Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет11/12
Дата06.03.2017
өлшемі1,37 Mb.
#8295
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Ә. Нысанбаева. Қазақ энциклопедиясы. 1998.

2 http://www.madenimura.kz/kk/culture-legacy/region/almaty_oblast/memorial/jarkent-mechet

3 http://kazustaz.kz/ustaz/529-azastanny-kne-alalary-oral-alasy-bryay-mshelerd-tynys-belgler. 

html


73

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

ӘОЖ 32. 032 



Г.Ш. Уразалина

№39-қазақ орта жалпы білім беру мектебінің әдіскері. Ақтөбе қаласы

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПАРАСАТТЫ ОЙЛАУ ӨНЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Бұл мақалада жаңа әдістемелік тапсырмалы әдістер, парасатты ойлауды қалыптастыруға 

мүмкіндік  беретін,  сонымен  бірге  оқушының  әрекетін  жобалауға  мүмкіндік  пайда 

болатындай және түрлі тапсырмалардың түрін шешу жүйесі ретінде мұғалімдердің қызметі 

туралы қырыстырылады. Бұл негізгі тапсырма жүйесі оқыту үдерісінде ұйымдастырудың 

тиімді құралы болып саналады.



Түйін сөздер: ойлау өнері, парасатты ойлау, оқушы, оқыту технологиясы, педагогика 

негіздері. 

В данной статье рассматривается новый методический задачный подход, способствую-

щий формированию интеллектуальных мышлений, при котором появляется возможность 

проектировать  деятельность  ученика  и  деятельность  учителя  как  систему  процессов 

решения разных видов задач. Эта исходная система задач выступает эффективным средством 

организации процесса обучения.



Ключевые слова: искусство мыслить, интеллектуальное мышление, ученик, технология 

преподования, педагогические основы.

This article discusses the new methodical approach a task, contributing to the formation of 

intelligent thinking, in which it is possible to design activities and the activities of the pupil teacher 

as a system of processes solving different kinds of problems. This initial system performs tasks 

effective means of organizing the learning process.

Keywords:  art  of  thinking,  intellectual  thinking,  the  student,  the  technology  of  teaching, 

teaching the basics.

Қазіргі  кезде  жалпы  білім  беретін  мек-

теп те  оқушыларды  оқыту  үдерісінде  қо ға-

мымыз  жаңа  міндеттер  қойып  отыр.  Жа-

һандану  кеңістігінде  инновациялық  тех но-

ло гияның  алар  орны  ерекше.  Осыған  орай, 

бү гінгі оқушылардың парасатты ойлау өне-

рін заманауи мүддесіне сәйкестендіру, уни-

фи кациялау көкейкесті мәселенің өткірлігін 

көр сетеді. Біздер «технология» ұғымын «ой-

лау  өнері»  мағынасында  ұсынып,  оны  па-

расатты  іс-әрекет  негізінде  зерделеудің  ти-

ім ді екенін байқадық.

Аталған  проблеманы  шешу  үшін  мектеп 

бі лімденудің  жаңа  технологияларын  нә-

ти жеге  бағдарлау  жүйесін  әр  пәнге  ба-

ғыт тап  құруы  көзделеді.  Оқытудың  жаңа 

технологиясын  саралау  білім  мазмұнының 

ерекшелігін, мәнін, мазмұнын, ықтимал жа-

уаптарын оқушылардың ойлау өнеріне түрт-

кі болар жағдайда қарастырылады. 

Қазақ  халқы  ойшылдарының  парасатты 

іс-әрекетке,  ойлау  өнерін  шарықтау  шегіне 

жет кізу  тұрғысында  қарастырған  еңбектері 

ай тарлықтай: Әбу Насыр әл-Фараби [1], Ж. 

Баласағұни [2], Қ. Ясауи [3], А. Құнанбайұлы 

[4], Ы. Алтынсарин [5], А. Байтұрсынов [6], 

Ж. Аймауытов [7], М. Жұмабаев [8], Мәшһүр-

Жүсіп Көпеев [9], Ш. Құдайбердиев [10] т.б. 

Әбу Насыр әл-Фараби тілімен айтсақ, ин-

теллектуалды әлеует, Қожахмет Иассауи ті-

лі мен айтсақ, сегіз қырлы, бір сырлы, Абай 

ті лімен  айтсақ,  кәмалатты  адам  және  т.б. 


74

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Біздер оқушының өмір сүру қабілетін білім 

маз мұнымен  қамтамасыз  ету  мәселелеріне, 

оның тұтастық заңдылығының бұзылмауына 

ерекше мән беріледі. 

Ойлау өнері оқыту үдерісін жобалау, ұй-

ымдастыру және оны өткізудің формасымен 

анықталады.  Білім  беру  технологиясының 

өзіндік  ерекшелігі:  қойылған  мақсатқа  же-

ту мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үде-

рі сін  құрастыру  және  оны  жүзеге  асыру. 

Оқытылатын пән мазмұны мұғалім мен оқу-

шы ның өзара байланыс іс-әрекеті, оның ішкі 

даму  үдерісі  негізінде  анықталған  нақты 

мақ сат қана ойлау өнері құрылымын түсіну 

кіл ті бола алады.

«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік 

жүгін арқалап келеміз» – деген Елбасы Н. Ә. 

Назарбаевтың сөзі білім беру қауымына үл-

кен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің бо-

ла шағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына 

қо сылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. 

Дү ниежүзілік  озық  тәжірибелерге  сүйеніп, 

жа ңа  типті  оқыту,  яғни  әр  баланың  табиғи 

қа білетін  дамыту  үшін  қолайлы  жағдайлар 

жа сай  отырып,  оны  жан-жақты  дамыту  ке-

рек.  Қазіргі  білім  беру  мазмұны  жаңарып, 

жа ңа  көзқарас  пайда  болып,  оқытуға  жаңа 

бет бұрыс  өмірге  келді.  Яғни  ойлау  өнері 

ұғымы  іс-әрекетімізге  еніп,  қолданылуда 

[12, 13-14 б.].

Ойлау  өнерінің  мақсаты  –  ой-өрісін  ке-

ңей ту, оқушылардың өздігінен танымдық іс-

әре кетін жүргізе алатындай болуы керек. 

Оқушылардың ойлау өнерін дамыту не гі-

зінде қолдануға болатын технологиялар тү р-

ле рі төменде көрсетілген.

Кезеңдеп оқыту технологиясы. 

Ойлау  қызметін  кезеңдер  бойынша  қа-

лыптастыру, мақсаттың бағытталу тех но ло-

гиясы – бағдарлық білім, шеберлік және дағ-

ды ны әсерлі меңгеру. Бұл технология әрбір 

оқу шының жұмыстарын, олардың әрбір қа-

да мын оқытушының бақылауын қажет етеді. 

Са бақ  меңгерудің  барлық  кезеңдерінде  ба-

қы лап  отыру  –  технологияның  ең  маңызды 

құ раушыларының бірі болады. Ол оқушыны 

қа телесуден сақтандыруға бағытталады

Жеке пәндік педагогикалық технологиясы

1. Ішкі парасатты ойлау өнерін өркендету 

тех нологиясы.  Технология  мазмұны  оқу 

үде рісі  оқушы  миының  танымдық  қуатын 

жан-жақты жандандыра отыра, қызметі мен 

қатынастары арқылы баланың табиғи ой ла-

уы на негізделген.

2.  Әсерлі  сабақтар  жүйесіне  негізделген 

тех нология.

Мақсаттық бағыттары:

- қалыпты білім, шеберлік дағдыны меңгеру;

- ойлау қызметіне математикалық тәсілдерді 

меңгеру;

- қабілетті балаларды дамыту;



Альтернативті  технологиялар.  Воль до-

рф пе дагогикасы «ізгілікті педагогика» мен 

«ер кін тәрбие» идеяларын іске асырудағы әр 

түр дің біреуі болып табылады. Ол жекеліктің 

өз дігінен таңдауы мен тануы жүйесінде кө-

рі нуі мүмкін:

- жан-жақты дамыту;

- жекелікті тәрбиелеу;

- бала санасында ойлау қызметі мен пәндер 

түзгіштерін біріктіру.

Басты мақсаты – оқыту дағдысы: па ра сат-

ты іс-әрекетті қолдану.



Дамыта  оқыту  технологиялары.  1.  Л. 

В.  Занковтың  дамыта  оқу  жүйесі.  Оқыту 

қыз метінің  негізгі  мотивациясы  танымдық 

қы зығушылық.  Занков  әдісі  әртүрлі  қыз-

мет терге  тарту,  дискуссия,  дидактикалық 

ойын дарды  оқытуда  пайдалану,  сол  сияқты 

ес ті,  ойлауды,  елестетуді,  сөйлеуді  байыту 

ба ғытындағы оқыту әдісі [11,с. 44-45].

Оқушылардың  парасатты  ойлау  өнерін 

қа лыптастырудың қағидалары төмендегідей:

Бірінші қағида, әлем халықтарының ойлау 

өнері жайлы көзқарасының тұжырымдарын 

бір  жүйеге  түсіруге  ықпал  жасау  қиындық 

кел тірсе  де,  ұлттық  психология  нышаны 

жә не  ұлт  киесі  болып  қалыптасқан  қазақи 

тә лім-тәрбиені  ескермесек,  оның  сан  ға-

сыр лық  жүйесін  ілгерілету  траекториясын 

кү ні  бұрын  жобаламасақ,  парасатты  ойлау 

өнері сағым қуғандай болар еді. Парасатты 

ой лау  өнерін  қалыптастыру  үшін  отандық 

бі лім  мен  ғылым  байырғы  ізгілікті  ұлттық 

тәрбиеге негізделуі керек. 



75

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

Екінші  қағида,  әрбір  оқушының  табиғи 

мүм кіндігіне қарай өзін-өзі танып, сол пер-

цептивті  қабылдау  іс-әрекетіне  сәйкес  тұ-

жырым  құра  білуі.  Кеңестік  дәуірден  қал-

ған  тоталитарлық  жүйе  таңбасы  –  жо ға-

ры дағы  тұлғалардың  иерархиялық  түсінігі 

бар лық  өзінен  төмендегілерге  міндет  ре-

тінде  ұсынылды.  Нақтылап  айтсақ,  бә рі-

міздің  ой-тұжырымдарымыз  бірдей  бо лу 

тұрғысындағы  үдеріс  басымдықта  екені не 

бірталай  адам  көздерін  жеткізді.  Әр  тұл ға-

ның  гносеологиялық,  аксиологиялық,  он-

тологиялық  пайымдамасы  жинаған,  транс-

фор мациядан  өткізген  тұжырым-түйініне 

ба ғынышты.  Сол  себепті  диагностикасыз 

оқу шыларға көпдеңгейлікті тапсырмалар бе-

ру ден сақ болған абзал. Оқушылардың ойлау 

өнерінің деңгейі белгісіз болса, оған міндет-

ті түрде диагностика жүргізуді талап етеді.

Мұғалім  оқушылардың  ойлау  өнерін  да-

мыту  мақсатында  пәнді  оқыту  барысында 

тө мендегі анықтайтын индикаторларды пай-

далану арқылы ойлату дағдысын қа лып тас-

ты ра аламыз.

Бірінші индикаторы:

1. Адамның мәдени деңгейіндегі та ным-

ның жүйелілігі:

- жеке әлемдік көзқарас;

- жалпы көзқарас;

- кәсіптік көзқарас.

2.  Өзінің  пәніне  байланысты  ғылыми 

деңгейін  арттырудың  танымдық,  маңызын 

үзбей дамыту жүйесінің амалдары:

- пәннің заңдылықтарын қоғам заң ды лық та-

ры мен ұштастыру;

- жеке ұжымдық таным қабілеттері; 

- өздігінен танымдық деңгейліктерді шыңдау. 

Екіншісінің индикаторы:

Өндірістік жағдайларға оқытудың мін дет-

ті білім мөлшерлерін ыңғайлау:

- идеологиялық; мемлекет көз де ге н         құ  жат-

тар

- құқықтық;  мемлекеттік тұрғыдағы заңды-



лық

-  моральдық-этикалық;  кәсіби  құзыреттілік 

тұр ғыдағы

- саяси; білім саясаты, білім заңы

- өнер (мәдени); ойлау өнерінің бағдары

- діни; Ішкі  дүниетаным,  экс тре мизмнен 

аулақ ұстау

Yшінші индикаторы: 

- салыстыру; 

- дәлелдеу; 

- шығармашылық; 

- рефлексиялау.

Төртінші индикаторы: 

Басқарудың өзi-өзін дамыту жолдары: 

- өздігінен жұмыс icтey мөлшерін, шап шаң-

дығын зерттеу; 

- жуық уақыт аралығындағы өз-өзін дамыту 

құрылымын жобалау; 

-  өздігінен  құрылған  жұмысты  өмірде 

пайдалану, бағдарлама жасау;

- рефлексиялау.

Бесінші индикатор: 

Өз-өзін  басқару  үдерісінің  өнімді 

тәсілдері: 

- даму деңгейін зерделеу; 

- даму деңгейін жобалау; 

- оны жүзеге асыру бағдарламасы; 

- рефлексиялау.

Технология  жүйесінде  оқушылар  диаг-

нос тиканы  оқу  қызметі  мен  бағытына  не-

гіз деп  жүргізеді.  Қандай  тәсілмен  көздеген 

мақ сатты  жүзеге  асыруға  болады?  Miнe 

осындай  сұраққа  жауапты  ол  екі  тәсілмен 

ше шеді:


-  айқын  жүйелілікпен  (қағидалар  мен 

деңгейліктері ашылады, олардың өзара бай-

ла ныстары) бұл тәсілді педагогика ілі мін де 

Блум еңбегінде оны таксономия дейді;

- мақсатты өте анық ережемен, тү сі нік те ме-

мен сипаттау.

Мұндай  әрекеттегі  жүйе  әр  оқушының 

білім  мазмұнынан  ең  маңыздысын  тe piп 

алуына,  танымын  терендетуіне,  алғаш қы 

мақсаттың  кезеңдерін  жіктеуіне,  бола шақ-

тағы  жұмысын  айшықтауына  бағдар  жа-

сайды. Нәтижесінде әр оқушы өзінің қа бі ле-

ті мен қажет мөлшерін шығарып алып, қан-

дай білім көлемін меңгергенін саналы түр де 

білетін  болады.  Бұл  оқушылардың  өз-өзі не 

сын көзбен қарауға, әділдік әрекеттері күн-

нен-күнге өрлей түсуіне мүмкіндік бермек.


76

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Әрине, әр оқушының шығармашылық өзі-

не тән дарыны болмаса, оны мың жерден дұ-

рыс  басқарғанмен,  ешбір  нәтижеге  жетпесі 

тү сінікті. Бірақ оқушының бойындағы өзіне 

тән қадір-қасиетін құндай білуіне, оны одан 

әрі дамыта алуына басшылық жасау мүм кін-

ді гіміз бар. 

Ойлау  өнерінің  жүйесі  баяндалған  маз-

мұн-құрылымы дұрыс ұйымдастырылса, тө-

мендегідей оқушылардың білім меңгеру ба-

ры сындағы Тұлғалық Пішіні дамытылмақ:

-  табиғи  қабілеті  мен  қажеттілігіне  орай 

әлеу меттік ыңғай, икем, іскерлік, дағды, бі-

ліктіліктің  танымдық  (когнитив)  даму  заң-

ды лығына сәйкес келу;

-  республикалық,  әлемдік  біліктілік  пен 

із гіліктің тәжірибесіне (стандарт) өзінің бо-

йын дағы өнepi мен кәсіптік ыңғайын табиғи 

қуа тына  сәйкес  үздіксіз,  үзіліссіз  дамытуы 

үшін  қатыс  (коммуникация)  құралдарынан 

ке регін саралап, сұрыптап алу машықтарын 

ши рату;

- кәсіптік техникалы-эстетикалық мазмұн-

дағы  білім  салаларынан  өзінің  ыңғайына 

сәйкес  болашақ  кәсібінің  таңдауын  айқын -

дап,  со ған  қарай  оқу  бағытымен  оқудың 

әдіс на ма лық негіздерін тұжырымдау;

-  алған  білімдерін  тәжірибеде  қолдана 

алу іскерліктерін дамыту мақсатында өз-өз-

дерінің  деңгейліктерін  (иерархиясын)  тек-

се рудің  амал-тәсілдері  мен  технологиялық 

қыр ларын игеруге мүмкіндіктер туғызу (қи-

сық құрылған есептер мен жаттығулар, тест, 

сөз жұмбақ т.б.);

­ адамның iшкi сырын дамытуға түрткі бо-

латын табиғаттың құпия заңдылықтарының 

iшкi жүйесін айқындайтын кейбір құ бы лыс-

тары жайлы өзінше топшылаулар мен тұ жы-

рым дар құрастыру;

­ оқу салаларындағы бip нысанаға әр түрлі 

берілген  тұжырымдамасын  (концепциясын) 

салыстырып  өзінше  қорытынды  шығара 

ала тын  шығармашылық  сыни  машықтарды 

жат тықтыру;

-  эстетика  бағытындағы  пәндердің  оқу  -

шы  лар бойындағы табиғи өнеріне сәй кес ке-

ліп,  одан  әpi  өз-өздерінің  дамыту  әре кет те-

ріне бағындыру заңдылығын жүзеге асы ру;

-  мектептегі  оқушылардың  ұжымдық 

ойлау  әрекетін  ұйымдастырып,  әpбip  жұ-

мыстың  нәтижесіне  жетер  желіні  болжауға 

бағ дар жасау.

Міне,  мектептің  оқу  жұмысының  же ке 

оқушылардың  тұлғалық  сипатын  өр кен де-

туге бағдар берер жолдары жоғарыдағы та-

лап тармен жүзеге асады. 

Мектеп оқушыларының парасатты ойлау 

өнерін  қалыптастырудың  заңдылықтары 

мен  қағидаларын  оңтайлы  шешуде  Ж. 

Аймауытовтың  саңылау  сезім  мен  соқыр 

се зім  жайлы  ұсынған  пікірлерін  ұдайы  ес-

те  сақтау  қажеттігін  баса  көрсетуді  жөн 

көр дік.  Себебі,  соқыр  сезім  адам  миын 

«жау лап»  алса,  оның  парасаты  және  ойлау 

өне рі  ешқашан  дамытылмайды.  Одан  шы-

ғарар салдарымыз педагогика ілімі – фи зи-

оүдерістер  мен  психология  тетіктерін  аш-

ып  отырудың  мәністерін  меңгерудің  әдіс-

тәсілдері  тұрғысында  қарастыратын  ны сан. 

Нарықтық қоғам талаптарына сай бip нәр се-

ні сақтау, жаңаның ұтымдысын алу сияқты 

тү ciнік – әр оқушы мен оқытушының заңды 

ба ғыты.


Қорыта  келгенде,  оқушылардың  па-

ра  сатты  ойлау  өнерін  қалыптастыру 

үдерісіндегі  қолданылатын  технологиялар 

сұ рыпталу  тұрғысында  іске  асады.  Білім 

бе рудің  технологиялары  оқушылардың  па-

ра  сатты  ойлау  өнерін  жоғары  деңгейлікке 

кө  теру  сыңайында  зерделенді.  Барлық 

тех   нологиялар  парасатты  ойлау  өнерінің 

инструменті  деген  қорытындыны  тек  нә ти-

же ге бағдарлау арқылы қол жеткізеді. 



ӘДЕБИЕТТЕР

1 Әл-Фараби Ә. Н. Әлеуметтік этикалық трактаттар. – Алматы, 1995. - 22б. 

2 Баласағұни Ж. Құтты білік. – Алматы, 1987. - 355 б.

3 Иасауи Қ. А Диуани хикмет.– Алматы, 1993. - 262 б.

4 Құнанбаев А. А. Шығармалары // Екі томдық. – Алматы, 1968. - 308 б.


77

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

5 Алтынсарин Ы. Таза бұлақ: Өлеңдер, әңгімелер, хаттар. – Алматы : Жазушы, 1988. - 320 б. 

6 Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. - 318 б. 

7 Аймауытов Ж. Психология. – Алматы: Рауан, 1995. - 312 б.

8 Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы, 1992. - 154 б.

9 Көпеев М.Ж., Көпеев М.Ж. Ел аузынан жиналған әдебиет үлгілері // Екі томдық. – Алматы: 

Ғылым, 1992. – Т. 2. - 222 б.

10 Құдайбердиев Ш. Шәкәрім шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1988. - 539 б.

11 Занков Л.В. Дидактика и жизнь. – М., 1968. - 289 с.

12  Назарбаев  Н.  Ә.  Қазақстан  Республикасының  Мәдениет  және  ақпарат  министрлігінің 

2011-2015 жылға арналған Страгетиялық жоспары. – Астана, 2011, ақпан - 8. 

ӘОЖ 37.017.7



М.О. Урисбаева

Бастауыш сынып мұғалімі

«Қарашілік орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі

ТӘРБИЕ – ТАЛ БЕСІКТЕН

Мақала  «Тәрбие  -  тал  бесіктен»  деп  алынған.  Себебі,  келешек  әулеттің  барыстары 

отбасында  тәрбиеленеді,  адамның  жеке  басының  бастапқы  басқышы  пайда  болады, 

мінездің  де  негізі  қаланады,  адамдық  қасиеттер  мен  әдептілік  қалыптасады.  Демек, 

баланың  келешекте  қандай  адам  болуы  өзі  туылған  отбасында  алған  тәлім-тәрбиесі  мен 

ондағы қарым-қатынасқа байланысты. Мақалада сонымен қатар, отбасында алған тарбиенің 

маңызы жайлы айтылған. ҰОС қатысқан әкенің ерлігі мен берген тәлім-тәрбисінің жемісі 

жайлы сөз қозғалған. 



Түйін сөздер: тәрбие, тал бесік, ардагер, отбасы, әке.

«Воспитание  начинается  с  колыбели»  буквально  так  называется  статья.  Потому  что, 

первые  качества  личности,  основы  характеры,  человеческие  качество  и  воспитанность 

образуется именно в семье. Значит, будущее человека, в прямую зависеть от того, какое 

воспитание и какое отношение будет у него в семье. А так же в статье рассматривается 

важность воспитание, полученное в семье. Говориться о воспитание отца, участника ВОВ, 

и его героизм и плоды в воспитании.

Ключевые слова: воспитание, колыбель, ветеран, семья, отец.

«Education begins with a kolıbelï» bwkvalno so nazıvaetsya articles. Potomw things, the first 

quality of a person, how to bases, man is quality and vospïtannost obrazwetsya explosion in the 

Family. Udinese, the future man, pryamwyu zavïset from Togo, relies on education and relations 

that will be used to nego Seven refuge. A so become easier in rassmatrïvaetsya vajnost education, 

from  polwçennoe  Seven.  Govorïtsya  right  education  will  of  father,  VOV  participant,  and  his 

geroïzm and plodı in education.

Keywords: education, the cradle, veteran, Famly, father.


78

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Отбасы  -  ең  мықты,  ең  үлкен  тәрбие 

ошағы. Себебі, келешек әулеттің барыстары 

от  басында тәрбиеленеді, адамның жеке ба сы-

ның бастапқы басқышы пайда болады, міне-

здің де негізі қаланады, адамдық қасиеттер 

мен әдептілік қалыптасады. Демек, баланың 

келешекте  қандай  адам  болуы  өзі  туылған 

отбасында алған тәлім-тәрбиесі мен ондағы 

қарым-қатынасқа  байланысты.  Осылардың 

дәлелі  халқымыздың  өмірден  алған,  шы-

ғарған  мына  нақыл  сөздері  мен  мақал-

мәтелдері  бола  алады.  Мысалы:  «Балапан 

ұяда  не  көрсе,  ұшқанда  соны  іледі», 

«Қарағайға  қарап  тал  өсер,  атасына  қарап 

бала өсер», «әкеге қарап ұл өсер, шешеге қа-

рап қыз өсер» дейді дана халқымыз.

Отбасындағы  ұлттық  тәрбиенің  мәні 

ерекше  зор.  Әрбір  отбасының  қалыптасқан 

әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі болады. Осы «ата-

ана»  мектебі  арқылы  ұл  баланы-әкесі,  қыз 

ба ланы-шешесі тәрбиелеп, баланың көз ал-

дын дағы үлгі-өнеге нысаны болады. 

Отбасында ата-аналары өздерінің бо йын-

дағы  жақсы  қасиеттерін,  өнерлерін  ба ла ла-

ры на үйретіп, жастайынан баулиды.

Осы айтылғандардың дәлелі ретінде өзім 

туып-өскен отбасым туралы айтқым келеді.

Бізді, яғни 5 ұл мен 4 қызды әке-шешеміз 

дүниеге әкелді, тәрбиелеп өсірді. Бірақ, бұл 

тәрбие  кез  келген  отбасында  кездесе  бер-

мейтін тәрбие екендігін білдім. Ата-анамыз 

біз ді  жастайымыздан  өздерінің  бойындағы 

бар лық өнерлеріне баулыды.

Әкем ҰОС және еңбек ардагері. 9 мамыр 

–  Ұлы  Жеңіс  күні.  Осыдан  70  жыл  бұрын, 

бұл  күні  адамзат  тарихындағы  ең  сұрапыл, 

жой қын соғысы Ұлы Отан соғысы аяқталды. 

Екінші  дүниежүзілік  соғыс,  біз  үшін  Ұлы 

Отан  соғысына  6  материктің  сол  кездегі 

әлем нің дербес 60 астам елі қатысқан бо ла-

тын.


Айбынды  білек,  жеңістеріне  сенімді  ыс-

тық жү ректері мен қайрат күштерімен кеше-

гі  жі гіттер  бүгінгі,  өнегелі  аталарымыздың 

ар қа сында 1945 жылдың 9 мамыр күні Ұлы 

мей  рам – жаудың жеңіліп, соғысты жеңіспен 

аяқтадық!

Бүгінде Жеңіс күні мерекесі адамдардың 

ұлтына,  дініне,  тілі  мен  мәдениетіне  қа ра-

мас тан  ортақ  қуаныш  күні.  Бұл  қастерлі 

мейрамның мән мағынасы уақыт өткен сай-

ын еш өшпек емес, себебі оның құндылығы 

ғасырлар бойы жаңа жас буын ұрпаққа өсиет 

боларлық жақсылық жеңген Ұлы күн!

Әкем ҰОС және еңбек ардагері. Өмірдің 

қиын-қыстау  заманында  өмір  сүрсе  де  өз 

ұрпағының  болашағын  алдын  ала  ойлап, 

халқы үшін де, ұрпағы үшін де аянбай еңбек 

еткен, өмірінің соңына дейін ұрпақ тәрбиесін 

бір  сәт  естен  шығармаған  асыл  да  ардақты 

әке.  1916  жылдың  17  сәуірінде  қарапайым 

отбасында дүниеге келген. Білімі 4 жылдық 

бола  тұра  тілге  шешен,  ақын,  көзі  ашық, 

көкірегі  ояу,  әрі  палуан,  шахматты  шебер 

ой найтын, өте зерек, еңбекқор адам болған.

Абай сияқты өзі сүйіп оқитын ақындар дың 

өлеңдерін  жатқа  білетін,  ұлы  адамдардың 

өсиет, нақыл сөздерін әркез үлгі етіп айтып 

отыратын.  Әкем  жастарға  Хәкім  Абайдың 

«Бес  нәрседен  қашық  болуға  шақырған  - 

Өс ек,  өтірік,  мақтаншақ,  еріншек,  бекер 

мал шашпақтықтан алыс жүруді өсиет ет іп, 

талапты бар жасқа ақ батасын беріп оты ра-

тын.

Әкемнің  арманы  елдің  бейбітшілігі,  тілі 



бөлек болса да, тілегі бір ортақ Қазақ елінің 

барша халқының аманшылығы мен бақыт                ты 

ғұмыр кешуін тілеп отыратын.

Әкемнің  халқы,  елі  үшін  еткен  еңбегін 

үкімет  елеусіз  қалдырған  жоқ.  1957  жылы 

«ҰОС  кезінде  фашистік  Германияны  жең-

ге ні үшін» медалімен, «Ұлы жеңістің 20-30-

40-50 жылдығы» медальдарымен, еңбектегі 

ер лігі үшін 1978 жылы «Еңбек ардагері» төс-

белгісімен,  1997  жылы  «Кеңес  Одағы  мар-

шалы Г.К. Жуковтың» медалімен, 2000 жы-

лы «1941-1945 жылдардағы соғыс ардагері» 

ме дальдарымен марапатталған. Бұл марапат 

әке міздің соңғы марапаты болды, 2000 жы-

лы  әкеміз  өмірден  өтті.  Анамыз  «Күміс 

алқа»  иегері,  1983  жылы  «Еңбек  ері»  төс-

бел гісімен марапатталған. Бүгінде 28 не ме-

ре, 12 шөберенің сүйікті әжесі атанып, қуа-

ныш тарын көріп келеді.

Артында  қалған  ұрпақтары  әкеміздің 

са лып  кеткен  жолымен,  айтып  кеткен 

өсиетімен өмірін жалғастырып келеміз.



79

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Әкем  де,  анам  да  домбыра  тартып,  ән 

ай татын,  өнерді  сүйетін,  өнер  адамдарын 

ерекше  құрметтейтін.  Әкемнің  ақындық 

қасиеті  де  бар  болатын.  Аудандағы 

ақындардың айтысына қатысып, өзінің тілге 

шешендігін көрсетіп, жеңіске жетіп отырды. 

Ата-анамыздың тәрбиесімен барлығымыз 

да  өнерге  бейім  болып  өстік.  Барлығымыз-

ды  оқытып,  жоғары  білім  алуымызға  кө-

мек тесті.  Үлкен  бауырым  Артықбек  қа на 

денсаулық  саласында  қызмет  етеді,  ал  бас-

қаларымыз  музыка  және  педагогика  са ла-

сында  еңбек  етіп  келеміз.  Сіңілім  Қанат 

–  қобыз  аспабында,  мен  және  інім  Асқар  - 

баян аспабында, әрі әкеміз сияқты ақындық 

қа сиеттеріміз  де  бар,  інілерім  Алтынбек, 

Болатбек,  сіңілім  Гүлбақыт  -  домбыра  ас-

па бында  ойнаймыз.  Інім  Әлібек  әскери  са-

ла да, ал сіңілім Нұрбақыт ұстаздық қызмет 

ат қарады. Әрқайсысымыз өмірден өз ор ны-

мызды  тауып,  отбасын  құрып,  балалы-ша-

ғалы, немерелі, халыққа сыйлы, жемісті ең-

бек етіп, бақытты өмір сүріп келеміз. 

Ауыл адамдары бізді «Өнерлі отбасы» деп 

атайды,  үлгі  тұтады,  құрметтейді.  Осының 

бәрі ата-анамыздың еңбегінің арқасы деп бі-

леміз. Ата-анамыздың алдында мәңгі қа рыз-

дармыз.

Әрбір 9 - мамыр мерекесінде анамыздың 



қа сына жиналып, әкемізді еске алып оты ра-

мыз.


Ұлы жеңіске 70 жыл толды, өмір өтіп жа-

тыр. «Бала - болашағымыз» десек әрбір ата-

ана  тәрбие  үлгісін  көрсетіп,  дұрыс  тәрбие 

бе руді  өзіміздің  абзал  борышымыз  деп 

жауапкершілікпен қарағанымыз жөн.

Ата-ананы құрметтейік, адамдар!

Адам тәрбиелеу, өзінің туған ұлы мен қызын тәрбиелеу – адамзаттың ең  

бірінші аса маңызды қоғамдық қызметі, оның азаматтық қызметі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет