Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор


Эпостық  шығармаларды  мектеп  сах-



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата05.02.2017
өлшемі1,42 Mb.
#3474
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Эпостық  шығармаларды  мектеп  сах-

на  сына  лайықтап  көрсету.  Эпостық  шы-

ғар малар  (батырлық,  ғашықтық  жыр лар) 

эстетикалық  ерекшеліктеріне  қарай  те атр-

лық  сахналар  мен  экрандардан  орын  ала-

ды.  Өйткені  «Қозы  Көрпеш  –  Баян  сұлу» 

драмасы, «Махаббат дастаны» кино фильмі, 

«Ер  Тарғын»  операсы,  «Қамбар  батыр» 

балеті, «Қара қыпшақ Қобыланды» драма сы 

және экранға түсірілген «Қыз Жі бек» кино-

фильмі  –  эпостық  шығармалар  көркемдігін 

кө р  кейте беретін мәңгі, құнды мұралар.

Ал  енді  эпостық  шығармаларды  мектеп 

сахна сында  көрсету  –  ойланып-толғануды, 

ше бер лік  пен  білімді,  өнерді  талап  ететін 

күрделі проблема (іс-әрекет).

Эпостық  шығармаларды  мектеп  сахна-

сын да  көрсету  –  оқу-тәрбие  жұмыстары 

үшін өте қажет нәрсе. Өйткені эпостық шы-

ғар малардың  оқу-тәрбиелік  мәні  ерекше. 

Эпос тық шығармаларды мектеп сахнасында 

көрсету  үшін,  не  істеу  керек?  Ол  үшін  сол 

эпостық  шығармаларды  (батырлық  жыр-

лар  мен  ғашықтық  жырларды)  мектеп 

жағ дайына  және  оқушылардың  жас  ерек-

шеліктеріне қарай ықшамдап, ыңғайлап да-

йын дай білу керек. Ал бұл оңай жұмыс емес. 

Эпостық шығармаларды оқушыларға мек теп 

сахнасында  көрсету  үшін,  ең  әуелі,  мектеп 

сахнасының мүмкіндіктері ескерілуі тиіс.

Оқушылар  маманданған  әртістер  емес, 

сондық тан  эпостық  шығармалардың  эсте-

тика лық  қуатын  бәсеңдетпей,  са х  н а -

да  көрсете  білу  үшін,  оқытушы  эпос тық 

шығарманы сахнаға дайындау, ойнау  шы лар-

ды  іріктеу  олармен  режиссерлік  жұмыстар   

жүр гі зу  істерін  күні  бұрын  ойластырып, 

жо спар   лай ды,  көркемөнер  жетекшілерімен 

кеңес  іп, нақты жұмыстарды белгілейді.

Мек теп  сахнасында  эпостық  шығар ма-

лар   ды  үлкен  фонда  көрсетуге  мүмкіндік 

жоқ, сондықтан оларды сахнада көрсетудің 

мы на төмендегіше түрлерін қолдану керек:

1. Эпостық шығарманың үзінділерін жат-

қа, көркем деп орындау.

2.  Эпостық  шығармалардың  диалогі 

мен  үзінділерін  рөлдерге  бөліп  жаттап, 

декорация құрып, эпизодтық көрініс ретінде 

көрсету.


3.  Эпос  тық  шығарма  үзінділерін  белгілі 

бір  тақырып  бойынша  іріктеп,  жаттап, 

көркемдеп орындау (әдеби құрылым).

4.  Эпостық  шығарманың  ықшамдалған 

қойылымын  (инсценировкасын)  сахнаға 

дайындап, қою.

5.  Қуыршақ  театры  арқылы  эпостық 

шығарма  ның  толық  мазмұнын  қойылымға 

түзеп  (инсценировка),  сахнаға  қоюды 

ұйымдастыру.

Мектеп  сахнасында  «Қобланды  батыр» 

жы ры   нан  «Тайбұрылдың  шабысын»,  «Қа-

зан  мен  Қобыландының  айқасын»;  «Ер 

Тарғын»  жырынан  «Ақжүністің  қарт  Қо-

жақ      қа  айтқанын»,  «Қозы  Көрпеш  –  Баян 

сұлу»  жырынан  «Баянның  туған  жерімен 

қоштасуын»,  т.б.  үзінділерді  оқушылардың 

жат  қа көркемдеп айтуын ұйымдастыруға бо-

ла ды.

«Қобыланды батыр» жырынан Қобылан-



ды ның Қызылбастарға қарсы ат тануын; «Ер 

Тарғын»  жырынан  Ер  Тарғын,  Ақжүніс, 

Қарт  Қожақ  –  үшеуінің  кездесуін;  «Қозы 

Көрпеш  –  Баян  сұлу»  жырынан  Қарабай 

мен  Сарыбайдың  достасуынан  бас та ла тын 

диалогы  мол  үзінділерді  сахнада  ак тер лік 

дайындықпен көркемдеп көрсетуге бо  ла  ды. 

Әсіресе, эпостық шығармалардың этик а  лық, 

эстетикалық,  отансүйгіштік  (патриоттық) 

тарихи  мәнін  тереңірек  түсін  діру  үшін, 

эпостық  шығармалардың  инсценировка сын 

толықтай  немесе  үзінді  тү р і н де  мектепте 

ұйымдастырылған  қуыр шақ  театры  ар-

қы лы  көркемдеп  көрсетудің  тәр бие  лік, 

ұйымдастырушылық мәні зор.

Эпостық  шығармалардың  тәрбиелік 

мә  нін  сабақта,  сыныптан  тыс  тәрбиелік 


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

10

жұмыс тарды  терең  ашып,  олардың  тәр бие-



лік  қуатын  шеберлікпен  пайдалана  білу 

ұстаз дың дарыны мен жауапкершілігіне бай-

ла ны с ты.

Сәулелі  сабақ.  Халықтың  әдет-ғұрып-

та ры  мен  той-томалақтарының  патриоттық 

(отан сүйгіштік)  мәнін  оқу-тәрбие  ісіне  не-

ғұр лым әсерлі пайдаланудың бір тәсілі – сәу-

ле лі  сабақ.  Мысалы,  «Атамыз  бізді  қонақ-

та»  деген  тақырыпта  қазақтың  қонақты 

қар сы  алу,  оны  күту,  қонақ  кәдесі,  қонаққа 

сый-сияпат көрсету, қонақты шығарып салу 

рәсім дер ін сюжеттік суреттер арқылы не ме-

се диафильм, мультфильм түрінде эпи диас-

коп арқылы көрсете алсақ, сондай әсерлі де 

болар еді.

Әрине,  сәулелі  сабақты  қызықты  өткізу 

үшін,  мектептің  материалдық,  техникалық 

ба за сы  болуы  керек.  Дегенмен,  көркем  су-

рет  терді үлкейтіп көрсетіп, ол бойынша әң-

гі ме әдісін қолданып, сабақ өткізуге барлық 

мек теп терде  мүмкіншілік  бар.  Техникалық 

өр кен деуге  байланысты  сәулелі  сабаққа 

компь ютерде пайдалану дәрежесіне де жету 

– тех никалық бағдарлама жасайтын білімдар 

ұс таз дың қолынан келетін іс.

Сә улелі  сабақтың  да  тақырыбы,  әдісі, 

көр некті  құралдары,  құрылымы  күні  бұ-

рын  әзірленеді.  Әсіресе,  баяндау,  түсінік 

бе ру,  сұрақ-жауап  (әңгіме),  пысықтау,  қай-

та лау  әдістері  бұл  сабақта  жан-жақты  па-

йда ла нылуға тиіс. Мысалы, «Әдеп әліппесі» 

бағ дар  ла масы  бойынша  «Жыл  қайыру  рә-

сімдері»  деген  тақырыпта  оқытушы  ал дын 

ала  дайындаған  сұрақтары  бойынша  әң-

гіме  әдісін  қолданып,  сұрақ-жауап  ар қы-

лы оқушылардың білуге құштарлығын арт-

тыра ды, соңынан жаттауға тапсырма береді, 

кі тап  пен жұмыс істеу, қайталау әдісін қол да-

на ды.


Театр – жан азығының қайнар бұлағы. 

Ба тыр лық қа,  ерлікке  тәрбиелейтін  «Қара 

қып шақ    Қобыланды»  пьесасын,  ғажайып, 

ер те гі лер ді  оқушылар  театрдан  көріп, 

ерлікке  жі гер ле ніп,  әуезді  саз,  әсем  ән, 

мәнерлі  сөз  бен  өнерлі  қимылды  жүрекпен 

сезініп, ой-са на сына ұялатады.

Мектеп  сахнасында  драма  үйірмесінің 

қой ы лымдарымен  қатар,  қуыршақ  театрын 

ұйым дастыру  дәстүрге  айналуы  тиіс.  Мы-

салы,  «Көк  байрақ-Туымыз»  ертегі-пье-

са сын  қуыршақ  театры  арқылы  қою  үш ін, 

арна йы қуыршақтар жасалынып, олар ды ұс-

тап  ойнаушылар  белгіленеді.  Кей іп кер лер-

дің бейнесін көрсетушілердің үні, мінез-құл-

қы, сөйлеу мәнері сол кейіпкерлерге сәйкес 

бо л у ға тиіс.

Қуыршақ театрының сахнасы, әрбір акті-

лік көріністер оқиғаларға сай көркем де әс ер -

лі безендірілуге тиіс. Қуыршақ театрын құру-

ға  мектептегі  дарынды  суретшілер,  мү сін-

ші лер, сазгерлер мен ақындық, жазушылық 

бей імі  бар  оқушылар  және  өнерлі  ұстаздар 

қатысады.  Іздену  мен  талаптану  бар  жер де 

мұндай  игілікті  істі  жоспарлы  түрде  орын-

дап, бағытты бағдарламалармен іске асыруға 

әб ден болады.

Мектептегі    драма    үйірмесі,  көркемсөз 

оқу шы лар    үйірмесі,  жас  термешілер 

үйірмесі,  жас  техниктер  мен  суретшілер 

үйірмелері бір  іге отырып, мектеп сахнасында 

пьеса қой  ып, қойылымдарды көрсетіп, әдеби 

құрам дарды көркемдеп көрсетуге болады.

Әсіресе,  қалалық  жердегі  мектептер 

театр лармен  (драмалық  театр,  кинотеатр) 

ты ғыз байланысты болып, көркем көріністер 

мен  ой  салар  оқиғаларды  оқушылардың 

театр дан көріп-білуіне ұстаздар мен әкімдер 

жағ дай жасауға міндетті.

Экскурсия – тарихи ескерткіштер мен та-

би ғи көріністерді әсерлене көріп, тәлім алу-

дың іс-әрекеттік құралы. Халықтың әдет-ғұ-

рып тарын бағалай біліп, бағдарлы тәлім алу 

үш ін, оның тарихын, мәдени негіздерін көз-

бен көріп, құлақпен естудің тәлім-тәрбиелік 

мә ні зор.

Тарихи    мұражайларға      барып,  әдет-

ғұ р ып    пен  тұрмыс  салтқа  байланысты 

экспонат тар мен 

танысып, 

көркем 

суреттерді  көру  ар қы лы  оқушылар 



еліміздің ертеден да мып келе жатқан мәнді 

де,  сәнді  мәдени  үр діс тер  ін,  өркениетті 

озық  мәдени  үлгілерді  ықы лас та на  өз 

көздерімен көріп, таниды, біледі.



11

ҰЛТТЫҚ ӘДЕП

Экскурсияның  пәндік,  тақырыптық  сая-

хат  тық, т.б. түрлері болады, оларды өткізу уа-

қыт тары, орны мен мазмұны оқушылардың 

жас ерекшеліктеріне байланысты.

«Жеңіс тойын» өткізу салтанатты тарихи 

ес кер ткіш тер ді көру, танысу экскурсиясымен 

жал ғасады да, оның отансүйгіштік (патриот-

тық), тәрбиелік мәнін арттыра түседі. Әрине, 

же ңіс тойын өткізу үшін де алдын ала жан-

жақ ты дайындық жұмыстары жоспарлы түр-

де жүргізіледі. Дайындық кезінде сендіру, іс 

-  әрекет ті қалыптастыру, мінез-құлыққа әсер 

ету әдістері кеңінен қолданылады.

Экскур сияның жоспар жасау, бағдар бел-

гі леу, естіп-көру, әңгімелесу, ой қорыту, бо-

ла  шақ іске шешім жасау сияқты іс-әрекетті 

жү йе  лерін оны ұйымдастырушы терең біліп, 

те  гіс орындауға міндетті.

Ай тыс  сабақтарын  ұйымдастыру  –  оқу-

шы  лар дың  халық  дәстүрін  тұшына  түсініп, 

қызыға ұғып, өлең өнерін жоғары бағалауына 

се беп болатын игілікті іс-әрекет.

Сабақтағы айтыстың жұмбақ айтысып, ма-

қал-мәтел  айтысып,  санамақ  айтысып  бі лім 

жарыстыру  және  көркемсөз  оқып,  өлең мен 

айтысып, өнер сынау сияқты түрлері бар.

Оларды  ұйымдастыру  үшін,  оқытушы 

кү ні бұрын бағдарлама түзіп, айтыс мақ сат-

тар ын белгілейді. Айтыс кезінде сынып екі 

топ қа  бөлініп,  әрбір  топтың  топ  басшысы 

ай қын да лады  да,  белгілі  бір  уақытта  оқу-

шы лар дың өнер білімі сыналады. Айтыстың 

та қырыбы,  мақсаты  оқушыларға  айқын  бо-

лу керек. Мысалы, жұмбақ айтысын ұйым-

дас тыр ған  кезде,  жұмбақтың  түрі  айтылып 

жа ңа жұмбақтардың болуы ескертіледі. Сы-

нып тағы қай топ жұмбақтың түрінен көбірек 

біл се, ол жеңіп шыққан болып саналады. Ал 

екін ші топқа жұмбақ саны аздау болғанмен, 

кө бісі  жаңа  жұмбақ  болса,  ол  бағалану  ке-

зінде  ескеріледі.  Айтыстағы  жеңісті  ба ға-

лау шы тек оқытушы емес, сонымен бірге ай-

тыс ты бағалайтын екі жақтан да тең «әділ-

қазы лар» белгіленуге тиіс.

Сыныпта қандай айтыс ұйымдастырылса 

да, оның қорытындысы шығарылып, жеңім-

паз дар  марапатталады:  айтысқа  белсенді 

қатыс қан дарға жоғары балды баға қойылады 

(екі жақ  тан да тапқырлық танытқан оқушы-

лар атап көрсетіледі). Егер мүмкіндік, жағдай 

бол са, айтыста өзінің білімділігі мен өнерін 

көр сете білген оқушыларға сыйлық беріледі. 

Ал ақындық айтыстағы жеңімпаздардың ай-

тыс тары баспасөз бетінде жарияланады.

Әдеп тілік  дәрістері  –  ұрпаққа  әдеп  үй-

рет удің  қуатты  құралы.  «Әдеп  әліппесі», 

«Әдеп ті лік негіздері», «Әдеп және жантану» 

са бақ тары арқылы оқушылар халқымыздың 

мә де ни  дәстүрлерімен,  салт-санасының  оз-

ық,  өркениетті  өрнектерімен  танысып,  үй-

ре н еді,  білімін  толықтырады,  халқын  сүю 

үшін, оның салтын сүйіп, бүкіл адамзаттық 

әд еп негіздерін санасына сіңіреді.

Әдеп әліппесін оқыту ісі, негізінен, әңгіме 

әдісі мен  жүргізіледі.  Әсіресе  бастапқы  1-2 

сы н ып оқушылары үшін оқытушы, ең әуелі, 

әд еп  сабағының  негізгі  ретінде  берілген 

та қы рыптың  (мысалы,  «Әдеппен  сөйлеп 

әдеттен») мәтінін көркемдеп оқып, не жатқа 

ай тып шығады да, содан кейін сол тақырып 

бой ынша  әңгіме  (сұрақ-жауап)  өткізеді,  са-

бақ  соңында  оқушыларға  тапсырма  бе ре  ді 

(тақпақ  жаттау,  мақал-мәтел  жинау,  бел гі-

лі  тақырыпқа  шығарма  жазу,  т.б.).  Оқу шы -

лармен қызықты әңгіме өткізу үшін, оқыту-

шы қойылатын сұрақтарды, әңгіме жүйесін 

ал дын ала дайындауы керек.

Әдеп  және  жантану  сабағы  күрделі  із-

де ніс  пен  пайымды  пікірлесу  арқылы  жас 

ұрпаққа  мәдени  мұраларымызды  үй ре те ді. 

Оны  әңгіме әдісімен өткізу керек. Ол  үшін 

күні  бұрын  оқылатын  тақырып  бо й ын-

ша  оқушыларға  тапсырма  беріледі  де,  сол 

тапсырмалардың орындалу сапасы сабақ та-

ғы әңгіме үстінде пайдаланылады.

Әдептілік  дәрістерінің  сабақтары  көр-

ме, театр, экскурсия, айтыс, т.б. оқыту әдіс-

тер імен байланысты. Әдіс – стандарт емес. 

Сон дық тан, оқытушы оқыту әдістемесін оқу 

материалдары мен оқу жағдайларына бай ла-

н ы сты ұйымдастырылады.

Ойтапқыштар клубы (көңілділер мен ой -

тапқыштар клубы) – оқушылардың із де нім-

паз дығын арттырып, дүниетанымын, білімін 


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

12

да мытатын  ұжымдастық.  Бұл  ұжымдастық 



та қырыптық,  пәндік  жалпымектептік  кеш-

тер де  әріптестерімен  өнер-білім  жарысына 

тү сіп,  жеңіске  ие  болу  үшін,  белгіленген 

та қырыпқа  сәйкес  дайындық  жұмыстарын 

ұйымдастырады. Клубқа қатысушылар «се-

гіз  қырлы,  бір  сырлы»  болу  үшін  та лап та -

нады, дарынын, білімін дамыту үшін із де  н-

е   ді, үйренеді.

Халықтың  ғасырлар  бойы  қалыптасқан 

әдет-ғұрыптарының  ең  құнды  негіздерін 

жақ сы  біліп,  сол  жөн-жоралғы,  ырым-

тыйым,  әдет-ғұрып,  салт-сананы  жақсы  бі-

лет ін діктерін кеш немесе пікірсайыс кезінде 

әр бір команда (жасақ) әдептілікпен көрсете 

бі лу керек. Өнер-білім сынасу кезінде әрбір 

ко ман да  мүшесі  сұраққа  жауап  беру,  өнер 

көр сету,  білімділігін  байқату  үрдістерінен 

мү дір мей өтуге тырысады.

Әріптестер белгілі тақырыптар бойынша 

да яр лан ады  да,  бірін-бірі  сынау  кезінде 

тосын нан сұрақ қойып, шұғыл іс-қимыл жа-

сап, өнер көрсетеді, дарындылық ны шан дар-

ын байқатады.

Көңілділер  мен  ойтапқыштар  клу б ы  ның 

өнер-білім  сынасуындағы  озық  ер е кш е лік-

тер ін әділқазылар алқасы дұрыс бағалап, ма-

ра пат тай білуге міндетті.

Күнтізбе  халықтың  әдет-ғұрыптары 

мен  мейрам-тойларын  патриоттық  (отан-

сүйгіштік)  тәрбиесіне  пайдалану  үшін  ар-

на йы жасалынып, көркем түзілсе, оның тәр-

биелік мәні зор.

Мектеп оқушыларына арналған халық пе-

да го гикасына  сәйкес  жасалған  күнтізбеде, 

ең  әуелі,  халық  дәстүрлері  бойынша,  жыл 

(Нау рыз – жыл басы), жылнама (он екі жыл-

ды халық, бүкіл адамзат қалай атайды?), жыл 

атаулары туралы аңыздар, жаңа жыл ту ра лы 

халықтың  ұғымы,  бар  әлемде  жаңа  жыл ды 

тойлау рәсімдері, жаңа жыл туралы жыр лар, 

мақал-мәтелдер,  айлар,  әрбір  айдың  ерек-

ше ліктері, әрбір айда болатын рәсімдер мен 

әдет-ғұрыптар,  әрбір  күн  аты,  әрбір  күннің 

ерек шеліктері туралы жазылу керек.

Күнтізбе  халықтың  әдет-ғұрпына, мей-

рам-той ларына  лайықталып  жасалынатын 

бол са, сол айларда болатын тойлар мен рә-

сім дерге лайықталған инсценировкалар мен 

сценарийлер, қысқа аңыздар мен тұ жы рым-

дар, сол айларда туған ұлы адамдар, қызықты 

және  тарихи  оқиғалар  туралы  мәліметтер 

беріліп, оқушыны ерлікке, батырлыққа тәр-

бие  леу мақсаттары жүзеге аспақ.

Мысалы,  наурыз  айы  туралы  күнтізбеде 

«Наурыз – жыл басы» деген қойылым және 

осы  көктем  айларында  жоңғар  бас қын шы-

лар ына соққы берген батырлар (Абылай хан, 

т.б.)  сөз  болады.  Наурыз  туралы  мақал-мә-

тел дер  беріледі,  наурыз  айында  болатын 

астрономиялық құбылыстар жөнінде де ғы-

лы ми тұжырымдар жазылады.

Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез, деген нәрселермен озады. 

Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақымақшылық... Жастай берген тәрбие 

жас шыбықты игендей



Абай.

13

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

УДК 347.3



Л.В. Мардахаев

заведующий кафедрой социальной и семейной педагогики РГСУ,

доктор педагогических наук, профессор,

Почетный работник высшего профессионального образования РФ

САМОПОЗНАНИЕ И САМОВОСПИТАНИЕ СТУДЕНТА ПЕДАГОГИЧЕСКОГО 

ВУЗА

Мақалада  болашақ  педагогтың  өзін-өзі  тәрбиелеуі,  тәрбиелеудегі  студенттің  өзін-

өзі  тануының  орны,  танудың  қажеттілігі  мен  оның  қызметі,  тәрбиелеудің  біртұтас 

құбылыс  ретіндегі  түсінігі,  студентті  тәрбиелеудің  негізгі  кезеңдері  мен  сипаттамасы, 

тәрбиелеу  кезеңдерінің  өзара  байланысы,  әдістері,  қиындықтары,  ЖОО-ң  студенттеріне 

нұсқаулықтардың мағынасы ашылып жазылған.



Түйін  сөздер:  өзін-өзі  тану,  тәрбиелеу,  тәрбиелеудегі  үлгі,  тәрбиелеудегі  мақсат,  

болжау, өзін-өзі жобалау, тәрбиелеу әдістері.

В статье раскрывается понятие самовоспитания будущего учителя; место самопознания 

студента  в  самовоспитании;  необходимость  самопознания  и  его  функции;  понимание 

самовоспитания как целостного явления; основные этапы самовоспитания студента и их 

характеристика; взаимосвязь этапов самовоспитания; методы самовоспитания; трудности в 

самовоспитании и рекомендации студенту педагогического вуза.



Ключевые  слова:  самопознание,  воспитание,  пример  в  самовоспитании,  цель  в 

самовоспитании, прогнозирование, проектирование, методы самовоспитания.

The article reveals the concept of self-education of future teachers; place of self-knowledge of 

the student in self-education; the necessity of self-knowledge and its functions; understanding of 

self-education as a holistic phenomenon; the main stages of development of the student and their 

characteristics; the relationship of the stages of training; methods of training; difficulties in self-

education and advice to the student of pedagogical University.



Keywords:  self-knowledge,  self-education,  an  example  in  self-education,  the  goal  in  self-

education, improveservice, sameprocedure, methods of self-education

Мо  лодой человек, который пришел в пе-

да гогический  вуз,  ставит  перед  собой  це л-

ь ю  стать  педагогом  (учителем).  Быть  учит-

е л ем  –  это  высокая  честь  и  высочайшая 

от вет ственность.  «Прежде  чем  стать  учи-

те лем,  –  подчеркивал  А.С.  Калабалин,  сын 

воспитанника  А.С.  Макаренко,  –  надо  по-

нять, что ты будешь делать. Физика – это са-

мо по себе. Медведя за два года можно нау-

чить кататься на коньках, поэтому за пять лет 

фи зи ке любого можно научить, если только 

интел лект у него нормальный, но этого очень 

ма ло, чтобы войти в контакт с ребенком и с 

ним общаться.» [3, с. 247]. О том, что учит -

ель  должен  хорошо  знать  предмет,  ко то-

рому  учит,  речь  даже  не  идет.  Первое,  что 

не обходимо – это научиться входить в кон-

такт с ребенком, общаться с ним, а для это го 

важно, чтобы учитель был интересен уче ни-

кам чем-либо и уметь многое.

Время  обучения  в  вузе  и  является  пе ри-

одом  становления  личности  учителя.  Оно 

требует  не  только  овладеть  предметом  и 

метод икой  его  преподавания,  но  и  сфо-

р мировать  качества,  необходимые  учит-

елю,  что  диктует  потребность  в  це лена-

правленном  самосовершенствовании.  Сту-

дент,  посредством  целенаправленной  ра бо-


14

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ты  над  собой,  меняет  свои  привычки,  ли-

чнос  тные  качества,  расширяет  кругозор  в 

со ответствии с поставленной целью, таким 

образ ом,  добивается  изменений  в  своем 

харак тере,  в  отношении  к  окружающей  его 

де йствительности.

Из учение  отношения  студентов  к  само-

воспитанию  показало,  что  часть  из  них  не 

способна  объективно  оценить  свои  воз-

можности  и  недостатки.  Они  нередко  свои 

слабые  стороны  могут  недооценивать  или 

пред ставлять позитивными, в следствие чего 

не га тивно  относиться  к  самовоспитанию. 

От дельные студенты достаточно полно пред-

ставляют свои достоинства, иногда мнимые, 

но  в  то  же  время  склонны  преувеличивать 

лич ные  возможности.  Они  не  очень  хотят 

вы явить  свои  недостатки  и  не  стремятся 

к  самосовершенствованию.  Опыт  работы 

свиде тельствует,  что  многие  из  студентов 

ну ж даются в том, чтобы их побудили и по-

мо гли в самопознании, а в дальнейшем в ор-

ганиз ации работы над собой, особенно на на-

чаль ном этапе их становления как учителя.

Обучающемуся  необходимо  усвоить 

след ующее. Человек по своей природе са мо-

ра звивающееся  существо.  Источником  са-

моразвития  выступают  природные  данные 

че лов ека,  среда,  в  которой  он  находится, 

и  личная  активность  в  работе  над  собой. 

Це лен аправленное  самовоспитание  поз-

во ляет  человеку  сознательно  влиять  на 

саморазвитие,  формировать  у  себя  не об-

хо димые  ему  качества  личности,  овладеть 

ис кус ством  управления  само сов ер  шен-

ство ванием.  «Правильно  говорят,  –  пи сал 

великий чешский педагог Я. Корчак (1878–

1942), – тот, кто не умеет сам себе приказать 

– «Перестань!», у кого нет сильной воли – тот 

раб: всякий доведет его до белого каления. 

Мудрец  сказал,  что  при каз ывать  другим 

легко,  а  вот  научись-ка  быть  го сподином 

своих собственных мыслей и чу в ств...» [4, с. 

388].

Самовоспитание студента – это его це-

леу стремленная,  активная  деятельность 

над  собой  по  закреплению,  формированию 

и  развитию,  при  необходимости,  изжитию 

у  себя,  определенных  качеств  личности  и 

привычек поведения под воздействием лич-

ных потребностей и требований среды. Это 

прежде  всего  осознанная  деятельность  че-

ловека  над  собой  в  интересах  са мо совер-

шенс твования.

Процесс  самовоспитания  представляет 

из  себя  глубоко  внутреннее  (интимное)  яв-

ле ние.  Он  далеко  скрыт  от  постороннего 

взгляда и изучать его протекание на примере 

кон кретного человека представляется дос та-

точно  затруднительным.  Исследования  по-

каз ывает,  что  практически  каждый  человек 

в той или иной степени, периодически за ни-

ма ется  работой  над  собой  для  достижения 

час тных целей. По стечению обстоятельств 

пе ред  человеком  возникает  необходимость 

что-то сформировать, развить у себя, что-то 

преодолеть,  заставить  чего-то  добиться  св-

оим  отношением,  поведением  или  деятель-

но стью и он старается реализовать замысел. 

Прак тическая сторона такой работы над со-

бой  может  не  требовать  от  человека  боль-

ших усилий, но определенный след она об-

язательно оставляет в зависимости от дос тиг-

а емого результата. Постепенно, если человек 

по лучает положительный результат, то у него 

формируется уверенность в себе, свои силы, 

способности, решительность, настойчивость 

и,  наоборот,  если  отрицательный  –  то  не-

уверен ность в себе, неустойчивость, от сутс-

твие интереса и желания работать над собой. 

В данном случае речь идет не о системе са-

мо  воспитания человека, а о способности его 

ре шать частные задачи работы над собой.

Изучение  проблемы  самовоспитания  по-

казывает,  что  ее  можно  представить  как 

взаимосвязанные циклы, блоки це лена прав-

лен ной  педагогической  деятельности  че-

ловека над собой по достижению опред елен-

ной цели (совокупности целей) личностного 

раз вития,  качественного  изменения  в  себе 

как в содержательном, так и в поведенческом 

пла не.


Начальному  циклу  самовоспитания  сту-

дента  предшествует  определенный  пе р иод, 



15

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

формирования  элементарного  ин тер еса 

к  себе  как  к  человеку,  своим  до стоин-

ствам  и  недостаткам,  возможностям 

по  самосовершенствованию  и,  на  ос-

но ве  этого,  потребность  в  методах  и 

метод иках самопознания. Затем следует 

це лена правленная  деятельность  по 

удовлетворению это го интереса. Именно 

в этот период студенту след ует овладеть 

элементарными  основами  ра боты  над 

собой:  внимательности  к  себе,  что  и 

как  он  делает,  говорит;  уважительному 

от но шению  к  мнению  других  людей  по 

оц енке  тебя;  самокритичности.  Далее 

начин ается  собственно  педагогический 

цикл  ра бо ты  человека  над  собой, 

состоявший из по следовательных этапов 

и включающий:

1  Самопознание  и  принятие  решения 

на самовоспитание (принятие решения).

2  Самопрогнозирование  и  определение 

цели и задач работы над собой (определение 

цели и задач).

3 Самопроектирование и разработка перс-

пек тивы  работы  над  собой  (планирование 

ра боты).

4  Реализация  плана  работы  по  само со-

вер шенствованию  и  рефлексия  (реализация 

плана).


5 Итоговый – оценка достигнутого резуль-

тата и определение дальнейшей перспективы 

самосовершенствования (оценочный). 

Каждый  этап  включает  определенные 

под этапы.

Педагогический цикл самосо вер шен ство-

вания во взаимосвязи с основными эле мен-

та ми можно представить в виде схемы 1.

Схема 1 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет