Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата06.03.2017
өлшемі1,37 Mb.
#8295
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

ӘДЕБИЕТТЕР

1 “Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.

2 Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен 

көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматы кітап 

баспасы”, 2009.

3 “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ 

энциклопедиясы” Бас редакциясы.

Қазір – бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман



Нұрсұлтан Назарбаев.

60

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ӘОЖ 37. 018. 11



А.М. Абуталиева

М. Мақатаев атындағы №14 орта мектеп, Тараз қаласы

АДАЛДЫҚТЫҢ ДА, АҚЫЛДЫЛЫҚТЫҢ ДА НЕГІЗІ – ТӘРБИЕДЕ

Мақалада  отбасындағы  ұлттық  тәрбиенің  мәні  кеңінен  ашылады.  Мұнда  қазақи  сый-

ла сым - ұлттық тәрбиенің мақсаттық негізі сөз болады. Отбасындағы сыйласым және қа-

зақ халқының сыйласымдық тәрбиесі кеңінен жазылған. Сонымен қатар, ұстаздық тәр бие 

дәстүрі:  ұлттық  тәрбиеде  ата-анадан  соң,  сол  ата-анадай  тәрбие,  білім  беретін  ұла ғат ты 

ұстазға  инабатты  шәкірт  бола  білу  дәстүрі,  ер  намысын,  қыз  абыройын  қорғау  дәс түр-

лерінің тәлімдік қағидалары, кәсіпке үйрету дәстүрлерінің ұлттық тәрбиелік мәні, тіл да-

мы ту дәстүрінің тәрбиелік мәні мен қарыз, парыз, борыш ұғымдарының тәрбиелік мәніне 

ке ңінен  тоқталып,  ұлттық  тәрбие  жүйесі  кең  ашылған.  Туған  жердің  әрбір  тасына  дейін 

қа сиетті, киелі екендігін айта отырып, туған жерді қастерлеу дәстүрінің ұлттық тәрбиелік 

мә ні жайында жазылған. 

Түйін сөздер: Отабасы, тәрбие, ұстаз, қазақ, дәстүр. 

Национальным воспитанием принято считать своеобразие воспитательно-образователь- 

ной системы, которая учитывает историю и культуру страны, своеобразие национальных 

отношений и национального характера людей. Национальное сознание является сложной 

модернизированной  системой  духовных  феноменов,  которые  формируются  в  процессе 

исторического развития нации и соответственно отражают основные принципы его бы- тия. 

Это понятие охватывает широкий спектр процессов, идей, устремлений, которые в целом 

образуют духовный универсум нации. Его сущность - в единстве индивидуального и общего. 



Ключивые слова: Семья, воспитание, учитель, казах, традиция. 

National education is considered to be educational and originality of the educational system , 

which takes into account the history and culture of the country, the uniqueness of ethnic relations 

and national character of the people. National consciousness is diffi cult to upgrade a system of 

spiritual  phenomena,  which  are  formed  in  the  process  of  historical  development  of  the  nation 

and thus refl ect the basic principles of its existence. This concept encompasses a wide range of 

processes, ideas, aspirations, that together form a spiritual universe of the nation. Its essence - in 

the unity of the individual and the general 



Keywords: Family, education, teacher, кazakh, tradition 

«Тәрбие  ананың  ақ  сүтінен  басталады 

да,  маңдайдан  аққан  ащы  термен  бітеді»  – 

дей ді  халық  даналығы.  Әрине  тәрбиенің 

кө зі  де,  сусар  бұлағы  да  әке  шешеден  бас-

та латыны  анық.  Отбасы-адам  баласының 

өс іп-өнер,  қаз  тұрар,  қанат  қағар  ұясы,  ал-

тын бесігі. Тәрбиенің кілті-отбасының өмір 

тіршілігіне  байланысты.  Әсіресе,  ата-ана-

ның  адамгершілік  бейнесі  балаларды  тәр-

бие леудің негізгі көзі. «Қыран ұяда не көрсе, 

ұш қанда  соны  іледі»  десек,  бала  өмірінің 

ал ғашқы  күнінен  бастап  ата-ана  өздерінің 

не гізгі  борыштарын  атқаруға  кіріседі,  яғни 

оларға тәрбиеші бола бастайды. Отбасының 

бе рік негізі міне, рухани мүдденің бірлігінде 

бол мақ.  Оның  біртұтас  тату  болуы,  береке 

бір лігі  ең  алдымен  әке-шешенің  бір-бі рі не, 

балаларына  қалай  қарайтындығына  бай ла-

ныс ты.


Халқымыздың «Балаңды бес жасқа дейін 

пат шадай сыйла, бес жастан он бес жасқа де-

йін құлыңдай жұмса, одан соң өзіңе ақылшы 

дос  сана»  деген  өмірлік  қағидасына  орай 

тәр биенің негізгі мақсаты өзіңді де, басқаны 

да  силап  құрметтейтін,  теріс  іс  істемейтін 

аза матты тәрбиелеу. Баланы дұрыс тәр бие-


61

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

леу-тек  әке-шешенің  ғана  міндеті  емес. 

Бұл  баршаның  ісі,  қоғамның  ісі.  Ба ла-

біздің  болашағымыз,  қоғамның  бір  мү-

ше сі  және  оны  ары  қарай  дамытушы, 

ке лешек  кемеңгері,  саясаткер,  ел  ағасы. 

Ер те  кезде  балалар  оқыса  да,  оқымаса  да 

дін  талап  еткен  тұрмыс  ережесін  білуге, 

орын дауға тиісті болған. «Бір ескерттім, екі 

ескерттім, үш ескерттім, төртіншіде тоң қай-

там» – депті молла шәкіртіне. Тәртіп бұзған 

шә кіртті  молла  тоңқайтып  қойып,  майлы 

құй рыққа жас шыбықпен ұрады екен. Соғып 

тәр тіпке шақыру моллалардың методикасы, 

әрине ол ұстаздар үшін жат методика. Жал-

пы  ұстаздың  методикасы  тәлім  мен  ғы-

лым ға  негізделген.  Адамды  тәртіпке  күш 

жұм сап  келтіре  алмайсың,  сондықтан  күш 

жұмсаудан  басқа  жол  іздеу  бүгінгі  ұс таз 

қауымының  алдындағы  үлкен  ісінің  бі рі. 

Бала тәрбиесі – нәзік те күрделі, әрі қо ғам-

дық  жауапкершілікті  міндеттейді.  Бала  – 

өмірдің  гүлі,  сол  әлеуметтің  болашағы.  Ба-

ланы  тәрбиелі  де,  саналы  азамат  етіп  өсір-

гі міз  келсе,  ең  алдымен  өзіміз  кіршіксіз 

та за, тәрбиелі адам болуымыз керек. Адам-

гершілік  пен  саналықтың  бастапқы  қа ра-

пайым  белгілерін  өнегелі  отбасында  да-

рыт қан  баланың  болашағы  жарқын,  өмірі 

мән ді  болмақ.  Халық  даналығында:  «Егер 

сен бір жылдық өміріңді ойласаң, онда арпа 

ек, он жылдық өміріңді ойласаң, онда ағаш 

ек,  ал  ғасырлық  өміріңді  ойласаң,  онда  ба-

ла тәрбиеле» деген. Қазақ халқы баланы дү-

ниедегі  бар  асылдан  жоғары  бағалаған,  бо-

ла шағына,  арманына  балаған.  Сондықтан 

хал қымыз «Балалы үй - базар, баласыз үй - 

ма зар», «Босағасын алтыннан соқсаңда, пер-

зент сүймей, адамның мейірі қанбас» деп ба-

ла ны ерекше қадірлеп, оның өсіп жетілуіне 

ай рықша мән берген. Ал отбасы, бала, мек-

теп бір - бірінен ажырағысыз үш ұғым. От ба-

сы бар жерде бала бар, бала бар жерде мек-

теп  бар.  Мектептегі  мұғалім  жүрегімен  де, 

сөзімен де сұлу, ерекше адамдар. Мінезді тал 

шыбықтай  сындыруға  да,  сымдай  июге  де, 

жіптей үзуге болады, бірақ бұл тәрбие жо лы 

емес, сондықтан әр адамның табиғат бер ген 

мінезін  нәзік  сезімге  бөлеп  жетілдіре  бе ру 

білікті  ұстаздың  ғана  қолынан  ғана  ке ле ді. 

Сайып  келгенде  тәрбиенің  көздеген  ны са-

насы да осы. Мысалы сыныпта тәртіпсіз бол-

ған балаға: «тәртіпсіздікті кім бастады» – де-

ме, «неден туды» – деген дұрыс, сонда оның 

се бептерін дұрыс талдай аласың. Тәрбиенің 



ба ламасы  –  теңіз,  сондықтан  тәлімдегің 

кел  се, малтый білуді үйрену керек. Талай 

ға  сырдан бері, тіпті мұғалімнің әр сабақтағы 

мақ  саты  шәкірттің  ойлау  қабілетін  дамыту 

бо  лады, келешекте де олай бола бермек, се-

бе бі  ақыл  ойды  дамытпаған  сабақты  мақ-

сат  қа жетті деп айтуға болмайды. Қазақ ті-

лі  мен  әдебиеті  сабақтарында  шәкірттерге 

ақын  дардың  өлеңін  көбірек  жаттатыру  ке-

рек, сонда ол табиғатты да, Отанды да құр-

мет  тей біледі. Әр сабаққа жоспарсыз кіруге 

бол  майды, себебі «бір тақырыптың» өзін әр 

жыл әр түрлі түсіндіреді, жаңа ұғыммен то-

лық  тырады,  жаңа  көзқарас  пайда  болады. 

Әр  тақырыпта  оқушы  білмейтін  сыр  жа та-

ды.  Мұғалім  тақырыптағы  деректерді,  уа-

қи ғаларды сұрап қана қоймайды, өз пі кі рін 

жас қанбай айтуға, ғылыми негізде ой ды тү-

йін деуге,  зерттеуге  үйретеді,  бұған  дағ ды-

лан  ған  оқушыдан  білімді  азаматты  күтуге 

бо  лады.  Дұрыс  білім  бермей,  талантты 

шә  кірт  дайындауға  болмайды,  сондықтан 

мұ  ға лім  күнде  оқып,  күнде  ізденуі  керек, 

сон  да ол мұғалімнің еңбегі де нәтижелі бо-

ла ды.  Мұғалім  үшін  әр  пәннің  ғылыми 



жа ңалығын  екі-үш  жылда  бір  шығарып 

отырса,  оқулықтың  да  өмірі  ұзарар  еді, 

экономикалық жағынан ұтар да едік.

Қазақ тілі 10

 

сынып

Сабақ  тақырыбы:  Адамдармен  қарым-

қа тынастағы әдептіліктің ролі

 

Мақсаты:  Оқушыларды  әдептілік  қағи-

да ларымен таныстыру. 



Тәрбиелік мақсаты: Имандылық, адам-

гер шілік ұғымдарын кеңейту. Халқымыздың 

ұр пақ тәрбиесінде ғасырлар бойы қолданып 

ке ле  жатқан  мақал-мәтелдерін,  ырым-ты-

йым, ұлағатты сөздерінің мән-мағынасын тү-

сін діре отырып, бабалар рухында тәрбиелеу.



Дамытушылық  мақсаты:  Сәлемдесе 

бі  луге,  сөйлеу  мәдениетін  қалыптастыруға 

тәр биелеу.


62

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Типі: Жаңа сабақты меңгерту

Түрі: Аралас

Әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру т.б

Көрнекілік:  ұлағатты  сөздер,  мақал-мә-

тел дер. Кітаптар.



Сабақ  барысы:  Ұйымдастыру  кезеңі. 

Сә лемдесу, түгендеу, сабаққа зейінін аудару.



Үй тапсырмасын сұрау: Әдеп, әдептілік 

ұғымдары туралы түсінік.



Жаңа сабақ: Қоғамның ең үлкен байлығы 

– әдепті адам. Себебі, шағын ұжымда, тіпті 

сыныпта,  әдепсіз  бір  адам  болса,  ол  өзіне 

ғана  емес,  сол  ұжымға  жаман  ат  келтіреді. 

Бұны  халқымыз:  «Бір  қарын  майды  бір 

құмалақ  шірітеді»,  –  дейді.  Әрбір  адамның 

жақсы  адам  болып  шығуының  жолы  - 

әдептілік,  инабаттылық  үрдістерін  бойына 

дарыту, үйрену болып табылады. Әдептілік 

нә сіл қуатын нәрсе емес. Халқымыз:

Баулытынды батыр болады.

Үйретінді шешен болады,

Көре-көре  шешен  болады  –  дейді.  Яғни, 

адам  өзінен-өзі  жақсы  адам  болып  шыға 

кел мейді. Әдептілік өскен ұясынан, жүрген 

ор тасынан,  мектебінен,  достарынан,  ұс таз-

да рынан  алған  тәрбиесінен  болады.  Грек 

фи лософы  Демокрит:  «Жақсы  адам  болып 

қа лыптасу  үшін  жаратылысынан  гөрі,  жат-

ты ғудың  ролі  зор»  –  дейді.  Сондықтан,  біз 

сендерді  алғаш  мектеп  табалдырығын  ат-

тағаннан  бері  халқымыздың  ғасырдан-ға-

сыр ға сұрыпталып келе жатқан салт-дәстүр, 

әдет-ғұрып, ырымдар мен тыйымдар, мақал-

мә телдері мен нақыл сөздерін қолдана оты-

рып,  технология  пайдалана  отырып,  иман-

дылыққа,  адамгершілік,  достық,  сый лас-

тыққа тәрбиелеуге жұмыстар жүргізіп ке ле-

міз.

1.  «Әдептілік  сәлемдесуден  басталады» 



дей ді дана халқымыз. Амандасу әр халықтың 

мә дениетінің алғашқы беташары. Амандасу 

– бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі. 

Ал ғашқы  кезде  адамдар  «Міне,  көрдің  бе, 

қо лымда  дәнеңе  жоқ,  қарусызбын»  дегенді 

біл діріп,  оң  қолды  көтерген.  Осындай  із гі 

ишара  біртіндеп,  амандасу  рәсіміне  ай нал-

ған. Қазақ халқында амандасу рәсіміне ерек-

ше мән беріледі. Әдетте кіші – үлкенге, ат-

ты лы – жаяуға бұрын амандасады.

2.  Мұсылман  халқында  амандық  салты 

«Ас салаумағалейкум!»  деген  сөзден  бас та-

ла ды. Ол жақсы тілек. «Сізге Алланың нұры 

жаусын  деген  сөз».  Жас  адам  жолы  үлкен, 

жа сы  үлкен  адамға  алдымен  ұмтылып,  қос 

қолын  ұсынады.  Ал,  сәлем  алушы  қа рия 

«Уа ғалейкумассалам» деп, оң қолын ұсы на-

ды. Ол «Алланың рақым нұры маған бір есе 

жау са, сізге 2 есе жаусын» деген сөз. Осы-

лай қол алысып сәлемдесуден кейін аман да-

су шылар алма-кезек:

– Ден-қарныңыз сау ма?

Мал-жаныңыз, қора-қопсыңыз аман ба?

– Еліңіз тыныш па? деген сияқты амандасу 

сұ рағын жалғастырады.

3. Төле би мен Данагүл көрінісі бойынша 

оқу шылар өз пікірлерін айту

4. Біз осы көріністен Данагүлдің адам гер-

ші лігінің молдығын, үлкенді сыйлай білетін 

ина баттылығын көреміз.

5. Данагүл үлкен адамдардың алдын кес-

пей,  күтіп  тұрды,  бұл  оның  үйінде  жақсы 

тәр бие көргендігінің белгісі.

6. Ол өзі ғана емес, алған тәрбиесін жа-

нындағы қыздарға да үлгі қылды, оларды да 

қариялардың  өтіп  кеткенін  күткізді.  Үлкен 

адамнан бата алды. «Батаменен ел көгерер, 

жаң бырменен жер көгерер», дейді ғой дана 

хал қымыз.

7.  «Сәлем  беру»  қазақ  қыздары  мен  ке-

лін деріне  тән  ізеттілік  белгісі.  Келін  үлкен 

адам дарға қолын кеудесіне қойып, сәл иіліп, 

дау сын шығармай сәлем қылады. Үлкендер 

«көп жаса, бақытты бол», деп бата береді.

8. Бұл көріністен біз жапан далада, түзде 

жүр ген жастардың қасынан жасы үлкен адам 

өтіп бара жатса, алдын кесіп өтіп кетпей, сә-

лем беріп, амандасуы қажет екенін білдік.

9.  Ертелі-кеш  өзіңе  таныс  адамдарды 

көр генде  немесе  мұғаліміңді  көргенде  біз: 

«Сәлеметсіз бе?» дейміз. Олар да: «Сә ле мет-

сіңдер ме?» деп бізге жауап қайтарады. «Сә-

лем  –  сөздің  анасы»  деп  халқымыз  осыған 

сү йеніп айтқан. Сәлем беру дегеніміз – адам-

дар жүрегіне бастайтын жол.

10.  Амандасу  рәсімінің  бірнеше  түрлері 

бар.  Қол  беріп  амандасу,  Төс  қағыстырып 

аман дасу, қолдан сүйіп амандасу, көзден сү-

йіп  амандасу,  .  иіскеп  амандасу,  маңдайдан 

сү йіп амандасу.

11.  Қол  беріп  амандасқанда  бетті  бөтен 

жақ қа бұрып немесе теріс қарап тұрып аман-



63

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

дасуға болмайды. Амандасушылар бір-бі рі-

нің көзіне тура қарап шын пейілмен, жылы 

жүз де амандасқандары жөн. Әйел адамның 

не месе қыз баланың қол беруі міндетті емес. 

Қол  алысу  әрқашанда  достықты  біл ді руге 

тиіс және екінші адамның қолын ауырт пай-

тындай етіп қысу керек. Қолды селқос, сұ-

лық ұсынған дұрыс емес.

12. Төс қағыстырып амандасу ер жігіт тер-

дің,  батырлардың  шынайы  достығын,  кез-

десуге қуанашын білдіреді. Бір-біріне се не-

тін жігіттер ғана осылай амандасады.

13.  Қолдан  сүйіп  амандасу  –  әжелердің, 

апа лардың  жақсы  көретін  балаларын,  жас-

өспірімдерді  қолынан  сүюі.  Қолдың  сыр-

тынан ғана сүйеді, алақаннан сүюге бол май-

ды.


14.  Көзден  сүйіп  амандасу  әжелер  мен 

апа лардың  өте  жақсы  көретін  немерелерін 

са ғынғанда көзінен сүйіп амандасады.

15.  Иіскеп  амандасу  –  қариялар,  ақ са-

қалдар кішкентай бөбектерді иіскеп аман да-

са ды.


16.  Маңдайдан  сүйіп  амандасу  –  үл кен 

адамдар кішкентай балалардың, жет кін шек-

тер дің маңдайынан сүйіп амандасады.

17. Көпшілік отырған жерге, дастархан ба-

сына келген кісі әрқайсысына емес, жұрт тың 

бәріне  ортақ  бір  ғана  сәлем  береді.Та мақ-

танып  отырған  кезде,  ас  үстінде  қол  ұсын-

байды.  Қолғапты,  бас  киімді  шешіп  аман-

дасу да адамды құрметтегендіктің белгісі.

18.  «Сәлеметсіз  бе?»  кішігірім  ғана  бір 

ауыз сөз. Ал, бірақ бұл «Мен сені аман-есен 

ұшы растырып  тұрмын,  ағайын.  Пейілің 

жар қын, жүзің ашық болсын, мен сені сый-

лаймын,  сені  де  сыйластық  танытады  деп 

білемін.  Өз  басым  саған  денсаулық,  аман-

дық, бақыт тілеймін» деген бірқауым ой лар-

ды білдіреді. Телефон шалған адам алдымен 

сә лемдесіп алып, одан кейін барып өзін та-

ныс тырып, шаруасын айтады.

19.  Сәлемдескенде  ешқашан  дауысты 

кө термей,  жылы  шыраймен  ізет  көрсету 

–  сәлемдесу  әдебінің  шарты.  Дауыс  ыр ға-

ғының  өзі  маңызды  қызмет  атқарады.  Кей-

бір  елдерде  адамдар  дауыс  ырғағынан-ақ 

«кім  екеніңді  білдім»  дейді.  Бұл  кездейсоқ 

ай тылған  сөз  емес.  Көнекөз  қария  бір  сәт-

те-ақ бойыңыздағы барлық қасиетіңізді бай-

қап қалады. Егер сен амандасу үстінде қа ба-

ғыңды шытып, естілер-естілмес ерніңді жы-

бырлатып  немесе  үлкен  кісінің  қолын  қат-

тырақ  қысып  жіберсең,  дөрекілігің  бірден 

кө рінеді.

20. Сәлемдесудің әдеп ретіндегі ең басты 

шар ты  –  жылы  шырай  екенін  ұмытпаған 

жөн. Сол себепті әркім қалай сәлемдесе бі-

лу ді,  өзінің  қас-қабағын,  дауыс  құбылысын 

қа дағалап,  алдындағы  адамға  жақсы  әсер 

қал дыратындай болуына талпынуы керек.

21. Менің ойымша, жастардың үлкендерге 

қал шиып тұрып, бір қолын ұсынуы немесе 

шарт  еткізіп  дыбыс  шығаруы  да  әдепсіздік 

бо лады.  Сондай-ақ  немкетті,  саусақтарын 

былқ еткізіп ұстата салу, басқа біреуге қарап 

тұ рып амандасу да әдептілікке жатпайды.

22. Топ адамның ішінен атақты-абыройлы 

де ген  бір-екеуімен  ғана  алалап  сәлемдесіп, 

қол  алысу  –  барып  тұрған  әдепсіздік.  Бұл 

сәлем  берілген  адамдардың  өзін  ың ғай сыз 

жағдайда  қалдырады  да,  сәлем  бе ріл ме ген-

дер  үшін  ашықтан-ашық  қорлау  болып  та-

бы лады.

23. Қазақта «Алыстан 6 жасар бала келсе, 

алпыстағы қария барып сәлем береді» деген 

дәстүр бар. Алыстан келген кісіге сәлем бе-

ру тәртібі жасқа байланысты емес. Ал, кез-

дес кенде  кіші  үлкенге  сәлем  бермей  кетсе, 

ол көргенсіздік, әдепсіздік болады.

24.  Қазақ  тілінде  әдептілік,  сыпайылық, 

із ет тілік деген сөздердің түп мағынасы бар. 

Ол  –адамгершілік.  Яғни,  ата-анаңды  құр-

меттеу,  үлкенді  сыйлау,  шыншыл  және  әді-

лет ті болу, сондай-ақ адамның көпшілік ал-

дын да өзін-өзі ұстай білуі.

25.  Адамның  қоғамда  бағалануы,  ар дақ-

талуы, қадір-қасиетінің болуы – оның адам-

дар мен қарым-қатынасын адамгершілік при-

н  циптерге  құруына  байланысты  болады. 

Жақ  сылық пен жамандық адамның іс-әрекеті 

ар қылы  өлшенеді.  Халқымыз  қайырымды 

жан ды адамгершіл деп дәріптеген.

26. Адамға қойылатын басты талап – асыл 

да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сі-



64

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ңірген  ұлағатты  азамат  болып  шығу.  Өйт-

кені,  адам  өзінің  адамгершілігімен,  қа йы-

рымдылығымен, адалдығымен және әділет-

тілігімен  ардақты.  Осыған  орай  күнделікті 

өмір де «жақсы адам» немесе «жаман адам» 

де ген әдептілік бағасы беріліп жатады. Ал, 

әдептілік жағынан кіршіксіз таза болу де ге-

ні міз – адамгершіліктің асқар шыңы.

27.  Әдептілік  ережелерін  сақтау  таби  ғи 

және  мейлінше  емін-еркін  болып,  еш қан-

дай жағыдайда екіжүзділікке, өтірік ұял шақ-

тыққа  негізделмеуі  тиіс.  Адам  өзінің  әдеп-

тілік сезімін жетілдіре алуы үшін, көбінесе, 

өз ін ойша басқа адамның орнына қоя алуы 

ке рек.


28.  Әдептілік  қағидалары  сан  алуан,  со-

лардың  негізгілеріне  қысқаша  тоқтала  кет-

сек:  Әдепті  адам  өзінің  белгілі  бір  адамды 

жек  көретінін  байқатпайды  және  шамадан 

тыс ұнатқандық сезім де білдірмейді, өйткені 

мұ ның  өзі  айналасындағылардың  көңіліне 

ке луі әбден мүмкін.

29. Таныс адамды ыңғайсыз жағдайда кө-

ріп қалғанда, оны байқамаған сыңай білдіріп, 

мұ ны ешқашан оның есіне салмау, әрі басқа 

еш кімге  айтпау  әдептілік  болып  табылады. 

Адам ның қоғамға зиян келтірмейтін кем ші-

ліктері мен әлсіз жақтарын басқалардың ал-

дында  әшкерелемеу  керек.  Кемтар,  кекеш, 

са ңырау,  ақсақ  және  т.б.  адамды  сырттай 

бол са  да  күлкі  қылу  және  келеке  ету  әдеп-

сіз дік  қана  емес,  сондай-ақ  дөрекілік  те. 

Мұндай  қалдегі  адамдарға  ерекше  іл ти пат 

және  жанашырлықпен  қарау  керек.  Жа на-

шырлықты әдептілік сезімі билеуі тиіс. Сұ-

рақ: соңғы сөйлемді қалай ұғамыз?

30. Жасы үлкендердің арасында адам өз-

ін-өзі ұстай білуі және қимыл-әрекет мә не рі 

жөнінен  құрбы-құрдастары  арасында  бол-

ғандағысынан гөрі әлдеқайда жинақы бо луы 

керек. Бұл арқылы ол үлкендерді құр мет тей-

ті нін көрсетеді.

31. Тұрғанда тікесінен тік, бірақ емін-ер-

кін тұруы қажет. Аяқты олпы-солпы басып, 

қа лай болса солай теңселе ырғалаңдай жү ру-

ден аулақ болу керек.

32. Көшеде кісілерге дөрекі қарап, олар-

дың сырт бейнесіне күлу сыпайылық емес. 

Үн таспаны  елге  естіртіп  жүру,  жүріп  келе 

жа тып тамақ жеу, жарамсыз билет және қа-

жетсіз нәрселерді көшеге тастай салу әдеп-

сіздік болып табылады.

33.  Қоғамдық  көліктерде  мүгедектерге, 

ба лалы кісілерге, аяғы ауыр әйелдерге, ере-

сек кісілерге орын беріледі. Ер балалар оты-

рып, қыздардың түрегеп тұруы ерсі көрінеді.

34. Иә, әдептілік әдебі осы сияқты ина бат-

тылық үрдістері болып табылады. Әдептілік 

бұ зылса,  халықтық  дәстүр  де  бұзылады, 

ұлт тық намысқа нұқсан келеді. Әдеп сақ тау 

ұлттық  тәртіпке,  ережеге  амалсыз  ба ғы ну 

емес, қайта сол заңдарды құрметтеу, қас тер-

леу, адамгершілік борышты өтеу болып та-

бы лады.

Жігіттің 9 жауынан сақ бол.

1.  Басты  жауың  –  жалқаулық,  Сорлататын 

жа ныңды.

2. Осалдығың – аңқаулық,

Соқтыратын саныңды.

3. Жасқаншақ болсаң, ұры алар,

Қоралап қойған малыңды.

4. Жалатқызбас жасықтық,

Аузыңдағы балыңды.

5. Өтірік айтсаң, өңмеңдеп,

Жоғалтасың арыңды.

6. Өсек терсең телмеңдеп,

Суға кетірер салыңды.

7. Көпірме, босқа мақтан қып,

Түкке тұрмас барыңды.

8. Көрінгенге жалтақтап,

Бола алмайсың жағымды.

9. Біреуді алдап, арбаумен,

Аша алмайсың бағыңды (Жаттап ал)

Әдептілік туралы мақал-мәтелдер:

1. Әдепті бала арлы бала

Әдепсіз бала сорлы бала

2. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

3. Әдептіліктің белгісі – иіліп сәлем бергені.

4. Сіз деген әдеп, біз деген көмек.

5. Әдептің не екенін әдепсіз адамды көргенде 

білесің.

6. Әдептілік-ар, ұят – адамдықтың белгісі.

7. Қадірлі кісі қартаймас

8. Ұят- адамгершіліктің бір жемісі

9. Аға әдепті болса, іні әдепті

Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.



65

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

10. Мейірімділікті анадан үйрен,

Әдептілікті данадан үйрен.

11. Әдепсізге қарап, не істемеуді үйрен. 

(Өзбек мақалы)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет