Әдептілік туралы тыйым сөздер:
1.Үлкен кісімен сөйлескенде қолыңды қал-
та ға салып тұрма,
2.Үлкен кісімен сәлемдескенде қолыңды бұ-
рын ұсынба,
3.Біреумен сөйлескенде бетіне қадала қарап,
та қалып тұрма, ыржалақтап күле берме,не -
месе мөлиіп тұрма.
4. Біреудің дүниесіне таңдана қызығып, те-
сі ле қарама.
5. Біреудің дүниесін өз бетіңмен аударыс ты-
рып, ақтарма.
6. Ата-анаңның бетінен алма.
7. Үйде отырып ысқырма.
8. Біреумен сөйлескенде керексіз нәрсені
қаз балап сұрай берме
9. Әркімді бір кекетіп , мұқатпа.
10. Тамақ ішкенде ашкөзденіп, қомағайланып
кетпе.
11. Бас киімді теппе, айналдырма, аяқ асты
тас тама.
12. Үйдің ішінде ысқырма.
13. Малды бастан ұрма.
14. Нанның үстіне зат қойма.
15. Жасы үлкеннің алдын кеспе, одан жоғары
отыр ма, сөзін бөлме.
16. Кемтар адамға күлме.
17. Кісіге сыртыңды берме.
Ұлағатты сөздер:
1. «Жақсы адам болып қалыптасу үшін жа-
ра тылысынан гөрі, жаттығудың ролі зор»
Демокрит.
2. «Жігіт адамға 3 нәрсе кесір болады: 1- ер-
іншектік, 2- ұйқышылдық, 3- тіл алмау. Со-
дан сақтан». Әйтеке би.
3. «Біз өз бойымызда әдеп сезімін дамытуға
тиіспіз. Өйтпесек, адамдардың ілтипатынан
оп-оңай айырылып қалуымыз мүмкін. Бұл
қа телігі үшін адам өмірде көп зиян шегеді.
Жә не, өкіншке орай, ұрпақтарын осы ауыр
зи яннан құтқара алмай-ақ келеді». И. Гете.
4. «Шынайы сыпайыгершілік адамдарға ті-
лек тестікпен қараудан құралады». Ж. Ж.
Рус со.
5. «Дөрекі болу – өз басының қадір-қасиетін
ұмыту деген сөз». Н. Г. Чернышевский
6. «Осыншама әдептілікті кімнен үйрен ді-
ңіз?» деп сұрағанда Лұқпан Хакім: «әдеп сіз-
ден үйрендім» – депті.
«Сиқырлы таяқша» ойынын ойнау.
Ба лалар дөңгелене тұрып, «Сиқырлы та яқ-
шаны» бір-біріне сол баланың жақсы қа си-
ет терін айтып ұсынады.
Қорытындылау:
Ж – жігерлі
А – адал
Қ – қайырымды
С – сыпайы
Ы – ынтымақты
Ж – жалқау
А – арам
М – мейірімсіз
А – арсыз.
Н — надан
Оқулықпен жұмыс:
Қорытындылау: Жомарттық, батылдық,
шын шылдық, сыпайыгершілік, әділдік пен
дос тық, ар мен намыс және тағы басқа да
адам гершілік категориялары сонау көне дә-
уірден басталып, күні бүгінге дейін өз ма-
ңыз ын еш жоғалтпай келеді. «Егер сені еш-
кім қадір тұтпаса, мұның себебі өзіңде еке-
нін ұмытпа».
Үйге тапсырма: Әдептілік туралы шағын
эс се жазу.
Ұстаздардың барлық жұмысы сайып кел-
генде біреу ақ: адамтану. Оны жаңа адам
тәрбиелеу, өсіру деп түсінбеу керек, бұл
үлкен қателік. Жаңа адам тумайды, жа ңа
ойшыл, жаңа қоғам қайраткері біздің ті ле-
гімізден тумайды, өмір өзі тудырады. Тәр-
бие ші дегеніміз бала ойынан орын алған
ке рексіз «арам шөпті» дер кезінде түбірімен
жұ лып алушы, содан кейін адам ойын арам
пи ғылдан аман сақтап қалған періштесі бо-
лады. Алайда саналы азаматтыққа тәр би е-
леу дің жолдары көп, бірақ өкінішке орай,
сол жолдарға біреу түседі, біреу түспей-ақ
өз сүрлеуімен кетеді, бұл өмір шындығы.
Дей тұрғанмен тәрбиенің рух пен күшіне
бе рілген адам адалдық жолынан таймайтын
болады.
66
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ӘОЖ 37.371
Г. Нусипова
Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданы Т. Рысқұлов атындағы орта мектептің
қазақ тілі пәні мұғалімі
«ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ» АТТЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСТЫҢ
СЦЕНАРИЙІ
Мақалада әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы – ана тілі туралы айтылған.
Қазақ тілін құрметтеу, оны білу – біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Ана тіліне
салғырт қарау - өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайды қарау деген сөз.
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын барған сайын кеңейтіп, оны шын мәніндегі қоғамдық
қарым-қатынас тілі ету бүгінгі күн талабы екендігін білеміз.
Түйін сөздер: қазақ тілі, мұғалім, оқушы, сайыс, топ.
В статье форма, сохраняющая и передающая духовные ценности из поколение в по ко ле-
ние, сформировавшиеся испокон, выше других, связанный с собственной культурой, ценная
вещь, являющаяся прямым показом национального быта. Родной язык должен быть выше
все го. Каждый человек должен говорить и думать в своем родном языке.
Ключевые слова: казахский язык, преподаватель, учащиеся, соревнование, группа.
The paper form, preserve and transmit cultural values from generation to generation, formed
Since the dawn above the other, associated with its own culture, a valuable thing, which is a direct
demonstration of national life. Native language must be above all. Each person should speak and
think in their native language.
Keywords: mother tongue, teachers, students, and group competition.
Мақсаты:
1. Қазақ тілінде ауызекі тілде сөйлеу дағ -
дыларын қалыптастыру арқылы қазақ ті лін,
туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу, мем ле-
кет тік тілдің мәртебесін көтеру.
2. Қазақ тілге деген қызығушылықтарын
арт тыру, дүниетанымын кеңейту.
3. Патриоттық сезімдерін оятып, мем ле-
кет тік тілге деген құрметке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: әріптер, асықтар, қоржын,
ин тербелсенді тақта.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгін гі
«Тілге құрмет – елге құрмет» атты ин тел лек-
туалды сайыс кешімізді тілдер мерекесіне
ар наймыз. Ойынымызды бастамас бұрын
әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Асаубаев П.Д., Темірқұлова М., Садыров
Т.А., Важитова А.
Беташарын сайысымыздың бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін,
Өнеріне ду қол соғып, қостайық!
-Балалар,ойынға келгендеріңізге өте қуа-
ныш тымыз, енді әр топтың ойыншылары өз-
де рін жеке таныстырып өтеді.
-Енді, қай топ бірінші болып бастайтынын
анық тау үшін қоржыннан асықты таңдап,
ой ынның басынан аяғына дейін кім бірінші
бас тайтынын анықтайды (қоржыннан асық-
ты алады: қызыл асықты алғандар бі рін-
ші,көк асықты алғандар екінші).
Ойынымыз мынадай кезеңдерден тұрады:
1. Үй тапсырмасы: «Қазақстанның болашағы
– қа зақ тілінде». Эссе.
2. Сөз тапқанға қолқа жоқ.
3. «Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді».
4. «Абайды таны, ойлы жас!» бөлімі.
5. Жеті жұрттың тілін біл.
6. Тіл туралы өлеңдер сайысы.
7. «Мақал-мәтел-айдын көл»
67
МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК
8. «Құпия сөздің құлпын аш»
9. «Білгірлер сайысы»
Ойынның 1-кезеңі: «Қазақстанның бо ла-
ша ғы – қазақ тілінде». Эссе.
Ойынның 2-кезеңі: «Сөз тапқанға қолқа
жоқ».
Мақсаты: әр оқушы әріптер таңдап алады
да, қойылған сұрақтарға сол әріптерден бас-
та латын сөзбен жауап береді. (А,Ә,Б,Е,Ж,К,
Қ,М,Н,О,Р,С,Т,Ү,Ш).
1-топтың ойыншыларына қойылатын сұрақ-
тар:
1. Сен бүгін нешеде тұрдың?
2. Досыңның аты кім?
3. Наурыз мейрамы қай айда тойланады?
4. Сен қандай үйірмеге барасың?
5. Сен қай ауылда тұрасың?
2-топтың ойыншыларына қойылатын сұ рақ-
тар:
1. Сенің мінезің қандай?
2. Мерекелік кештерге кіммен барасың?
3. Сыныпта неше оқушы бар?
4. Жазғы демалыста қалай демалдың?
5. Анаңа қандай сыйлықты сыйлағанды ұна-
та сың?
Мұғалім сөзі:
-Ал, енді, балалар, алғырлық пен тап қыр-
лық тан білімдеріңнің алғашқы деңгейін көр-
сет тіңдер.
Ойынның 3- кезеңі: «Қына тасқа бітеді,
білім басқа бітеді».
Қазір ойыншылар қоржыннан сұрақтар
ала ды.
Сұрақтар тарихымызға, тілімізге, әдебие ті-
міз ге дүниетануымызға байланысты болмақ.
Ен деше сұрақтар алуды бастайық.
Бі рінші болып «Сұңқарлар», екінші «Тұл-
пар» тобы сұрақ алады.
Қоржындағы сұрақтар:
1.Тәуелсіздік күнін ата? (16 желтоқсан)
2. А. Құнанбаев 5 асыл істі қай өлеңінде ай-
та ды? Атап бер.
3. Қазақ тіліндегі әріптердің реті бойынша
ор наласу жиынтығын не дейміз? (әліпби )
4. Ең сұлу құс? (аққу)
5. Қазақстанның Ата заңы қашан қа был дан-
ды? (30 тамыз,)
6. Зере Абайға кім болады? (әжесі)
7. Тышқаннан қорқатын аң? (піл)
8. Қазақ тіліне тән дыбыстар саны нешеу?
9. Түйе сүтінен жасалатын емдік сусын қа-
лай аталады? (шұбат)
10. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
мен Туының авторлары? (Ш.Уәлиханов,
Ж.Мәлібеков, Ш.Ниязбеков).
11. Өтірікші кімді алдайды? (өзін)
12. Жылататын да, жұбататын да не? (тіл)
4-кезең: «Абайды таны, ойлы жас».
Бұл бөлімде аты айтып тұрғандай, оқу-
шы лардың ой-өрістері сынға түседі.
1. Абай өлеңдерін жатқа оқу. Сайыс.
2. Абай өмірі, шығармашылығына бай ла ныс-
ты сұрақтарға жауап беру. Бұл кезеңде оқу-
шы лардың жылдамдығы назарға алынады.
- Абайдың шын есімі. (Ибраһим)
- Абайдаң анасының аты? (Ұлжан)
- Абайдың әжесінің аты? (Зере)
- Абайдың әкесінің аты кім? (Құнанбай)
- «Абай жолы» романы неше томнан тұрады?
(3 том)
- «Абай жолының» авторы кім? (М.Әуезов)
- Ділдә деген кім? (Абайдың бірінші әйелі,
бәйбішесі)
- Әйгерім деген кім? (Абайдың екінші әйелі)
- Абайдың неше қара сөзі бар (45)
- Абайдың туған жері? (Семей өңірі, Шың-
ғыс таудың етегі)
- Абай қай орыс ақындарының өлеңдерін ау-
дар ды? (Пушкин, Крылов)
- Алматыдағы Абайдың ескерткіші қай жерде
орналасқан? (Абай мен Достық көшелерінің
қиылыс, Республика сарайының алдында)
- Абайдың оқыған медресе? (Ахмет-Риза)
- Абай оқыған мектеп? (Приходский мектебі)
- Абайдың ақын інісінің аты кім? (Шәкірім)
5-кезең. «Жеті жұрттың тілін біл».
Оқушылар тізілген асықты ата отырып әр
асыққа тиісті сұрақтарға жауап беріп, жа уап-
тың 4 тілдегі нұсқасын айтулары керек.
1. Күн мен түннің теңелетін жыл мезгілі
(көк тем, весна, спринг)
2. Мұрты бар,иегінде сақалы жоқ,
Тоны бар, киеріне шапаны жоқ.
Пайдасы үй ішінен табылған соң,
Далаға кіріп шығар сапары жоқ (мысық, кот,
кәт)
3. Футболшының алдындағы ойын заты
(доп, мяч, бол).
4. Жеті қазынаның бірі, адамды қорғап жү-
ре тін досы (ит, собака, док).
68
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
5. Ұшқан,жүгірген аң бәрі тамақ (құс, птица,
брик).
6. Ер қанат (ат-лошадь- horse)
6-кезең: Тіл туралы өлеңдер сайысы.
7-кезең: «Мақал-мәтел-айдын көл». Бұл бө-
лім де қойылған сұрақтарға сәйкес оқушылар
ма қал-мәтел айтулары керек.
1) жыланды інінен қайтып шығарамыз?
2) инемен құдық қазуға болама?
3) қар жана ма?
4) адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі
ба тыр?
5) ұрлықтың түбі бар ма? Бар болса не?
6) әдепті бала – арлы бала, ал сорлы бала
қан дай бала?
8-кезең:
«Құпия сөздің құлпын аш»
Жұмбақтардың жауабын табу.
1. Сандықтың ішіне нені тығып ұстай ал-
май сын? (жарық)
2. Сен жоғалтсан, мен іздеп таба алмайтын,
мен жоғалтсам, сен іздеп таба алмайтын ол
не? (уақыт )
3. Әпкесі бауырына қонаққа барады, бауыры
одан тығылып қалады. Ол не? ( ай мен күн)
4. Қысы-жазы бір түсті. (шырша)
9-кезең: «Білгірлер сайысы»
1. Мақал-мәтелдердің жалғасын тап: 1-топ
1. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
2. Туған жер - тұғырың, туған ел – қыдырың.
3. Өз елімнің басы болмасам да, тасы бо ла-
йын.
4. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
5. Егілмеген жер жетім, айтылмаған сөз же-
тім.
6. Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні
қа ріп.
7. Ақыл - тозбайтын тон, білім – тау сыл май-
тын кең.
8. Түстік өмірің болса, кештік мал жи.
9. Әңгіме бұзау емізер, бұзау таяқ жегізер.
10. Жауға жаныңды берсең де, сырыңды бер-
ме.
11. Жүк ауырын нар көтерер, ел ауырын ер
кө терер.
12. Ер мойнында қыл арқан шірімес.
13. Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.
14. Өнер алды – қызыл тіл.
15. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.
2 - топ.
1. Өнер алды – қызыл тіл.
2. Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық
- он саулық.
3. Сын түзілмей, мін түзелмейді.
4. Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.
5. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.
6. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел
болмас.
7. Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұл-
тан бол.
8. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның ті лен-
бей.
9. Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәт-
ті.
10. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім-
біл.
11. Қызға қырық үйден тыю, ұлға отыз үйден
тыю.
12. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.
13. Өнер – ағып тұрған бұлақ, білім – жанып
тұрған шырақ.
14. Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өл-
ті реді.
15. Атаңа не қылсаң, алдыңнан сол келер.
2. Тіл, Отан, туған жер, ел, оқу, білім туралы
ма қал мәтелдер жарысы.
3. Екі топ бір-біріне ребус жасырады. Ре бус-
тың құпиясын ашу.
Мұғалім сөзі:
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тақырлықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, – де ген-
дей, ойыншыларымызды бағалау үшін әділ
қа зыларға сөз берейік. Қортынды сөз: «Тілге
құр мет – елге құрмет» атты ойынымыз өз
мә ресіне жетті. Тіл- әр ұлттың қайталанбас
бай лығы, тіл бар жерде ұлт та, ел де, жер де
бол мақ. Тілден артық қазына, тілден артық
қа сиет жоқ екеніне көз жеткіздік.
69
ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ
ӘОЖ 39. 394. 014
Г. Г Сембекова
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
«Тарих» мамандығының ІІ курс магистранты
ЖАРКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘДЕНИ РУХАНИ ӨМІРІ
Мақалада Жаркент қаласы тұрғындарының мәдени рухани өмірі жайлы қарастырған. Та-
рих қа тұнған еліміздің әр өңірі - тасқа басылған тарих екендігін айта келіп, жастарымыздың
өт кен тарихты бойларына сіңіруі тарихтар сабақтастығын жалғайтынын сөз еткен. Же рі міз-
дің тарихын білмей ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу мүмкін емес. Сондықтан еліміздің әр өңірі
ата-бабамыздың қанмен келген маңдай тердің жемісі екендігін ескерткен.
Түйін сөздер: тарих, мәдени, қала, жастар, ата-баба, ұрпақ, тәрбие
Идея вилючает в себя культурно-духовную жизнь жителей города Жаркенет. Каждый ре-
гион нашей земли - это история. Историческая связь, переданные из наших веков, которые
мо лодые впитывают в себя. Невозможно воспитовать в национальном духе, не зная историю.
По этому, принимаем в счет, каждый регион страны, доставшийся от пряднов.
Ключевые слова: история, культура, город, молодежь прядни, воспитание
The idea vilyuchaet a cultural and spiritual life of the residents of the city Zharkenet. Every
region of our land - a history. Historical connection transmitted from our ages that young absorb.
Educates impossible in the national spirit, not knowing the history. Therefore, take into account
each region of the country, inherited from the strand.
Keywords: history, culture, city, youth strand, education.
Жаркент жерi – бағзы заманнан-ақ
халықтық қадiр-қасиеттi айрықша қас тер-
леп, айрандай ұйып отырған, ата-баба дәс-
түрiмен ерлiктi, елдiктi ту еткен өңiр. Хал-
қы мыздың талай аяулы перзенттерi осы то-
пырақта дүниеге келген. Өнер, ғылым, әде-
биет, мәдениет саласында жұлдыздай жар-
қы рап, талант тегеурiнiн танытып жүрген
мар қасқаларымыз да бар. Қазақ бейнелеу
өнерi нiң дарабозы Әбiлхан Қастеев пен жез-
таңдай әншi, көзi тiрiсiнде «Жетiсудың бұл-
бұ лы» атанған Дәнеш Рақышев есiмдерiн
бұл күнде күллi республика жұртшылығы
мақ танышпен атайды. Қазақтың айтыс өне-
рiнiң көгiнде жасындай жарқылдап, пе-
ше несiне қысқа ғұмыр кешу жазылған
Жандарбек Бегiмбетов пен бүгiнгi таңда
исi қазақты суырып салма ақындық өнерi-
мен тәнтi етiп жүрген әкелi-балалы
Айтақын және Жандарбек Бұлғақовтар да
осы жазиралы мекеннiң топырағынан жа-
ралған, талантынан нәр алған. Кешегi өт-
кен Бейжiң олимпидасының алғашқы күн-
де рi қоржынымызға алтынға бергiсiз қола
ме дальдi салып берген палуан ұлымыз
Нұрбақыт Теңiзбаевтың есiмi де бұл күндерi
мақ танышқа айналған.
Қарға тамырлы қаймана қазақтың күллi
кең-байтақ жерi тәрiздi бұл өңiр де – тұнған
та рих. Қилы кезеңдердiң тiрi куәсiндей
«Орбұлақ», «Жалаулы», «Қашама», «Кiсi
қы рылған» iспеттi толып жатқан жер-су
ат тары елдiң өз туған жерiне басқан мөр
таңбасы, шежiре тарихы десек, «Көк бас-
тау» маңындағы жарқабақтарға таң ба-
лан ған «тас жазулар» мен суреттер бағзы
заман да ғы бабалардың болашаққа жазып
қал дыр ған аманат хаттары тәрiздi. Қойбын
шат қалынан батысқа шыға берiстегi Шо-
лақ су маңынан табылған тас мүсiн де та-
лай сырды аңғартып тұр. Бiр қолымен
ыдыс ұстап, екiншi қолымен наркескеннiң
70
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
нақышы сабын сығымдай ұстаған тас тұлға
ба баларымыздың «қонағым болсаң – асым
әз iр, көңiлiм кең, қасым болсаң – алысуға
әзiр мiн, алмас қылыштай қиып түсем» деген
ай бары мен айбынын әйгiлеп тұрған тәрiздi.
Жал пы Жаркент қаласының қай ғасырда
iр гесi қаланғанын ешкiм дөп басып айта
ал майды. Бiзге белгiлiсi тек бергi тарихы
ға на. Осы орайда Жаркент қаласының ба-
ты сында орналасқан (Көктал ауылының ма-
ңы), бiр кездерi өркениетi дамып, iрi сауда
ор талығына айналған Iлебалық қаласын
зерт теу жұмыстарын жүргiзу арқылы
Жаркенттiң жас мөлшерiн анықтауға негiз
бар лығын айта кеткенiмiз жөн болар. Осы-
дан 366 жыл бұрын Жаркент қаласының
оң түстiк-батысындағы Орбұлақ жерiнде 50
мың қолға 600 сарбазбен ойсырата соққы
бер ген Салқам Бұрылысы мен құбылысы
көп адамзат тарихында айтса нанғысыз жағ-
да яттар да кездесiп жатады.
Қазақ тарихындағы осындай ақиқаты
аңыз дан асып түскен оқиғалардың бiрi –
Орбұлақ шайқасы. Орбұлақ шайқасы жай-
лы бұрындары көп айтылмады. Ел ау зын-
да ғы үзiк-үзiк әңгiмелер ғана сол алапат
май данның Ордың бұлағында өткенiн дә-
лел дейтiн. Бабалар жеңiсiнен бiр деректiң
бол са да тасқа басылып қалуы бек мүмкiн
едi, бiрақ та сыңар саясат ұстанған қызыл
им перия қазақ ғалымдарына төл тарихын
то лық зерттеуге мұрша бере қоймады. Аң-
ыз ға айналған шайқастың ақиқатын ашу
тек 1991 жылы белгiлi майдангер жазушы
Қалмұқан Исабайдың Ресей архивтерiнен
тап қан Г.Ильин мен К.Кучеевтiң қоңтайшы
ұлы сынан жеткiзген хабарынан мүмкiн бол-
ды. Онда: «Бiз барғанда қоңтайшы ұлы-
сында болмай шықты. Өзiнiң күйеу ба ласы
Көшiртайды, Абылайды (Ертiс бо йын-
дағы Абылайкенттi салдырған ойрат қоң-
тайшысы – Қ.И), кенже iнiсi Шоқыр тай-
шыны, Қой сұлтанды, Алтынханның ба ла-
ла рын және басқа ұсақ тайшыларды ертiп,
бар лығы 50 мың әскермен Жәңгiр ханның
қа зақ ордасы, Жалаңтөс және Алатау қыр-
ғыз дарымен соғысуға кеткен екен…», – деп
анық жазылған. Жәңгiр қолының басты қа-
һармандарының бiрi, туған жерiнiң ой-шұң-
қыр ын ұрыста ұтымды пайдалануда кеңес
бе рiп, көзсiз ерлiгiмен танылған Елтiндi ба-
тыр мен ата жауымыз Мұқырының басын ал-
ып, кеткен кектiң есесiн қайтарған Бағай ба-
тырдың, тыныш жатқан момын елдiң ұрыс-
та – ұраны, дауда қорғаны болған Сатай,
Бө лек, Аралбай, Ұзақ, Шойнақ, Қожбанбет
сын ды батыр-билердiң, ұлт намысына бо-
ла басын бәйгеге тiккен Нұржекедей асыл-
дардың, күнi кешегi «Желтоқсан» кө-
терiлiсiнiң шәһидтерi – Ләззат пен Ерболдай
боздақтарымыздың есiмдерi бұл ел үшiн
ардақты әрi зор мақтаныш-мәртебе. Жа-
пы рағының жайқалып тұрғанына жетi ға-
сыр дан асқан әйгiлi «Әулиеағаш» осы ме-
кен де ғұмыр кешiп жатқан сандаған буын
ұр паққа ақжол тiлеп, ақ бата берiп тұрған
ақ сақалымыз болса, өлкемiздi өрнектеген
же тi арасан, жетi өзенiмiз шөлiркегенде шөл
басатын, шалдыққанда шаршағанды ши-
ра татын, демiккенде дауа болатын қасиеттi
ме кендерiмiзге айналып отыр. Ұлы Жiбек
жо лының бойында орналасқан бұл киелi
жер дiң топырағында Азия мен Тибеттi,
Қашқарды зерттеген атақты саяхатшылар
Пре жевальскийдiң, ағайынды Грумм Гржи-
май лолардың, халқымыздың құйрықты жұл-
дыз дай жарқ еткен аяулы перзентi Шоқан
Уәлихановтың iздерi қалған.
Қызыл империяның қиянаты
«Атаманның ақыры» фильмiнде көр се-
тiлгендей ақ патшадан қалған билiктi аң-
сап, халықты өзiнiң езгiсiнде ұстауды мақ-
сат еткен казактардың соңғы қимыл-қоз-
ға лысы осы Жаркент жерiнде сәтсiздiкке
ұшыраған. Жергiлiктi жұртшылықты қан
қақ сатқан атаман Дутовтың көзiн жойған
М.Қожамияров, М.Байсымақов, М.Қадыров,
Н.Ушурбакиев сынды халық батырлары 1918
жы лы 10 наурызда Жаркенттi казактардан
азат етiп, Кеңес өкiметiн орнатқан. Бi-
рақ Кеңес өкiметi де осындағы момын қа-
зақтардың мүдделерiн қорғай қойған жоқ.
Негiзiнен аудан экономикасының флаг-
ма нына
айналған
ауылшаруашылығы
71
ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ
мен өнеркәсiп саласы осы кезеңдерде зор
қарқынмен дами бастады. Шаруашылықтар,
кең шарлар құрылып, Жаркент жерiндегi бе-
ре ке мен байлықтың бастауына айналған
«да ла аруын» – жүгерiнi жерсiндiруге бет
бұр ды. 1922 жылы қала аумағында сабын
қай нататын, ұн өнiмдерiн дайындайтын,
бал, крахмал әзiрлейтiн, терi илейтiн тағы
бас қа да цехтар жұмыс iстесе, 1925 жылы
мұн дай жұмыс орындар саны 135-ке жеткен.
Сол кездiң өзiнде 283 сауда нүктесi жұмыс
iс теген бұл кiшкентай шаһарда мемлекеттiк
бан ктiң агенттiгi, үлкен аурухана және уезд
кi тапханасы халыққа қызмет көрсеткен.
1929 жылы уезде етiкшiлер артелi құрылып,
мақ та тазартатын зауыт iске қосылған. Өңiр-
де 230 су диiрменi қызмет еткен. 1917 жылы
Жаркент қаласында тұңғыш гимназия құ-
рылса, 1920 жылы уезд бойынша бiрiншi бас-
қыштағы 11 мектеп, 1 гимназия, 1 орыс шiр-
кеуi приход мектебi, 1 мұсылман мектебi бол-
ды. Көп ұзамай коллективтендiру кезеңi бас-
тал ғанда талайдың малы тәркiленiп, өздерi
өлiм жазасына кесiлдi, тiптi жер аударылып
кет тi. 1932-1933 жылдардағы аштық бұл
өңiр дiң халқын тегiс жалмады десе артық
айт пағандық болар едi. Аштық жылдарында
жүз мыңдаған қазақтың Қытай асып кетуiне
ту ра келдi. Жаппай қырылу мұнымен тоқ-
таған жоқ, 1937 жылғы репрессияда елдiң
бек тұлғалары қанды қырғын құрбандарына
ай налды. Бұл өңiрде тонның iшкi бауындай
боп отырған халықтың жан-жаққа босып
ке туiне тарихтың осы бiр қолдан жасалған
қиян-кескi қырғындары айғақ.
Шегесіз салынған мешіт
Ежелгі Жаркент қаласына бара қалсаңыз,
өз дәуірінің атақты саудагері Уәлібайдың
(халық арасында - Уәли бай) арнайы тап сы-
рыспен салдырған мешіті алыстан көз тар та-
ды. Бір кереметтігі, арада жүз отыз жылдан
ас там уақыт өтсе де халық арасында «Уәли
бай мешіті» атанып кеткен ғимарат әлі күнге
өзі нің бастапқы қалпында сақталған.
Тарихшылардың зерттеуінше, ХІХ ға-
сыр дың аяғына қарай салынған Жаркент
қа ласындағы мешіт 130 жыл бойы сақ та-
лып тұр. Тарихтан белгілісі, бүгінгі күні
елі міздің тарихи әрі мәдени мұрасына ай-
нал ған бұл мешітті сол бір кезеңде бай-ма-
нап тарға берілген атақ-дәрежемен айтсақ,
бі рінші ильдиядағы саудагер Уәлібай Ахун
Юлдашев сонау 1887- 1892 жылдары ха-
лық тан жинаған қаржыға салдырыпты. Бір
ерек шелігі, мешіттің сәулеті, құрылымы
жә не әшекейленуіне баса назар аударсаңыз,
ғи мараттың Қазақстан мен Орта Азияның
сәу лет-құрылыс өнерінің ең үздік тәсілдері
ес керіле отырып салынғандығы айқындала
тү седі. Тіпті бұл мешітті әдеттегі ме шіт-
терден өзгеше етіп салу мақсатында Уәлібай
көршілес Қытайдан осы елдің сол жыл-
дардағы атағы жер жарған ең мықты сәу лет-
ші сі Хон Пикті алдырып, мешіттің жобасын
со ған арнайы сыздырған екен. Бұған қо са,
құрылысты салуға Хасен Иманов, Тайыр
Ысмайылов, Насретдин Қары, Әбдіқадыр,
Ұшырбақы, Зайнутдин тәрізді құ ры лыс шы-
лармен қатар шебер қолды қытай ма ман-
дары да өз үлестерін қосыпты. Нақты де-
рек ке жүгінсек, Уәлібайдың алып мешітін
са луға сол жылдарда 1500-ден астам адам
жұ мылдырылып, ғимарат бес жылға жетер-
жет пес уақытта бой көтерген.
Уәлібай мешітінің жалпы көлеміне кел-
сек, оның ұзындығы - 54,4 метр, ені - 29
метр, ал биіктігі - 22 метр. Ал мұндағы ми-
на реттің биіктігі 19 метр. Ғимараттың өзіне
тән бір ерекшелігі, мешіттің минаретін ал-
уан түрлі әдемі, қайталанбас өрнекпен бе-
зен дірілген 52 колонна (бағана) қоршап
тұр. Мұндағы колонналардың барлығы дер-
лік арнайы дайындалған Тянь-шань шыр-
шасынан жасалған. Ғимаратты және оның
қос қатарлы мұнарасын әшекейлеуге су-
рет пен сәндік өнерінің алуан түрлі үлгі ле-
рі пайдаланылған. Мысалы, мешіттің қа-
быр ғаларына зер салып қарасаңыз, өсімдік
іс петтес және геометриялық өрнектерден
кей жағдайларда аңдардың, құстардың, ба-
лықтардың бейнесін еш қиналыссыз аң-
ға руға болады. Сондай-ақ бұл ғимараттан
қа зақ, ұйғыр, дүнген және басқа да Шығыс
халықтарының ою-өрнектерінің нұс қа-
72
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ларын, арабески стиліндегі әшекейлі жа-
зу лардың тамаша үлгілерін кездестіруге
бо лады. Мешіттің өзіне ғана тән тағы бір
ерек шелігі, оның құрылысына шеге атаулы
әс те қолданылмаған. Мұның себебі мұндағы
әр бір бөрене немесе арқалық арнайы кертік
ой ық жасау арқылы бірімен- бірі берік етіп
бе кітілген. Тіпті мешіт қабырғаларының
өзі арнайы әзірленген бөренелерден кө те-
рілген. Тек шатырына ғана қаңылтыр пай-
да ланылған. Шатырды мешіттің ішінен 122
ба ғана-тіреуіш көтеріп тұр.
Жергілікті сәулетші-зерттеушілердің пі-
кірінше, Жаркент мешіті шатырының құ-
ры лымы да өзгеше. Ол қабырғалардан ар-
қа лық бөренелер мен «дау» және «гун» деп
ата латын ерекше тіреуіштерден тұратын
ер неулердің құрылымдық сәндік жүйесі ар-
қы лы бөлінеді. Мамандардың пікірінше,
ша тырдың жалпы бүгілген бағыты қажетті
қай қылыққа жету мақсатында белгілі қа-
шық тықта орналастырылған қиылысу жү йе-
сіне байланысты. Мұндай заңдылық ша тыр-
ды «қайқы қалқыма шатыр» пішініне кел-
ті руді қамтамасыз ететін көрінеді. Шатыр
ер неулері ойма әдісімен жасалып, оған түрлі
қа нық бояулармен көркемделген өсімдік
тек тес өрнектер арасына аңдар, құстар, ба-
лық бейнелері енгізілген. Ғимараттың тұр-
па тын анағұрлым айшықты әрі сәнді етіп
көр сету үшін осындағы жұма мешіті мен бас
қақпасы екі қабатты мұнара-пагодамен то-
лық тырылған.
Еліміздің тарихи-мәдени сәулет ес кер ткі-
ші не айналған Уәлібай мешітінің оңтүстік
жа ғынан арнайы салынған медресені бай-
қайсыз. Мешіт кешенінің айналасы биіктігі
2,3 метр тас дуалмен қоршалған. Сон-
дай-ақ намазға келушілерге ыңғайлы бо лу
мақсатында мешіттің оңтүстік және сол-
түс тік жағынан бірнеше атты адам еркін
өте тіндей үлкен де айшықты қос қақпа са-
лынған. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай тү йі-
ні, Жаркенттегі Уәлібай мешіт кешені бү-
гін гі күні еліміз жастары үшін тарихтан сыр
шертетін мәдени-демалыс орталығына ай на-
лып отыр.
Тарихқа тұнған еліміздің әр өңірі - тасқа
басылған тарих. Жастарымыздың өт кен
тарихты бойларына сіңіруі тарихтар са бақ-
тастығын жалғайтыны айдан анық. Же рі-
міздің тарихын білмей ұлтжанды ұрпақ тәр-
бие леу мүмкін емес. Сондықтан еліміздің әр
өңі рі ата-бабамыздың қанмен келген маңдай
тер дің жемісі екендігін ескерелік.
Достарыңызбен бөлісу: |