5.4 Ұлттық тәрбиенің психологиялық
қырлары
Ұ
1.
лттық мінез-құлық
Ұлттық сана-сезім тәрбиесі
2.
Көңіл-күй иірімдері
3.
Тұлғалық кәсіби сапалар
4.
Адамның тұлғалық ерекшеліктері
5.
Ұлттық өзіндік сана
6.
Ұлтжандылық
7.
8. Отансүйгіштік
Ұлттық
психологияның
құрылымдық
элементтерінің күрделі, әрі маңыздыларының
бірі ұлттық мінез-құлық болып табылады.
Жастарға
халықтың
қоғамдық-өндірістік
тәжірибесі арқылы тарихи тұрғыда қалыптасқан
әдеттердің жиынтығы екенін және еліміздегі
басқа халықтардың да ұлттық мінезін мәдениеті
мен тұрмысынан, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінен
байқату оқытылады.
Сезім адамның тіршілік қажетіне, өзара
қарым-қатынасына байланысты түрлі формада
көрінетінін сезіндіріп, оның түрлерін, ұлттық
сезімді, адамның бір-біріне деген сүйіспеншілік
сезімдерін жастарға кең түрде мағлұмат бере
отырып тәрбиелеу қарастырылады.
22
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Көңіл-күй адамның барлық толғаныс
тебіреністері мен әрекетіне өң беретін біршама
ұзақ эмоциялық күй екендігі белгілі. Жал-
пы, қазақ халқына тән өзіндік көңіл-күйдің
қыр-сырларына жеке тоқталып, оның басқа
халықтардан ерекшелеп тұратын қасиеттерін
ашып көрсету қарастырылады. Мәселен,
қуанышты, ашулы, жайбарақат көңіл-күйлері
т.с.с.
Әр адамды басқалардан айқындап, ерекше-
леп тұратын жеке болмыс-бітімінен бөлек, Тұлға
бойындағы әр түрлі осы тәріздес ерекшеліктерге
тоқталып, оның саналы да, тәрбиелі азамат
болудағы алар орны жайлы кеңінен ашып, мән-
маңызын көрсету қарастырылған.
Ұлттық өзіндік сана ұлттық дүниетанымға
негізделеді. Ал, ұлттық дүниетаным дұрыс
таным-түсінік арқылы өріс жайып, ұлттық дәстүр
арқылы өз болмысын танытады. Өз ұлтына де-
ген құрметтің көрсеткіші – ұлттық сана-сезімнің
қалыптасу деңгейіне байланысты. Жастарға
ұлттық сана төмен болса, халық халықтық
қасиетінен айрылып, мылқау тобырға айнала-
тынын түсіндіре отырып, оның алдын алу жайы
және оны болдырмауға тәрбиелеу көзделеді.
Ұлтжандылық дегеніміз – адамның өзінің
араласқан белгілі бір саяси, мәдени және
әлеуметтік ортасына – Отанына деген аса терең
сезімі. Ұлтжандылыққа тәрбиелей отырып,
жастардың азаматтық санасын қалыптастыру,
оқушылардың саяси білімдерін жетілдіруге, өз
азаматтық құқықтары мен міндеттерін, туған
жердің, өскен елдің табиғатын аялай білу сезімін
қалыптастыра білуге тәрбиелейміз.
Отансүйгіштік – азаматтық санамен
қалыптасатын қасиет. Жастардың азаматтық
санасын біліммен қаруландыра отырып, аға
ұрпақтың қалдырған мәдени-тәлім мұраларынан
сусындаған, туған жері мен елінің рухани-
материалдық, мәдени құндылықтарын бойы-
на сіңіре отырып, ақыл мен парасаттылығы
жетілген, ұлтжанды, саналы азаматты тәрбиелеу
жолға қойылады.
5.5 Этика-эстетикалық тәрбиелік негіз
1. Сыйластық әдебі
2. Сөйлеу әдебі
3. Жүріс-тұрыс әдебі
4. Қарым-қатынас әдебі
5. Сән-сымбат әдебі
6. Инабаттылық дәстүрлері
7. Жалпы адамзатқа ортақ әдеп нормалары
Құрмет, ізет, сыйластық туралы түсінік
беру. Қарым-қатынас жасау іскерліктерін да-
мыту. Үлкендер мен кішілер арасындағы
сыйластықты түсіндіру. Отбасы сыйластығы,
туыстар сыйластығы, достар сыйластығы,
ұжымдастар сыйластығы және т.б. Әр халықтың
өзіндік дәстүрі бар. Алайда, дәл қазақтардай
үлкенді сыйлау, өзара сыйластық қасиеттерін
бала кездерінен бойына сіңіріп өскен ұлттар
мен ұлыстар кемде-кем. Десек те, жастардың
тәрбиесі жаһандану жағдайында алаңдатары
анық. Қазақ дәстүрінің ерекшелігі тек ата-ананы
ғана емес, жалпы адамды сыйлауға баулуында.
Бұл тақырыпта біз жас ұрпақты үлкенге сәлем
беру, орын беру, жол беру, кимелеп, баса-көктеп
өтпеу, үйіне қонақ келсе жақсылап күтіп-шығару,
мейманға, жолдас-жораларына, жалпы адамзатқа
қайырымды болуын, адамдарға деген шын ниет-
пен құрмет көрсете білу құлық-мінездерін тағы
басқа сыйластық әдебін сақтай білетіндей, бойы-
на сіңіре отырып тәрбиелеуге бағыттаймыз. Осы
секілді мінездерді қорлау – өзін-өзі қорлау, сый-
лау – алдымен өзін-өзі сыйлау керектігі жайын
тәрбиелік тұрғыдан түсіндіру қарастырылады.
Өзінің бастауын сан ғасырлық терең тарих
тезінен өткен тілдік әдеп негіздері мен ұлттық
құндылықтардан алатын сөйлеу әдебін, та-
лаптарын барлық жас сақтай бермейді. Оны
жалпыадамзаттық мәдениетпен ұштастыра
отырып жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың
мәдени әлеуетін арттыру сөз мәдениетіне бау-
лу әдебін сақтау арқылы жүзеге асары дау-
сыз. Өйткені, тіл – адам санасында шындықты
бейнелеу мен жинақтау, ал сөйлеу – адамның
интеллектуальдық әрекетінің ерекше түрі
болғандықтан, сөйлеудің әдебі мен тәртібіне
тәрбиелеу жүйе ретінде қарастыратын мәселе.
Қоғамдық орындарда: мектепте, көшеде,
кинотеатрда, транспорттарда әдептілік сақтау.
Дұрыс киіну, өзін-өзі дұрыс ұстау әдептері және
т.б. жүріс-тұрыс әдебін жастарға түсіндіре от-
ырып, сол тұрғыда тәрбиелеу қарастырылады.
Қазір көп адам жүріс-тұрыс қағидасын ұмытып
барады. Мәселен, қалай болса, солай жүріп,
киініп, сөйлеп т.с.с. Дәстүрлі, бірақ өте тиімді
этика нормаларын қазіргі заманның ыңғайына
лайықтап, жаңғырта отырып жастарға тәрбие
беру көзделген.
Қарым-қатынас әдебі. Ата-анаға бала қарым-
қатынасын ұғындыру. Жолдастар арасында
қарым-қатынас әдебі.
23
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Біздің этика-эстетикалық тәрбие берудегі
мұратымыз – сырт көріністің әдемілігі мен рухани
кемелділіктің табиғи біте қайнасуы. Ондай адам
– жетілген, парасатты, қабілетті адам болмақ.
Сондықтан да, адам жарасымды тәуір киіне білуі
керек. Бүгінгі жастарға әдебі мен әдеті көпке
үлгі жас ұрпақтың екендіктерін ескерте отырып,
мүмкіндігінше өзіне лайықты киім таңдап, оның
сәні мен сымбатының үйлескендігін қадағалап,
бағыт беруге тәрбиелеу.
Инабаттылық – қазақ халықына тән ерек-
ше қасиет. Бұл – ұлт психологиясының өзегі,
адамгершіліктің
бірегейі,
халқымыздың
ғасырлар
бойы
қалыптасқан
қоғамдық
санасының практикалық көрінісі, барлық кісілік
қасиеттердің жынтығы екенін түсіндіре отырып,
және оны жастардың бойына сіңіру тәрбиенің
басында тұратын ең маңызды мәселе. Инабатты,
ибалы ұл-қыздарымызды тәрбиелеу қоғам үшін
басты орында тұруы қажет.
Қоғамдағы өмірдің мәні мен сәні,
берекеттілігі мен мерейі, жақсылығы мен
жарастығы, түптеп келгенде адамдардың әдебі
мен инабатына, имандылығы мен ар-ұятына
т.б. жалпы әдептің нормаларына қатысты.
Әдеп болмаса адамның өзге хайуаннан артығы
болмас еді. Жалпыадамзатқа ортақ жақсылық
пен жамандық, адалдық пен арамдық, ар-
иман, обал-сауап, тағы басқа әдеп нормалары
адамдардың қарым-қатынасында өнеге болып
табылады. Әр қасиеттерге жеке тоқтала отырып,
жарқын өмір үшін әдеп нормаларын сақтаудың
маңыздылығына тәрбиелеу осы бөлімде
қарастырылады.
5.6 Еңбек тәрбиесі
Еңбекке баулу. Адам тек табыс табу үшін
еңбек етпейді. Балаларды еңбекке баулу әрқашан
да тәрбиенің маңызды бөлігі болып келеді. Бүгінгі
күні еңбек көп қырлы, тиімді ұйымдастырылып,
адамгершілік құндылықтармен бірге бай-
ланыстырылса, онда оның нәтижесі тәрбие
құралы болатындығы дәлелденді. Педагогтың
міндеті бала еңбегіне рух беру, оны жасампаз,
шығармашыл ету, өз өмірінде адал еңбекпен
биік жетістіктерге жеткен адамдарды сыйлауға,
құрмет тұтуға тәрбиелеу. Еңбек сүйгіштікке,
еңбекті құрметтеуге, еңбекке дағдыландыруға
үйрету. Студенттерді еңбекке баулудың басты
міндеттерінің бірі – негізінен еңбекке тәрбиелеу,
қоғам игілігі үшін еңбек ету парызы.
Обал, ысырап, сауап
Халқымыздың мыңдаған жылдар бойы
түрмыс тіршілігінде Обал, ысырап, сау-
ап өзіндік әдебін құрайтын төл қағидалары
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырған. Олар
күні бүгінде мәдениетіміздің негізін құрап,
казіргі заманғы тұрмысымызбен өркениетіміздің
жаңалықтарымен қорлана түсуде. Жасөспірім
жаман мен жақсыны қалай ажырата білсе, обал
мен сауапты да тап солай жан-тәнімен сезінуі
тиіс. Бұл баланың санасына өскен ортасына,
өзі тәрбие алған шаңырағынан даритын касиет
десе болар. Кейде бұдан мүлдем мағлұматы жоқ
жанға обал-сауапты жете түсіндіріп берудің өзі
қиын.
Обал – жақсы нәрсенің қадірін біл, оны
тастама, түбінде оның зарын тартасың деген
ұғымды білдіреді. Мысалы: “Сүтті төкпе, обал
болады”, – дейді әжесі.
Ысырап – әр заттың құнын, бағасын білмей,
босқа шашуды білдіретін ұғым. Мысалы: “Судың
да сұрауы бар” деп халық ұрпағын әр затты
үнемдеп, өз орнымен пайдалануға тәрбиелейді.
Сауап – Қазақ дәстүрінде «сауап жасау»,
«сауабын алу» әрбір адамның адамгершілік бо-
рышы болып табылады.Басқаға жақсылық істеу,
табиғатқа қамқорлық жасау, яғни сауап жасау.
Мысалы: “Балам, мына қайнардың көзін ашып,
сауабын жасашы” – дейді атасы.
Нарықтық экономика. Жеке тұлғаның
әлеуметтік құнды нарықтық қатынас жағдайында
бәсекелестікке дайындығын, экономикалық са-
насын, ойлауын, мәдениетін, мәнді сапасын,
жағымды қасиеттерін қалыптастыру үдерісі.
Жастарға нарықтың ұғымын, оның мәнін, пай-
да болуы мен даму кезеңдерін, қалыптасуын,
атқаратын қызметтері мен инфрақұрылымдарын,
мемлекекеттің нарықтық экономикада атқаратын
рөлін түсіндіре отырып, дамыған елдердің қазіргі
таңдағы экономикасының нарықтық болуымен
ерекшеленетініне байланысты, сол жағдайға
бағыттап тәрбиелеу қарастырылады. Нарықтық
экономика негізгі экономикалық мәселелердің
ең тиімді жолмен шешетін жүйесі болып та-
былады. Сондықтан да, мемлекеттің болашағы
жастардың қолына өтетіндіктен, нарықтық
экономиканың жай-жапсарына қарай бағыттап
тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті талабы. Себебі,
ол бірнеше ғасырлар бойы құрылды, өркениет
формасын қабылдады және болашақта бүкіл
әлем халқының экономикалық кейпін анықтап
отырады. Ұлттық экономикалық тәрбие берудегі
24
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
мақсат – жоғарыдағы талаптарды жастардың
бойыңа сіңіру, бәсекеге қабілетті елдердің
қатарына қосылуға ұмтылысты түсіндіре оты-
рып, соған бейімдеп тәрбиелеу.
5.7. Ұлтаралық қарым-қатынас және
оның Қазақстанда дамуы
Жаһандану
жағдайындағы
ұлтаралық
қарым-қатынас мәдениеті. Жалпы ұлтаралық
келісімге
психологиялық
дайындық.
Толеранттық. Қазақстандағы ұлт өкілдері мен
этникалық топтар және тәрбие мәселесі.
Қазақстан халықтарының Ассамблеясы,
оның ұлттық тәрбиедегі рөлі. Қазақстандағы ұлт
саясатының қалыптасуы, дамуы және оның зиялы
азамат қалыптасуындағы рөлі. Мәдениетаралық
өзара байланысқа дайындық.
Бейбітшілік /халықтар мен мемлекеттер,
адамдар арасындағы тыныштық пен келісім
жердің адамзат өркениетінің өмір сүруінің
маңызды шарты. Ұлтына деген мақтанышы мен
ұлттық санасын биіктетіп, ерлікке, отан сүюге
тәрбиелеу/.
Ынтымақтастық.
Мемлекетаралық
қабылданған келісім шарттардың мүлтіксіз орын-
далуы. Тәуелсіз мемлекеттердің жақындасуына
экономикалық негізі. Жастардың құқықтарын
және заңдық мүдделерін қорғау жөніндегі жүйені
жақсарту және жетілдіру, әлеуметтік жетімдік
пен отбасы институтының тұрақтыландыру
мәселелерін шешуге азаматтық қоғамды белсенді
қатыстыру мақсатында, мүдделерін арттыру
жолындағы өзара ынтымақтастықты жүзеге асы-
ру жолдары. Ынтымақтастықты дамыту сипаты.
Ұлттық тұтастық. Ұлттық тұтастық
ұғымына жалпы түсінік. Ұлттық тұтастықты да-
мыту жолдары. Ұлттық тұтастықты нығайтудағы
Қазақтанда жасалынып жатқан игілікті істер.
Ұлттық тұтастықтың даму жолында жастардың
рөлі.
Толеранттылық – жеке адамдардың,
топтардың,
әлеуметтік
жұртшылықтың
арасындағы мәдени, діни, нәсілдік және басқа
айырмашылықтардың заңдылығын мойын-
дау, басқа адамдардың түр-түсіндегі, бет-
әлпетіндегі, мінез-құлқындағы, жан-дүниесіндегі
ұқсассыздыққа төзімділікпен қарау. Қазақстан
Республикасының демократиялық дамуының
маңызды жетістіктерінің бірі діни төзімділік
пен этносаралық келісім негізінде саяси
тұрақтылық.
5.8 Ұлттық мәдениет және әлемдік
мәдениет
Ұлттық тәрбие мәселесінің халқымыздың ұлы
ғұламалары мен ойшылдарының еңбектеріндегі
көрінісі.
Мәдени мұра нысандары – ұлттық тәрбие
көзі. Халқымыздың ұлағат сөздерінің тәрбиелік
мәні.
Қазіргі мәдениет және бұқаралық ақпарат
құралдарының ұлттық тәрбие берудегі рөлі.
Ұлттық тәрбиенің этникалық аспектісі.
Қоғам мәдениеті – адамның ұлттық
мәдениет
пен
дәстүрлі
құндылықтарды
құрметтеуі және оны ары қарай дамытуы.
Жастарға ұлттық мәдени дәстүрлер арқылы
әлемдік мәдени құндылықтарға тәрбиелеу
қарастырылады. Қоғамдық мәдениетті меңгерте
отырып, өзге мәдениеттерге бағыт ұстаған жан-
жақты тұлға тәрбиелеу және қоғамдық ортада
өзін ұстау мәдениетіне баулу.
Материалдық және рухани мәдениетті
оқыта отырып, жастарды материалдық ұлттық
тәрбиенің негізгі ұғымдарымен, білімдерімен,
дүниетанымдық идеяларымен және әдістері
мен таныстыру арқылы тәрбиелеу. Рухани
дүниемізде бүгінгі заман талабы, қоғамдық
әлеуметтік қажеттілік, ұлттық дәстүрлі өнерге
жаңа көзқарас тұрғысынан қайта қараудың, оның
осы күннің өзекті мәселелері мен үндестігін
ашудың көкейтестілігін негіздей түсу де өзекті
мәселе.
Мәдениет – адамдықтың өлшемі болғандық-
тан, тікелей қатынаста өмір сүреді. Сол себепті,
жастардың білімін, икемін, қабілетін дамы-
та отырып, адамдық мәнін жасауға тәрбиелеу.
Қоғамның материалдық мәдениеті жоғары
болған сайын оның рухани мәдениеті де жоғары
болмақ.
Ұлттық рухани мәдениет үлгілері –
ұлттық мәдениет пен өнерге құрмет. Ұлт тари-
хын түгендеу, түгелдеу, ұлт руханиятын қайта
түлету. Әрбір іс–әрекеттің, шығармашылық
ойлаудың, қарым-қатынастың негізінде адам-
зат баласы қоғамы жинақтаған тәжірибе, ақыл–
ой, пікір, идея, көзқарас, дүниетаным, мәдени
мінез құлық, рухани, адамгершілік–имандылық
сапа, интеллектуалдық таным рухани мәдениет
үлгілері болып саналады. Осыларды негізге ала
отырып, жастарды қазақ ұлтының және әлем
халықтарының мәдениетінің бай үлгілерінен
тәлімдік ойларды ала отырып тәрбиелеу
көзделген.
25
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
5.9 Қазіргі жастарды әлеуметтендіру
Әлеуметтендіру
және
этникалық
әлеуметтендіру.
Жастардың
құндылық
бағдары. Қоғамдық ұйымдар және ондағы
жастардың ұлттық тәрбие мәселесі. Қазақстан
Республикасындағы жастар саясаты. Қазіргі
жастар
қозғалысы,
жастар
ұйымдары.
Халықаралық жастар ұйымдары. Ұлттық тәрбие
мәселесінің ресми құжаттарда көрініс табуы.
Қазақстан Республикасындағы жастар саяса-
ты. Өркениетті елдің жоғары мәдениетті аза-
маты. Қазіргі жастардың әлеуметтік-тұлғалық
мәселелері. Жастардың тұлғалық бағдары. Жас
ерекшеліктеріне байланысты ұлттық тәрбиенің
мазмұндық сипаты. Отбасы мүшелерінің
өзара қарым-қатынасын реттеудегі ұлттық
тәрбиенің рөлі. Гендерлік саясат. Қазіргі
жастардың адамгершілік тәрбиелілігі. Тұлғаны
әлеуметтендірудегі отансүйгіштік мәселе.
Сонымен, ұлттық тәрбие – ұлттық
құндылықтар арқылы жеке тұлғаның ұлттық
санасын, намысын, сезімі мен дүниетанымын
қалыптастыру. Ұлттық тәрбиелік білім беру
барысында басқа да қоғамдық пәндердегі
тәрбиелік білім беру мәселелерімен қатарластыра
оқыту барысында, біз ұлттық бағыт-бағдары
қалыптасқан өмірлік ұстанымы ұлтына де-
ген сүйіспеншілікпен сусындаған, қоғам үшін
қажетті тұлға тәрбиелеп шығарымыз анық.
Бұл мақалада білім беру үрдісіне ұлттық
тәрбие пәнін жүйелі түрде ендірудің бағыттары
қарастырылады. Ұлттық тәрбиелік білім негізін
бүгінгі таңда білім беру процесіне ендіру өзекті
мәселелердің біріне айналуда. Халқымыздың
тарихи жолында сан ғасырлық тәлім-тәрбиесін
бүгінгі білім алушыға ұғындыру жолын сатылай
саралаған еңбекте ұлттық тәрбие жұмысының
білім беру процесіндегі рөлі айқындалады.
Еңбек білім беру ұйымдарының мамандарына
арналған.
Р.К. Төлеубекова –
педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Ұлттық тәрбие»
кафедрасының меңгерушісі
ЖАҢА ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ОРТА ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫ-ЖАСТАРҒА
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Қазіргі заман оқушы-жастарына өзінің
айналасындағы жақындарының, отбасының және
жеке топтардың мәдениеті ғана емес, сонымен
бірге қоғамның бүкіл ахуалы, дүниежүзілік
қоғамдастықтың өмір сүруі, тіршілік ету амал-
тәсілдері ықпал жасайды.
Бүгінгі
таңда
адам
баласының
қоғамдастығындағы орын алған жалпы тарихи
жағдай өзгеріске түсті, біріншіден, адам
баласының өмірлік іс-әрекетінде экономикалық,
энергетикалық, этникалық, демократиялық т.б.
проблемалардың күрделенуі, не байланысты
жалпы өмірді ұйымдастыру мен сақтаудың
міндеттері келелі деңгейге қойылуы; екіншіден,
Резюме
В данной статье рассмотрены основные направления, задачи, ожидаемые результаты системного внедре-
ния в учебный процесс дисциплины «Национальное воспитание». Также проанализировано содержание на-
ционального воспитания на всех этапах непрерывной системы образования.
Summary
In the given article the basic directions, the problems, expected results of system introduction in educational
process of discipline «National education» are considered. Also the maintenance of national education in all stages of
a continuous education system is analyzed.
26
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
гуманистік бастаманың жақсаруы, әртүрлі
байланыстардың кеңеюі және нығаюы, өзара
қарым-қатынас бірлігінің қажеттілігін түсінуі
т.б. Жастарға жаңа саладағы талаптардың
алға қойылуы, қоғамдық нақтылы жағдайда,
жалпыадамзаттық деңгейде білім беру жүйесін
құрудағы жаңа бағыттардың айқындалуы.
Осы орайда, демократиялық қоғамға өздігінен
ойлайтын, өзіндік сана сезімі бар, еркіндікті
сүйетін, әрекетшіл, ізгілік қасиеттерді бойына
дарытқан, жаңа дүниетанымды, шығармашылық
ізденімпаз, нарық қатынастарының тиімділігін
білетін, құзырлығы жоғары адамжанды,
қайырымды, өз құқығын қорғай білетін,
отансүйгіштік қасиеттерде тәрбиеленген жаңа
адамдар қажет.
Сондықтан ұлттық тәрбиені, оның отбасы
теориясын және практикасын социумның
талаптарына сай қайта құру бүгінгі күнде
көкейкесті мәселеге айналып отыр. Осыған
байланысты соңғы кезеңде тәрбиенің өзара
байланысын және әлеуметтену мәселесін
айқындау күн тәртібіне қойылуда. Мұның
нәтижесінде жаңа көзқараспен ұлттық тәрбиенің
мәнін ашу қоғамдық қажеттілікке айналуда.
Бұл ретте Л.С. Выцотскийдің адам дамуының
әлеуметтенуі, бұл қоғамның бүкіл мәдениетінің,
қоғамдық тәжірибенің жеке индивидке берілуі
деп қарастырғаны бүгінгі күнде өзекті мәселеге
айналып отыр.
Жеке тұлғаның ұлттық тәрбиесін
ұлттық идея тұрғысынан қарастыру, жоғары
адамгершілікті өмір сүруге өзінің өмірлік
мақсатын, мүддесін, өзінің іс-әрекетін, Отанына
деген сүйіспеншілікпен, қайырымдылықпен,
мейірімділікпен басқа ұлт адамдарымен қарым-
қатынаста болуымен қатар, өз халқының
ең жоғарғы қасиет-сапаларын құрметтей
білетін толымды жастарды қалыптастыруға
бағыттайды.
Әлеуметтану барысында оқушы-жастардың
әлеуметтік-мәдени құндылықтарымен танысуы,
олардың тәрбиеленуі не қажетті рухани және
пәндік кеңістік туғызады. Мұндай рухани орта
болмайынша, әлеуметтік-мәдени құндылық
өзінің нақтылы өмірлік мазмұнынан айырылып,
жалаң дидактикалық сызба түрінде қалуы
мүмкін.
Тәрбие – өз тарапынан әлеуметтік-мәдени
тәжірибені шығармашылықпен меңгеруші.
Себебі, оның болашақ ұрпаққа әлеуметтік
ортаның ықпалын үнемі реттеп отыруда
мол мүмкіндігі бар. Атап айтқанда, оқушы-
жастардың әр жақты өзіндік тәжірибелерін
қалыптастыруда, ал кейде олардың тұлғалық
дамуына кедергі болатын ортаның келеңсіз
жағдайларын болдырмау шараларына оқушы-
жастардың
өздерін
қатыстыру
арқылы,
әлеуметтік ортаның тәрбиелік потенциалын
мақсаттылықпен пайдалану ұлттық тәрбиенің
мазмұнын айқындайды.
Соңғы уақыттарда ғылыми әдебиетттерде
«Әлеуметтік-мәдени
орта»
термині
жиі
қолданылып келеді. Онда жеке тұлғаның
әлеуметтігі, қандай әлеуметтік жүйеге жататыны,
әлеуметтік субъектінің (тұлға, топ, қоғам) қандай
ортамен өзара әрекетте болатыны, жеке тұлғаның
ынта-ықыласын және құндылық бағыттылығын
қалыптастыруда рухани қажеттілігін дамытуға
ықпал жасайды.
Әлеуметтік ортаның бір құрамы – әлеуметтік-
мәдени жағдай. Ол әр жақты мазмұны және
мінездеме, сипаттамаларымен жастарға әр
қырынан ықпал жасайды. Әлеуметтік-мәдени
жағдай құрылымына мәдени тәжірибені
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, танытып отыратын
білім беру жүйесі әлеуметтік институт ретінде
енгізілген.
Мамандардың дәлелдеуі бойынша әлеу-
меттік-мәдени жағдай адамды қалыптастырады,
ал кейбір жағдайда мүлде адамды кері өзгеріске
ұшыратады. Осыдан жеке тұлға өзінің өмір сүру
барысында әр түрлі әлеуметтік-мәдени жағдайда
байланысты бірнеше өзгеріске түсіп отырады.
А.В. Петровский жеке тұлғаның әлеуметтік
дамуын 3 кезеңге бөліп қарастырады. Бірінші
кезең – балалық шақ. Бұл – әлеуметтік өмір
ережелерін қабылдаудың бастауы; екінші
– жеткіншек шақ, бұл тұлғаның барынша
дербестену және өзіндік ерекшелігін танытуға
ынталы кезеңі; үшінші – жастық шақ, бұл
кезеңнің басты ерекшелігі өзінің жеке тұлғалық
қасиет-сапаларының қалыптасуына әрекеттену.
Қазіргі уақытта тәрбиенің мазмұнын
айқындауда әлеуметтік-мәдени өрістің бірі –
білім алу жүйесі. Осы орайда, білім алу әрбір
баланың жас адамзат ретінде өзінің жеке өмірін
саналы, жалпыадамзаттық құндылықтар рухына
сай құра білу, өз халқының ұлттық мәдениеті,
менталитеті және салт-дәстүрі негізінде басқа
халықтарға сый-құрмет көрсетуге негіз болады.
Осы ретте ұлттық идеология бірлігі мен
27
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
әлеуметтік серіктестік негізінде қазақ халқының,
сонымен қатар, көп ұлтты мемлекеттің басқа
халықтарының да ең бағалы ұлттық дәстүрлері
және адам баласының даму тарихындағы
құндылықтар өз ішінде зерделеніп жинақталуда
білімнің қажеттігі көрсетілген (3).
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының
білім беру жүйесіндегі түбірлі өзгерістер
Қазақстан Республикасы Конституциясы, «Білім
беру» және «Тіл туралы» заңдары Қазақстан
Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
«Қазақстан – 2030» жолдауы және қабылданған
нормативті актілер мен құжаттары негізінде
жүзеге асырылуда.
Білімнің көтеріліп, қайта жаңғыруы бүгінгі
әлеуметтік ахуалдың шындығына айналып отыр.
Әсіресе, бұл міндеттер Қазақстан Республикасы
«Білім беру» заңында баса айтылған. Онда жеке
адамның шығармашылық, рухани және дене
мүмкіндіктерін дамыту, ұлттық тәрбие арқылы
салауатты өмір салтының берік негіздерін
қалыптастыру, адамның жеке басының дамуы
үшін жағдай жасау арқылы оның интеллектісін
байыту бір-бірімен тығыз байланыстылықта
көрсетілген. Сонымен қатар, білім беруде
ұлттық тәрбиенің негізі өз Отаны Қазақстан
Республикасының Азаматын, Патриотын, Жеке
тұлғасын тәрбиелеу бағытына ерекше назар
аударған. Жоғары оқу орындарында студент
жастарға ұлттық тәрбие негізінде мәдениетті
меңгеру процесі олардың әртүрлі мәдениетінің
негізінде өздерінің нақтылы іс-әрекеттері мен
(ақыл-ой, практикалық, қайта жасау, өңдеу,
қарым-қатынастық, көркем-сурет) және адамзат
тарихындағы рухани шығармашылықтардың
материалданған үлгілеріне сүйенген әлеуметтік
мінез-құлықпен байланысты болуы керек.
Мұнда оқушы-жастардың бойында, кез келген
іс-әрекет түрінің субъектісі ретінде, ұлттық
тәрбие негізінде қарым-қатынастың қалыптасуы
ең басты мәселе ретінде қарастырылады.
Сондықтан, адамды орындаушы құрал қалпында
ұстаған тәжірибелік саясаттан арылып, жастарды
мәдениет адамы дәрежесіне көтеруді маңызды
құндылық деп есептейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |