр  түрлі  ситуацияларды  шынайы 

өмір дің  аспектілерін  қолдана  отырып  ил-

люс трациялау,  дискуссия  туындата  білу. 

«Миға  шабуыл»  немесе  «брейнсторминг» 

әдістерінің  ерекшелігі  студенттерге  ғылы-

ми  жұмыстарды  талдай  білуіне,  өз  пікі рін  

білдіруіне, өз идеяларын ұсыну шебер лік те-

рі не үйретеді.



2. Миға шабуыл әдісі

Мақсаты – мәселенің дәстүрлі емес жол-

да рын шешу бойынша ұжымдық ой қызметін 

ұйым дастыру. 

0-кезең – Ширату: жауаптарды тез іздес-

ті ру  бойынша  жаттығулар.  Сұрақ  зерттеліп 

отыр ған  мәселе  аумағымен  байланысты 

болуы тиіс. Сұрақтарды шапшаң қою, жауап-

тар ды бағаламау, жауаптарды тілектестікпен 

қа  былдап,  аудиторияның  оң  реакциясына 

қол дау таныту керек.

1-кезең. Идеяларды жинақтау (бір парақ-

қа  бір идея, ұсыныс, жазылады, ойды жа зып  

алу.  Идеялар  фантастикалық,  нашар  тұ жы-



32

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

рым далған болуы мүмкін, бірақ жүйелі және 

құнды  болуы  тиіс).  Қалыпты  жағдайда:  10 

ми нут  ішінде  -  30  идеяға  дейін  айтылуы 

қажет.

2-кезең. Идеяларды талдау және сараптау 



(сапалы кезең, шағын топтарда жұмыс).

3-кезең. Идеялар шолуы (кестелеу, құ ры-

лым дық түсінік).

4-кезең.  Идеяларды  дәріптеу  (көпшілік 

алдын да ұсыну, баяндама).

5-кезең. Шағын топтардың атқарымдары 

бойынша бірыңғай тұжырымдаманы құру.

Ережелер: 

1.  Ешкім  айрықша  рөлге  ұмтылмайды, 

бас шылар да, бағынушылар да жоқ, тек жүр-

гі зу ші және қатысушылар ғана болады. 

2. Сынға тыйым салу. 

3. Кез келген идея мақұлданады. 

4.  Әр  студент  жанындағы  студенттердің 

идея сын дамытуға құқылы.

5. Пікірталас барысын міндетті түрде жа-

зып алу (стенография, магнитофон). Жүр гі-

зу ші «маман», «методолог» болуы мүмкін.

Бұл  әдістің  ерекшелігі  студент  ой  күш-

жігерін,  нақты  міндеттерді  шешуге  шо ғыр-

лан дыра білу шеберлігіне, шағын топта жұ-

мыс  істей  білу  шеберлігіне  және  ұжымдық 

ой қызмет тәжірибесін қалыптастыруға; ша-

ғын топта жұмыс істей білу шеберлігіне ие 

болады [3,4].

3. «Жобалау әдісі»

1-кезең.  Жобаны  әзірлеу.  Тақырыбы  мен 

мақсатын анықтау. Студенттер пәнді оқыту-

шы мен бірге талқылайды, кеңес алады, мін-

дет терді  белгілейді.  Оқытушы  зерттеудің 

жол дарын көрсетеді, ынталандырады, кеңес 

бере ді.

2- кезең. Жоспарлау. Ақпарат, ақпаратты,  

есеп формаларын, нәтижелерді және үрдіс-

терді бағалау, рөлдерді бөлу (хабарлаушы, 

зерттеуші, хатшы, редактор, баяндамашы, 

референт, сарапшы және т.т.) өлшемдерін 

жинау және талдау көздерін анықтау. Сту-

дент тер қойылған міндеттерге сәйкес әре-

кет  ету  жоспарын  жасайды.  Оқытушы 

түзе  те ді, идея ұсынады, нәтижені бол жау-

ға  кө мек те се ді.

3-кезең. Зерттеу. Ақпарат жинау, қойылған 

міндеттерді  шешу.  Жабдықтары:  сұхбат, 

сауалнама, бақылау, тәжірибе, анықтамалық 

әдебиеттермен жұмыс және т.с.с. Студенттер 

аралық міндеттерді шеше отырып, зерттеуді 

орындайды.  Оқытушы  бақылайды,  көмек-

теседі (қажет болған жағдайда), кеңес береді. 

4-кезең.  Зерттеу  нәтижелерін  жинақтау. 

Ақпаратты  талдау,  қорытындыларды  құры-

лым  дау, тұжырымдау.

5-кезең.  Есеп.  Нәтижелерді  ұсыну:  жаз-

ба ша  есеп,  ауызша  баяндама,  қосымша 

баян дама,  реферат,  курстық  жұмыс,  стенд-

тік  материал,  видеоматериал,  кітап,  әдіс те-

мелік  құрал.  Студенттер  есеп  береді,  зерт-

теу  нәтижелері  туралы  баяндама  жасай ды. 

Оқытушы  магистранттармен  сарап шы лар-

мен  бірлесе  отырып,  тыңдайды,  сұрақтар 

қоя ды, түзетеді. 

6-кезең. Қорытындылау. Оқу үрдісінің нәти же-

лерін бағалау. Оқытушы жоба қатысушыларының 

пікірлерін ескере оты рып, студенттердің жұмысын 

бағалайды, олар ды әрі қарайғы зерттеулерге ынта-

лан ды ра ды  [5].  Мысалы,  Тақырыбы:  «Бизнес-

жоспар» дайындау. Бұл жұмысты жеке де, топпен 

де орындауға болады. Студенттің алдын да тұрған 

міндет:

І  кезең.  Мақсат  қою.  Студент  алдына 



төмен дегідей мақсат қояды:

а) өз кәсіби әрекетін анықтау;

ә) ол үшін пән оқытушылары мен  кәсіп-

кер лерден кеңес алу;

б) жұмыстың жоспарын дайындау;

в) презентация дайындау.

ІІ кезең. Жоспар жасау кезеңі. 

1. Жұмыс жоспарын жасайды.

а)  әдебиеттерден  «Бизнес-жоспар»  тура-

лы  материалдар жинайды;

ә) кәсіпкерлермен кездеседі;

б) кәсіпкерлерден сұхбат, кеңес алады;

в) орындалатын жұмыстарды кезең-кезең-

ге бөледі;

г) қандай кәсіппен айналысатынын ой лас-

тырады;


ғ) оған орын іздейді;

д) шығыс пен кірісті есептейді;

е) пайдасын есептейді.


33

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

ІІІ  кезең.  Жүзеге  асыру  кезеңі.  Бұл  ең 

жауап ты  және  қиын  кезең.  Осы  кезеңде  сту-

дент  қиыншылықтарға  тап  болуы  мүмкін. 

Себебі, бұл кезең студенттен көп ізденуді жә-

не  шығармашылықпен  жұмыс  істеуді  талап 

етеді.  Көптеген  кәсіпкерлерден  кеңес  алуға 

бар ғанда, олар уақыттарының тығыздығын ал-

ға тартып жауап  беруден бас тартатын кез дері 

жиі  кездеседі.  Ондай  кезде  өздерінің  туыс-

тарының немесе таныстарының ішінен ке ңес 

беретін кәсіпкерлерді іздеуге тура ке ле ді.

ІV  кезең.  Жұмысын  курстастарының, 

оқы ту шылардың,  сарапшылардың  алдында 

қор ғай ды.

V  кезең.  Бағалау  кезеңі.  Жобаның  қо ры -

тын дысы  бойынша  жобаны  қорғау  үшін 

басқа топтың студенттері, қазақ тілі пәні нің  

оқытушылары, экономика пәнінің оқытушы-

ла ры шақырылады. Әр студент мінбеге шы-

ғып  өзінің  материалды  қайдан  іздегенін, 

қалай жинағанына тоқталып, алдарына қой-

ыл  ған мәселенің шешілу жолдарын түсін ді-

ріп,  өзінің  жобасын  қорғайды.  Әрине,  жұ-

мы с тобына сұрақ қоюға, ұсыныс айтуға жә-

не  пікір таластыруға болады. 

Қорыта  келе  айтарымыз,  жобалау  әдісі 

кәсі би сөйлеуге үйрену үшін және оны дамы-

та отырып, кәсіби сөйлеу дағдысын қалып-

тас тыру  үшін  қоса  жүргізілетін  пайдалы 

әдіс тің бірі.

Өзге  тілді  дәрісханада  оқитын  студенттерді 

қазақша  кәсіби  сөйлеуге  үйретуде  жобалау 

әдісінің өте тиімді екеніне көз жеткізілді. Себебі, 

студент  дайын  материалды  меңгеруге  ғана 

дағдыланбайды, ол өз бетінше ізденіп, болашақ 

мамандығы рөліне ену арқылы әр  түрлі қақтығыс 

ситуациялардан  шыға  бі лу ге,  сөйлеу  үлгілерін 

дұрыс пайдалануға қа лып та сады. Жобаны қорғау 

кезінде  студент  өз  әрекетін  ұйымдастырып 

бағалай  алатын  жеке  тұлға  ретінде  ғана  емес, 

тілді  меңгеруге  бай ланысты  өз  бойындағы 

кемшіліктерді же ңу ге де үйренеді. Сол сияқты, 

жобалау  әдісі  сту денттердің  бойында  мынадай 

қасиеттерді  қалып тастырады:  іскерлік  кәсіби 

жағдайда тез жол таба білу, ұжым мүшелерімен 

ара да ғы  сыйластық,  топпен  жұмыс  істей  білу, 

жұ мысқа шығармашылықпен қарау және т.б.

Жобалау  әдісі  зерттеушілік  шеберліктер 

жә не  дамытушы  жобаларды  әзірлей  білу 

шебер ліктерімен ерекшеленеді.

4. Эссе әдісі. Эссенің мақсаты әлемді өзін-

д ік ұғыну және оған деген өзінің қатынасы. 

1. Дайындық кезеңі 

• 

Ғылыми және танымдық әдебиет тер мен 



жұмыс істей білуге үйрету. 

• 

Дереккөздермен  жұмыс  істеуді  үйрену 



дағдыларын  дамыту:  мәтінді  білу,  оны 

түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау.

• 

Оқытушы  ақпараты  бар  жұмысты  пи-



ра ми да  түрінде  ұсынады,  мұның  мақсаты 

–  білім  алушыларда  жұмыс  барысындағы 

кезеңдердің  жүйелілігі  жайлы  жеке  түсінік 

ту дыру.  2.  Дамытушылық  кезең.  Эссе  жазу 

дағдыларын  қалыптастыру  дамытушылық 

кезеңнің  басты  мақсаты  болып  табылады. 

Білім  алушылар  мәселені  анық  түсінулері, 

оны  шешудің  жолдарын  ұсынулары  тиіс. 

Жұ мыстың  дамытушылық  кезеңінде  білім 

алушыларға  дәйексөздермен  жұмыс  істей 

білуді және жұмыс барысында оларды дұрыс 

рәсімдей  білуді  үйреткен  жөн.  Мәтіндегі 

дәйексөздер тырнақшаға алынып, дереккөзі 

көр се тілуі тиіс. Мәтіндегі сілтеменің циф ры  

пайдаланылған  әдебиеттер  тізімінде  көр се-

тілген автордың цифрымен сәйкес болуы тиіс 

(мысалы, «Уақыт сынынан өткен қағидаттар 

негізінде ұйымды құру – үдемелі өзгермелі 

жоғары  бәсекеге  қабілетті  әлемдегі  өмір 

сүрудің ең жақсы тәсілі», Герб Келлехер.

Білім алушы дамытушылық кезеңде эс се-

ні  жазуда төмендегілерді істей білуі тиіс:

• дәлелдеу;

• себептері мен салдарларын түсіндіру;

•  мәселені  анықтау  және  қалыптастыру, 

олардың ерекшелігін көрсету; 

•  мәселені  шешу  қажеттілігін  негіздеу, 

өзіндік шешу жолдарын ұсыну [6, 7].



Мысалы, Эссенің құрылымы:

Кіріспе. Білім алушы мәселені (идеяны), 

эссені жазудың мақсатын анықтайды. 

Негізгі  бөлім.  Мәселенің  мазмұны  мен 

мәнін ашады. Бұл үшін ғылыми негіздемені 

қолданады, тақырып ұғымын ашуға мүмкін-

дік  беретін (теориялар, формулалар, гра фик-


34

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

тер,   диаграммалар, кестелер, тең деулер), дә-

лел дер, пайымдаулар, дәйексөздер, цифрлар, 

статистикалық материал, факт. 

Мәселеге  менің  қатысым.  Білім  алушы 

мәселеге өзінің жеке адамгершілік, эмоция-

лық, этикалық қатысын білдіреді. 

Мәселені  шешу  жолдары.  Білім  алушы 

жұмыс соңында мәселені шешудің бұрыннан 

бар жолдары мен әдістемесін негіздей алады, 

сондай-ақ, өзінікін де әзірлеп, ұсына алады. 

Өзін-өзі бағалау. Өз жұмысына баға беру, 

автордың  пікірінше,  жұмыстың  сәтті  және 

сәт сіз шыққан кезеңдері. 

Библиография. Қолданғанына қарай пай-

да ланылған  әдебиеттер  тізімі  (әдебиет,  ин-

тер нет сайттары және авторлары көрсетілген 

бас қа да дереккөздер). 

Мысалы,  1  Иванов  А.И.  Педагогика  и 

пси хология. – М.: ЗАО «Бизнес-школа «Ин-

тел-Синтез», 2001. – 512 с.

5. «Дальтон-жоспар» немесе «Дальтон-

технология»  әдісі.  Технология  үш  басты 

прин ципке  негізделген:  еркіндік,  дербестік 

жә не ынтымақтастық. 

Еркіндік  –  студенттердің  пәнді,  тақы-

рып ты, серіктесті, ақпарат көздерін, жұмыс 

қарқынын,  түрі  мен  тәсілдерін  таң дау 

құқығы.  Студент  оқу  пәнінің  аясы  бойын-

ша  тапсырманы  өзі  таңдайды,  бұл  өз  кезе-

гінде оқу жоспарымен анықталады. Жұ мыс 

үдерісі  барысында  тапсырманың  орын-

да  луына  бақылау  жүргізуді  студенттің  өзі 

жүзе ге  асырады,  бірақ  әрбір  еркін  түрде 

орын далған тапсырмалар бойынша мақсатқа 

жету дің соңғы деңгейін педагог бағалайды. 

Әрбір  студент  педагогтың  алдында  же ке 

есеп  береді.  Осылайша  еркіндік  жауапкер-

ші лікпен үйлеседі. 

Дербестік – студенттің тапсырманың күр-

де лілік  деңгейінің  де,  күтілетін  нәтиже лер-

ге  қол  жеткізу  әдістерін  таңдауын  тұс пал-

дайды. Студенттер өз бетінше шешім қабыл-

даулары  және  олардың  салдарына  жа уап  

бере алулары тиіс. 

Ынтымақтастық – білім алушыларға тап-

сыр маны  орындаудың  ұйымдық  түрлерін 

таң дауды  болжайды:  жеке,  жұптық,  ша-

ғын  топта.  Студент  кімнен  болса  да  кө мек

 

 



сұрай  алады.  Ол  өзінің  білмейтін  тұс та-

рын мойындаудан қорықпауы тиіс. Бұл сту-

денттерді басқа адамды сыйлауға, оны тың-

дап, түсіне білуге, онымен тіл табыса білуге, 

ор тақ  шешім  қабылдай  білуге,  бір-біріне 

сену ге,  басқаларға  көмектесуге,  топтағы 

жұмыс қа жауап бере білуге үйретеді. Көмек-

те су ге  қатысты  сұрақтың  жауабын  қайдан 

және  қалай  жауап  іздеу  керектігінде  екенін 

ескерген жөн. 

Тапсырмалар 

Дальтон-технологияның 

маз мұн ды бөлігін құрайды. Олар шығар ма-

шы лық сипатта болуы тиіс. Әрқайсысының 

мін дет  (мәселесі)  анықталады,  ал  тап сыр-

малардың  өзі  деңгейлік  негізде  тұ жы рым-

далады. Тапсырмалар тәжірибе, жоба әзір ле-

ме сі  қойылған  зерттеушілік  сипатта  болуы 

мүм кін, оқу бағдарламасының аясымен шек-

те луі немесе оның аясынан шығуы да мүмкін. 

Пе дагог әрбір студенттің тапсырманы орын-

да ға нын  тексеріп  қана  қоймай,  олардың 

бар лы ғына  тексеру  жұмыстарын  да  береді. 

Шын ды ғын  айтқанда,  дәл  осы  жұмыстың 

нәти же лері  бағаланады.  Әрбір  тапсырмаға 

ба ға қойылмайды, тек оның орындалуы ғана 

бағаланады және педагог ауызша баға береді 

[8].


Тапсырмаларға төмендегідей талаптар 

қойылады: 

• 

олар деңгейлік сипатқа ие;



• 

оқу  материалының  қажетті  көлемін 

қамтиды;

• 

тапсырманың мақсаты және оны орын-



дау нәтижесі нақты тұжырымдалады;

• 

тапсырма қызықты және түсінікті болуы 



тиіс; 

• 

тапсырманы  студенттің  өз  бетінше 



орын дай білу мүмкіндігі есепке алынады

• 

бұл үшін тапсырмада нұсқау, әдебиеттер, 



орындау мерзімі беріледі;

• 

тапсырмаларды    орындаудың  түрлі 



фор ма ларын,  басқалармен  ынтымақтастық 

орна та білу мүмкіндіктерін болжайды;

• 

өзіндік  бақылау  және  бақылау  қарас-



ты ры лады  (мысалы,  топта  сөз  сөйлеу  және 

т.б.).


35

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

Қорыта келгенде, Жоғарғы оқу орнына түс-

кен кешегі талапкерлер студент болған соң, 

ЖОО-ң шарттарына орай бейімделу кезеңінен 

өтеді. Бұл кезең өзінде жаңа әлеуметтік орта 

мен  жоғары  оқу  орындарындағы  оқу  және 

ғылыми  ізденістер,  болашақ  кәсіби  қызмет 

шарттарына  дағдылану  жағдайларын  қам-

ти ды.  Осыған  орай  оқытушылардың  бас ты 

мақса ты  –  бірінші  курс  студенттерін  жа ңа 

жағдай шарттарына бағдарлануға тәрбие леу, 

оларды  оқу  және  оқудан  тыс  уақыт тарын 

тиімді  пайдалануға  үйрету,  бо ла  шақ  ісінің 

кәсіби  шеберлігіне  деген  қызы ғу шылық 

сезімін  ояту.  Сонымен  қатар,  ұйым дас-

тырушының  әдеттері  мен  іскерлігін  дамы-

ту дың қалыптасуына, кәсіби білімді меңгеру 

мен  түрлі  оқу  тапсырмаларын  өз  бетінше 

орын дау ға ықпал ету. 

ӘДЕБИЕТТЕР

1 http://el.kz/m/articles/view/content-26644

2  Бехтерев  С.  Майнд-менеджмент:  решение  задач  с  помощью  интеллект-карт.  –  М.: 

Альпина Паблишерз, 2009. – 308 с. 

3 Бабаева Сабет Балтабайұлы. Кемел адам –тұлға қалыптасуы. Педагогикалық теория 

негіздері. Монография., – Түркістан:  «Арыс» баспасы. 2010.  – 371б.

4 Смирнов Э.А. «Разработка управленческих решений». М., 2002. – 271с.

5 Джонс Дж. К Методы проектирования: Пер. с англ. 2-е изд., доп. – М.: Мир, 1986. - 326с. 

6 Бьюен Т., Бьюзен Б. Супермышление. – Минск: Попурри, 2008. – 304с. 

7 Боно Э. де. Шесть шляп мышления. – Минск: Попурри, 2006. – 208с. 

8  Тантыбаева  Б.С.  Химиядан  студенттер  білімін  бақылау//монография.  –  Өскемен: 

ШҚМУ,  2011. – 117б.

Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-

мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт



Әл- Фараби.

36

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

УДК 37.03



С.Т. Иманбаева

д.п.н., профессор, академик МАНПО, зав. кафедрой национального воспитания и 

самопознания КазНПУ им. Абая

В.В. Шахгулари 

эксперт ЮНЕСКО, к.п.н., доцент, директор Высшей школы педагогического 

мастерства, Международная Академия Бизнеса

ФОРМИРОВАНИЕ ВЫСОКОРАЗВИТОГО ПЕДАГОГИЧЕСКОГО МЫШЛЕНИЯ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет