Бас редактор с. Ж. Пірәлиев


Ырым-тыйымдардағы  параллельдер



Pdf көрінісі
бет14/15
Дата09.03.2017
өлшемі2,57 Mb.
#8615
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Ырым-тыйымдардағы  параллельдер. 

Қыз  балаға  өз  ошағынан  ұзатылып  келін 

атанғанға  дейінгі  аралықта  жасалынатын 

ырым-тыйымдар  мен  әдет-ғұрыптар  да 

негізінен  дүниеден  озған  адамға  жасалар 

жоралғылармен  параллель  келіп  отырады. 

Мысалы,  қыз  ұзатылып  бара  жатқанда 

үлкендер  жағы  «артыңа  қарайлама» 

деп  ескертіп  жатады.  Бұл  –  егер  қыз  ар-

тына  қараса  барған  жерінен  төркініне 

қайтып  келуі  мүмкін  деген  сенімнен  шық-

қан  тыйым.  Дәл  осыған  ұқсас  тыйым  дү-

ниеден  озған  адамды  жерлеп  немесе 

бейіт  басына  зиярат  етіп  келе  жатқанда  да 

жасалады. Яғни, бейіттен қайтқан кісілерге 

артына  қарайлауға  болмайды  деген  табу 

жасалынған.  Табудың  түп  төркінінде  оны 

бұзған жағдайда «әруақтар әлемі шақырады, 

өлім  жақындайды»  деген  түсінік  жатыр. 

Сол  секілді  ұзатылып  бара  жатқан  қыздың 

басынан  жеңгелері  немесе  жақындары 

дәм-тұз  айналдырып  алып  қалып  жатады. 

Ы.Алтынсарин  дәл  осы  ырымның  қайтыс 

болған  адамға  да  жасалғандығына  дерек 

келтірген.  Екі  ырымның  да  көздеген  мақ-

саты  біреу:  құт  берекенің  шаңырақтан 

ауып  кетпеуі.  Нақтырақ  айтар  болсақ, 

алғашқысында  құттың  ұзатылған  қызбен 

кетпеуі,  ал  екіншісінде  дүниеден  салған 

адамның  отбасының  ырыс-несібесін  өлі-

ліер  әлеміне  алып  кетпеуіне  байланысты 

жасалатын ырымдар. Қазақ қашанда отбасы-

ның, әулеттің құт-берекесін сақтауға мүдделі. 

Сондықтан  болар,  қазақ  тұрмысында  әлі 

күнге  жалғасын  тауып  келе  жатқан  ырым-

жоралғылар  (қазанды  ретсіз  бермеу  немесе 

бос  қайтармау,  төңкеріп  тастамау,  бас 

тартылғанда оның құлағын кесіп алып қалу, 

сатылар малдың бас жібін бермеу, т.б.) құт-

берекені сақтаумен тікелей байланысты.

Ұзатылған  қыз  көші  межелі  жеріне 

жетем  дегенге  дейін  еш  жерге  аялдамауды, 

кідірмеуді көздеген. Бұл ырым дүние салған 

адамды  жерлеу  ғұрпында  да  ескеріледі. 

Мәйітті  құтты  мекеніне  қойғанға  дейін  еш 

жерде аялдатпау, жерлеу барысында мүрдені 

көмушілердің  күректі  бірінен  бірі  іліп  әке-

тіп, толық  аяқтағанша жұмысты кідіртпеуі 

алдағы мысалмен қабысып жатырОсы рет-

те екі функцияның да ертеректе түске дейін, 

яғни  күннің  алғашқы  жартысында  жүзе-

ге  асырылатындығына  да  мән  берген  жөн. 

Дегенмен  қазіргі  қыз  ұзату  тойлары  кешке 

басталатындығына  орай  қалыңдықты  түнгі 

он  екіге  дейін  әкету  (сағаттық  өлшеммен 

қалыптасқан дәстүр) дәстүрі қалыптасқан.

Сыңсу  айтылып  болғаннан  кейін  қыз 

шашы тарқатылып (ертеректе қайтыс болған 

адамның шашы тарқатылған), қос бұрыммен 

өрілген.  Себебі,  қос  бұрым  –  жұптық 

өмірдің  белгісі.  Ал,  қазақ  қыздарының 

кішкентай кездерінде шаштарының көп бұ-

рымды  болғанын  да  ескеруіміз  керек.  Осы 

орайда қазіргі қазақ қызының сұлулығының 

өлшемі  болып  жүрген  қос  бұрымның  көне 

жырларымызда  кездесе  бермейтіндігін  де 

ескерген жөн. Қазақ халқының лиро-эпостық 

жырларында мақпал шашты, сүмбіл шашты, 

қолаң  шашты  қазақ  аруларының  бейнелері 

сомдалғанын айта кеткеніміз орынды. 



Түр-түске  байланысты  параллельдер. 

Қазақ  халқының  дүниетанымында  ақ 

ора мал  тағу  босаға  аттаған,  есік  көрген 

әйел  баласына  тән.  Сондықтан  тұрмысқа 

шықпаған  қыз  баланың  орамалы  ақ  түсті 

болмауы қадағаланады.

Қыз  бала  ұзатылып  барған  жерінде 

беташар  дәстүріне  дейін  ақ  шымылдықтың 

ішіне  түсіріледі.  Бұл  қазақ  даласының  көп 

аймақтарында  әлі  күнге  дейін  сақталған. 

Шымылдық  ішіне  кіргізудің  параллелін 

біз  дүниеден  озған  адамға  да  жасалатын 

ырымдардан  көреміз.  Яғни,  мәйітті 

жөнелтуден  бұрын  оны  ақ  шымылдыққа 

жатқызу ғұрпы, оң жаққа қойылуы (қыздың 

ұзатылғанға  дейінгі  оң  жақтағы  орны) 

Қазақстанның 

көптеген 

өңірлерінде, 

ата  дәстүрдің  қаймағын  бұзбай  сақтап 

отырған  шет  елдердегі  қандастарымыздың 

ғұрыптарында әлі күнге дейін бар. 

Ақ  түс  тек  тазалықтың,  пәктіктің  бел-

гісі  ретінде  қабылданғанымен  күні  бүгінге 

дейін  оның  көне  замандардағы  өлілер 

әлемнің  символы  ретіндегі  танымы  да 

қатар  келе  жатқанын  айта  кеткен  аб-

зал.  «Символдар  сөздігінде»  ақ  түстің 

қорқыныштың,  мойынсұнудың  белгісі  рет-

інде  қабылданғаны  туралы  айтылады.  Мы-

салы,  жаугершілік  уақытта  ақ  ту  көтеру 

берілудің,  мойынсұнудың  немесе  елшінің 

белгісі  ретінде  қабылданған.  Қытайда,  еж -

елгі  Римде,  Европа  мемлекеттерінің  көп-

шілігінде  ақ  түс  қайғымен  бірге,  өлген 

адамды  күтіп  жатқан  әруақтар  әлеміне 

арнау  мағынасындағы  функцияға  ие  еді. 

Әрине,  қазіргі  таңда  ақ  түс  дәл  осындай 

танымдық  мағынада  қолданылмаса  да  біз 

мысалға келтіріп отырған қыз бала мен әйел 

адамдардың киім кешектерінің түр-түсіңдегі 

ерекшеліктердің  генезисі,  нақтырақ  айтсақ 

жаңа түскен келінге ақ жаулықтың жабылуы 

осы танымдардың негізінде қаланғаны анық. 

Ақ жаулық – жас келіннің бетін ашардағы 

ең  негізгі  атрибут.  Әлбетте,  жаңа  ортаға 

таныстырам  дегенге  дейін  келіннің  бетіне 

ақ  жаулықтың  жабылып,  көпшілікке  көр-

сетілмеуі  де  заңдылық.  Яғни,  беташар дың 

негізгі  ғұрыптық  функциясы  –  осы  жау-

лықты  ашу.  Ұзатылған  қызға  жасалатын 

ғұрыптар  жерлеу  ғұрпымен  параллель  кел-

се,  ақ  жаулықты  ашу  арқылы  «өмірге 

қайта  әкелу»  функциясы  орындалады.  Бұл 

функцияның қазақ дәстүрінде дүние салған 

адамның  жүзін  ақ  матамен  жауып,  арулап 

жөнелтуімен  параллель  екенін  де  айта 

кеткен  жөн.  Мәйітке  жасалатын  ғұрыптың 

негізгісі  оның  бетін  жабу  және  негізгі  ат-

рибут  ретінде  мұнда  да  ақтық  (ақ  мата) 

қолданылады.  Жоғарыдағы  параллельдер 

бет ашар салтының тамыры тереңде екендігін 

аңғартады. 

Бүгінгі  күнге  дейін  зерттеу  еңбектерде 

қазақ  халқының  тұрмыс-салт  жырларының 

ішіндегі  өзіндік  ерекшелігімен  дара  тұрған 

беташар  салтының  жанрлық  ерекшелігіне, 

жас  келінді  жаңа  ортаға  таныстырудағы 

тәр биелік  мәніне  көбірек  көңіл  бөлінді. 

Рас,  беташардың  тойға  жиналған  қауымға, 

со ның  ішінде  ақ  босаға  аттаған  келінге 

берер  өсиеті  үлкен.  Өкінішке  орай,  бүгінгі 

бетешарлардың  танымдық-тәрбиелік  сипа-

ты әлсіреп, жасанды шарттылыққа айналып 

бара  жатқанын  аңғару  қиын  емес.  Әсіре-

се,  ешқандай  халықта  қайталанбайтын  осы 

ғажап салттың коммерциялық сипатқа ауыса 

бастауы көңіл қынжылтады. Бұл ретте тойшы 

қауым да, беташар жасаушы өнерпаздар да 

ойланатын мәселелер бар. 



Резюме

В  статье  автор  рассматривает  параллели  семейных  традиций,  обычаев  и  казахской 

песни беташар. 

Summary

The author considers the parallels of family traditions and customs, and Kazakh songs betashar.

101

100


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА

ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ

Садықова А.Е. – 

педагогика ғылымдарының магистрі,

 Абай атындағы Қазақ ұлттық

 педагогикалық университеті, 

Интеллектуалды ұлт қалыптастыру 

ғылыми-зерттеу институтының 

ғылыми қызметкері

Мен  ол  кісімен  Абай  атындағы  ҚазҰПУ-ға  ал-

ғаш  оқуға  түскенімде  жолықтым.  Шынын 

айтсам,  бізді  тағдыр  жолықтырды.  Ол  кісіні 

алғаш көрген сәтімде байқағаным – әр қимылы, 

әр қозғалысы өзін ерекше етіп тұратындығы еді. 

Әсіресе,  білімгер-студенттердің  ортасында  от-

ырған қалпы сондай керемет, нағыз ұстазға тән 

бейнесі  көз  сүйіндіретін!  Осындай  өр  тұлғалы 

Ұстаз тәлімін алатын әрбір дәріс шәкірттерінің 

көңілін  көтеріп,  ғажап  күйге  бөлейтін-ді. 

Мұндай  «ажарлы  кісінің»  алдын  көрген,  білім 

алған  біз  сияқты  студенттер  қандай  бақытты 

едік деп ойлағаным есімде. Ал, кейінірек, жақ-

ынырақ  танысып,  біле  келе  Ұстаз  апайымның 

оқытушылық қызметінен бөлек, ғылым жолына 

терең үңілгендігіне қанық болдым. Иә, ... ұстаз 

шәкіртімен көрікті, шәкірт ұстаз тәлімімен ғана 

көктейді. Бүгін де бойдағы бар күш жігерін аямай, 

зерделі де зейінді шәкірт тәрбиелеу үшін білімі 

мен ілімін аямай, тынбай еңбек етіп келе жатқан 

ұстазыма  аса  құрметпен  қарай  отырып,  ұстаз-

дық  өмір  жолын  ұлылыққа  баладым.  Біреулер 

үш ін «ұлылық» сөзі тым әсірелеп айтылғандай 

естілер.  Алайда,  Мұхтар  Әуезовше  айтқанда: 

«Ұстаз  есімінің  өзі  –  ұлы  есім».  Жоғарыда 

атап  өткендей    Қалбике  Өмірбайқызының  өмір 

жолында  көркемдік  те  бар,  қажыр-қайрат  та, 

ертеңгі  ұрпақ  еншілер  өнегесі  де  мол.  Жалпы, 

қазақ халқы – ән мен жырдың ордасы, ерліктің 

айрықша  символы  болған  халық.  Қазақта  ақын 

да,  батыр  да,  жазушы  да,  ғалым  да,  бағлан  да 

көп. Әрине, асыл тумалар ешқашан көптік етпесе 

керек-ті.    Ал  шын  ғалым,  шын  зиялы  аса  көп 

емес. Қазіргі таңда ат төбеліндей зиялының бірі 

Есенова Қалбике Өмірбайқызы десем, қателесе 

қоймаспын! 

Ғибратты ғалым, ұстамды да, ұлағатты ұстаз 

Есенова Қалбике Өмірбайқызы әрқашан еліміз-

де болып жатқан еңселі оқиғалардан шет қалмай, 

бір адамдай атсалысып жүр. Соның нақ айғағы 

ретінде қазіргі қоғамдағы мемлекеттік тіл рөлін 

коммуникативтік  сөз  мәдениеті  талаптарын 

меңгерту  арқылы  күшейтуді;  елбасымыз-

дың  бастамасы  бойынша  жүзеге  асыры лып 

жатқан  «Мәдени  мұра»  бағдарламасына 

15  томдық  «Қазақ  әдеби  тілінің  сөздігінің» 

құрастырушыларының  бірі  ретінде  және 

«Қазақ  тілінің  орфографиялық  сөздігін» 

жас ауға  құрастырушы  ретінде  ерінбей 

еңбек  етуде.  2001  жылдан  бері  ғылыми 

кадрларды  даярлау  ісіне  қатысып  келеді. 

Атап  айтар  болсақ,  ол  кісі  30-дан  астам 

кандидаттық,  докторлық  диссертацияларға 

ресми  оппонент  болып,  тіл  мәдениеті, 

прагмалингвистика  салалары  бойынша 

бірнеше  ізденушілерге  ғылыми  жетекшілік 

жасауда. Осынау көп болмаса да, мағыналы 

өмір  жолында  тек  жақсының  жақсылығын 

асырып,  жаманның  жамандығын  жасырып, 

жұртқа  жылы  сөзін  ғана  арнаумен  келе 

жатқан  апайымыз  –  сабырлы,  салмақты 

терең ойдың, биік парасаттың иесі. 

«Адам  бойында  бір  жақсы  қасиет  бол-

маса,  оған  бақ  та,  бақыт  та  қонбайды»,  - 

деген екен ғұлама ойшыл Жүсіп Баласа ғұн. 

Ендеше,  Қалбике  Өмірбайқызының  бой-

ындағы  осындай  айтулы  қасиеттің  бірі  – 

адал дық деп білемін. Бұл – ең бірінші өзіне, 

қоғамға,  қызметтес  әріптестеріне,  отбасы 

мен  дос-жаранға,  ағайын-туысқа  деген 

адалдық.  Бұлардың  санатында  адалдыққа 

серік болған байсал дылық пен білімпаздық, 

бір сәт толастамаған еңбек тағы бар. 

Ол  кісінің  біздер  үлгі  етер,  мақ таныш 

етер  қасиеттері:  оның  еңбек қор лығы,  ақ 

ниеті, анық ойы мен әділет тілігі. Шәкірттері 

мен  дәріс  алушы  студенттерінің  жағдайын 

жасау,  орынды  түрде  талап  қоя  білу  –  ол 

кісінің тағы бір қыры десе болады. 

Рухани  үндескен,  жаның  сүйген  жан 

туралы айта бергің де, жаза бергің де келеді. 

Сондықтан да, Қалдыгүл апай жайлы әсерлі 

әңгімеге нүкте қою мүмкін емес. Ол кісінің 

сөзінен  де,  атқарған  ісінен  де  елді,  жерді 

құрметтеу  сезімдерін,  ұлттық  намыс  пен 

абыройды  биік  қоятыны,  ғылымға  деген 

адалдығы  бірден  аңға рылады.  Осы  қа-

сиеттерімен  де  төңіре гін дегілерге  ардақ ты 

да, аяулы!

Өркениетті  ғасыр  тізгіні  –  ұрпақтары-

ның  қолында,  ал,  ұрпақтың  бар  бақыты 

озық ойлы ұстаздың еншісіне ғана берілмек. 

Жан  сарайыңды  жібітетін  тәрбиенің  үлгісі 

де, ащы ақиқаттың күмбір күйі де өркениет 

ұстазының әр сабағында шежіре боп сөйлеп 

жатады.  Бұл  жалғандық  болмай,  тәлім-

тәрбиелік  үдерістің  барлық  жүйесінде  маз-

мұнды  түрде  жүрсе,  адамзаттың  ой-өрісі 

дамып, сәулелене түспек.

Нағыз ұстаз қай ғасырда да ұстаз болып 

қала  бермек.  Ұстазға  қойылатын  талап 

пен  тілек  қашан  да  ортақ.  Ол  –  білімділік, 

имандылық,  парасаттылық  барлық  ғылым 

атауылының  алғашқы  әліппесі  өркениет 

ұстазының  тәлім  сабағында  күн  сайын 

үйретіліп, үлкен «білім мұхитына» айналып, 

рухы  мықты,  интеллектуалды  ұрпақ 

тәрбилеп шығару.

Осындай  ұрпақ  тәрбиелеп,  шәкірт 

даярлауда  мәңгі  нұрдың  қызметшісі, 

тынымсыз  лаулаған  жалын  иесі  – 

ұстаздардың  еңбегі  ерен  әрі  өлшеусіз. 

Саналы  ғұмырын  жас  ұрпақты  оқыту  мен 

тәрбиелеуге  арнаған,  бойындағы  жақсы 

қасиеттерін  шәкірттеріне  дарытып  келе 

жатқан  Есенова  Қалбике  апайым  сияқты 

ұлағатты ұстаздарға айтар алғысым шексіз. 

Ғылымның  шам-шырағына  айналған  алау 

оттарыңыз  мәңгі  алаулай  берсін,  ыстық 

шапағат, нұры шарпыған соңыңыздан ерген 

шәкірттеріңіз көбейе берсін!

Мықты болмыс пен рухани наным, өмірге 

құштарлық пен адами қасиет атаулының қай-

нары адамзатқа ұлы таланттардан жұ ғысты 

болып  келеді.  Ұлылықтық  жолында  бәрі 

–  кішік.  Бұл  –  қалыптасқан  жағдай  десек, 

ұлылықтың санаға ұялар сәтін кімнен, неден 

іздейміз?  Осы  сұраққа  қатысты  талғамның 

өзегі, нәзік жібі жалғасып келіп, бір-ақ адамға 

тоқтайды, ол – ұлылықты ту етіп, келешекке 

сенім күшін ұялатқан ұстаз даналығы, яғни, 

нақ осы ұстаздың өр тұлғасы.

Өркениеттің  ғалами  талабы  білімді  ұс-

тазды  қанаттандырып,  жаңашылдық  пен 

ізденіс шыңына қондырады десек, дүниедегі 

білім  атаулының  кілті  де,  құпия,  сыры  да 

ұстазға ғана тәуелді екендігіне еш дауымыз 

жоқ. Мен білетін ұстаз – нақ осы өркениетке 

лайық  ұстаз.  Дүниеде  адамды  тәрбиелеп, 

азамат  атандырғаннан  артық  абырой  мен 

құрмет, сондай-ақ, ауыр міндет те жоқ. 

Жалпы,  «ұлылық»  атаулының  бәрі  мені 

қы зықтырып  келеді.  Оның  тылсым  құпиясы 

тым  күрделілігімен  тереңіне  бойлай  түсуге 

шақырады.  Бірте-бірте  көтерілген  саты  –  бас-

палдақтай өрге сүйреп, өр тұлғалы кесек бей не 

асыл қасиеттерімен толыға түседі.

Дана  халқымыз:  бірде  «Биік  таудың  төбесі 

көкке тіреледі» – десе, ал, бірде «терең теңіздерді 

түпсіз»  –  деуін  халықтың  надандығынан  ем-

ес,  таңданудың  түпсіздігінен,  ұлылықты  құр-

меттеуінен деп ұғынамыз. Қандай марапатқа да, 

қошеметке де лайық қарапайым ұстаздық еңбек 

жолын, жемісті жылдарын шәкірттеріне сапалы 

білім, саналы тәрбие берумен қатар, тіл үйрету, 

ағартушылық бағыттарында да елеулі еңбек етіп 

келе  жатқан  ұстаздың  бірі  –  Есенова  Қалбике 

апайым. 

«Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» дейді 

атамыз қазақ. Сондай «жақсы ұстазым» Қалбике 

апай  –  өзіме  ұстаз  тұтқан  жандарымның  бірі. 



Резюме

Статья  посвящена  кандидату  филологических  наук  Есеновой  Калбике.  А  так  же  в  статье 

говорится  о  её  ценных  качествах,  как  человека  и  преподавателья,  о  её  вкладе  в  науку  в  сфере 

образования.

Summary

The article is devoted to the candidate of philological sciences Esenova Kalbike. And as the article 

states its valuable qualities as a person and teacher, her contribution to science education.

103

102


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИЕТ

КӨНЕРГЕН СӨЗДЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ СИПАТЫ 

(М.Мағауиннің «Аласапыран» романы негізінде)

Құрманғали А.К. – 

педагогика ғылымдарының магистрі

  

«Аласапыран»  романы  тілінде  кездесетін 

көнерген сөздер арқылы нақтылай түсейік.

Тіл  –  қоғамдық  құбылыс.  Қоғамдағы 

өзгерістер  сөздік  құрамның  дамуына,  то-

лығуына,  өзгеруіне  әсер  етеді:  жаңа  сөздер 

пайда болып, енді бірі қолданыстан шығады, 

кейбірі көнеріп сирек қолданылатын дәрежеге 

жетеді. Көнеру процесі – ұзақ процесс: сөз 

әуелі  сирек  қолданылады,  кейін  кейінгі 

ұрпаққа  түсініксіз  сөзге  айналады.  Көнеру 

сипаты  мен  тілдегі  қолдану  ерекшелігіне 

қарай  көнерген  сөздер  архаизмдер  және 

истаризмдер  (тарихи  сөздер)  болып 

екі  салаға  бөлінеді.  Архаизмдерге  әр 

халықтың  тұрмыс-тіршілігіне,  салт-дәстүр, 

әдет-ғұрпына  қарай  әр  қоғамда  өзгеріп, 

қолданыстан  шыққан  сөздер  жатады.  Ал 

кезінде,  белгілі  бір  қоғамда,  актив  лексика 

қатарынан орын алған, кейін сол заманымен 

бірге ұмыт болған сөздер тобы историзмдер 

деп аталатыны белгілі. 300-400 жыл бұ рынғы 

қазақы  өмір,  қазақ  тарихының  бір  ке зеңі 

суреттеліп  отырған  романда  көнерген  сөз-

дердің молынан кездесуі  табиғи құбылыс. 

«Аласапыран» 

романы 

бойынша 


жинақталған  материалдар  негізінде  көн-

ерген сөздерді мынандай мағыналық – тақы-

рыптық топтарға топтастыруға болады:

1.  Қару-жарақ атаулары

2.  Ел  басқару,  билік,  лауазым,  әскери 

атақ


3.  Ат әбзелдерінің атауы

4.  Киім-кешектің атауы

5.  Ыдыс-аяқтың атауы

6.  Әшекей, бұйым атаулары

7.  Жиһаз атаулары

8.  Саз аспап атаулары

9.  Жылқы түрінің атаулары.

Бұл  топтардағы  сөздердің  бір  шамасы 

тілімізге қазіргі таңда кәсіби сөздер, термин 

сөздер  түрінде  оралып,  арнаулы  лексика 

элементтері ретінде де, жалпыхалықтық си-

патта да қолданылып жүргенін ескергеніміз 

жөн.  Мәселен,  ат  әбзелдеріне  қатысты  ай-

ыл, айыл-тұрман, өмілдірік, үзеңгі, шылбыр, 

тізгін,  қамыт,ер-тұрман  тәрізді  сөздер  мен 

сөз  тіркестері  әр  қазаққа  таныс,  қазіргі 

таңда  жалпыхалықтық  лексикада  кеңінен 

қолданыста  жүр,  бұлар  көнеру  процесіне 

толық ұшырамай, тілімізге оралып үлгерсе, 

«Қара халық мінген аттар да ер тұрманы 



онша  бай  болмағанмен,  құйрығы  түйіліп, 

жалы  өрілген,  кекілі  үкіленіп,  ою-өрнекті 

кежім  жабылған»  [Аласапыран,  110]  (ары 

қарай «А» - Қ.А.) деген сөйлемдегі кежім – 

көнерген  элемент.  Қазақ  тілінің  түсіндірме 

сөздігінде бұл сөз былай түсіндіріледі:



Кежім  –  зат.  Көне.  Кестелеп,  оюлап 

жасаған әдемі ат жабу [4]. 

Жоғарыдағы  топтарды  құрайтын  сөз дер-

дің  барлығы  дерлік  көнеріп,  қолданыстан 

шығып қалған сөздер емес, бірақ мағынасы 

көмескіленген,  салалық  мамандарға  ғана 

түсінікті,  сирек  қолданылатындары  бар-

шылық.    М.Мағауин  өз  кезегінде    кей-

бір  көнерген  элементтерге  түсінік  беріп 

отырады.  Біздің  мақсатымыз  –  көнерген 

сөздердің мәнін ашу, екіншіден, қаламгердің 

«суреттеп  отырған  дәуір  тіліне  жақын, 

танымдық  қасиеттері  мол,  уақыт  бедеріе 

дәл»  келетін  тілдік  элементтерді  орынды 

пайдалана білгендігін дәлелдеу.

«Кеңестен шет, таяу төңіректе, кейбірі 



–  от  басында  жантайған  қалпы  сүйек 

мүжіп,  кейбірі  айыл-тұрман  оңдап,  ішпек, 

тоқымын күнге кептіріп жатқан» [А, 480] 

сөйлеміндегі  ішпек  сирек  қолданылатын, 

біреу білсе, біреу білмейтін ат әбзелдерінің 

қатарына жатады. Ішпек – тоқымның астына 

төселетін жұмсақ ішкілік.

«Аласапыран»  романында  қару-жарақ 

атаулары  молынан  кездеседі.  Мәселен, 

қалқан,  қылыш,  найза,  шоқпар,  садақ, 

семсер,  қанжар,  айбалта,  мылтық,  сүңгі, 

зеңбірек,  кездік.  Қалқан  –  көне.  Батырлар 

оқтан,  найзадан  қорғанатын  соғыс  құралы. 

Қылыш  –  болаттан  істелген,  өткір  жүзді. 

Найза  –  ұшын  темірден  істіктеп  жасаған 

ұзын  сапты  ескі  соғыс  құралы,  сүңгі. 



Шоқпар  –  басы  домалақтанып  келген, 

берік таяқ қару. Садақ – көне. Ағаштан иіп 

жасалған соғыс құралы. Семсер – болаттан 

істелген екіжүзді өткір қару. Қанжар – белге 

байлап  жүретін,  қос  жүзді  үлкен  пышақ 

(қару). Айбалта - көне. Ұзын сапты жарты 

ай  бейнесіндегі  кішірек  балта.  Мылтық  – 

оқ-дәрімен  атылатын  қару.  Сүңгі  –    көне. 

Темірден,  болаттан  қырлап  жасалған  ұшы 

үшкір  найза.  Зеңбірек  –  алысқа  атылатын 

үлкен соғыс құралы. Кездік – (зат) Кішкентай 

пышақ.  


Сонымен  қатар,  сарбаздар  киетін  киім 

атаулары  –  дулыға,  бадана,  көбе,  берен, 

кіреуке,  шарайна  сауыт  сөздері  кездеседі. 

«Көбе,  берен,  кіреуке,  бадана,  шарайна 

сияқты берік әрі қымбат сауыттар воевода, 

жүзбасы  бектер  мен  бірлі  жарым  бояр 

ұлдарында  ғана  бар»  [А,  286].  Сауыттың 

бірнеше  түрі  бар  екендігін  осы  мысалдан 

байқаймыз. Сауыт атауларын былай жіктеп, 

түсіндіруге  болады.  Көбе  –  көне.  Көбесі 

болаттан  немесе  темірден  жасалған  сауыт 

түрі.  Берен  –  болаттан  жасалған,  батырлар 

киетін  сауыт.  Кіреуке  –  көне.  Оқтан, 

найзадан қорғану үшін жорыққа киетін темір 

сауыт.  Бадана  –  көне.  Батырлар  соғыста 

киетін, оқ өтпейтін болат сауыт. Шарайна – 

көне. Сауыт, латы. Дулыға – көне. Батырлар 

соғыста басына киетін темір баскиім.

Қару-жарақ  атауларының  ішінде  көп-

шілікке  түсінікті бола бермейтін селебе сөзі 

кездеседі.  Селебе  –  ұшы  үшкір,  жүзі  өткір 

ұрыс қаруы. «Белінен ұзын селебесін суырып, 



әлі  де  жаны  шықпай,  артқы  аяғымен  жер 

соғып  жатқан  тарпаңды  қан  саулаған 

жарасының  үстінен,  қыл  тамақтан  орып 

жіберді»  [А,  117].  Ал  «Тым  құрыса  тәуір 

былғары  табылмай,  құрыш  киізден  қын 

жасатқан...  [А,  94],  «Сол  жақ  жамбаста 

қысқа  садақ,  оң  жақта  –қорамсақ  толы 

жебе»  [А,  160]  сөйлемдеріндегі  қорамсақ 

пен  қын  жебе  салып  жүруге  арналған 

арнайы қалта, қылыш, пышақ сияқты өткір 

құралдарды  салып  қою  үшін  жасалған 

қынап  деп  түсінеміз.  Осы  тұста  автордың 

қазақ  тарихын,  болмыс-бітімін,  тұмыс-

тіршілігін,  қоғамдық-әлеуметтік  саяси 

өмірін  жете  тексеріп,  соның  нәтижесінде 

роман оқиғасы баяндалып отырған заманға 

ХҮІ  –  ХҮІІ  ғасырдағы  қазақ  пен  орыс 

арасындағы қарым- қатынас, одан туындаған 

сан  қилы  оқиғаларды  баяндауға  арналған 

көркем шығармалардың бірі – М.Мағауиннің 

«Аласапыран» романы.

«Аласапыран» – тарихи роман, сондықтан 

да  «автор  ғасырлар  тереңінен  сыр  тартып, 

тарихи  құбылыстардың  төркінін  таратып, 

жылнамалық  документтерге  жан  бітіреді, 

дәуірдің  саяси-әлеуметтік  антологиясын 

алдыға жаяды»[1, 12]. Романда суреттелетін 

оқиғалар  тарихи  деректермен,  тарихи 

тұлғалармен үндесіп, сол кезеңнің шындық 

көрінісін береді. Бұл тұрғыда «Аласапыран» 

романы  қазақ  көркем  әдебиетіндегі  тарихи 

шығармалардың ең сәтті үлгілерінің бірі деп 

санауға тек оның көркемдік-шығармашылық 

сипаты  ғана  емес,  тілдік-стильдік  белгілері 

де  мүмкіндік  береді  [2,127].  «Аласапыран» 

романы  –  қазақ  халқының  сол  кездегі 

тұрмыс-тіршілігі, салт-санасын, әдет-ғұрпы-

болмысын  көрсете  аларлық  дәрежедегі 

шығарма [3,15].

«Аласапыран»  бұдан  төрт  ғасыр  бұ-

рынғы  қазақ  өмірін,  заманды,  оқиғаны 

суреттегендіктен,  оның  тілі  сол  дәуірдің, 

сол  ортаның  тілімен  сәйкес  келіп  отыруын 

– шығарманың  негізгі ерекшелігі деп тани-

мыз.  Тілші  ғалым  Р.Сыздық  тарихи  роман 

жазуға  бел  буған  жазушының  «романды 

тарихи  стиль  тезіне  салып  жазғанда,  автор 

өзі  суреттеп  отырған  тарихи  кезеңге  тән 

зат,  бұйым,  құбылыс,  әрекет  атауларын 

келтіруге  тиіс,  кейіпкерлерін  мүмкіндігін-

ше сол кезеңдегі тілдесу үрдісімен сөйлесуі 

керек,  оның  өзінде  де  әр  кейіпкерді  өзінің 

әлеуметтік  орнына,  тәрбие  танымына, 

жасына,  жынысына  қарай  «сол  кезеңше» 

сөйлеткені  тіпті  абзал»  дей  келе,  «міне, 

жазушы  М.Мағауин  осыны  жақсы  білген» 

[2,98] деп тұжырымдайды. Ғалымның пікірін 



105

104


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИЕТ

сай  әскери-кәсіби  сөздерді  молынан  пай-

даланып  шығарманың  «тарихилығын» 

арт тыра  түседі.  Оның  дәлелі  -  түрлі  қару 

жарақтың оқ-дәрі атауларын көрсетуі кез оқ, 

көбебұзар,  әндіген,  қозыжауырын,  қасалы, 

ысқырма, томар оқ, доғал оқ, аймаңдай оқ, 

тобылғы оқ, жебе, тіз оқ.

Біз  романдағы  қару-жарақ  атауларының 

ішінен  пешіл  және  пестіл  сөздерін 

кездестірдік.  Пищаль  –  білтелі  мылтық. 

Пестіл  -  пистоль  -  тапанша.  Автор  бұл 

сөздерді  фонетикалық  өзгерістермен  берсе 

де,  қару  атауларының  орыс  халқына  тән 

екендігі түсінікті. 

Романда ел билеу рәсімі, ұлттық дәстүр, 

соғыс  көріністері  тұрмыстық-этнография-

лық детальдар тарихи көркем деректілік пен 

суреттеледі.  Шығармада  сол  заманға  сай 

киім-кешек атаулары, ыдыс-аяқ, тұрмыстық 

бұйым  атаулары  молынан  кездеседі. 

Жазушы  олардың  қандай  материалдардан 

жасалып,  немен  безендірілгенін,  қалай 

пайдаланылатынын  жетік  біліп,  сенімді 

суреттейді. 

Көк 

күймелердің 

алдыңғы, 

ішкі 

жақта  тұрған  қатары  әрі  зор,  әрі  әсем 

көрінеді.  Арбасының  шарбақ-шарбақ  қай-

ың  доңғалағы  мен  берік  қиюластырып 

жасалған  арыс  ағаштары  жосаға  жаңа 

ғана  боялғандай  қып-қызыл.  Арба  үстіне 

бітеу  орнатылған  киіз  үйлердің  үзігі 

ментуырлығы  бүгін  ғана  жабылғандай, 

аппақ,  дөдеге  жапсырмалары,  белбау, 

басқұрдың  ою-өрнек,  әшекейлері  анық 

ажыратылмағанмен, андағайлап тұр, өзара 

ұқсамас  ерекше  көркін  танытады.  Екінші, 

ортаңғы қатардағы көк күймелердің біразы 

көлеңкелі,  аралықтан  анық  көрінгендерінің 

өзі онша әсем емес сияқты [А,78]. Бұл сұлтан 

көшінің  салтанатты  кейпін  көз  алдымызға 

әкеледі.  Жосаға  боялған  арбаның  арыс 

ағашы, киіз үйдің аппақ үзігі мен туырлығы, 

ою-өрнекті  белбау  мен  басқұр,  арба  үстіне 

орнатылған  киіз  үй  өзара  ұқсамас  ерекше 

көркем көрінеді.

Ораз-Мұхамед үй-ішіне жіті қарап, тез 

шолып  шықты.  Жасау,  жиһаз  атаулыда 

асадал  жаққа  құрылған  ескі  шымши 

мен  төрдегі  бояуы  оңа  бастаған  терме 

алашадан  өзге  ештеңе  көрінбейді.  Оң  жақ 

босағада  қасы  сынған  ескі  құранды  ер, 

төрде былғары қынапты, ұзын қайқы қара 

қылыш  ілулі  тұр.  Кереге  атаулы  түгелге 

жуық  жалаңаш.  Сыртындағы  киіз  қара 

құрым,  шоқпыт-шоқпыт,  сағанақтардың 

көгі  созылған,  бүкіл  үй  қаусап,  құлағалы 

тұрғандай [А, 85].

Үзіндіде  асадал,  шымши,  терме  алаша 

тәрізді  тұрмыстық  зат  атаулары  кездеседі. 

Жоқ-жітік,  кедей  халықтың  тұрмыс-тір-

шілігін хабарлайтындай. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет