Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата05.02.2017
өлшемі1,42 Mb.
#3474
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Казахстанская молодежь на рубеже веков. – Астана: Елорда,2000. -144с.

2  Шәукенова  З.К.  Қазақстан  Республикасындағы  идеологиялық  конструкциялау: 

монография.-Алматы: ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты,2013.-

218б.

3 Тәжібаев С.Ж.,  Козырев Т.А. Роль  символов в  становлении  национальной  идентичности 



и вклад Первого Президента Республики Казахстан в развитие казахстанской символики/ 

Роль идентичности в истории: материалы международной конференции.-Астана, 2007.-312 

с.

4  Нұрлы  жол  –  путь  в  будущее.  Послание  Главы  Государства  Народу  Казахстана//



Казахстанская правда.-12 ноября.-2014. – №221.-С.1-3.

45

ҰЛТТЫҚ ПАТРИОТИЗМ

ӘОЖ 39.394



С.Т Иманбаева

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің

«Ұлттық тәрбие және өзін өзі тану» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор, 

ХПБҒА-ның академигі

Абдулла Оразкүл

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Филология институты 5В011700 - Қазақ тілі мен 

әдебиеті мамандығының 2курс студенті

«НҰРЛЫ ЖОЛ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ»  –  ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ 

ПАТРИОТИЗМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ КЕПІЛІ

Мақалада Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастау жолы» атты Қазақстан халқына 

Жолдауында - жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру XXI ғасырдағы Қазақстан 

мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры, жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі 

–  Мәңгілік  Ел,  ол  –  барша  Қазақстан  қоғамының  осындай  ұлы  құндылығы  тұрғысынан 

саралай отырып, ұлттық патриотизм ұғымының мағынасын ашып көрсетеді.



Түйін сөздерхалық, ұлттық, патриотизм, құндылық, болашақ, идея.

В  статье  проанализировано  Послании  Президента  «Нұрлы  жол  –  путь  в  будущее» 

народу  Казахстана,  именно  то,  что  формирование  нового  казахстанского  патриотизма 

непоколебимый  идейный  постамент,  новый  казахстанский  патриотизм  –  это  Вечная 

Страна,  это  –  великая    ценность  целого  Казахского  общества,  также  раскрыто  значение 

национального патриотизма



Ключевые слова: народ, национальный, патриотизм, ценность, будущее, идея.

In the article it is analysed Message of President of «Нұрлы жол is a way in the future» of 

people  of  Kazakhstan,  exactly  that,  that  forming  of  new  Kazakhstan  patriotism  a  steadfast 

ideological pedestal, new Kazakhstan patriotism, is Eternal Country, it is a great value of whole 

Kazakh society, the value of national patriotism is also exposed.

Keywordspeople, national, patriotism, value, future, idea.

Қазақстан  Республикасы  Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың  2014  жылғы  11  қара ша-

да ғы  Жолдауында  жаңа  қазақстандық  пат-

рио тизм ді  қалыптастыруға  аса  мән  берді. 

«Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Ел-

ді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің да му 

даңғылын  Нұрлы  Жолға  айналдырдық.  Қа-

жыр лы еңбекті қажет ететін, келешегі ке мел 

Нұрлы  Жолда  бірлігімізді  бекемдеп,  аян-

бай тер төгуіміз керек. Mәңгілік  Ел – елдің 

бірік тіруші  күші,  ешқашан  таусылмас  қуат 

кө зі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының 

ға на  емес,  XXI  ғасырдағы  Қазақстан  мем-

ле ке ті нің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа 

Қазақстандық  патриотизм  дегеніміздің  өзі 

–  Мәңгілік  Ел!  Ол  –  барша  Қазақстан  қо-

ға мының  осындай  ұлы  құндылығы.  Өт кен 

тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақы ты мыз-

ға  мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім 

де  «Мәңгілік  Ел»  деген  құдіретті  ұғымға 

сый ып  тұр.  Отанды  сүю  –  бабалардан  ми-

рас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көз дің 

қарашығындай  сақтау,  өз  үлесіңді  қо сып, 

дамыту  және  кейінгі  ұрпаққа  ама нат  етіп, 

табыстау деген сөз. Барша қазақ стан дық тар-

дың  жұмысының түпкі мәні – осы!

«Мәңгілік  Ел»  идеясының  бастауы  тым 

тереңде  жатыр.  Осыдан  13  ғасыр  бұрын 


46

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Тоны көк  абыз  «Tүркі  жұртының  мұраты  – 

Мәң гілік  Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің 

жал пы ұлттық  идеямыз  мемлекеттігіміздің 

тамы ры сияқты көне тарихтан бастау ала ты-

нын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өмір-

шең  ететін  –  Елдің  бірлігі.  Ауызбіршілік 

қаш қан,  алауыздық  тасқан  жерде  ешқашан 

да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. 

Қазақстанның  шыққан  шыңы  мен  бағын-

дыр ған биіктерінің ең басты себебі – бірлік, 

бере ке сі.

Біз  тұрақтылықты  бағалай  білгеніміздің 

арқа сын да  бүгінгі  табыстарға  жеттік.  Еш- 

к ім  ді  кемсітпей,  ешкімнің  тілі  мен  ділін 

мансұқтамай,  барлық  азаматтарға  тең  мүм-

кін дік беру арқылы тұрақтылықты нығай  тып 

келе міз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең 

басты байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек. 

Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір 

жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз [1].

Міне, бүгінгі Елбасының ұсынып отыр    ған 

ұлт   тық идеясы ата -бабаларымыз мұ рат  ет-

кен қазақ елін - мәңгілік ел ретінде қалып тас-

ты ру  қағидасы ұрпақтан - ұрпаққа жалғасын 

тау ып  отырғаны  белгілі.  Бабаларымыз  ар-

ман да ған ұлы мұрат іске асу үстінде.

Қазақ халқы елі мен жерін жауға бермей 

ұрпақтарына аманаттауы бұл ұлттық рухтың 

биік  шыңы  деуге  болады.  Қазақ  халқы  ның 

та рих ында ұлттық рухтың биіктеу шыңы әр 

кез ге тарихи оқиғалардан көрініс береді. Ол 

түр кі халқының ерлік дәстүрі, Алтын Орда тұ-

сындағы  және  ХҮI-ХҮIII ғасыр  лардағы қа-

зақ халқының басындағы қиыншылықтарға 

төтеп беруі, ХIХ  ғасырдағы  патша  саясатына 

қарсы күресі, ХХ ғасырдың басындағы қа  зақ 

зиялыларының ұлт тәуелсіздігі үшін атқарған 

ерен ерліктері, екінші дүниежүзілік соғысы, 

Желтоқсан  оқиғасы,  еліміз  тәуелсіздік  ал-

ған нан кейінгі тарихи оқиғалар, т.б.

Қазақ  деген  терминінің  өзі  ер,  ер  жүрек 

де ген мағынадан туындағандықтан, ұлттың 

бойындағы  қасиеттер  де  ұрпақтан-ұрпаққа 

жал ғас қан  мұра  іспеттес.  Философ-ға лым 

М.Изотов  патриотизмді  ұлттық,  жалпы-

ұлт тық  және  жалпықазақстандық  тұрғыда 

қарас тыра  отырып,  ұғымдарға  жеке-жеке 

тоқталады [2]. «Ұлттық патриотизм – өзі нің 

туған жеріне, өз ұлтының бірлігі, мә де ние ті, 

тілі, дәстүрлеріне деген сезімінен туын дай-

ды,   жалпыұлттық  патриотизм  –  Мемлекет 

ха лық тарының  бір  бөлігі  екенін  түсінуі, 

әртүр лі  ұлт  өкілдірінің  өз  Отанына  деген 

махаб баты  пен  шынайы  сүйіспеншілігі, 

жал пы қазақстандық  патриотизм  –  рес-

пуб ли ка  халықтарының  ажырамас  бөлігі 

екенін  түсінуі,  махаббат  сезімі,  Қазақ-

стан  Республикасына  деген  шынайы  сүйіс-

пен ші лі гі,  халық  пен  отанының  мүддесін 

қорғау азаматтық парызы» деген  тұжырым  

жасайды [2, 45].

Жалпы патриотизмді адамгершілік, сая си 

принцип  және  адалдық,  мақтаныш,  сүйіс-

пен шілік,  сезім  тұрғысынан  қарастырады. 

Пат риот тық тәрбиенің философиялық аста-

ры на, даму үрдісіне үңілетін болсақ, түп та-

мыры  Түркі  қағанатынан  бастау  алатынын 

ауыз  және  жазба  әдебиет  үлгілеріне  шо лу 

жасағанда  айқын  аңғарамыз.  Түркі  жұр ты-

ның  ұлттық  ерлік  дәстүрі  негізінде  оқушы 

жас тардың  бойында  патриоттық  сезімді 

қалып тастыру ерекше орын алады. 

Ғылыми  еңбектерді  зерделейтін  болсақ, 

патрио тизм ді қалыптастыруға себін тигізетін 

қасиет ті  белгілер:  ұлттық  сана  -  сезім,  ұлт-

тық мақтаныш, ұлттық салт-дәстүрлер, әдет 

- ғұрыптар, парыз, намыс, бірлік және мін-

дет.  Патриотизм  сапа,  сенім  тұрғысынан 

негізделіп,  сезім  арқылы  көрініс  береді. 

Ұлт тық парыз, мақтаныш, намыс, сезім, са-

на,   рух,  т.б.  құндылықтар  ұлттық  идеяның 

не гіз гі көрінісі болып табылады.

Ал  Қазақстандық  патриотизмі  көп  ұлт-

ты Қазақстан үшін бірлік пен елдікті сақ тай 

отырып,  демократияландырылған,  әлем дік  

өркениеттен  орын  алу  идеологиясы  негіз-

гі  діңгек  болып  табылады.  Бұл  жерде  ел 

Президентінің тұжырымы бойынша «Қазақ-

стан да ғы  ұлтаралық  жарастықтың  негізгі 

атамекеннің иесі - қазақ халқы өз мойнына 

алуы  керек.  Өйткені  халқымыз  ұлтаралық 

жарас тықты, сыртқы дүниемен өзара тиімді 

ынты мақ тастықты  жүзеге  асыра  алса  ғана 

өзі нің  өркениетті  мемлекетіне  ие  бола 


47

ҰЛТТЫҚ ПАТРИОТИЗМ

алады»,-деп қазақстандық патриотизмді қа-

лып тас тырудың негізгі тірегі қазақ халқына 

үл кен үміт артады.

ХХI ғасыр  жаһандану  үрдісі  бүкіл  әлем ха-

лық   тар ын  біріктіру  арқылы  өркениеттілікті 

сақ  тап  қалу  барысында  бар  күш  -  жігерін 

жұм сап  отырған  тұста  патриотизм  ұғымы 

кең тұрғыда тек Отан емес, әлемдік тұрғыда 

қарас тырылуды  қазіргі  қоғамдағы  және 

әлем де гі даму үрдісі талап етеді. 

Бүгінгі жаһандандыру үрдісі тұрғысынан 

алатын болсақ, патриотизм ұғымы - халықтар 

мен ұлттардың өз Отанына, мемлекетіне де-

ген сүйіспеншілігімен қатар, әлемдік даму-

дың  тыныштығы  мен  бейбітшілігін  сақтау 

үшін барлық күш жігерін жұмсау. ХХI ғасыр 

ұрпағын  тәрбиелеуде  ұлттық  мәдениет  пен 

өркениеттік даму үрдісін өзара сабақтастыра 

отырып  тұлғаның  бойындағы  патриоттық 

құн дылықтарды қалыптастыруымыз керек.

Тұлғаның  бойындағы  патриоттық  құн-

дылық  -  қазақ  патриотизмі  (ұлттық  пат рио-

тизм),  Қазақстандық  патриотизм,  жал пы-

адам зат тық  патриотизм  арқылы  көрініс  бере 

отырып,  тұлғаның  бойында  құндылықтың 

жоға ры  көрсеткіштері  -парыз,  намыс,  ұлттық 

та рих,  ұлттық  салт-дәстүр,  сезім,  таным,  ұлт-

тық  рух,  т.б.  қалыптасады.  Тұлғаның  бойын-

дағы  патриоттық  құндылықтарды  қалып тас-

тырудың негізгі көзі – отбасы, әулет, әлеу меттік 

орта, аймақ, мемлекет, әлемдік кеңіс тік [3]. 

Осы  тұрғыдан  алып  қарағанда  патрио-

тизм  -  тұлғаның  бойындағы  сапалық  бел гі.  

Патриоттық құндылықтар негізінен пат риот-

тық  сезім,  патриоттық  таным,  патриоттық 

сана,  патриоттық  болмыс,  т.б.  қамтиды. 

Пси хологиялық тұрғыда патриоттық құн ды-

лық тар сапаға айналып, іс-әрекет (тұлғаның 

«мені») тұрғысынан көрініс беруі қажет.

Патриотизмнің  күре  тамыры  сақ,  ғұн 

дәуір лерінен, Күлтегін, Тоныкөк, Алтын Ор-

да батыры Ер Едіге, ХҮI-ХҮIII ғасырда елі 

мен жері үшін жан аямай күрескен Жалаң төс, 

Қарасай,  Қабанбай,  Бөгенбай,  Наурызбай 

т.б. бастау алады. Сонымен қатар, ұрпақтан-

ұрпаққа жалғасқан мәдени-рухани мұралар, 

тастағы  жазбалардағы  өсиет,  нақыл  сөздер 

жас  ұрпақ  бойындағы  ерлік  сезімін  оя тып, 

туған жерге деген сүйіспеншілігін қа лып тас-

ты ру ға игі ықпал етеді. 

Біздің  заманымыздан  бұрынғы  I  мың 

жыл дық тың  орта  шенінде  парсының  сына 

жазу  мәтінінде  «сақтар»  жалпы  атпен  бел-

гі лі  болса,  грек  авторлары  азиялық  «скиф-

тер»  деп  атаған.  Олар  негізінен  көш пелі 

мал  шаруашылығымен  және  суар ма лы 

егіншілікпен  шұғылданып,  темір  бұйым-

дарын жасауды игерген. Көршілер тай па лар-

мен сауда-саттық және мәдени қарым-қаты-

нас тар  жасады.  Сақтардың  аса  жауынгер 

тай па болғаны да ежелгі тарихтан белгілі.

Л.Н.Гумилев  өзінің  «Көне  түріктер»  ат-

ты  еңбегінде  ҮI  ғасырдың  аяқ  кезінде 

түркі  тайпаларының  аса  жаужүрек  болу-

ын,  шығысында  қалың  Қытайдан,  ба ты-

сын да  Византиядан,  түстігінде  Персия  мен 

Үндістаннан, солтүстігінде Русь мем ле ке ті нен 

үнемі қорғанудың қажеттігінен деп тү сін ді ре ді.

Ұлы ерліктің туы іспеттес «Авеста» кіта-

бында халықтың ерлік пен елдік дәстүрімен 

қоса, рухани-имандылық рухын дәріптейтін 

фило софиялық  шығарманың  тууы  да  түркі 

тектес халықтардың тарихының ерекшелігін 

көрсетеді.  Сақ  дәуіріндегі  Геродоттың, 

Томирис патшаның ұлының, массагеттердің 

ерліктері ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ұлы ерлік 

бо лып  табылады.  Көне  түркі  мәдениеті, 

әсі ресе  сақтар  дәуірі  мәдениеті  жөнінде 

А.П.Окладниковтың, 

Ә.Марғұланның, 

К.Ақышевтың  археологиялық  еңбектерінде 

де  жан-жақты  қамтылған.  Дүниені  дүр 

сілкіндірген аң терілерінің, қару-жарақ та ры-

ның, тастағы жазу-таңбалардың классикалық 

нұс қа лары,  әсіресе  Есіктен  табылған 

«Алтын адам» қаңқасы көне тарихтың көзін 

ашқан дай болғаны көпке аян. Міне, мұның 

бә рі  ежелгі  түрік  тайпаларының  жауынгер, 

мал шы ғана емес, он саусағынан өнер там-

ған іскер ұста, заңгер, мүсінші екенін де ай-

ғақ тайды.  Осыдан  келіп  «сегіз  қырлы  бір 

сыр лы» азамат тәрбиелеу ежелгі ел дәстүрі 

бо лып саналғанын көреміз.

Әр бір тарихи дерек көзін зерделейтін бол-

сақ, жеке адамның тарихынан бастап белгілі 



48

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

бір халықтың тарихнамасын көреміз. Тарих-

қа  көз  жіберу  арқылы  жеке  адамның  өмір 

дерегінен бастап бүкіл бір ұлттың тарих на-

ма сын зерделейміз.

Қазақтардың ата тегі ержүрек сақтар екен дігі 

негізгі ғылыми дереккөздерінің бірі «Қазақ стан 

ұлттық  энциклопедиясында»  нақты ла нады. 

«Қазақтар  –  түрік,  моң ғол,  үнді-иран  тектес, 

Қазақстан  тер ри то рия сын да  тіршілік  еткен 

Евразия даласының көш пелі үштігінен тараған 

сақ,  ғұн,  үйсін  тай па ла рының  қосындысынан 

құралған  ежелгі  ха лық»,  -  деп  атап  көрсетуі 

түркі қағанаты тұсынан бұрын, сақ, ғұндардың 

мұрагер ұр па ғы екенін көреміз.

Жоғарыдағы тарихи деректерге талдау жа-

сай келе және қазақ деген халықтың басынан 

өт кен  тарихи  жағдайларға  байланысты 

патриотизмнің  дамып  қалыптасуын  мы на-

дай кезеңдерге бөліп қарастыруды жөн көр-

дік: Сақ дәуіріндегі патриотизм; Ғұн кезең-

де гі патриотизм; Түркі қағанаты тұсындағы 

патриотизм; Алтын Орда тұсындағы пат рио-

тизм; ХҮI-ХҮIII ғ.ғ. қазақ халқының патрио-

тиз мі; ХIХ ғасырдағы патриотизм; ХХ ғасыр-

дың  басындағы  патриотизм.  Екінші  дүние-

жүзілік  соғыс  кезіндегі  патриотизм;  1986 

жылғы қазақ жастарының патриоттық рухы; 

ХХI  ғасыр  әлемдік  жаһандандыру  үрдісі 

кезіндегі жаңа Қазақстандық патриотизм [3].

Патриотизмнің  дамып,  қалыптасуының 

тарихи  алғы  шарттарын  айқындағанда  түркі 

тектес  халықтардың  шығу  тегінен  бастап, 

әр  кезеңдегі  ерлік-жауынгерлік  дәстүрінің 

мазмұнын  ашу  арқылы  түркі  халқының 

патриотизмінің  ерекшелігін  айқындауға  бо-

лады.  Белгілі  ғалым  Л.Н.Бакаев  «народ  в 

жилах  которого  течет  кровь  Кабанбай  ба ты-

ра,  Богенбай  батыра  народ,  в  которых  дух 

несгибаемого  и  мудрого,  Бауыржана  Мо-

мышулы  такой  народ  может  проявить  му-

дрость  и  волю  и  преодолев  все  труд нос ти  и 

препятствия на своем пути, пос троит сощное 

казахское  государство  в  Цен траль ной  Азии», 

-деп  атап  көрсеткендей  ха лық   жадында 

«Абылай ғасыры – ерліктің ға сы ры», «Батырда 

Қаракерей  Қабанбайдан  ас қан  батыр  жоқ, 

үйсін  Төле  биден  асқан  би  жоқ»  деп  халық 

жадында  мәңгі  сақталуы,  баба ларымыздың 

елін,  жерін  қорғаудағы  ерен  ерліктері  ұрпақ 

тәрбиелеуде негізі орын ала ды.

Қазақ халқының тарихи даму үрдісіне ғы-

лыми-педагогикалық  тұрғыда  талдау  жа сай-

тын болсақ, қазақ ұлтының ұлт болып қалып-

тасу  кезеңі  Түркі  қағанаты  тұсынан  бас тап 

ешкіммен  салыстыруға  келмейтін  жо ға ры 

патриоттық рухта дамығанын ғы лы ми-зерттеу 

көздерінен  айқын  аңғарамыз.  Хал қы мыздың 

менталитетіне  тән  жауынгерлік  жә не  ерлік, 

тәлім-тәрбиелік  мұрасының  тарихы  өт кен 

ғасырлар  қойнауынан  басталады.  Ха лықтың 

жоғалып кету қаупі бір сәт толас та ма ған сол 

кездерде  де  күнделікті  іс-әрекеті,  тұр мыс 

салты елін, жерін, арын қорғауға бағыт талған. 

Көпұлтты  Қазақстан  үшін  жаңа  Қазақ-

стан дық  патриотизмді  қалып тас ты ру дың 

негізгі  бағыттары  –  еліміздегі  тәуел сіз-

дік  пен  бейбітшілікті  нығайту  және  сақтау, 

ұлтаралық  келісушілікті  дамыту  арқылы 

әлемдік өркениет биігінен көріне білу.

Елбасының  «Нұрлы  жол  –  болашаққа 

бас тар  жол»  атты  Қазақстан  халқына  Жол-

да уын да - жаңа қазақстандық патриотизмді 

қалып тас тыру  XXI  ғасырдағы  Қазақстан 

мем лекетінің  мызғымас  идеялық  тұғыры, 

жа ңа  Қазақстандық  патриотизм  –  Мәңгілік 

Ел идеясының негізі, ол – барша Қазақстан 

қоға мы ның  рухани  құндылығының  көрсет-

кі ші деп бағалауға болады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1  «Нұрлы  жол  –  болашаққа  бастау  жолы»  Қазақстан  Республикасының  Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. //Егемен Қазақстан. 12 қараша, 2014.

2 Изотов М. Проблемы патриотического воспитания народа в процессе формирования 

общеказахстанской  национальной  идеи.  //Общенациональная  идея  Казахстана: 

опытфилософско-политологическогоанализа МОН РК. –Алматы: 2006. - С. 280 - 305.

3 Иманбаева С.Т. Патриоттық тәрбие берудің теориясы мен практикасы. Монография. – 

Алматы: Полиграф - Сервис. 305 бет.



49

ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯ

ӘОЖ 37.376



Ғ.Қ.Бейсенбаева

Абай атындағы ҚазҰПУ «Педагогика және психология»

мамандығының 2– курс магистранты

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ СТУДЕНТТЕРДІ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДІҢ 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ

Мақалада  еліміздегі  мүмкіншілігі  шектеулі  балалар  жайлы  айта  келіп,  мүмкіндігі 

шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің қатарына бала тұлғасын 

толық қалыптастыру, танымдық әрекеттерін дамыту, оларды қоғамның тең құқылы мүшесі 

ретінде ортаға қосылуы жайлы қарастырылған.

Түйін  сөздер:  мүмкіншілігі  шектеулі,  бала,  таным,  дамыту,  қоғам,  оқыту,  құқылы 

мүше.

В  статье  написано  о  детях  с  ограниченными  возможностями,  помимо  основных 

обязанностей,  как  обучение  и  воспитание  детей  с  ограниченными  возможностями, 

существуют  обязанности  как  полное  формирование  личности  ребенка,  развитие 

познавательных действии, адаптировать к среде как полноправного члена общества.

Ключевые  слова:  ребенок  с  ограниченными  возможностями,  познание,  развивать, 

общество, обучать, правоспособный член.

The article is written about children with disabilities, in addition to the basic duties as training 

and education of children with disabilities, there are responsibilities as a complete formation of 

the child’s personality, cognitive development action to adapt to the environment as a full member 

of society.

Keywords: child with disabilities, learning, develop, society, teaching, legal capacity member.

Бала құқықтары туралы Конвенцияда 

мүм-

кін дігі  шектеулі  бала  жасына  қарай  әлеу мет-



тендіруді қамтамасыз ететін орта да толыққанды 

және  лайықты  өмір  сү руі не  көмектесетін 

ерекше  күтім,  білім  жә не  дайындық  алуға 

құқылы  делінген 

[1].  Осыған  орай,  өскелең 

ұрпақты әлеу мет тендірудің әрбір жаңа кезеңіне 

әлеуметтік  институттардың  белгілі  бір  түріне 

сәйкес  келіп  отырады.  Мысалы:  мектеп, 

орта,  отбасы  т.с.с.  Әрбір  әлеуметтендіру 

институтының  өс ке лең  ұрпаққа  тигізетін 

әсерінің  тиімділігі  көп  жағдайда  қоғамда 

қалыптасқан  қо ғам дық  қатынастар  жүйесінің 

ықпалына тікелей бай ла нысты. 

Болашақ  ұрпақты  әлеуметтендіруде, 

әсі ре се  мүмкіндігі  шектеулі  студенттерді 

әлеу мет тендіру  процесі  көпқырлы.  Өйт ке-

ні,  олардың  жеке  тұлға  ретінде  қалып та-

суы ның бастапқы кезеңі оқыту мен тәр бие-

леу  мектептегі  жылдармен  сәйкес  келеді. 

Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  әлеумет-

тенді ру  бойынша  атқарылатын  жұмыс 

олардың 


психологиялық 

ерекшелік те-

рін  ескере  отырып,  жүйелі  жә не   үздіксіз 

жүргізілгенде 

ғана 

тиімді 


бо ла ды. 

Студенттерді әлеуметтендірудің бағдар ла ма-

сы әкімшілік, психолог және педа го ги ка лық 

ұжымның  бірлесуімен  әрбір  мекемеге  же ке 

жасалынуы  қажет.  Оған  адамның  қа лып-

та суына  әсер  етуші  факторлар  ескеріледі: 

өмір сүру жағдайы – тұрмыстық және геог-

рафиялық  (елді  мекен  түрлері:  қала,  ауыл); 



50

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

физикалық  (адамның  дене  бітімі,  ағзасына 

қатысты жағдайы) мүмкіндігі (сырқаттануы 

және  онымен  туындаған  қозғалысы, 

қарым-қатынасы, оқуы т.б); ой өрісінің даму 

деңгейі;  жасы  және  жеке  ерекшеліктері.

Сондықтан  да  жалпыға  бірдей  жарамды 

етіп  ұсыныс  беру  қиын.  Бірақ  мүмкіндігі 

шектеулі  студенттерді  дамыту  мен  ортаға 

бейімдеу  мәселесін  психологтар  зерттей 

келе,  оларды  әлеуметтендірудің  кейбір  ма-

ңыз ды жақтарын қарау мүмкіндігін көрсетті. 

Негізгі мәселе – адамдармен өзара әрекет те-

су ге дайын еместігі, қоғамның оларға деген 

көзқарасының жақсы қырынан көрінбеуі. 

Олай  болса,  қоғамның  алға  басуы  мен 

болашағы, көбіне көп мектептің бүгінгі жас 

ұрпақты  қалай  оқытып,  тәрбиелеуіне  не ге 

және  қалай  үйрететіндігіне  тікелей  бай ла-

ныс ты. 


Әлеуметтендіру  институты  ретіндегі 

жал пы және арнайы білім беретін мектепте 

өске лең  ұрпақты  оқытып,  тәрбиелеудің,  яғ-

ни  оларды  жан  –  жақты  әлеуметтендірудің 

негіз гі  мақсаты  етіп  енді  ғана  қалыптасып 

ке ле  жатқан  мемлекеттік  құрылыстың  демо-

кра тиялық  принциптеріне  берілген,  білімді 

мең герген,  келер  ғасыр  талабына  жауап  бере 

ала тын,  жоғары  рухани  ұлттық  сезімі  оян ған, 

өз бетімен ғылыми тұрғыдан ойлауға қабі летті, 

адам құқығын құрметтеудің маңызын түсінетін, 

өз дігінен денсаулығын нығайтуға, эстетика  лық 

тал ғамын  қалыптастыруға,  әр дай ым  әлеумет-

тік  белсенділік  танытуға  дайын,  нарықтық 

қатынастар  жағдайындағы  әр  қилы  өмірде  өз 

бетімен  іс  істеуге  мүмкіндігі  мол  интеллекті, 

мақсат-мұраты  және  мүд де лері,  адамгершілік 

пен  мінез-құлық  мәде ние ті  толық  жетілген 

дүниеге  берік  көз қа рас тағы  өзін  де,  өзгені  де 

құрметтейтін,  өзіне-өзі  сенімді  жеке  тұлға 

үлгісіндегі жаңа ұр пақты даярлауды ұсынамыз.

Бұл  міндеттің  ойдағыдай  іс  жүзіне  асуы 

үшін,  қажетті  шарттар  туындайды  және  оны 

іске асыру қажет. Олар:

1.  Психологиялық қолдау көрсету

2.  Мүмкіндігі  шектеулі  студенттердің 

ішкі егемендігін қалыптастыру;

3.  Педагогтардың  мүмкіндігі  шектеулі 

студенттермен жұмыс жасауға дайын болуы

Еліміз арнайы білім беру қазіргі уақытта 

әлемдік  мүмкіндіктері шектеулі студенттерді 

оқыту мен тәрбиелеу, түзету мен дамытудағы 

жетекші бағыттарына лайық даму жолында. 

Ең  негізгі  бағыты  –  ерте  жастан  түзету, 

педагогикалық-психологиялық  қолдау  көр-

се ту, кемістігі бар тұлғаларды қалыпты тұл-

ға лармен  біріктіріп  (инклюзивті)  оқытуды 

ұйым дас тыру.  Инклюзивті  білім  негізіне 

қалан ған  идеология:  барлық  адамдарға 

бірдей  қарым-қатынасты  қамтамасыз  ету, 

бірақ мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше 

жағ дай  жасау.  Жалпы  және  арнаулы  білім 

бере тін  мекемелерді  қарама-қарсы  қоймай, 

қай та  жақындатып,  арасындағы  шекарасын 

аша ды. Балалар өздерін еркін сезіну үшін, өз 

құр дас та рымен  бірдей  болу  үшін  мекемеде 

әр түр лі шаралар ұйымдастырылады. Мүм-

кін дігі шектеулі жандарды әлеуметтік ортаға 

бейім деу,  кіріктіру  барысында  әр  түрлі 

кездесу  кештер,  үйірмелер,  фестивальдар, 

спорт тық  жарыстар,  байқаулар,  сайыстар, 

саяхат тар,  сапарлар,  концерттер  өткізуге 

бола ды.  Олар  әлеуметтік  кіріктірудің  тиім-

ді   түрлері  болып  саналады.  Қызықты  жә не 

тартымды  шаралар  коммуникативтік  сапа-

лар ды қалыптастырып, өзін-өзі білдіру, өзін-

өзі ашу, өзін-өзі тану үрдістерін жеделдетуге 

мүмкіндік береді және әлеуметтік бейімделу 

үшін қолайлы жағдай жасалады. Инклюзивті 

кеңістікті  жасау  мәселесін  нақты  іске 

асыру  таяу  жылдарда  мүмкіндігі  шектеулі 

тұлғаларды  әлеуметтік  және  медициналық 

- педагогикалық қолдаудың ұлттық жүйесін 

дамытудың негізгі перспективасы бол  ып та-

бы латынын  атап өту керек. Бұл проблеманы 

ше шу  мүмкіндігі  шектеулі  тұлғалардың 

сапалы білім алуына, оның сыртқы әлеммен 

байланысындағы  кедергілерді,  ұт қыр лық 

проблемасын,  архитектуралық  ортаға  қол 

жетпеуін,  құрбыларымен  және  үлкен дер-

мен   байланысының  жұтаңдығын  жоюға, 

мә

 



дени  құндылықтарға  қол  жеткізуіне  жә-

не  дене  тәрбиесі  мен  спортта  жағдай  жа-

сау ға  мүмкіндік  береді.  Мұндай  жағ дай-

да  мүмкіндігі  шектеулі  тұлғаларды  қол дау 



51

ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯ

белгілі  бір  жеңілдіктермен  және  артық шы-

лық тар мен  шектеліп  қалмайды  –  ол  оның 

әлеуметтенуі  мен  жекелік  дамуына  кедергі 

болатын үрдістерді шектеуді жоюға, сапалы 

өмір  салтына  деген  заңды  құқықтарды 

бақылауға  мүмкіндік  беретін  әлеуметтік 

қызмет тердің жүйесін білдіреді. 

Еліміздегі мүмкіншілігі шектеулі балалар 

санының  көбеюі,  денсаулық  сақтау,  білім 

және  әлеуметтік  қорғау  салаларының  осы 

мәселеге көңіл бөлуін талап етіп отыр. Жыл 

санап  мүмкіншілігі  шектеулі  балаларға 

деген  қоғамның  көзқарасы  өзгеріп,  оларды 

қоғамның  бір  мүшесі  ретінде  қарауға  бет 

бұрды. Үкіметіміздің мүмкіншілігі шектеулі 

балаларға  арналған  көптеген  көмектерінің 

ішінде үйде әлеуметтік көмек беру ерекше ор-

ын алады. Үйде әлеуметтік көмек беру барлық 

мүгедек балаларға емес, олардың ішінде  өз-

өзіне  қызмет етуі төмен, қозғалысы нашар, 

үйде  оқитын,  үйде  тәрбиеленетін  және 

ешқандай  бағдарламамен  оқуға  жарамсыз 

балалар  мен  жасөспірімдерге  көрсетіледі. 

Осы  орайда  әлеуметтік  қызметкердің 

міндеті  кеміс  балалардың  жан  айқайын 

қоғамға  жеткізу,  яғни  бала  ағзасындағы 

ауытқулар  мен  бөгеттердің  себеп-салдарын 

анықтап,  олардың    отбасындағы  қарым  - 

қатынастарын  дамытып,  дені  сау  баламен 

араласуына жағдай туғызу.

Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  өмірге 

келуі шын мәнінде отбасын психологиялық 

өзгерістерге  алып  келеді.  Ауытқушылығы 

бар  баланың  отбасында  алғашқы  күннен 

бастап  ата-анасының  ұнжырғасы  түсіп, 

күйзеліске  тап  болады.  Ата-аналарының 

қор шаған ортамен қарым-қатынасы үзіледі, 

қаты нас  аясы  тек  туыстары,  дәрігер, 

мұғалім дермен  ғана  шектеледі.  Баланың 

мінез-құлқы,  тәртібіндегі  өзгерістер  ата-

ана ның  күткеніндей,  ойындағыдай  болмай, 

ата-анаға  қайғы  мен  мазасыздық  жағдайын 

әке ле ді.  Сол  себепті  отбасындағы  өзара 

қарым-қатынастар бұзылады, әрі қиындыққа 

тіреледі.  Тіпті  кей  жағдайда  отбасының 

бұзылуына  (ажырасуға  дейін)  әкеледі.  Сон-

дық тан  мұндай  балаларды  тәрбиелеуде 

ата-аналарға  тек  педагогтардың  ғана  емес, 

арнайы  мамандардың  да  көмегі  қажет.  Тәр-

бие леу барысында жас ерекшеліктерін ескере 

отырып,  балаларды  шешім  қабылдай  алуға, 

өзін  -  өзі  қамтамасыз  етуге,  еңбекке,  тәртіп 

мәдениетіне,  ұжымда  еңбек  ете  алатындай 

деңгейге бейімдеу қажет. Мұндай ба ла лар дың 

тәрбиесі өзара жақсы түсіністікті қажет етеді 

және оларды болашаққа сенімді көзқараспен 

қарауға  тәрбиелеудің  мәні  зор.  Мүгедек 

балалардың жанұяда тәрбиелеудің бір-біріне 

қарама - қарсы екі түрі кездеседі. Олардың 

бір  түрі  «шектетілгендер»,  яғни  ата-анасы 

баланың  жан-жақты,  материалдық  жағы-

нан  толық  қамтамасыз  етеді,  бірақ  оның 

ішкі әле міне үңіліп рухани қажеттіліктеріне 

терең бойлай бермейді. Тіпті кейде баланы 

жазалайды.  Бұндай  отбасындағы  балалар 

іштей  күйзеліске  түседі,  ата  -  аналарының 

сүйіспеншілігіне, махаббатына лайық емес-

піз деп ойлайды. Олардың көңіл - күйі түсіп, 

өз-өзіне  сенімсіздік  пайда  болады.  Осыдан 

келіп  балалардың  тіл  дамуында,  танымдық 

қызметінің  қалыптасуында,  тәрбиесінде 

әр  түрлі  кемшіліктер  пайда  болып,  зияты 

төмендеп, білім деңгейі тежеледі, екінші бір 

жағдай баланы шектен тыс қамқорлыққа алу, 

мұндай ата-аналар бала алдындағы «кінәсін» 

сезініп  оны  тым  бос  ұстап,  еркелетеді. 

Кез-келген  өтінішін  орындауға  тырысады. 

Мұндай  ортада  өскен  бала  бұйығы  келеді. 

Өз-өзіне сенімсіз, әлжуаз болып өседі. Мұн-

дай балалар әлеуметтік даму жағынан түрлі 

қиын дық тар ға тап болады.

Арнайы педагогиканың дамуының қазіргі 

кезеңінде дамуында ауытқуы бар балаларға 

білім  беруге  ықпал  ету  мәселесі  өте  өзекті 

орынды  алуда.  Бұл  мәселені  шешуде  әлеу-

мет тік қызметкерлердің орны ерекше. Әлеу-

меттік педагог – арнайы (түзету) білім беру 

мекемесінің  қызметкері,  ол  барлық  инсти-

тут тардың  өкілдері  (педагог,  психолог, 

дәрі гер,  әлеуметтік  қызметкерлер,  құқық 

қорғау  органдарының  қызметкерлері,  ең-

бек ұжымы және ата-аналар) және басқа да 

қызығушылық танытқан тұлғалармен ты ғыз 

қарым-қатынаста  болады.  Арнайы  (түзе ту) 


52

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

мекемелеріндегі  әлеуметтік  педагог  іс-әре-

ке тінің негізгі мақсаты төмендегідей болып 

табылады:

 - бала тұлғасының дамуы (дене, әлеу мет-

тік,  рухани және ақыл-ойының дамуы) үшін 

жа ғымды жағдай жасау;

  -  баланың  әлеуметтік  бейімделуінде  ке-

шен ді көмек көрсету;

 - өмірлік кеңістікте баланы қорғау;

 - бітіруші түлектердің кәсіби бағдарлануы 

мен  интернаттан  кейінгі  өмірінің  бейім де-

луі не көмек көрсету.

Дамуында  ауытқушылығы  бар  немесе 

мүм кіндігі шектеулі баланы тәрбиелеуші ата-

ана лардың  басына  түскен  ауыртпашылықты 

азайту  мақсатында  үкіметіміздің  6  балаға 

бір әлеуметтік қызметкер беруі балалар мен 

олардың ата-аналары үшін үлкен көмек. Бұл 

қызметкерлер  аудандық  еңбек,  жұмыспен 

қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлі-

мі  нен  келеді.  Сондықтан  мүмкіндігі  шек-

теулі баланың қоғамның толыққанды мүше сі 

ретінде сезінуін қалыптастыру жолында әлеу-

меттік қызметкердің алатын орны ерек ше. 

Әлеуметтік қызметкер мүмкіндігі шектеу-

лі балалардың ата-аналарына оларды дұ рыс 

дамыту және тәрбиелеу мақсатында тө мен-

де гі дей ұсыныстар береді:

  -  Баланың  ерекшелігін  дұрыс  түсініп, 

қабыл да ңыз.

  -  Балаңызға  үнемі  шыдамдылық  пен 

сүйіс пен ші лік танытыңыз.

  -  Әрқашан  өз-өзіңізге  сенімді  болып, 

бала ңызға  ішкі  жағымсыз  қобалжуларды 

көр се те бермеңіз.

 - Үй тұрмысына байланысты жұмыстарды 

балаңызбен бірге атқаруға тырысыңыз.

 - Балаңызға көмек беретін арнайы маман-

дар мен тығыз байланыста болыңыз.

Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  пси хо-

ло гия лық-педагогикалық  түзелуіне,  ме ди-

ци на лық  оңалтуға  бала  тағдырына  жауап-

ты  ұстаздар,  дәрігерлер,  әлеуметтік  қыз-

меткерлер  бірлесіп  ата-анамен  тығыз  бай-

ла ныста  жұмыс  атқарғанда  ғана,  олар  өзін 

қо ғам ның толыққанды мүшесі ретінде сезі-

нуі не жол ашылады.

Өзінің  кәсіби  мақсаттарына  қол  жеткізу 

үшін  әлеуметтік  педагог  басқарудың  мем-

ле кет тік органдарының өкілдерімен, қоғам-

дық  ұйымдар,  білім  беру  мекемелері,  ден-

сау лық  сақтау,  халықты  әлеуметтік  қор ғау 

ұйымдары,  басқа  муниципальды  ұйым дар-

дың өкілдерімен қатынас құруы қажет.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту жә-

не  тәрбиелеудің  негізгі  міндеттерінің  қата-

ры на  бала  тұлғасын  толық  қалыптастыру, 

таным дық  әрекеттерінің  дамуы,  оларды 

қоғам ның тең құқылы мүшесі ретінде ортаға 

қо су болып табылады.

«Арнайы  түзету  мекемелеріндегі  әлеу-

меттік  педагогтың  іс-әрекеті  келе сі  бағыт-

тар ды  қамтуы  керек:  диаг нос ти ка лық  бол-

жау;  түзете  білім  беру  мен  әлеуметтік-мә-

де ни;  функционалды-ұйымдас ты ру шы лық;  

құ қықтық бағыттар».

Диагностикалық  болжау  жұмысының 

барысында  әлеуметтік  педагог  тәжірибелік 

психологпен  бірлесе  отырып,  балалардың 

тұлғалық және жас ерекшеліктерін зерттеп, 

баланың  жеке  және  әлеуметтік  дамуына 

кедергі келтіретін факторларды анықтайды, 

олардың  жеке  ерекшеліктерін  ескере  оты-

рып, тұлға дамуының түзету кешенді жос па-

рын  өңдейді.

Түзете  білім  беру  мен  әлеуметтік-мәдени 

бағыттың мәні ол әлеуметтік, ұлттық, мәдени 

және  басқа  да  кедергілер  оқыту  процесін 

қиындатқан жағдайда көмек көрсету ретінде 

көрініс табады. Сонымен қатар мұнда педа го-

ги калық ұжыммен, әсіресе, жас маман дармен 

кеңес беру жұмысы жүзеге асыры ла ды. 

Функционалды-ұйымдастырушы  лық  ба-

ғыт ты іске асыру процесінде әлеумет тік пе да-

гог бір жағынан, оқушылар мен мектеп әкім-

шілігі  арасында,  екінші  жағы нан,  сабақтан 

тыс  жағдайда  әлеуметтік  қыз мет тер дің 

арасында  байланыстырушы  қызметін  атқа-

рады.  Сонымен  бірге  ол  мектеп  әкімшілігі 

мен от басыларға бітіруші түлектердің кәсіби 

бағ дар лануы  бойынша  көмек  көрсетеді. 

Еңбек ке  оқыту  профилі  туралы  шешім 

қабыл да мас бұрын мектеп терең әлеуметтік 

тал дау жасап, жұмыс орындарының болуын 


53

ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯ

зерт теуі  қажет.  Мұндай  әлеуметтік  талдау 

әлеу мет тік  педагог  басшылығымен  жүзеге 

асы ры ла ды.

Әлеуметтік педагог қызметінде профи лак   -

тикалық  бағытты ерекше атап өткен  жөн. Тұл-

ға     аралық  қарым-қатынас  дағдылары және 

оқушылар мен мектепке әсер ететін көптеген 

әлеуметтік  факторларды  үйлестіре  отырып, 

әлеуметтік  педагог  ұжымда  туындайтын 

кикілжіңдерді  реттеп,  оқушылардың  әртүр-

лі  жас  ерекшелік  топтарымен  болатын 

жағымсыз  жағдайлардың  алдын  алу  шара-

ла рын ұйымдастырады. Әлеуметтік педагог 

іс-әрекетіндегі құқықтық бөлім ең маңызды 

болып  табылады,  өйткені  мұнда  интернат 

педагогтары  мен  оқушыларының  құқық-

тық ағартушылық міндеттері, сонымен бір ге 

полиция  мен  сот  органдарындағы  тәрбие-

ле нушiлердiң мүдделерiнiң өкiлдiктерi мін-

дет тері  біріктіріледі.  Мұнда  әлеуметтік 

педа гог міндетіне баланың заңды беделінің 

ақпа рат тары    мен    құжаттарын  жинау 

бойынша  жұмыс  жатады,  яғни,  ата-

аналарын,  туыстарын  іздес тіру,  қамқор 

болушы  адамның  құжат тарын  дайындау, 

бітіруші  түлектердің  тұрғын  үй  алуы  үшін 

құжаттарын дайындау және т.б жатады.

Түзету  мекемелеріндегі  әлеуметтік-педа-

го гикалық  көмек  қызметі  төмен де гі дей 

принциптердің  негізінде  құры ла ды:  жұ-

мыстағы объективтілік, шешім қабыл дау да-

ғы  тәуелсіздік,  жеке  ық пал  ету,  гуманизм, 

адам  тұлғасының  құнды лық та рын да ғы 

принциптер т.б.

Әлеуметтік педагог арнайы (түзету) мек-

те бін де жұмыс жүргізу арқылы балалардың 

әлеу меттік-эмоционалдық,  дене  жағдайы, 

ақыл-ой  дамуымен  байланысты  күрделі 

мәсе ле лерді шешуге және балалардың сәт ті 

түрде  әлеуметтенуіне  мүмкіндік  бере  оты-

рып,  оларға  жан-жақты  қолдау  көрсетеді. 

Әри не,  қазіргі  таңда  мүмкіндігі  шектеулі 

бала лар мен  жұмыс  жүргізу  барысында 

шешімін таппаған  мәселер жеткілікті. Соның 

алдын алу жолдарын анықтау үшін тәжірибе 

алмасу жұмыстары жүзеге асырылуы керек.

Егер  әлеуметтік  педагогикалық  үрдісте 

мүм кіндігі шектеулі балаға алғашқы сәт тер-

де көмек беру үшін оның отбасын, ол өмір 

сүріп отырған ортасын зерттеп, талдай алсақ, 

онда  баланы  өзі  өмір  сүрген  әлеуметтік 

ортаға араластыру, бейімдеу, әлеуметтендіру 

мәселелеріне белсенді қатыстыру мүмкіндігі 

туады. Тек осы жағдайда ғана әлеуметтік педа-

го ги калық  үрдісін  дұрыс  ұйымдастырып, 

түрлі  әлеуметтік  кедергілерге  қарсы  тұра 

алатын,  білімді,  мәдениетті,  еңбекқор  же-

ке тұлғаны қалыптастыру мүмкін болар еді. 

Бұл  қасиеттерді  бала  бойына  дарыту  үшін 

мүмкіншілігі шектеулі балалардың пси хо ло-

гия сын терең, жетік меңгеру керек.

Әлеуметтік  бейімдеудегі,  тәрбиелеудегі 

кем ші лік терді  жеңу  үшін  ата-  аналар  мен 

бірігіп арнайы түзету жұмыстарын ұйым дас-

тыру қажет және оны неғұрлым ерте бастаса 

соғұрлым  әлеуметтік  бейімделуде  нәтижелі

 

бо ла ды.



Қазіргі  Қазақстанда  мүмкіндігі  шектеулі 

балаларды  анықтау  жүйесін  ұйымдастыру 

жұмыстары қолға алынған. Дамуында ауыт-

қуы бар балалар ерте кезден анықтау мақ са-

тын да,  Қазақстан  Республикасы  Денсаулық 

сақ тау Комитеті, ерте сәбилік жастағы бала-

лар дың жүйке-психикалық дамуына, алғаш-

қы  дәрігерлік-санитарлық  жәрдем  беру 

пунк те рінде скрининг жасау міндеті болды.

ҚР  «Білім  туралы»  Заңындағы  6  бапқа 

сәйкес: «білім беру саласындағы жергілікті 

өкіл ді  атқарушы  органдардың  құзыреті  – 

мүмкіншілігі шектеулі тұлғаларды оңалтуды 

және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету» 

туралы айтылады [2].

«Бала    бойындағы  кемістігін  толықтыру-

дың екі түрлі ерекшелігі бар, оның бірі – бала 

психикасының даму шамасына орай тәрбие 

талаптары,  екіншісі  –  кемістігін  қалпына 

кел ті рудегі өз бойындағы ерекшеліктері мен 

мүм кіндіктері»  -  деп  Л.С.Выготский  атап 

көр се теді  [3].  Бала  бойындағы  кемістікті 

әлеу мет тік  жолмен  толықтыруға  болады. 

Ол үшін кемтар балаларға үнемі қамқорлық 

көр се тіп,  оқыту  мен  тәрбиелеу  істерін 

жүйелі  түрде  жүргізіп  отыру  керектігіне 

ерек ше мән берген. Әрбір баланың бойында 


54

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

мүм кін ші лігі  мен  ерекшелігі  болады,  тек 

оны  ашып,  қолдау  көрсетіп,  дамыту  қажет. 

Әр  бала  өзінше  жеке  тұлға  болып  табыла-

ды.   Бала  дамуындағы  ауытқушылық  –  бұл 

түсіністік шеңберіндегі қателік. Айна ла сын-

дағылардың  қанағаттанарлықсыз  қатынасы 

бұл жетіспеушілікке әкеледі, ал бұл аурудың 

емес, қоршаған ортаның мәселесі. 

Мүмкіндігі  шектеулі  баланы қоғамға ен -

гі зу дің қиындығы, бір жағынан бала дамуын-

да ғы дене және психологиялық ауытқулары 

бол са,  екінші  жағынан  әлеуметтік  жүйенің 

дұрыс  қалыптаспағандығы,  мүмкіндігі 

шектеу лі баланың қалыпты өмір сүруіне ке-

дер  гі келтіреді. 

Әлеуметтенудің  мәні  адамның  қоғамға 

бейімденіп,  жекеленуі  болып  табылады. 

Тұл ғаны  әлеуметтендіруде  тек  қана  қоғам 

емес,  ең  бірінші  әрбір  адам  белсенді  рөл 

атқа руы тиіс. Мүгедек бала еркіндікті, әлеу-

мет тік  интеграцияны  қамтамасыз  ететін 

орта да  толыққанды  және  лайықты  өмір 

сүруі не  көмектесетін  ерекше  күтім,  білім 

жә не қажетті дайындық алуға құқылы.

Мүмкіндіктері  шектеулі  тұлғаларды 

қоғам ға  қосудың  екі  жолы  бар  екенін  атап 

өту ге болады:

1)  Мүмкіндігі  шектеулі  тұлғаларды 

қоғамға  қосуды  және  қоғамның  мүгедек 

бала лар ды    өздеріне  қабылдауға  деген 

дайын ды ғын қарастырады.

2)  Мүмкіндігі  шектеулі  тұлғаларды  қор-

ша ған ортаға бейімделуін қарастырады. Бұл 

кезде  мүмкіндігі  шектеулі  тұлға  қоғам ға 

қосылудың объектісіне айналады, яғни олар-

дың әлеуметке үйлесімді түр де ену мүм кін-

дік терін шектейді. Әлеумет тік ортаға енгізу 

–әлеуметтік  қатынас тың   жалпы  жүйесіне 

және баланың өз жағ дайы на қарай білім алу 

ортасына  мүм кін  ді гі  шектеулі  балалардың 

әлеу мет  тік  бейімделуін  қалыптастыру. 

Бе йім   де  лу 

– 

бұл 



жеке 

тұлғаның 

әлеу   мет   тік 

құ  ры лым дарға 

енуі. 

Мүм  кін  дігі шектеулі ба лаларды әлеуметтік орта-



ға енгізудің не гіз гі бір фак торы – ортаны мүм-

кінді гі шек теу лі баланы қабылдауға дайын дау.

Әлеуметтендіру бұл процесс белгіленген 

әлеуметтік  жағдайларды  жеке  тұлғаны 

қалыптастыру,  әлеуметтік  тәжірибелерді 

меңгеру процесі, бұл кезде адам сол ортада, 

топта  қабылдаған  мінез-құлық  ережесіне 

қалыптасып кетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет