Бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет13/15
Дата09.03.2017
өлшемі2,57 Mb.
#8615
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  Уақыт  және  әдебиет  /Құраст.  Ы.Дүйсенбаев.  –  Алматы:  «Қазмемкөркемәдеббас», 

1962. – 428 б.

2.  Исмаилова Ф.Е. Феминистская имагология. Монография. Алматы, 2003.—348 с.)

3.  Майтанов  Б.  Әуезов  және  қазіргі  қазақ  романындағы  эпикалық  баяндау  үрдістері. 

М.О.Әуезов және қазіргі қазақ әдебиеті. – Алматы: 2009. – 336 б.

4.  Әуезов М. Көксерек повесі мен Бүркітші және басқа әңгімелері. Құрастырған О.Асқар. 

– Алматы: «Балауса» баспасы, 2006. – 512 б.



93

92

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

5.  Әшімбаев С. Проза парасаты және ізденіс //Жалын, 1971, №6.) 

6.  Уақатов Көркемдік ізденістер. – Алматы: Жазушы, 1991.– 208 б.

Резюме

В данной статье автор показывает колориты национального воспитания к молодежам 

в прозах великого писателя народа М.Ауезова. Цель данного статья разгадать философские 

смысли воспитание в прозах.

Summary

In this article the author shows colors of national education to youth in prose of the great 

writer of the people of M. Auyezov. Given article to solve the purpose philosophical understand 

education prose.

қабілетті  болып  үлгермеуі  алаңдатады. 

Ұлттық  идеологияның  мемлекеттік,  жал -

пы  ұлттық  деңгейде  көтерілмеуі,  эко-

номикалық,  ғылыми-технологиялық  бә-

се келестікте  қазақ  жастарының  үлес 

салмағының аздау болуы ертеңгі күнді алаң-

датып  отырғандығы  рас.  Қазіргі  кезде  ата-

бабамыздың  бойымызға  сіңірген  ұлттық 

тәрбиесіне  өз  деңгейінде  көңіл  бөлінбейді 

деп  айтуымызға  мүжбүр  еткен  де  осы 

жағдай  десек  қателеспегеніміз.  Оған  бір 

жағынан,  бүгінгі  таңдағы  ақпараттық-

коммуникациялық  технологиялардың  даму 

ықпалының  жастарға  әсерін  ескерсек, 

екінші  жағынан,  саяси  ықпалдың  жастар 

тәрбиесіне дұрыс ден қоя білмеуі тұрғысы-

нан  қарастыруға  болады.  Кеңес  үкіметі 

күйрегеннен  кейін  ұзақ  жылдар  енгізген 

тәрбие  негізін  құрту  мақсатында  шетелдік 

идеология  өз  миссиясын  жүргізуге  кірісті. 

Ал  енді,  өзінің  үрдісінен,  ата-дәстүрінен 

жеріп,  «демократия»  деп,  барды  дұрыс 

бағаламай,  ұл-қыздардың  өктем,  өрескел 

сөйлеуі,  ашық-шашық  киінуі,  келіссіз 

боянуы, ішімдікпен, шылыммен, есірткімен 

әуестенуі  –  демократияның  бізге  әкелген 

жағымсыз жақтары екені баршаға мәлім.

Ақпарат  ғасырының  дамуына  негіз  бо-

латын  азаматтық  қоғам  құру  барысында, 

дамыған  батыстық  мемлекеттердің  ең  бір-

іншіден,  ел  ішіндегі  саясатқа  араласары 

сөзсіз.  Даму  бағытын  жаңа  айқындап, 

стратегиялық  жжоспарларын  енді  ғана  іске 

асыра бастаған жас мемлекет – экономикасы 

қарқынды  дамыған  мемлекеттер  үшін,  өз 

саясатын  жүргізуге  қолайлы  аймақ  болып 

табылатыны  тарихта  жаңалық  емес.  Олар 

–  қызды  ардан,  ұлды  намыстан  айырып 

ұлтымызға  жат,  ұятты  істерге  итермелеп 

санасын  уландыруда.  Қазір  демократия 

деп,  теледидар,  ақпарат  құралдары  ар-

қылы  ұлттық  дәстүрімізді  бұзатын  қо-

лайсыз  хабарлар  көп  таралуда.  Еліміздің 

табиғатында жоқ бұл ақпарат ағынын тезге 

салу – демократия талабына қайшы деп ек-

пірін  ұғым  тарататындар  бар.  Демократия 

ойға  келгенді  істеу  емес,  ол  егеменді  елді 

дамытуға  бағытталуы  керек.  Оның  көмескі 

жағ дайларына тосқауыл қойған дұрыс болар 

еді.

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Қалыбаев Кенжебай Қалыбайұлы  

Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының директоры,

білім беру ісінің үздігі

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Отар ауылы

Ұлттық  тәрбие  мәселесі  қашанда  күн  тәр-

тібінен  түскен  емес.  Халқымыздың  дана  ұлы 

Абай  атамыздың  жастарға:  «...көрсем,  естісем, 

білсем  екен  деген  жан  құмарлығын»  [1.58] 

алға  жетелеп,  өскелең  оқушы  жастардың  тұлға 

ретінде  қалыптасуына,  бос  уақытын  салауатты 

өткізіп,  қосымша  білім  мен  тұлғалық  тәлім-

тәрбие,  үлгі-өнеге  алуына  барынша  жағдай 

жасалған.  Ұлт,  халық  ретінде  ерен  болмысы-

мен  ерекшеленетін  қазақ  халқы  қарттықты 

құрметтеп,  кішіге  құрметін,  ініге  ілтипатын 

аямайтын,  қайырымдылықты  қастерлеп,  ба-

лаға  мейірімін  төгіп,  үлкенге  ізетін,  рухани 

өміршеңдігін  сақтап  келе  жатқан  ел.  Ұлттық 

тәлім-тәрбиеміздің  де  қанымызға  сіңген  басты  

көрінісі  осы  екендігінде  дау  жоқ.  Олай  болса, 

бізді  алаңдатар  не  деген  сауал  туындауы  әбден 

мүмкін.  Болашақтың  елшісі  –  жастар,  ол  –  ұлт 

көшін алға сүйрер білімді де, саналы, салауатты 

болып қалыптасуы қажет. Өйткені, 2020 жылға 

қарай Қазақстан – білімді, саналы экономика мен 

жоғары білікті жұмысшы күші жоғары дәрежеде 

қалыптасқан  мемлекет  болуы  керек.  Ол  ең 

алдымен оқушыға білім берумен айқындалады. 

Сол  себепті,  баршамыз  білім  беру  ісін  дамыта 

отырып  гүлденген,  тұғыры  биік  Қазақстанды 

қалыптастыруға ат салысуымыз қажет.

Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  2009  жылғы 

халыққа  жолдауында:  «Дағдарыстар  өтеді,  ке-

теді.  Ал,  мелекет  тәуелсіздігі,  ұлт  мұраты, 

ұрпақ  болашағы  сияқты  құндылықтар  мәңгі 

қалады»  [2.3]  деп  атап  көрсеткеніндей,  жас-

өспірімдерді,  балаларды,  оқушыларды  жан-

жақты  дамыған,  бәсекеге  қабілетті  тұлға  етіп 

қалыптастыруда  балабақшадан  бастап,  мектеп, 

мектептен  тыс  қосымша  білім  беру  ұйымдары, 

жастар  мен  жасөспірімдердің  бұқаралық 

ақпарат  құралдарының,  отбасының  ролі  зор. 

Жанашыр  ұстаздардың  мақсаты  осындай  жағ-

дайларға негізделуі тиіс. Сол себепті де, сапалы 

білім  мен  саналы  дағды  алған  ұлтжанды,  мем-

лекетшіл, отансүйгіш тұлға етіп тәрбиелеу біз дің 

мақсатымыз.  Кезінде  басынан  талай  теперішті 

көріп  қалған  қазақ  халқы  енді  тыныштала 

бергенде  мүлт  кетсең  жұтып  қоятындай 

боп  тұрған  жаһандануға  кеп  кезікті.  Отар-

лаушылардың  саясатының  құрбаны  бо лып, 

ұлттық қаймағы бұзылып, салт-сана, әдет-ғұрып, 

ділінен ажырап бара жатқан жерінен Елбасы ның 

бастауының  арқасында  егемендікке  қол  жеттік. 

Өшпестей ізін салып кеткен езгінің салдарынан 

жастарымыздың  арасындағы  кейбірінің  қазақ 

тілін, салт-дәстүрін, тарихын білмеушілік, бізді 

жаһандық талапқа сай бәсекелестікте әлі 

толық 


Сондықтан,  жастарымыз  алды-артын 

бажайлап,  ақылмен  ойлап,  өзінің  ұлттық 

негізгі салтына сәйкес салмақтап, дұрысын 

бойына  дарытып,  байсалды,  байыпты 

болғаны жөн. Өйткені, көп ұлтты еліміздегі 

қазақтар үшін, демократияның маңызды өл-

шемі – ұлттық құндылықтар екені сөзсіз.

Олай  болса,  «батпандап  кірген  ауру 

мысқылдап  шығатын»  «өзгенің  қаңсығы, 

кейбіріне  таңсық»  болған  жаһандық  ел-

дердің  озық  мәдениеті  мен  технологиясын 

қабылдаудан  бұрын,  сапасыз  тауарлары 

мен темекі, арақ, есірткі т.б. әуестенуге жол 

берілмеуі тиіс. 

Балалардың сапасы өте нашар уытты ой-

ын шықтары,  түрлі  компьютерлік  ойындар, 

қаптаған  интернеттік  сайттар,  санасын 

улайтын түрлі кинолар мен ақпарат көздері 

жеделдеп кіріп те жатыр. Әрине, жаһандану 

өз  кезегінде  жақсы  болғанымен,  біздің 

ұлтымыздың  болашағы  –  жастарымыздың 

тәрбиесіне  кері  әсерін  тигізетін  жағын 

ескерсек,  оған  жаңаша  қарау,  озығын  жаң-

ғырту бүгінгі күннің басты қажеттілігі. 

Бүгiн бiз: «Бiлiм – жас ұрпақ тәрбиесiнiң 

негiзгi құралы» дегенiмiзбен, адам өмiрiндегi 

оның  алатын  орны  жаңаша  пайымдалып 

белгiленбесе,  оны  қаншалықты  жамап-

жас қап,  оқу  мерзiмiн  ұзартқанымен,  жаңа 

атаулармен атап, жаңа пәндер кiргiзiп, жаңа 

әдiстер қолданғанымызбен, бүгiнгi тiршiлiк 

әлемiндегi  бұл  бiлiм  беру  жүйесi,  дәл  бү-

гiнгiдей  жүйесiз,  бiр-бiрiмен  байланысы 

жоқ,  ыдыраңқы  күйiнде.  Себебi,  бүгiн, 

бiлiм,  Адам  игiлiгiне  қызмет  етуден  гөрi 

технологияны  өркендетiп,  техниканы  күш-

ейтуге ғана бағытталған. Біз тәрбиесіз адам-

нан  рухтандыратын  жаңалық  пен  өркендеу 

шықпайтынын  ескеруіміз  қажет.  Тіпті 

шық қан  күнде  де  оның  нәтижесі  дұрыс, 

яғни  адам  баласының  жан-дүниесінің  даму 

бағытына  пайдаланбауы  мүмкін.  Интернет 

пен  теледидардағы  анайы  материалдар, 

адам  ағзасына  зияны  көп  музыкалық 

әуендер,  тәрбиелік  мағынадан  жұрдай 

киносуреттердің  жастардың  тәрбиесіне 

кері  әсерін  тигізіп  жатқаны  сөзсіз.  Осын-

дай  жайттарға  тосқауыл  қоятын,  тексеріс 

нәтижесінде  ғана  көруге  рұқсат  беретін 


95

94

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

арнайы ұйымның болмауы болашағымызды 

күйретіп  бара  жатқаны  анық.  Сол  себепті, 

Қазақстанның барлық аймақтарында тікелей 

оқушы  балалардың  қосымша  білім  мен 

тәрбиесімен  айналысатын  ұйымдар  көптеп 

ашылуы тиіс.

Адам  тәрбиені,  дүниедегі  бар  жақсы 

болсын, жаман қасиеттерді болсын дүниеге 

келген  отбасы  –  алтын  бесігінен,  білім 

алған  алтын  ұя  –  мектебінен,  өмір  сүріп 

отырған  ортасынан  алатыны  белгілі. 

Өйткені  адам  қоғамнан,  қоғам  адамнан 

тыс  өмір  сүре  алмайды.  Яғни,  тәрбие  – 

қоғамдық  маңызды  үрдіс,  қоғам  мен  жеке 

тұлғаның ара қатынасын қамтамасыз ететін 

жүйе.  Оқушыларымызға  отбасынан  тыс, 

ұлттық  тәлім-тәрбие  беруде,  еңбекке  баулу, 

мамандандыру,  қысқасы  өмірге  даярлауда 

мұғалімнің  атқарар  орны  ерекше.  Соның 

ішінде, еліміздің озық ойлы, парасатты аза-

маттарын  қалыптастыруда  қосымша  білім 

беру  ұйымдарының  орны  зор  деп  айтқан 

болар едім. Тәлім-тәрбиені заман талабына 

сай жетілдіріп, жасөспірімдерге жеке тұлға 

ретінде өз орнын нақты табуы үшін алдымен 

басты тұлға мұғалімге, қосымша білім беру 

педагогтарына зор міндеттер қойылған. 

Осы  тұрғыдан  қарасақ,  біздің  барша  Ба-

лалар  мен  жасөспірімдер  шығармашылық 

орталығындағы  мұғалімдердің  мынадай 

қа сиеттері  қатаң  түрде  қаралады:  іскерлік, 

жауапкершілік,  ізденімпаздылық,  жаңа-

шыл  шығармашылық,  біліктілік,  жаңа  тех-

нологияны  жан-жақты  меңгерген,  баланың 

психологиялық икем, дағдысы мен қабілетін 

аша  білетін,  жүзеге  асыра  алатындығы 

ескеріліп  отырады.  Осы  тәріздес  педа-

гогтардың  интеллектуалдық  даму  дең-

гейі,  психологиялық-физиологиялық,  же-

ке  ерекшеліктері  ескерілетіндіктен,  орта-

лықтағы  тәрбие  жұмыстарының  ұйым-

дастырылуы  оң  шешімін  табуға  септігін 

тигізеді. 

Еліміздің  ертеңі  –  жас  ұрпақ  десек, 

оның  тағдыры  ұстаздардың  қолында. 

«Ер теңгі  күн  –  бүгіннен  басталатынын 

ескере отырып, мектеп – мұғалім – ұстаз – 

оқушы  –  ата-ана  тығыз  байланыста  болу 

қажет,  сонда  баланың  өзіне  деген  сенімі 

артып,  шыңдала  түсуіне  жол  ашылады. 

Кез  келген  ата-ана  баласының  мектептен 

тыс  уақыттарда  бос  уақытының  тиімді 

ұйымдастырылып,  қоғамдық  жұмыстарға 

қатыстырылып  отырғандығын  қадағалап 

отыруы  шарт.  Ал,  осындай  маңызды  іске 

педагог  жауапкершілікпен  қарап,  алдына 

түрлі  мақсат  қойып,  шәкірттерін  жүргізіп 

отырған  үйірмелеріне  бейімдеуі  қажет. 

Өз  ісіне  қызыққан  педагогтың  жоспарлы 

еңбегін нәтижелі әрекеті көрсетеді. Түрлі үл-

гідегі  үйірме  жұмыстарын  жүргізу  арқылы 

оқушылардың білімін, жауапкершілігін, күш-

қуатын,  ынтасын  дамытуға,  салауаттылық-

қа, мәдениеттілікке, тәртіптілікке баулимыз. 

Мәселен,  туған  өлкеміздің  тарихын,  эко-

логия  мәселелері  бойынша  зерттеулер 

жүргізу  оқушыларды  елін,  жерін  сүюге 

бағыттап,  қызығушылығын,  ізденісін  арт-

тырады.  Шығармашылық  бағытта  берілген 

білім  баланың  әдемі  сөйлеуін,  ойын  қиын-

дықсыз  анық  жеткізе  білуге,  мәнерлеп 

оқуға  жетелейді.  Ол  –  адам  жанының  ішкі 

айнасы. Адамға күш беріп, ойын таразылап, 

рухани күш-қуат та береді. Ал, өнерге баулу 

жұмыстарымен  айналысатын  үйірмелер, 

шы  ғармашыл, адамгершілік қасиеттерге бай, 

өз бетінше шешім жасай алатын, ойы терең, 

талапты,  талантты  болып  қалыптасуына 

әсер  етсе,  спорттық  бағыттағылар  баланың 

салауаттты  өмір  салтын  дұрыс  ұстанып, 

жағымсыз  әдет,  дағдыдан  аулақ  болуды 

насихаттайды.  Көп  жылғы  тәжірибемнен 

байқағаным,  мектептен  тыс  уақытта  қо-

сымша білім беру ұйымдарында білімдерін 

жан-жақты  дамытып  жүрген  шәкірттердің 

алға  қояр  мақсаттары  да  зор  болып  келеді. 

Уақыттарын  текке  өткізбей,  пайдалы  іспен 

айналысып,  биікке  ұмтылып  жатқандарын 

көріп,  жадырап  қаласың.  Бұл  шәкіртіңнің 

тәртіп пен тиянақтылыққа дағдыланғандығын 

көрсетеді. Спорт, өнер, шығармашылық сын-

ды  таңдаған    түрлі  бағыттағы  үйірмелерге 

қатысқан  жасөспірімдердің  бойына  жат 

мінез  жуи  қоймайды.  Ол  теріс  жолдардан 

бойын  аулақ  салуға,  уақытын  үнемді 

пайдалануға дағдыланады. Жалпы, қосымша 

білім беру ұйымдарының міндеті – білімді, 

тәрбиелі,  бәсекеге  қабілетті,  өзінің  және 

қоғамның  мүддесін  қорғауға  дайын  тұлға 

қалыптастыру болып табылады. 

Қазіргі  уақытта  барша  жасөспірімдер 

тәр биесі  –  қоғамдағы  келелі  мәселелердің 

маңызды  бір  бөлігі.  Сондықтан,  тәуелсіз 

Қазақстанның гүлденіп, алға жылжуына өс-

келең  ұрпақты  ұлттық  тұрғыда  тәрбиелеу 

алға  қойылған.  Сол  себепті,  ең  алдымен 

талапты  педагогтарға  қойып,  ұлттық  тә-

лім-тәрбие  беруге  жұмылдыру  қажет. 

Ол  үшін  оқушыларға  әр  оқу-жаттығу  ба-

рысында  түрлі  халықтық,  қазіргі  заманауи 

технологияларды ұлттық тұрғыда кірістіріп, 

сол  арқылы  ықпал  етіп  отырса,  нәтижеге 

жетері сөзсіз. Ал, мұның барлығы орта, ор-

да  мәдениетті  болғанда  ғана  тәрбиеленген 

шәкірті де толық сол діттеген үрдістен шы-

ғады.  Осы  тұрғыдан  қарар  болсақ,  оны 

былайша ұйымдастыру қажет деп санаймыз:

–  Ең  алдымен  баланы  психологиялық 

дайындықтан өткізу қажет;

–  Өтетін  тақырыптарды,  жаттығуларды 

оқушының  жас  ерекшелігіне  қарай  бөліп, 

бейімдеу;

– Жас ұрпақты туған жері, өскен ортасын 

құрметтей білуге, сүйіспеншілігін арттыруға, 

ұлттық  құндылықтарды  қастерлей  білуге 

негізделген  шығармаларды  пайдалану,  оны 

үйрету;


–  Жасөспірімдерді  өздері  таңдаған  ба-

ғыттағы  үйірмелері,  саласы  бойынша  бау-

лып,  болашаққа  апаратын  өмір  жолын, 

мамандығын таңдауға көмектесу;

–  Шығармашылық  тәрбие  арқылы  ба-

лалардың  дарындылық  қабілеттерін  ары 

қарай  дамуына  бағыт-бағдар  беру,  ата-ба-

бамыздың шешендік өнеріне баулу;

–  Заман  талабына  сай  өз  бетінше  жеке 

немесе топтық жұмыс жасауға икемдеу;

–  Білім  беру  кезінде  түрлі  әдіс-амалдар, 

тәсілдер  арқылы  жас  ұрпақ  санасына  ин-

тел лектуалдық,  патриоттық,  адамгершілік 

қасиеттерді шоғырландыру;

–  Талантты  жастардың  талабының  ары 

қарай шыңдалуына;

–  Өз  бетінше  ойлап,  сол  ақылы  әрекет 

етуге,  өзге  ортада  өзін  мәдениетті  ұстай 

білуге,  коммуникативтілікке  бейімдеу  және 

т.б.


Әр  оқушы  қатысқан  үйірмесінен  уа-

қытын  тиімді  өткізуімен  қатар,  өз  бетімен 

жұмыс  жасап,  ұнамды  іспен  айналысуына 

мүмкіндік  туады.  Зерттеу  нәтижелері 

бой ын ша  көбіне  ұрлық-қарлық,  ойын-

сауық  өткізетіндер,  төбелес,  бұзақылыққа 

баратындар  бос  жүрген  жасөспірімдер. 

Әлеуметтік жағдайды ескерсек, нашар тұра-

тын  отбасылар  балаларының  уақытының 

дұрыс  ұйымдастырылуына  жағдай  жасай 

алмайды.  Сол  себепті,  олар  уақытының 

көп  бөлігін  көшеде  өткізеді  де,  теріс  әре-

кеттерге бой алдырады. Тегін берілетін қо-

сымша  үйірмелерге  баруға  кез  келген  бала 

тартыла  бермейді.  Сондықтан,  бірін шіден, 

мүмкіндігінше  отбасы  тәрбиесі  дұрыс 

ұйымдастырылуы  қажет,  екіншіден,  педа-

гогтар  әлеуметтік  қажеттілік  жағдайында 

жүрген балаларға көмегін аямауы керек. Ол 

үшін оқушыға баланың жақсы қасиетін өзі не 

дәлелдеп  көрсету,  өмірде,  қоршаған  ортада 

өзіндік  орны  бар  екенін  сезіндіру,  жақсы 

қасиеттері, жетістіктері болса міндетті түрде 

дәріптеу,  баланың  көңілі  қалаған  ісімен 

шұғылдануына  жағдай  жасау,  үйірменің 

жұ мыстарына  жұмылдыру,  қадағалап  қана 

қоймай,  тең  құрбысындай  ақыл-кеңес  беру 

қажет. 


Саналы  да,  сапалы  ұрпақты  тәрбиелеп, 

қатарға қосу – бүгінгі күннің басты талабы. 

Қосымша  білім  беру  ұйымдары  оқушының 

тек  бос  уақытын  ұйымдастырудың  құралы 

ғана  емес,  жасөспірімдерді  әлеуметтендіру, 

тәуелсіз  Қазақстанның  ұлтжанды,  өз 

Отанына  деген  сүйіспеншілік  сезімдері 

қалыптасқан,  рухани  дамыған  кемел  тұлға 

тәрбиелеп  шығуда  орны  зор.  Елімізде 

осындай  тәрбие  мен  білім  беретін  ошақ 

көздері көбейе бергей!


97

96

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  Өмірәлиев Қ. Абай афоризмі. – Алматы: «Қазақстан», 1993. – 128 бет

2.  Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2009 жылғы Халыққа жолдауынан

Резюме

В  данной  статье  рассмотрены  проблемы  о  национальной  воспитаний  молодежей,  а 

также  воспитательно-образовательную  деятельность  в  организациях  дополнительного 

образования. Указаны об определенных требования к их решение. 

Summary

In  this  article  problems  about  national  vospitaniye  molodezhy,  and  also  educational  and 

educational activity in the organizations of additional education are considered. Requirements to 

their decision are specified about defined.

БЕТАШАР ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ ҒҰРЫПТАРДАҒЫ ПАРАЛЛЕЛьДЕР

Самал Дәрібайұлы – 

әл-Фараби атындағы Қазақ

Ұлттық университеті,

 қазақ әдебиеті кафедрасының доценті,

филология ғылымдарының кандидаты

беташар  жасау  арқылы  жас  келінге  келген 

ортасын  таныстыра  отырып,  онымен  бірге 

көзге көрінбес тылсым зұлым күш иелерінің 

ілесіп  келмеуін  де  мақсат  етеді.  Келіннің 

қадамының  құтты  не  құтсыз  болуы  оның 

түскен шаңыраққа тез сіңіп кетуіне тікелей 

әсер  етеді.  «Келіннің  аяғынан,  қойшының 

таяғынан»  деген  мақалдың  осындай 

жағдайларға  байланысты  айтылғаны  хақ. 

Егер  келін  түсірген  шаңырақ  немесе  әулет 

тойдан  соң  тағы  бір  қуанышқа  кенеліп 

жатса,  үлкендер  жағы  «аяғы  құт  болды» 

деп  жақсылыққа  жорып  жатады.  Мұндай 

жағдайда жас келіннің іс-әрекетіндегі кейбір 

олқылықтар көпке дейін еленбей қалатыны 

да  анық.  Сол  секілді  босаға  аттағаннан 

кейін әулет ауыр қайғыға ұшыраса (отбасы 

мүшелері  не  жақын  туыстардың  қайтыс 

болуы,  ауруға  ұшырауы,  т.б.)  «аяғы  құтсыз 

келін»  деген  атқа  таңылуы  да  мүмкін.  Бұл 

–  күні  бүгінге  дейін  жалғасып  келе  жатқан 

түсінік. Келіннің бетін ашарда кей жерлерде 

қамшының пайдаланылуы да негізінен осы 

факторға  байланысты.  Себебі,  қамшы  – 

көне  түсініктер  бойынша  сыртқы  тылсым 

күштерден  қорғаушы.  Ертедегі  бақсы-

балгерлердің  толғағы  ауырлап,  босана 

алмай  жатқан  әйелдің  –  жан-жағынан  ауа-

ны  қамшымен  осқылап,  оны  жеңілдетуге 

тырысқандығы туралы деректер баршы лық. 

Яғни, бұл ретте қамшы – әйелді қинап жат-

қан  албасты  секілді  зұлымдық  иелерінен 

сақтайды  деген  түсінік  болған.  Беташарда 

келіннің  жаулығының  ұшына  байланатын 

қамшы  осы  функцияны  атқарады.  Күні 

бүгінге  дейін  қазақ  отбасында  қамшы  аяқ 

асты  тасталмайды,  көрнекті  орынға  (төр) 

ілінеді. 

Беташардың ғұрыптық генезисінде фоль-

клордағы  «жұтып,  қайта  құсу  мотивінің» 

негіздері  бар  екенін  аңғарамыз.  Белгілі 

зерттеуші-ғалым  С.Қондыбай  өзінің  «Арғы 

қазақ  мифологиясы»  атты  еңбегінде  бұл 

мотивті  «...тек  ұсталықпен,  металмен  бай-

ланыстырып  қоюға  болмайды.  Осындай 

байланыстың дұрыс екендігі анық, дегенмен 

«металдану идеясы» бастапқы «ұлы ананың 

жұтып,  қайта  құсуы»  әрекетін  инициялық 

сынақ  түрінде  қайталап  отырудың  бір 

варианты  ғана.  Бастапқы  әрекеттік  схема-

дан  –  архетиптен  басқалай  да  (ұсталыққа, 

металға  қатысы  жоқ)  түсініктер,  ырымдар, 

ғұрыптар  өрбіп  шыққандығы  анық...»  деп 

түйіндеген  болатын.  Олай  болса  ғалым 

пікіріндегі  «өрбіп  шыққан»  ғұрыптың  бірі 

осы беташар деп айтуға негіз бар. Себебі, 

беташар  салтының  негізінде  қалыңдықты 

«өмірге қайта әкелу» миссиясы бар. Сөзіміз 

дәлелді  болу  үшін  беташарға  дейінгі 

жасалатын  ғұрыптардағы  параллельдерге 

назар салайық: 



Тұрмыс-салт өлеңдеріндегі парал лель-

дер.  Қазақ  халқының  қыз  балаға  «аз  күнгі 

қонағым», «жат жұрттық бала» деп ерекше 

ілтипатпен қарағаны белгілі. Қызын ұзатқан 

үйге  «қызыңды  құтты  орнына  қондырдың 

ба?»  деген  мағынадағы  тілек  сауалдарды 

дүниеден  бақилық  болған  адамның  арты-

нан  шаңырағына  бата  оқып  барушылардан 

«қарияны құтты орнына қондырыпсыздыр» 

деген сипатта естіп жатамыз. Қыз баланың 

ұзатыларда  айтатын  сыңсуы  мен  дүниеден 

озған адамға арнап айтылатын жоқтаудың 

арасында  да  көне  танымдардың  ізі  жатыр. 

Бұл  екеуі  де  міндетті  түрде  айтылуы  тиіс 

ғұрыптық  өлеңдер.  Осы  ретте  сыңсудың 

көп  ретте  қыз  баланың  өз  теңіне  қосыла 

алмай,  шерменде  болып  бара  жатқанда 

ағайын-тумасымен, ата-анасымен қоштасып 

айтататын  өлеңі  ретінде  танылып  келгені 

де  жасырын  емес.  Әсіресе  бұл  ғұрыптық 

шығарма кеңестік идеология тұсында кедей 

қызының  малға  сатылып,  өзінен  бір-екі 

мүшел үлкен адамға тоқалдыққа еріксіз бара 

жатқанда  айтатын  өлеңі  ретінде  біржақты 

баяндалды.  Әрине,  халықтың  тұрмыстық 

жағдайында  осындай  беттердің  болғаны 

да  ащы  шындық.  Дегенмен,  сыңсуды  тек 

қыз  баланың  сүйгеніне  қосыла  алмай, 

өзіне  тең  емес  адамның  етегінен  амалсыз 

ұстағандағы  зарлы  шері,  мұңды  әні  ғана 

деп  қарау  дұрыс  емес.  Сыңсу  қыз  баланың 

қандай жағдайда ұзатылып бара жатқанына 

тәуелді  емес  және  міндетті  түрде  айтылуы 

тиіс  ғұрыптық  өлең  болған.  Бұл  функция 

жоқтауға  да  тән.  Дүниеден  озған  адамның 

артынан  жоқтау  айту  күні  бүгінге  дейін 

көп  жерлерде  сақталып  қалған.  Жоқтау 

–  дүние  салған  адамның  жасына,  пәни 

дүниедегі жақсылы-жаманды істеген әрекет-

амалдарына тәуелсіз айтылуы тиіс шығар ма. 

Яғни, жоқтау да сыңсу секілді қайтқан кісі-

нің  не  ұзатылғалы  отырған  қалыңдықтың 

әлеуметтік статусынан тыс міндетті түрде 



орындалатын  ғұрыптық  шығарма.  Әрине, 

біздің  бұл  ретте  айтпағымыз,  адамдардың 

әлеу меттік  жағдайына  қарай  кәде-салттар-

дың барлығы бірдей орындала бермейтіндігі. 

Белгілі фольклортанушы – ғалым Б. Уахатов 

осыған  байланысты:  «Мұның  өзі  бір  жа-

ғы  байлықтан,  барлықтан,  асып  төгіліп 

жатқан  жеке  адамдардың  молшылығынан 

туғанымен, қалың кедей, кемтарлар, қойшы-

қолаңдар  үшін  қолдан  келмес  кәделер.  Бұл 

кәделер: ат байлар, ентік ақысы, сүт ақысы, 

жыртыс,  босаға  аттар,  көпшік  қыстырар, 

шатыр  байғазысы  (мұны  бөкейліктер  «отау 

тігер» дейді), түндік жабар, кемпір өлді, ит 

ырылдатар, шаш сипатар, қол ұстатар, төсек 

салар,  шымылдық  байғазысы,  арқа  жатар, 

қыз  көтерер,  көрпе  қимылдатар,  мойын 

тастар, бақансалдымдық, төстің басы, күйеу 

аттандырар, сарын (аужар), орын тойы (қыз 

қашар),  келін  келді,  сәукеле  байғазысы, 

Қазақ  фольклорының  жанрларында  әлі 

де  зерттеуді  қажет  ететін  тұстар  аз  емес. 

Соның бірі – үйлену және жерлеуге қатысты 

әдет-ғұрыптардағы 

параллельдер. 

Ал-


аш  баласының  тал  бесіктен  жер  бесікке 

дейінгі  таным  түсінігінің  тоқайласар  тұсы 

қазақ  халқының  беташар  салтында  айқын 

аңғарылады. 

Біз  сөз  еткелі  отырған  үйлену  мен 

жерлеу  ғұрпындағы  параллельдерді  ғұрып-

тық  өлеңдерге,  түр-түске  және  ырым-тый-

ымдарға  байланысты  танымдар  арқылы 

қарастыруға болады.

Күні  бүгінге  дейін  беташар  салтының 

тұрмыс-салт  өлеңі  ретінде  жанрлық  ерек-

шелігіне,  тәрбиелік  мәніне  фольклортану-

шы ғалымдарымыздың еңбектерінде жүйелі 

пікірлер білдірілді.

Қазақ  халқының  дүниетанымында  бет‑

ашар  қыз  баланың  келін  атанып,  жаңа 

шаңырақтың  табалдырығын  аттағаннан 

кейін  бір  рет  қана  және  міндетті  түрде 

жасалатын ерекше салт. 



Беташар  –  келінге  жаңа  ортаны 

таныстырумен  бірге,  тазарту  миссиясын  да 

жүзеге  асырады.  Яғни,  келін  түсіруші  жақ 


99

98

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

босаға  ілу,  отқа  май  құю,  беташар,  бие 

қысырамас,  өңір  салу,  енші  бөліп  беру, 

төркіндеу секілді түр-түрге бөлінеді де және 

соның  әрқайсысына  ақы  төленеді»  деген 

пікір  айтады.  Ғалым  дерегінде  баяндалған 

салт-дәстүрлердің беташардан басқасы сың-

су  мен  жоқтау  секілді  міндеттілікті  қажет 

етпейді.  Бұл  кәделерді  әркім  өз  жағдайына 

қарай  орындауға  тырысады.  Оның  әр 

өңір дегі  аймақтық  ерекшеліктерге,  келін 

алған  не  қыз  ұзатқан  әулеттің  тұрмыстық 

жағдайына  байланысты  бірі  орындалып, 

бірі орындалмай жатуы да мүмкін. Ал сыңсу 

мен жоқтаудың танымдық мәні адамдардың 

әлеуметтік  статусын  теңестіреді.  Бұл  ретте 

ескеретін  нәрсе,  қалыңдықтың  ұзатылып, 

беташары  жасалғанға  дейінгі  жоралғылары 

дүниеден  озған  адамға  жасалатын  ғұрып-

тармен қатар өрбіп отыратындығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет