Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата05.02.2017
өлшемі1,42 Mb.
#3474
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

ӘДЕБИЕТТЕР

1 БҰҰ «Бала құқықтары туралы Конвенция» 20.1989.

2 Қазақстан Республикасы «Бiлiмтуралы» Заңы. //Алматы: Юрист, 2007

3 Выготский Л.С. Основы дефектологии сборник сочинении в 6 томах. Т.5-М: Педагогика. 

– 1983.


55

ҰЛТТЫҚ ТІЛ

ӘОЖ 372.881.1



Н.А Шойынбасова

Алматы қаласы Бостандық ауданы №21 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 

мұғалімі

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ СӨЙЛЕУГЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН 

ДАМЫТУ

Мақалада мемлекеттік тілде оқушылардың сөйлеуге қызығушылығын дамыту мәселесі 

сөз  болады,  оқушылардың  диалогтік  сөйлесу  және  тіл  мәдениеті  туралы  ғалымдардың 

пікірлері,  диалогтік  сөйлесу  түрлері  қаралды.  Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесінде  тарихи 

қалыптасқан бастапқы қағидалар бар: оқу материалын меңгеру, дидактиканың жүйелік, же-

ңіл  ден  ауырға  деген  ұстамы, теория  мен тәжірибенің байланыстығы, көрнекілікті қолдану. 

Қазақ тілін тиімді оқыту үшін модульдік технологиясы қолданады. Осы технологияның бір 

ерекшілігі - қабылдау қабілеттерін танымдық жағдайлар арқылы дамыту, белсенді сөздік 

қорын дамытуға бағыттайды. Сабақтарда жағдаяттық сөйлесулер, оқыта үйрету ойындар 

және диалогтік сөйлесулер қолданылады.



Түйін сөздер: оқушы, диалог, мемлекеттік тіл, әдіс, модульдік технология, дамыту.

В данной статье «Мемлекеттік тілде оқушылардың сөйлеуге қызығушылығын дамыту» 

рассмотрены мнения ученых о проблеме диалоговой речи и культуры речи учащихся, типы 

диалоговой речи. В обучение казахскому языку есть исторически сложившиеся принципы: 

усвоение  учебного  материала,  дидактическая  систематизация,  изучение  от  легкого  к 

сложному,  связь  теории  и  практики,  применение  наглядности.  Для  успешного  изучения 

казахского  языка  применяется  технология  модульного  обучения.  Особенность  этой 

технологии – развитие способностей через познавательные ситуации, активного словарного 

запаса.  На  уроках  применяются  ситуативные  диалоги,  развивающие  игры,  разные  виды 

диалоговой речи.



Ключевые слова: ученик, диалог, государственный язык, метод, модульная технология, 

развитие.

In  this  article,  «Мемлекеттік  тілде  оқушылардың  сөйлеуге  қызығушылығын  дамыту» 

considered opinions of scientists about the problem of dialog speech and the speech of students, 

types  of  dialog  speech.  In  the  Kazakh  language  teaching  has  historically  principles:  learning

learning management, study from easy to difficult, the connection between theory and practice, 

the use of clarity. For a successful study of the Kazakh language applies the technology of modular 

training. The feature of this technology is the development of skills through cognitive situation, 

active vocabulary. The lessons apply situational dialogues, educational games, different types of 

dialog speech. 

Keywordsstudent, dialogue, the official language, method, modular technology, development.

Ел  тәуелсіздігін  тіл  тәуелсіздігімен  ас тас-

ты ра  қарап,  туған  тілдің  тұғырын  биіктету 

қамы  қолға  алынғалы  да  біраз  уақыт  болып 

қалды.  «Қазақстан  Республикасындағы  тіл 

саясатының  тұжырымдамасы»,  «Қазақстан 

Рес публикасындағы  Тіл  туралы  Заң»  сияқты 

стратегиялық маңызы бар құжаттардың дү ние-

ге келуі осы бағытта жасалған оң қа дам дар. 

Тіл қарым-қатынас құралы. Адамның ой-

өрісін,  мәдени  дәрежесін,  ақыл-парасатын, 

рухани  байлығын  көрсететін  айна.  Тіл 

мәдениетінің  өзектілігі  әрқашан  ескеріліп, 


56

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

қай  халық  болса  да  бұл  мәселені  айналып 

өткен емес. «Өнер алды - қызыл тіл» деп қа-

зақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән 

берген. Қазіргі  таңда  тіл  мәдениетінің көкей-

тестілігі арта түсті. Қазақстан Республикасы 

Президентінің  «Тілдерді  қолдану  мен 

дамы ту  бағдарламасында»:  «Тілді  дамыту 

- Қазақстан Республикасы мемлекеті саяса-

тының  аса  өзекті  бағыттарының  бірі», 

сондай-ақ  «Мемлекеттік  тілді  оқыту дың  

саны  мен  сапасына  көңіл  бөлу  ке рек» 

делінген.  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев:  «Қазақ-

стан ның болашағы қазақ тілінде» - деп тұжы-

рым дай ды. Ал қазақ халқының тіл келешегі 

мектеп  оқушыларында.  Көптеген  ғылыми-

педаго ги ка лық  әдебиеттерді,  мерзімді  бас-

па сөз  ақпараттарын  талдап-зерттей  келе, 

бүгінгі  күнгі  оқушылардың  сөз  саптауы 

көңіл аударарлық көпшілігінің тіл мәдениеті 

төменгі деңгейде деген қорытынды жасауға 

болады.  Олар  өз  ойларын  дұрыс,  түсінікті 

етіп  жеткізе  алмайды,  басы  артық  бос 

сөздерді  көп  қолданып,  ойын  шашыратып 

жібереді.

Көтеріп  отырған  мақаланың  тақырыбы 

мен  қойған  мақсаттар  мен  міндеттер  осы ған 

байланысты. Тілші-ғалым Р. Сыздықова: «Сөй-

леу дегеніміз - сөздерді дұ рыс орнымен қол  дану 

(лексикалық), дұ рыс құрастыру (син таксистік),   

дұрыс   қиюластыру (морфологиялық), дұрыс 

дыбыстау  (орфоэпиялық),  сауатты  жазу 

(орфографиялық),  тілді  әсерлі  етіп  жұмсау 

(лингвостилистикалық)  нормаларын  ұстану, 

орнықтыру,  жетілдіру», - дейді [1].

А.Жапбаров  тіл  мәдениетінің  жоғары 

болуына мынадай талаптар кояды:

 - сөздің жүйелі, анық, түсінікті болуы;

-  сөздің  тілдегі  орфоэпиялық,  грам ма ти-

ка лық,  лексикалық  нормаларға  сай  дұрыс 

құрылуы;

  -  сөздердің  қажет  еткенде  бейнелі,  көр-

кем, эмоциялы болуы;

 - сөздердің тыңдаушы немесе оқушының 

жағ дайына,  ортаның  қажеттілігіне  сай  бо-

луы. [2,139 б.].

Соңғы  жылдары  диалог  арнайы  зерт те-

ле  бастады.  А.Қ.Айтбенбетованың  «Ауыз-

екі  және  көркем  шығарма  мәтініндегі  диа-

лог:  лексикалық,  синтаксистік  және  сти-

лис тикалық  сипаттама»  (2007)  атты  зерт-

теуінде  ауызекі  сөйлеу  және  көркем  шы-

ғар ма  мәтініндегі  диалогтық  лексикалық, 

син таксистік,  стилистикалық  ұқсастықтары 

мен  айырмашылықтары  айқындалған,  олар 

қа зақ  және  орыс  тілі  материалдарымен 

сал ғас тырыла,  пайда  болу  табиғатының, 

қыз метінің  негізгі  көрсеткіштері  бір-

дей  екендігі  көрсетіледі  [3].  Ал  Г.С. 

Иманғалиева  «Типология  диалога»  (на 

материале  казахского  и  русского  язы ков) 

(1999)  еңбегінде  диалогтарды  екі  тілдің 

материалдары  негізінде  психо линг вис ти ка-

лық,  этнолингвистикалық,  әлеуметтік-  лин-

г вис тикалық  факторлар  арқылы  салыстыра 

зерт тейді [4].

Енді біз осы уақытқа дейін белгілі болған 

орыс ғалымдарының еңбектеріндегі диа лог-

тың түрлерін атап көрейік:

а) Қостау диалогы – екі сөйлеуші де бір-

бірінің  пікірімен  келісіп,  бірін-  бірі  то лық-

ты рып отырады.

ә) Полемикалық диалог – сөйлеушінің бі-

рі  екіншісінің  сөзін  қақпайлап,  сөзбен  қақ-

ты ғысып отырады.

б) Нақтылау диалогы

в) Эмоционалды қарсылық білдіру диа ло гы 

г) Сұрақ – жауап диалогы 

д) Сұраққа кері реакцияны білдіретін диа лог

е) Жауапқа қарама-қарсы сұрақ бағыттау 

диалогы

ж)  Сұраққа  модальдық  әсерді  білдіретін 



диалог.

Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесінде  тарихи 

қа лып тасқан бастапқы қағидалар бар. Олар: 

оқу  материалын  саналы  меңгеру,  дидак-

тиканың жүйелік және жалғастық ұстам да-

ры,   жеңілден  ауырға  деген  ұстамы,  теория 

мен тәжірибенің байланыстығы, көрнекілікті 

тиім ді қолданылуы және тағы басқалар.

Қазақ тілін  модульмен оқыту – әдістемелік 

жүйе. Сондықтан модульмен оқыту теориясы 

өзі не  тән  ұстамдар  жүйесіне  негізделеді. 

Оқу технологиясының бір ерекшілігі - оның 

білім ді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық 


57

ҰЛТТЫҚ ТІЛ

қа білеттерін  және  танымдық  процестерді: 

яғни  жадының  алуан  түрлері  (есту,  көру, 

қимыл  және  т.б.)  ойлауды,  ынтаны,  қабыл-

дау қабілеттерін арнайы жасалған оқу және 

танымдық  жағдайлар  арқылы  дамытуға, 

сондай-ақ  тұлғаның  қауіпсіздігін,  өзін-өзі 

өзектілендіру,  өзін-өзі бекіту,   қарым-қатынас, 

ойын,  танымдық  және  шығармашылық 

қажет тіліктерін  қанағаттандыруға;  белсенді 

сөз дік  қорын  (ауызша  және  жазба  тілінде) 

да мы ту ға бағыттайды.

Жоғарыда  аталған  мақсаттарға  бағыт та-

луы  оқу  процесін  мұқият  құра  білген  жағ-

дай да  оқушылардың  білім  сапасын  едәуір 

арты руға  және  білім  стандарты  бекіткен 

оқу  материалын  барлық  оқушылардың  жүз 

пайызға  меңгеруін  қамтамасыз  етуге  мүм-

кін дік береді.

Бұл  барлық  оқушылардың  үш  деңгей 

бойын ша  өзінің  дайындық  оқу  қабілетіне 

бай ла ныс ты  әр  оқушының  өз  деңгейінде 

оқу материалдарын меңгеруін қарастырады. 

Барлық  тақырыптар  бойынша  оқушылар 

оқып  аудару,  сөйлеу,  тындау,  жазу,  кө ру 

дағдыларын  барлық  модульдерде  қол да на 

беруіне  болады.  Білім  алуда  жайдан  күр-

де ліге  жоғарлау  оқушылардың  шығар  ма-

шылық қабілеттерін ашып, оқу материалын 

түсініп,  қолдана  білу  сатысына  көтерілуіне 

себепкер болады. Осы жағдай оқушыларды 

сынып  ішінде  бірнеше  шағын  топтарға 

бөліп  сұхбат,  монолог  құру,  жұппен 

жұмыс,  пікірталастар,  диспуттар  арқылы 

ойын  технологиясын  жағдаят  жасау  әдіс-

тәсілдерін  қолдану  арқылы  жетуге  болады. 

Бұл  жерде  мұғалімнің  алатын  орны  бағыт-

бағдар беруші ретінде болып отыр. 

Оқушы  қазақ  тілінің  тілдік  материалын 

білмей,  ойын байланысты түрде басқаға жет-

кі зе  алмайды.  Сондықтан  да  орыс  мектеп-

те рінде орыс тілді оқушыларға жаңа сөздің 

мағынасын мына жолдармен мең гертемін:

­  затты көрсете отырып, оның атын ал-

ды мен қазақша соңынан орысша және ағыл-

шын ша айту;

­  сөздің  орысша  баламасын  беру 

(суре тін  көр се ту ге  келмейтін,  дерексіз  зат 

есімдер, оның түсін білдіретін, не қимылды 

біл ді ре тін сөздер, т.б.);

­  сөздердің мағынасын антоним немесе 

сино ним арқылы түсіндіру;

Негізгі  бөлімде  әр  оқушы бір-бірі  не мәтін-

ді оқып береді, танысады, негізгі ұғымдарды 

ажыратады.  Әр  деңгейге  қойылған  сұрақ-

тар ға  жұппен  бірге  отырып  жауап  береді. 

Сөз дік көмегімен оқу мен қатар аудару жұ-

мы сын жасайды. Сонымен осы бөлімде оқу-

шы лардың  мәтінді  қаншалықты  түсінгені 

анықталады.  Бірінші,  екінші  сабақтарда 

оқушылар жаңа білім алады. Негізгі сұхбат 

бөлімде  модульді  әр  түрлі  бөлімдерге  бө-

ліп,  саралап,  жеңілден  күрделіге  өту  жағы 

қарас ты рыла ды. 

Оқу 

материалдарын 



оқушылар ға  белгілі  бір  мөлшерде  беріп 

отыра мын.  Кейбір  тақырыптарда  материал 

үлкен көлемде берілсе, кейбір тақырыптарда 

аз  көлемде  беріліп,  тиімді  меңгеру  үшін 

әр  түрлі  жұмыс  түрлері  арқылы  нәтижеге 

жетуді қарастырамын. Мысалы: «Қазақстан 

Республикасы», «Шешендік өнер», «Тұңғыш 

ғалымдар»  деген  9-сыныпта  кездесетін 

модульдерде оқушыларды үш топқа бөлемін. 

Лексикалық тақырыпта тірек-сызба арқылы 

жоғарыда  айтылған  тілдік  және  сөйлесу 

жаттығулары арқылы түсіндіремін. 

Модуль   аяқталып, нәтиже  сабақ  кезін   де  те-

ст    жұ  мысы   беріледі   және де  ауызша  бақы лау 

сұрақ тары беріледі, бақылау сұрақтарына жа-

уап беру кезінде, оқушылардың қаншалықты 

ма териалды  меңгергені  түсінікті  болады.

 

Мы на диаграммаларға қарасақ модульді қан-



ша лық ты меңгергені анық болады.

58

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

40

50





баға

барлығысапасы

сапасы



баға

барлығысапасы

5

2

5

3

4

2

4

1

3

4

3

3

2

2

40

2

1

50

Қазақ отбасы. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Нәтиже сабақ

0

10



20

30

40



50

1

2



Ряд1

Кей модульдерде ізденіс, шығармашылық 

ашатын тапсырмалар ұсынамын. 

Мысалы,  9-шы  сыныпта  «Табиғатты  қор-

ғау»,  «Қазақ  халқының  салт-дәстүрлері», 

«Қолөнер», «Музыка. Музыка аспаптары» мо-

дульдерінде жоба технологиясын қол да на мын.

Бұл  жобаның  мені  қызықтырғаны  –  бала-

лардың  әр  саладан  алған  білімдері  үлкен 

мәселені  шешуге  мүмкіндік  береді.  Осы 

атал мыш  жұмыс  белгіленген  нәтижеге  же-

тіп,  қорытынды  шығаруға  бағытталған.  Жо-

ба дайындау кезінде оқушылар топқа, жұп қа 

бөлінеді  және  де  жеке  тапсырманы  орын-

дауға  да    болады.  Топпен,  жұппен  орын-

дау  кезінде  әр  оқушының  өз  рөлі  бола ды.  

Жұмыс  жоспарын  құру,  көрнекілік  дайын-

дау,  қорғаудың  сценариін  жасау,  жинал ған 

мәліметті  талқылау,  іріктеу.  Әр  жобаның  өз 

сценарийі  болады:  өзекті  мәсе ле ні  белгілеу, 

қорғау, сөзжұмбақ болса, ше шу, қорытындылау, 

қойған сұрақтарға жа уап беру. Жоба дайындау 

кезінде оқу шы  көптеген ақпарат ішінен нақты 

тақы рып қа  байланыстысын  алады.  Және  де 

оқу шы лар дың  қызығушылығын  тудыратын 

жұмыстың та ғы бір түрі – флипчарт дайындау. 

Бұл топ тық жұмыс болғандықтан, әрбір қаты-

су шы ның өз рөлі болады. Оқушылар мәтінді 

мең ге ріп,  тү сініп,  өз  ойларын  еркін  түрде 

жазуға мүмкіндік беріледі. 

Сұхбат немесе ауызша бөлімде оқу шылар-

дың  сөйлеу,  диалог  құру,  танымдық  тақы-

рып тар  бойынша  ой  тұжырымын  жеткізу 

жағына үлкен мән беремін. 

Жағдаяттық сөйлесу. 9-сыныпта «Ұлттық 

киім» тақырыбын өткенде мынандай жағдай 

беріледі.  Базарда  екі  әже  кездесті.  Екеуінің 

тұрмыс-жағдайы  екі  бөлек.  Біреу  қала  тұр-

ғы ны,  екіншісі  қарапайым  ауыл  тұрғыны. 

Осы ны ескерсек, олардың арасында қандай 

ауыз екі  сөйлесу  болуы  мүмкін  (Екі  әженің 

рө лін ойнау).

  «Отбасы  мүшелерінің  сыртқы  келбеті» 

модулінде  мынадай  жағдаяттық  сөйлесу: 

Сы пайы,  тәрбиелі  ағалы-сіңілі  тәрбиесі  тө-

мен  отбасына  қонаққа  келді.  Олардың  қа-

рым-қатынасы қалай болды?

Оқушылардың 

сөйлеу 

дағдыларын 



қалып тастыру,  сөздік  қорын  байыту,  тілін 

дамы ту,  яғни  олардың  тіл  туралы  білімін 

ға на меңгерту емес, қазақ тілінде сөйлеуге, 

пі кір алысуға үйрету, қазақ тілі мұғалімінің 

не гіз гі мақсаты деп ойлаймын.

Қазақ  тілі  сабағында  жаңа  материалды 

оқу шылардың  көңіліне  мықтап  ұялатып, 

сана лы  түсінік  беру  үшін  оларды  сабаққа 

қызық тыра  білу аса маңызды. Оқушылардың 

қызы ғу шылықтарын  арттыру  мақсатында 

өза ра  коммуникативтік  қарым-қатынас 


59

ҰЛТТЫҚ ТІЛ

жа сау  үшін  міндетті  түрде  әр  сабақта 

М.М.Жанпейісованың  «Модульдік  оқыту 

тех но логиясы» бойынша жүргізілетін оқыта 

– үй ре ту ойындарын қолданамын. Оған «Өз 

жар тың ды  тап»,  «Мені  түсін»,  «Сандарды 

ес те  сақтау»,  «Сиқырлы  сандықша»,  «Сөз 

жа рысы»,  «Сөзді  әшекейле»,  «Тізбек», 

«Білім паздар»  ойындары  жатады.  «Шеңбер 

бойын ша  әңгімелеп  беру»  ойынын  қазақ 

тілі сабақтарында тиімді қолдануға болады. 

Ойын ның мазмұны: бастаушы оқушы көзін 

жауып  ортада  тұрады.  Орнынан  айналып 

кез  келген  адамды  көрсетеді.  Көрсеткен 

адам  мәтінді  әңгімелей  бастайды.  Жас 

ерекшеліктеріне байланысты сынып оқу шы-

ла ры өздерінің білімдерін көрсетуге құмар-

лық та ры  артады.  Жалғасын  сағат  бойынша 

басқа  оқушылар  жалғастырады.  Осы  ойын 

оқу шының  есте  сақтау  қабілетін,  тілін,  ел 

ал дын да сөйлеу қабілеттерін арттырады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Сыздық Р. Тіл  мәдениеті  және оның проблемалары / Р. Сыздық // Тілдік норма және 

оның қалыптануы.-Астана: Елорда, 2001. -230 б.

2 Жапбаров А. Қазақ тілі стилистикасын оқыту негіздері. - Алматы: Қазақ университеті, 

1991.-156б.

3 Айтбенбетова А.Қ. Ауызекі және көркем шығарма мәтініндегі диалог: лексикалық, 

синтаксистік және стилистикалық сипаттама. А., 2007.

4  Имангалиева  Г.С.Типология  диалога  (на  материале  казахского  и  русского  языков. 

Алматы, 1999.C.17б.

Тіл – әр халықтың кешегі жүріп өткен жолын, бүгінге жалғасқан ғұмырының 

ертеңге апарар мүддесін бейнелеуші, яғни, бар тарихының куәгері, деректі 

көзі


С.Аманжолов.

60

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ӘОЖ 37.06



А.Н. Алтыбаева

№83мектеп-гимназияның қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі

ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІЗГІЛІК ҚАСИЕТІН 

ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ДИАЛОГ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ

Бұл  мақалада  қоғамға  өмірлік  маңызды  мәселелер  жайында  дұрыс  пікір  таластыра 

алатын,  өз  көзқарасын  дәлелдей  отырып,  демократиялық  саясат  жүргізе  білетін  ізгілікті, 

толерантты,  адамгершілігі  мол,  диалогқа  түсе  алатын  білімді  азаматтар  қажет  екендігі 

айтыла келіп, болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесінің 

ізгілік  бағыт  алуы,  атап  айтқанда,  оқушыларды  диалог  арқылы  ізгілікке  тәрбиелеудің 

ерекшеліктерін айқындап, оны оқыту жүйесінде ұтымды пайдалану қажеттілігі сөз болған.

Түйін сөздер: ізгілік, диалог, оқыту, оқушы, қоғам, қалыптастыру.

В  статье  написано  о  необходимости  обществу  грамотных  гражданинов,  способных 

выражать личное мнение по жизненно важным вопросам, доброжелательные, толерантные, 

гуманные, умеющие вести диалог, демократическую политику, доказывая свою точку зрения, 

также  о  добродетельном  направлении  системы  образования  в  формировании  будущего 

поколения как личность, а именно определены особенности воспитания доброжелательности 

с помощью диалога, о необходимости выгодного использования в системе образования.

Ключевые  слова:  доброжелательность,  диалог,  обучение,  учащийся,  общество, 

формировать.

The  article  is  written  on  the  need  literate  society  citizen,  capable  of  expressing  a  personal 

opinion  on  vital  issues,  benevolent,  tolerant,  humane,  able  to  engage  in  dialogue,  democratic 

politics, proving his point of view, as a virtuous direction of the educational system in shaping the 

future generation as a person, and it is determined especially education goodwill through dialogue, 

the need to beneficial use in the education system.



Keywords: kindness, dialogue, learning, student, society, form.

Қоғамда  бүгінгі  таңда  жас  ұрпаққа  бі-

лім  беру  мен  тәрбиелеу  және  әлеуметтік-

экономикалық өзгерістер адам санасындағы 

күр делі  жаңғыру  процесімен  астаса  жүріп 

жатыр. Бұл мәселе 1995 жылдан бастап қат-

ты  қолға  алынды.  Осыған  байланысты  сол 

кез де  арнайы  Қазақстан  Республикасында 

гуманитарлық  білім  беру  тұжырымдамасы 

жасал ғаны белгілі. Онда: 

«Қоғамды  ізгілендіру  –  ХХІ  ғасырдың 

табал дырығындағы  өркениетті  дамудың 

талабы, мұның өзі әлеуметтік қатынастарды 

ұйым дастырудың  тиімді  нысандарына  қол 

жетуіне  байланысты  болып  отыр.  Әрі  бұл 

қаты нас тар да  алдымен  әлемнің  тұтқасы 

ретінде  адам  аса  айшықтана  көрінуге  тиіс» 

деген  [1].  Білім  беруді  ізгілендіру  адамзат 

үйлесімділігін  қалыпқа  келтірумен  ғана 

шектелмейді,  жаңа  «рухани  педагогика» 

пара диг маларын  қайтадан  өңдеп  шыққанды 

құптайды.  Өйткені  қоғамның  ізгі  ойлары  мен 

моральдық құндылықтары білім берудің адам-

гершілік-рухани ұстанымдарына тәуел ді  келеді.

Адам  бойындағы  асыл  қасиет  –  ізгілік 

қасиеті  сонау  ІХ  ғасырдан  бері  айтылып 

келеді.  Адамның  жеке  тұлға  ретіндегі 

сапалық көрсеткіштерінің бірі-оның бойын-

дағы ізгілік қасиетінің болуы бүкіл адам зат-

тық құндылықтардың іргетасын қалайды. Бі-

лім берудегі ізгілендіру идеясын жүзеге асы-


61

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

ру  барлық білім беру жүйесінің, әсіресе, мек-

тептің міндеті. Қоғамның жаңа дәуірге көшу 

процесі  жағдайында  халықтың  ғасырлар 

бойы  жинақталған  ізгілік  мұрасына  ден 

қоюы – адамгершілік, адамзаттық  прогрестің 

айқын көрінісі.

«Қазіргі  уақытта  қоғамдағы  әлеуметтік 

өзгерістерге  байланысты  шиеленіс,  халық-

ара лық білім беру жүйесін ұлттық тұлға ның 

дамуына  бағыттау  арқылы  адамды  қалып-

тастырудың  тиімді  жолдары  қайта  қара-

лып, жаңа көзқарастар орнығуда. Әрбір жас 

азамат тың жүрегінен ізгілік орын алса, бола-

ша  ғы зор, рухы жоғары ел боларымыз анық 

деп ойлаймын» - деген Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаев өзінің жолдауында [2]. Осыдан-ақ 

сонау  ерте  заманнан  айтылып  келе  жатқан 

ізгілік идеясының қазіргі күнде жаңа мәнге 

ие болғанын байқаймыз.

Ізгілік – адамсүйгіштік, адам мен адамдық 

мін дет терге құрметпен қарау адамның өзін-

өзі тануынан, өзіне өзі баға беруінен баста-

ла ды. Ол адамның өзінің өмірдегі орны мен 

өмір сүрудің негізгі өзегі мен мән-мазмұнын 

тү сінуі.

Педагогикалық  тұрғыдан  ізгілік  адамдар 

арасындағы  қатынастардың  сүйіспеншілікке 

негізделуі, адамның ар-намысын, абыройын, 

ар-ожданын құрметтеу, жоғары адамгершілік, 

парасаттылық  қасиетпен  қамқорлық  жасау, 

адамды сүйе білу, қадірлеу деп анықталады.

Бүгінгі  қазақстандық  философтар  да  өз 

еңбектерінде гумандық қасиеттердің қалып-

та суына  көп  көңіл  бөлген.  Солардың  бірі 

Д.Кішібеков  өзінің  философиялық  еңбегінде 

адам  бойындағы  кісілік  қасиеттердің  үш 

түр лі дәрежесін көрсетеді:

1.  Әрбір адам ең алдымен адамзат қауы-

мының мүшесі. Шыққан нәсілінен, ұлтынан, 

табынан, жынысынан, туған жерінен тәуелсіз 

есті адамның барлық өкілдеріне ортақ жалпы 

адамзаттық  қасиеттер.  Олардың  қатарына 

қуану,  қайғыру,  балажандық,  ананы  сүю, 

арамдық-зұлымдықтарға,  әділетсіздікке  те-

ріс   қараушылық,  махаббат  жек  көрушілік, 

әділ дік ті ұнату т.б. жатады.

2.  Әр адамның физиологиялық ерек ше-

лі гі нен  жоғары  жүйке  жүйесінің  қыз меті-

нен  туатын  және  оның  тек  өз  басына  тән 

психологиялық  ерекшеліктері.  Бұлар  оның 

мінез-құлқында,  қимылы  мен  жүріс-тұры-

сында,  сөйлеу  ыңғайында  адамдармен  қа-

рым-қатынасында болады.

3.  Адам белгілі бір елде, тарихи дәуірде, 

белгілі  дәрежеге  жеткен  материалдық  және 

рухани  мәдениет  жемістерімен  сусындап 

өседі [3].

Осылардың бәрі қосылып, адамның жан-

дүниесінде  өзінің  ізін  қалдырады  және  сол 

уақыт  ішінде  анықтала,  екшелене  келіп, 

тарихи ортаның, мәдениет дәрежесінің адам 

санасы  мен  психологиясында  кескінделген 

идеалды  бейнесін  құрайды.  Педагогикада 

ізгілікті  білім  беру  оқушыларға  ұлттық 

және  адамзаттық  құндылықтар  негізінде 

білім  беру  болса,  ізгілік  тәрбиесі  ұрпақты 

құн ды лық тар  арқылы  дамытуға,  мәдени 

дағдыларды  игеруге,  өз  жауапкершілігін 

арт тыру ға тәрбиелеу болып табылады.

Адамгершілік  екі  жақты  әрекет  арқылы 

пайда  болады.  Ол  бір  жағынан  адамның 

өзін-өзі  тани  білуі,  екіншіден,  өмір  сүру 

үшін  күресу,  тұлғаның  құндылық  қасиетті 

бағалауы және оның ізгілікке жат іс-әрекетті 

танып білуі қажет, ізгілікті әлеуметтік құ бы-

лыс  ретінде қарағанымыз жөн.

Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құру, эко-

но миканы  дамытудағы  жаңа  стратегиялық 

бағ дарлар,  қоғамның  жедел  ақпараттануы 

мен  қарқынды  дамуы  білім  беруге  қоятын 

талап тарды  түбірімен  өзгертуде.  Әлемдегі 

көп теген мемлекеттердің білім беру жүйесі 

білім  берудің  мақсатын  ,  мазмұны  мен 

технологияларын  оның  нәтижесіне  қарап 

баға лайды.  Білім  берудің  қазіргі  кездегі 

мақсаты  білім  алып,  білік  пен  дағды-

машыққа  қол  жеткізу  ғана  емес,  солардың 

негізінде  дербес,  әлеуметтік  және  кәсіби 

біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау 

және  ұтымды  пайдалану,  жылдам  өзгеріп 

жат қан  бүгінгі  дүниеде  лайықты  өмір  сүру 

жә не жұмыс істеу болып табылады.

Қазір педагогикалық қауымдастық  тың ал-

дында білім берудің жаңа моделін құрудың, 


62

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

сынақтан  өткізу  мен  енгізудің  ауқымды 

міндеттері  тұр,  оның  жүйесінің  негізгі 

ұстанымдары «Қазақстан Республикасының 

2015  жылғы  дейінгі  білім  беруді  дамыту 

тұжырымдамасында» көрсетілген [4]. Тұжы-

рым даманың  негізгі  мақсаты: «Әлемдік білім 

беру  кеңістігінде  ықпалдастырылған  және 

жеке  тұлға  мен  қоғамның  қажеттіліктерін 

қанағаттандыратын  көп  деңгейлі  үздіксіз 

білім берудің үздіксіз моделін қалыптастыру 

үшін  білім  беруді  дамытуға  стратегиялық 

басымдықтарды  белгілеу»  болса,  мін де ті: 

«білім  беруді  басқаруды  одан  әрі  демо к ра-

тия ландыру  негізінде  қазақстандық  білім 

беру моделінің жұмыс істеуінің заңнамалық, 

нормативтік,  құқықтық  базасын  жетілдіру; 

білім  берудің  мазмұны  мен  материялдық-

техникалық  базасын  жақсарту;  білім  сапа-

сын  бағалаудың  ұлттық  жүйесін  құру;  білім 

беруді,  ғылым  мен  өндірісті  ықпалдастыру; 

әлем дік  білім  беру  кеңістігіне  ықпалдасу» 

болып табылады.

Білім беру, оның деңгейлері мен мазмұны 

Қазақстанның білім беру жүйесінде жүйелі 

өзгерістер  әкелмек.  Осыған  байланысты 

білімнің мазмұнын, оқыту әдістері мен сабақ-

ты  ұйымдастыру,  нысандарын  жетілдіру 

бүгін гі  күннің  басты  талабы.  Сондықтан 

бүгінгі оқушыларды ертеңгі қоғам талабына 

сай бір маман иесі етіп тәрбиелеу үшін бел-

гі лі бір мақсат болуы керек.

Сол себепті қазіргі кезде мамандық атау-

лы ның  барлығы  да  бейімділікті,  ептілікті, 

шапшаңдықты,  ерекше  ой  қызметін,  мол 

шығармашылық мүмкіндікті, өзін қоршаған 

ортамен тез қарым-қатынасқа түсе білу, сөз 

жарыстыру,  өзгергіш  жағдайларға  жыл дам 

бейімделгіш,  өзін  қоршаған  түрлі  жағ дай-

лар ға тез икемделіп қана қоймай, оларды ке-

рек ті  бағытына  бұра  білу  қабілеттілігін  қа-

жет етеді.

Бұл  тұрғыда  Қазақстандағы  білім  беру ді 

халық ара  лық  стандартқа  сәйкстендіру  мақ-

са    тын  да қабылданған 12 жылдық оқытудың 

маңызы  зор.  Мұнда  білім  берудің  негізгі 

басым дық тары  ретінде нәтижеге бағытталған 

білім  тұ жырымдамасы  даярланып,  оның 

негізгі көрсеткіштері ретінде компетенттілік 

ұстанымдарына көшу бағыты айқындалған.

12  жылдық  оқытудың  негізгі  мақсаты: 

оқу шыларды  әлеуметтік  жағынан  қорғау; 

білім сапасын арттыру; әлемдік білім кеңіс-

ті гі не  ену.  Ал  басты  басымдылығы  білім 

маз мұнының  тұлғаға  бағытталғандығымен, 

білім ді  ізгілендірумен,  әдіснамалық  құра-

ма ның іргелілігін қамтамассыз етуімен, оқу 

жүк темесінің  көлемін  оңтайландырумен, 

оқу шы денсаулығын сақтаумен көрсетіледі.

12  жылдық  мектепте  оқушы  тұлғасын 

дамыту үш басқышта жүзеге асыру қарас ты-

рыл ған.


І  басқыш  –  бастауыш  білім  беру 

(1-5-сыныптар).  Оқу  ұзақтығы  5  жыл.  Бұл 

кезеңнің  негізгі  мәні  –  оқушылардың  оқу 

әрекеттерін  қалыптастырып,  сауаттандыру, 

олардың  даралығын  ашу, оқу әрекетін игер  ту. 

Осы  басқыштағы  мақсаттардың  орын  далуы 

міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен мек  теп 

ал ды  дайындықтың  болуына  байланысты 

болғандықтан,  бірінші  сыныпқа  бала  6 

жастан  бастап  қабылданады,  осы  сатыдағы 

негізгі  құзіреттіліктің  қалыптасуын  қам та-

мас сыз етеді.

ІІ  басқыш  –  негізгі  орта  білім  беру 

(6-10-сыныптар). Оқу ұзақтығы 5 жыл. Бұл – 

негізгі мектеп, онда ғылым негіздері мең гер-

ті леді. Игерілген білім, білік, дағдылар мен 

әрекеттердің базалық тәсілдеріне негізделген 

базалық мәдени деңгей мен дүниетанымын 

қалыптастыру.  Бұл  басқыштағы  білім 

мазмұны бұрынғы бағдарламаларға қара ған-

да  жеңілдеу.  Онда  оқушының  қабілеттерін 

да мы ту, оқу әрекетін меңгеруге жағдай жа-

сау ойластырылған.

ІІІ  басқыш  –  жалпы  орта  білім  беру 

(11-12-сыныптар  –  бейіндік  мектебі).  Оқу 

ұзақ ты ғы  –  2  жыл.  Оларды  бейінді  мектеп 

деп  атау  қабылданған.  Бұл  басқышта  негі-

зі нен  мамандық  таңдау,  кәсіпке  бағдарлау 

мә се ле лері  кәсіби  мектеп,  кәсіби  лицей, 

коллед ж дер арқылы жүзеге асырылады.[5]

Тұжырымдай  келгенде,  жоғарыда  айтыл-

ған  жайттарды  жүзеге  асыру  оқушылардың 

диалог арқылы ізгілік қасиетін қалыптастыру 


63

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

үшін білім және іскерлік, тәжірибелік дағ ды-

лар ды дамыту қажет деп есептейміз.

Осы туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақ-

стан халқына жолдаған «Қазақстан - 2030» 

стратегиялық    бағдарламасында:  «Диалог-

тың ықтимал барлық нысандарын көтер ме-

леу,  сондай-ақ  адамдар  арасындағы  өзара 

бай ла ныс қарым-қатынасты күшейту арқылы 

біз  біртіндеп  ұлттық  ынтымағымызды  ны-

ғай тып, ұлттық әлеуетімізді ұлықтаймыз», - 

деп, айқын етіп атап көрсетті [6,12]. Шын мә-

нін де, Президенттің бұл сөзінен бүгінгі күн-

ге қажетті ойлау үлгісі мен әлемдік тәртіп тің 

қалыптасуының  ұштасуы  кезіндегі  диалог-

тік өзара қарым-қатынастың дамуына, адам-

ның  тұлғааралық,  жалпы  қоғамдық  қарым-

қаты настарының  барлығы  қарым-қатынас 

ар қы лы  іске  асатындығына  нақты  да  анық 

мән бергенін байқаймыз.

Сондықтан,  бүгінгі  заман  талабына 

жал пы  білім  беретін  мектептің  алдында 

жаңаша  міндеттер  қойылып  отыр.  Өйткені 

қарым-қатынас  –  бүгінгі  педагогикада  жеке 

тұлғаны қалыптастыру мен дамытудың тиім-

ді  шарттары  болып  табылатын  білім-білік, 

ақыл-ой,  дағды,  тәжірибе,  мәлімет  алма су-

лар ды  қажет  ететін  субьектілердің  өзара  іс-

әрекеті. Ол адамды құрал емес, тұлға ретінде 

танып  білуді,  тұлғаның  қалыптасуына  педа-

го ги калық жағдай туғызуын әлеуметтік шы-

найы лығы мен өзін-өзі дамытуын талап етеді.

Сол  себепті  болашақ  ұрпақтың  жеке 

тұлға  болып  қалыптасуында  білім  беру 

жүйесінің  ізгілік  бағытын  алуы,  атап 

айтқанда  оқушыларды  диалог  арқылы  ізгі-

лік   ке тәрбиелеудің ерекшеліктерін айқын дап, 

оны  оқыту  процесінде  ұтымды  пайда ла ну 

қажеттілігі  туындайды.  Оқытуды  ізгі лен-

дірудің  басты  белгісі  оқушы  бойында  білім 

алуға  деген құштарлықтың қалыптасып, даму 

үрдісінің  тұрақты  болуымен  сипатталады. 

Т.С.Сабыров  өз  зерттеулерінде:  «Оқыту  – 

баланың  рухани  дамуын  қамтамассыз  етеді. 

Сондықтан,  оқыту  мен  дамудың  ара сын-

да  ты ғыз  байланыс  болады»  десе,  ғалым 

Р.М.Қоянбаев  «Білім  беру  –  екі  жақты  ба-

рыс.  Бұл  барыста  оқыту  мен  оқу  бірігеді. 

Оқушының  белсенді  еңбегінсіз  білім  алу 

мүмкін емес», - дейді [7]. Ал Л.С.Выготский 

оқытудың  басты  міндеті  –  баланың  ішкі 

күштері  мен  мүмкіндіктерінің  дамуы  үшін 

жағдайлар жасауы деп түйіндейді [8].

Нақтылай  келгенде  оқыту  процесінің 

логикалық  және  психологиялық  заңды лық-

та рын, оның жалпы қағидаларын білу мұға-

лім ге оқу жұмысын ұйымдастырған кезін де, 

ізгілікті  ең  негізгі  қасиет  ретінде  көр се ту ді 

міндеттейді. Бұл жалпы қағидалар ди дак ти-

ка да оқыту принциптері деп аталады.

Оқыту  принциптері  дегеніміз  барлық 

оқы ту  процесінде  және  түгелдей  оқу  пән-

де рін де басшылыққа алынатын негізгі қағи-

да лар, педагогикалық талаптар жүйесі. Осы 

талаптар негізінде өз тәжірибемнен өткі зіл-

ген  кейбір  сабақтардың  қысқаша  сипат та-

масын бергенді жөн көрдім. Бұл сабақта оқу-

шы лар топ бойынша жұмыс істейді. Әр топта 

5-6  адамнан  болады.  Оқушылар  өздерінің 

қалау лары бойынша, сыныптың өзара әре кет-

терінің  ерекшелігіне  байланысты  өзде рі нің 

аттары  мен  фамилиялары  жазылған  үстел-

дер де отырады. Тақтаға сабақ тақырыбы мен 

эпиг ра фы жазылып қойылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет