Бipiншi эмпириялық
Eкінші теориялық
– қажетті оқулықтарды іздеу
– теориялық ғылыми негіздерін саралау
– қажетті құжаттарды үнемі оқу – тарихи-генетикалық тамырын ашу
– ұжымды бақылау
– пішіндеу
– сауал, амалдар құру
– ойлау әрекетін дамыту
– ауызша сөз, сұхбат ұйымдастыру
– алдын-ала електен өткізу
– тест өткізу
– салыстыру, жіктеу
– озықтық үлгідегі тәжірибелерді
– абстракциялау
жинақтау
– жүйелеу
– ұқсас үлгісін табу
– талдау
– жинақтау
– интеграциялау
– матрицалау
Мұның барлығы студенттердің жеке
физио-психологиялық, биологиялық ерек-
шеліктері, олардың қабылдау қабілет тері
ескеріліп, мүмкіндіктеріне сай жұмыстардың
сұрыпталуымен жүзеге асуы бақылаушылар
назарында болады.
Талдау-жинақтау, жалқылау-жалпылау,
ізденіс, мәселені зерттеу тәрізді әдіс-
термен жоғары оқу орнының жалпы
пәндер салаларына дәріс бepiп жүрген
оқытушылардың оқыту барысындағы ic-
әрекеттерінің сипаты рет-ретімен баян-
далады. Жоғары оқу орнының оқу ісіндегі
қол жеткен жақсы жетістіктерді одан әpi
дамыту үшін және кемшіліктерді жою
үшін жоғары оқу орнының ғылыми алқасы
мынандай өзекті мәселені шешуді ұйғарды:
Оқытудың ұжымды технологияларын
пайдалану – студенттің тұлғалық болмысын
дамыту құралы. Ал осы даму кеңістігінің
саралап, даралап оқыту жүйесі аталған үш
бағыттағы әдіснамалық ғылыми негіздің
құрылымынан тұрады. Сол сүйенер
материал ды мазмұн ретінде салып, ең басты
деген маңызды ойларды жеке даралап,
саралап алу деген сөз. Бұл әpi оқыту, әpi
ғылыми тұжырым.
Басқару жүйесінің баяндалған мазмұн-
құрылымы дұрыс ұйымдастырылса, төмен-
дегідей жоғары оқу орнының түлек терінің
білім меңгеру барысындағы Тұлғалық
Пішіні дамытылмақ:
– табиғи қабілеті мен қажеттілігіне орай
әлеуметтік ыңғай, икем, іскерлік, дағды,
біліктіліктің танымдық (когнитив) даму
заңдылығына сәйкес келу;
– республикалық, әлемдік біліктілік пен
ізгіліктің тәжірибесіне (стандарт) өзінің
бойындағы өнepi мен кәсіптік ыңғайын
табиғи қуатына сәйкес үздіксіз, үзіліссіз
дамытуы үшін қатыс (коммуникация)
құралдарынан керегін саралап, сұрыптап
алу машықтарын ширату;
– кәсіптік техникалы-эстетикалық маз-
мұн дағы ғылым, білім салаларынан өзінің
ыңғайына сәйкес болашақ кәсібінің мәнін
айқындап, оны меңгерудің әдіснамалық
негіздерін тұжырымдау;
– алған білімдерін тәжрибеде қолдана
алу іскерліктерін дамыту мақсатында өз-
өздерінің деңгейліктерін (иерархиясын)
тексерудің амал-тәсілдері мен техноло-
гиялық қырларын игеруге мүмкіндіктер
туғызу (қисық құрылған есептер мен
жаттығулар, тест, сөзжұмбақ т.б.);
– адамның iшкi сырын дамытуға түрткі
болатын табиғаттың құпия заңдылық-
тарының iшкi жүйесін айқындайтын кейбір
құбы лыстары жайлы өзінше топшылаулар
мен тұжырымдар құрастыру;
– субъект, субкатегория тәрізді мис-
тикалық түйіндердің ғылыммен ұштастығын
түсіне тін қабілеттілікті шыңдау;
– ғылым салаларындағы бip нысанаға әр
түрлі берілген тұжырымдамасын (концеп-
циясын) салыстырып өзінше қорытынды
шығара алатын шығармашылық ғылыми
машықтарды жаттықтыру;
– эстетика бағытындағы пәндердің
сту дент тер бойындағы табиғи өнеріне
сәйкес келіп, одан әpi өз-өздерінің дамыту
әрекеттеріне бағындыру заңдылығын жүзеге
асыру;
– жоғары оқу орны қабырғасында сту-
денттердің ұжымдық ойлау әрекетін ұйым-
дастырып, әpбip жұмыстың нәтижесіне
жетер желіні болжауға бағдар жасау.
Нарықтық қоғам талаптарына сай бip
нәрсені сақтау, жаңаның ұтымдысын алу
сияқты түciнік әр студент пен оқытушының
заңды бағыты. Ұлттық тәрбие бүгінгі таңда
студенттің танымдық, сезімдік қабілеттерін
дамытарлық деңгейде болуы керек. Ұлттық
тәрбиеде студентке төмендегідей соқыр
сезімдер кездессе, тәрбие жоспары ол жат
мінездерді жоюға бағытталып құрылады.
Соқыр сезімдер мыналар: сарандық;
бәсекелестік; ашуқойлық; озбырлық; еліктеу;
мақтансүйгіштік; екі жүзділік; меншіктеу;
жәбірлеу; опасыздық. Аталған соқыр
сезімдер студенттерде аз кездессе, онда даму
өpiciнe үндестік бар деп есептеліп, аздаған
жат мінездерін дұрыстыққа бағыттап,
оны ізгілікті арнаға салу үшін жеке бас
ерекшеліктері ескеріліп, жұмыстың түрлері
жоспарланады.
Екінші – студенттердің ұлттық тәрбиесі.
Бұл топтың студенттеріне субъективизм,
өзінше оқшаулану әрекеттepi басым болады.
Толқулық (переходный) – жеке бас
ерекшеліктеріне сай әрекет. Аталған
студенттердің төмендегідей соқыр сезімдер
кездесуі мүмкін:
- меншікті сезім;
- іштарлық;
- көнгіштік;
- күндестік;
- таласу;
- көпшілік;
- жәбірлеу;
- төбелесқойлық;
- тентектік;
- таңсыққойлық;
- фанатизм.
Жіктелген соқыр сезімдер студенттердің
бойына сіңісіп кетпес үшін сөз құдіретін,
бейне-теле-аудио,
баспасөз
сияқты
қатыс
(коммуникация)
құралдарын
тәрбиешілеріміз аналитикалық қағидаға (не?
неліктен? қалай?) сүйеніп, тәрбиені ізгілікті
қасиеттерге бұруға барынша мүмкіндіктерін
пайдалану үшін басқару әкімшілігі қозғаушы
күш болып келеді.
Ізгілік
жолын
студент
санасына
жеткізу мақсатында өткен тарихымыз бен
мәдениетіміздің ең құнды деген жерлерін
тәрбие жұмыстарына мұрындық ету
көзделеді.
Адам баласының бар мүмкіндігі - кіші
құдіреттілікке жете алуы.
Тіпті сонау Күлтегін ескерткіші мен
XI ғасырда өмip сүрген Қараханиттер
мемлекетін басқарган тұста өмip сүрген
85
84
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
бабамыз,
әлемдік
данышпан
Жүсіп
Баласағұнның «Құтты білігін» және А. Құ-
нан байұлының өлеңдері мен қара сөздерін
тәрбиелеудің тipeгi (субстанциясы) ретінде
пайдаланамыз.
Студенттеріміздің жүрегіне ұялатар
ізгілік сезімін түсінерлік көздерді бәйттер-
ден сұрыптап алып, тәрбие жұмыстарында
ұтымды қолдану назарда болады. Ол
тұжырымдар төмендегідей:
Білімсіздің тілін тиған жөн болар,
Білімдінің сөзін жиған жөн болар,
Білімдінің нұрлы сөзі сарқылмас,
Бастауы – кең бұлақ көзі тартылмас.
Қара бастың қарақшысы – қызыл тіл,
Қанша басты жұтты, үзіп ұзын тіл!
Басты ойласаң, тыйып ұста тіліңді,
Басың жұтар тізгінсіз тіл түбінде.
Мұндай меже-талап – студенттердің тілге
деген көзқарасын дұрыстыққа ыңғайлап
қалыптастыруына түрткі.
«Құдатғу білік» 1069-1070 жылдары
18 айдың ішінде жазылған. Авторы:
Жетісу өңірінің Шу өзенінің бойындағы
тарихқа ықылым заманнан бері белгілі ірі
шаһирлардың бірі – Жүсіп Баласағұн. Жүсіп
қоғамдық-әлеуметтік мәні терең, халықтың
моральдық-этикалық бағдарламасы іспетті
еңбегін 54 жасында (Түркия ғалымы Рашид
Рахмати Араттың жобалауы бойынша)
жазған. Ежелгі Баласағұнда бастап, Қашқар-
да аяқтап, Қараханидтер мемлекетінің сол
кездегі әміршісі Бұғра ханға ел басқару, ал
арасындағы ізгілікті қарым-қатынас құру
жайлы данышпандық ой-түйіндерін тарту
еткен. Бізге «Құтты біліктің үш қолжазбасы
жеткен. Бірі – қазір Венада сақтаулы тұр ған
Вена нұсқасы. Үш Нұсқасын таба келе С.Е.
Малов Каир, Наманған нұсқаларының өзара
жақындығын айтқан.
Кітап 4 ұғымнан құрылған: бірі - әділ
(әділет-қоғамдық-әлеуметтік заң); екіншісі –
дәулет (бақыт); үшіншісі – ақыл (ой, парасат,
пайым, парық, бағам); төртінші – қанағат.
Бұл кітаптың құндылығы адамды екіге
бөліп қарау:
1. Танымы;
2. Сезімі;
3. Тәні;
4. Жаны.
Бүгінгі нарықтық қоғамның әлеуметтік
жағдайы бұрынғы коммунистік, атеистік
көзқарасқа жат дүниетанымды, діннің,
мистиканың адам өміріне лайықты ғылыми
негізіне сүйене отырып тәрбиелеуге
ұмтылдырады. Олай болса, аталған баба
өсиетнамасының ішінен таңдарымыз мына
жолдар:
Аллаға: Іш пен тысты бірдей бөлген адам
асыл.
Бұл мәтіннен төмендегідей технологиялық
карталар студенттерді тұлғалық қабілеттерге
жетелейді:
Тілесең сен есендікте жүруді,
Жаман сөзге қимылдатпа тіліңді.
Кісілерге мирас ата сөзі ғой,
Ата сөзі ұқсаң – құттың кзі ғой. (67 б.)
Кісі міні ақылменен күзелер,
Халық міні білімменен түзелер.
Бұл екеуменен қыла алмасаң жұмысты,
Білімді қой, ал қолыңа қылышты!
Ақылды бек-басшысы елдің шырағы,
Қылыш жұмсау – білімсіздің қылығы.
(70 б.)
Ізгілік – қылықтың сипаты.
Жамандық – от, от күйдіріп өтеді,
Жолын бөгер күш жоқ, құл қып кетеді.
(72 б.)
Ақылдыға қадір құрмет лайықты,
Ақымақ жан керең, сөзбес айыпты!
Пайдасы көп, аз ақылды аз деме,
Қадыры көп, аз білімді аз деме!
Бұл мәтіннен біздің студенттедің диаг-
ностикалауға септігін тигізер мына бір
жолдарды тәрбиешілеріміз жоғары оқу
орында әр студент санасына жеткізуді мақсат
етеді:
Ерге керек төзімділік күш-қайрат,
Тұру керек күн мен айдай нұр жайнап.
Жомарттық һәм салмақтылық қажетті,
Білімділік, ақылдылық қажетті.
Барлық іске зерек болса, парықтап,
Ала білсе, өз керегін анықтап.
Сонда толық болар ісің, пішінің.
Қызбалық пен ашу жауың қордалы,
Бұл екеуі тұтқан анық сорлары.
Қызбалық-сұм, ақыл-естен тандырар,
Жайсаң ерді ашу қапы қалдырар.
Біраз нәрсе кісінің қас-дұшпаны,
Білсе оларды өзін қинап қысқаны.
Бұның бірі – тілдің жалған айқаны,
Бұдан басқа – айтқан сөзден қайтқаны.
Үшіншісі – шарапқа аңсары ауғаны,
Шексіз – текке етер өмір қалғаны.
Тағы бірі жүгенсіз іс-қылығын,
Сүймес ешкім, алған жанды шырығын.
Енді бірі – зымияндық, бықсыған...
Бұлар жетсе, бір-бірімен қосылып,
Одан құт, бақ безер аулақ жосылып.
Ақыл – қолдар, ал білімнен құт туар,
Бұл жалғанның құлқын саған ұқтырар.
Ерлік, даңқ жарасар нағыз ерге,
Зұлымдық пен іштарлық намыс елге.
Ерлік, даңқ туады кісілікпен,
Ер қадірі – берсе, егер екеуін тең!
Рахатқа машақат жүрер тұтасып,
Сүйініш-күйініш тұрар жұптасып.
Масаттансаң бәле келіп табады,
Қуаныштың ізін қайғы жабады.
Бек қанша өссе, киер бөркі зораяр,
Дәреже өссе, уайым да аумақты,
Үлкен бастың бөркі сонша салмақты.
Парықсызды өз қолымен жазалап,
Ессіздерді қуды елінен қаралап.
Елі жақын – сақ қырағы адамның.
Бейғам кісі, көр, осалдық қылады.
Жау келсе, осыларды қырады.
Енжар болсаң, ұйқы басар, нас басар,
Ұйқы басса, басындағы бақ қашар.
Берілген бәйіт үзіндісін әр студенттің
тұлғалық болмысын қалыптастыруға пай-
даланамыз.
Ізгілікті қасиеттерді меңгерудің техно-
логиясы төмендегідей:
1. Түзу заң;
2. Түзу құлық;
3. Тілі шырын;
4. Кішілік;
5. Істің сәтін тосу;
6. Терең ой;
7. Терең сөз;
Дәулеттің қасиеті:
1. Жаңарып, түлейді (өзгеріп отырады);
2. Ескінің түбі азап;
3. Туған нірсе құриды;
4. Өтер-кетер, тіршілікте бір еспе жел
(дүниенің парқы);
5. Баянды болғызу үнемі білім жиюға
бағынышты.
Дәулеттің баяндылық нышаны:
1. Іздеген жан жібек мінезді (Нұрлы жү-
рек);
2. Көңілі, құлқы таза, саф;
3. Тілі майда, шырын тамған;
ақыл
Көңіл берді, әрі тілін тербетті.
білім
Ұят берді, берді құлық, келбетті.
Адам өнер
ес
ақыл
Надандарды дерт пен бәле үйірер.
Ұлылық
білім
Емдесе, ерте сөніп, күйінер. (64 б.)
87
86
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
4. Жігерлі;
5. Мекерлікті білмейді;
6. Жауыз істің маңынан жүрмейді;
7. Құрмет көрсеткіш;
8. Кішіпейіл;
9. Шарапқа аңсары аумайды;
10. Несібесін шашпайды;
11. Қол мен тілін бос ойыннан тиып
ұстайды;
12. Көрінгенге еріп, лақпайды;
Әділ заңның сипаты:
1. Сыйлайды;
2. Ішін ашпайды;
3. Әділ заңын сайлайды.
Әділдің 3 қыры:
1. Өзі әділ;
2. Үкімі де әділ;
3. Сот үкімі де әділ.
Ізгіліктің сипаты:
1. Халық үшін құрақ ұшу;
2. Ізгі жүрек ізгілігін сатпайды;
3. Жомарт жандар құнын тілеп жатпайды;
4. Қайырымды жан қайырым етпес
есеппен.
Ізгіліктің мазмұны:
1. Анадан ізгі туғандар;
Ізгілік-оң; Ессіздік-сол; Жүгің-ар.
1. Туралық, сенім;
2. Көрсеқорлық, ұятсыздық.
Мехнат, жапа, күйініш көз жасы –
жамандықтың жолдасы.
Рахат, Даңқ, Қуаныш, һәм Салтанат – ізгі
ниет еншілейтін мархаббат.
Қызмет қылма, қалтыраған сараңға,
Қапаланып, қор боласың аранда.
Мұнымен бірге студенттерді жан азығы
мен тән азығы жайлы түйсіктері оянуы
үшін оған Баласағұн бабамыздың берген
анықтамасын тірек ұғым ретінде тәжірибеде
пайдаланамыз:
Сауал берсе – шеш тіліңді жасырма!
Сұрамаса – ділмарсыма, тасыма!
Ақылды адам қарын бақпас, ой бағар,
Жан семіртер, ой семіртер, ойланар.
Тән семіртер – нәр ауыздан сіңеді,
Жан семіртер – сөз құлақтан кіреді.
Жүйелі сөз – ұлылық, ессіз сөз – жер
түбіне жіберер.
Көп шыңдай біл, сөздеріңді тыңдай біл,
Ізгі ойларыңды әз жүрекке жалғай біл.
Қадірлісі – тіліне ұят сіңгендер,
Жүрек сөзін жүрегімен білгендер.
Өсиетнама:
-
шулама;
-
дүние үшін отқа түспе;
-
кісі затын алма;
-
қанағат, тәрбиеші бол;
-
жиған мүлікті (әке-шешең) әрі жалға;
-
жақсылық ет;
-
екі жүздіге сенбе;
-
өсекшіні жолатпа;
-
сыннан өткен кісімен жолдас, дос
бол;
-
алуға асықпа;
-
сырыңды шашпа;
-
көңіліңді жасытпа;
-
көп ішіп-жеме (былапыт болма);
-
кісілерді күндеме;
-
қызғаншықтық адам ойындағы құты
мен бағын қуар;
-
бөтенді үйге үйір қылма (ниеті түзу
еместі);
-
құлқынды оңда (катарсис – очищение
души);
-
ұяты жоқтан аулақ жүр;
-
сабырлы бол;
-
тіліңді тый;
-
қиянатшыл болма;
-
қара ниетке ерме;
-
тексіз сөзді парасаттама.
Мұнымен бірге тұжырымдамамызды
халық тық өреде құрғандықтан, болашақта
студенттердің қандай этикалық-эсте ти-
калық деңгейде болуы жайлы да баба
өсиетнамасынан бағдар аламыз:
Ізгілікпен кәрі-жастың күйін біл,
Сөз, ісіңмен ел-жұртыңды сүйіндір.
Қай істе де қацсарлықтан айныма
Елге түзу заң түз, ұқсын бір-бірін...
Тый нәпсіңді, сорың содан түбінде.
Сұғанаққа сырынды ашып тарапта!
Опасызды есігіңнен қаратпа!
Ұл әкеңнің арқасында жаралар
Ана қарнын тек бірнеше ай паналар.
Ақылға сен, сан пәледен қағады.
Ақылдың аты мәңгі-бақи қалады.
Өзге үшін құрбан болма тектен-тек,
Текке күйме, бағанды біл кеткенше!
Кісілерге тіл тигізбе, жерлеме,
Зәрлі сөз-өрт, өртке түссін ел неге?!
Тек қызыққа құштарланба, шаттанба,
Тегіс ұшар, қуаныш та, мақтан да!
Қос жиһанға билік еткің келсе егер,
Бес нәрседен қашық жүрсең, ел сенер.
1. Зорлық қылма, аралас па арамға,
3. Қанын төкпе, кек сақтама адамға,
4. Шарап ішпе, азғындыққа салынба
Нәсіп көріп алма қарғыс, назаны,
Дананың 200 астам қара сөздері бар екеніне
көз жеткізу арқылы Абай Құнанбайұлының
әлемдік данышпан деп аталу себебін жан-
жақты ашып отыру көзделеді.
Мұнда адам факторын бағалаудың жан
мен тән болып қабылдануына ерекше мән
беріледі. Оған Абай Құнанбайұлының өз
өлеңін жетекші идея ретінде қолданамыз:
Ақыл мен Жан –мен өзім, Тән – менікі,
Менікі өлсе өлер, өлсін оған бекі.
Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме,
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан – шын асыл, тастай көрме.
Ақынның басқа да өмір бар екенін
мойындарлық данышпан сөзі – студенттердің
тек материалистік шеңберде қалып қой-
мауына түрткі.
Ұлттық тәрбие жұмыстары арқылы мұндай
берілген бағдар физика, химия, математика,
биология және т.б. пәндерінің мазмұн-
құрылымын бүгінгі талап-мүддесінде көр-
гісі келетіні өз-өзінен түсінікті болмақ.
Олай болса, тәрбие студенттердің білім
«қоймасын» «қопара» отырып, бекітерлік,
жинақтарлық, қорытарлық роль атқаратыны
сөзсіз. Екі сала бір арнаға құйылып,
түйістіріледі (апперсепсе).
Әсіресе, табиғатта тіршілік тынысын,
әлем ді билеп тұрған микрокосмос барлығын
түсінген Абай Құнанбайұлының мына бір
өлең жолы тәрбиеміздің басты нысанасы
(объект):
Алла деген сөз жеңіл,
Ақылға сыймас ол алла...
Ақылдың, ой-парасаттың падишасы,
дана Абай болыс мырзалар мен надан
дүмше молдалардың бейнесін ең жыртқыш
аңға салыстырады, балайды. Мұндайларға
«құйрығы-шаян, беті-адам» деп ат қойды.
Мұндай бағаны өлеңдерінен де кездестіреміз.
Кітапты молда теріс оқыр,
Дағарадай болып сәлдесі,
Мал құмар, көңілі бек соқыр,
Бүркіттен кем бе жем жесі.
Дәл осы пікір арқылы студенттердің тән
азығын қуаламай, тек Кісілік сатысына
көтеріліп қоймай, кіші Құдірет Медиумына
көтеріле алу сырларын ұлттық әрбие жұ-
мыс тары арқылы бойларына сіңіру. Абай-
дың қара сөздері мен өлеңдерін жүйелеп,
тұтас қабылдаудың маңызы тәрбие нәрін
дұрыс таба білуге бағыттаушылығы болса
керек. Студенттердің Ізгілік жолын таңдауы
үшін тек нұрлы сипаттайтын үзінділерді
пайдалану дұрыс болмас... Сол себепті ақ пен
қараны, нұр мол сұрды, ізгілік пен зұлым-
дықты ажыратарлық әрекеттердің жұптық
қырларын қатарынан алуды жөн көрдік.
Мәселен Абай Құнанбайұлының өлеңдерін
тұтастықта қабылдаудың төмендегідей
жүйе сі назарда болады:
Ақсақалдың әкенің, білімдінің сөзінен
сыр даң тартып, тез жиренбек.
Наданның сүйенгені көп пен дүрмек.
Мақтан үшін қацратсыз болыс болмақ,
Иттей қор боп, өзіне сөз келтірмек.
Отарлау саясаты еліміздің есінен өшпес
таңба салып кеткенін өзіміздің қарадүрсін
сөзімізден түсіргеннен гөрі, Абай тілімен
жеткізу де тұжырымдамамыздың негізгі
мақ саты:
/Қартайдық қайғы ойладық/,
Орыс айтты: Өзіңе ерік берем деп,
Кімді сүйіп сайласаң, бек көрем деп...
Жақсы менен жаманды айырмадың...
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді...
Бас-басыңа би болған өңкей қиқым.
Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?
89
88
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.
Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ,
Сыпырылды байлығың, баққан жылқың...
Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шыр-
қын.
Жауға келер қорқақтау,
Еркін жерде ызақор,
Тамырың келер тарқылдап...
Сасық таңдау келеді,
Орыс сияз қылдырса,
Болыс елді қармайды.
Қу старшын, аш билер.
Әз жүрегін жалғайды.
Орыссыз жерде топ болса,
Шақырған кісі болмайды.
Бас қосылса арысқа,
Кім шабады намысқа.
Бұл технологиялық карта арқылы жоғары
оқу орнының студенттерін тұлғалық дең-
гейге көтеру үшін халықтың пайдасын
ойларлық дәрежеге жеткізу әрекеті іске асу
керек. Олай болса, өмір тарихымыздың
ащы сабағын ұмытпайтындай және оның
қайталанбайтындай жағдайын қарастыратын
болашақ сана «көзі» дамыған намыскерлерді
тәрбиелеу – басты міндет. Мұны Абай
Құнанбайұлынан артық ешкім айта алмаған.
Мұнымен бірге Абай Құнанбайұлының
38-қара сөзін даму жүйесін тәрбиелейтін
тірек ретінде барлық жоғары оқу орны
студенттерінің назарында болуына мүмкін-
дік туғызамыз.
Әр студенттің таным деңгейін үнемі
өсі ріп отыруы үшін 38-ші қара сөзінде 8
биорефлекторлық иірімдер берілген:
1) Хаят – тіршілікке адамның өз-өзін
ынталандыруы;
2) Ғылым - әркімнің өз қабілет, қажетіне
қарай ғылымды жиып, сақтауы, қорғауы;
3) Құдірет – басқарушы микрокосмосқа
бас июшілік;
4) Басар – тануға, түсінуге, көруге
ниеттену;
5) Сәмиғ – естуге бағыттау;
6) Ирада – арманның жүзеге асуын
тілеу, қалай; (Аллаға жалыну)
7) Кәлам – сөйлеу шеберлігін үнемі
шың дау;
8) Тікин – болдыруға әрекеттену
Бұлардың бәрі имандылыққа бағынады.
Ол үшін хауас (жақсы сезім) керек. Тән
саулығы – жан саулығының жемісі.
Дамыған адам деңгейіне жетудің амал-
дарын А.Құнанбайбайұлы 38-қара сөзінде
300-ден астам қасиеттерді жинақтау әдісімен
берген. Біздер студенттердің дамушылық
бағытын тәрбиелеу мақсатында 300-ден
астам асыл қасиеттерді 14-ке шақтадық:
-
батыл (қиянат) – дамымаған адамды
жанға жолатпау;
-
рахман (бір-бірімізге пайда келтіру);
-
рахым (бір-бірімізге нұр шашу,
мейірім төгу);
-
ғафур (кемшілігімізді кешіру);
-
уалид (сүю, істі сүю, табиғатты сүю,
Алланы сүю);
-
ғафиз (қорғаушы);
-
сәттар (айыпты жабушы);
-
разақ (қызық беруші);
-
нафиг (пайда беруші);
-
уәкіл (өзіңді-өзің басқару);
-
ләтиф (кірсіз таза, мөлдір);
-
бинаән (негіз, 7 атаны білу, тегіңді);
-
машхар (Алланың алдында күнәңді
кешіру).
Жалпы бұл 38-қара сөз сүйіспеншілік
сезімін әр адам Аллаға ерекше бағыттап,
қалғанын екінші орында ұста деген
қорытындымен аяқталады.
Жоғары оқу орны студенттерінің ғылыми
деңгейі дамушылыққа бағытталуы керек.
Бұл бағытта А.Құнанбайұлының ғылым
меңгерудің сырларын ашатын кеңестерін
нысанаға аламыз:
-
ғылымды қажеттікке негіздеу;
-
ақиқат пен мақсатқа негіздеу;
-
ыждаһаттану;
-
бойдағы салғырттықты қуу;
-
алған ғылымды сақтау, жию, оны
қорғау.
Ең соңында ақын күрсінген сәттердің
көріністері біздің бүгінгі өмірімізде
кездесетініне көңіл аудару:
-
Елді «Пысық» билейтұғыны несі?
-
Достың дұшпан болтұғыны несі?
-
Қариялардың бір-бірімен келіспейтіні
несі?
-
Тоқал қатын еркелейтіні несі?
-
Нәпсісін тоқтатқан адамның жаман,
нәпсісі билеген кісінің мықты аталатыны
несі?
-
Өтірік сөзге шаруаларын тастап
сүттей ұйыйтыны несі?
Қорыта келгенде, жоғары оқу орнының
тәрбие жайлы тұжырымдамасы, тек екі
ғұла маның еңбегімен шектеліп қоймайды.
Ж.Баласағұн мен А.Құнанбайұлының еңбек-
терін тәрбие жұмысының тірегі еткенімізбен,
осы ағымды тереңдететін басқа да қосымша
материалдарды пайдаланамыз. Бірақ, ең
негіз гі діңгек – аталған екі данышпанның
ой-пікірлері жұмысымыздың өзегі.
Жоғары оқу орны студенттерінің тәр-
биелілігі жайлы пішіні төмендегі талап тарға
сәйкес келуі керек:
Қыз балалар:
-
Жүзі нұр жайнаған;
-
Тілінен бал тамған;
-
Сөзін есеппен сомдайтын;
-
Басқаны мүлтіксіз тыңдап, ой қоры-
татын;
-
Жамандықтың мағына жуымайтын;
-
Өз-өзіне сенім артатын;
-
Болашаққа үмітпен көз жүгіртетін;
-
Бүкіл әлемді билеушіге ерекше сүйіс-
пеншілікпен қарайтын;
-
Барлық материяны жоғары деп санап,
адамның бәрін де бауырым деп сүйе білетін;
-
Нәпсісін тізгіндей алатын;
-
Тән азығын жан азығына бағындыра-
тын;
-
Ерік-жігерін оңға бағыттайтын;
-
Ізгілік пен Зұлымдықты, жақсы мен
жаманды, ақ пен қараны ажырата алатын;
-
Алған тәрбиелерін өздерінің ішкі
мақсаттары мен қабілеттеріне жарататын;
-
Мейір шашатын, біреудің айыбын
жаба білетін;
-
Сыр шашпайтын;
-
Ісінің бәрі өзіне және өзгеге пайда
келтіретін;
-
Халқының тарихы мен мәдениетін
пайымдайтын;
-
Санатты ой-түйіндерді жинай білетін;
-
Өзінің бойындағы асыл қасиеттерді
дамыта алатын;
-
Өзінің бойындағы көлеңкелі кемсін
мінез-құлықтарын жеңетін;
-
Басқаның кемшілігін кешіретін;
-
Жанындағы адамдарға қорған бола-
тын;
-
Өзінің дүние танымын тұратын
аймағына, өлкесіне сәйкестендіретін;
-
Әлемдік мәдениеттің талап-мүд-
десіне ниеттендіретін.
Ұл балалардың пішіні:
-
Жеккөру – келіспеу әрекетін тізгін-
дейтін (ұстамды, сабырлы);
-
Ұрыс-жанжалға араласпайтын, мәр-
тебе сін жоғары сатыға бағыттайтын;
-
Бөтен адамды орынсыз жақындат-
пайтын;
-
Өзін-өзі танитын;
-
Қайратын, ақылын жүрекке бағын-
дыратын;
-
Өзі-өзіне есеп бере алатын;
-
Өзінің жақсы мінездерін оңға бағыт-
тайтын;
-
Өзінің қоғамдық, әлеуметтік рөлін
анық тайтын;
-
Өзін мақсатты іске талпындыратын;
-
Ақыл-ой-парасат-пайым-парық-
бағам секілді ойлау әрекетін үзіліссіз дамы-
татын;
-
Болашақта кім болатын дөп бол-
жайтын;
-
Өзгерістікті меңгеруі үшін тәрбие
өрісін қосымша ақпаратпен толықтыратын;
-
Өз-өзін субъект деп есептейтін;
-
Өзінің мәдени дәрежесін арттырып
отыратын;
-
Ұлттық намысын жібермейтін;
-
Басқа ұлттар мен ұлыстарды сыйлай
білетін, олардан өз керегін ала алатын;
-
Рухани байлығын халқының мүд-
десіне жұмсайтын;
-
Өздігінен қажеттілікті кейінгі кеңіс-
тікке ыңғайлайтын;
91
90
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИЕТ
-
Мақсаттылықты құдіретке бағындыра
алатын;
-
Табандылықты елін, отанын сүю
негізінде ұстанатын;
-
Еріктілікті ыңғайлы іске бағыттайтын;
-
Өздігінен іскерлік, оқшау пайдалы
істі ұйымдастыратын;
-
Философиялық ойлау дәрежесіне кө-
те ретін;
-
Өзінің кірісі мен шығынын есептеуі
халықтық деңгейге жеткізетін;
-
Басқа адамның, ұлттың, ұлыстың
ішкі ниетін, болмысын, құбылысын сыртқы
нышандары арқылы ұға білетін;
-
Нәпсісін сөндіре білетін;
-
Құмарлық тәртіп межесінен шығып
кетпейтін;
-
Өршіл жүрегін өмір сүйгіштігіне
бағамдайтын;
-
Табиғатты басқарушыға бас иетін;
-
Адамның бәрін үлкен жүрегімен
сүйе тін;
-
Елінің болашағын ойлайтын.
Қорыта келгенде тұжырымдаманы жаңа
заманауи мүддесіне сәйкес парадигмамен
құру әрбір тұлғаның біліми-ғылыми түсінігі
мен кәсіби құзыретінің деңгейліктері және
индикаторларына қарай бағамдалады.
Жеке бір ұлт тәрбиесі әлем философ-
тарының тұжырымдарымен түйіссе, ол
– үлкен бақыт. Ондай бақыттың иесі –
қазақ халқы. Бүкіләлемдік өмір сүрудің
ұстанымына айналған Қытай елінің
данышпаны Конфуцийдің: «ізгілік пен
жақсылық ақыл-парасатсыз зұлымдық
туғызады», - деген тұжырымының құрам
бөліктеріне ой жүгіртейік, қазақи тәрбиеге
сәйкесе ме екен?:
1) Әрбір күніңді ең соңғы күндей өткіз;
2) Біреулердің айтып отырғаны ақиқатқа
сыйымды болса да, олардың ғайбаттап
отырғандарына сен қосылма;
3) Өз-өзіңе ең сенімді де тұғырлы до-
сыңдай қара: күнделікті күйкі тіршіліктің
келеңсізінен өзіңді сақта;
4) Бүкіл әлемді өзіңе қарсы, жау деп
ойлама, оның сенде шаруасы жоқ;
5) Өзіңнің табысың мен жетістігіңді
барлық жұртқа жариялама, жау табасың;
6) Достарыңа да, жолдастарыңа да,
жауларыңа да өз мәселеңді шешеді деп
ойлама, тек Құдыретке және өзіңе сен;
7) Жұрттың жаман қылықтарын тізбе,
ол өзіңде одан да көп;
8) Барлық істің жауапкершілігін өзіңе
алма, артынан саған болысар ешкі жоқ;
9) Ақшаңды ұсақ-түйекке шашпа, ірі
дүниеге, құнды затқа төле;
10) Барлық адамнан жақсылықты үйрен.
Әр адам – саған ұстаз;
11) Ортаңды күлкі-әзілмен әрле, күлкі –
ең тиімді ем;
12) Балаларыңды жасытпа, оларға үлкен-
дердей қарым-қатынас құр;
13) Кіші-гірімге кейіме, өзіңе рахат сый-
ла;
14) Реніш-өкпе сақтама. Өкпе-кек – адам-
ға ауыр жүк;
15) Ішкі байыптылық, ұстамдылық адам-
ға бақыт әкеледі;
16) Ұдайы кешігіп жүретін адам өзін бас-
қалардан артық қояды;
17) Жақындарың саған масыл емес,
ол тектілікті зауалды, кармаңды түзетер
мүмкіндігің;
18) Сөзіңді түсінікті құр. Түсінікті сөз
пара сатқа жетелейді;
19) Табандылық пен шыдам, төзім сақ-
та, бұл қасиеттер сенің күш-қуатыңның
жойылуынан құтқарады;
20) Қарым-қатынаста қытай жібегіндей
мінез таныт, іс-әрекетте, қызметте қаталдық
көрсет;
21) Жұрттың осал жерін көзіне айтпа,
оны жұрт басқаша бағалайды;
22) Жұрттан сен қолдау іздеме, жұрт
сенен қолдау тапсын;
23) Балаға айғай салып ұрсудан бұрын
сен өзіңе айқайлап ұрыс;
24) Тәкапарлық пен өзімшілдік салда-
рынан пәлеге ұрынба;
25) Балаларыңды жеке меншік ретінде
ұстама, олардың жұмыс істеу қабілетін ар-
ұжданына бағындырып тәрбиеле;
26) Кеселді ауру кеселді мінезден пайда
болады;
27) Сенің ой-тұжырымың қайда, сен сон-
дасың. Өзіңнің қайғы-шерің мен мұңыңды
қайта-қайта жаңғыртпа, ол сенің ілгері
жылжыуыңа кедергі.
Қарап отырғанымыздай, аталған 27
пай далы кеңестің барлығы дерлік абыз-
дардың, жыраулардың, айтыс ақын-
дары ның, ақындардың, жазушылардың,
драматургтардың еңбектерінде айтыл ған
тұжырымдармен сәйкеседі, унификация-
ланады.
Олай болса, қазақи ұлт тәрбиесінің мәйе-
гі - әлем халықтарының философиялық
дүниетанымымен түйіседі, сондықтан біздер
бақыт, құт қонған халықпыз.
Достарыңызбен бөлісу: |