Əдебиеттер
1. Мағауин М. Қазақ тарихының əліппесі. – Алматы: Қазақстан, 1995.
2.
Əуезов М. Абай Құнанбаев. –Алматы: Санат, 1995.
3.
Құнанбайұлы Абай. Шығармаларының толық жинағы. Т.1. – Алматы:
Жазушы, 1995.
4.
Құнанбайұлы Абай. Шығармаларының толық жинағы. Т.2. – Алматы:
Жазушы, 1995.
5.
Абай. Энциклопедия. Алматы: Атамұра, 1995
Резюме
В данной статье рассматривается гендерные проблемы казахского общества на
материале произведений великого поэта-мыслителя А.Кунанбаева.
Summary
This article focuses on gender issues of Kazakh society in the material of great poet-
philosofher A.Kunanbaev.
АТҚАРУШЫ БИЛІКТЕ ƏЙЕЛ АДАМДАРДЫҢ АРТУЫНАН ЕШ
ҰТЫЛМАЙМЫЗ
Нөкетаева Динар Жүсіпəліқызы
Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық
университетінің ректоры
-
Ең əуелі гендерлік саясат туралы ойыңызды білсек?
Гендерлік саясат, гендерлік білім проблемалары – халықаралық деңгейдегі жұмыс
жасайтын бағдарламалар болып табылады. Қазақстандағы, қала берді ТМД елдері
арасында жалғыз қыздар университеті болғандықтан, бұл мəселе, əлбетте, бізге де
қатысты. Сондықтан да, университетіміз Біріккен Ұлттар Ұйымының бағдарламасы
аясында «Гендер жəне даму» бюросымен, гендерлік білім жəне гендерлік саясат
мəселелері бойынша ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО ұйымдарымен, гендерлік білім саласының
дамуы бойынша Халықаралық қорлар мен ұйымдармен (ЮНИФЕМ, ЮСАИД, ЮСИС,
Ф.Эберт Қоры), Алматы əйелдер ақпарат орталығымен, Гендерлік зерттеулер
орталығымен, Қазақстан іскер əйелдер Ассоциациясымен, Қазақстанның кризис
орталықтарының Одағымен, «Родник» балалар мен əйелдерді əлеуметтік психологиялық
бейімдеу жəне құқығын қорғау Орталығымен жəне мемлекетіміздегі қоғамдық маңызы
зор гендерлік теңдік мəселелері бойынша басқа да үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс
жасайды.
-
Еліміздегі гендерлік саясаттың іске асуына ҚазМҚПУ-дың үлесі
қаншалық?
Бір ғана мысал, университетіміз Елбасымыздың ерекше ықыласы мен əкелік
қамқорлығының арқасында жылдан жылға көркейіп, жас педагог мамандарды
дайындауда бірегей жетістіктерге жетіп келеді. Еліміздегі бірден бір арулар ордасының
жанында Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің бұйрығымен
ашылған Əлеуметтік жəне гендерлік ғылыми зерттеулер институты жұмыс жасайды.
Гендерлік институт мақсаты – еліміздегі білім жүйесіне гендерлік тəсілдерді ендіруге
икемделген педагог мамандарды даярлауға ықпал көрсету, гендерлік индикаторларды
қолдану арқылы əлеуметтік жəне білім бағдарламаларын даярлау, гендерлік зерттеулерді
дамыту, үздіксіз гендерлік білім беруді республикамыздың білім беру жүйесіне ендіру,
оқу бағдарламалары мен оқу үрдістеріне инновацияларды ендіруге ықпал ету болып
табылады.
ҚазМҚПУ-дың Əлеуметтік жəне гендерлік ғылыми зерттеулер институтының
қызметкерлері еліміздегі гендерлік саясаттың іске асуына өз қомақты үлесін қоса отырып,
60
күні бүгінге дейін алты іргелі жəне қолданбалы жобалар бойынша зерттеу жұмыстарын
жүргізді:
1.
Гендерлік білім – Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі
2.
Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат – Қазақстан Республикасы
Білім жəне ғылым министрлігі
3.
Білім беру жүйесіндегі феминизация жəне мəселені шешу жолдары –
ЮНЕСКО
4.
Қазақстандағы гендерлік білім беру бағдарламасы – ЮНИСЕФ
5.
Жоғары жəне орта білім беру мекемелеріндегі гендерлік білім негіздері –
Сорос-Казақстан қоры
6.
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіндегі гендерлік тəсіл - Қазақстан
Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі
Қазіргі уақытта институт қызметкерлері «Қазақстан Республикасының білім беру
жүйесіндегі гендерлік тəсіл» тақырыбындағы ғылыми жобаны аяқтауда. Негізгі мақсаты
гендерлік білімнің теориялық принциптері, əдістемелік жəне концептуальды
парадигмаларын əзірлеу, Қазақстан Республикасындағы гендерлік білім беру жағдайының
бүгіні мен болашағын зерттеу, қазақ халқының дəстүрлі мəдениетінің озық үлгілерін білім
беру кеңістігінде гендерлік тəсіл ретінде қолдану болып табылатын жобаның өзектілігі де
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə. Назарбаевтың сөйлеген сөздері мен
жолдауларында көрсетілген гендерлік теңдік пен басымдылықтың, яғни «Қазақстан
Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік Стратегиясының»
мақсат, міндеттерін жүзеге асырудың теориялық платформасын құру қажеттілігіне
негізделген.
Университет ұжымы гендерлік саясат бойынша республикалық, қалалық, аймақтық
деңгейдегі түрлі іс-шараларға үзбей қатысып келеді. Мысалы, Қазақстан Республикасы
Президенті жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі
ұлттық комиссиясының БҰҰ қорының техникалық қолдауымен дайындаған Қазақстан
Республикасының 2010-2020 жж арналған отбасылық-демографиялық саясаты
Тұжырымдамасының жобасын талқылауға, Алмалы ауданы əкімшілігі ұйымдастырған
ОБСЕ-нің Қазақстандағы жылдарына орай, БҰҰ əйелдерге қатысты дискриминацияның
барлық түрлерін жою Конвенциясының қабылданғанына 30 жыл іс-шарасы қарсаңында
əйелдерге қатысты дискриминацияның барлық түрлерін жою жəне гендерлік саясатты
насихаттау іс-шараларына, Қазақстандағы күйзеліс орталықтар Одағы мен Алматы
қалалық əкімшілігі ұйымдастырған «Отбасында əйелдер мен балаларға көрсетілетін
тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы» Заң жобасын талқылауға белсене қатысты.
Сонымен қатар, университетімізде гендерлік саясат бойынша бірнеше докторлық,
кандидаттық, магистрлік диссертациялар қорғалып, «Гендер» оқу-əдістемелік кешені
аясында бірнеше оқулықтар, оқу құралдары, ғылыми-əдістемелік нұсқаулар дайындалды.
-
Гендерлік саясаттың тиімді жақтарын іске асырсақ жақсы, ал, əйел
адамдардың ер азамат атқаратын жұмыстарға жаппай ұмтылуы қазақ жұрты
үшін қаншалықты пайдалы?
Алдымен, жоғарыда келтіріп отырған мысалдар – мемлекетіміздегі гендерлік саясаттың
тиімді жақтарының іске асып отырғандығының дəлелі болса керек. Ал енді «əйел
адамдардың ер азамат атқаратын жұмыстарға жаппай ұмтылуы қазақ жұрты үшін
қаншалықты пайдалы?» деген сұрағыңызға, ер адамның өзіндік, əйел адамның өзіндік
табиғи болмысы бар, егер заманауи технологияның жетістіктері негізінде бұрын тек ерлер
атқаратын бірер жұмыстарды əйел балалары да меңгеріп жатса, одан үркетіндей ештеме
жоқ дер едім. Ал биліктегі əйелдерге келетін болсақ, қазақ халқы үшін əйел-аналардың
даналығымен ел құрметіне бөленіп, билікке араласуы ата тарихымыздан келе жатқан
ұлағатты үрдіс. Қыз баланы туғаннан мəпелеп, төрге отырғызып, «ертеңгі – ел анасы» деп
үкілеп өсірді. Бұрын қазақ қыздарының аты ерлікпен, батырлықпен қолына қару алып ел
қорғау ісінде шықса, бүгін ол өмірдің тұрлі салаларында қайраткерлікте, ғылымда, өнерде,
61
спортта, ел басқаруда, мемлекет құруда, бизнесте, əдебиетте, ұстаздық, дипломатиялық
қызыметте, медицина да, қасиетті аналық образда т.б салада есімі белгілі болып отыр.
Мысалы, тарихтағы Тұмар ханым, Домалақ ана, Қызай ана, Бопай ханшалар жаугершілік
заманда ел үшін күресіп аты шықты, Зере, Ұлжан əжелеріміз қазаққа Абайдай
данышпанды берді. Д.Нұрпейсова күй өнерінің көкжиегін кеңітті, соғыс кезінде Əлия мен
Мəншүк отан қорғаудың айрықша үлгісін көрсетті, қазақтың əн өнерінде ізі қалған
Р.Бағланова, Ж.Əубəкірова, А.Мұсақоджаева Б.Төлегенова, Н.Үсенбаева, Р.Рымбаева,
М.Мұхаметқызы, М.Жүнісова, мəселен, Р.Бағланованың соғыс өті лаулап тұрған шақта
соғыс даласын аралап азаматтарға күш-жігер беріп əн салуы нағыз ерлік. Қазақ
əдебиетінде де ерекше тұлғалар жетерлік Ф.Оңғарсынова, М.Айтқожина, А.Бақтыгереева,
К.Ахметова, А.Смақова, Х.Есенқарақызы, М.Хакімжанова, Г.Салықбайларды атасақ
болады. Тəуелсіз елдің іргесін бекіту ісінде де Елбасының төңірегінде, саясатта білімін,
біліктілігін жұмсап жүрген менің əріптестерім бар, Г.Əбдіхалықова, С.Қайырбекова,
З.Балиева, О,Асанғазы, А.Самақовалардың орыны бөлек. Қазақ елінің жаңа тарихында
алғаш нəзік жандылардан шығып елшілік қызмет атқарған Б.Əйтімова БҰҰ-да қыз метте,
Дүниежүзлік Сауда Ұйымына кіру үшін ел атынан Ж.Айтжанова атқа мініп жүр, ғылымда
Ə.Бейсенова апамыз бар, əрине, бəрін санап шығу мүмкін емес шығар, дегенмен қазақ
қыздары ежелден өзінің тарихтағы орынын айқындап қойған. Біздің халқымыз үшін əйел
адамдардың көп қызмет салаларында ерлермен қатар жүруі, əлбетте, қазақ жұрты үшін де,
көп ұлтты мемлекетіміз үшін де пайдалы деп ойлаймын.
-
Гендерлік саясатты көбінде діни тұрғыдан қарастыратындар қарсы
болып жатады, осы турасында не ойлайсыз?
Бұл мəселеде, ең алдымен, діни сауатты болу керек дер едім. Егер ислам дініне келетін
болсақ, «оқы, оқы жəне оқы», «сендер үшін он екі мың ғаламды жараттым, оқы, біл,
таны», «алдымен, анаңды сыйла» демей ме қасиетті құранымызда? Гендерлік саясат пен
дінді мүлдем қарсы қоюға болмайды .
-
Кадрлық саясатта əсіресе жоғары атқарушы билікте əйел адамдардың
үлес салмағының артуынан ұтарымыз не?
Əйел баласы табиғатынан тіршіліктегі көп затқа тереңірек үңіліп жатады. Əлеуметтік
өмір, тұрмыста кейде ер адам байқамағанды бағып, біліп жататын əйел баласы. Осы
тұрғыдан алғанда, кадрлық саясатта немесе жоғары атқарушы билікте əйел адамдардың
үлес салмағының артуынан біз еш ұтылмаймыз деп ойлаймын.
-
Өзіңіз осы оқу орынына басшылық қызметке келгелі қандай іс-шаралар
атқардыңыз?
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті – Қазақстандағы 67 жылдық
даму тарихы бар іргелі оқу орындарының бірі. Негізгі бағыты – мектеп ошақтарына
кəсіби мамандар дайындайтын əрі тек қыз балалары оқитын оқу орны болғандықтан,
отандық университеттер плеядасында өзіндік орны мен ерекшелігі бар оқу ордасы. Елу
мыңнан аса түлегі Қазақстанның бар аймағы мен шет мемлекеттерде еңбек етіп жүрген
университетте күні бүгін 43 мамандық бойынша 9248 студент, 21 мамандық бойынша
139 магистрант білім алып, оларға 718 профессор-оқытушылар дəріс оқуда.
Өткен жылдың тамыз айынан бергі аз уақытта ғана атқарылған іргелі істерді ауызға
алар болсақ, əлбетте, жасалынып жатқан қыруар іс-шараны бір сұрақтың жауабы аясына
сыйғызу мүмкін емес. Негізгі бағыттарға тоқталсақ, олар:
1.Университеттің құрылымдық жүйесі оптимизацияланды;
2.Бакалавриаттағы емтихан жүргізу формасына жаңа формат енгізілді;
3.Университеттің білім беру бағдарламаларына əлемнің ең озық университеттерінің
бағдарламаларымен салыстыру арқылы сараптама жасалынуда.
Университеттің білім беру қызметін жаңа сапалы деңгейге көтеріп, халықаралық білім
беру кеңістігіне еркін енуі мен университет дипломының халықаралық деңгейде танылуы
үшін алдағы уақытта міндетті түрде іске асырылатын биік жоспарлар қойдық.
62
Қазақстан білім беру жүйесінің Болон декларациясына, Лиссабон конвенциясына
кіруіне байланысты үш деңгейлі мамандар дайындау жүйесі толығынан енгізіліп, оларды
дайындауда академиялық ұтқырлық мəселелерін шешу шұғыл қолға алынды. Жедел түрде
биылғы оқу жылының бірінші семестрінде еліміздің беделді жоғары оқу орындарымен
келісім-шарттар жасалынып, іске асырылды. Қазіргі кезеңде Жетісу мемлекеттік
университетімен (Талдықорған қ.), Абай атындағы ҚазҰПУ-мен (Алматы қ.), Павлодар
мемлекеттік университетімен (Павлодар қ.), Букетов атындағы ҚарМУ-мен (Қарағанды
қ.), Атырау МУ-мен (Атырау қ.) студенттер алмасып, білім алуда. Сонымен қатар, Ресей,
Түркия, Малайзия мемлекеттерінің белді университеттерімен екі дипломдық білім беру
туралы келісімдер жүргізілуде.
Университеттің білім беру кеңістігі күн санап кеңеюде. Аз ғана уақыт ішінде Синьцзян
педагогикалық университетімен (Қытай), Миссиссиппи мемлекеттік университетімен
(АҚШ), Нигде университетімен (Түркия), Томск политехникалық ұлттық зерттеу
университетімен (Ресей) келісім-шарттарға қол қойылды. Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті мен Шыңжаң педагогикалық университеті арасындағы
байланысты нығайту үшін қытай елінің мəдениеті мен салт-дəстүрін дəріптеу жəне қытай
тілін үйрету мақсатында «Қытай тілі орталығы» жұмыс жасай бастады. 2011-2013 жылдар
аралығында университетте халықаралық ынтымақтастықты нығайту барысында Шыңжаң
педагогикалық университетінің оқытушысы жұмыс жасауға келді.
2011-2012 оқу жылында Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ»
халықаралық бағдарламасы бойынша бір жылдық ғылыми тəлімнамаға Санкт-Петербург,
Мəскеу қалаларына психология, физика, жалпы педагогика, музыкалық білім
кафедраларынан 4 оқытушы, Австралия мемлекетінің Grіffіth университетіне шет тілдер
факультетінен 2 оқытушы жіберілді.
Университетте ҚР БжҒМ-нің қаржыландыруымен бірнеше іргелі жəне қолданбалы
жобалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Олар: «Педагогикадағы
əдістемелік ілім құрылымының ғылыми негіздерін ұлттың интеллектуальді потенциалын
дамытудың факторы ретінде қарастыру», «Қазақстан Республикасындағы білім беру
жүйесіне гендерлік тұрғыдан қарау», «Орыс тілін қазақ əдеби тілі туралы ғылымда арнайы
терминология трансляторы ретінде қарастыру мəселелері» тақырыбындағы іргелі жобалар
мен «12 жылдық оқуға өту кезеңіндегі мектепке дейінгі білім беруді дамытудың ғылыми-
əдістемелік негіздерін құру» тақырыбындағы қолданбалы жоба.
2011
жылдың
тамыз-қыркүйек
айларында
университет
ҚР
БжҒМ-нің
қаржыландыруымен өтетін іргелі жəне қолданбалы жобалар бойынша ғылыми-зерттеу
жұмыстарының конкурсына 11 ғылыми жоба, Алматы қаласы Кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп
басқармасының «Инновациялық ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсына» 3 ғылыми
жоба, Жастар саясаты басқармасының І Инновациялық конвентін өткізуіне орай
ұйымдастырған ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсына 2 ғылыми жоба жіберді.
Университет қабырғасында «Əлеуметтік гендерлік ғылыми-зерттеу» институты, «Қазақ
мектебінің даму мəселелері» зертханасы жұмыс жасайды.
-
Алға қойған мақсаттар туралы айтып өтсеңіз?
Алдағы уақытта университеттің ғылыми-зерттеу əлеуетін саралай отырып,
мамандандырылған оқу зертханаларын (Жаңарып тұратын энергия көздерін пайдалану
зертханасы т.б.), ғылыми-зерттеу орталықтарын (Педагогикалық жəне психологиялық
зерттеулер орталығы, Өзін-өзі тану ғылыми-зерттеу орталығы, «Химия» Қазақстан-Ресей
инновациялық ғылыми білім беру орталығы) ашу қарастырылуда.
-
«Ұлттық тəрбие» журналына қандай тілек айтасыз?
«Ұлттық тəрбие» журналы ұлттың жоғын түгендейтін басылым, сондықтан, алға
қойған мақсаттарыңызға жете беріңіздер. Оқырмандарыңыз көбейе берсін!
Əңгімелескен: Құмар Жұмаханұлы
63
ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ – ҚазМҚПУ
Жұмахан Құмар
Жаңартпа технологиялар
жəне білім беру мазмұнын
ҒЗИ-ның инспекторы
Тəңір жазса, бұл институт қазіргі жəне болашақтағы
қазақ қыздарының шамшырағына айналады.
Осы шамшырақтың жарық сəулесі ешқашан сөнбесін дейік!
М.Əуезов
(Институттың ашылар сəтінде сөйлеген сөзінен)
Біздің ел 20 жылдың ішінде халық билігінің неше сатысынан өтіп, іргелі халқаралық
ұйымдарға басшылық етіп, өзгелерге демократиядан тəлім беретін жағдайға жетті.
Əлемдік саясатта өзінің дербес көзқарасын білдіре бастады. Тəуелсіздіктің жаңа тарихына
аяқ басқанда-ақ еліміздің айқын ұстанымның бірі – ер мен əйел құқығын тең қылып,
гендерлік саясатты құқықтық жақтан қамтамасыз ету болатын, оның ел болып
алғышарттарын жасады, президент өз жанынан əйелдер істері жəне отбасылық
демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрып қадағалатты, қыздарға білім
беретін білім мекемесіне университет мəртебесін берді, жоғары мемлекеттік қызыметтерге
заты əйел білікті басшылар тартылды.
Осылардың ішінде ҚазМемҚызПедУ-дың орыны бөлек, тек қыздар ғана білім алатын
оқу ордасы Қазақстандағы ЖОО-лар ішінде шоқтығы биік. Қыздарды оқшаулап оқытатын
университет əлемнің екі-ақ елінде бар, бірі Қазақстан, екіншісі, Оңтүстік Корея, онда бір
емес, бірнеше оқу орыны бар, мұны да жетістік ретінде бағалауға болады. Алғаш институт
болып 1944 жылы соғыс оты үдеп тұрған шақта ашылған. Ондағы мақсат, ер
азаматтардың бəрін соғысқа əкетіп жатқанда, олардың орынын басатын зиялы əйелдер
қауымын тəрбиелеу үшін, педагогикалық бағытта құрылған болатын. Содан бері
тоқтаусыз жұмыс жасап, неше буын апкелерімізді түлетті. Гендерлік саясаттың тірегі
ретінде өз міндетін атқарып келеді. Оған аталған білім ордасының тарихы мен жеткен
жетістіктері куə.
Алғаш білім алуға келген қыздарға М.Əуезов, Ə.Марғұлан, Ғ.Құрманғалиев,
Т.Тəжібаев, А.Жұбанов, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, Б.Байқадамов, З.Ахметов сынды
қазақтың көптеген көрнекті ғалымдар дəріс оқыды.
Осындай ұлы тұлғалардан тəлім алған институт түлектерінің арасында елімізге
танымал тұлғалар жетерлік. Аты аңызға айналған Социалистік Еңбек Ерлері Рафиқа
Нұртазина, Рыскүл Мақатова, ҰҒА академигі осы оқу орнын 16 жыл басқарған Күлəш
Құнантаева, “Даңқ белгісі” орденімен, “Қажырлы еңбегі үшін” медалінің иегері,
институттың үшінші ректоры болған Ажар Ыбраева, Жоғарғы Кеңестің депутаты
Ж.Күленова, қоғам қайраткерлері — Халықты əлеуметтік қорғау министрі болған,
Парламент Мəжілісінің үш шақырылымының депутаты З.Қадырова, "Мемлекеттік тілге
құрмет" бірлестігінің төрайымы, филология ғылымдарының кандидаты А.Осман, белгілі
қоғам қайраткерлері Ж.Əмірханова, О.Асангазиева, ғалымдар Ү.Сұбханбердина,
С.Ұзақбаева, З.Жəкішева, көрнекті ақындар Ə.Беркенова, А.Бақтыгереева, белгілі əдебиет
сыншысы Ə.Бөпежанова, əншілер М.Ералиева, Ұ.Айнақұлова, Д.Хамзина, Т.Асар,
Г.Өмірбаева, Ұ.Белғозиевалар – университет мақтанышы, халықтың алдында шоқтығы
биік аяулы қыздары.
Қыздар ғана білім алатын ЖОО-на Елбасының қамқорлығы өлшеусіз. Өткен жылы
барлық оқу корпустары, жатақханалар, асхана, спортзал күрделі жөндеуден өтті.
Дағдарысқа қарамай, «Студенттер үйі» салынды. Осының бəрінде Елбасының тікелей
64
қолдауы болғанын айту керек. Университет мəртебесі берілуі де Нұрсұлтан Əбішұлының
тапсырмасынан соң 2008 жылы 11 қыркүйекте Үкімет қаулысымен рəсімделді.
Бүгінде магистратурадан 22 мамандық ашылып, 19 мамандық бойынша ғылыми-
педагогикалық кадр дайындалуда. Сонымен қатар, 12 мамандық бойынша мемлекеттік
білім беру стандартын жəне басқа жоғары оқу орындарымен 6 мамандық бойынша оқу
стандартын жасауы ғалымдардың ғылыми əлеуетінің үнемі артуының дəлелі. Соңғы бес
жылда 17 ғылыми-теориялық халықаралық жəне республикалық конференциялар өтті.
Университеттің профессор, оқытушылар құрамы жоғары педагогикалық оқу орында-
рының студенттеріне арналған “Педагогика тарихы” оқулығын, «Педагогика» термино-
логиялық сөздігін, “Мəдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы аясында 10 томдық
“Адамзат ақыл-ойының қазынасы” жəне “Қазақтың тəлімдік ойлар Антологиясын”
құрастырды. Осы факторлар білім сапасының жақсаруына тікелей əсер етуде.
Университет алғашқылардың бірі болып кредиттік оқу жүйесіне көшіп, бакалавриат-
магистратура нəтижелі жұмыс жасауда. Жуырда 4 мамандық бойынша докторантура
(PҺD) ашылды.
Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық
Акредиттеу Орталығының басшылығымен 2006 жылдан бері жоспарлы түрде жүргізіліп
келе жатқан рейтингте университет педагогикалық оқу орындары ішінде абыройлы екінші
орынға ие болып келеді.
Білім, ғылыммен қатар рухани-мəдени тəрбиеге аса мəн беретін арулардың ақ
ордасында “Қазақ аруы” атты жаңа инновациялық оқу бағдарламасы енгізілген.
Халықаралық “Бөбек” балалар қорының президенті, қыздардың жанашыр анасы, “Өзін-өзі
тану” адамгершілік-рухани білім инновациялық жобасының авторы Сара Назарбаеваның
эксперименттік бағдарламасы да осы университет қабырғасында бастау алған.
Рухани маңызы зор іс-шаралардың ұйытқысы саналатын, қазақ қыздарына тəрбие
берудің өзіндік ерекше тұжырымдамасын жүзеге асырып отырған Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық университеті республика деңгейінде тəрбие мəселелері бойынша
ғылыми-əдістемелік орталық болып есептеледі.
Университет қыздары өнерден кенде емес, мұнда үлкен ұлт аспаптар оркестрі, хор,
«Айгүл», «Ұлар», «Томирис» ансамбльдері, «Өнер-жастан» опера студиясы бар.
Университет студенттері көптеген халықаралық, республикалық байқаулардан жүлделі
орындарды иеленді. Спорттағы жетістіктері де көңіл қуантарлық. Соңғы универсиададан
89 жоғарғы оқу орындары ішінде 7-ші орынға шықты.
Университеттегі кəсіптік бағдар жəне карьера бөлімі Республикадағы жəне жергілікті
жерлердегі еңбек нарығының жай-күйіне, əлеуметтік-экономикалық жағдайларға талдау
мен болжам жасау негізінде түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету бойынша
университеттің жетілдіру жоспарын жасап отырады, 2009 жылдың шілдесінен бастап
«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының іске асыруымен «Дипломмен ауылға!»
жобасы арқылы жастардың жұмыс өтілін ауылдан бастауға тарту, əлеуетті жұмыс
берушілермен түлектерді жетік таныстыру мақсатында бірлесіп кездесу өткізу, олардың
презентация, семинар, конференция, тренингтер өткізуіне жағдай жасау жəне бос орындар
жəрмеңкесін ұйымдастыру шараларында қолға алып келеді.
“Қазақ мектебінің даму мəселелері” зертханасы Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті жанындағы құрылым болып табылады. Зертхана
Елбасымыздың білім беру жүйесіндегі жаңашыл бастамаларына үн қоса отырып, Болон
үдерісі бойынша Еліміздің-еуропалық білім кеңістігінің толыққанды мүшесі ретінде
Отандық білім беру жүйесін əлемдік стандарттарға сəйкестендіруге атсалысып келеді.
Қазір университетегі жоғары кадрлық біліктілік, жеткілікті материялдық база, қоры
мол кітапхана сияқты білім алуға деген мол мүмкіншілшіктері көптеген ЖОО-лардан
көрсеткішін жоғары етіп тұр. Оның сыртында егемендіктен кейін, білім беру саласы
кемелденіп, ұлттық бағыттағы тəрбие жұмыстары қолға алына бастады.
65
Білім - жалпы қоғамның жемісті дамуының кепілін көрсетсе, ғылым - сол білімнің
қайнар бұлағы. Осыны үнемі назарда ұстайтын Елбасы, білім беру, денсаулық сақтау жəне
тілдерді дамыту бағдарламаларын бекітіп, олардың жаңа стратегияларының жүйелі,
жоспарлы түрде жүзеге асуын барлық деңгейдегі мемекеттік мекемелерге міндеттеді.
ҚазМҚПУ-да бұл тапсырмадан тыс қалып жатқан жоқ.
Университетің жоғары білікті ғылыми педагогикалық кадрларды дайындау жəне
ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру - Ғылым жəне халықаралық байланыстар
басқармасының құзырында, оны Əлеуметтік гендерлік ғылыми-зерттеу институты, Қазақ
мектебінің даму мəселелері зертханасы, Іргелі ғылыми-зерттеу орталығы, Ғылыми
кітапхана, университет Баспаханасы, Ақтұмар мұражайы, Жас ғалымдар кеңесі, Кіші
ғылым академиясы, «Хабаршы» журналы мен университеттегі 32 кафедра арқылы
жүргізіп келеді.
Жоғарыда кадырлық біліктілік туралы сөз еттік. Нақты дəлел үшін айта кететін болсақ,
университетте ғылыми-педагогикалық қызметпен 688-ден аса оқытушы: оның ішінде ҚР
Ұлттық Ғылым Академиясының 1 академигі; 58 ғылым докторы, профессорлар; 19
университет профессоры, 249 ғылым кандидаты, доценттер, 8
университет доценті, 191
магистрлер, 231 аға оқытушы, 195 оқытушы, 2 Халық əртісі, 2 Қазақстан
Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері білім беруге жұмыс жасап, білім ордасының
абыройын арттырып келеді.
Кітапхана – оқу үрдісіне қажетті оқулықтармен қамтитын, ақпарат таратушы
құралдардың барлық түрлерін оқырмандарға ұсынатын білім мен ғылымның мəдени-
ақпарат орталығы болып табылады. Бүгінгі күні университет кітапхананың қорында
Достарыңызбен бөлісу: |