Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата05.02.2017
өлшемі1,42 Mb.
#3474
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Сейдімбек А.С. Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау. Оқу құралы. 

 – 

Алматы: Санат. 



1997. - 464 б.

2 Сейдімбек А.С. Қазақтың ауызша тарихы: Зерттеу. 

 – 

Астана: Фолиант. 2008. - 727 б.



3 Сейдімбек А. Қазақ әдебиеті. № 33, 2003 жыл, 25 тамыз.

4 Тарақты Ақселеу. Балталы  бағаналы  ел  аман бол. Шежіре. –Алматы: Қазақ университеті. 

1993. - 224 б.

5 Сейдімбеков А. Күңгір - күңгір күмбездер. Сұлулық туралы сырлар. – Алматы: Жалын. 

1997. - 272 б.

ӘОЖ 392.1



Ғ.У. Қабекенов 

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік

технологиялар және инжиниринг

университетінің доценті, PhD докторы

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ЖАС ЕРЕКШЕЛІК 

КЕЗЕҢДЕРІНІҢ СИПАТТАЛУЫ

Мақалада  қазақ  халқының  ұлттық  дүниетанымына  сай  жас  ерекшеліктер  кезеңіне 

бөлудің педагогикалық, психологиялық мәселелері қарастырылған. Қазақ халқының ұлттық 

танымы  мен  салт-дәстүріне  ыңғайластырылған  адамдардың  жас  ерекшелік  кезеңдерін 

бөлудің  қырлары  айтылған.  Адамдардың  жас  ерекшелік  кезеңдерін  бөлудің  үш  түрлі 

бағытты  бар:  бірінші  психологиялық  және  физиологиялық  ерекшеліктеріне,  екіншіден 

қазақ халқының тұрмыс тіршілігіне байланысты мал шарушылығымен айналасу әрекетіне 

қарай,  үшінші  мүшел  жасқа  байланысты  болатындығы  атап  көрсетілген.  Бұдан  басқа 

адамдардың ересектік кезеңдеріндегі іс-әрекеттеріне қатысты мінез-құлықты сипаттайтын 

аңыз әңгімелер баяндалған.



Түйін сөздер



жас кезеңдер, дүниетаным, ересек жас, мінез-құлық, психологиялық және 

физиологиялық ерекшеліктер

В  статье  рассматриваются  педагогические  и  психологические  проблемы  разделения 

возрастных  периодов  в  мировозрении  казахского  народа.  Сказано  о  разных  сторонах 

национального разделения возрастных периодов человечества казахского народа. Существует 

три направления в разделении возрастного периода человека: первое, по психологическим 

и  физиологическим  особенностям,  второе,  связано  с  условиями  быта  животноводством 

казахского  народа,  третье,  связано  так  называемым  циклом  «мүшел  жас»  (старинное 

исчисление возраста человека по двенадцатилетнему циклу). Кроме этого приводится ряд 

мифов и рассказов связанных с характером действия в период зрелого возраста человека. 

Ключевые  слова:  возрастные  периоды,  мировозрение,  зрелый  возраст,  характер, 

психологические и физиологические особенности

The article deals with pedagogical and psychological problems of separation age periods in the 

worldview of the Kazakh people. Said about the different sides of the national division of mankind 

age periods of the Kazakh people. There are three areas in the division of human age period: the 



38

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

first, on psychological and physiological characteristics, the second is related to the conditions of 

life of the Kazakh people in animal husbandry, and the third is related so-called cycle «мүшел 

жас» (old-age man calculus twelve-year cycle). In addition, given a number of myths and stories 

related to the nature of the action during the mature man.

Keywordsage periods, worldview, mature age, character, psychological and physiological 

characteristics 

Қазақ халқының ұлттық дүниетанымына 

сай  адамдардың  дамуына  байланысты  жас 

ерек ше ліктер  кезеңдерін  бөлудің  өзіндік 

жол  да рын  жасаған.  Халықтың  ғасырлар 

бойы  қалыптасқан  салт-дәстүріне,  тұрмыс 

тір  ші лігіне  орай  адам  физиономиясының 

био  ло гия лық  және  психологиялық  қыр-

ла рын  ескере  оты рып,  жас  кезеңдерге  бө-

ліп  қарастырған.  Алды мен  педагогика  мен 

психология  ғылы мын да  адамның  да му 

сатыларын  әр  жас  кезең дерге  бөліп,  қарас-

тыр ғандығы  туралы  қыс қаша  тоқ тал ған ды 

жөн санадық. Жас ерек шелік кезе ңі мен қоса, 

әр  жастың  өзіндік  қабі лет ті лі гі  мен  айыр-

машылықтары  болады.  Зерттеушілер  жеке 

тұлғаны  оқыту  мен  тәрбиелеуде  олардың 

жас ерекшеліктерін басты әрі негізгі қағида 

ретінде ұстанады. Сондықтан, жас кезеңдерді 

топтауға  тоқталған  ғалымдарымыздың  пі-

кі рі   де  әртүрлі  жіктемелермен  көрсетіледі. 

Мә селен, 

1 Гиппократтың жас кезеңдерінің клас си-

фи ка циясы (б.з.д. IV ғасыр):

- бірінші кезең – 0-7 жас;

- екінші кезең – 7-14 жас;

- үшінші кезең – 14-21 жас;

- төртінші кезең – 21-28 жас;

- бесінші кезең – 28-35 жас; 

- алтыншы кезең – 35-42 жас;

- жетінші кезең – 42-49 жас;

- сегізінші кезең – 49-56 жас;

- тоғызыншы кезең – 56-63 жас;

- оныншы кезең – 63-70 жас.

2 1965 жылы Мәскеуде өткен халықаралық 

сим  позиумда  қабылданған  жас  кезеңдерінің 

жік телуі:

- жаңадан туылған бала – 1-10 күн;

- емшек еметін бала – 10 күннен -1 жыл;

- балалықтың ең ерте кезі – 1-2 жыл;

- балалықтың бірінші кезеңі – 3-7 жас;

- балалықтың екінші кезеңі – 8-12 жас ұл-

дар да, 8-11 жас қыздарда;

- жасөспірім шақ – 13-16 жас ұлдарда, 12-

15 қыздарда;

- бозбалалық шақ – 17-21 жас ұлдарда, 16-

20 қыздарда.

Орта (кемеліне келген) жас:

–  бірінші  кезең  –  22-35  ерлерде;  21-35 

әйел дерде;

–  екінші  кезең  –  36-60  ерлерде,  36-55 

әйел дерде;

–  егде  жас  –  61-74  ерлерде,  56-74 

әйелдерде;

– қарттық жас – 75-90 ерлер мен әйелдерде;

– 90-нан асқан қарттар (ұзақ жасаушылар) 

[1, 36-38 б.].

Қазақ  халқының  этнопсихологиялық,  эт-

но    пе да го гикалық  ілімдерінде  адамдар  дың 

жас  ерек  шеліктерін  кезеңдерге  бөлу  заңды-

лық     тары қалыптасқандығын айрықша атауға 

бо  лады. Ғалым, профессор К.Ж. Қожахметова 

«Казах  ская  этнопедагогика:  методология, 

тео  рия практика» - деген еңбегінде адам дар  -

дың жас ерекшеліктерін бөлудің ұлттық дү -

ние танымға  негізделгендігін  жазады.  Жас 

кез  ең   дерге  бөлудің  үш  түрлі  бағытын  ұсы-

на   ды:  бірінші  психологиялық  және  физио-

ло  гиялық  ерекшеліктеріне,  екіншіден  қазақ 

хал қының  тұрмыс  тіршілігіне  байланысты 

мал  шарушылығымен  айналасу  әрекетіне 

қарай,  үшінші  мүшел  жасқа  байланысты. 

«Қазақтардың  жас  кезеңдерге  бөлу  тұр ғы-

ла ры  бүгінгі  күннің  талабына  сай  келмеуі 

мүмкін» - делінген аталмыш еңбекте.

Қазақ халқының адамдардың жас ерек ше-

ліктерін  бөлу  бағыты  психологиялық  және 

фи зиологиялық тұрғыдан қарастырылады:

1. дүние келгеннен бастап бір жасқа дей-

ін  – нәресте,

2. бір жастан 7 жасқа дейін - сәби,


39

ҰЛТТЫҚ ДІЛ

3. 7 жастан 12 жасқа дейін ойын баласы,

4. 12 жастан 15 «сығыр», «ересек бала лар». 

5. 16жастан 19 жасқа дейін,

6. 20 жастан 30 жасқа «жас жігіт»,

7. 30 дан 40 жасқа дейін «дүр жігіт», «күр 

жігіт»,

8. 40тан 50жасқа дейін «ер түлегі»,



9. 50ден 60 жасқа – «жігіт ағасы»,

10. 60 жастан 70 жасқа дейін, «қарасақал»

11. 70 тен 80 жасқа дейін «ақсақал» [2, 220 б.].

Екінші бағыт бойынша қазақ дүние та ны-

мын да  адамдардың  жас  ерекшеліктерінің 

психологиялық кезеңдерінің қазіргі ғылыми 

тұрғыдан  жүйеленген  теорияларына  сәй-

кес  келетін  жақтары  да  бар.  Мысалы:  тұр-

мыс-тіршілігіне,  шаруашылығына,  физио-

ло гия лық  жетілуіне  сәйкес  адамдардың 

жас  ерекшіліктерін  әртүрлі  параметрлер 

бойын ша:  қозы  жасы  10  жасқа  дейін,  қой 

жасы  10-20  жас  арасы,  жылқы  жасы  20-

30 жас, патша жасы 40 жастан жоғары деп 

шартты түрде бөліп қарастырған. Ересектік 

кезеңнің бастауы «жиырма бес жас» болып 

белгіленген,  «жылқы  жасы»  -  қырық  жас 

болып айқындалған, «патша жасы» атауына 

сәйкес,  шаруашылық  және  әлеуметтік 

мәртебесіне  лайықталған  қабілет-қарымды 

анықтап тұр» [2, 221 б.].

Үшінші бағыт: «мүшел жас»: 13, 25, 37, 

49, 61, 73, 85.... Бұл дәстүрлі ұғымды қазіргі 

уақытқа  дейінгі  сақталған  қағидалардың 

бірі не  санауға  болады.  Адамрдың  өмірінде 

мү шел  жас  ерекше  орын  алады,  әрбір 

мүшел жаста дағдарыстар болу мүмкін деп 

есептеген. Бұндай жасқа бөлу ересектер өмі-

рінде жауапты, әрі өзіне есеп беретін жас ке-

зең  болып табылады.

Адамдардың  жас  ерекшеліктерін  кемел-

де нуі не қарай бөлінуі:

30 жас – орда бұзар; 40 жас –қамал бұзар, 

жігіт ағасы; 50 жас – ер жасы, ел ағасы; 60 

жас – дер шағы; 70 жас – мәр шағы; 80 жас 

– жер шағы; 90 жас шер шағы; 100 жас – қор 

шағы. 

Кезінде Жетес би былай сипаттаған;



Оңға келдім – ойнадым, қызығыңа той ма-

дым; 


Жиырмаға жеттім – бойладым, балалықты 

қой ма дым,  жақсы  сөзге  сүйіндім.  Жаман 

сөз ге күйіндім, барымды киіндім, сұлуларға 

шүйіл дім, жауларыма түйілдім. 

Отызға  келдім  –  алтайы  қызыл  түлкі 

болдым, қыран бүркітке алдырмадым, құмай 

тазыға шалдырмадым, қатар құрбының көңі-

лін  қалдырмадым;

Қырыққа  келдім  –  арғымақтай  аң қыл да-

дым, тау тағысында саңқылдадым ақ алмастай 

жарқылдадым, құз қырандай шаңқылдадым

барымды жоқ деп сарқылмадым, 

Елуге келдім – биік қырға шықтым, ар ғы  

жағының  алыс-жақынын  байқадым,  дәуле-

тім ді шайқадым;

Алпысқа келдім – алты тарау жолға түстім, 

қайсысының алыс-жақынын білмедім;

Жетпіске жеттім –жеңілгенімді білдім, ба-

ла мен келінге билігімді бердім, айдауында 

жүр дім; 

Сексенге келдім – оң жағым от сол жағым- 

су, артым- құз, қалай қозғалсам да тірлік деп 

біле алмады [3, 153-154 б.]. 

Бұдан  қазақ  ақындары  мен  жырау-

ларының шығармаларында адамдардың жас 

ерек ше лік теріне  бөлу  үрдісі  кеңінен  орын 

алғандығын  байқаймыз.  Олар  адамдар дың  

әр бір  жас  кезеңдерін  мінез-құлықын да ғы 

ерекшеліктер  мен  өзгерістерді  пси хо ло гия-

лық тұрғыдан сипаттай білген. 

Осындай жасқа бөлу арқылы адамдардың 

келесі кезеңде сондай психологиялық көңіл-

күй  күтіп  тұрғандығын  анықтап  айтқан,  әр 

жаста  адамдардың  қандай  болу  керектігін 

ашып көрсеткен.

Адамдардың  жас  кезеңдерін  бөлуге  бай-

ланысты  қазақ  аңыздарының  мәнін  жоға-

ры  бағалауға  болады.  Ертегіде  құдай  адам-

ға,  есекке,  итке,  маймылға  отыз  жас тан  

өмір  сыйлаған.  Адам  баласы  бұл  жас қа  

қанағаттанбаған да есектен, иттен, май мыл-

дан артық қалған жасты өзіне қосып ал ған. 

Отыз  жасқа  дейін  думанды  қызыққа  то лы 

өмір  кешеді,  кейін  отбасын  асырап  сақ тау 

үшін  есекше  арқаланып  тасиды  30  бен  50 

арасы,  50  мен  70  арасында  өмірден  көп  те-

ген қиыншылықтарға кездеседі, ит ше ырыл-


40

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

да сып,  сөзтіркеспен  айтқанда  «итөмірді» 

бастан өткізеді, балаларын амандығын күзе-

тіп отырады, 70 – 90 жас аралығында май-

мыл дай  еңкейіп  немерлеріне  кей  кезеңде 

күл кі  болып  қалады  деген  ойды  меңзейді. 

Осы ертегінің мәні ересек адамдардың жас 

кезең деріндегі  іс-әрекеттерінің  мазмұны 

мен құрылымын айқындап береді. 

Қазақ  халқындағы  жас  ерекшелік  кезең-

дер ге  бөлудегі  ересек  адамдарға  қатысты 

этно психологиялық ұғымдардың мәні тура-

лы  ойымызды тұжырымдадық.

Өмір  философиясы  тұрғысынан  ал ған-

да  да,  ересек  адамдардың  есеймеген  адам-

нан  айырмашылығы  -  қалыптасқан  фи зио -

логиялық және психологиялық функ  ция ларды 

меңгерген эмоционалды-ерік ті лі гін де. Ересек 

адам  өзінің  сана-сезімінің  жо ға ры лығымен 

ерекшеленеді.  Ол  өз-өзін  бас қа ра  алатын, 

өз-өзін  таныта  білетін  тұл ға лармен  қарым-

қатынаста,  моральді-адам гер ші ліктік  қарым-

қатынаста  жоғары  тұра  біліп,  материалдық 

тұрғыда ешкімге тәуелсіз бола ды.

Ғалымдардың  пайымдарына  сүйене  оты-

рып, арнайы бір іспен шұғылданатын өз өмі-

ріне жауапкершілікпен қарайтын әрбір адам 

ересектер қатарына жатқызады деуге бола ды. 

Әрбір  ересек  адамның  қайталанбас 

мінезге  ие  тұлға  болуына  байланысты, 

мынадай ішкі психологиялық мотивацияларын 

атап  өтуге  болады:  өз  танымдық  қажеттілігін 

өтеуі;  жаңа  дағдыны  қолданып  қанағаттануы; 

оқудан  қанағат  алу;  мүдделері  ортақ  адам-

дар мен  кездесу  үшін;  жұмыста  табысқа  жету 

үшін;  басқа  қажеттіліктерді  өтеу  үшін,  т.б. 

Ал  сыртқы  әлеуметтік  мотивациялар:  жаңа 

жұмыс  қызмет  бабында  жоғарылау,  жаңа 

тех но ло гияларға 

бейімделу, 

айырылысу, 

үйлену  (тұрмысқа  шығу),  сияқты  өмір  сал-

тын  өзгертетін  оқиғаларды  дұрыс  мең ге ру 

үшін  оқу  тәжірибесін  жинақтайды.  Ере сек 

адамдардың  балалардан  айыр ма шы лық та ры-

ның  бірі  –  қалыптасқан  физиологиялық  жә-

не  психологиялық  қызметтерді  меңгеруі  мен 

эмоционалдық-еріктілігінде.  Сонымен  қа-

тар,  ересек  адам  өзінің  сана-сезімінің  жоға-

ры лы ғы мен  ерекшеленеді,  өз-өзін  бас қа ра 

алуымен,  өзге  тұлғалармен  қарым-қаты наста 

өз-өзін  таныта  білуімен,  өзінің  мораль дік-

адамгершіліктік  деңгейін  қарым-қатынаста 

жоғары көрсете білуімен, мате риал дық тұрғыда 

ешкімге тәуелсіз болуымен сипат талады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Түркпен-ұлы Ж, Мұздыбаева Б. Тәрбие психологиясы. – Алматы: Зият-Пресс, 2008.-

144 б.

2 Қожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика.  – Алматы: 



Ғылым, 1998. - 317 с. 

3  Өтешова  Б.Қ.  Ұлт  ұрпағының  дүниетанымын  халық  тағылымы  арқылы  дамыту.   – 

Алматы, 2007. -168 б.


41

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

ӘОЖ 39


Б.М. Аташ

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия кафедрасының аға оқытушысы, философия 

ғылымдарының докторы

Р.Сауытбаева 

ҚазМемҚызПУ Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы, магистр

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҢ КӨҢІЛ-КҮЙ ДИНАМИКАСЫ: НАРЫҚТЫҚ

ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ, МАҚСАТТЫҚ АРНАЛАР

Мақалада  халқымыздың  психологиялық  көңіл-күйі  Қазақстан  тәуелсіздік  алған 

жылдардан бастап, бүгінгі күнге дейін материалдық жағдайға, нарыққа бейімделушілікке 

байланысты  талданды.  Талдау  барысында  халықтың  көңіл-күйінің  бірте-бірте  артып 

отырғандығының динамикасы анық байқалды. Осыған байланысты, халықтың материалдық 

жағдайының артып отырғандығы да жанама түрде көрсетілді, түптеп келгенде, нарықтық 

сананың қалай өрбіп келе жатқандығы туралы тұжырымдар жасалды. 

Түйін  сөздер:  Адамзат,  Қазақстан,  психологиялық  көңіл-күй,  болашаққа  сенім, 

дағдарыстар, материалдық жағдай, қоғамдық сана, нарық, құндылықтар

В  статье    психологический    настрой    нашего    народа    был    проанализирован    по 

материальному состоянию, адаптации к рынку с года приобретения Независимости до наших 

дней. В ходе анализа заметка динамика роста народного настроя. В связи с этим, показано 

улучшение материального состояние народа. В итоге, сделаны выводы о том, как развивается 

рыночное восприятие.



Ключевые слова: человечество, Казахстан, психологический настрой, вера в будущее, 

кризисы, материальное положение общественное сознание, рынок, ценности.

In  the  article  the  psyhchological  mood  of  our  people  was  analysed  on  the  material  state, 

adaptations to the market from the year of acquisition of independence to our days. During an 

analysis there is a note of loud speaker of height of folk mood. In this connection, an improvement 

is  shown  material  the  state  of  people.  In  the  total,  drawn  conclusion  about  that,  how  market 

perception develops.



Keywords:  humanity,  Kazakhstan,  psychological  mood,  faith  in  the  future,  crises,  material 

position is public consciousness, market, values.

Адамзат  қоғамы  тарихындағы  бар лық 

үдерістер  тұтасынан  алғанда,  адам  пси хи-

ка   сымен тікелей шартталып отырылады не  -

месе  одан  тыс  бола  алмайды  деп  айта  ала-

мыз.  Сондықтан,  психология  ғылымы  ның 

дамуына,  оның  ғылыми  пәнаралық  интег-

ра ция лануына байланысты қоғамдық саяси-

әлеуметтік өмірді зерттейтін салалар өркен-

дей  бастады. 

Саяси өмір жағдайының ортақтығы негі-

зін де  адамдар  ұжымдарында,  әлеуметтік 

топ тар да,  жеке  адамдарда  туындайтын 

сезімдердің,  көңіл-күйдің,  әдет-ғұрып тар-

дың,  мінездің  ерекше  белгілеріне  назар  ау-

да ру  қажеттігіне  баса  көңіл  бөлетін–саяси 

пси   хо логия,  қоғамдағы  болып  жатқан  өз-

герістердің барлығын топ, ұжым, қоғам пси-

хологиясымен тығыз байланыстыратын, тіп -

ті оған детерминанттайтын – әлеу мет та ну да -

ғы  психологизм  т.б.  қазіргі  кезде  өркениеті 

елдерде  қарыштап  дамып,  айтарлықтай 

мәр те беге  көтеріліп,  тіпті  таза  тәжірибелік 

бағыт та да оңды нәтижелерге жетіп келеді. 

Бұрын  саяси  идеология  психологиялық 


42

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

тәсілдерді стихиялы түрде қолданатын бол-

са,  қазір  жүйелі жоспарланған бағытта бұ-

қа ра   лық  сананы  тез,  қалай,  қандай  арнаға 

бұру қа жет  тігімен де шұғылданады. 

Олай  болса,  біздің  еліміздегі  халықтың 

психологиясын,  оның    жалпылама    даму 

бағы тын, түйткілді тұстарын зерттеу де тек 

ғылы ми-теориялық  қана  емес,  тәжірибелік 

маңызы  бар  іргелі  саяси-әлеуметтік 

мәселелердің бі рі  болып табылады. Осыған 

байланысты,  біз,  Қазақстан  тәуелсіздік 

алғаннан  кейінгі  қоғамдық  психологияны, 

әсіресе, 

халықтың 

кө ңіл 


күйінің 

динамикасына,  нарыққа  бейім де лу шілікті 



және  материалдық  жағдайды  негіз ге  ала 

отырып, жалпылама шолулар жасай мыз.

Тәуелсіздік  алған  жылдары  қоғамдық-

экономикалық  формацияның,  яғни,  социа-

лис тік  базистің  нарықтық  қатынастарға 

бет  бұрған  кезеңі  болатын.  Сондықтан  да, 

нарық тық сана әлі қалыптаспаған, кеңестік 

са на әлі өз күшінде сақталып тұрған шақ еді. 

Осыған  байланысты,  жалпы  қоғамдық 

психологияда: өткенді аңсаушылық (бәрібір 

сол бұрынғы қоғамға жуық арада ораламыз, 

бұрынғы  күйіміз  жақсы  еді,  шіркін  ком му-

низм болды ғой т.б. түсініктер), жаңаға үр-



ке  қараушылық  (сұрқия  капитализмнің  ке-

ліп  жеткендігі,  нарықтық  қатынастардың 

социодарвинистік  жақтарының  туғандығы, 

яғни,  қатаң  сұрыпталу  заманының  кел ген-

дігі) т.б. көңіл күй орын алды. Себебі, халық-

тың тұрмыс деңгейі тым төмен болды. Бұл 

шама мен 1989-1992 жылдар аралығы. 

Одан кейін, қоғамда түсінбеушілік дағ да-



рыстық психология орын алды: сана да ғы – бұ-

рын  «жағымды» кедейдің, ен ді «жа ғым сызға» 

айналуы,  «жағымсыз»  байдың  «жа ғым дыға» 

айналуы,  бұрынғы  алыпсатар  қылмыс кердің 

коммерсантқа  айналуы  сияқты  парадоктар, 

«заманға  бейімделген  жа ңа  тұрмысты  қалай 

бастау керек» де ген сияқты интроспекциялық 

сауалдар т.б. қоғамдағы жалпы психологиялық 

алаң ды  «кезіп  жүрді».  Кейбірінің  болмаса, 

көп ші лі гі нің  тұрмыс  деңгейі  төмен  болды. 

Жабайы нарық тық психология кең етек жайды 

(рэкетерлік,  қандай  жолмен  болсын  пайда 

та бу т.б.). Бұл шамамен, 1992-1995 жылдар 

ша ма сына сәйкес келеді.

Одан  соң,  нарыққа  бейімделуге  ұмты-

лу шы лық  психология  қалыптасты.  Қоғам-

дық  психология  түңілушіліктен,  бола шақ қа 

деген сенімсіздіктен азат болып, ин фан тиль-

діктен  арылу  қажеттігін  түйсініп,  «әр кім 

материалдық жағдайын өзі түзеу керек ті гі» 

туралы  ұстанымдар  қалыптасып,  ол  бір те-

бірте нығая түсті. Халық болашаққа мақ сат-

тар құра бастады. Материалдық жағдай жал-

пы лама алғанда, ілгері басты, бірақ жабайы 

на рық тық психология жалғасын тапты. Бұл 

шама мен 1995-1998 жылдарға сәйкес келеді.

Келесі  кезекте,  прагматистік  психология 



белең  алып,  жабайы  нарықтық  санадан,  өр-

ке ниетті  нарықтық  санаға  өту  кезеңі  бол-

ды:  пайда,  нәтиже,  іскерлік,  жетістік  т.б.  құн-

ды лық  болуы  тиіс  екендігін  қоғамдық  сана 

түйсінді.  Өткенді  аңсау  жойылды  десе  де 

болады,  адамдар  болашақпен  өмір  сүруге 

ұмтылды,  нарықтық  қатынастарға  бас  иді, 

оны  мойындаушылық  немесе  көнбістік 

психология орнықты. Халықтың, жалпы алған-

да,  материалдық  жағдайы  көтеріле  түс ті.   Бұл 

шашамен 1998-2002 жылдарға сәйкес ке ле ді.

Одан  соң,  қоғамдық  психологияда  әркім 

өз  болашағын  жасау  идеалы  құрылды. 

Нарық тық  қоғамға,  мемлекетке  деген 

жағым сыз көзқарастар сейіле бастады. «Өзі-

нің кемшілігін өзгеден көру» (түгелдей мем-

ле кет ке  жаба  салу)  проекциясы  қоғамдық 

сана да саналы-бейсаналы болса да түсінілді. 

Халық тың  тұрмыс  жағдайы  жақсара  түсіп, 

опти мис тік  пен  өзіне  ғана  сену  қажеттілігі 

тура лы  «Рух»  қалыптасты.  Бұл  шамамен 

2002-2005 жылдар шамасына сәйкес келді. 

Әрі қарай дүниеге көзқарастық пара диг-

ма өзгере бастады, санадағы психологиялық 

ре во люция  аяқталды,  қоғамдық  пси хо ло-

гия дағы халықтың көңіл күйінің жақсаруға 

қарай бет бұрған динамикасы өрістей берді. 

Әлеуметтік уақыттың қысқаруы адамдарды 

іскерлікке,  тәжірибеге  ұмтылдырды,  бос 

сөзділік  пен  құр  қиялдаудың  қажетсіздігін 

сезі ну  бас талды.  Жабайы  нарық  жойылып, 

«Пайдамен»  қатар,  «ұрпақ»,  «ілім-білім», 



43

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

«түсі ністік»,  «руханилық»,  «өзара  келісім» 

сияқ ты құндылықтар басты қажеттіліктердің 

бір і  не  айналды.  Яғни,  қоғамдық  санада  үс-

тем  дік  етіп  келген  «Пайда»  (әсіресе,  ма-

териалдық)  өзінің  таза  абсолютті  билігінен 

айрыла бастады, дегенмен, құндылық ретін де 

сақталды. Өнер мен ғылым өзінің заңды таби-

ғи мәртебесіне қарай бет түзеді. Бұл шамамен 

2005-2010 жылдарға сәйкес келеді. 

Одан  соң,  «қанағатсыздық  пен  шүкір-

шіл дік»  дилеммасының  заманы  келді,  плю-



ралистік-постмодернистік  дүниеге  көз қа-

рас  психологиясы  орнықты.  Яғни,  пайда-

құ мар лық  немесе  барға  қанағат  ету  сияқ ты 

парадигмалар өмір сүрудің негізгі ұс таным-

да рына айналды және осы бағытта қоғамдық 

психология  екіге  айрылды,  көптүрлі  және 

әрбағыттағы  дүниеге  көзқарастарға  да  ерік 

берілді. Халықтың тұрмыс жағдайы біршама 

жақсарды. Оптимистік көңіл-күй, болашаққа 

деген  сенім  және  оны  құру  модельдері, 

өмір лік  бәсекелестікте  жеңіске  жету,  өзінің 

тағды ры  үшін  жауапкершілік  т.б.  маңызды 

құндылықтарға  айналды.  Бұл  шамамен 

2010-2014 жылдарға сәйкес келеді. 

Әрине, бұлай   бөлу  шартты, субьектив-

тілік: бә  рін абсолоютті түрде бірдей бағалау 

мүм кін емес және әрбір психикалық қалып 

әркім де әр түрлі деңгейде, ол – жыныс, жас, 

ұлттық, кәсіптік, тағдырлық, жеке мате риал-

дық  жағдайлық  т.б.  ерекшеліктерге  бай ла-

ныс ты болып келетіндігі күмәнсіз. 

 Сонымен қатар, көрсетілген хронология 

да шартты, себебі, ол еліміздің  әр  аймағында, 

әр  облысында,  әр  отбасында,  тіпті,  әрбір 

адамда  әр  түрлі  кезеңдермен  шартталады, 

ажы ра тылған  кезеңдер  өзара  кірігіп  те  ке-

те ді.  Бірақ,  ғылымдағы  экстраполяция, 

жал пылау, орта есепке келтіру т.б. тәсілдер 

қашан да тұтас бір бейнені жасап шығаруды 

қалайды.

Сондықтан  біз  үшін  жалпылама  бейне 

маңызды.  Бұл  –  өткен  және  қазіргі  кезең 

«түсі рілімі».

Бұл өмір шындығының тәуелсіздік ал ған -

нан бүгінгі күнге дейінге жалпылама сурет-

темелік  бейнесі:  халықтың  көңіл-күйі  мен 

болашаққа  деген сенімнің бірте-бірте пози тив-

ті түрде  өрістеп  отырғандығы. Осы қазақстан-

дық  тұтас  бейнеге  байла ныс ты,  саясаттану  шы, 

әлеуметтанушы ғалым дар дың сараптамаларына 

назар  аударсақ,  біз дің  пікірлеріміз  де  қуаттала 

түседі.  Жас тардың  белсенділігі  2000  жылдан 

бас тап  күшейе  түсті  [1,25б.].  «Әлеуметтік  оп-

ти мизм  Қазақстанның  және  тәуелсіздік,  тұрақ-

тылық және экономикалық өсіммен туын да ған 

қазақстандықтардың  негізгі  артық шы лық тары 

болып  табылады»  [2,114б.].  Бүгінгі  қазақ-

стандағы  оптимизмді  С.Т.  Тәжібаев  пен  Т.А. 

Козырев  сынды  зерттеушілер  кезіндегі  «аме-

ри калық  арман»  сияқты  ұстанымдармен  бай-

ланыстырады да, бәйтерек рәмізінің ша быт та-

ндырушы ролін атап өтеді [3,121б.].

Келесі  кезектегі  ең  басты  және  күрделі 

мәсе лелердің бірі – «болашақтағы халықтың 

көңіл-күйінің  динамикасы  қалай  болмақ» 

деген сауалға келіп тіреледі.

Елдің  экономикалық-саяси,  әлеу мет тік -ру

­

хани тұрғыдан дамуының бас ты шарт тарының 



бірі  –  қоғамдық  пси хо ло гия да ғы  көңіл-күйге 

тікелей  байланысты  екен ді гін  тағы  да  ескере 

түссек,  келесі  кезекте  «ота нымызда  осындай 

оңды  көңіл-күй  кли матын  қалай  жалғастыру 

қажет және оны қалай өркендету керек» деген 

сауал  ма ңыз ды  бо лып  шығады.  Ол  үшін  дәл 

қазіргі көңіл-күй дің беталысының әртараптанған 

кел бетіне те ре ңі рек назар аударымыз қажет.

2013-2014 жылдардан бастау алған плю-

ра лис  тік психологияны біз шартты үшке бө-

ліп  көрсетуімізге болады: 

1.Депрессиялық  ахуал:  жастар  ара сын-

дағы  өмірден  түңілушілік,  әлемдік  эко но-

ми калық  және  экологиялық  дағдарыстар 

ая сындағы  алаңдаушылық,  осыған  сай 

ұрпақтың  қамын  ойлаушылық,  мате-

риалдық немесе әлеуметтік жағдайларына 

байланысты  ел  ішіндегі  бәсекелестік,  

моральдік  және  ұлттық  құн ды лық-

тардың  құлдыраушылығына  бай ла ныс ты 

күмәнданушылық,  жалпы  экзис тен циал-

дық  қанағатсыздық,  әлеуметтік  уақыт тың 

жеделдеуіне  байланысты  бәріне  үлгеріп 

қалу жанталасы т.б.

2. Қалыптылық жағдай: өзіне сенімділіктің 


44

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

нығаюы,  отбасылық  жеке  «қаржылық  қор-

лар ға»  деген  сенімділіктің  артуы,  өмір  сү ру 

менеджементін  игеріп  алушылықпен  жай  ба-

рақаттану,  еліміздегі  бейбітшілік  пен  тұрақ-

тылыққа  деген  ризашылдықтың  орны ғуы, 

«басқа салғанды көрерміз, елмен бірге міз» ғой 

деген шүкіршілдік ділдің қай та өрістеуі, өмірді 

оптимистік  бағытта  кө ре  білу  нүктесінен 

қараушылдықтың идео ло гия сы ның әсері т.б.

3.  Шабытты  идеал:  әр  бағыттағы  құр 

идеологиялар  мен  өмір  шындығын  түй сін-

геннен кейінгі даналық, «аз біліп, бәрін білу» 

экстазымен  өмір  сүру,  өмірді  шоу  ретінде 

қабылдау мен карнавалдандыру, өмірдің мәні 

тек  қана  байлық  емес  екендігіне  көз  жеткізу 

арқылы  –  әркім  өзі  қалаған  өмірін  сүруге 

құқық қа  деген  көңілі  толушылық,  біреулер 

дін  нен, біреулер нақ өмірдің өзі нен, біреулер 

сол адасудың өзінен, ал енді біреу лер тазалық 

пен адалдықтан, енді біреулер «бәрі де бәрібір» 

ұстанымынан өмірдің мағы на сын түйсіну т.б. 

Міне,  алдағы  еліміздегі  халықтың  көңіл-

күй  психологиясының  болашағын  осы 

үш  арна  арқылы  іздестіруіміз  орынды  деп 

ойлаймыз.  Бұл  жерден  мынадай  спекуляция 

жасау ға  болады:  қайсысы  артса,  болашақта 

сол болады. Сәйкесінше, оптимизм де, бей та-

рап  ты лық та, пессимизм де орнатуға болады. 

Ең  басты  сауал«шындығында  қалай  бо луы 

ық ти мал?». 

Ендеше,  нақты  тұжырым  жасамас  бұ рын, 

мынадай  формуланы  басшылыққа  алға ны-

мыз жөн: адамның психологиялық көңіл-күйін 

оның  материалдық  жағдайы  анық та майды, 

психологиялық  көңіл-күй,  сол  пси хо логиялық 

көңіл  күйдің  өзін  анықтай  ала  ды.  Ендеше, 

болашақтағы көңіл-күй - адамның материалдық 

жағдайы  немесе  өмі  рі нің  сәтті  болғандығы 

емес, «өзінің өмі рі не өзінің риза болушылығы» 

ықтимал деп бол жамд ай аламыз. Бұндай фокус 

адам зат тық  тәжі рибе  тарихында,  сонымен 

қатар  қа зақ  дүниетанымында  да  бұрыннан-ақ 

бар құ бы лыс.

Елбасы  Н.  Назарбаев  өзінің  соңғы  жол-

да уында  халыққа  оптимистік  көңіл-күй  ор-

на ту ды  да  назардан  тыс  қалдырған  жоқ. 

Біріншіден,  оның  еуропадағы  дағдарыстар 

тура лы  айтуы,  қайсібір  түңілушілік,  жа быр-

қау лық туғызу үшін емес, сол дағдарыстарды 

біздің  жеңе  білуге  тиіс  екендігі  туралы  ща-

быт және жеңетіндігімізге деген сенім ұялату 

еді. Екіншіден, ел ішіндегі болашаққа сенім-

нің маңызды ахуал екендігін түй сі ніп, жалпы 

өміршеңдікке  ұмтылатын  «Қазақстан-2050» 

стратегиясын 

әзірлеп, 

Мәң гі лік 

елді 

стратегиялық идеал ретінде ұсы нуын тағы да 



қайталап, нақтылап айтты [4,3б.]. Үшіншіден, 

бұл бағдарламалардың же мі сін, әсіресе, қазіргі 

жастар  көретіндігін  ба са  айтып,  жарқын 

келешектің үлгісін қа лып тастырған еді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет