Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата05.02.2017
өлшемі1,42 Mb.
#3474
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Сабақтың 

тақырыбы

Шешендік 

сөздердің ізгілікті құндылықтары

Көкірек таза болмаса,

Көз тазасы не керек.

Ниетің таза болмаса,

Тіл тазасы не керек.

Сабақтың мақсаты:



Тәрбиелік: Ізгілік толеранттылық қасиет-

тер ді қалыптастыру.

Сабақ төрт блоктан тұрады.

Бірінші  блок  –  икемделу.  (мәселеге 

ену).  Берілген  тақырыптың  эмоцияналды 

және  интеллектуальды  деңгейінде  алынған 

тақырыптың  көкейкестілігін  анықтайтын 

мұға лімнің  кіріспе  сөзі. Мұғалім оқушылар-

ға адам бойындағы ізгілік қасиеттері туралы 

баяндайды.

Екінші блок – эмоционалдық. Сабақтың 

мақсаты  сабаққа  қатысушылардың  сезімін 

қозғау,  эмоциялық  көңіл-күй  туғызу. 

Ынталандыру  материялы  ретінде  әр  топқа 



64

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

бірден  шешендік  сөздерден  үзінділер  және 

соған орайластыра таңдалып алынған фото-

суреттер ұсынылады. Осыған орай біз келесі 

мәтіндерді таңдадық:

1. «Асан қайғының жерге айтқан сын да ры»

2.  «Жақының  үшін  жақсының  жаға сы нан 

алма»


3. «Қазбек пен Бұқар жырау»

4. «Көкірек таза болмаса...» 

Оқушыларға  мәтінді  оқыта  отырып, 

мәтін  мазмұнына  сәйкес  келетін  суреттерді 

таңдатамын.  Содан  соң  әр  топтан  бір  адам 

шығып,  өз  таңдауын  түсіндіреді.  Диалог 

жүргізе отырып, оқушыларға өз сезімін дәл 

жеткізуге  көмектеседі,  мүмкіндігіне  қарай 

мәнерлеп оқу арқылы автордың және өзінің 

көңіл-күйіне  талдау  жасауды  үйретеді. 

Фотосуреттер  көрермен  бейнесін  туғыза 

отырып,  көңіл-күйді  тану  мен  бейнелеуге 

көмектеседі.

Үшінші  –  интеллектуалды  блок.  Мақ-

са ты:  ізгілік  туралы  ой  қозғау,  құндылық 

жай лы  ой  алмасу.  Ізгілік,  өзіндік  іс-әрекет, 

толе ранттылық  туралы  қанатты  сөздерді 

пайдалана  отырып,  өзіндік  талқылауларды 

ұйым дастыру. Ол үшін әр топқа үстел үстіне 

жайылған  үлестірмелі  қағаздарда  жазыл ған 

афоризмдерді  таңдайды  және  оның  мәнін 

ашады.  Әр  топтың  өз  қалауынша  бір  адам 

сөйлейді.  Мұғалім  диалог  жүргізе  оты рып, 

белсенді тыңдау тәсілін қолдану арқылы оқу-

шыларға өз ойын дәл жеткізуге және оны те-

реңірек түсінуге көмектеседі. Мүмкінді гінше 

топты ортақ шешімге келтіруге тырысады.



Төртінші  –  шығармашылық  блок. 

Мақсаты:  өз  ойын  жеткізе  білу.  Материал 

алдын-ала  дайындалады,  соңынан  демонс-

тра ция, комментарий және талқылау ұйым-

дастырылады.  Оқушылармен  бірге  мәсе-

лені  шешудің  топтық  ізденісі  өткізіледі. 

Шығармашылық  тапсырма  нәтижесінің 

презентациясын  жасайды.  Сабақ  соңында 

олар ға  «Өзіңді  өзің  тексер»,  «досыңның 

білі мін тексер» т.б тақырыптарда кроссворд 

құрас тыру тапсырылады,сабақта кеңесшілер 

(кон сул тант тар) жұмыс істейді, өзара тек се-

ру,  бақылау жүзеге асады.

Оқыту  процесі  –  тұтас  педагогикалық 

про цестің бір бөлігі. Ол  берік және дәл бі лім 

алу, таным жолындағы  оқушылардың қи мы-

лы на байланысты  болады. Оқыту процесінің 

ерекшелігі  –  мұғалім    мен    оқушылардың 

мақсатқа  бағытталған  өзара  әрекеттесуінің 

барысында  шәкірттерге  білім  беру  мін-

деттерін шешуге байланысты болады. Оқыту 

процесінде  оқушылардың  ақыл-ойы  да ми-

ды,  танымы,  практикалық  іскерлігі  жә не 

дағдысы қалыптасады. Оқыту процесі деге-

ні міз – оқушы мен мұғалімнің өзара әреке-

ті не  бағытталған  мақсат  көзделген  про цесс 

деген ойды қуаттаймыз.

Мұның қозғаушы күші – білім десек, біл  ім-

нің негізі мектеп қабырғасынан бас талаты  ны 

айдан анық. Білім адамға әр алуан ақпаратты, 

өтіп жатқан оқиғаларды талдау мен бағалау 

қабілеттерін  беріп,  ойлауды  дамытады.  Сол 

себепті де жастардың болашаққа деген бағыт-

бағдары  отбасында,  мектеп  қабырғасында, 

қоғамда, яғни бүкіл қоршаған дүние ортасын-

да  қалыптасады.  Қазіргі  іскер  адамдарға 

шешендік  керек,  қоғамдық-әлеуметтік  маңыз-

ды мәселелерді жете және жемісті талдай алу 

қабілеті  қажет.  Олар  өз  ойларын  түсіндіре, 

дәлеледей  алуы  керек,  өз  әріптесінің  пікірі-

не құлақ аса отырып,оны іштей түсінуге және 

оны дұрыс қабылдауға үйренуі қажет. Сондық -

тан да оқушылар диалогқа түсе білуді, сөзталас 

өнерін,  пікірталас  шеберлігін  үйренуді  мақсат 

етуі керек. Сол себепті оқушылардың диалогты 

жай  әңгіме  деп  түсінбей,  диалог  арқылы  өз 

жол да сының ойын ізгі түрде түсініп, кез келген 

жағдайда  сабырлылықпен  қарауға  үйрету 

қажет.  Дұрыс  құрылған  диалогта  оқушылар 

бір-бірінің  ойын  дұрыс  түсінеді,  ал  жолдасы-

ның  пікірі,  дәлелі  дұрыс  болмаған  жағдайда 

оған  кешіріммен  қарап,  бір-бірімен  сөзге 

келмей,  бір-бірін  тыңдай  біліп,  оны  іштей 

дұрыс қабылдауға үйренеді.

Ендеше  қоғамға  өмірлік  маңызды  мәсе ле-

лер жайында дұрыс пікір таластыра ала тын, өз 

көзқарасын  дәлелдей  отырып,  демо кра тиялық 

саясат  жүргізе  білетін  ізгілікті,  толерантты, 

адамгершілігі  мол,  диалогқа  тү се   алатын 

білімді азаматтар қажет.



65

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

Демек,  болашақ  ұрпақтың  жеке  тұлға 

болып қалыптасуында білім беру жүйесінің 

ізгілік  бағыт  алуы,  атап  айтқанда,  оқу шы-

лар ды диалог арқылы ізгілікке тәрбиелеудің 

ерекшеліктерін айқындап, оны оқыту жүйе-

сін де ұтымды пайдалану бүгінгі күннің бас-

ты  талабы болып отыр.



ӘДЕБИЕТТЕР

1  Қазақстан  Республикасы  гуманитарлық  білім  беру  тұжырымдамасы.  //  Егемен 

Қазақстан, 20 тамыз, 1995, №190.

2  Назарбаев  Н.Ә.  «Заманның  сыншысы  да,  тарихшысы  да  бүгінгі  жастар».//Егемен 

Қазақстан. 3 ақпан, 2001. №24.

3 Кішібеков Д. Философия. – Алматы: Рауан, 1991. – 31бб.

4  Қазақстан    Республикасының  2015  жылға    дейінгі    білім  беруді  дамыту  Тұжырым-

дамасы.//Қазақстан мектебі. -2004. -№2 – 3-10б.б.

5 Қ 18 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. 

Жалпы орта білім. Негізгі ережелер. –Астана, 2006.-72б.

6  Назарбаев  Н.Ә.  Қазақстан  –  2030:  барлық  Қазақстандықтардың  өсіп-өркендеуі, 

қауіпсіздігі  және  әл-ауқатының  артуы.  Ел  Президентінің  Қазақстан  халқына  жолдауы.  – 

Алматы: Білім, -11 қазан, 1997, -17б.

7 Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. –Астана,1998, -170б.

8 Выготский Л.С.Избранное педагогические сочинение. Т.І. –М., 1991. –С.230.

Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға 

тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс

Ы. Алтынсарин.


66

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ӘОЖ 371


С.Қ. Шілдебаева

№21 гимназияның қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

Бұл мақалада біріншіден «Ғылыми – әдістемелік негізінде оқушылардың функционалдық 

сауаттылығын  қалыптастыру»  мәселесі,  оның  ішінде  «Білім  берудің  мазмұнын  жаңарту 

функционалдық  сауаттылықтың  негізі»,  «Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 

дамыту  тетіктері»,  екіншіден,  «Жобалау  қызметі  негізінде  оқушылардың  зерттеушілік 

мәдениетін  дамыту  жолдары»  атап  айтқанда  «Жобалау  және  зерттеу  жұмысын 

ұйымдастырудың  негізгі  қағидалары»,  «Қазіргі  кездегі  оқушылардың  зерттеу  іс–әрекетін 

түсіну мәселелері жан–жақты қарастырылып, сараланып талданды.



Түйін  сөздер:  жобалау,  оқушы,  білім  беру,  жаңарту,  дамыту,  функционалдық 

сауаттылық.

В  статье  расcмотрены  и  проанализированы,  во-первых,  задача  «Формирования 

функциональной грамотности учащихся на научно-методической основе», а именно «Основа 

функциональной грамотности обновление содержания образования», «Механизм развития 

функциональной  грамотности  учащихся»,  во-вторых,  «Пути  развития  исследовательской 

культуры  учащихся  на  основе  проектной  деятельности»,  а  именно  «Основные  правила 

организации  проектной  и  исследовательской  деятельности  учащихся»,  «Вопрос  понятия 

исследовательской деятельности нынешних учащихся».



Ключевые  слова:  проектирование,  ученик,  обучать,  обновить,  развивать, 

функциональная грамотность.

In the article adduced and analyzed, firstly, the problem of «The formation of functional literacy 

of students in the scientific and methodological basis,» namely, «The basis of functional »literacy 

update the content of education», «The mechanism of the development of functional literacy of 

students,» and secondly, «Ways of development of research culture of pupils on the basis of project 

activity», namely «Basic rules for the organization of design and research activities of students», 

«The question of the concept of the current research activities of students»

Keywordsdesign, disciple, train, update, develop, functional literacy.

Оқушылардың  функционалдық  дамуы 

туралы  мәселе  алғаш  рет  Елбасының  2012 

жыл ғы  27  қаңтардағы  Қазақстан  халқына 

«Әлеуметтік  –  экономикалық  жаңғырту  – 

Қазақ станның  дамуының  негізгі  бағыты» 

жол да уында көтерілген. 

Осы стратегиялық маңызды мәселені ше-

шу тұлғаның  негізгі функционалдық са па  сын: 

бел сенділігін, шығармашылық ой лау қа бі ле-

тін  қалыптастыру  және  бей та ныс  жағдайда 

мәселенің  шешімін  таба  бі луін,  кәсіптік 

даму жолдарын таба білуін, өмір бойы оқуын 

қалыптастыруға  тікелей  байланысты.  Білім 

алушылардың  функционалдық  қабілеттері 

мектеп жағдайында қалыптасуға тиісті.

Функционалдық  сауаттылықтың  жал пы 

бағы ты  ретінде  жалпы  білім  беру  мектеп-

те рін дегі  азаматтардың  интеллектуалдық, 

рухани  және  дене  дамуы,  олардың  білімін 

әлемдегі  жылдам  өзгеріс  жағдайында  әлеу-

мет тік жағдайға бейімдеу Қазақстан Респуб-

ликасында  білім  беруді  дамытудың  2011-

2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағ-

дар ла ма сында көрсетілген. 


67

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

Жолдаудағы  тапсырмаға  байланысты 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012 

жылғы  25  маусымдағы  №832  қаулысымен 

Оқушылардың  функционалдық  сауат тылы-

ғын  дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға 

арнал ған Ұлттық іс-қимыл жоспары қабыл-

дан ды. 


Ұлттық  жоспарда  оқушылардың  функ-

цио налдық  сауаттылығын  дамыту  процесін 

ғылыми–әдіснамалық,  оқу–әдістемелік,  ма-

те риал   дық–техникалық  қамтамасыз  ету-

дің  іс–шараларын  жүргізу  көзделген.  Ол 

оқушы  лардың  функционалдық  сауат ты лы-

ғын арттыруды Қазақстан Республикасында 

бі  лім сапасын көтерудің басты мәселесі ре -

тінде қарап, оның бір өзектілігін, толық ты-

ғын және іс – әрекет жүйелігін қамтамасыз 

ету   ге бағытталған. Аталған жоспарда:

- оқушылардың функционалдық сауат ты-

лы ғын дамытудың отандық және халық ара-

лық тәжірибелерін зерделеу

-оқушылардың  функционалдық  сауат ты-

лы ғын дамыту жөніндегі жүйелік шараларды 

іс ке асыру тетіктерін анықтау;

-  білім  беру  мазмұнын:  стандарттарды, 

оқу жоспарларын және оқу бағдарламаларын 

жа ңар ту ды қамтамасыз ету;

- оқу процесін оқу – әдістемелік қам та ма-

сыз  ету. 

Функционалдық 

сауаттылықтың 

ең 

кең  анықтамасы  бойынша  оны  тұлғаның 



әлеу мет тік  бейімділігінің,  адамзаттың  әр 

салалы  қызметімен          білімі  арасындағы 

интеграциялық 

байланыс 

деңгейін 

анықтайтын  шама  ретінде  қарастыруға 

болады. 

Қазіргі 


жылдам 

өзгеріс 


жағдайындағы  әлемде  функционал  дық 

сауат ты лық адамдардың әлеуметтік, мәдени, 

сая си және экономикалық қызметтерге қар-

қын ды  араласуын,  адамдардың  өмір  бойы 

оқу ын  қамтамасыз  ететін  негізгі  база   лық 

фак тор лар дың  бірі  болып  есептеледі  [1.27-

29].

Сауаттылықтың жаңа деңгейін қалып тас-



ты руға көптеген әлеуметтік факторлар және 

қазіргі кезеңдегі қоғамдық басылымдар: өн-

ді ріс тер  мен  гуманитарлық  процестердің 

терең технологияландыруы, даму процесінің 

жаһандануы,  қызметтердің  жүйелендірілуі 

жә  не  кәсіпкерленуі, әлеуметті   қатынастардың 

нарықтануы және т. б. әсер етеді. 

Сауаттылықтың  мынадай  параметрлері 

маңызды:  тілдік,  компьютерлік  және  ақпа-

рат тық,графикалық, заңдық, азаматтық, қар-

жы лық, экологиялық және т. б. 

Функционалдық  сауаттылық  біліммен, 

іскер лікпен  және  дағдылармен  ғана  шек-

тел мей, солардың негізінде әр елдің өзін дік 

ерекшеліктері ескеріле отырып, қалып та са-

тын құзыреттіліктермен анықталады.

«Функционалдық  сауаттылық»  деген 

түсінік  20-  ғасырдың  60-жылдарында 

ЮНЕСКО  құжаттарында  пайда  болған, 

одан кейін осы түсінік ғалымдар мен педа-

гог тардың  еңбектерінде  коптеп  қолда ны-

ла   бастады.  Функционалдық  сауаттылық 

деп   -  кең  жағдайда  адамзаттың  сан-сала лы 

іс – әрекеттері мен білімнің интег рация лық 

байланысын,  тұлғаның  әлеуметтік  бейім-

де лу  тәсілдерін  айтады.  Әлем  тез  өзгеріп 

жат қан да 

функционалдық 

сауаттылық 

адамдар дың  әлеуметтік,  мәдени  саяси 

және экономикалық іс – әрекеттерге арала-

суын  анықтайтын,  «өмір  бойы  оқу»  пара-

диг ма сын  іске  асыру  жолындағы  негізгі 

базалық факторларына айналды.   

Функционалдық  сауаттылықтан  күтілетін 

нәтиже  білім  алушылардың  түйінді  және 

пән дік құзыреттіліктерді (практикалық жағ-

дайларда және әлеуметтік бейімделу про це-

сін де оларды тиімді қолдана білу) меңгеруі 

бо лып табылады. 

Функционалдық  сауаттылықтың  мәні–

танып  білу  әдістерін,  ойлану  операциясын, 

ана ли ти калық практикалық тәсілдерді, бар-

лық іс – әрекеттерге тән әдістерді меңгеру. 

Қазіргі  таңдағы  әр  түрлі  сауаттылыққа 

өзі не  тән  функционалдық  сауаттылылық 

сәй кес келеді. Сауаттылықтың мынадай түр-

ле рі бар: 

а) жалпы мәдени – жаратылыстану, қоғам-

дық  және  гуманитарлық  ғылымдар  бойын-

ша,  сонымен  қатар  тарих  және  қазіргі  көр-

кем мәдениет бойынша білімнің болуы;



68

б) іс – қимылдық – жай адамдық қасиет-

тер дің  нормалары,  қызметтік  және  басқа 

да этика, жағдайға қарай іс – қимыл жасау 

тура лы білім және оларды түсіну;

в)  әдіснамалық  -  теориялық  білім  мен 

әлеу мет тік  тәжірибенің  интеграциясы  негі-

зін  де білімді және өмірді түсінуді терең мең-

ге ру. 

г) әлеуметтік – коммуникативтік – бас қа-



лар ды түсіне білу, сөйлеу тілі арқылы жә не 

басқалай берілетін « тілдерді» түсіну дағ ды-

ла ры және бірге іс – қимыл жасау; 

д) технологиялық – кәсіптік қызмет сала-

сын да мәселелерді тиімді және құзіретті ше-

ше  білу қабілеті;

е) экономикалық – шаруашылық қыз мет-

тер дің теориялық білім негіздерін, эконо ми-

ка лық байланыстар мен қатынастың негізін 

түсі ну;  нақты  қаржылық  –  эономикалық 

жағ дайды талдай білу;

ж) азаматтық – құқықтық – кең қоғамдық 

аспектіде  өз  құқықтарын  және  міндеттерін 

білу және түсіну; 

з) саяси – билік пен мемлекеттің әлеу мет-

тік табиғатын түсіну, жалпы істерді жүргізу 

жә не  ортақ  мүддені  қорғау  туралы  ептілік 

жә не дағдылар.

Функционалды  сауаттылық  немесе  құзі-

рет тілік  деп  көп  жағдайларда  теориялық 

білім мен қоғамдық өмірдің әр саласындағы  

(экономика,  технология,  саясат,  мәдениет) 

практикалық  тәжірибені  тиімді  үйлестіру 

арқылы білім алушылардың әлеуметтік өмір-

де гі мәселелерді нормативтік тұрғы да  талдау, 

шешу  қабілетін  айтады.  Функционалдық 

сауат тылық  терминімен  қатар  жоғары  білім 

көлемінің, интелектуалдық әлеуеттің, руха ни  

әлемнің дамуы жатады [2. 17-18].

Біздің  елімізде  функционалдық  сауат ты  -

лық ты арттыруға  бағытталған реформа жүр-

гі зі луде. Оның   негізі  оқушылардың функ-

цио налдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 

2012-2016  жылдарға  арналған  ұлттық  іс  – 

қи мыл  жоспары  болып  табылады.  Жоспар 

бойынша көрсетілген тапсырмаларға сәйкес 

Қазақстан  оқушыларының  функционалдық 

сауат ты лы ғын 

дамытудың 

барлық 


факторлары ескеріліп, тетіктері ұсынылатын 

болады. Бұл  жоспарда  функционалдық са    у ат-

ты лықты арттырудың негізгі төрт механизмі 

қарас тырылған. Біріншісі– оқытудың маз мұ-

ны мен әдіснамасын түбегейлі жаңарту. 

Екіншісі–оқытудың  нәтижелерін  баға-

лау дың жүйесін жаңғырту.  Функционалдық 

сауаттылықтың  дамуы  білім  алушылардың 

оқу жетістіктерін бағалауға жаңа кри те рий-

лер:  «білім  –  түсінік  –  қолдану  –  жүйелеу 

және жалпылау» арқылы қол жеткізуді көз-

дей ді. Мұндай жүйені енгізу әлемдік тәжіри-

белер ді талдауды талап етеді. 

Үшінші  тетік  балалардың  білімдерінің 

қалыптасуына,  тәрбиесіне  ата  –  аналардың 

белсенді араласуын талап етеді. Ол үшін ата 

–  аналарға  арнап  семинарлар,  тренингтер, 

жаңа  әдіснамалар  жасау  керек.  Мұның  нә-

тижесінде қоғам мен білім берудің арасында 

жаңа байланыс жүйесі жасалатын болады. 

Төртіншісі–қосымша білім беруді дамыту 

қажеттігіне арналады. Инновациялық нысан-

дар  мен  жаңа  технологиялар:  интерактивті 

балабақша  паркі,  технопарктер,  музеййлер, 

ғылыми үйірмелер және т.б. іске қосылады. 

Бұл  тетіктер  тұлғаның  кәсіптік  өзін-

дік  дамуына        және  оқушылардың 

шығармашылық 

жұмысқа 

деген 


қажеттіліктің туындауына әсер етеді. 

Ұлттық  жоспарды  жүзеге  асыру  оқу-

шылардың  функционалдық  сауаттылы ғын 

қалыптастырудың негізін қалайтын бола ды. 

Соның арқасында әлемдік талаптар ға  сәйкес 

орта мектептің жаңа моделі қалып та са ды. 

Оқытудың  аса  маңызды  бағыттарының 

бірі  оқытушылардың  жеке  бастарының  әр-

түр лі  жұмыстарды,  оның  ішінде  зерттеу 

және  жобалық  жұмыстарды  жүргізе  біл уін, 

сонымен қатар оқушылардың инте лек туал дық 

әлуетін  арттыруға  бағытталған  қабі лет терін 

дамыту  болып  табылады.  Функ цио налдық 

сауаттылықты  арттыру  жаңа  критерийлер: 

«білім  –  түсіну  –  қолдану  –  жүйелеу  және 

жалпылау»  бойынша  оқу  жетістіктерін 

бағалаудың  жүйесіне  негіз де леді.  Сонымен 

қатар,  әр  деңгей  бойынша  баға лаудың  жаңа 

критериалдық  жүйесін анықтау қажет болды. 

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ


69

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

Қазіргі кездегі білімнің жаңа парадиг ма-

сына  байланысты  оқушылардың  функ цио-

нал дық  сауаттылығын  қалыптастыру  үшін 

«зерттеу  мәдениетін»  меңгерудің  маңызы 

зор. 


Ғылыми әдебиетте «зерттеу мәдениетін» 

түсіндіретін әртүрлі анықтамалар бар. 

Зерттеу  мәдениеті  дегеніміз  –  зерттеу 

қызметін  жүргізуге  қажет  білім,  ептілік, 

дағды және құзіретті және теориялық және 

практикалық  мәні  бар  зерттеу  әрекетінің 

сиратегиясы  мен  тактикасын  анықтайтын 

көзқарасты  айтады.  Зерттеу  мәдениетінің 

жалпы  құрылымында  үш  инварианттық: 

когнитивтік-бағалау,  операциялық-әрекет-

тік   және  бағалық-мотивациялық  компонент 

бар. Оқушылардың зерттеу мәдениеті жоға-

ры сыныптарда қалыптасады.  Осы анықта-

ма ға  сүйене  отырып,  оны  жобалау  іс-әре-

кеті  мәдениетіне  бейімдеу  арқылы  оқушы-

лар дың  жобалау  және  зерттеу  жұмысының 

мәдениеті  мынадай  негізгі  критерийлермен 

сипатталатынын  байқауға  болады:  зерттеу 

мотивациясы,  ойлаудың  ғылыми  стилі, 

зерттеуге  ақпараттық  және  технологиялық 

дайындық,  шығармашылық  белсенділік. 

Бұл  критерийлер  оқушылардың  жобалау 

іс-әрекетінің  табыстылығын  анықтауға 

бағытталған. 

Білім беру ұйымдарындағы оқушылардың 

жобалау  және  зерттеу  жұмыстары  пси-

холо гиялық  –  педагогикалық,  оқу  –  әдісте-

ме лік,  ұйымдастырушылық  және  басқа  да 

проблемаларды  кешенді  шешудің  сауат-

ты  ғылыми  тәсілінің  болуын  талап  етеді. 

Мұғалімдерде жобалау және зерт теу техноло-

гия ларын  меңгеру  үшін  тиісті  деңгейде 

ғылыми  –  әдістемелік  даярлықтарының 

болуы қажет. 

Білім  алушылардың  зерттеу  іс-әрекеті 

–  шешімі  алдын-ала  белгісіз  (табиғаттың 

заңдарын көрсету тәжірибесінен өзге) шығар-

ма шы лық, зерттеу мәселелерін шешуге бай-

ланысты  теорияны  зерделеу,  зерттеу  әдісін 

таңдай  ала  білу  және  оны  өз  мақсатында 

қолдана білу, өз материалдарын жинау, оны 

талдау  және  жинақтау,  өзіндік  қорытынды) 

болуын ескеретін оқушылардың әрекеті бо-

лып т абылады. 

Жобалау  –  зерттеу  іс-әрекеті  –  жобалау 

бойынша мақсат пен мәселелерді анықтауға, 

әдісте мелерді  таңдау  ұстанымдарын  анық-

тау ға,  әдістемелерді  таңдау  ұстанымдарын 

анық тауға,  зерттеуді  жүзеге  асыруды 

бағалауға,  керек  ресурстарды  анықтауға 

бағыт талған  іс-әрекет  зерттеудің  ұйым дас-

ты ру шеңбері болып табылады. 

Оқу зерттеуі және ғылыми зерттеу. Білім 

саласындағы  зерттеудің  негізгі  түйіні  ол 

–  оқулық  зерттеу  болып  табылады.  Оқу 

зерттеуінің  негізгі  мақсаты  «үлкен»  ғы-

лымд ағыдай  обьективтік  жаңа  нәтиже  алу 

емес, тұлғаларды дамыту болып табылады. 

Егер  ғылымдағы  негізгі  мақсат  жаңа  білім 

өн ді ру болса, білім саласындағы зерттеудің 

мақ саты  –  оқушылардың  функционалдық 

дағ ды ларын  жетілдіру,  зерттеу  түрінде 

ойлау  қабілетін  дамыту,  субьективтік  жаңа 

білім ге  (әр  оқушыға  маңызды  да  жаңа  бо-

лып  табылатын,  өзіндік  іс-әрекеттермен 

жинақталған  білім)  байланысты  білім 

процесіндегі 

оқушылардың 

тұлғалақ 

позициясын жандандыру. 

Сондықтан зерттеу іс–әрекетінің негізінде 

білім беру процесін ұйымдастыруда бірін ші 

орынға  зерттеуді  жобалау  мәселесі  шыға-

ды.  Оқушылардың  зерттеу  жұмысын  жоба-

лау дың  негізіне  соңғы  жүздеген  жылдарда 

қалыптасқан  зерттеудің  моделі  мен  әдіс-

на масы  алынады.  Бұл  модельде  кез-келген 

зерттеуге тән бірнеше қалыптасқан кезеңдер 

бар. Дегенмен оқушылардың зерттеу жұмыс-

та ры оқулық зертеу жұмыстарына ғана тән, 

ғылыми  қоғам  дайындаған  дәстүрлер  не гі-

зін де жүргізіледі және дамиды. 

Оқу  зерттеуі  іс-әрекетіндегі  субъект-

объект  қатынасының  дамуы.  Қалыптасқан 

оқу  процесінде  стандарттық  позициялық 

схе ма «мұғалім-оқушы» жүзеге асырылады. 

Мұға лім білім береді, оқушы білім алады, ол 

проце сс қалыптасқан дәстүрлі сынып – сабақ 

тәсі лі түрінде өткізіледі. Зерттеу іс-әрекетін 

да мы ту  барысында  бұл  тәсілде  қарама  – 

қай шы лықтар  туады:  сынып  тақтасында 


70

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

көрсетіліп берілетін білімнің дайын эталоны 

жоқ, табиғатта көрінетін құбылыстар дайын 

тәсілдермен  түсіндіруге  жатпайды,  нақты 

жағдай ларға  байланысты  өзіндік  талдауды 

қажет етеді. Бұл қоршаған ортадағы түсіну-

де гі  білім  саласындағы  объект-субъектілік 

парадигманың  эволюциялық  өзгеруіне, 

біртін деп  «әріптес  –  әріптес»  бірлестігінің 

туын дауы на әкеліп тірейді. 

Кейбір  ТМД  елдерінде  оқушылардың 

зерттеу іс-әрекетінде бұрыннан қалыптасқан 

дәстүрі бар. Мысалы, бір кездерде жасөс пі-

рім дердің ғылыми – техникалық қоғамдары, 

кіші  ғылым  академиялары  жұмыс  істеген 

болатын. Бұл іс – әрекеттердің негізгі мақсат-

та ры  мектеп  бітірушілерін  жоғары  оқу 

орындарына түсуге және болашақта ғылыми 

–  зерттеу  институттарына  жас  кадрларды 

даярлау болып табылатын. Қазіргі жағдайда 

бала лардың оқу жүктемесін азайту мәселесі 

өзекті  болып  тұрғандаи  «оқушылардың 

зерттеу іс–әрекеті» деген терминнің мағы на-

сы аздап өзгеріске ұшырады. Онда кәсіптік 

бағдарлау  компоненті,  зерттеу  жұмысының 

жаңалық  факторлары  азайып,  білім  беру 

сапа сын арттыру аспабы ретінде ғылыми іс-

әрекет түсінігіне байланысты білім беру маз-

мұ ны ның маңызы артты.

Зерттеу  іс-әрекетінің  жобалау  мен 

конструктивтік іс-әрекеттерінен айырма шы-

лы ғы. Зерттеу іс-әрекетінің негізгі нәти же сі 

зерттеу рәсімінің негізінде әртүрлі шын дық-

ты  анықтайтын  интеллектуалдық  өнім  бо-

лып  табылады. 

Зерттеу мәселелерін іске асырудың ерекше-

ліктері.  Зерттеу  тақырыбына  жастар дың 

жасына,  психологиясына  байланысты  белгілі 

бір талаптар қойылады. Жасөспірімдердің білім 

деңгейінің әлі де жеткіліксіздігіне, көзқарастың 

толық  қалыптаспағанына,  өзін дік  талдау 

деңгейлерінің толық дамымауына байланысты 

оларға  зерттеу  саласында  көп  тапсырма  беру 

олардың  жалпы  білім  дең ге йіне,  дамуына 

нұқсан келтіруі мүмкін. Сон дықтан ғылымның 

кейбір  мәселелерін  зерт теу ді  мектептерде 

жүргізу  тиімді  бол мауы  да  мүмкін.  Мұндай 

ғылыми  мәсе ле лер  оқушылардың  жобалау, 

зерттеу  жұ мыс тарын  жүргізудің  жалпы 

талаптарын қана ғат тан ды руы қажет. 

Күрделілігі бойынша мәселелерді жік теу. 

Мұндай мәселелерге қойылатын талап тар ға 

эксперименттік  материалдардың  көлемі нің  

математикалық  аппараттардың,  пән ара лық 

талдаудың  шектеулігі  жатады.  Экспе ри-

менттік  деректерді  талдау  күрделілігі  бой-

ын ша  мәселелер  практикалық,  зерттеулік 

және ғылыми болып бөлінеді. 

Зерттеу  нәтижесін  көрсете  білу.  Қазіргі 

кезеңде  зерттеу  нәтижесін  көрсете  білудің 

ма ңызы  барлық  жұмыстар  үшін  аса  зор. 

Зерт теу  жұмысының  нәтижесін  көрсетудің 

бір неше қалыпты көрсеткіштері бар: тезис-

тер,  ғылыми  мақала,  ауызша  баяндама, 

дис сертация,  монография,  мақала.  Осы  әр 

көрсеткіштің тілі, көлемі, құрылымы анық-

талған. Нәтижелерді көрсетуде жетекші мен 

оқушы алдын ала қай жанрда жұмыс істей ті-

нін анықтап алулары керек, содан кейін сол 

жанрдың  талаптарына  сәйкес  жұмыс  іс теу-

ле рі тиіс.

Функционалды оқу сауаттылығын бағалау-

ға  қойылған  талаптарды  орындау  бойынша 

білім алушылардың оқу жетістіктерін баға-

лау да мынадай корсеткіштер қамтылған. 

Бақылау – өлшеу материалдарының қоры.

Оқытудың  әр  мезгілінде  оқушылардың 

ког нитивтік іс – әрекеттерінің көлемін, ерек-

ше лі гін  және  оқу  материалдарының  көлемі 

мен  мазмұнын  ескеретін  әр  түрлі  бақылау-

дың  мақсатына  сәйкес  ашық  және  жабық 

тесті лер түрі ретінде бақылау – өлшеу мате-

риал дарының қоры жасалуы керек.

2. Білім алушылардың сауалнамасы.

3. Білім беру ұйымдарының кадрлық  әлеуеті. 

4.  Білім  беру  ұйымының  материалдық  ре-

сур сы. 

5.  Балалардың  білім  мен  тәрбиесіне  мен 

тәрбиесіне ата – аналардың белсенді ара ла-

су ын қамтамасыз ету [3. 4-5].

Осы аталған көрсеткіштер оқушылардың 

функционалдық сауаттылығына тікелей әсер 

ететін функционалдық көрсеткіштер ретінде 

олардың оқу жетістерін бағалау барысында 

ескеріледі.


71

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

Әр   оқушының оқу жетістігі (білімі, еп ті лігі, 

дағдысы, құзыреті) ҚР мемлекеттік жалпы ға    

міндетті білім беру стандарттарында көрсе-

тілген  талаптарға  сәйкес  крийтерилер  мен 

көрсеткіштер бойынша бағаланады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет