Бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата03.03.2017
өлшемі5,03 Mb.
#7352
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

  бойынша  әлем  әдебиетіндегі 
көркем  шығармалардың
  жүзге  жуық 
озық 
үлгілері
  қазақ  тілінде  жарыққа  шықты 
[1].  Егер  әлем  әдебиетімен  таныс  болу 
парасатты,  мәдениетті,  тәлімді  адамды 

26
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
тәрбиелеуге ықпал етсе, қазақ әдебиетін 
білу  мұның  сыртында  ұлтжандылық 
пен  ұлттық  мақтаныш  сезімін  асқақ-
тататынын 
ұмытпауымыз 
керек.
Анасының  әлдиімен  айтылған  бесік 
жыры  –  жас  сәбидің  құлағына  шалына-
тын алғашқы әдеби нұсқа. Әжесі айтатын 
ертегі арқылы балдырған ауыз әдебиетінің 
үлгілерін  санасына  сіңіреді.  Сол  бесік 
жыры, сол ғажайып ертегі ұл-қызымызға 
қай  тілде  жетті,  өз  ұлтының  қазынасы 
ма,  мәселе  осы  арада.  Ана  тілінде  бесік 
жырын  естімей  өскен  адам  этносының 
әдебиетіне  де  жете  мән  бермейді.
Бесік  жыры  –  ұлт  әдебиетіне  бас-
палдақ  болса,  ұлт  әдебиеті  -  әлемдік 
әдебиетке 
бастар 
жол. 
Қазақтың 
кейінгі  ұрпақтары  бесік  жырын  ана 
тілінде  естімей  өскендіктен  кезінде 
мәңгүрттікке  ұрынды.  Асанқайғыдан 
бастап,  Сұлтанмахмұтпен  аяқталатын 
бес ғасырлық жыр дастан дүлдүлдерінің 
туындыларын  оқымай  өскен  ұрпақтың 
бойында  ұлттық  сезім  кемшін  түсіп 
жатты.  Абайды  әлемге  енді  танытып 
жатырмыз,  ал  өзіміз  танып  болдық 
па?  Ендеше,  тілдік  сана  зияткерлік 
пен  мәдениеттіліктің  бір  белгісі  екен.
Зияткер,  төл  мәдениет  иесі  –  тарихи 
сана  белгілерін  мол  меңгерген  адам. 
Айналып  келгенде,  тарихи  сана  – 
этностық  және  жалпы  мемлекеттік 
сананың негізі. Ұлттық ой-сана, этностың 
мыңдаған 
жылдық 
аңыз-әфсанасы, 
бейне-белгілері, 
наным-сенімдері 
халықтың  тарихын  білу  арқылы  ғана 
ерекшеленеді.  Туған  жердің,  онда  өмір 
сүріп  отырған  халықтардың,  бір  кездегі 
жасаған 
мемлекеттердің 
шежіресін 
білу  тарихи  сабақтастықты,  тамыр 
тереңдігін, талай жылдардан бері іргелес 
қоныстанған  халықтар  тағдырының 
ортақтастығын 
білдіреді 
[2, 
43].
Тарихты  тану  дәрежеміз  бүған  дейін 
қалай  болғаны  белгілі.  Әлемдік  тарих 
бізге  мәдениеттердің  өзара  ықпалының, 
этносаралық  байланыстардың  тарихы, 
сәулет  пен  қолөнердің  тарихы  ретінде 
емес, қанды шайқастардың, мемлекеттер 
қақтығысының, таптар күресінің тарихы 
күйінде  оқытылып  келгені  өкінішті. 
Бір  ғана  мысал,  жүйелеп  оқысақ,  «Ұлы 
Жібек жолы» тарихының өзі бізге талай 
өркениеттерден  мағлұмат  берер  еді.
Осындай  өркениеттердің  ізі  болып 
табылатын  төл  тарихымызды  оқығанда 
ең  алдымен  мәдениет  тарихына  ерекше 
маңыз  берілуі  тиіс.  Бұл  пән  әзірге  орта 
мектеп  бағдарламасынан  орын  ала 
алмай  келеді.  Жоғары  оқу  орындарына 
соңғы  жылдары  енгізіле  бастаған  ол 
көп  мәдениетті  тұлға  қалыптастыру 
міндеттерін  шешуге  септігін  тигізбек. 
Пән  мәдениеттер  тарихын,  әлемдік 
және  ұлттық  философия,  дәстүрлер 
мен  әдет-ғүрыптар  тарихын  оқытудан 
бағытын  жазбаса,  рухани  дамыған, 
сан  қырлы  мәдениетті  меңгерген, 
әрі  бағалай  білетін  адам-дарды  тәр-
биелеуге 
едәуір 
ықпал 
етпек.
Тарихи сананы қалыптастыру − тарихи 
танымның  дұрыс  қалыптасуына  тәуел-
ді.  Ал  тарихты  тану,  қазіргі  деректерді 
білу  ғана  емес,  сол  тарихи  окиғалар 
мен  деректерді  талдау  арқылы  ақиқатқа 
жету.  Осы  тұрғыдан  келгенде  Қазақстан 
тарихы  әлі  де  болса  толық  танылмай 
жатыр  десек,  артық  айтқандық  болмаса 
керек.  Бұған  тарихты  идеологияның 
құралына  айналдырған  кешегі  кеңестік 
жүйенің  негізгі  себеп  болғаны  белгілі.
Қазақстанда діннің мемлекеттен жолы 
бөлек. Сондықтан мемлекеттік білім беру 
саласы  діни  сананы  қалыптастыруды 
мақсат  етпейді.  Дегенмен,  дін  халық 
рухының,  оның,  мәдениетінің  ажыра-
мас  бөлігі,  әрі  ұлттық  сана-сезімді 
қалыптастырудың маңызды факторының 
бірі екенін естен шығармаған жөн. Діни 
құндылықтарды  білмей,  не  бағаламай 
тұрып  мәдениетті,  зияткер,  ұлтжанды 
азамат тәрбиелеу ісі толымды болмайды. 
Елімізде  ислам  дінінің  имандылық-
әдептілік,  тәлім-тәрбиелік  (мысалы, 
обал-сауап,  адал-арам,  т.б.)  оң  әсерінің 
күшеюі,  әрине,  қуантпай  қоймайды. 
Ал  енді  әлемдік  дін  тарихын  білу 
Қазақстанды  мекен  ететін  көптеген 
халықтардың 
адамгершілік 
мүдде-
максатының, рухани құлшыныстарының, 
әдептік-әсемдік  талғам-талаптарының 
ортақтығын  көрсетеді  [3].  Өзара  тү-
сіністік  пен  төзімділік  мәдениетін 
құқықтық  және  имандылық  тұрғыдан 
қамтамасыз  ету,  қоғамда  әртүрлі  діни 
сенімді 
ұстанушыларға 
байсалды 

27
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
көзқарас  қалыптастыру,  балалар  мен 
жастардың бойында елімізге сырттан енуші 
этнодіни  экстремизм  мен  түрлі  радикалды 
ағымдарға  қарсы  әрекет  ете  алатын 
дағдылар қалыптастыру – маңызды міндет.
Көп  мәдениет  иесіне  тән  тағы  бір 
ерекшелік  –  географиялық  сана  болуға 
тиіс.  Шын  мәнінде  зияткер,  мәдениетті 
адам  болу  үшін  планеталық,  ғаламдық, 
экологиялық  саналар  деңгейіне  сам-
ғаумен  бірге  кіндік  кескен  жер,  туған 
өлке,  Отан,  өз  шаңырағын  қастерлеу 
сезімімен  қатар  тыныстау  парыз.  Халық 
«Жеріңнің  аты  –  тарихтың  хаты»  деп 
тегін  айтпаған.  «Ұлытау»,  «Ордабасы», 
«Орбұлақ»,  «Оқжетпес»  деген  сөздерге 
селт  етпейтін,  оларды  тек  жер-су 
атаулары  ретінде  ғана  қабылдайтын 
қазақты, тіпті ол Нигара сарқырамасының 
биіктігін,  Панама  каналының  ұзындығы 
мен  енін,  Оймяконның  ең  төменгі 
температурасын  жатқа  айтып  тұрса 
да,  қалай  ғана  мәдениет  иесі  дерсің?
Егемендік алғаннан бері бабалар жері-
нің  байырғы  атауларын  қайтару  үшін 
көп  жұмыс  тыңдырылды.  Бір  кезде  ішкі 
Ресейден  қоныс  аударғандар  өздері 
үдере  көшкен  мекенінің  атауларын  да 
қазақ  жеріне  «көшіріп  әкелді»,  кешегі 
тың  төсіне  қадалған  әрбір  қаладағы 
жат  атаулар  кезінде  жергілікті  жұрттың 
келісімінсіз республика картасын мүлдем 
өзгертіп  жіберді.  Компартия  көсемдері 
мен  кайраткерлерінің  есімі  берілмей 
қалған  ауданды,  ауылды  табу  қиын  еді. 
«Бәленбайыншы  партсъезд»,  «КСРО-
ның түгенбайыншы жылдығы» деген бір 
қалыптан шыққан елді мекендер қаптады.
Ақмола  мен  Ақтау,  Атырау  үшін 
айтыс,  Ермакқа  байланысты  ерегіс 
ұмытыла  қойған  жоқ.  Тарихи  атауларды 
қайтарып  алып  жатырмыз.  Ақиқатына 
келсек,  бұл  жөнінен  ешбір  талас 
болмауы  тиіс.  Әрбір  этнос  өкілдері 
мектеп  партасында  отырған  кезінен 
елдің,  жердің  тарихын,  байырғы  атауын 
біліп  өссе,  мұндай  түсінбестік  орын 
алмас  та  еді.  Өкінішке  орай,  мектепте 
ұстаздар, отбасында ата-аналар ұл-қызға 
мұндай  тәрбие  беру  аз  көңіл  бөледі.
Жұмыр  жердегі  еліңнің,  ел  орта-
сындағы туған жеріннің орнын, қасиетін, 
шежіресін  білу  -  географиялық  сана 
ұғымының  негізі  болмақ.  Географиялық 
са на елтану, этнография, экология пәндері 
арқылы да дариды. Аталған пәндер этнос 
пен  мәдениет  проблемаларымен  өрістес 
болғандықтан,  мәдени-этностық  оқыту 
мен тәлім-тәрбие ісінде ерекше маңызға ие.
Бұл  -  ғылым  мен  білім  берудің 
мәдениет 
экологиясы, 
имандылық 
эко ло гиясы  секілді  жаңа  бағыттары 
туралы 
әңгіменің 
басы 
ғана.
Зияткер,  рухани  әлемі  бай  адам 
ғаламдық  экология  мен  Қазақстан  эко-
логиясын  табиғи  ұштастыруға  бейімді. 
Әрбір  отандасымызға  туған  жерді  – 
ортақ үй, Қазақ елін ортақ Отан ретінде 
сезіну, атамекен мен ел табиғатын аялап, 
қызғыштай  қорғау  қасиеттерін  дарыту 
мақ сатында жаратылыстану ғылымдарын 
оқыту  мәселесіне  көңіл  бөлу  керек.  Бұл 
пәндерден дәріс беруде елімізге қатыс ты 
құбылыстарға  баса  назар  аударып,  осы 
ғылым  салаларын  дамытудағы  қазақ-
стандық  ғалымдардың  үлесіне  ерек-
ше  тоқталудың  пайдасы  айтарлықтай. 
Шынайы  ұлтжандылық,  халық  үшін 
мақтаныш сезімдері осыдан туындайды.
Төл  мәдениет  иесіне  шынайы  көр-
кемдік  сана  тән.  Ұшқыр  қиял,  нәзік 
сезім,  әсемдікке  құштарлық,  әдемілікті 
бағалай  білу,  көркемдік  талғам,  өнер 
туындыларына  тәнті  болу  қасиеттері 
адам  өмірінің  мәнін  асқақтатады.  Білім 
берудегі саз-әуен мен кескіндеме пәндері, 
күнделікті өмірдегі театр, кино, теледидар, 
компьютер мен көркем әдебиет осындай 
сананы  қалыптастыруға  қызмет  етеді.
Көркемдік  сананың  ерекшелігі,  ол 
көп  жағдайда  көркем  шығармашылық, 
ізденіс  кезінде  үнемі  қолданыс  табады. 
Күй  шерту,  ән  шырқау,  өлең  шығару, 
кескіндеу,  оюлау,  мүсіндеу  үстінде  адам 
өз  халқының  мәдениетіне  қатыстылы-
ғын  сезінеді.  Сондықтан  көркемдік 

28
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
сана  мәдени-этностық  білім  беру 
мақсаттарына  барынша  сәйкес  келеді.
Қазақстанда  мұндай  білім  жүйесін 
қалыптастыру үшін этностық білім беру 
кеңістігі  –  этностық  мәдениеттерді, 
ұлттық-мәдени 
қауымдастықтарды 
дамыту үшін қолайлы негіз, кең өріс қажет. 
Ол үздіксіз білім берудің қажетті шарты, 
әрі  табиғи  құрамы.  Адам  ғұмыр  бойы 
осы  кеңістіктің  аясында  жүреді.  Оған 
талбесік, отбасы, балабақша, мектеп пен 
жоғарғы  оқу  орынын,  этностық-мәдени 
орталық,  дәстүрлі  мерекелер,  халықтық 
мерейтойларды жатқызуға болады [4,23].
Қандай  озық  болмасын,  ешқандай 
мәдениет  адамға  оның  төл  мәдениетін 
алмастыра  алмайды.  Қазақ  мәдениеті 
– 
бірегей, 
қайталанбас, 
ғажайып 
құбылыс.  Оның  уызына  жарымаған, 
тұнығына қанбаған қандасымыз – рухани 
жарымжан.  Сонымен  қатар,  өз  ұлтының 
парасатты, зияткер өкілі болу үшін адамға 
әлемдік  мәдениетке  деген  кең  көзқарас 
қажет екенін де естен шығармайық. Көне 
заманның,  ежелгі  Шығыстың,  Қайта 
өрлеу  дәуірінің  өркениетінен,  әлемдік 
мәдениет маржандарынан сүзілген жалпы 
адамзаттық  құндылықтардан  мағлұматы 
бар  тұлға  ғана  өзінің,  жан  дүниесінде 
жұмыр  жердегі  мәдени  бауырластықтық 
бәйтерегін  жайқалта  алады.  Білім  беру 
жүйесінің  асыл  мұраты  –  осыған  қол 
жеткізу болмақ. Ендеше білім беру жүйесін 
жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі – 
өкілдері бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, 
ой-өрісі  дамыған  ғана  емес,  жоғары 
азаматтық  және  адамгершілік  ұстанымы, 
отансүйгіштік  сезімі  мен  әлеуметтік 
жауапкершілігі 
қалыптасқан 
зияткер 
ұлтты  қалыптастыру  болып  табылады.
Әдебиеттер
1 Серікқалиұлы З. Дүниетану даналығы.  – Алматы, 1994. – 224 б. 
     2  Өтешова Б. Ұлт ұрпағының дүниетанымын халық тағылымдары арқылы дамыту. – 
2007. – 118 б. 
3  Оразбекова К. Ұлттық психология мен халық тәрбиесі болашақтың бастауы хақында. 
– Алматы, 2000. –  543 б. 
     4  Ғаббасов С. Халық педагогикасының, негіздері. – Алматы, 1995. – 223 б.
«Өзгенің есебінен жақсы көрініп - жарылқаушы атануға, ел мүддесіне нұқсан келтіруге 
болмайды»
Нұрсұлтан Назарбаев.

29
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
ӘОЖ 37.01:055.25
З.Қ.Сабырова
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университетінің
әлеуметтік және тәрбие істері
жөніндегі проректоры
ҰЛТЖАНДЫЛЫҚ  ҚЫЗ ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗІ
Мақалада  ұлттық  тәрбиенің  ерекшеліктері  мен  ұлттық  салт-дәстүрдің  студенттерді 
тәрбиелеудегі ролі қарастырылған.
Түйінді  сөздер:  ұлттық  тәрбие,  қазақ  қыздары,  қыз  қылығымен,  қыз  тәрбиесі, 
ұлтжандылық.
В  статье  рассмотрены  особенности  национального  воспитания  и  роль  национальных 
традиции в воспитании студентов.
Ключевые  слова:  национальное  воспитание,  девочки  казаха,  характером  девочки, 
воспитание девочки, патриотизм.
The article describes the features of national training and the role of national traditions in the 
education of students.
Keywords: national training, kazakh girls, by character of girl, education of girl, patriotism.
Қазіргі  таңдағы  заманауи  әлеуметтік-
экономикалық  жағдайда  әлемдік  жаһан-
дануға  бағытталған  білім  –  Қазақстанның 
әрі қарай дамуына қажетті мүмкіншіліктер-
ді  туғызып,  бәсекелестік  қабілетін  арттыру 
кезеңінде  педагогикада  ұлттық  тәрбиені 
насихаттауға кең жол ашуда. Бұл кезең жоға-
ры оқу орындарында тәрбие жұмысының қа-
лыптасуы  мен  даму  заңдылықтарын  айқын 
жүргізуді  және  студенттердің  әлеуметтік 
мәселелерімен  бірге,  рухани  дамуын  қатар 
қамтамасыз етуді қажет етеді.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 
университетінде  тәрбие  қызметін  дамыту 
–  университет  бітірушілерінің  кәсіби 
дайындығының сапасын көтеруге, сонымен 
қатар тәрбие саласындағы өзекті мәселелерді 
шешуге  дайын  маманды  дайындауға 
бағытталған.  Біздің  басты  мақсатымыз  – 
жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларда 
жұмыс істей алатын мамандарды тәрбиелеу. 
Абай  атамыз  «Жаман  тәрбие  –  бола-
шақтағы қайғыңыз» деген. Қыздың абыройы 
мен ары – бүкіл елдің абыройы мен ары. Қыз 
әдемілік  пен  іңкәрлік  символы.  Жібектей 
мінезімен  уыздай  тәтті  қылығымен,  іскер-
лігімен,  ұқыптылығымен,  ізеттілігімен,  им-
ан  ды,  инабаттылығымен  сыйлы.  «Қызға 
қырық  үйден  тыю,  қала  берді  есіктегі  қара 
құлдан  тыю»  деген  аталы  сөз,  желкілдеп 
өскен  қыр  қызғалдағына  көрсетілген 
қысым  емес,  қайта  пәк  күйінде  құлпырып 
өссін,  жаман  аттан  аулақ  болсын  дегені. 
Қазақ  қыздарынан  қаншама  ақылгөй 
даналар,  мейірімді  аналар,  отбасының 
құты  мен  берекесі  бола  білген  тұлғалар 
шықты  десеңші.  Қажырлы  еңбегімен 
мемлекет,  қоғам  қайраткері  ғана  емес,  ұлт 
мақтанышына,  адамзат  ардағына  айналған 
қаншама қыздарымыз бар.
«Менің  бабалары  батыр,  аналары  дана 
халқым  бар;  тағдырдың  талай  тауқыметін 
мойымай  көтерген,  өмірдің  небір  шырға-
лаң  кезеңдерінде  небір  аласапырандарды 

30
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
басынан  кешірген  төзімді  халқым  бар; 
өздерінің  халі  мүшкіл  бола  тұрып,  өзінікі 
түгіл  өзге  ұлттың  жетімін  тентіретпеген, 
қаншама ұлт пен ұлыстарға пана бола білген 
мәрт  халқым  бар;  жүрегі  жомарт,  ақылы 
дария, ниеті пәк, көңілі кіршіксіз қардай ақ 
ақкөңіл халқым бар; талай жаудың меселін 
қайтарып, ел іргесін сөгілтпей, жерін жауға 
бермей  аман  алып  қалған  батыр  халқым 
бар;  күмбірлете  күй  төгіп,  тамылжыта  ән 
салып, қырық күн, қырық түн жырланатын 
дастандарды дүниеге келтірген өнерпаз хал-
қым  бар;  қаншама  данышпан-даналарды, 
кемеңгер  ғалымдарды,  алып  батырларды, 
сұңғыла  шешендерді,  тура  билерді  дүниеге 
келтірген тәкаппар да паң халқым бар. 
Мені де осы халықтың дүниеге келтіріп, 
менің  де  Ұлы  даланың  қасиетті  топырағы-
на  кіндік  қанымның  тамғанына  ризамын. 
Айна лайын,  жомарт  халқымнан,  дана  хал-
қымнан,  көнтерілі  халқымнан!»  –  деп  елі 
үшін  егіліп,  Қазақстандай  мемлекетіміздің 
негізін  қалап,  еліміздің  көсегесін  көгертіп, 
әлемге танытып, көрегендікпен өрге сүйреп 
келе  жатқан  Көшбасшымыз  Нұрсұлтандай 
парасатты ұлды өмірге әкеліп, тәлім берген 
Әлжан  анамыздың  өмірі  де  қыздарымызға 
өнеге болмақ. 
Ұрпақ  тәрбиесіне  халықтық  педагогика 
мен  ұлттық  психология  көмектеседі. 
Ата-бабамыздың  салт-дәстүрін  қыз  бала 
тәрбиесіне пайдалана білсек. Тәрбие көрген 
қазақ  қыздары  ерлерін  пір  тұтып,  оның 
ата-анасы  мен  бауырларын  құрметтеп, 
үлкеннің  алдын  кесіп  өтпей  сыйлап, 
қадірлеген.  Бұндай  әйелдерді  ер  азаматтар 
да қатты құрмет тұтқан. Бір дуан елді ашса 
алақанында,  жұмса  жұдырығында  ұстаған 
атақты  аға  сұлтан  Құнанбайдың  өзі  анасы 
Зеренің алдын кесіп өтпеген. Бүгінгі студент 
жастарымызға  осы  асыл  Аналарымыздың 
өмірін – үлгі, ғұмырын – өнеге ету де біздің 
басты мақсатымыз.
Ұлы  пайғамбарымыз  да  «Жұмақ 
аналардың  аяғының  астында»,  «Үш  қыз 
тәрбиелеп  кемеліне  келтірген  ата-ана 
жұмаққа  барады»  –  деп,  ана  тәрбиесін 
бірінші орынға қойған.
Олай  болса,  «асыл  анадан,  ат  биеден 
туады»  дегендей,  нағыз  ана  тәрбиелеген 
ұрпақ  жаман  болмайды.  Ердің  намысын, 
елдің тыныштығын сондай ұлдар қорғайды. 
«Аталар  сөзі  –  ақылдың  көзі»  дей  келе, 
бұрынғы  өткен  ұлыларымыздың  әйел 
затының  тәрбиесіне  байланысты  айтылған 
түйінді  сөздеріне  бір  сәт  көңілімізді  бөле 
кетейікші:  «Әйелі  ақылдының  еркегі  ба-
қырлы болады, береке мен бірлікке шақырғы 
болады.  Алысты  жақын,  дәмсізді  дәмді 
етеді.  Берекесіз  әйел  байды  жарлы  етеді, 
жарлыны  сорлы  етеді.  Ұйқышыл  жалқау 
келеді, тілі ащы шайпау келеді. Ердің қосағы 
түзелмей  қосы  түзелмейді.  Әйелің  адал 
болса  –  алаңың  жоқ,  арам  болса  –  амалың 
жоқ. Қанаттандыратын да, қанат талдыратын 
да әйел. Жақсы әйел жаман еркекті ер етеді. 
Жаман әйел жақсы еркекті қор етеді. Ақылды 
жарың – байлығың барың. Жақсы қыз ибалы 
келін  болады.  Жақсы  келін  –  келін,  жаман 
келін – өлім болады. Еркек – түздің қыраны, 
әйел – үйдің шырағы. Әйел – үйдің туы, оттың 
қуаты» деген ата-бабамыздың мағыналы да 
маржандай  асыл  сөздерін  жұмыр  жүрегіне 
тізбектеп  тізіп,  ақылымен  елді  аузына 
қаратқан, тәрбиелі де үлгілі ұрпақ таратқан, 
аты  аңызға  айналған,  адалдығынан  әулие 
деген  атақ  байланған  ару  қыз,  опалы  жар, 
қасиетті аналар көп болған қазақта. Олар ерін 
«пірім»  деп  сыйлаған.  Ұрпағының  басына 
адамдық  қасиет  жинаған,  ұлын  ұлағатты, 
қызын  парасатты  қылып  тәрбиелеген.  Ата-
бабаның  осы  қастерлі  тәрбиелік  мұрасы 
қазіргі білім беру үрдісінде сәтімен ұласып, 
бүгінгі  бүлдіршіннің  ертеңгі  ибалы  да 
иманды  азамат,  Отанын  сүйген  патриот, 
ұстанымы  берік,  бәсекеге  қабілетті  маман 
болып шығуы жолында жалғасын табуда [2].
Соңғы  жылдардағы  біздің  қоғамдағы 
тың  серпілістер  білім  саласында  жаңа 
қажеттіліктерді тудырып отыр. Мұнда әрбір 
педогогикалық  ұжым  тәрбиелік  жүйені 
халқымыздың  мәдени-тарихи  дәстүрлеріне, 
жастар  табиғатына  сай  үлгілеуге  және 
жаңғыртуға  бет  алды.  Бұл  мақсатқа 

31
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
оқытушы  мен  студент  бірлесіп  жұмыс 
істегенде,  түсініспеушілік  пен  қарама-
қайшылық  болмаған  жағдайда  ғана  жетуге 
болады.  Оқытушылардың  белсенділігі, 
жо ғары  оқу  орындары  кафедраларының 
оқу,  ғылыми  және  тәрбие  үрдісінің  бірігіп 
қамтамасыз  етуі  болашақ  мамандардың 
бойында  кәсіби  және  интеллектуалды 
құзіреттілік  қалыптастырады.  Көп  ұлтты 
Тәуелсіз  Қазақстан  мемлекетінің  беріктігі, 
өркендеп  нығаюының  негізгі  жолдарының 
бірі  –  студенттер  санасында  тәрбие  рухын 
қалыптастыру.  Өз  Отанын  сүю,  Ата-Заңды 
білу, еркін өмір сүруін қамтамасыз ету - ел 
мақсаты.  Бұл  қасиеттерді  орындау  үшін 
әрбір студент оны бойына сіңіріп, дамытуы 
тиіс.
Отбасы – адам дүниге келгеннен бастап, 
оның өсіп жетілуі, қатарға қосылуына ықпал 
ететін  басты  факторлардың  бірі.  Мұнда 
ол  қоғамдық  өмірге  араласуға,  мәдениет-
ті  меңгеруге,  мінез-құлық  нормаларына, 
өзін  тұлға  ретінде  көрсетуге  және  әр  түрлі 
әлеуметтік  ролдерді  атқаруға  бейімделеді. 
«Ұяда  не  көрсең  –  ұшқанда  соны  ілесің» 
демекші, бала - отбасының айнасы. 
Бүгінгі  күні  отбасылық  құндылықтар 
аса  көп  өзгерістерге  ұшырап,  отбасы 
қарым-қатынасының  бұзылуы  жиі  орын 
алуда.  Қыздардың  өз  әйел  табиғатына  тән 
қасиеттерін  сақтап,  өз  орнын  таба  білуіне 
жәрдем беру, олармен ата-аналарынша сыр-
ласу,  әр  студенттің  жүрегіне  жол  таба  білу 
-  бүгінгі  оқытушының  басты  құзіреттілігін 
айқындайтын  фактор.  Қыз  балаларды  тәр-
биелеудің  маңызы  оларды  қоршаған  өмір, 
дүниетанымы  мен  құндылықтар  жүйесі  әр 
түрлі  адамдар  арасындағы  өзара  қатынас 
барысында, осы қатынастардың нормалары 
болып  табылады.  Қыз  балалардың  мінез-
құлқын тәрбиелеу бойынша жұмыс оларды 
нәзіктікке баулу, отбасындағы алатын орны, 
ептілік пен шеберлік қалыптастыру, сондай-
ақ қыздардың отбасылық қарым-қатынастар 
сияқты  ұғымдармен  таныстыруға  бағыт-
талған. 
 Қазіргі қарыштап дамыған заман талабына 
сай білім алушы жастардың ғылыми-зерт теу 
жұмыстарына  деген  қызығушылықтарын, 
кә сіби қызмет нәтижесіне қатысты азамат тық 
жауапкершілігін,  кәсіби  этика  нормаларын 
шыңдау да басты назарда. Әрбір студентке оқу 
еңбегінің  дағдыларын  меңгеруге,  олардың 
психологиялық  проблемаларын  шешуге
жоғары  оқу  орны  өмірінің  дәстүрлері-
мен  және  нормаларымен  таныстыруға 
көмектесетін эдвайзерлер қызметінің маңы-
зы  зор.  Сонымен  қатар,  студенттердің  тәр-
биесі  үшін  кәсіби  мамандардың  қатысуы 
маңызды. Университеттегі кітапхана, спорт-
залы,  мұражай,  әрбір  бағытта  құрылған 
үйірмелердің,  әлеуметтік  бағамы  жоғары 
жобаларға қатысуынсыз университеттің да-
муы мен өсуін елестету мүмкін емес. 
Ұжымдық бірлестік, ортақ кәсіп, шынайы 
достық,  осының  барлығы  студент  өмірінің 
бір  ғана  сәтін  суреттейді.  Университетте 
ұйымдастырылатын  іс-шараларда  сту дент-
тердің  жоғары  белсенділік  танытуы  және 
олардың  өзін-өзі  басқаруы  –  әрбір  жоғары 
оқу  орындарындағы  тәрбие  жүйесінің 
бөлінбейтін бөлшегі болып саналады. Жас-
тардың студенттік кезеңде өзін-өзі басқаруға 
қатысуы олардың бойында дербес, белсенді, 
жауапкершілік,  бастамашыл  сынды  қас-
иеттерді қалыптастыруға көмектеседі. Өзін-
өзі  басқару  –  студент  үшін  бос  уақытты 
тиімді  және  үнемді  пайдалану,  кәсіби  өсу 
жолын арттыру әдісі, олардың құқығын және 
мүддесін  қорғаудағы  ғылыми  және  басқа 
да  бастамаларын  қолдау  мен  дамытудағы 
көмекші  ұйым.  Біздегі  Студенттік  кеңес 
–  жатақханадағы  студенттердің  өзін-өзі 
басқару  жүйесі  ретінде  көп  шараларды 
ұйымдастырып, белсенді жұмыс жасауда.
Осы  орайда  университет  жастарының 
қызу  бастамасымен  құрылып,  бүгінде 
жастар  тәрбиесі  бағытында  орасан  зор 
қызмет  атқарып  отырған  «Қыз  Жібек» 
жастар клубын айрықша атап өткен орынды. 
Клубтың  жоғарыда  айтып  өткен  ұлттық 
тәрбие,  гендерлік  саясат  және  білім  мен 
тәрбиенің  егіз  дамып,  өркендеуіне  қосқан 
үлесі айтарлықтай.

32
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
 
Қол жетпес шыңыраудағы су болғанша, пайдасы көпке тиетін жайдақ су болған жақсы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет