Бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет10/14
Дата15.03.2017
өлшемі1,72 Mb.
#9497
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Summary

The article describes the preparation and conduct of intellectual competition in the Russian language 

among the students of the Kazakh groups. Intellectual competition is one of the most effective methods of 

innovative technology in training and education of students. Its purpose is to identify Russian language 

experts among the students of the Kazakh groups, as well as to promote the study of Russian language, 

literature and culture.

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ

Құрсабаев М.Қ. – 

«Көкше» Академиясының ғылым жөніндегі проректоры,

Халықаралық «Атамекен» ұлттық тәрбие

 бағдарламасының авторы, п.ғ.к.

kursabaev_mr@mail.ru

Соңғы  жылдары  қол  жеткізген  табыстар 

һәм 

тәжірибелер 



ата-бабаларымыздан 

қалған  аса  құнды  мұраларымыз  саналатын 

ұлттық  тәрбие  потенциалының,  әсіресе 

бүгінгі  ғаламдық  жаһандану  жағдайында 

аса зор және қажет екені белгілі болып отыр. 

Аталмыш  сала  бойынша  соңғы  жылдар 

көшінде  жүргізілген  зерттеу  жұмыстары 

мен  ғылыми-практикалық  конференциялар 

материалдары, 

сондай-ақ 

мемлекеттік 

һәм  бұқаралық  деңгейде  қабылданған 

маңызды шешімдер мен құжаттар, авторлық 

бағдарламалар мен ғылыми-шығармашылық 

жобалар – ұлы жәдігеріміздің өскелең ұрпақ 

жадына  сақтап,  күрделі  шақта  кәдесіне 

жаратар  мұхтасар  құрал  бола  алғанын 

жоққа шығармаймыз. 

Аталмыш термин һақында аз айтылып һәм 

жазылып жатқан жоқ. Оның еліміздің өткен 

дәуірінде, кейінгісінде тіпті М.Жұмабаевтың 

«ұлт 


тарбиясынан» 

Б.Момышұлының 

«халық  тәрбиесіне»  дейінгі  аралығында 

жас ұрпақтың заман талабына сай болуына 

бірден-бір  тұтқа  бола  алуына  маңызды  рөл 

атқаратын  құрал  ретінде  ұлт  санасында 

өзгерусіз  сақталып  келе  жатқан  құбылыс 

екені кең тұрғыда бағаланып келді.

Ұлттық  тәрбиенің  пән  оқулығы  ретінде, 

өз  кезегінде  әрбір  оқу  ордасында  арнайы 

кафедралар ашу, мамандар дайындау сияқты 

сипатта  өрбуіне мол мүмкіндіктер ашылуда. 

Осы  мәселе  бойынша  оқушылар  мен 

студенттер,  ата-аналар  мен  зерттеушілер 

арасында 

жүргізілген 

сұхбат-сауалдар 

бойынша ұлттық тәрбие жөнінде болашақта 

ауқымды  һәм  стратегиялық  бағытта 

жұмыстар  жүргізу  қажеттілігі  туындауда. 

Тұжырым  орайында,  аталған  ойлардың 

бүгінгі  заман  желісіндегі  қиындықтарға 

қарамастан 

көптеген 

тәжірибелер 

жинақталып  келе  жатқанын  атап  өткеніміз 

жөн. 

Дегенмен,  қол  жеткізген  табыстар 



мен  барынша  ұтымды  жобаларға  талдау 

жасай  отыра,  ұлттық  тәрбиенің  оқу-тәрбие 

процесінде  кешенді  жүзеге  асырылуының 

технологиялық  картасының  қажеттілігі 

туындап  отырғанын  ескерген  жөн.  Осыған 

орай төмендегідей нақты ой-тұжырымдарды 

баяндауды мақсұт еттік.

Ұлттық  тәрбиенің  үздіксіз  процесс 

екенін  ескере  отыра,  оның  халық 

тұрмысымен  барынша  жанасуы  мен 

ілкімденуі ата-ананың бала тәрбиесіне деген 

жауапкершілігінен бастау алғаны абзал, Бұл 

мәселеге  әлемдік  деңгейдегі  классикалық 

педагогикалық ой-тұжырымдар үлкен назар 

аударады.  Оның  басымдылық  көріністері 

жаңа  отбасы  дәстүріндегі  нәрестенің  адам 

бойында  пайда  болуы  және  оның  жарық 

дүниеге  келу  құрметіне  байланысты 

ырым-тыйымдардың,  салт-сана  мен  тәлім-

«Тәрбие – бақытты өмірдің көркемдік бастауы һәм бақытсыздыққа 

ұшыраспаудың сенімді кепілі»

Демокрит


65

64

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

тәрбиелік тәжірибелер жиынтығын айтамыз. 

Демек, осы тәжірибелер кеңістігі уақыт өте 

келе  жалпы  ұлттық  тәрбиенің  фундаменті 

болып  қалыптасатынына  біздер  табиғи 

жағдайда көзайым боламыз.

Сол  себепті  ең  алғашқы  ұлттық  тәрбие 

әліппесі  бала  ес  біле  бастаған  шақта 

пайда  болатын  сұрақ-жауаптар  мектебі  – 

дүниетаным және салт-дәстүр тақырыбынан 

бастау 

алмақ. 


Оның 

нәтижелілігі 

Я.О.Коменский,  Қайқауыс  Гиланшаһ  һәм 

Мария  Монтессори  еңбектерінде  ерекше 

назарға  ілініп,  өз  кезегінде  ата  салты  мен 

ұрпақ  тағдыры  арасындағы  ғасырлық 

сабақтастың мәңгілік байланыста болатынын 

паш  еткенін  байқаймыз.  Оған  бүгінгі 

таңдағы ерте жастан бастап білім беру әдіс-

тәсілдерінің  оқу-тәрбие  практикасында 

кеңінен 

қолданылуы 

бұл 

жөнінде 


халықтық  педагогикалық  тәжірибелердің 

көне  замандардан  бері  өзіндік  мәңгілік 



классикалық  моделін  жоғалтпай  келе 

жатқаны мұрындық болғанын ескерген жөн.

Ұлттық тәрбие мәселесіне байланысты 

сұрақтардың  тілі  шыға  бастаған  баланың 

ересектерге  себепті-себепсіз  жаудыртуы 

тегін емес, Ол сұрақтар жөнінде өзіміздің 

жеке отбасылық өмірімізде кездескен «Ата 

неге  бата  береді?»,  «Құдай  Ата  қайда?», 

«Қозы  неге  маңырайды?»,  «Жер  неге 

жасыл?»,  «Аспан  неге  көк?»  т.б  сұрақтар 

баланың біреуден үйренгені арқылы емес, 

керісінше  ішкі  жан-дүниесімен  тығыз 

байланыста көрініс тапқанына ерекше мән 

беруіміз қажет. Ендігі арада біздер тілашар 

тұс пен мектепалды кезеңіндегі балаларға 

ұлттық  тәрбиенің  қай  түрі  немесе  әдісі 

керек  екенін  білгеніміз  абзал.  Ойымызды 

нақтылай  келе  мынадай  кешендік  жүйені 

қалыптастырамыз: 

Тақырып

«Тілашар 

тұс 

пен 


мектепалды кезеңіндегі балаларға  ұлттық 

тәрбие берудің технологиялық картасы».



Мақсат: Қоршаған орта һәм салт-дәстүр 

және олардың адам өмірі мен тұрмысымен 

тығыз байланыстылығы мен маңыздылығы 

турасында  жас  бүлдіршіндерге  толық 

мағлұмат беру.

Әдіс­тәсіл:  Жас  өскіннің  санасына 

қоршаған  ортадағы  құбылыстар  мен  адам 

әрекеті ерекшеліктері, пайдасы мен маңызы 

жөнінде  оқулықтар  мен  әдебиет,  Интернет 

ресурстар  мен  педагогикалық  технология 

жетістіктері  мен  құралдары  арқылы 

толыққанды мағлұмат беру.

Күтілетін нәтижелер. Балалар қоршаған 

орта және ондағы адам әрекеті барысындағы 

құбылыстар  мен  көріністердің  мән-жайы 

жөнінде  нақты  философиялық  түсінік 

қалыптастырады.

Қосымша  материалдар.  Оқу-тәрбие 

процесі,  электронды  оқулықтар  мен 

веб-материалдар,  тест  сұрақтары,  пән 

оқулықтары,  аудио-видео  материалдар, 

портфолио, слайд-жобалар.

1­тақырып. Туған жер – алтын бесік.

-  Мен және өскен орта

-  Менің ауылым. Менің сүйікті 

қалам


-  Ата мен әже дәстүрі. Атамның 

әңгімелері

-  Әжемнің ертегілері

2­тақырып. Ақ босаға – киелі шаңырақ.

-  Менің жанұям

-  Әке мен шешемнің туыстары. 

Ру шежіресі

-  Менің 

жұртым 


және 

бауырларым.

-  Туыс атаулары һәм жеті ата

3­тақырып.  Аталы  сөз  –  базыналы 

бата.

-  Бата-тілек – ұрпақ қалқаны

-  Сөз басы сәлем

-  Мың  бір  мақал  һәм  жүз  бір 

жұмбақ

-  Жер-су атаулары



4­тақырып. Төрт түлік – ұлт қазынасы

-  Мал төлдерін шақыру

-  Жылқы төлін шақыру

-  Қой төлін шақыру

-  Түйе ботасын шықыру

-  Мал етін мүшелеу дәстүрі



5­тақырып. Ас – адамның арқауы

-  Ұлттық тағамдар

-  Қонақ күту салты

-  Ас мәзірін дайындау

-  Сусын һәм тағамдар

6­тақырып. Ұлттық өнер – рух діңгегі

-  Ән-күй һәм халық жырлары

-  Ою-өрнек түрлері

-  Ұлттық би дәстүрі

-  Әшекейлік  бұйымдар  һәм 

ұлттық киім

-  Қару-жарақтар һәм әбзелдер

7­тақырып. Жер Ана – табиғат жүрегі

-  Өзендер мен көлдер

-  Тау, қырат һәм ойпаттар

-  Әлем  астаналары  және  Қазақ 

елі

-  Экологиятану



8­тақырып.  Өзін­өзі  тану  –  салауатты 

өмір салты

-  Спорт –денсаулық кепілі

-  Дені саудың жаны сау

-  Т у р и с т і к - ө л к е т а н у 

экспедициясы

-  Туған жердің картасы



«Туған  жер  –  алтын  бесік»  атты 

1­тақырыптың  педагогикалық­әдіс те ме­

лік сипаттамасы.

Мен  және  өскен  орта  және  менің 

сүйікті  қалам.  Аталмыш  тақырыптың 

төркіні – әр оқушы өзі туралы толыққанды 

биографиялық  сипаттама  береді.  Олар 

ауылдың  атауы,  тұрғылықты  мекен-жайы, 

халық  саны  сондай-ақ  ауыл  немесе  қалада 

орналасқан  тарихи-этнографиялық  маңызы 

бар мекендер мен ғимараттар, көне қаланы 

орны мен архитектуралық кешендер, атақты 

адамдар туралы толық сипаттама береді. 

Оған  мысал  ретінде  Шығыс  Қазақстан 

облысы, Ұржар ауданы, Б.Абжанов атындағы 

Қарақол ауылы туралы жөнінде төмендегідей 



мағлұмат  беруге  болады:  Қарақол  ауылы 

1932  жылы  ауылшаруашылық  маңызы  бар 

ірі қара және қой өсіру мақсатына арналған 

аймақтың  маңызы  бар  совхоз  орталығы 

негізінде құрылды. Ауылда 4 мыңнан астам 

халық  тұрады.  Онда  2  мектеп,  бір  емхана, 

бірнеше  құрылыс  нысандары  және  азық-

түлік  дүкендері  мен  мәдениет  Үйі  бар. 

Ауылымыздың  мақтанышы  әкелі-балалы 

Социалистік Еңбек Ері Ішпекбай және Совет 

Жақсыбековтар,  ақын  Құрман  Малдыбаев, 

әнші 


Бақыт 

Үдербаева, 

педагогика 

ғылымдарының 

докторы, 

профессор 

Сақыпжамал  Асқарқызы  Ұзақбаева  және 

Райфа  Қыдырбайқызы  Дүйсембінова  есім-

дерін атап өтуге болады.

Ауыл  Тарбайғатай  мен  Жоңғар  Алатауы 

арасындағы  Алакөл  ойысында  шалғынды-

бұталы,  жусанды-далалы  және  сулы-

шабындықты  жерде  орналасқан.  Клима-

ты 


шұғыл-континентті. 

Елді-мекеннің 

ор та  сынан  ағып  өтетін  қарақол  өзені 

Тарбағатайдың  Ақшәулі  жотасынан  бастау 

алып, Сасықкөлге құяды.

Қосымша  материалдар:  Интернет-

ресурстар арқылы ауыл және оған қатысты 

жерлер  жөнінде  тарихи-этнографиялық 

һәм  әлеуметтік-географиялық  материаладр 

жинастыру. Қарақол ауылы жөнінде деректі 

фильмдер көру фотокөрмелер ұйымдастыру, 

портфолио жасау. Ауыл дәстүрін насихаттау, 

елге арнайы туристік-өлкетану жорықтартар 

ұйымдастырып сапар шегу.

Оқушының  жеке  портфолиосы.  Оған 

электрондық  пошта,  блог,  атқарылған 

жұмыстар тақырыбы бойынша фотосуреттер, 

видеоматериалдар,  слайд-жобалар,  блог-

интервью, күнделік.

Атқарлған  жұмыстар  бойынша  алған 

білімдерді тест бойынша пысықтау.

1.Менің туған ауылымның атауы 

А-Қарақол

Б-Шолпан


В-Шыңырау

Г-Сағат


Д-Ақтоғай

2.Ауыл тұрғындарының саны

А-3 мың


Б-3,5 мың

В-5 мың


Г-2 мың

Д- 4 мың

67

66

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

3.  Қарақол  ауылында  неше  Еңбек  Ері 

бар?

А-1 адам


Б-2-адам

В-3 адам

Г-4 адам


Д- Ондай адам жоқ

4. Ауылда ертегі білетін әжелердің саны 

қанша?

А-74 әже


Б-83 әже

В-94 әже


Г-71 әже

Д-78 әже


5. Қарақол ауылы қай жерде орналасқан

А- Іле-Балқаш жазығында

Б- Жоңғар  қақпасында

В- Ертіс бойы аңғарында

Г- Арқарлы мен Шаған таулары арасында

Д-  Тарбаатай  мен  Жоңғар  Алаутауы 

арасындағы Алакөл ойысында

Оқушының ұлттық тәрбие құндылықтарын игеруінің деңгейлік көрсеткіштері

Жоғары

Орта

Төмен

Өзіңнің туған жері һәм ата 

дәстүрі туралы мол ақпараты 

бар, сондай-ақ өзі қабылдаған 

қосымша білім арқылы түрлі 

тапсырмаларды 

өздігінен 

орындай  алатын  жас  ұрпақ 

өкілдері.

Алған  білімдері  ту ралы 

өзіндік  көзқарас  қа лып  -

тастыратын,  өзіне  жүк   тел-

ген  немесе  талап  етілген 

тапсырмаларды 

мұқият 

орындайтын,  көп  жағ дай-



ларда  толыққанды  білім 

алуға  ынталы,  бірақ  оның 

жолдарын  мен  себеп-сал-

дарын  толық  түсінбейтін, 

кейде қиналатын ұрпақ өкіл-

дері.


Өзіне 

қатысы 


бар 

тәлім-тәрбие 

жөнінде 

б і л і м - д а ғ д ы л а р д ы 

игеру  барысында  түрлі 

п е д а г о г и к а л ы қ - п с и -

хологиялық  және  әлеу-

меттік  себептермен  игеру 

қиындықтар  туғызатын, 

көп  жағдайда  талап-тілек 

әдісі  арқылы  игеруге 

мүжбүр ұрпақ өкілдері.



Оқушының  міндетті  түрде  игеру 

білім­дағдылары:

–  туған  ауылы  және  оның  орналасқан 

жері, халықтың орналасуы, елді-мекендегі 

инфрақұрылымдар жөнінде білуі;

–  ауыл  дәстүрі  һәм  шежіресі,  тарихи 

оқиғалар  мен  әулет  дәстүрлері  және 

оның  себеп-салдары  һақында  толық 

мағлұматтардан хабардар болу;

– елдегі атақты адамдар және аталмыш 

өңірге қатысы бар көрнекті қайраткерлердің 

ісі  мен  еңбектері  туралы  материалдармен 

қанық болуы;

–  өздігінен  немесе  ұстаз-тәлімгердің 

көмегі арқылы маңызды Ақпарат көздерін 

(Интернет,  веб-ресурстар,  электронды 

оқулықтар,  потфолио)  ұтымды  пайдалана 

алатын тұлға;

– мемлекеттік білім стандарты негізінде 

толыққанды  білім  алуға  құштар,  мектеп, 

мектепалды сыныбы, қосымша білім беру 

орталықтары, сондай-ақ ұстаз-тәлімгердің 

тәрбие жұмысы бойынша жүктелген және 

талап  етілген  тапсырмаларды  орындауға 

һәм сақтауға бейім болуы;

– отбасы салты, ата-ана талап-тілектері, 

ата  мен  әже  салтын  сақтаушы,  ұлттық 

дәстүрге  бейім,  үздік  оқуға  жаны  құмар 

дарынды оқушының қалыптасуы;

–  ертегілер  мен  әңгімелерді  жақсы 

оқитын,  тыңдай  білетін,  жұмбақтар  мен 

мақал-мәтелдерді  білетін,  өз  бетінше 

шығарма  жазатын,  өлең  шығаратын, 

үлкендерге  көмектесетін  ниеті  мол 

ұрпақтың өсіп-өнуі;

–  үйде  де,  қоғамдық  ортада  белсенді, 

көпшіл,  иманды,  маңызы  зор  ұсыныстар 

беріп,  жақсы  істің  жанашыры  һ»м 

ұйымдастырушысы  бола  алатын  жоғары 

мәдениетті,  толерантты,  бәсекеге  қабілетті 

ұрпақ  болып  өсуге  бейімделу  болып 

табылады (жалғасы бар).

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Құрсабаев М.Қ. Қазақ-нама. Шығармалар жинағы. – Астана, 2008, 506 бет

2. www.you vision.kz Блог Mr_Kursabaev 

3. www.koksheacademy.kz

4.  Ұлттық  тәлім-тәрбиенің  тарихи  кезеңдері  //  Гуманитарное  образование  в  ус-

ловиях  модернизации  казахстанского  общества:  опыт  и  перспективы.  Сб.материалов 

республиканской научно-практической конференции (21-22 апреля 2005 г) / ЕАГИ. – Астана: 

Изд-во ЕАГИ, 2005. – С. 291.

5. Основные направления научно-этнопедагогической программы «Атамекен» // Поиск. 

– 2005. – № 4. – Б.44-47.

6. Ұлттық тәрбиенің тағдыры һәм болашағы // Қазақстан мектебі. – 2006. –  № 1. – Б. 24-

27.


7.  THE  KAZAKH  SCIENTIFIC  AND  ETHNO-PEDAGOGICAL  KONCEPTION- 

PROGRAMM «АТАМЕКЕН» 17.01.2008, www.authorstream.com



Резюме

В  статье  автор  рассматривает  технологии  карт  по  национальному  воспитанию  ребенка 

дошкольного возраста .

Summary 

The author considers the card technology on the national education of children of preschool age.

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ РУХАНИ­

АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ 

НЕГІЗДЕРІ

Мырзаханова С.А. – 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің

 дефектология мамандығының 1 курс магистрі

Қазақстан  Республикасы  Президенті 

Н.Ә.Назарбаев 

«Интеллектуалды 

ұлт 

–  2020»  идеясын  ұсына  отырып,  «…



Заманауи  прогрестің  мәнін  білуіміз  керек. 

Қазіргі шындық мынадай: бүгінгі мемлекет 

өзінің  интеллектуалды  ресурстарымен 

бәсекеге  түседі.  «Интеллектуалды  ұлт 

–  2020»  идеясының  мақсаты  –  жаңа 

қазақстандықтарды  тәрбиелеу.  Елді  адам 

капиталы  арқылы  бәсекеге  қабілетті  ету. 

Бәсекенің  бастысы  –  білімнің  бәсекесі. 

Бұл  үшін  біріншіден,  білім  жүйесінің 

инновациялық  дамуына  жол  ашу  керек, 

екіншіден,  электронды  қызмет  көрсетуді 

жаңа  заманға  сәйкестендіру  керек,  –  деп 

нақты  бағытты  айқындап  отыр.  Әсіресе 

бүгінгі  ұрпақтың  рухани-адамгершілік 

құндылықтарын  қалыптастыруды  басты 

негізгі  мәселе  тұрғысынан  қарастырып 

отыр[1, 1 б.].

Мүмкіндігі  шектеулі  мектеп  оқу шы-

ларының  рухани-адамгершілік  құндылық -

тарын  қалыптастыруды  бізі  зерттеу 

жұмысымыздың  психо-педагогикалық  негі-

зін  айқындауда  алыс  және  жақын  шетел, 

Қазақстан  ғалымдары  Аймауытов  Ж., 


69

68

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

Выготский  С.,  Жарықбаев  Қ.,  Шерьяздано-

ва  Х.Т.,  Бапаева  М.Қ.  т.б.,  педагогика  са-

ла  сы  бойынша  Байсеркеев  Л.А.,  Ким 

В.А.,  Майғаранова  Ш.,  Сухомлинский  А., 

Иманбаева С.Т., Төлеубекова Р., Урынбасаро-

ва Э. т.б. еңбектерін негізге ала отырып, зерт-

теу  тақырыбымыздың  теориялық  негіздерін 

айқындауға мүмкіндік болды. 

Ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құн-

дылықтар, жеке адамның рухани және күш-

қуат  мүмкіндіктерін  дамыту,  адамгершілік 

пен салауатты өмір салтын берік негіздерін 

қалыптастыру,  даралықты  дамыту  үшін 

жағдай  жасау  арқылы  ой-өрісін  байыту; 

белсенді  азаматтық  ұстанымы  бар  жеке 

адамды  тәрбиелеу  мектептің  оқу-тәрбие 

үдерісінде  алдына  мақсат  қоя  отырып 

жүргізілген іс-шаралар негізгі орын алады. 

Түркі  әлемінде  тұлғаның  рухани 

құндылықтарын  қалыптастыратын  көне 

жәдігерлер көптеп табылады. Философиялық 

тұрғыда  “рух  –  материалдық  бастамаға 

қарағанда идеалдыққа, санаға барабар ұғым. 

…Қоғамның  рухани  өмірі  –  қоғамдық 

сана – қоғамдық болмыстың бейнесі болып 

табылады.  Сонымен  қатар,  ол  қоғамдық 

болмысқа, 

азаматтың 

практикалық 

қызметіне өзінің белсенді ықпалын тигізеді” 

[2, 367-368 б.].

Белгілі  ғалым  Қозыбаев  М.  “Рух  – 

туған  жер,  туған  ел,  ана  тілі,  ата  тарихы, 

ұлт  менталитеті  ұғымдарымен,  түйіндеп 

айтқанда,  Отанмен  тағдырлас.  Рухты  жан 

қара басын күйттемейді, олар, Отан, халық, 

ұлт деп толғанады.

…Рух  адам  баласының  жан  дүниесінің 

арқауы” [3,254].

Философ  Д.Кішібеков  қазақ  тәрбиені 

бойына  сіңірген  халық  дей  келе,  зерттеу 

тақырыбымызға  негіз  етіп  алып  отырған  

рух,  руханилық  ұғымдарының  мән-

мағынасын  ашып  көрсетеді.  “Рух,  –  дейді 

ғалым – халықтың материалдық, күнделікті 

өмір  тәш-пұшынан  тыс,  әрі  жоғары  тұрған 

жан-дүниесі, оның бет-бейнесінен көрінетін 

биік  еңсесі,  мәртебесі  мен  жігері.  Оның 

негізі  –  өткен  тарихы,  салт-санасы,  жыр-

дастандары, ата-бабаларының өнегелі, ерлік 

істері 


Мен  айтқан  даналық  нақыл  сөздері, 

қиындықтарда 

желеп-жебеп 

жүретін 


әруақтары, сарқылмас күші, мұғалмас қаруы.

…Осыдан  келіп  оның  рухани  бейнесі 

сомдалады[4,167].

Руханилық  ұғымына  Ресей  философ 

ғалымдары да аса мән беріп отыр. Мәселен 

ресейлік  философ-ғалым  С.Б.  Крымский 

“Руханилық  –  бұл  сыртқы  болмыс 

универсумын  тұлғаның  ішкі  ғаламына 

этикалық  негізде  айналдыру  қабілеті,  сол 

ішкі  әлемді  құрау  қабілеті  арқылы  арқылы 

үнемі өзгеріп отыратын жағдайдың алдында 

адамның өзіне сәйкестігі мен оның еркіндігін 

жүзеге асыра білуі. Руханилық ақыр аяғында 

өзіндік  мағыналық  космогонияға,  әлем 

образының тұлғаның адамгершілік заңымен 

бірігуіне әкеледі”, – деп атап көрсетеді[5]. 

Педагогикалық  сөздікте  “Руханилық  – 

тұлғаның  екі  фундаментальды  қажеттілігі 

себептерінің  жүйеде  көрінуі:  идеалды 

таным қажеттілігі мен “басқалар үшін” өмір 

сүру мен қызмет ету әлеуметтік қажеттілігі. 

Руханилық  категориясымен  өмірді,  өзін 

және  өмірінің  мақсатын  және  мәнін  тану 

қажеттілігі  астасады.  Адам  қаншалықты 

осы  сұрақтарға  жауап  іздесе  және  табуға 

тырысса,  соншалықты  рухани  болады”,  – 

деп атап көрсетілген[6].

Мектеп  оқушыларын  рухани  дамыту 

мәселелерін  зерттеп  отырған  ғалым 

Майғаранова  Ш.  тәрбие,  білім  беру,  оқыту 

арқылы  және  сыртқы  әлемдік  күштердің 

түрткісі  негізінде  адамның  жан  дүниесінің 

даму  процесі  болатынына  тоқтала  келе 

“тұлғаның  руханилығы  –  оның  гуманистік 

бағыттағы  дүниелік  қатынастарға  енуі. 

Рухани дамыған тұлға – адамзат санасынан 

туындаған дүниелік құндылықтарды бойына 

жинақтап,  сол  арқылы  дүниеге  тұлғалық 

қатынастан,  өмірге  қанағаттанбаудан  тұлға 

ізденіске түсіп, өзін-өзі дамытады. Өмірдегі 

қанағаттанбаушылық  тұлғаның  рухани 

қалыптасуының  белгісі,  руханилықтың 

өлшемі болып табылады [7].

Сонымен  қатар,  ғалым  рухани  дамыған 

тұлғаның  көрсеткіштері  деп  төмендегі 

сапалық  белгілерді  ұсынады:  басқаларға 

жанашырлық білдіру, өзге адамға жақсылық 

тілеу, адамдарға көмек көрсету, айналадағы 

өмірді  жақсартуға  ұмтылу,  оны  жүзешге 

асыру,  өмір  туралы  мәселелер  жөнінде 

толғану, өмірдің мәнін іздеу, өзін-өзі дамыту, 

жетілу арқылы бүкіл дүниені жетілдіру.

Айналадағы 

құбылыстарға 

адами 

сипат  беру,  оларды  “жандандыру”  арқылы 



қабылдау  тұлғаны  рухани  дамытудың 

психологиялық  тетігіне  жатады.  Адам 

өміріне  лайықты  қатынас  құру  үшін 

оны  рақымдылық,  сұлулық,  ақиқатқа 

негіздей  білу  керек.  Өмір  туралы,  өмірлік 

құндылықтар  жүйесі  жайында  толғануды 

кейде рухани қызмет деп, педагогикада оны 

құндылық – бағдарлы қызмет деп белгілейді, 

ол  тұлғаны  қалыптастыру  жүйесінің  ең 

маңызды құрылымы болып саналады”, – деп 

атап көрсетеді [7,7б.]. 

Автордың  рухани  тәрбие  және  білім 

беру  мәселесін  зерделей  келе,  “Рухтың 

ұясы  –жүрек.  Ақыл  жүрекпен  нұрланса, 

неғұрлым  рахымға  толы  болса,  соғұрлым 

адам да ізгіленеді” – деуінің өзі, ұлы ғұлама 

әл-Фарабидің  тәрбиесіз  берілген  білім  ол 

білім  емес  деген  тұжырымымен  ұштасып 

жатыр[7,13б.].

Ал  философиялық  тұрғыда,  философ-

ғалым С.Нұрмуратов “руханилық құбылысы 

бірнеше іргелі салалардың бір-бірімен тығыз 

байланысынан  өрбиді,  түзеледі.  Солардың 

ішінде  негізгісі  –  адамның  өмірі,  ондағы 

кез-келген қиындықты барынша оңды және 

ыстық  ықласымен  қабылдай  алуы,  рухани 

белеске  төзімділік  таныта  жетуі.  Соған 

ұмтылған және шамасы жеткен адам нағыз 

рухани даму жолында болады, яғни, ол өмірде 

өзінің  адами  болмысын  үнемі  шарықтата 

түседі, сөйтіп, ол дара тіршілігімен дүниені 

нұрландыруға  қомақты  үлесін  қосатыны 

анық”,  –  деп  рухани  тұлғаның  дамуы  мен 

қалыптасуына жан-жақты зерделейді. 

Автор  руханилық  адамгершілік  құн-

дылықтарына,  қасиетті  нұрға  бөленгенде 

ғана  идеальділіктің  ең  жоғары  түрі 

руханилыққа  айналатынына  тоқтала  келе, 

руханилық – адамның дүниені жасампаз, оң 

образдар  арқылы  қабылдауы,  адамаралық 

рухани  үйлесімділікті  нығайта  түсуі,  өз 

ойындағы  рухани  жылуын  әлемге  риясыз 

сыйлай  алуы  болып  табылатынын  атап 

көрсетеді [8,74]. 

Педагогикалық  тұрғыда  «Құндылық  – 

адам,  топ,  қоғам  үшін  қоршаған  әлемдегі 

объектілердің оң және теріс маңыздылығы, 

олар 


өздеріне 

тән 


қасиеттермен 

анықталмайды, тек қана өздерінің адамның 

тіршілік 

әрекетіне, 

қажеттіліктеріне, 

әлеуметтік  қарым-қатынастарына  қаты-

суымен;  осы  маңыздылықты  бағалаудың 

адамгершілік  қағидалармен,  идеалдармен, 

бағдарлармен,  мақсаттармен  белгіленген 

әдістері  және  көрсеткіштерімен  анық-

талады», – деп атап көрсетеді [9,447-448 б.]. 

«Құндылық  –  адам,  топ,  қоғам  үшін 

қоршаған  әлемдегі  объектілердің  оң  және 

теріс  маңыздылығы,  олар  өздеріне  тән 

қасиеттермен  анықталмайды,  тек  қана 

өздерінің  адамның  тіршілік  әрекетіне, 

қажеттіліктеріне, 

әлеуметтік 

қарым-

қатынастарына  қатысуымен;  осы  маңыз-



дылықты 

бағалаудың 

адамгершілік 

қағидалармен,  идеалдармен,  бағдарлармен, 

мақсаттармен  белгіленген  әдістері  және 

көрсеткіштерімен  анықталады»,  –  деп  атап 

көрсетеді. 

Жекелей-тұлғалық педагогикалық құнды-

лықтар  жүйесіне  төмендегі  құндылық 

бағыттарын ұсынады:

- құндылықтар, оқушыны әлеуметтік және 

кәсіби ортада тұлға ретінде қадылдауы;

- құндылықтар, тұлғаның талаптарының, 

көзқарастарының  сәйкес  келуі  (қарым-

қатынаста,  құрбыларымен  іс-әрекеттерінің 

сәйкес  келуі,  рухани  құндылықтармен 

алмасуы);

- құндылықтар, тұлғаның шығармашылық 

ерекшелігін  дамытуға  бейімдеу  (әлемдік 

мәдениетті 

менгеруі, 

сүйікті 


ісімен 

айналысуы, үнемі жетілуіне ықпалы);

-  құндылықтар,  тұлғаның  бойындағы 


71

70

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



СЫНЫПТАН ТЫС ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ

ерекшеліктер іс-әрекет барысында іске асуы 

(шығармашылық);

-  құндылықтар,  қоғамнан  өз  орнын  таба 

білуі [9, 447-448 бб.]. 

Жоғарыдағы 

құндылықтар 

жүйесі 


өзара  бір-бірімен  бірлікте  іске  асса 

тұлғаның  бойындағы  құндылықтар  қалып-

тасады  деген  тұжырым  жасайды.  Олар 

тұлғаның  толыққанды  білім  алуының 

өзін  жалпыадамзаттық  құндылықтарға 

жатқызады.

Білім  беру  жүйесінің  мәдени-ізгілендіру 

функциясына бірінші, рухани құндылығын, 

рухани  дамуын  қалыптастыруды  ұсынады. 

Тұлға өмірде кездесетін өмірлік кедергілерді 

жеңе білуі, екінші, моральдық жауапкершілік; 

үшінші, тұлға ретінде өзін-өзі іске асыруы; 

төртінші,  тұлғаның  рухани  адамгершілік 

құндылықтарының  қалыптасуы,  бесінші, 

рухани  құндылықтарды  аша  білуі  және 

шығармашылық  тұлға  ретінде  өзін-өзі  іске 

асыруы [9,80].

Рухани-адамгершілік 

құндылықтар 

мәселе  сін  зерт теуші  ғалым  Майғара-

нова  Ш.  “Құндылықтар  –  тәрбие  мен 

оқыту дағы  адамгершілікке  бағытталған 

идеалдар. Оларға шындық, қайырымдылық, 

тұлға, 


пайда, 

бостандық, 

махаббат, 

шығармашылық, т.б. жатады. Құндылықтар 

–  идеалдарды  қабылдау  немесе  қабылдау 

сезімі  арқылы  айқындалып,  ақыл  –  ой 

сана  арқылы  қабылданды.  Құндылықтар 

құрметтеу,  қошаметтеу,  қабылдау  тәрізді 

ұмтылысты білдіреді. Құндылықтар – сезім 

мен  ақыл  –  ойдың  ұштасуын  және  сол 

арқылы адамның іс-әрекетін белгілейді.

Құндылық  –  бағдарлы  тәрбиеде  рухани 

адамгершілік  ұстанымдарын  жүйелі  түр-

де  жүргізу  тиімділікке  жеткізеді.  Ол 

үшін  оқушының  мәдени  құндылықтарды 

игеруіне,  өзін-өзі  дамыту  дағдыларына, 

өмір сүре білуге бейімділігіне, тұлғааралық 

қатынастарды,  дағдыларды  игеруіне,  өзіне 

және  өзгеге  жауапкершілікпен  қарауына 

көмектесу басты нысана болып табылады. 

Құндылықтар  тек  объективті,  яғни 

шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, 

солай бола тұра, субьективті өйткені ол адам 

санасында орын алады. Құндылықтар сезім 

арқылы  қабылданады,  ал  сана  арқылы  оны 

түсінуге  болады,  соның  нәтижесінде  тұлға 

құндылықты игереді де, іс-әрекет етеді. 

…білім  берудегі  құндылық  бағдар  сезім 

мен  ақыл  –  ойға  тең  дәрежеде  сүйенуі 

қажет.  Осы  тепе-теңдіктің  болмауынан 

білім жүйесінде сыңаржақты педагогикалық 

көзқарастар  орын  алып  келгені  белгілі. 

Сондықтан  да,  мектептерде  құндылық  – 

бағдарлы тәрбие үлгісін ұстанып, оны өмірге 

ендіру  көкейтесті  мәселелердің  бірі  болып 

табылады, – деп атап көрсетеді [7]. 

Қазiргi 

таңда 


рухани-адамгершілік 

тәрбие  мазмұнын  анықтау  үшiн  ұлттық 

құндылықтарды  бүкiладамзаттық  құнды-

лықтармен  ұштастыру  негiзгi  көкейкестi 

мәселе 

болып 


табылады. 

Рухани-


адамгершілік тәрбие бүгiнгi күн тұрғысынан 

қарастыратын 

болсақ, 

адамгершілік 

мәселесiн  ұлттық  және  жалпыадамзаттық 

құндылықтарды  өзара  сабақтастыра,  кi-

рiктiре отырып, қарастыруды қажет етедi. 

Ж.Ж.  Наурызбайдың  ғылыми  еңбектері 

негізінен 

тұлғаны 


мәдени-этникалық 

білім  беру  арқылы  тұлғаны  қалыптастыру 

мәселесіне  арналады.  Ғылыми-зерттеу  жұ-

мысымыздың әдіснамалық және теориялық 

негіздерін  айқындауда  ғалымның  мәдени-

этникалық  білім  беру  тұжырымдамасын 

негізге алдық. 

Мәдени-этникалық  білім  берудің  негізгі 

міндеттері ретінде төмендегі тұжырымдарды 

ұсынады: 

- Жан-жақты 

мәдениетті 

тұлғаны 

тәрбиелеу. Тұлғаның өзінің төл мәдениетінен 

сусындауы  және  өзге  мәдениеттерді 

ұғынуы  үшін  жағдай  жасау.  Мәдениеттер 

алмастығына  бірін-бірі  байытуына  бағдар 

ұстау.


- Көп тілді тұлғаны қалыптастыру. Өзінің 

ана  тілінде  және  мемлекеттік  тілде  еркін  

ұғынысуға  қабілетті  азаматтарды  даярлау. 

Сол  арқылы  өзінің  этникалық  тобына 

қатысты да, мемлекетіне қатысты да “бірдей 

адалдық”  үлгісін  көрсету.  Өмірде  үш,  төрт, 

одан да көп тілдерді шебер меңгеру жәйттері 

әбден мүмкін. 

Ғалым  елімізде  мәдени-этникалық  білім 

жүйесін  қалыптастыруға  қажетті  алғышарт 

–  мәдени-этникалық  білім  кеңістігін  құру 

болып табылады деп атап көрсетеді .

Зерттеуіміздің нысаны етіп алып отырған 

рухани-адамгершілік  тәрбие  тәрбие  жүйе-

сінде  тәрбиенің  негізгі  бағыттары  болып 

табылады.  Адамгершілік  тәрбиесінің  не-

гіз гі мазмұны – тұлғаны бойындағы еңбек-

ке  деген  сүйіспеншілігін,  патриоттық  құн-

дылықтарын 

және 


адам-табиғат-адам 

тұрғысынан  экологиялық  сананы  қалып-

тастыру көзделеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет