Бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет7/16
Дата03.03.2017
өлшемі2,48 Mb.
#6082
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

ӘДЕБИЕТТЕР:
1.  Әуезов М. Абай жолы. 1-кітап. – Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1961. 
2.  Әуезов М. Абай Құнанбаев. 4 Т.– Алматы: Ғылым, 1967. 
3.  Ғабдуллин Н. Уақыт сыры. – Алматы: Жазушы, 1981. – 232 б.
4.  Нұрғали Р.  Әуезов және Алаш. – Алматы: Санат, 1997. – 432 б.
Резюме
В данной статье рассматриваются вопросы гуманистическое воспитание учеников через призму художе-
ственного произведения.
Summary
This article addresses the humanistic education of students through the prism of art.
 

39
Қазіргі қазақ жастарын тәрбиелеуде  ұлттық 
тәрбиенің    маңызы  зор.  Елімізде  жастар 
тәрбиесінің құлдырауы  ел болашағының дамуына 
кедергі. Тәрбие жұмысы мен жастар саясатының 
мазмұндық  күретамырын  адамгершілік,  адам-
ды  сүю,  шыншылдық,  әділеттілік,  әдептілік, 
халықтардың  өзара  түсінісуі,  еңбекқорлық, 
шығармашылық,  отаншылдық  рухта  бо-
луы  айшықтайды.  Алайда,  полиэтникалық, 
поликонфессиялық  Қазақстанда  автохонды 
қазақ ұлтының рухани, мәдени құндылықтарын 
өркендету  негізінде  тәрбие  жұмысын  жүргізу 
жалпымемлекеттік тәрбие істерінің бір бөлшегі 
ғана.  Қазақ  елінің  біртұтастығын  сақтау 
үшін,  қоғамдық  келісім  үшін  көп  диаспора-
лы    қазақстандықтарды  адамгершілік  рухында 
тәрбиелеу маңызды. 
Жастарға  ұлттық  тәрбие  беруде  Абай 
мен  Шәкәрім  шығармашылығының  олардың 
адамның рухани дамуына, жетілуіне байланысты 
ойларының  маңызы зор. Абай адам тәрбиесіне 
өз  шығармашылығында  айрықша  тоқталады. 
Қазіргі кезеңде жас ұрпақты рухани тәрбиелеуде  
Абайдың  толық адам концепциясының ұлттық 
тәрбие  негізінде  бірден-бір  ұстаным  етіп  алуға 
болады. Абай: 
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда  толық  боласың  елден  бөлек,  [1]– 
дейді. 
  Абайдың    «толық  адамын»  төмендегідей 
схемамен бейнеледік: 
Абайдың    осы  ұстанымы  жастарды 
адамгершілік  тұрғыдан  өз-өзін  танып  білуге 
тірек  болатын  үлкен  бір  қағида.  Себебі,  қазақ 
жастарына  ұлттық  тәрбие  беруде  алдымен 
ішкі  әлеміне  үңілдіруді,  сол  арқылы  адами 
қасиеттерді  жетілдіру  негізінде  тәрбиелеудің 
маңызы зор. Абай  толық адам болу үшін керекті 
адами  сапаларды  сараптап  көрсетіп  береді.  
Нағыз адам болу үшін нұрлы ақыл, ыстық қайрат, 
жылы жүрек қажет. Абай адамның өз бойындағы 
ізгілікті  сапаларды  қастерлеп,  ұштай  білуді 
мақсат  тұтады.  Ал,  Шәкәрім    бұл  тақырыпты 
өзінше жаңа қырынан көрсетуге  ұмтылған.
Абай    талап,  шыдам,  қайрат,  жүрек,  ақыл 
сияқты  адами  сапалардың  қатар  болуын,  адам 
бойынан  бірдей  көрінуін  қаласа,  Шәкәрімде 
бұлармен қатар мейірім, ынсап, әділет, ақ ниет 
сияқты  сапалық  қасиеттерді  уағыздау  басым. 
Адами қасиеттердің түп қазығын ол адалдық пен 
ақ ниетке әкеліп тірейді. Шәкәрім:  
Байлаймын да көзіңді, 
Патса қылам өзіңді,
Ұғып отыр сөзімді, 
Ел билетем жеті ру, 
«Мейірім», «Ынсап»,  «Әділет», 
«Шыдам», «Шыншыл», «Харакет», 
                                      С.Д. Ізтілеуова –  
                                                       филология ғылымдарының докторы, 
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Абайтану»
                                                       ҒЗО-ның жетекші ғылыми қызметкері
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ШӘКӘРІМ ТАҒЫЛЫМЫ
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
 

40
       Түп қазығы: «Ақ ниет»  – 
Бұл  жетеуін  ел  қылу,  [2]–  дейді.  Шәкәрім 
адамның  ішкі  әлемінің  құндылықтарын 
жетілдірудін  нақты  жолдарын  көрсетеді. 
Шындығында  қазақ  жастарына  ұлттық  тәрбие  
беруді  осылайша ұйымдастырсақ нақты нәтижеге 
қол  жеткіземіз.  Демек,  тәрбиені  жақсартудың 
бірден-бір  маңызды  да,  ықпалды  жолдары  осы 
даналардың  шығармаларындағы  үлгі-өнегеде  
жатыр.    Шәкәрімнің Абай ойларын жалғастырған 
«түзу  адам»  бейнесін    төмендегідей  схемамен 
көрсеттік:
Шәкәрім  адам  тәрбиесіне  ерекше  ықпал 
ететін қағидаларды одан әрмен терендете түседі. 
Шәкәрім:  «Бізше,  адам  өмірін  түзеуге,  барлық 
адамдар  тату  тұруға  негізгісі  –  адал  еңбек,  ақ 
жүрек,  ақыл  болуға  керек.  Дүниеде  бұл  үшеуі 
үстем болмай, адам баласына тыныштық  өмір 
сүруге  мүмкіндік  жоқ,  –  дейді.  Шәкәрімнің 
осы  тұжырымды  ойын  біз  келесі  схемамен 
бейнеледік:    
                        
Шәкәрім «Талап пен Ақыл» өлеңінде талапты 
потенциалдық  күш  ретінде  танытады.  Талапқа 
бап-тәрбие қажет. Талап ақыл сарабынан өткен 
әбден  ақылмен  бай ланып,  маталған,  ынтамен, 
жігермен  өз  мақсатына  ұмтылады.  Талаптың 
іс-әрекетінің  дұрыс-бұрысын  ақыл  анықтап 
отырады.  Жүрек  үнемі  ақылға  бастау  болып 
отырады.
Шәкәрім  адамның  рухани  және  мәдени 
мүмкіндіктерін  кеңейтетін  ішкі  ресурстарын 
байытуды «талап» қасиетімен байланыстырады. 
Талапқа байланысты терең толғай келе:
Ынсап, рахым, ар,ұят,сабыр,сақтық – 
Талапқа алты түрлі ноқта тақтық.
Алтауының ішінде ынсап әділ,
Өзгесінің  тізгінін  соған  ұстаттық,  –  деп 
жазады.  Бұл  үлгіні  біз  төмендегідей  схемамен 
бердік:
Талаптың  алты  досы  ынсап,  рахым, 
ар,  ұят,  сабыр,  сақтық  осылар  адам  өмірін 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

41
дұрыстаушы  құндылықтар.  Осылардың  негізгі 
тізгіні  ынсапта  тұр.  Шәкәрім  тәрбие  негізіне 
адамның  ішкі  бай  ресурстарын  пайдаланудың 
жолдарына  осылай  мысалдар  келтіреді.  Қарап 
отырсақ, ұлттық тәрбие бағытына адамның ішкі 
құндылықтарын  орын-орнымен  пайдалануы 
негізін  қалыптастыру  қажет  сияқты.  Бұларды 
бүл діршіндерден бастап, балабақшада және от-
ба сында,  жоғары  оқу  орындарында  жастардың 
күнделікті  тыныс-тіршілігінде  мәдени  өресіне 
айналдыру қажеттілігі туындайды.     
  Шәкәрім  адам өмірін  қалай түзеуге болады 
деген  сұрақтар  қоя  отырып,  оған  өзі  жауап  та 
береді. «Адам өмірін түзейміз деп сан ғалымдар 
түрлі  ойлар  айтып,  ол  ойларын  халыққа 
таратып,  том-том  кітаптар  жазды.  Солардың  
ойларының  мен  білетін  бастылары:  біреулер 
адам  өмірі  жаратқан  иесін  танумен  түзеледі 
десе,  кейбіреулері  үкімет  жойылса,  әркім  өз 
бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Ал, біреулер оқу 
біліммен, халықты ағартумен адам өмірі түзеледі 
деді.  Біреулері  бай,  кедейді  теңеумен  түзеледі 
десе, біреулері  тәрбиемен түзеуге болады деді. 
Өмірдің  өзі – тіршілік таласы. Сондықтан, адам 
өмірін жаратылыстың өзі солай жаратқан, бірін-
бірі  жеп,  талап,  таласып  өмір  сүрмек  дегендер 
де  болған.  Біздіңше,  бұларды  жекедей  алғанда  
ешқайсысы  да  адам  өмірін  түзей    алмай ды», 
–  дейді  Шәкәрім  [3].  Ойшыл  ақынның  адам 
түзейтін ойларының негізінде тәрбие мәселесіне 
де  өте  бір  сақтықпен  қарайды:  «Тәрбиемен 
түзеуге болады  десе, менің ержеткен төрт ұлым 
болды...».  Ары  қарай    Шәкәрім  баланың  әр 
түрлі қасиеттері жайлы жазады: «...Бірақ, біреуі 
шыдамды,  біреуі  шыдамсыз,  біреуі  еңбекке 
құмар,  біреуі  жалқау,  біреуі  мейірімді,  біреуі 
қатал, біреуі ашуланшақ».
Ақынның  осы  пікіріне  сүйенсек,  тәрбие 
жұмыстары  адамның  мінез-құлқын  жөндеуге, 
ішкі  құндылықтарды  тәрбиелеуге  бағытталуы 
тиісті сияқты.  Сонымен қатар, адам тәрбиесіне 
еңбектің  маңыздылығын  ақын  баса  айтады.  
Еңбекті    адал  еңбек  тұрғысынан  қарастырады. 
Адамды    адал  еңбек  ететін  жолға  салу  керек, 
–  дейді.  Ол  үшін  билік  басына  арлы,  ақылды 
адамдардың  келуін  қалайды  ақын.    Жастарға 
еңбек  өнерін  үйрету  керек,  онымен  қабат 
оқу-білімге  жетілдіру  қажеттілігін    айтады. 
Адал  еңбек,  білім  үйренумен  қатар  «Ар  ілімі» 
оқытылса  деп  жастар  болашағына  үлкен  бір 
бағдар  көрсетеді.  Жалпы,  Абай  мен  Шәкәрімге 
дейінгі  бабалардың  ішінде,  әсіресе,  әл-Фараби 
еңбектерінде адамның жетілу мәселесіне ерекше 
ден қойылған. 
Екінші ұстаз атанған әл-Фараби бабамыз да 
бақыт  жолын  сілтейтін  нәрсе  адам  бойындағы 
ақыл-парасат, мәселе сол арқылы ақыл-парасатты 
әділет пен жақсылыққа бағыттай білуде. Жақсы 
ақыл-парасаттан тамаша әрекеттер, жаман ақыл-
парасаттан оңбаған әрекеттер болады [4], – деп 
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

42
көрсетіледі. 
Қазіргі 
қоғамды 
жақсартатын 
және 
келешегін  қамтамасыз  ететін  бірден-бір 
рухани  күш  –  ұлттық  тәрбие.  Ұлттық  тәрбиені 
ұйымдастырудың  тағылымдық  маңызы  зор  деп 
білеміз.  Оны  ұйымдастыру  үлкен  теориялық 
және тәжірибелік ізденістерді талап етеді.
Қазақстанда  жаңа  жағдайдағы    ұлттық 
тәрбие жұмысы біз жоғарыда айтқан ойшылдар 
ұстанымдарына  негізделсе  өз  нәтижесін  берері 
сөзсіз.   Оның негізгі бағыттары  жалпы адамзат-
тық өркениет ұстанымдарымен және Қазақстан 
мемлекетінің  конституциялық  нормаларымен 
айқындалуға тиісті.
Мемлекет дені сау, бойында қайрат-қуаты бар 
азаматтың  өзін-өзі  жетілдіруін  ұйымдастыруды 
көздейді. Әрбір адам  өз тағдырына   өзі ие. Ол 
еркін, оның  жеке басының     бостандықтарына, 
жеке  меншігіне,  заң  шеңберіндегі  барлық 
ізденістеріне  шек  қойылмайды.  Адамдар  заң 
шеңберінде  еңбек  етіп,  баюға  құқылы.  Демек, 
ұлттық тәрбие жүйесі осы  мүмкіндіктерді  енді 
жастардың  рухани  негізін  байыту  бағытында 
жұмыс жасауымыз қажет. Ең басты ұстанымның 
бірі  жастарды  еңбекке  үйрету  мәселесі. 
Жастар  қазір  тек  қана  ересек  адамдардан  
тәлім  алумен  ғана    шектеле  алмайды.  Себебі, 
Қазақстанда  қызмет  ету  үшін  ересектердің 
тәжірибесі  жеткіліксіз.  Жастар  өмірді  өз 
беттерінше  үйренуге,  тануға  міндетті.  Онсыз 
олар  табысқа  жете  алмайды.  Бүгінгі  күнде 
тәрбие беру істерінде Абайдың, Шәкәрімнің т.б. 
ойшылдардың  еңбектеріндегі  өзекті  қағидалық 
идеяларды  басшылыққа  ала  отырып  жұмысты 
дұрыс ұйымдастыра аламыз. Себебі, олар «дұрыс 
адамды»,  «толық  адамды»,  «кемел  адамды» 
қалай  қалыптастыруға  болатындығын  айтып 
кеткен.  Біз  дана  бабаларымыз  айтқан  үлгілерді 
басшылыққа  ала  отырып  бүгінгі  таңда  тәрбие 
жұмысын «үш бағдар» негізінде ұйымдастырған 
дұрыс деп есептейміз.
Қазақстаның  тәуелсіздігіне  негізделген 
тәрбие танымы мен негізгі өзегін айқындайтын 
құбылыстарды  «үш  бағдар»  төңірегінде 
көрсетуге болады. Оған кіретін тәрбие жұмысы 
міндеттерін төмендегідей сараладық:
Тәрбие жұмысының I-ші бағдары:
Жастарды  ұлттық  идеология,  ұлттық 

тәрбие  негізінде  тәрбиелеу  (қазақ,  орыс  және 
Қазақстанды  мекендеген  басқа  халықтардың 
рухани  мұрасы),  тілдің,  мәдениеттің,  дәстүр, 
салттардың,    ұлтымыздың    рухани  өресінің 
дамуы.  Көнеден  келе  жатқан  балалар  мен 
жастарды  тәрбиелеудің  бүгінгі  күнге  жарамды 
үлгілерін жаңғырту. Жас ұрпақты  ұлтымыздың 
аса 
көрнекті 
қайраткерлердің 
үлгісінде 
тәрбиелеу.  Қазақстан  қазақ  ұлтының  тарихи 
Отаны  болғандықтан,  оның  ұлттық  рухани 
құндылықтарының  сақталуы,  өсіп-өрбуі  өз 
жерінде  ғана  мүмкіншілікке  ие.  Оларсыз 
қазақ  ұлты  да,  жеке  бет-бейнесі  бар  Қазақстан 
мемлекеті  де  болмақ  емес.  Қазақстанның  ұлт 
негізін  құраушы  қазақ  ұлтының  тілін,  рухани 
мұраттарын  насихаттау,  өркендету,  жастардың 
бойына  сіңіру  тәрбиенің,  үгіт-насихаттың  ең 
басты  міндеттеріне  айналуы  керек.  Бұл  істе 
зорлыққа,  асығыстыққа  жол  бермеу  маңызды. 
Мектептер  мен  балабақшаларда  барлық  қазақ 
бүлдіршіндері мен балаларының қазақша сөйлеп 
тұруына  жетісу  тәрбиенің  ұлттық  келешекті 
қамтамасыз  етуі  болып  табылмақ.  Тәрбие, 
идеология  Тәуелсіз  Қазақстанда  қазақтардың 
ана тілінде сөйлемеуі ақылға сыйымсыз, күлкілі, 
тіптен өте ұят жағдай екендігін сезінуге тиістіміз. 
Елде  осындай  рухани  ахуал  қалыптасуының 
тағдырлық мәні бар. Билік басындағылар қазақ 
тіліне,  ұлттық  құндылықтары  мен  мұраттарға 
бетбұрыс жасамайынша іскерлер тобы, жергілікті 
басқару  органдары,  шаруашылық,  бизнестік, 
коммерциялық,  банк  құрылымдары  ұлттық 
тәрбиені, ұлттық идеологияны өркениетті елдер 
үлгісімен  үйлестіру  негізінде  адамның  ішкі 
әлемін,  ішкі  құндылықтар  мен  арлылық,  ар-
ұждан мәселелерінде үйлестіру қажет.  
Қазақ 
ұлтының 
рухани, 
мәдени 

құндылықтарын  өркендету  негізінде  тәрбие 
жұмысын  жүргізу  жалпымемлекеттік  дәрежеге 
айналса  ғана  шеңбері  кеңейеді.  Қазақстан 
қоғамының  біртұтастығын  сақтау  үшін,    өзге 
ұлт өкілдері қазақ ұлтының рухани мұраттарын 
біліп, түсіну арқылы келісімді, үйлесімді тәрбие 
жұмыстарын  жүргізуге  болады,  сонымен 
қатар,  көп  диаспоралы  қазақстандықтарды 
бірлікке  бастайтын  жалпықазақстандық  рухани 
мұраттарды  насихаттау  негізінде  тәрбие 
жұмыстарын жүргізу де аса қажетті. 
Тәрбие жұмысының II-ші бағдары:
Азаматтарды,  жастар  мен  балдырған 

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

43
ұрпақты  үнемі  Қазақстан  Республикасының 
Конституциясын  және  мемлекеттік  рәміздерін 
білуге  және  құрметтеуге  тәрбиелеу  міндетті. 
Бұның  өзі  жастарды  отаншылдыққа  баулиды.   
Жоғарғы  оқу  орындарындағы  барлық  пәндер 
ел  мүддесі  негізінде  ұлттық  тәрбие  рухында 
жүргізілуі  тиіс.    Қазақ  елінің  барлық  оқу 
орындарында, мемлекеттік органдарда, қандай да 
болмасын мекемеде, елді мекендерде Республика 
Конституциясы мен мемлекеттік рәміздері дұрыс, 
сауатты және саналы көрнекілікте көрініп тұруы 
да міндетті. Бұлай болуы Қазақстанның елдігін 
құрметтеуге,  оның  мемлекеттілігін  нығайтуға 
көмектеседі.  Сонда  ғана  жас  ұрпақтың  еліне, 
жеріне,  мемлекетіне  құрметі  баянды  болады. 
Ұлттық тәрбие мемлекет мүддесімен ұштасады. 
Ұлттық 
тәрбие 
жұмысы 
елдегі 

тұрақтылық  пен  келісімді,  бірлікті  нығайтуға 
бағытталады.  Адамдар  қоғамда  қандай  да  бол-
масын  күрделі,  шиеленісті  мәселені  келісім  
арқылы шешуге болатыны үйренуі дұрыс. Күш 
көрсету, зорлық пен соғыс тек қана қайғы-қасірет 
пен қантөгіс әкеледі. 
Жастар – баршаға ортақ мақсат-міндеттер 

бар  екендігін  үнемі  есте  ұстауы  тиіс.  Оларды  
елдің  экономикалық,  әлеуметтік-рухани,  саяси 
дамуын қамтамасыз ету міндеттеріне бейімдеуге, 
соның  ішінде  адамды  сүюге,  құрметтеуге  ба-
улып,  адамгершілік  қағидаларының  басты 
ұстаным  екендігін жастар санасына сіңіру қажет. 
Ұлтымыздың  ойшыл  даналары  Абай,  Шәкәрім 
мұраларындағы  адам  тәрбиесіне  қатысты 
тағылымдық  жүйемен  тәрбиелеудің  маңызы 
зор.  Қазіргі  қоғамның  негізгі  сфераларының 
құлдырауы  жағдайында  әлеуметтік  оптимизмді 
жоғалтпаудың  бірден-бір  жолы  осы.  Елдегі 
қиыншылықтар мен қателектердің, кемшіліктер 
мен  дағдарыстың  себептерін  талдау  салдары-
нан  сабақ  алу  тәрбие  жұмысының  мазмұндық 
арқауына  айналса,  сонда  ғана  отаншылдық 
қалыптасады.  Жасандылық  пен  жалған  сөзге 
негізделген тәрбиенің, таным жүйесінің келешегі 
жоқ, ғұмыра қысқа.
Ортақ 
міндеттерді 
білу, 
түсіну 

жағдайында ел азаматтарының санасында белгілі 
бір  жүйе  қалыптасады.  Ол  жүйе  Қазақстандық 
рухани құндылықтарды қалыптастыруды, тәрбие 
жұмысында  жаңа  ісденістерді  қажет  етеді.  Ел 
мүддесіне  істелген  істер  үлгісінде  жастарға 
тәлім беру үнемі қажет. Олар елдің өзіндік төл 
мүдделері, мақсаттары бар екендігін үнемі біліп 
отыруы шарт.      
Адамның  өзін-өзі  жетілдіруі,  тануы 

ұлттық тәрбие беруде  үлкен рөл атқарады. Бұл 
мәселе  оқу  орындарының  қандай  формасында 
болмасын үнемі сөз болып отыруы тиіс. Сонда 
ғана адамның даму мүмкіндіктерін, кемшіліктер 
мен  қателіктер  себептерін  түсінуге  мүмкіндік 
туады. Жастар болашақ үшін өткен және бүгінгі 
істерден сабақ алуды үйренеді.
Тәрбиенің қамтитын III-ші бағдары:
Адам  құқы  мәселелері.  Адамдар  Алла 

тағала  сыйлаған  табиғи  заңдылықтармен 
өмір  сүреді.  Ұлттық  тәрбие  жастарды,  
балдырғандарды  адам  өмірінің  мәні  неде  және 
күнделікті  қандай  жақсы  істер  жасауы  ке-
рек  деген  бағытта  жұмыстар  жүргізе  отырып, 
діни  құндылықтарға  тәрбиелей  білуі  қажет. 
Ислам  дініндегі  адам  тәрбиесіне  қатысты 
қағидаларды алланы сүюге, адамды құрметтеуге, 
әділетті  жақтауға  үйрететін  имани  тұрғыдағы 
тағылымдық жүйені насихаттаудың маңызы зор. 
Демократиялық  қоғам  адамдарды  ашық  пікір 
таласта,  түрлі  идеялардың  сайысы  жағдайында 
шындыққа  жетеледі.  Өтірікті,  жалғанды  жеңу, 
олардың  бетін  ашу  дұрыс  өмірге,  өркениетке 
жол ашады.
Қазақстан  азаматтары  үшін  ел  мүддесі 

қаншама  маңызды  болса,  адамзатқа  ортақ 
жалпыпланетарлық  мәселелерде  соншалықты 
маңызды.  Себебі,  адамзаттың  тағдыры  ортақ. 
Әр  халық  үшін  табиғатты  қорғау,  рухани 
құндылықтар, білім мен өнер қажеттілік. 
Тәрбие  жұмыстарында  бейбітшілікті 

үнемі насихаттау, қылмыскерлікке, терроризмге 
қарсылықты  күшейту  үрдістерін  қолдау  пайда-
лы.  Әлем  халықтарына  төнетін  түрлі  қауіптер 
мен  құбылыстардың  барлығы  –  біздің  елге  де 
қауіпті.  Сондықтан,  оларға  қарсы  тәрбиелік, 
профилактикалық шаралар үнемі іске асырылып 
отыруы  қажет.  Ұлттық  тәрбиеде  жас  ұрпақты 
терроризммен және қылмыскерліктен аулақтату 
мәселелері де шешіледі.  
Қазақстан  әлемдегі  түрлі  кауіпті 

құбылыстардан тысқары тұрған жоқ. Түрлі індет 
аурулары,  СПИД  сияқты  жұқпалы  аурулардан 
сақтану істері де тәрбие жұмысының мазмұндық 
арқауына айналғаны жақсы. Онсыз денсаулығы 
күшті  ұлтты  тәрбиелеу  мүмкін  емес.  Тәрбиеде 
осымен  қатар,  дұрыс  тамақтану,  жеке  гигие-
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

44
на,  жыныстық  тәрбие  беруді  назардан  тысқары 
қалдырмау керек.
Қазақстандағы 
дәстүрлі 
діндерде 

имандылық  көрініс  берген.  Сондықтан, 
тәрбие  жұмысында  діннің  рухани-моралдық 
мүмкіндіктерін  тиімді  пайдалану  маңызды. 
Имандылық  –  өркениетті  ел  азаматтарын 
қалыптастырудағы ажырамас қасиеттердің бірі. 
Сондықтан, бізге имандылыққа ден қоюмыздың 
ел  болашағы  үшін  маңызы  зор.  Алайда,  қазір 
түрлі  зиянды  діндер,  секталар  көп.  Жастар-
ды  ислам  құндылықтарын  түсіндіре  отырып, 
үйретудің маңызы зор.
Сананы гуманизациялау мен гуманитар-

лизациялау  тәрбиенің  маңызды  бағыттарының 
бірі  болып  отыр.  Адамдар  мен  халықтар  ара-
Ұлттық тәрбиенің үш бағдарын төмендегідей схема арқылы көрсетуге болады:
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
 
3-ші шеңбер 
2-ші шеңбер 
1-ші шеңбер 
Ұлттық тәрбие 
Ислам  діні,  бабалардың  рухани 
мұрасы,  ұлттық  тіл,  тарихи  сананы 
қалыптастыру,  салт-дәстүрлер,  мәдени 
үлгілер, ән-күй,  халықтық өнер, ұлттық 
ойындар т.б. 
Жалпыадамзаттық  тағдыр  ортақтастығын 
уағыздау, 
адам 
құқықтары 
мен 
бостандықтарына  әкелетін  демократиялық, 
құқықтық 
мемлекет 
құндылықтарын 
тәрбиелеу,  адамзатқа  қауіп  төндіретін 
экологиялық,  техногендік  апаттарға  қарсы 
күрес, әлемдік індеттер СПИД, нашақорлық 
т.б. аурулармен күресу. 
 
Жалпы  мемлекеттік  мақсаттар  мен  мұраттар, 
отаншылдық,  елдегі  әлеуметтік  -  этникалық 
татулық,  саяси  тұрақтылық,  мемлекеттің  жері, 
табиғи  байлықтары  және  түрлі  қорлары  ортақ  
игіліктер, Қазақстан біздің ортақ үйіміз және т.б. 
 

45
сында  ізгілікті  қарым-қатынастар  жасауды 
тіршіліктің  принципіне  айналдырмай  бол-
майды.  Ізгілік,  адамгершілік,  имандылық, 
еңбексүйгіштік, іскерлек пен ұқыптылықты на-
сихаттау,  жастардың  өмірлік  позициясына  ай-
налдыру  –  тәрбиенің  ешқашан  күн  тәртібінен 
түспейтін  істері.  Оларды  жас  ұрпақ  бойы-
на  сіңірудің  оңтайлы  жолдарын  қарастыру 
балабақшадан бастап жоғары оқу орнына дейінгі 
ұстаздар ұжымдарының қасиетті парызы.
Айтылған  пікілерден  туатын  қортынды-
ларға  келер    болсақ,    адам  тәрбиесінің  бүгінгі 
мәселелерін  шешудің  аса  күрделі  мәселе 
екендігін  көреміз.  Бір  мақала  көлемінде  қоғам 
үшін  тағдырлық  міндетті  шешудің  жолдарын 
көрсетіп  беру  тіптен  мүмкін  емес.  Сіздердің 
назарларыңызға  ұсынылған  еңбекте  дана 
бабаларымыз  әл-Фараби,  Абай,  Шәкәрім 
шығармаларындағы  адам  тәрбиесі  туралы 
идеяларының  бүгінгі  жастар  тәрбиесі,  адамды 
түзету  мәселесіне  ықпалы  теориялық  та, 
тәжірибелік  тұрғыдан  маңызды  деп  білеміз. 
Сөз  жоқ,  қазіргі  адам  мәселесін,  жас  ұрпақты 
адамгершілік  пен  ізгілік  рухында  тәрбиелеу 
тұрғысында  біз  ұлы  бабаларымыздың  рухани 
мұрасын  пайдалана  отырып  шеше  аламыз. 
Сондықтан,  бүгінгі  тәрбие  берушілер  Абайға, 
Шәкәрімге  ден  қояды.  Олардың  ұлт  болашағы 
үшін  жазған  шығармаларынан  ұлттық  тәрбие 
қағидаларын табамыз.
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Абай Құнанбаев. Өлеңдер мен поэмалар. 1-ші том. –  Алматы:  «Ғылым» баспасы,     1977.  –   175 б.
2. Шәкәрім Құдайбердиев.  Шығармалары.  – Алматы, 1989. – 128 б.
3. Бұл да сонда. – 465 б.
4. Әл­Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. Алматы:  «Ғылым» баспасы, 1975. – 10 б.
Резюме
В статье раскрываются основные идеи произведений Шакарима и Абая, направленные на воспитание лич-
ности. В их произведениях заложен огромный морально-этический и духовно-нравственный потенциал для 
успешной организации воспитательного процесса.
Summary 
In the article the basic ideas of products of Shakarima and Abai are reveal. Such ideas directed upon education of 
the person. In their products the huge morally-ethical and spiritually-moral potential for the successful organisation 
of educational process is located. 
С.И. Оспанов –
философия ғылымдарының кандидаты
ҚазМемҚызПедУ-нің Философия және әлеуметтік-
гуманитарлық ғылымдар кафедрасының доценті
ТЕКТІЛІК ТАҒЫЛЫМЫ
«Тегің  кім?»  деген  сұрақ  ертедегі  қазақтар 
үшін құдайы қонаққа қойылатын ең бірінші және 
басты  сұрақ  болған.  Кез-келген  қонақ  кемінде 
өзінің руы мен жеті атасына дейінгі аттарды атау-
дан бастап, он үшінші қаймана тегіне дейінгі (өзі, 
яғни  бала–әке–ата–немере–шөбере–шөпшек–
немене–туажат–жекжат–жұрат–жұрағат–
жүрежат–қаймана)  аттарын  да,  тіпті  солардың 
тұстарындағы  нағашы  тектерінің  қандай  рулар 
екендігін де атай алған. Мұндай таныстықтан ол 
қонақ болып түскен ауылдағы кімдерге қай ата-
дан жиен немесе бөле болып шығатындығын да 
анықтаған.  Осыдан  “құда  мың  жылдық”  деген 
сөздің түбірін түсінуге болады. 
Осы ауыл-әулетке (ертеректе бір ауылдағылар 
негізінен бір атадан тараған ұрпақтар болып кел-
ген) келін  болып түскендердің ішінен әжелерінен 
бастап жаңа түскен келіншектеріне дейінгі әйел 
заты  да,  келген  қонақтың  өзінің  төркін  немесе 
нағашы  жұрттарымен  қарға  тамырлы  туыс  бо-
лып шыққанын естісе, жаңа туысымен танысып 
көзайым  болады.  Бұл  олардың  жүректерінің 

46
тереңінен  туындаған,  қонаққа  ғана  емес,  ендігі 
жерде жаңа туысына деген көңілінің жылы сезім 
толқынын, ой мен естелік тамырларына шуақты 
жылуын  таратады.  Олардың  батылдаулары  жас 
болса  жаңа  туысын  тапқандығын,  қуанышты 
екендігін еркелік назымен, әже болса, салиқалы 
сөзімен де жеткізеді. Олар өздерінің отағаларымен 
ақылдасып, қонаққа келесі кеште өз отауларына 
тағы  бір  түн  қонақ  болып,  туыстық  сыбағасын 
жеп кетуді ұсынады. Жаңа туысы  үшін олардың 
кебежелерінің  түбінде  жатқан  таңдаулы  дәм 
дорбаларының  аузы  да  ашылады.  Ол  кештерде 
ошақтың  оты  көңілді  шалқиды.  Қазандағы  ет 
сорпасының бүлкілі көңіл толқынының қызуын 
онан  әрі  бусантады.  Жүректе  жатқан  туыстық 
естеліктерінің  неше  түрлі  қастерлі,  қуанышты 
кезеңдері мен уақиғалары еске оралады. 
Сонымен,  қаймана  қазақтың  тегін  сұрау 
рулардың,  тіпті  үш  жүздің  арасындағы  қарым-
қатынастарын  қазақтардың  “қарға  тамырлық 
туыстығының” 
тамырларын 
жаңғыртып, 
тереңдетіп,  нығайтады.  Егер  осы  ауылдан 
табылған  жаңа  туыстардың  бірі  келесі  бір 
уақыттарда  дәм  тартып,  осы  қонақтың  елінің 
үстінен  өтетін  жолы  түссе,  қонағының  атын 
атап, іздеп барып үйіне түсері сөзсіз. Сондықтан, 
қаймана  қонақ  қазақ  үшін  кездейсоқ  бір  пен-
де  емес,  қазақтардың  туыстығын  нығайтатын 
“құдайы (құдай жіберген) қонақ” болып табыла-
ды. 
Бұл айтқандарымыз қонақ пен қонақ иесінің 
және онымен амандасуға келген ауылдастардың 
арасындағы “әңгіме-дүкеннің” тек бастапқы та-
нысу  кезеңі  ғана.  Ондай  әңгіменің  “дүкендік” 
жағы, яғни ұлттық рухани-ділдің «ет(ке) ене(тін) 
қызуы» мен ауыл жастары үшін ұлттың салттық, 
тәрбиелік,  мән-мағынасы  бар  құндылықтары 
әңгіменің  келесі  кезеңдерінде  ашылады.  [Бұл 
тұста  мақала  тақырыбының  маңыздылығын 
онан  әрі  тереңдету  үшін,  «дүкен»  деген  сөздің 
өзінің түбіріне сәл тоқталайық. Байырғы кездері 
ұста дүкенінде металл немесе басқа нәрселерден 
тұрмысқа  қажетті  қарапайым  заттардан  бас- 
тап,  ат  әбзелдерін,  қару-жарақтар  мен  дулыға-
сауыт  сияқты  аса  құнды  заттар  жасалған.  Со-
ларды  жасаушы,  яғни  “дүкенші”  ертедегі  ел 
үшін  қарапайым  бұқара  жұртшылықтың  бірі 
ғана  емес,  шеберліктің  өте  көп  құпияларын 
білетін  құрметті  ғана  емес,  қасиеттілігі,  кей-
де  аруақтылығы,  арқасы  бар  адам  да  болып 
табылған.  Яғни,  дүкенші  қазақтың  салт-
дәстүрлік, ырым-жоралғылық мәдениетінің ерек-
ше жақтары мен тамырларын сақтап, күнделікті 
жұртшылық  тіршілігінің  қарым-қатынастарына 
ерекше сипат беріп келген тұлға болған. Кезінде 
Сократ әңгімелерінің көбісін ұста дүкендерінде 
жиналған жұртпен өткізгендігі біздің әңгімеміз 
үшін де үлкен тағылымдық мағынасы бар (ол ту-
ралы төменде)]. 
Әңгіме-дүкеннің әлеуметтік жағы сол жердегі 
ортақ ой-сезімдік көңіл-күй (аура) аясында туын-
дайтын  әлеуметтік-психологиялық,  халықтық-
педа¬гогикалық, 
даналық, 
салт-дәстүрлік, 
ырым-жоралғылық  сияқты  құндылықтардың 
онан  әрі  қыздырылып-суғарылып  шыңдалуы 
үшін  олардың  мән-мағыналық  астарларын 
жүйелеп тарқату қажет. Соның тағылымы келе-
шек ұрпақтарды ұлттық құндылықтар негізінде 
тәрбиелеудің ерекше бастауларын дұрыс түсінуге 
жол  ашу  мүмкіндігі.  Соны  көрсету  –  мақала 
мақсаты.
Әңгіме-дүкен  қызуының  тектілікпен  байла-
нысты  тағылымын  талдау  үшін  сол  «дүкенге» 
келгендерден  (естігенін  есінде  сақтайтын, 
сөздің  төркінін  түсіне  алатын,  үлкендердің 
әңгімесіне  көңілінің  «сақ  құлағын»  түретін  ба-
ладан  бастап  еңкейген  қарттардан)  тұратын 
шағын әлеуметтік ортаны ойлауымыз, солардың 
ортасында  отырғандай  жағдайды  сезінуіміз 
керек.  Әлқисса...,  қонақ  өз  руын,  аталары  мен 
нағашы жұрттарын таныстырғаннан кейін, ауыл 
ақсақалы  немесе  естияры  қонаққа  «тегіңнің 
тектілерін таныстыра отыр, қонағым» деп қолқа 
салады. Бұл «ата тектеріңнің ішінде қайсысының 
аты елге тараған, танымал болған еді кезінде» де-
ген мағынаны білдіреді. Ортақ әңгіме-дүкеннің 
онан  арғы  мазмұны  мен  сипаты  осы  сауалға 
берілетін  жауаппен  байланысты  өрбиді.  Қонақ 
өзінің ата-бабаларының ішінде қайсысы атақты 
батыр  немесе  би,  мыңғырған  мал  жиған  бай 
немесе (үш жүзді аралап жүріп, әр түрлі елдер 
мен жерлердегі отбасылардың мүшелерінің ата-
тектері  мен  үрім  бұтақтарының  аты-жөндерін 
сұрастырып,  есінде  сақтап,  жүйелеп,  елдің 
қарғатамырлық қатынастарын құрушы) шежіре, 
жыл  қайыратын  жұлдызшы-есепші,  арғы 
тектерінен  аруақ  қонған  емші,  сынықшы  неме-
се  көріпкелдігі  мен  емшілігі  бар  бақсы  сияқты 
тұлғалар болғандығын сөз етеді. 
Әңгіме-дүкеннің  ішіндегі  қариялар  мен 
шежірені  жақсы  білетіндер  қонақ  айтқан  адам-
дар туралы да бір естігендерін еске түсіруі ғажап 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

47
емес.  Отырғандар  жалпы  сондай  қасиеттері 
бар  басқа  да  адамдар  туралы,  сол  қасиеттің 
өзінің Жаратушының құдіретті күшінің көрінісі 
екендігі туралы сөздер қозғалады. Солар арқылы 
халыққа  қаншалықты  жақсылықтар  келгендігі, 
қанша  адамның  ауру-сырқаудан,  бәле-жәледен 
құтылғандығы сөз арқауына айналады. Әңгімеге 
зерде құлағын барынша түріп отырған бала мен 
жастар  үшін  қаймана  қонақ  ендігі  жерде  сөз 
болып отырған мәселенің басты кейіпкеріне де 
айналғандай болады. Оның мақтанышты нұрлы 
жүзі, оған ауылдастарының ықыласымен қарауы, 
айтылған қадірлеу сөздері мен ынтық құрметімен 
қастерлей қараған көздердің жанарлары отырған 
балалар  мен  жастарға  өте  үлкен  әсер  етеді. 
Олардың зерделері мен ділдік сезімдері жалпы 
адамның  қандай  да  бір  жақсы  қасиетке  ие  бо-
луы, халық үшін аса қадірлі нәрсе екендігі көңіл 
сезімін  билейді,  толғандырады,  сондай  болсам 
деген  ой  сана  астарында  жер  асты  магмасын-
дай ділдік (интенциялық) қозғалыстарға келеді. 
Егер, сол жерде ондай жастардың өздерінің ата 
тектерінің  бірі  туралы  сөздер  де  еске  алынса, 
онда біз сөз етіп отырған жағдай оның да руха-
ни  әлемін  орайды,  мақтаныш  пен  қуаныштың 
қуатты қызуына бөлеп толғанды-рады. Осы бір 
сезімдер  жастардың  көңілінде  ұзақ  уақытқа, 
тіпті  өмір  бойына  қалады.  Тек  жас  өсе  келе, 
ондай  сезімнің  салдарлары  әртүрлі  болуы 
мүмкін.  Ондай  салдарлардың  ең  маңыздысы 
–  аталған  жағдаяттардың  мағыналық  түйіні 
адамның  азаматтық  табиғатына  терең  әсер 
етіп,  оның  өмірде  істеген  істерінің  тыянақты, 
имандылыққа тән болуына терең ықпал жасай-
ды. Батырлықтарға байланысты айтылған мақтау 
сөздері мен қас батырлық үлгілер жастардың ке-
лешекте ел үшін жасайтын ерліктердің ішкі қуат 
көзіне,  керек  кезінде  іске  қосылатын  серіппелі 
семсеріне айналады. 
Әрине, ондай әңгімелердің мазмұн-мағынасы 
өзінің  бір  ата  тектерімен  байланысты  болса, 
әдетте, ондай даңқ сол рудың бір мақтанышына, 
тіпті, аруақ шақыру ұранына да айналады. Алай-
да,  бірсыпыра  жағдайда  мұндай  ата  тегінің 
ерлігі мен қасиеттілігіне деген мақтаныш сезімі, 
оның  өзінің  нағыз  қасиетке  ие  болатын  ада-
ми  қалыптасуының  орнына  тек  соған  деген 
мақтаныш  сезімінің  деңгейінде  ғана  шектеліп 
қалуы  мүмкін.  Мұндайда  адамның  қасиеттілік 
туралы ой мен сөзі оның істеген ісінен алшақ бо-
лып шығады. Осы бір жікара кейбір шиеленісті 
жағдайларда,  адамдар  арасындағы  байлыққа, 
басқа да қажеттіліктерді қанағаттандыруға деген 
ынта-тартыстар кезінде адамның әділеттіліктен, 
нағыз  шындықтан  қашық  істерді  де  істеуі 
мүмкін.  Бұл  руаралық  қақтығыстар  кезінде  де 
орын  алып  отырған.  Қазақ  халқының  бағына 
орай  мұндай  руаралық  шиеленістерден  гөрі, 
олардың  арасындағы  бірлікке  деген  ынтаның 
үстемдік  етуі  еліміздің  осынша  аймағының 
біртұтас Қазақстан есебінде сақталуына тікелей 
әсер еткен. 
Сондай нәтиже, жоғарыда айтылған әңгіме-
дүкендер кезіндегі жүз бен рулардың бірлігінің 
асқан  құндылық  екендігі  туралы  баға  алған. 
Қазақ  даласына  шеттен  қауіп  төнген  кездері 
үш  жүздің  баласы  бірігіп,  тізе  қосып  жауға 
қарсы  тұрған.  Сол  кездерде  қай  рудан  батыр-
лар  шықса,  кейін  сол  руды  «батырдың  руы», 
«батыр  ру»  деп  атаған.  Сондықтан,  қонақтың 
руы аталысымен, қариялар ол рудың сондай ба-
тырлар  руына  жататынын  білсе,  ә  дегеннен-ақ, 
оған батырдың тұқымынан екен ғой деп ерекше 
құрмет  көрсетілген.  Бұл  қонақтың  тектілігінің 
тікелей бір көрсеткіші болып табылады. Кезінде 
батырлар батырлық көрсеткенде тек өзінің атын 
ғана  шығару  үшін  емес,  өз  руының  келешек 
ұрпақтары  осы  ерлігін  мақтаныш  ететінін  еске 
алып  та  жасаған.  Яғни,  әр  батыр  өз  руының 
тектілігін, ұрпақтарының ғана емес, жалпы қазақ 
халқының  есінде  қалатын  батырлық  тұғырын 
өз  қайратымен,  жауды  жеңген  жүректілігімен 
тұрғызған. Батыр руының ұрпақтары келесі бір 
шешуші тарихи жағдайларда сондай атаққа кір 
келтірмеуге  тырысқан,  «намысты  қолдан  бер-
меуге»,  «малын  жанымның  садақасы»  деп,  ал 
«жаным – ар-намысының садақасы» деп атаған. 
Ал,  егер  аталғандай  тарихи  шайқастар  кезінде 
кімде-кім қорқақтық көрсеткен болса, онда он-
дай  намыссыздық  үшін  ол  адамның  өзі  ғана 
емес, ұрпақтары да «тексіз» деген масқара атау-
ды  естуге  мәжбүр  болған.  Соны  түзету  үшін, 
сол рудың кейінгі ұрпақтарының ішінен шыққан 
қайсарлылары  мен  намыстылары  өз  руының 
тектілігін  көтеру  үшін  «намысқа  басқан»,  «жа-
нын шүберекке түйіп» ілгері ұмтылған. 
Осындай намыстылық пен тектіліктің бүткіл 
қазақ  халқының  намысын  басқа  ұлттардың 
алдында  қорғау  үшін  жасалған  көрінісін 
Екінші  дүниежүзілік  соғыс  кезіндегі  қазақ 
батырларының санының өзге ұлттардың батыр-
лар  санынан  алдыңғы  қатарда  болғандығынан 
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

48
көруге болады. 
Әрине,  қаймана  қонақтың  тектілігі  оның 
ата-бабаларының  бірінің  би,  шешен,  ақын, 
жырау  сияқты  даналықпен  байланысты 
құндылықтардың  бірінің  иелері  болған  болса, 
онда  әңгіме-дүкеннің  арнасы  басқа  бағытқа, 
халық  даналығының  үлгілерін  талдауға,  солар-
дан  тәлімдік  тұжырымдар  жасауға  бұрылады. 
Мұндай  дүкенге  айналған  әңгіменің  мазмұны 
мен  мағыналық  талдаулары  соларды  тыңдап, 
таңырқап отырған жастардың санасы руханият-
тылық  пен  имандылықтың  ерекше  үлгілерінің 
астарлары мен мән-мағыналарын түсіне бастай-
ды.  Аты  құрметпен  айтылып  отырған  дананың 
даналық  сөздерін  естерінде  сақтайды,  соларға 
сәйкес ойлау, сөйлеу және әрекет ету аса терең 
қасиеттілікке  сәйкес  келу  екендігін  түсінеді. 
Оның сондай түндерден кейінгі дүние, өмір мәні 
мен  мағынасы  туралы  ойлары  өрістей  бастай-
ды, өз түсініктерінің жаңа нұсқалары ақылының 
керегелерін  кеңітіп,  сенімінің  уықтарын 
нығайтып,  азаматтық  арманының  шаңырағын 
биіктете түседі. Жастардың әлеуметтік ортадағы 
қарым-қатынастары  даналар  сөзімен,  халық 
нақлияттарымен шыңдалып, имандылықтың биік 
үлгілеріне  сәйкес  келуіне  тырысқан.  Нақтылы 
бір  қайшылықты  немесе  ауыртпалығы  көп 
жағдаяттарға  киліккенде  даналардың  сөздерін 
есіне  алып,  солардың  жаңа  бір  мағынасын 
нақтылы  мәселенің  салиқалы,  ақылдылықтың 
жоғары  үлгілеріне  сәйкес  келетін  жолдарын 
тапқан,  жаңаша  түсінген.  Ата-бабаларының 
даналығын  жас  күнінен  естіп,  есінде  сақтап, 
әртүрлі  жерде  қайталап  айтып  өскен  қонақ,  өзі 
қонып  отырған  отбасына  жиналғандарға  ата 
тегінің  сөздерінің  жаңа  қырларын,  соған  қазір 
арнайы  бар  ынтасымен  құлақ  түріп  отырған 
жұртшылыққа  бар  ықыласымен  қайталап 
жеткізген, өзі де жаңаша түсінген. Естіген жұрт 
айтылған  сөздердің  құндылығына,  даналығына 
көзі жетсін деп айтады. Ал тыңдаушылар ішіндегі 
даналықтың қадірін жақсы білетін, өзі де ауыл 
данасы болып табылатын қария айтылған сөздер 
мен  нақлияттарға  басқа  да  сабақтас  ойларды 
ортаға  салады.  Олардың  даналыққа  тән  астар-
ларын  ашады,  тәржімалайды.  Солар  арқылы 
тыңдаушы  жастар  даналықтың  мән-мағынасын 
жан-жақты түсінеді.
Қаймана қонаққа әңгіменің бір кезеңі саябар-
лай бастағанда «аулыңның алты ауызын айт» де-
ген қолқа салынады. Бұл әр ауылдың өзінде бар, 
басқа ауылдың жұртшылығы естімеген өлең айту, 
күй тарту сияқты өнер көрсетуді өтіну. Бұл жер-
де де «ауылы өнерсіз екен» деген атаққа қалмау 
үшін қонақ өз ауылының өнерін жаңа ортаға тарту 
етеді. Егер сол өлеңдердің мақамы, сөзі маңызды 
болса, тартылған күйдің сазы терең ой-сезімдерін 
туындатса немесе көңіл күйін шаттандырса, бұл 
да  қаймана  қонақтың  ауылының  тектілігінің 
ерекше  қырларын  көрсеткені.  Ауылдың  әрбір 
азаматы  өзге  ауылдарға  жол  түсіп  бара  қалса 
осындай «ауылдың алты ауызы» айтылуы керек 
екендігін  әрқашанда  білгендіктен,  басқа  жерге 
барғанда «ауылы өнерсіз екен» деп айтпасын де-
ген намыстылықпен, жас күнінен өнерге жақын 
болуға  тырысады.  Бұл  да  әр  қазақтың  өз  руы 
мен  әулетінің  өнер  саласында  да  ерекшелігін, 
тектілігін көрсеткені. 
Осындайдың  салдарынан  да  болар,  қазақ 
халқы саны жағынан қытай, үнді, орыс сияқты 
халықтардан қаншалықты аз болса да өлең, күй 
сияқты  өнерлер  тұрғысынан  кем  түспейтіндігі 
әлемге белгілі. Бұл да, сәл жоғарыда айтылғандай, 
әр  қазақтың  осы  салаларға  деген  тектілікті 
жоғары  ұстауға  деген  ынтасынан  туындаған 
нәтиже десек қателеспейміз. 
Міне,  шағын  мақала  ауқымында  тектілік 
тағылымына  байланысты  ой  өрістеріміздің 
кейбір  қырлары  осындай.  Сөз  соңында  «Осы, 
өткен  ғасырларда  аса  құнды  болған  тектіліктің 
қазіргі  кездегі  ұлттық  руханият  пен  ділдік 
әлеміндегі  іздері  мен  маңыздылығы  қандай?» 
деген  сұраққа  тоқталуымыз  керек.  Себебі,  бір 
жағынан, «тектілік» туралы түсінік ересектердің 
есінен  әлі  шығып  болған  жоқ,  ал  жастар  оның 
тағылымдық  тамырлары  мен  құндылықтарын 
ұмыта  бастады.  Екінші  жағынан,  сол  ұғымның 
қазіргі,  әсіресе,  келешек  ұрпақтарға  деген 
мағынасын жаңа өмір ерекшеліктері мен талапта-
рына сәйкестендіріп тәржімалап, оларды ұлттық 
тәрбиелеу  жүйесінің  жаңа  әдістерімен  етене 
жақын  етіп  енгізбесек,  келешек  қазақтардың 
сырты еуропалықтан ерекше болса да, ішкі ру-
хани  дүниесі,  ділдік  әлемі  өзіндік  сипатынан 
айрылады. Яғни, қазақ халқының саны болса да
оның тектілік қасиеті жаңа күннің шуағына кеп-
кен шықтай сейіліп кетуі ғажап емес. Мәселенің 
ең  ауыры  –  тектілікті  ұмыту  нәтижесінде 
отансүйгіштіктің  тіректілігі  тартылып,  қуат  та-
мыр  суалып,  алаңсыз  жойылмаған  күнде  де, 
қатты әлсіреу қаупі бар. 
Қазіргі  әлем  елдерінің  араласуы  ертедегі 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

49
көрші,  әсіресе,  қашық  ауылдардың  өзара  ара-
ласуынан  жиі,  саяси-экономикалық  байланы-
стары  тарихта  бұрын  болмаған  деңгейлерге 
жетті.  Ендігі  жерде  өзге  халықтардан  соғыс 
арқылы  батырлықпен  ерекшеленудің  қажетсіз 
екендігін  ХХ      ғасырдағы  екі  дүниежүзілік 
соғыстар  көрсетті. Қазіргі соғыс қаруларының 
мүмкіндіктерін  ескерсек,  ондай  соғыстар  қай 
елдің де халқын қырғынға әкеледі. Оның орнына 
атом қаруынан бас тарту сияқты жаңа саясат әлем 
халықтарын  бейбітшілікке  әкелетін  батылдық 
үлгісі болып бағаланып отыр. Ол жағынан қазақ 
халқының  әлемдегі  атағы  алдыңғы  қатарлы 
елдердің біріне шықты. Оны мақтаныш ете ала-
мыз. Ауылдың алты ауызын өнер арқылы көрсету 
жағынан  да  ұлтымыздың  ерекшелігі  сақталып, 
бізді  бұрын  білмеген  елдерді  таңырқатардай 
қабілетіміз бар. Оған да шүкір. 
Ендігі 
жерде, 
әлем 
халықтарынан 
ерекшеленіп озатын нағыз сара жолдары өндіріс, 
ғылым, мәдениет, спорт сияқты салалары болып 
отыр.  Осы  жағынан  намысқа  басып  жасайтын 
істердің  істелгенінен  істелмегені  көп.  «Мен 
қазақпын!»  деген  ұранды  намыспен  қорғау 
осы  бағыттарда  жүзеге  асуы  керек  екені  елге 
белгілі.  Ондай  намыстылықпен  істелген  істің 
жетістіктерін әлемнің экономикасы дамыған ал-
пауыт елдері көрсетіп отыр. Бұл бағытта халық 
санының  көп  болуы  да  өте  қажетті  шарт  емес. 
Мәселе,  жасалған  істің  сапалылығында.  Ондай 
істердің қатарына өндірістік істерді, ғылымдағы 
ізденістерді  жоғары  сапалық  дәрежеге  жеткізу 
қажет. Осы бағыттағы істерді сапалы орындауды 
ұлттық намыс есебінде түсініп, ағылшындарша, 
жапондарша,  немістерше  жүзеге  асыра  білсек, 
әлем қазақ елін де қадірлеп танитын болар еді. 
Өкінішке  орай,  әзірге  өз  ісін  бастаған 
кәсіпкерлеріміздің көпшілігі «өндірген өнімінің 
сапасымен әлемге қазақ атын шығарсам» деудің 
орнына, көбіне, тек өз ауылдастарының алдын-
да мақтанышын көрсету үшін, алған кредитінің 
өндірісін өсіруге емес, алдымен үй салуға, джип 
мінуге  жұмсайды.  Сөйтіп,  қарызын  қайтару 
уақыты келгенде неше түрлі қулықтарға барады 
немесе  банкрот  болып  барынан  айрылады.  Ал, 
мемлекеттік  жауапты  қызметке  орналасқандар 
да өз жұмысын сапалы атқару қажет деген ын-
тадан  гөрі,  сол  лауазымды  пайдаланып,  қалай 
қылғанда байысам екен деген ынтықтан еш аса 
алмайды. Бар білгені өзгелерден пара алу, халық 
еңбегінен  жиналған  мемлекеттік  қаражатты 
жымқырып  қалу  сияқты  мақсаттарға  салады. 
Ертеңгі  күні  сол  істерден  ұсталып,  ел  алдында 
масқара боламын-ау, сонан ата тектерімнің аты-
на  кір  келеді-ау,  ауылдастарым  маған  күледі-ау 
деген  намыстылық  жоқ.  Яғни,  тектілігіне  кір 
келтірмеу,  керісінше  соларды  қорғап,  келешек 
ұрпақтың  есінде  қалсам-ау  деген  ынта  қазіргі 
діліміз  бен  тұлғалығымыздан  сейіліп,  нағыз 
тұлға болу былай тұрсын, рухани әлемі тұлыпқа 
айналып,  ар-намысын қадірлеп,  адал  еңбегімен 
тіршілігін  өркендеткен  азаматтардың  қатарына 
да  жете  алмайды.  Бұл  текті  болу  мәселесінің 
кеңестік және қазіргі дәуірлерде ұлттық тәрбиелік 
жүйенің қатты әлсірегендігінің бір көрінісі. 
Тектілікті   сақтаудың  ерекше  және қайта-
ланбас  негіздері      ұлттық      тіл      мен  салт-дәс-
түрлерде, ырым-жоралғыларда, рәміз-рәсімдерде 
жатыр. Солар адамның ұлттық сипатын сақтауда 
шешуші рөлдер атқарады. Бірақ, олардың КСРО 
кезіндегі жастарды тәрбиелеу жүйесінен шығып 
қалғаны былай тұрсын, жас ұрпақтарды соларға 
қарсы  қойып,  оларды  ескіліктің  қалдығы  деп 
жариялап,  оларға  жастарды  белсенді  түрде 
қарсы  қою  мақсатында  әжуа  етудің  әдістері 
қолданылды.  Білім  беру  жүйелері,  мектептегі 
октябряттық, пионерлік, коммунистік ұйымдар, 
соларды жүзеге асырудың басты жүйелері болған 
еді.  Сол  жүйелердің  пәрменді  әрекеттерінің 
нәтижесінде  қазіргі  ата  және  аға  ұрпақтардың 
белгілі  бір  қатарларының  ділдік  дүниесінде 
ұлттық  салт-дәстүрлерге,  әсіресе,  ырым-
жоралғыларға, нәтижесінде нағыз тектілікке де-
ген тектіліктің ұлттық тәрбиедегі орнын ұмытты. 
Олардың ойы мен дағдысында ұлттық тектіліктің 
жоғарғы үлгілеріне деген сенімсіздік қана емес, 
тікелей  сыни,  қарсыластық  көзқарастар  сіңісіп 
қалған. Егер, ерте замандарда біреудің жасаған 
имансыздық  істері  үшін  «тексізсің»  деп  сөгу 
«мәңгүртсің»  деп  ұрсумен  бірдей  болса,  онда 
советтік  кезеңде  тектіліктен  аластағанымыз 
соншалықты,  қазіргі  кезде  «тектілік»  туралы 
сөз өзінің қазақ тіліндегі имандылықпен байла-
нысты  екені,  биік  адами  құндылықтың  ұлттық 
нұсқасына жататыны алаңсыз ұмытылды. 
Сонымен,  қазіргі  кезде  «тектіліктің» 
имандылықпен  байланысты  нақты  мазмұнын 
дұрыс түсіну, тектілікке қайта оралу жолдарын 
іздеу, жас ұрпақты соған тәрбиелеу мәселелерін 
ғылыми  және  практикалық  тұрғылардан 
көкейтесті  мәселе  есебінде  қайта  көтеру  кезек 
күттірмейтін  мәселе.  Мысалы,  ойдың,  сөздің 
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

50
және  істің  бірлігін  сақтау,  ешкімді  алдамау 
сияқты  нәрселер  адамгершілікке,  арлылыққа, 
намыстылыққа,  яғни  қазақи  тектілікке  жататы-
нын тәрбиелеу жүйелеріне ең тиімді жолдармен, 
ұтымды  тәрбиелік  амал-әдістермен  жан-жақты 
енгізу мәселелері әлем  алдындағы  ұлттық  на-
мысты  қорғаудың  басты  межесіне  айналуы 
қажет. 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет