Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата06.03.2017
өлшемі1,37 Mb.
#8295
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Төрекелді Байтасов.

13

ҰЛТТЫҚ ӘДЕП

ӘОЖ 37.303



Ә.Табылды

ҚР білім беру ісінің қызметкері, профессор

Еліміздің болашығы жастардың қолында. Жас ұрпаққа тәрбие мен тәлім беру бүгінге сын. 

Осы тұрғыда профессор Әдібай Табылдының Қазақ Республикасының Білім және Ғылым 

Минстрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің ұсынуы бойынша (№Ж-Т-Т-

52\1.23,08.2013ж.) факультативтік немесе тәрбие сағаты формасына негізделген «Әдептік 

сабақтар» оқу құралының тағылымдық, тәрбиелік мәні зор. Осы себепті, журналымыздың 

бұл жолғы санына аталмыш кітаптан сабақ түрлерінен үзінді беруді жөн көрдік.

АҚКӨҢІЛДІЛІК МІНЕЗ ӘДЕБІ

6-СЫНЫП

Бұл мақалада әрбір адамның мінез-құлқындағы әдептілік қасиеттері оның іс-әрекеттері, 

тұрмыс-тіршілігі арқылы қалыптасады. Сол себепті, бұл оқу құралында қазақ мемлекетінің 

қазіргі мектептеріндегі 6-сынып оқушыларына әдептілікті, имандылықты, мейірімділікті, 

қайырымдылықты,  ұлттық  салт-сана  мен  дәстүрлердің,  әдет-ғұрып,  іс-әрекеттердің 

өркениетті бағдарлары айтылған.



Түйін сөздер: әдеп, әдет-ғұрып, оқушы, салт-сана, мінез-құлық.

В данном отрывке написано о том что черты тактичности в характере каждого человека 

формируются  через  его  действия  и  бытовую  жизнь.  Написано  об  обучении  учеников 

6-классов  учтивости,  гуманности,  доброте,  благородству,  цивилизованным  действиям, 

национальным обычаям и традициям.

Ключевые слова: этика, традиция, обычай, ученик, сознание, поведение.

In this passage is written that the traits of tact in the nature of every human is forming through 

his actions and everyday life. Written about teaching pupils of 6-grades to courtesy, humanity, 

kindness, generosity, civilized actions, national customs and traditions.



Keywords: tact, customs, student, consciousness, behavior.

Адам баласына тек жақсылық ойлап, оған 

адамгершілікпен  жақсылық  жасауға  бейім, 

ақжарқын,  аялы  нұр  көрсететін  ұлттық 

мінезді ақкөңілділік мінез дейміз. Ол ұлттық 

әдептің ақжарқын айқын көрінісі.

Ақкөңілділік  мінез  өзара  сыйласымнан, 

жайдары жарасымнан, ақниетті әркеттерден, 

жақсылыққа  құштарлықтан,  жанашырлық 

әрекеттерден пайда болатын әдептілік.

Қазақ халқы «бір үйде қанша болсаң, бір 

–  біріңе  мейман  боласың»  деп  өзара  сый-

ласымды  ақкөңілділікті  талап  етеді.  Ақ-

көңіл  адам,  әсіресе,  өз  жақындарына  де ген 

ақжарқын  сүйіспеншілікті  көрсетіп,  ақ кө-

ңіл ділік мінезді әдеппен көрсетеді.

Ақкөңіл адам ақниетті әрекеттерімен ақ-

көңілділік  мінез  нұрын  шашады  да,  сү йіс-

пеншілікке  бөленеді,  жақсылыққа  құш тар-

лығымен  айналасындағы  адамдарға  адам-

гер шілік  қуат  береді.  «Өзіңді  -  өзің  жаттай 

сый ла, жат өзінен түңілсін» деп, ақкөңілділік 

мі нездің сыйласымдық мәнін халық жоғары 

ба ғалайды.

Халық  «ақкөңілдің  аты  арымайды,  тоны 

тозбайды», «ақылды көңілі ақ болады, оған 

абы рой мен бақ қонады» деп, бұл мінезден үл-

гі алуды уағыздайды. Ақкөңілді тұлғаларды 

на сихаттап,  олардың  өнегесін  жас  ұрпаққа 

үй ретуді  мақсат  тұтады.  Халықтық  тәлімде 

Қожанасыр дың  ақкөңілділігі,  Жиреншенің 

ақ ниеттігі жас ұрпаққа үлгі - өнеге ретінде 

пай даланылады.


14

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Жеке тұлғаның тұрмыс – тіршілігі, әлеу-

мет тік  ортадағы  орны,  ақыл-ойы,  салт-са-

на сы, әдепті көргенділігі оның ақкөңілділік 

мі незін  қалыптастырып,  ұлттық  ұлағатты 

әдеп тілік қасиетін толықтайды. 

Қоғамдағы  іштарлық,  менмендік,  тә кәп-

парлық мінездер ақкөңілділік мінездің шыр-

қын  бұзып,  шын  бойына  батқанымен,  ақ-

көңіл  адам  ол  келеңсіз  қасиеттермен  үнемі 

күресуде  болып,  оларды  жеңіп  оты ра  ды. 

Ақкөңілділік  мінездің  әдептік  асыл  қа си-

ет терін  ашып  көрсетіп,  ұрпаққа  үлгі-өнеге 

ет іп,  оны,  дәлелдеу,  сезіндіру  тәсілдерімен 

тәр бие ісіне пайдаланамыз.

Мына тақпақты жаттап ал:

ҮЛГІЛІ БАЛА 

Ақкөңіл ашық күлімдеп,

Анашым сүйсе «Күнім!» деп,

Анадан қуат аламын:

Артады ойым, талабым.

Өнерлі апа, ағаның

Өзінен үлгі аламын:

Жақын боп барлық адамға,

Жадырап жүрем әманда...

Мен – үлгілі баламын.



Тапсырма:

1. Ақкөңілді мінездің әдебін тізіп жаз.

2. Ақкөңіл мінез қалай қалыптасады?

2. Әдепті мінез әдебі

Әдептілікті,  кісілікті,  әдеппен  сөйлеуді, 

әдеп пен қимылдауды, имандылықты, ұлттық 

әдеп нышандарын көрсететін бұл ұлттық мі-

нез жеке тұлғаның беделін арттырып, бей не-

сін бедерлейді.

«Әдептілік - әдемілік» деп халық әдеп ті-

лік ті уағыздайды. Баланың әдептілік мінезін 

қа лыптастыру  үшін  халық  оның  тілі  шыға 

бас тағаннан  –  ақ  «жаман»  мен  «жақсыны» 

ажы рата  көрсетіп,  мінезіндегі  әдептілікті 

үй ретеді.

Әдептілік  мінездің  бір  тірегі  –  кісілік. 

«Үл кенге - әдеп, кішіге - ізет» деп, халық кі-

сілікті  жоғары  бағалайды.  «Ортадан  да,  кі-

ші ден де кішімін, Ұлымын деп көрсетпеген 

қы сымын»  деп,  Мұқағали  ақын  кісіліктің 

(кі шіліктің) ұлттық (рулық) мәнін ашып ай-

та ды. «Ұлық болсаң, кішік бол» деп халық 

кі сілік  -  адам  мінезіндегі  құнды  құбылыс 

еке нін уағыздап, жастарды да үлкендерді де 

кі сілікке тәрбиелейді.

«Көп сөйлеп, созбайын, әдептен озбайын» 

деп Абай ақын әдеппен (қысқа - нұсқа) сөй-

леу дің  өзі  әдептілік  екенін  тіктеп  айтады. 

Әдеп пен  сөйлеу,  артық  сөз  айтпау,  дөрекі 

сөз дерді  айтпау,  қысқа  да  нұсқа  сөз  айту  – 

әдеп тіліктің белгісі.

Әдептілік мінез әдепті іс – қимылда, бет 

– қимылдан да айқын көрінеді. Үлкен - кі ші 

алдындағы ізетті қимыл - әрекет жеке тұл ға-

ның әдептілігін көрсетеді.

Имандылық  –  әдептіліктің  жарқын  кө рі-

ні сі.  Иманды  адам  әдеппен  сөйлеп,  әдепті 

қи мылдап, адам баласына тек жақсылық жа-

сай ды.


Ұлттық әдеп – қазақ халқының ғасырлар 

бо йы  қалыптастырған  ұлттық  құндылығы. 

Сон дықтан біз қазақ халқын (жалпы ал ған-

да) әдепті халық дейміз. Әдептілік мінездің 

үл гілерін әсерлеп көрсетіп, ұрпақты әдеп ті-

лік ке баулимыз.



Мына тақпақты жаттап ал:

ӘДЕПТІ БАЛА

Кішіге қамқор боламын,

Кісінің тілін аламын,

Мейірлімін адамға:

Мен - әдепті баламын.

Тапсырма:

1. Әдеп туралы түсінігіңді жаз.

2. Мінездегі әдептерді тізіп жаз. (Мінездегі 

әдеп тер:)



3. Байсалдылық мінез әдебі

Асықпауды,  аңғарымпаздықты,  ақылға 

се нуді, сабырлы әрекетті, түбін ойлауды көр-

сететін бұл ұлттық мінез жеке тұлғаның бе-

де лін биіктетеді.

«Байсалды  болса  мінезің,  бақыттысың 

сен  өзің»  деп,  халық  байсалды  мінезді  жо-

ға ры  бағалайды.  Асықпай  сөйлеу,  абайлап 

қи мылдау, жылы шыраймен «салмақтылық» 

көр сету  арқылы  жеке  тұлға  өзінің  бай сал-

дылығын  (ақылдылығын)  көрсетеді.  Се зім-

тал жас тар мұндай мінезден үлгі алады.



15

ҰЛТТЫҚ ӘДЕП

Байсалды  мінез  аңғарымпаздықты  көр-

се  теді.  Байсалды  мінезді  тұлға  әр  нәрсенің 

«ба йыбына  барып»  сөйлейді,  байыпты  іс  - 

әре кет жасайды. Айналасының көңіліне көр-

кемдік құятын байсалдылықты жұрт сүйсіне 

қабылдап, үлгі тұтады.

Байсалды  мінезді  адам  ақылға  сүйенеді, 

яғни  өзінің  ақылдылығын  көрсетеді,  ай-

на  ласындағыларға  үлгі  болады.  Қиын  іс  - 

әрекетті ақылдасып атқаруды әдетке ай нал-

дырған тұлға байсалды мінезі арқылы бас қа-

лар дың бағдарын жөнге салып отырады.

Әрбір  әрекетін  сабырлықпен  баптайтын 

бай салды мінезді адам өз мақсатына жетіп, 

тын дырымды іс - әрекет жасайды. 

Байсалды мінезді адам әрбір іс - әрекеттің 

түбін (нәтижесін, жеңісін, жемісін) ойлайды.

«Жеті рет ойлап, бір рет піш», «асықпаған 

ар бамен  қоян  алады»,  «күшіңнің  жеңгенін 

айт па, ісіңнің өнгенін айт», «асыққан – сай-

танның  ісі»  деп  халық  ұрпағын  бай сал ды-

лық қа тәрбиелейді.

Байсалдылық  мінез  –  қазақ  халқының 

тек тік  қасиетін  көрсетеді.  «Аялдап,  артын 

ой ла, түңілмей, түбін ойла» деп қазақ халқы 

та рихи  жеңістерге  байсалдылықпен  жетті. 

Бай салдылықты жалынды жстар өнеге тұ та-

ды.

Мына тақпақты жаттап ал:

АҒАНЫҢ ҮЛГІСІ

Ағамның байсалды

Мінезі ой салды:

Ол іске сайланып,

Істейді ойланып.

Байқайды кемісті,

Әр ісі – жемісті.

Байыпты ағаның

Үлгісін аламын.

Тапсырма:

1  «Байсалдылық»,  «байыптылық»  туралы 

тү сінік жаз.

4. Бауырмашылдық мінез әдебі

Жеке  тұлғаның  мейірімділігінен,  қа йы -

рымдылығынан,  қамқорлығынан,  сү йіс  пен-

шілігінен,  ынтымақтығынан,  мақ та ны шы-

нан  пайда  болатын  бұл  ұлттық  мінез  оның 

адами  асыл  қасиетін  көрсетіп,  беделін  арт-

ты рады.

Отбасындағы әрбір тұлға бір – біріне ба-

уыр машыл болады. Ағайындардың бір – бі-

рі не  көрсеткен  мейір  –  шапағаты  олардың 

адам гершілік абыройын арттырады. Ба уыр-

машыл  жандар  жанұяға  жарқын  нұрын  тө-

гіп,  бейіл  –  берекені  арттырады.  Ағаның 

іні ге, қарындасқа деген, әпкенің ініге деген, 

сі ңілге  деген  бауырмашылдылығы  күннің 

шуа ғындай әсер етіп, татулық татымын арт-

тырып, бақыт бағына ендіреді.

Бауырмашыл  адам  қайырымды  болады. 

Ол жақын адамдарға әрқашан көмек көрсет іп, 

қи ындығын бөлісіп, шаттығын бірге көреді. 

Үл кеннің  кішіге  деген  қайырымдылығы кі-

ші нің мейір – шапағатын арттырады.

Бауырмал адам үлкенге де, кішіге де, дос-

қа  да,  жолдасқа  да,  жалпы  адамзатқа  қам-

қор шы  болады.  Ата  –  ананың  балаға  деген 

қам қорлығы, баланың ата – анаға деген қам-

қорлығы қазақ халқында ұлттық тәрбие ар-

қы лы қасиетті әрекет ретінде қалыптасқан. 

Отбасының әрбір мүшесінің бір – біріне 

де ген сүйіспеншілігі «әкетайым», «анашым», 

«аға тайым»,  «әпкетайым»,  «айналайын», 

«ал тыным»,  «күнім»  деген  сөздер  арқылы 

әдеп тілікпен әдемі сезіліп, бауырмашылдық 

мі незді қалыптастырады.

Жанұядағы  ынтымақ  бірлікті  арттырып, 

же місін  беріп,  әрбір  бауырмашыл  адамның 

мақ таныш сезімін қалыптастырады. «Ырыс 

түбі – ынтымақ» дейді халық. Ба уыр ма шыл -

дық  мінез  отбасы  мүшелерінің  ын ты ма ғын 

арт тырады. 

«Адам  –  бауырың»  деп,  қазақ  халқы  ба-

уыр машылдыққа үндейді. Біз әсерлі мы сал

­

дар мен тәлімді тәсілдер арқылы ұрпақты ба-



уыр  машылдыққа тәрбиелейміз.

Мына тақпақты жаттап ал:

БАУЫРЛАСТАР

Аялаған, ағамыз,

Арта берсін бағаңыз.

Сағындырған апамыз:

Саяңызға жатамыз.


16

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Айналайын ініміз –

Айымыз да, күніміз.

Ақкөңілді қарындас –

Ағайынбыз бауырлас.

Тапсырма:

1.  Бауырмашылдық  туралы  өз  түсінігіңді 

жаз.

2. Өзіңнің бауырларың туралы, оларды қалай 



сыйлайтының туралы жаз.

5. Даналық мінез әдебі

Данышпандықты,  біліктілікті,  кө ре ген-

дік ті, ақыл парасатын, кішіпейілділікті, ұлы-

лықты  көрсететін  бұл  қасиетті  ұлттық  мі-

нез жеке тұлғаның беделін өсіріп, бей не сін 

көрсетіп,  басқалардың  әдептілігін  арт ты ра-

ды.

Данышпандықпен  өмір  заңдылықтарын, 



фи лософиялық  ой  түйіндерін  дәлелдей  ба-

ян дап,  түбегейлі  түйінді  шешімдерін  баян 

ет іп,  данышпан  адам  әлеуметке  әл  береді, 

адам ға ақыл береді, кәрі – жасқа әдептік тә-

лім береді.

Даналық мінезді, көбінесе, жеке тұлғаның 

бі ліктілігі қалыптастырады. Дана тұлға «мен 

білемін» деп кеуде қақпайды, білетінін әсер-

лі  әдеппен,  ұлылықпен,  ұлағаттылықпен 

ұғын дырады. Ол көп біледі, біле беруден жа -

лықпайды,  білгендерін  айналасына  әр  түр-

лі  тәсілдер  арқылы  әдеппен  үйрете  бі ле ді. 

«Білген адам білдім демес, білдім де се, біл-

ге ні емес» деп, халық дана мінезді адам ның 

қазақи  қасиеттерін  жоғары  бағалап,  өне ге 

тұ тады.


Жеке тұлғаның көрегендігі оның даналық 

мі незінен айқын көрінеді. Өмір қисындарын 

өр нектей баяндап, даналық шешім айтатын 

адам ның ойы – терең, сөзі өткір.

Даналық мінезі қалыптасқан жеке тұл ға-

ның ақыл – парасаты айналасына нұрын ша-

шып тұрады. Оның сөзі қисынды, ойы терең, 

іс -  әрекеті әдепті, үлгілі болады.

«Ұлық  болсаң,  кішік  бол»  дейді  халық. 

Да  налық  мінезді  адам  кішіпейілді  болады. 

Кі  шіпейілділік  пен  ақыл  парасаты  даналық 

мі незді  тұлғаның  бейнесін  сүйінішті  сү йіс-

пен шілікке бөлейді.

Даналық мінез жеке тұлғаның ұлылығын 

көр сетеді. Ұлы бейне әрі шешен, әрі көсем, 

әрі  көреген,  әрі  нағыз  әдепті  адам  болады. 

Ол ашуды да, қиындықты да, күресті де, ті-

рес  ті де даналықпен жеңеді. Одан бәрі үлгі 

ала ды.  Даналық  мінездің  сол  қасиеттерін 

өне гелі  мысалдар  арқылы  әсерлі  жеткізіп, 

оны ұрпақтың бойына сіңіреміз.

Мына тақпақты жаттап ал:

ДАНАЛАРДАЙ БОЛАМЫН

Данышпанның – ұлының,

Даналардың ғылымын,

Үлгісі мен ілімін,

Үйренемін білімін.

Өнерлі жас баламын:

Өсиетін дананың,

Өнегесін бабаның

Өзім жаттап аламын

Дарынды жас баламын:

Даналардай боламын..

Тапсырма:

1 Абай дананың өсиеттерін тізіп жаз.

2  Даналық  туралы  мақал-мәтелдерді  тізіп 

жаз.


6. Жомарттық мінез әдебі

Мейрімді,  қамқор,  қайырымды,  көпшіл, 

иман ды,  жанашыр,  кеңпейілді  адамның 

бұл  ұлттық  мінезі  құттылығымен  қуантып, 

жұрт тың рухани сезімін оятады.

Жомарт адам, әсіресе, отбасына, отанына 

ме йірімді.  Мейір  шапағатымен  айналасына 

арай лы таңдай әсер ететін бұл мінез – қазақ 

ха лқының жомарттығын көрсетеді. 

Халқына халі мүшкілдерге, табиғатқа қа-

йырымды жомарт адам, қолынан келгенінше 

тек жақсылық жасайды. «Ақ көңілдінің аты 

аз байды, тоны тозбайды» деп, халық жомарт 

адам ның  ақкөңіл  адамның  мінезін  жоғары 

ба ғалап, оны сыйлайды. 

Ата-анаға,  бала-шағаға,  елге  қамқоршы 

бо лып, жомарт адам көмек көрсету мақсатын 

орын дайды. Қамқоршы болу міндетін орын-

дау  үшін,  еңбек  етіп  «барым  миятым-арым 

ұя тым» деп, ар-ұяттылық, әдептілік өнегесін 

көр сетеді. 

Жомарт  адам,  адам  талғамайды,  барлық 

адамды бірдей көреді. «Адам да – құдірет де: 


17

ҰЛТТЫҚ ӘДЕП

әма нда құрметте» деп, көңілі барлық адамды 

құр меттеуге жарқын, құшағы ашық болады.

Жомарттық,  имандылық  ұштасып,  жеке 

тұл ғаның ашық-жарқын бейнесін паш ете ді. 

Имандылық, инабаттылық, ізеттілік жо ма рт 

адамның  бейнесін  көрсетіп,  беделін  арт ты-

ра ды.


Жаны  жайсаң,  жанашыр  жомарт  адам, 

адам ға,  айналаға,  табиғатқа  жанашырлық 

жа сап, игілік істерімен басқаларға үлгі-өнеге 

көр сетеді, сүйіспеншілікке бөленеді.

Кеңпейілді, жомарт адамда қызғаныш бол-

майды. Адал жүректі, ақпейіл адамның ел ге 

де, ерге де пайдасы мол болып, халықты ри-

за шылыққа бөлейді. «Жомарт жоқ демейді, 

бер генін көп демейді» «жоқ жомарттың қо-

лын  байлайды»,  «жомарттың  қолы  береке» 

деп,  халық  құтты  мінезді  құрмет  тұтады. 

«Атым дай  жомарт»  деген  аңыз  арқылы  ха-

лық жомарт мінезді жастардың ұлттық қа си-

етінің бірі – жомарттық деп көрсетіп, ұр па-

ғын жомарттыққа үйреткен.

Мына тақпақты жаттап ал:

САЛ ЖОМАРТ

Қамқоршы, қайырымды,

Мейірлі, мейірімді,

Жанашыр, кеңпейілді –

Жомарт жан – ең зейінді.

Көмегін аямаған,

Көп жанды аялаған,

Сан адам саялаған –

Сал жомарт – аяулы адам.

Тапсырма:

1 Жомарт адамға қысқаша мінездеме жаз.

2 Жомарттық туралы мақалдарды теріп жаз.

7. Зиялылық мінез әдебі

Әдептілікті, біліктілікті, қайырымды лық   -

ты, ұлтжандықты, ұлағаттықты, мәде ниетті-

лік ті  білдіретін  бұл  ұлттық  мінез  көбінесе 

зи ялы қауымда болады. 

Ұлттық тілде сөйлеген сөзі де, іс-қимылы 

да,  жүріс-тұрысы  да,  қарым-қатынасы  да 

әдеп тілікті  көрсетеді.  Зиялы  адам-  ұлттық 

әдеп ті бойына сіңірген «әдемі адам».

Зиялылық біліктіліктен пайда болады. Ол 

білгенін басқаларға үйретуден жалықпайды. 

«Біл ген адам білдім демес, білдім десе біл ге-

ні емес» деп, халық зиялы қауымның үне мі 

білгенін  дамытып  отыратынын,  үлгі-өне ге-

сін уа ғыздайды.

Зиялы тұлға қайырымды, мейірімді бо ла-

ды.  Ол  басқаларға  барынша  жақсылық  жа-

сау ға тырысады. «Басшы болса зиялы, елге 

нұ рын  құяды»  деп,  халық  зиялы  тұлғаның 

мәр тебесін уағыздайды.

Ұлағатты  іс-әрекет  жасап,  ұрпаққа  үлгі-

өне ге көрсететін зиялы тұлғаны «елдің ері-

зия лы,  ел  үшін  жанын  қияды»  деп,  халық 

құр меттейді.

Зиялы  адам  –  ұйымшыл.  Ол  ұжымдағы 

бар лық әрекетке басшы болып, ұйымдастыра 

бі леді. Ұжымының бір мүшесі ретінде әрбір 

іс ті жауапкершілікпен орындайды.

Зиялы адам-мәдениетті. Ол ұлттық мә де-

ниетпен  өнерді  жақсы  біледі.  Мінез  мә де-

ниеті,  сөз,  тұрмыс  мәдениеті  бойынша,  ол 

басқаларға үлгі көрсетеді. Әрбір әдепті тұл-

ға зиялы жаннан үлгі ала білу керек.

Мына тақпақты жаттап ал:

ЕЛ ҚАМҚОРЫ – ЗИЯЛЫ

Көпшілікке бұл кісі

Көрсетеді үлгісін:

Нық басқарып тірлікті,

Нығайтады бірлікті.

Ел қамқоры – зиялы,

Ел үшін жан қияды.

Елін сүйген баламын:

Ағамнан үлгі аламын.

Тапсырма:

1. Зиялы адам деп кімдерді айтамыз? Жауап 

жаз.

2. Зиялы қауымның ерекшеліктері туралы ті-



зіп жаз.

8. Имандылық мінез әдебі

Имандылық,  ізеттілік,  әдептілікті,  мейі-

рім ділікті, тазалықты көрсететін бұл ұлт тық 

мінез  қазақ  халқының  ұлттық  пси хо ло гия-

сы на тән құбылыс. 

Иманды адам – инабатты адам. Ол бас қа-

ның адамдық қасиетін қадірлейді, арын ар-

дақ тайды, адам баласына тек жақсылық жа-



18

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

сай ды. Иманды адамнан басқалар байыппен 

қа рап  үлгі-өнеге  алады.  «Иманы  бардың  – 

сый ламы  бар»  деп,  халық  иманды  адамды 

сый лау құрметін жоғары бағалайды. 

«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» деп, ха-

лық  имандылық  қасиеттерін  ұрпаққа  үл гі 

етіп  көрсетеді.  «Кішілігім  сыйланым,  кі сі-

лігім иманым» деп, ақын кісілік үлгісі ар қы-

лы ұрпағын имадылыққа тәрбиелейді. Иман-

ды лық – адамгершіліктің арлы белгісі.

Имандылық  әдептілікті  көрсетеді.  Ұлт-

тық әдептілікті сақтаған иманды тұлға әдеп-

пен  сөйлейді,  әдепті  сақтайды,  ұлттық  мә-

дениетті  құлшына  құрметтеп,  өзінің  мә де-

ниет тілігін (әдептілігін) көрсетеді.

Жан  мен  тән  тазалығын,  ой  тазалығын 

сақ тай білген иманды адам өзгелерге өнеге 

көр сетіп,  сыйлау,  қадірлеу,  қастерлеу,  жа-

нашырлық жасау әрекеттерімен сү йіс пен ші-

лік ке бөленеді. 

Иман ды  адамның  жаны  таза,  тәні  таза, 

бо йы таза, пиғылы таза болады. Тазалық пен 

тақуалықтың  арқасында,  денсаулығы  мық-

ты,  жансаулығы  құтты  болады.  Діни  қа ғи-

да лардың  тәрбиелік  мәніне  зер  салып,  оны 

тә лім-тәрбиеге  қолдана  білетін,  адамдық 

асыл қасиетті тұлға, басқаларды да бақытты 

бо луға баурайды.

Мына тақпақты жаттап ал:

АҒАМДАЙ БОЛАМЫН

Ағайым – әдепті:

Жұрт сыйлау – әдеті.

Тазалық – бойында,

Жақсылық – ойы да.

Алтыным – інім! – деп,

Тұрады күлімдеп.

Мен де өсіп, толамын:

Ағамдай боламын.

Тапсырма:

1. Имандылық туралы өз түсінігіңді жаз.

2. Имандылық туралы мақал-мәтелдерді ті-

зіп жаз.


9. Кісілік мінез әдебі

Кісілік – инабаттылықты, имандылықты, 

әдеп тілікті, ізеттілікті, салауаттылықты, са-

быр лылықты, қайырымдылықты көрсететін 

(қазақи) ұлттық мінез. 

«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» көр се-

те тін,  ұлттық  сыйласымды  бойына  сіңіріп, 

ина баттылығын  танытқан  адам  –  нағыз  қа-

зақ.

Кісілік  имандылыққа  да  байланысты. 



Иман ды жан адам баласына, табиғатқа, жан 

– жа нуаларға тек жақсылық жасайды. «Кісі 

бо лар баланың кісіменен ісі бар, кісі болмас 

ба ланың кісіменен несі бар» деп, халық ба-

ла сын кісілікке тәрбиелейді.

Ұлттық  әдепті  бойына  сіңірген  «кісі» 

әдеп ті  (мәдениетті)  жоғары  бағалайды, 

өрен дерді әдептілікке баулиды. «Әдептілік - 

әдеп тен, әдеп біліп әдеттен» дейді.

«Кісімсіген  кісі  болмас,  кішірейген  кіші 

бол мас»  деп,  қазақ  халқы  кісілік  мінезді 

адам ның кішіпейілді болатынын үлгі - өнеге 

ет іп  көрсетеді,  «ұлық  болсаң,  кішік  бол» 

дей ді.


Кісі  болған  (кәмелетке  толған)  адам  са-

лау атты болады. Ол ішкіліктен, темекі тар-

ту дан  аулақ  болып,  жан  тазалығын,  тән  та-

за  лығын  сақтайды,  артық  сөз  сөйлемейді, 

іс-тәртібін қалыптастырып, оны бұлжытпай 

орындайды.  Сөз  мәдениетін,  жүріс-тұрыс 

мә дениетін сақтайды. 

Кәмелетті  кісі  «Сабыр!  Сабыр!  Са-

быр!»  де ген  қағиданы  өзінің  кісілігіне  кір 

келтірмейтін  әдет-ғұрыптарды  қатал  орын-

дай ды, беріктігі мен бектігін көрсетеді. Кі сі-

лік – ұлттық әдептің негізі болып табылады.



Мына тақпақты жаттап ал:

КІСІ

Әдеп болса кішілік,

Әдеп басы – кісілік.

Кішілікте – сый, рәсім,

Кісілікте - сыйласым.

Жан азығы – жақсы үміт,

Жасайтыны – жақсылық,

Көркем ойы – толымды:

Көрсетеді жолыңды.

Ұлы, сыйлы кісі - ол:

«Ұлық болсаң, кішік бол!»

Тапсырма:

1.«Кісі, кісілік» туралы өз түсінігіңді жаз



19

ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИЕТ

ӘОЖ 8.82-1.82-14



Т.С. Тебегенов

филология ғылымдарының докторы,профессор,

Қазақ Ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр Академиясының академигі, ҚР Жазушылар 

Одағының мүшесі, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты,

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі

Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет