Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата05.02.2017
өлшемі1,42 Mb.
#3474
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Ғабдолла Қажымұқан. Қазақ болсаң, қам жаса...// Қазақия: Республикалық қоғамдық-

саяси апталық. 29 қазан 2014 жыл,  – №43(49). – 32 б.

2  Назарбаев  Н.Ә.  Қазақстан  халықтары  Ассамблеясының  1–10  сессияларындағы 

баяндамалары жинағы (қазақ және орыс тілдерінде). – Астана: Елорда, 2005. – 440 б.

3 Назарбаев Н.Ә. Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу. – Қазақстанның жаңа 

мүмкіндіктері:  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.  Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан 

халқына Жолдауы // «Алматы ақшамы» газеті, № 13 (4258), 2 ақпан, сейсенбі, 2010 жыл, 

1–5-бб.

4  (Назарбаев  Н.Ә.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.  Ә.  Назарбаевтың 



«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауы // «Ана тілі» газеті, 

№ 5 (1050), 3-9 ақпан 2011 жыл, 1-3-бб.).

5 Тоқашбаев М. Дәуір дүрсілі: Публицистикалық шығармалар. – Алматы: Қазақпарат, 

2009. – 726 б.

6 Әлімұлы А. Өткірдің жүзі: Публицистикалық мақалалар жинағы. – Алматы: Қазығұрт, 

2011. – 520 б.

7  Назарбаев  Н.Ә.  Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты 

бағыты: Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың 

Қазақстан халқына Жолдауы // «Ана тілі» газеті, № 5 (1106), 2-8 ақпан 2012 жыл, 2-бет.

8 «Алаш айнасы» газеті,  –  № 14 (696), 28.01.2012 жыл, 2-бет.

9 Назарбаев Н.Ә. Избранные речи. Т. V. Кн. 2. 2008–2009 гг. – Астана: ИД «Сарыарқа», 

2010. - 468 с.

Көнеге зер салсаң, өнеге көп

Төрекелді Байтасов.


30

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ӘОЖ 371


Л.Қ.Бөлеева

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент,

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ МАТЕМАТИКАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ

ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНЫЛУ ЖАЙЛАРЫ

Мақалада бүгінгі таңда егемен Қазақ елінің білім беру жүйесінде жеке тұлғаға ұлттық 

тәрбие беру, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру міндеттерін шешуде халықтық 

математиканы  пайдалану  қажеттігі  өзекті  педагогикалық-әдістемелік  проблема  екендігі 

жайлы айтылған.

Түйін сөздер: педагогикалық-әдістеме, халықтық   математика, білім беру, патриотизм, 

жүйе.

В статье говорится о том, что в решении задач как национальное воспитание личности, 

формирование  нового  казахстанского  патриотизма  в  системе  образования  независимого 

Казахского  народа  в  настоящее  время,  использование  народной  математики  является 

необходимой актуальной педагогическо-методической проблемой.

Ключевые  слова:  педагогическая  методика,  народная  математика,  образование, 

патриотизм, система.

The article said that in the solution of problems as a national updringing of the person, the 

formation of a new Kazakhstan patriotism in the education system of the independent Kazakh nation 

currently  using  traditional  mathematics  is  necessary  relevant  pedagogical  and  methodological 

problem.

Keywords: pedagogical technique, folk mathematics, education, patriotism, system.

Қазақтың халықтық педагогикасының құ-

рам дас  бөлігі  халықтық  математиканы  зерт  -

теумен  және  оны  оқу-тәрбие  үрдісінде  пай  -

да лану  әдістемесін  жасаумен  қазақ  ғалым-

да  ры - тілшілер, әдебиетшілер, философтар, 

этно графтар,  математиктер,  математик-әдіс-

керлер,  педагогтар  айналысып,  бірнеше 

ғылыми еңбектер жазды.

Тілші академик  І.К.Кеңесбаев 1946 жы лы  

«Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының  хабар-

шы сы»  журналында  «Қазақтың  үш,  жеті, 

то ғыз  және  қырық  сандарына  байланысты 

ұғым дары» атты мақаласында сол төрт сан 

кез де сетін  сөздерге  мысалдар  келтірілген 

[1].


1966  жылы  академик  Ә.Марғұланның 

редакциясымен  шыққан  «Ежелгі  мәдениет 

куә лері» 

атты 


жинақта 

математик 

М.Исқақовтың  «Түркі  тілдес  халықтардың 

ежел гі  арифметикасы» атты көлемді мақа ла-

сын     да табиғаттан тікелей алған сандар, ерте-

де   гі халықтықтардың қалай санағаны, ежелгі 

түр кі лердің  арифметикасы,  жиі  айтылатын 

сан   дар, сан есімдер туралы түрлі халық тық-

тар дан шық қан ғалымдардың еңбектері ар қы-

лы тарихи мәліметтер берілген [2].

Ғалым-философтар Ә.Нысанбаев матема-

ти ка  мен  дін,  Ғ.Ақпанбек  қазақтардың 

дүние  та нымы туралы халқымыздың таным-

дық мұрасын ой таразысынан өткізіп, олар-

дың адам баласының ақыл-парасатына, көз-

қа ра  сына,  сана-сезіміне,  тәлім-тәрбиесі не 

күш   ті әсер ететінін жан-жақты әңгімелеген. 

Ал  ғалым-астроном  Х.Әбішев  қазақтардың 

ауыз  екі шығармашылығындағы астрономия 

жә не ауа райы элементтерін, ғалым-мате ма-

тик  М.Исқақов  қазақтың  байырғы  кален да-

рын зерттеп, қазақ халқының астрономиялық 



31

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ

және  метеорологиялық  білімдері,  этно граф 

С.Кенжеахметұлы  ұлттық  әдеп-ғұрып тар да-

ғы  1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 12 сандары туралы 

халықтық  түсініктердің  мәні  мен  маңызын, 

соларға  байланысты  туындаған  халықтық 

математикасының  пайда  болуы  мен  дамуын 

нақ ты дәлелдермен көрсеткен [3].

Әдебиетші  Ә.Доспанбетовтың  «Қырық 

қазы на» атты кітапшасында қазақ халқының 

ауыз әдебиетінде кездесетін ауызша есептер 

жинастырылған,  олардың  жауаптары  да 

берілген. 

Сондай-ақ 

әдебиетші-ғалым 

Ш.Ибраевтың  құрастыруымен  жарық  көр-

ген  «Соқыртеке»  кітабында  қазақтың  ауыз 

әде биетінің  балалар  ойындарындағы  есеп 

ойын дары,  олардың  мазмұны,  ойнау  ере-

же ле рі  қызықты  сипатталған.  Педагог-

ғалым  Е.Сағындықовтың  «Қазақтың  ұлттық 

ойындары» кітабының «Оймен келетін ойын-

дар» атты бөлімінде 30-дан аса ойын есеп те рі, 

олардың жауаптары, балалардың ақыл-ойын 

дамытуға  тигізетін  әсерлері  мен  ықпал дары 

көрсетілген [4].

Математик-әдіскерлер  Қ.Нұрсұлтановтың 

«Ертегі  есептері»,  С.Елубаевтың  «Қазақтың 

ауызша  есептері»,  «Қазақтың  байырғы 

қара  есептері»,  «Дидактикалық  ойындар 

және  логикалық  есептер»,  М.Сәрсекеевтің 

«Тәр бие леуші  есептер»,  Л.Жакупованың 

«Математикалық  сандықша»  есеп  жи на-

ғы»  атты  оқу  құралдарын  мектептегі  мате-

ма тика 

пәндерінің 

бағдарламаларына 

ен діру  үшін  шығарылған  [5].  Мысалы, 

С.Елубаевтың  «Қазақтың  байырғы  қара 

есептері»  көлемді  есеп  кітабында  қазақ 

халқының  ауызша  тараған  математикалық 

есептері  жинақталып  жүйелеген.  Кітаптың 

бірінші  бөлімінде  қазақтың  байырғы  қара 

есептері  (118  есеп)  мен  олардың  шешулері 

мен  жауаптары,  ауыз  әдебиетінің  жұмбақ 

есептері,  ұлттық  ойын дары,  сандар  сыры, 

екінші  бөлімінде  қазақтың  математикалық 

мәдениеті  тарихи  шолу  және  қазақ 

математиктерінің өмірбаяндары мен ғылыми 

еңбектеріне  талдау  жасалынған.  Сол  ав-

тордың «Дидактикалық ойындар және логи-

ка лық есептер» құралында 1 класс үшін - 45, 

2 класс үшін – 36, 3 класс үшін - 36 ойын-

ло ги калық есептер құрастырылып, олардың 

жауаптары мен шығарылу жолдары бойынша 

нұсқаулар жасалынған. Ал, Л.Жакупованың 

«Математикалық сандықша» есеп жина ғын-

да   оқушыларға  адамгершілік,  азаматтық, 

пат риоттық  және  дәстүрлі  отбасылық  тәр-

бие  беруде  қолданылатын  есептер  «Қазақ 

от басы»,  «Қазақтардың  шаруашылығы», 

«Қазақтардың  әртүрлі  құқығы»,  «Қазақша 

сән дік  бұйымдар»,  «Қазақ  халқының  тари-

хынан» тараулары бойынша есептер құрас-

ты ры лып,  олардың  шығарылу  жолдары 

беріл ген.

Қазақтың халықтық математикасын үздік-

сіз білім беру жүйесінде пайдалану бойын-

ша бірнеше диссертациялық жұмыстар қор-

ға лып, олардың нәтижелері оқу-әдістемелік 

құралдар  болып  жарық  көрді  [6].  Мысалы, 

ең  алғашқы  жұмыс  1975  жылы  қорғалған 

Қ.Нұрсұлтановтың  «Очерки  истории  мате-

ма ти ческих  знаний  в  Казахстане  и  воп ро-

сы  использования  ее  материалов  в  педа-

гогическом  процессе  казахской  школы» 

тақырыбына  орындаған  кандидаттық  дис-

сер тациясында 

халықтық 

математика, 

халықтық  педагогика,  революцияға  дейінгі 

Қазақстанда  мектептік  оқытудың  әртүрлі 

жүйесінде  математиканы  оқытудың  жайы, 

қазіргі  қазақ  мектептерінде  математиканы 

оқытудағы  тарихилық  элементтер  туралы, 

К.А.Өтееваның  диссертациясында  қазақ 

бастауыш  мектебінде  математиканы  оқы-

ту да  ұлттық  ерекшеліктерді  ескерудің  әдіс-

темелік  жағдайлары,  Р.М.Сыздықтың  дис-

сер тациясында  мектеп  жасына  дейінгі  ба-

ла  лардың  математикаға  қызығушылығын 

ха лық педагогикасы негізінде қалыптастыру 

әдістемесі,  Н.Н.Медебекованың  жұмысында 

бастауыш  сыныптардың  математика  сабақ-

та р  ында  ұлттық  және  дидактикалық  маз-

мұн ды  есептерді  пайдалану  арқылы 

оқу шы лардың 

көзқарасын 

дамыту, 

Г.Н.Жолтаеваның  диссертациясында  негізгі 

мек теп  те  математиканы  оқыту  процесінде 

этно  пе дагогика  элементтерін  пайдалану 

әдіс  те ме сі,  Ә.С.Сәрсекеевтің  жұмысында 


32

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

математиканы 5-9 сыныптарда оқытуда қазақ 

этнопедагогикасы  элементтерін  ұтымды 

пайдалану мәселелері қарастырылған.

Зерттеу нәтижелері әдістемелік құралдар 

болып,  мектеп  мұғалімдеріне  оқушыларға 

ұлттық тәрбие беруде қолдануға ұсынылған. 

Мысалы, С.Елубаевтың «Ұлттық мазмұнды 

есептерді математиканы оқытуда пайдалану», 

Т.Р.Әлімбайдың  «Математикадан  кластан 

тыс  жұмыстар  және  халық  есептері», 

Р.Р.Бөрібекованың «Қазақ этнопедагогикасы 

материалдарын  математика  сабағында  пай-

да лану»,  С.Т.Ерназарованың  «Бастауыш 

мек тепте қазақтың қызықты математикасын 

пай далану бойынша әдістемелік нұсқаулар», 

С.А.Ұзақбаева мен Қ.С.Сарбасованың «Бас-

тау ыш  сыныптардағы  математика  сабақ-

та рында  қазақ  этнопедагогикасын  пайда-

лану»,  А.Е.Әбілқасымова,  С.А.Ұзақбаева 

мен  Қ.А.Сарбасованың  «Қазақ  этно пе-

да го ги касы  материалдарын  матема тика-

ны  оқыту  әдістемесінде  пайдалану», 

А.Е.Әбілқасымованың  «Ұлттық  мектептер 

үшін  этнопедагогика  элементтерін  мате-

ма ти калық  білім  мазмұнына  алыну  мәсе-

ле сі не»,  Ф.Қарғабаева,  т.б.  «Математика 

саба ғын да  бастауыш  сынып  оқушыларына 

ұлт тық  тәрбие  беру  жолдары»,  Р.Сыздық 

«Ха лық педагогикасы негізінде балалардың 

мате  ма ти каға  қызығушылығын  арттыру» 

құрал дары шықты [7].

Сонымен,  бүгінгі  таңда  егемен  Қазақ 

елінің  білім  беру  жүйесінде  жеке  тұлғаға 

ұлт тық тәрбие беру, жаңа қазақстандық пат-

риотизмді  қалыптастыру  міндеттерін  ше-

шу де  халықтық  математиканы  пайдалану 

қа жет тігі  өзекті  педагогикалық-әдістемелік 

проблема болып отыр.

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Кеңесбаев І. Қазақтың үш,жеті,тоғыз және қырық сандарына байланысты ұғымдары // 

Қазақ ССР Ғылым академиясының хабаршысы, 1946, № 4 (29). 

2 Ежелгі мәдениет куәләрі / Редакциясын басқарған Қазақ ССР Ғылым академиясының 

академигі Әлкей Марғұлан. - Алматы: Қазақстан, 1966. - 103-143 б.

3 Нысанбаев Ә., Математика мен дін. - Алматы: Қазақстан, 1966; 

4 Ақпанбек Ғ. Қазақтардың дүниетанымы. - Алматы: Қазақ университеті, 1993.-54 б.; 

5 Абишев Х. Элементы астрономии и погода в устном народном творчестве казахов. - 

Алма-Ата: АН Казахской ССР, 1949. - 38 с.; 

6 Исқақов М. Қазақтың байырғы календары. - Алматы: Қазақстан, 1960. - 96 б.; 

7 Кенжеахметұлы С. Ұлттық әдеп-ғұрыптың беймәлім 220 түрі. - Алматы: Санат, 1998. 

- 256 б. 

8 Қырық қазына: Қазақ халқының ауызша есептері / Құраст. Ә.Доспанбетов. - Алматы: 

Мектеп, 1987. - 96 б.; Соқыр теке / Құраст. Ш.Ыбраев. - Алматы: Өнер, 1990. – 176 б.; 

9 Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. - Алматы: Рауан, 1991. - 176 б. 

10 Нұрсұлтанов Қ. Ертегі есептері. – Алматы: Мектеп, 1971. - 110 б.; 

11 Елубаев С. Қазақтың ауызша есептері. – Алматы: Рауан, 1992. - 105 б.; 

12 Дидактикалық ұлттық ойындар және логикалық есептер. – Алматы: Дәуір, 1995. – 

34 б.; 

13 Қазақтың байырғы қара есептері. - Алматы: Қазақстан, 1990. - 144 б.; 



14 Сәрсекеев М. Тәрбиелеуші есептері. - Алматы: Мектеп, 1996. - 31 б.; 

15 Жакупова Л. Математикалық сандықша. - Алматы: Дарын, 2004. - 82 б.

16 Диссертациялар: Нұрсұлтанов К. Очерки истории математических знаний в Казахстане 

и  вопросы  использования  ее  материалов  в  педагогическом  процессе  казахской  школы.  - 

Алматы, 1975; 

17  Жолтаева  Г.Н.  Негізгі  мектепте  математиканы  оқыту  процесінде  этнопедагогика 

элементтерін пайдалану әдістемесі. - Алматы, 1999; 


33

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ

18 Медетбекова Н.Н. Развитие кругозора школьников путем использования игровых задач 

национального и дидактического содержания на уроках математики в начальных классах. - 

Шымкент, 2010; 

19 Сәрсекеев Ә.С. Математиканы оқытуда қазақ этнопедагогикасы элементтерін ұтымды 

пайдалану (5-9 сыныптар негізінде). – Алматы, 2005; 

20 Сыздық Р.М. Мектеп жасына дейінгі балалардың математикаға қызығушылығын қазақ 

халық педагогикасы негізінде қалыптастыру әдістемесі. - Алматы, 2001; 

21  Утеева  К.А.  Методические  условия  учета  национальных  особенностей  в  обучении 

математике в начальной казахской школе. - Алматы, 1994.

22 Елубаев С. Ұлттық мазмұнды есептерді математиканы оқытуда пайдалану. - Алматы: 

ҚазМемҚызПИ, 1995. - 27 б.; 

23 Әлімбай Т.Р. Математикадан кластан тыс жұмыстар және халық есептері. - Алматы: 

Рауан, 1997. – 80 б.; 

24  Бөрібекова  Р.Р.  Қазақ  этнопедагогикасы  материалдарын  математика  сабағында 

пайдалану. - Алматы: АлМУ, 2000. – 42 б.; 

25  Ерназарова  С.  Методические  рекомендации  по  использованию  казахской  народной 

занимательной математики в начальной школе. - Алматы: Өнер, 2000. - 28 с.; 

26 Ұзақбаева С.А., Сарбасова Қ.С. Бастауыш сыныптардағы математика сабақтарында 

қазақ этнопедагогикасын пайдалану. - Алматы: Алатау, 1997. - 33 б.; 

27  Әбілқасымова  А.Е.,  Ұзақбаева  С.А.,  Сарбасова  Қ.А.  Қазақ  этнопедагогикасы  мате-

риалдарын математиканы оқыту әдістемесінде пайдалану. - Алматы: Алатау, 1995. – 39 б.; 

28  Абілқасымова  А.Е.  К  вопросу  отбора  содержания  математического  образования  с 

элементом этнопедагогики для учащихся национальных школ. - Алматы: РУМКМО, 1996. 

- 25 с.; 

29  Қарғабаева  Ф.,  т.б.  Математика  сабағында  бастауыш  сынып  оқушыларына  ұлттық 

тәрбие беру жолдары. – Тараз: ТарМУ, 2004. - 79 б.; 

30 Сыздық Р. Халық педагогикасы негізінде балалардың математикаға қызығушылығын 

арттыру. - Алматы: АлМУ, 1998. - 56 б.

Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика



М.В.Ломоносов.

34

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ӘОЖ 37.37. 03



С.Т. Иманбаева

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің

«Ұлттық  тәрбие  және  өзін-өзін  тану»  кафедрасының  меңгерушісі,  п.ғ.д.,  профессор, 

ХПБҒА-ның академигі

А.Р.Сансызбаева

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Әлеуметтану» мамандығының 

1– курс магистранты

АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕКТІҢ «ҚАЗАҚ ӘЛЕМІ» АТТЫ ЕҢБЕГІНІҢ «ҚАЗАҚ ЕЛІ – 

МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫН ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ ТАРИХИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Мақалада  Ақселеу  Сейдімбектің  «Қазақ  әлемі»  атты  еңбегі  қазақ  болмысын,  тарихын 

зерделеуге арналған, бүкіл қазақ даласын тербеткен тарихи құнды еңбек, ұлт руханиятының 

құнды  қазынасы  екеніне  тоқталады.  Оның  әр  шығармасында  қазақ  еліне  тән  тектілік, 

бекзаттылық,  ұлттың  биік  рухы  дәріптеледі.  «Қазақ  әлемі»  -  бүгінгі  Елбасының  ұсынып 

отырған «Қазақ елі - Мәңгілік ел» атты ұлттық идеясын іске асыруда негізгі тарихи ұстаным 

болатыны мақалада сараланып беріледі.

Түйін  сөздер:  Қазақ  әлемі,  қазақ  болмысы,  ұлт  руханияты,  тектілік,  бекзаттылық, 

ұлттық биік рух, қазақ елі, мәңгілік ел, тарихи ұстаным.

В статье рассматривается труд Акселеу Сейдимбека «Қазақ әлемі», который посвящен 

изучению бытия и истории казахского народа. Автор указывает, что труд имеет историческую 

и  национальную  духовную  ценность.  В  каждом  произведении  автора  восхваляются 

высокий  национальный  дух,  знатность  и  благородность,  которые  присущи  казахам.  В 

статье  подчеркивается,  что  труд  «Қазақ  әлемі»  может  быть  историческим  принципом  в 

осуществлении национальной идеи Президента «Қазақ елі – Мәңгілік ел»

Ключевые слова: Казахский мир, казахское бытье, национальная духовность, знатность, 

благородность, высокий национальный дух, вечная страна, исторический принцип.

The article discusses the work of Akseleu Seydimbek “Kazakh alemi”, which focuses on the 

life and history of the Kazakh people. The author points out that the work has a historical and 

national spiritual values. In each work, the author praised the high national spirit, nobility and 

nobility inherent in the Kazakhs. The article emphasizes that the work of “Kazakh alemi” may be 

the historical principle in the implementation of the national idea of the President of «Қазақ елі – 

Мәңгілік ел».

Keywords:  Kazakh  world,  Kazakh  mode  of  life,  national  spirituality,  nobility,  noble,  high 

national spirit, the eternal country, the historical principle.

Бүгінгі  Елбасы  ұсынып  отырған  «Қазақ 

елі - Мәңгілік ел» ұлттық идеясын іске асыру-

да ұлт зиялыларының ой тұжырымдарының, 

еңбек терінің, ғылыми көзқарастарының алар 

ор ны  ерекше.  Ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасқан 

ұлт  зиялыларының  артына  қалдырған  мұра-

лары  егемен  еліміздің,  қазақ  елінің  жас-

тарының бойындағы ұлттық, тарихи санасын 

қалыптастыруда  негізгі  ғылыми  тұғырнама 

болып табылады.

Осы 


тұрғыдан 

алғанда 


Ақселеу 

Сейдімбек тің «Қазақ әлемі» ғылыми еңбе гі-

нің «Қазақ елі - Мәңгілік ел» идеясын қоғамда 

қалыптастырудағы  тарихи  маңыздылығына 

келетін болсақ, ғалымның «Қазақстан үшін 

іргетасы болатын жалғыз идея бар. Ол - Қазақ 



35

ҰЛТТЫҚ РУХ

идеясы. Қазақ идеясы ғана Қазақстанды дер-

бес мемлекет ретінде даралап, жалпы қазақ-

стан  дықтардың бүгінгі және тарихи перс пек-

тивадағы  мақсат  -  мүдделеріне  іргетас  бо ла 

ала ды. Бұл тұрғыдан қазақ идеясын - ұлт  тық 

идея деп атауға болады», - деген ой - тұ жы-

ры  мы қазіргі таңдағы қазақ елі мәңгілік ел 

идея сымен ұштасып жатыр[1].

Ақселеу  Сейдімбектің  «Қазақ  әлемі»  ат-

ты  еңбегінің  «Ең  үздік  қазақ  кітабы»  деп 

бағалануы еңбектің тарихи, ғылыми ма ңыз-

ды лы ғын көрсетеді.

«Халықтың рухани әлемі де шимайлы із-

ге толы сонар секілді. Оның да ұзақ сонары, 

кел те сонары немесе қан сонары бар. Уақыт 

ара сы ұзаған сайын, ұзақ сонардағы із сияқты, 

халық  болмысының  байыбын  бажайлау 

қиындай  береді.  Халық  болмысының  өтке

­

нін,  бүгінін  және  болашағын  біртұтас  құ-



бы лыс  ретінде  қарағанда  ғана  шындықтың 

шоқ тығына қол тигізуге болады. Оның шы-

найы болмыс бітімі сол тұтас қалпында қа-

рас тыру  арқылы  танылады.  Яғни,  халық 

бол мы сының  ұзақ  сонары,  келте  сонары, 

қан сонары болғанымен мұның үшеуіде сол 

халық тың  біртұтас  ғұмырнамасы.  Өмірдің 

сабақтастығы  дейтін  құдірет  осы.  Бұл 

сабақтастықты терең сезіне отырып, қайдан 

шыққаныңды,  қай  өрістерді  шиырлап  жү-

ргеніңді,  енді  қайда  баратынынды  пайым-

дау ға  болады», 

­ 

дейді  [2].  Расында  да,  ға-



лым  халықтың  тарихи  болмысын  ашуды 

сонарға  теңей  отырып,  бастауы  мен  барар 

бағытын  білген  соң,  бітімі  мен  болмысын, 

парқы мен нарқын білуі қажет екенін, қазақ 

әлемінің мәдениет пен өнер, салт пен дәстүр, 

парасат  пен  кісілік,  тіл  мен  таным,  ұлттық 

психологиясы  елдің  елдігі  мен  бірлігін 

айқындайтын  негізгі  құндылықтар  жүйесін 

саралап береді. 

Өзінің  тарихқа  көзқарас  атты  тарих на ма-

сын да  «қазіргі  жер  басып  жүрген  қазақ тар 

Батыс тан Шығысқа қарай аттағандардың бә-

рін  ұлы  қолбасшылар  ретінде  танып,  олар-

дың үрім бұтақ зәузатына дейін жаттап өсті. 

Ал,  Шығыстан  Батысқа  қарай  жорық  жаса-

ған дар  шетінен  жабайылар,  қанішерлер  ре-

тін де  санаға  сіңді. 

Сонымен  қатар,  ға лым 

«Даланың  ауызша  тарихнамасы»,  «Қазақ-

тың  ауызша  тарихнамасы»  атты  тың  жанр-

лық  атаулар  дүниеге  келтіре  отырып,  хал-

қы мыздың  рухани  биік  парасаты,  төлтұма 

қасиет терін асқақтата отырып, қазақ ғибра-

тын  танытатын  қазақтану  ғылымының  не-

гі зін  салды.  Оның  әрбір  еңбегінде,  сөзінде 

көш пелі  жұрттың  өмір  тіршілігі,  ұлттық 

қасиетті қастерлеу, ұлттық ұғымдағы жөн – 

жобаны білу, қазақ жанының қисынды кел-

бе ті  бейнелей  отырып,  ұрпақтан  –  ұрпаққа 

жет кен сөздік қордың баюына ат салысты.

Қойшығара  Салғариннің  естеліктерінен 

ғұла ма ғалым туралы «Ақселеу Сейдімбек-

тің  азамат  ретіндегі  болмысын  айғақ-

тай тын  айқын  қасиеттерінің  ең  бас ты-

сы  –  оның  жалтақсыз  ұлтжандылығы.  Бұл 

ұлтжандылық  –  әйтеуір,  бір  ұлтқа  тие сі-

лі  болғандықтан  қиқуға  ілесетін  пен де  ші-

ліктен  ада,  халқының  қадір-қасие тін  терең 

танып-түсінуден  туындаған  құр бан шыл 

ұлтжандылық.  Содан  да  болуы  ке рек,  ол 

өзінің  ғылыми-шығармашылық  ізде ніс-

терінде ұдайы ұлттың рухани дәулетін есе-

леп, бұрын із түспеген соныға құлаш ұрып, 

жаңа лық қа  жаршы  болып,  әсіресе,  халық 

мұрасы ның  еленбей  жатқан  сырларын 

түген  деп отыруға айрықша құштар. Ол үшін 

қазақ  ұлтының  тарих  аясындағы  болмыс-

біті  мі  біртұтас  киелі  жаралым.  ...Ақселеу 

Сейдімбек  еңбектерінің  ұдайы  «қазақ»  деп 

бас тал ып отыратыны да көп жайтты аңғартса 

ке рек: «Қазақ әлемі», «Қазақтың қара өлеңі», 

«Қазақ тың күй өнері», «Қазақтың ауыз ша та-

рихы»,  т.б.  Сөз  жоқ,  осы  аталған  еңбек тер-

дің қай-қайсысы да тегеурінді де тың ой-тұ-

жырымдарымен  қазақтануға  олжа  сал ған, 

ешқашан ғылыми-танымдық мәнін жой май-

тын  өміршең дүниелер.

Ақселеу Сейдімбек бұрын жиналмаған да 

зерт телмеген қара өлең мен күй аңыздарын 

ал ғаш рет рухани айналымға түсірді; ал ғаш 

рет  қазақ  эпостарының  қара  сөзбен  наси-

хат талуына  мұрындық  болды;  алғаш  рет 

Гомер  туындыларын  қазақ  оқырмандарына 

таныс тыр ды;  алғаш  рет  тарихты  жеке 



36

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

тұлғалар арқылы зерттеу идеясына ден қой-

ды; Қазақстанда этнографиялық және этно-

логиялық  ізденістердің  жандануына  ық-

пал  етті;  сөйтіп,  көшпелілердің  төлтума 

мәде ниеті  деген  категориялық  ұғымның 

орны ғуына  тегеурінді  үлес  қосты;  қазақ-

тың музы калық мәдениетінде бес мектептің 

барын  алғаш  рет  саралап  танып,  олардың 

даралық 


сипаты 

мен 


типологиялық 

тұтастығын  айғақтап  берді;  қазақтың  ән 

өнерінің тарихи-эстетикалық қасиетін алғаш 

рет  кешенді  қалпында  танытуды  мақсат 

еткен  телехабарлар  сериясын  жасады; 

қазақтың  ру-тайпалық  жүйесін  алғаш  рет 

тарихи-этнологиялық, 

әлеуметтік-саяси 

жә не  мәдени-рухани  аяда  зерделеп,  қазақ 

ше жі ресінің  қазақ  тарихына  қатысты  түп 

дерек темелік  мән-маңызын  ашып  берді; 

...халықтың рухани дәулетін сабақты жібіне 

дейін  түгендеуді  мұрат  тұтқан  ұлтжанды 

азаматтың  қам-қарекеті  екені  кім-кімге 

де  күмән  келтірмесе  керек.  Осындай 

қасиеттерінің  арқасында  оның  есімі  халық 

арасында айрықша құрметке ие». 

А.Сейдімбек  мұраларының  ішінде  зерт-

тел ген,  жинақталған  дүние  қазақ  елінің 

шежіресі.  Оны  ол  өз  ғылыми  еңбектерінде 

баса  айтты.  «Менің  қолыма  1,5-2  мыңдай 

шежіре түсті. Оның ішінде кейбір шежірелер 

былай басталады. «Мен өзім бір ғасырға куә 

болдым. Тағы бір ғасырға куә болғандардың 

сөзін естідім. Менің бойымда екі ғасырдың 

ақиқат  сөзі  бар».  Ал  екі  ғасырлық  тарихы 

жоқ  елдер  бар.  Екі  ғасырлық  ақиқат  сөз 

шежіреде тұр. Оның үстіне соңғы екі ғасыр 

қазақ  тарихындағы  өте  тағдырлы  ғасырлар 

болды.  Демек,  шежірелік  айғақ-деректі  көз 

көре  отырып,  оны  қорытып,  пікір  біл дір-

меу  менің  рухани  бағыт-бағдарым  үшін 

қылмыспен  пара-пар  шаруадай  еді...». 

Расында  да,  ғалымның  жинақтаған  дү ние-

ле рі, деректері бүгінгі «Қазақ елі – Мәңгілік 

ел» тарихнамасында негізгі құнды мұра бо-

лып  табылады. 

«Балталы  бағаналы  ел  аман  бол»  атты 

шежірелік  еңбекте  де  ұлы  дала  тарихына 

шо лу  жасай  отырып,  үш  жүздің  құрамын, 

дала лық  ауызша  шежіреге,  Еуразия  көш-

пе лілерінің,  оның  ішінде  түркі  тілдес 

халықтардың  тарихына  біртұтас  құбылыс 

ретінде  ден  қойып,  жүйелілік  тұрғыда 

қарастырады.  Халқымыздың  дәстүрлі  ше-

жі ре шілдігіне құнды дерек көзі ретінде мән 

беріп,  Шыңғыс  ханнан  бастап  хандар  мен 

сұл тандардың  тарихы,  түркі  халықтарының 

ұлт ретінде қалыптасуы туралы сыр шертеді, 

ал үлгі үшін Найман тайпасының, оның Бал-

та лы, Бағаналы руларының шежіресін тара та-

ды. Ол «қ

азақ шежіресі өзінің тарихи дерек-

терге  қанықтығы  мен  шыншылдығы  жөні-

нен, тарихи таным үшін мейлінше құн ды көзі 

болып табылады», 

­ 

деп ерекше мән бе ре ді.



Сонымен  қатар,  ғалымның  руларға  бөлу 

туралы «тұңғыш рет қазақ ру-тайпаларының 

этникалық  бөлік  емес,  бұл  әкімшілік-

аумақтық,  территориялық  бөлік  екенін 

қолмен  ұстатқандай  дәлелдеп  отырмын. 

Демек, жүзге бөліну деген сөз барып тұрған 

ақымақтық, төл тарихын білмеушілік болып 

шығады...»  деген  қағидасы  - 

XV  ғасырдың 

ортасында  Қазақ  хандығының  құрылғанда 

мемлекет  іргесін  қалыптастыру  үшін 

тайпалық,  рулық,  жүздік  құрылымдардың 

жасақталғанын  негізге  ала  отырып,  б

үгінгі 


таңдағы  руға  бөлуге  байланысты  көптеген 

келеңсіз  жағдайларға  тосқауыл  беретін  бір-

ден - бір ұстаным болары дау туғызбайды.

Расында,  Ақселеу  мұрасын  тану 

  ұл ты-


мыз дың кешегі мен бүгінін зерделеу, көшпелі 

жұрттың  өмір  тіршілігін  тану,  қат 

– 

қабат 


тарихты терең зерттеген, соңын сырына терең 

бойлатқан ғұлама 

– 

ғалым. Белгілі журналист 



Нұртөре Жүсіптің «Ұлан ғайыр қазақ әлемін 

түрек салып зерттеген адам бол са, сол адам 

осы - Ақселеу Сейдімбек. Аханның әлемі, ол - 

Алаш әлемі, Ахаңның әлемі ол - қазақ әлемі».

Оның  соңғы  ескерткіш  тасына  ойып 

жа зыл ған  «Көктегі  күнге,  жердегі  елге 



мейі рі мім  қанбады»  деген  ғибрат  сөзінен, 

еңбектерінен Ақселеу әлемінің өзіндік дара-

лы ғы мен даналығын, артындағы ұрпағына 

қал дырған  қайталанбас  жауһар  мұралары 

ар қы лы  алаш рухын, қазақ рухын мәңгі сөн-

дір мей тін асыл қазына екенін көруге болады



37

ҰЛТТЫҚ ДІЛ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет