Бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет14/14
Дата15.03.2017
өлшемі1,72 Mb.
#9497
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  Ковалев С.В. Психология семейных отношений. М., 1987

2.  Асанова Г. Отбасы – бастапқы тәрбие мектебі. /Г.Асанова /Қазақстан мектебі. – 2007. 

№1. 16 б.

3.  Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030» бағдарламасы. 

4.   Сатир В. Как строить себя и свою семью. М., 2002 г.

5.  Оразбекова Қ.А. Отбасы психологиясы. Алматы, – 1997 ж.


95

94

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

6.  Ғабдуалиева  О.  Отбасындағы  әдептілік/Ғабдуалиева  О.//сынып  жетекшісі.  –  2002. 

№4.-1-56.

Резюме

В статье рассматривается роль семьи в развитии национального воспитания.

Summary

The article discusses the role of families in the development of  national education.

«КӨКШЕТАУ» ПОэМАСЫН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРҒА ТАНЫМДЫҚ 

ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МӘНІ

Жылқайдарова Ж.С. – 

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы

Семей қаласы, Шульбинск орта мектебі

Бүгінгі  таңда  еліміз  өз  тәуелсіздігіне 

жетіп, саяси-әлеуметтік және экономикалық 

дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан уақытта 

сапалы  білім,  сауатты  ұрпақ  тәрбиелеу  – 

негізгі  міндеттердің  бірі  болды.  Қоғамдағы 

еліміздің  басты  байлығы  –  адам,  халыққа 

сапалы  білім  мен  тәрбие,  рухани  азық 

беру  –  білім  саласындағы  қызметкерлердің 

басты  міндеті.  Осы  білім  саласындағы 

қызметкерлердің басты міндеті оқушыларға 

білім мен бірге тәрбие беру. «Жастай берген 

тәрбие  –  жас  шыбықты  игендей»  деп  біз 

балаларды өз халқының алтын қорынан нәр 

алып, сусындауға дағдыландыруымыз керек. 

Елімізді  алтын  қоры  бірі  –  әдеби  көркем 

туындыларымыз. 

Әдебиет  пәнін  оқыту  –  айрықша  көңіл 

бөлуді  қажет  ететіндігі  еліміздің  ертеңгі 

болашағына деген үлкен міндеттен туындап 

отырғаны бәрімізге мәлім. Көркем шығарма 

адамға  өмірді  танытады,сонымен  қатар 

адамды тәрбиелейді. Әдебиеттің қоғамдағы 

мәні ерекше. Ол адамдарға өмірді танытып 

қана  қоймайды,  олардың  сол  өмірге 

көзқарасын қалыптастырады, мінез-құлқына 

ықпал  етеді,  күллі  тұрмыс-тіршілігіне  әсер 

етеді. Зерттеуші-ғалым М.А. Рыбникованың 

пікірінше:  «Көркем  шығарманы  талдамас 

бұрын  оны  дауыстап  оқып,  дауыстап 

жеткізу  керек.  Сонда  ғана  шығарма  балаға 

барынша  әсер  етеді»,  –  дейді.  Міне,  біздің 

осы  жұмысымыздың  өзектілігі  осы  пікірге 

сайып келеді.

Оқушыларға 

әдебиеттің 

құдіретін, 

оның  адам  баласы  жаратылғаннан  бері 

бірге  жасасып  келе  жатқандығын,  мәңгілік 

жаңарып,  жасарып  отыратын  үрдіс  екенін 

айтып,  түсіндіре  отырып,  сол  әдебиетті 

жасаушылар,  ақын  –  жазушылар  туралы, 

олардың  көркем  шығармалары  жайында 

айтуымыз керек. 

Белгілі  ғалым  Қажым  Жұмалиев: 

«Көркем шығарма – әдебиеттің құндылығы. 

Көркем шығарманы оқыту – оқушының сөз 

қадірін  түсінерлік  ойлау  әрекетін  дамыту, 

рухани  дүниесін  байыту,  эстетикалық 

талғамын  жетілдіру,  адамгершілік  қасиетін 

қалыптастыру»  –  деген  болатын.  Осыдан 

барып  түйетініміз,  яғни  оқушы  әдебиет 

сабағында  көркем  шығарманы  түбегейлі 

қабылдау  керек.  Бұл  –  оңай  үрдіс  емес. 

Оны  түбегейлі  қабылдау  үшын  М.А. 

Рыбникованың  пікірінше  дауыстап  оқыту 

керек.  Қабылдау  деген  сіз  бере  салғанды 

ол  ала  қоятын  зат  емес.  Ол  –  оқушының 

өзінің  жан  қалауымен,  жүрек  сезімімен, 

рухани  әрекетімен  жүзеге  асатын  дүние 

болуы шарт. Қай көркем шығарма болмасын 

оқушы  қабылдау  үшін  оны  түбегейлі 

оқып,  автордың  жай  күйзелісін,  шалқар 

шабытын  бойынан  өткізіп,  көркем  суретті 

көз  алдына  елестетіп,  келтіре  алмаса  бәрі 

бос сөз болары анық. Сол үшін осы көркем 

шығарма арқылы оқушының сезімін ояту – 

мұғалімнің  қолында,  яғни,  оқушыға  әдеби 

білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік 

қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті 

оқыту барысында әдіс – тәсілдерді орнымен 

қолдану қажет.

Осы  орайда  айта  кететініміз,  ғұлама 

ойшыл  Әл­фараби  пікіріне  тоқталсақ: 

«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас 

жауы». Міне, біздің мақсатымыз әдеби білім 

берумен  қатар,  оның  оқушы  тәрбиесіне  де 

көңіл  бөлуіміз.  Тәрбие  –  қоғамның  негізгі 

қызметтерінің  бірі,  жеке  адамды  мақсатты, 

жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың 

тәжірибесін  кейінгі  буынға  меңгертіп, 

олардың  сана-сезімін,  жағымды  мінез-

құлқын дамытушы. 

Әдебиет  пәні  –  оқушылардың  шы-

ғармашылық  іс-әрекетін  дамытуда  ма-

ңызы  зор  пәндердің  бірі.  Жас  ұрпақтың 

азаматтық  сана-сезімін,  белсенді  өмірлік 

ұстанымын  қалыптастыру  да  әдебиет 

сабағының міндеті. Әдебиет – тұнып тұрған 

тілдік  байлық.  Мұнда  тілдің  эмоциялық, 

эстетикалық  әрекеттері  ерекше  көренеді. 

Бұл  дегеніміз  қазақ  тілін  жоғары  деңгейде 

үйренуге мүмкіндік беретін күш. 

«Көкшетау»  поэмасын  оқытуда  оқу-

шыларға  танымдық  тәрбие  беудің  әдіс-

тәсілдерін қарастыру міндетіміз.

Көкшетау  поэмасы  1929  жарық  көрді. 

Бұл  кезең  советтік  өмірдің  ең  бір  белсеңді 

уақытымен  шендесіп  жатыр.  Бұл  поэма 

ҚазААП-тың  сынағына  көп  ұшырады. 

Сәкенге бүгіннен алшақтап өткенді аңсадың, 

өткен  дәуірге  көңіл  бөлдің  деген  айып 

тағылды.  Осындай  жан-жақты  қысымға 

қарамай  Сәкен  құнды  шығарманы  дүниеге 

әкелді.  Поэма  4  бөлімнен,  47  тараудан 

құрылған.  Бастала  бере  Көкшенің  әдемі 

табиғатын  көлі  мен  терегін,  қарағайы  мен 

қайыңын,  тау  мен  тасын,  ауасы  мен  суын 

тамылжыта 

суреттейді. 

С.Сейфуллин 

«Көкшетау» поэмасынан үзінді:

Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,

Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.

Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,

Жүреді біліп кетіп есен-сауын.

Сексен көл Көкшетаудың саясында,

Әрқайсы алтын кесе аясында,

Ауасы-дертке дауа, жұпар иісті,

Көкірек қанша жұтса, тоясың ба? 

Табиғат сұлулығына, ел мен жер тарихын, 

ескі  ақындарын,  шежіресін  қосып  сұлулық 

пен  рухани  байлық  үйлесімділігін  жыр 

етеді. Ақын Оқжетпес, Жеке батыр, Бурабай 

атаулары жөнінде аңызды ел, жер тарихымен 

бірге береді. Өнер адамдары өмірін айтады. 

Поэманың ең негізгі арқауы – қалмақ қызы 

мен Адақ батыр арасындағы сюжеттік желі 

жаугершілікте  қолға  түскен  сұлулығымен 

талай  ержүрек  батырларды  таластырып 

қойған  қалмақ  қызының  тағдыры  арқылы 

шешіліп,  осы  ақылды  ұға  білген  Адақ 

батыр арқылы толықтырады. Ақын табиғат 

сұлулығына  адамдар  сұлулығын,  жер,  ел 

тарихының терең тамырын көркем бейнелер 

жан  дүниесінің  ізгілігіне  сәйкестендіріп, 

Көкшенің  қадір-  қасиетін  жерімен,  онда 

тіршілік еткен елімен бірге жырлайды. 

Өнер 

болсын, 


әдебиет 

болсын 


баланың  бойында  туған  топырағына 

деген  сүйіспеншілігін,  ыстық  ықыласын 

оятуы  тиіс.  Біздің  айтып  отырған  көркем 

туындымыз  «Көкшетау»  поэмасы.  Бұл 

көркем  туындыны  оқыту  шығармашылық 

құбылыс  болуына  байланысты,  оның 

жемісті,  нәтижелі  болуы  тәрбиені  ұлттық 

бағытта өрістету, сол бағытта әдіс-тәсілдерді 

жүйелі  қолдана  білуде  жатыр.  Мәселен, 

сөздік  әдіс,  зерттеу  әдісі,  көркемдеп, 

мәнерлеп  оқу  әдісі  салыстырмалы  әдістер 

мен көрнекілік әдістердің әдебиет сабағына 

берері  мол.  Сөздік  әдіс  арқылы  көркем 

шығармадағы  сөздің  мағынасын  түсінеді, 

егер  ғасырлар  бойы  сақталып  келген 

құнарлы бай әдебиетіміздің тілдік құрамына 

тереңнен  бойламаса,  одан  ешқандай 

нәтиже  шығара  алмайтынымыз  анық. 

Осы  қымбат  дүниелер  арқылы  жастардың 

бойында тілді үйренуге, таңсық сөзді білуге 

деген  құштарлық  сезім  қалыптасады.  Ал, 


97

96

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

мәнерлеп оқыту арқылы оқушының ана тілін 

тез  менгеруіне,  оны  бірден  қабылдауына 

әсерлі  болып  жетуіне  тиімді  ықпал  етуші 

тәсіл болмақ. Осы көркем туындыны оқыта 

отырып, сол туындыдағы кейіпкерлерді бір-

бірімен  салыстырмалы  әдіспен  түсіндіру 

де  пайдалы.  С.  Сейфуллиннің  «Көкшетау» 

поэмасы, онда оқиға болған жер – жер сұлуы 

Көкше.  Кейіпкерлері:  Абылай  хан,  батыр 

Баян, қалмақ қызы. Ерекшелегі – халқының 

намысы  үшін  туған  бауырын  аямаған 

патриот.  Шығармаларды  оқи  отырып 

жастардың  еліне  деген  сүйіспеншілігі  мен 

туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыруда 

ой  толғау  әдісін  қолданудың  да  маңызы 

зор.  «Көкшетау»  поэмасын  оқытудың 

тиімділігін  өз  жоспарымнан  үзінді  ретінде 

көрсетейін.  Яғни  сабағымның  тақырыбы: 

Сәкен 


Сейфуллиннің 

«Көкшетау» 

поэмасы.  Сабағымды  жүргізу  барысында 

поэманың 

мазмұны 

мен 


идеясына 

тоқталдым.  Поэманың  мазмұнын  өздеріне 

оқып,  танысып  келу  алдыңғы  сабақта 

тапсырылады.  Осы  сабақты  жүргізудегі 

мақсат:  поэманың  мазмұнына,  жазылу 

тарихына,  көтерген  проблемасына  тоқталу. 

Поэманың нақты идеясын ашу. Кейіпкерлер 

образдарына  мінездеме  беру,  іс-әрекеттерін 

талдау. Мұның бәрі көркем әдебиеттің өмір 

танытудағы  маңызын  дәлелдейді.  Өмірді 

тану арқылы қоғам тәрбиеленеді. Қоғамның 

айнасы – жас буындар.

Поэманы  оқытудағы  тәрбие  берушілік 

мақсат  оқушыларды  өз  Отанына,  туған 

жерге, туған елге деген сүйіспеншілікке, ең 

бастысы адалдыққа тәрбиелеу. Сабағымның 

түрі:  аралас  сабақ,  жарыс  түрінде  өтеді. 

Бір-бірімен  жарысқан  оқушылардың  жан-

жақтылығы,  жылдамдығы,  тиянақтылығы, 

ой-өрісі шапшаң дамиды. Бірінің сөзін бірі 

тыңдай  білу  мәдениетіне  тәрбиеленеді. 

Сабақты өткізудегі әдісім: мазмұндау, көркем 

шығарма  идеясына  тоқталу,  сюжеттік  желі, 

сұрақ-жауап,  салыстырмалы-зерттеу  әдісі, 

пікірталас  (дебат),  әдеби  айтыс.  Сабақта 

қолданылған көрнекілігі: суреттер (Абылай, 

Сәкен),  плакаттар,  қаттама  кітапшалар, 

үнтаспа («Біржан-Сара» операсынан үзінді). 

Сонымен  қатар,  сабақты  өткізуде 

оқушыларды  топқа  бөліп,  әр  топ  өздеріне 

ат  қояды,  тапсырма  беру  арқылы  жан-

жақтылығын,  шығаманы  талдай  оқыту 

арқылы танымын дамытамыз. 

Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі. 

І  топ  тапсырмасы:  Сәкен  –  табиғатты 

суреттеуші.  Ақын  неге  «Жеке  батыр», 

«Бурабай», «Оқжетпес», «Жұмбақтас» аңыз-

дарын  поэманың  негізгі  арқауы  етіп  алды? 

Ақынның мақсаты не? 

ІІ  топ тапсырмасы: поэмада басқыншылық 

саясатының әшкереленуі. Қара күшке қарсы 

сұлулық,  адамдық,  ақыл,  тапқырлық,  таза 

махаббат, шынайы ерліктің жырлануы қалай 

суреттеледі? 

ІІІ  топ  тапсырмасы:  поэманың  бас 

кейіпкері  қалмақ  қызы.  Ол  –  махаббат, 

шынайы  достық,  адамгершілік  символы. 

Адақ- 


халықтың 

жиынтық 


образы. 

Әділдіктің,  адалдықтың,  ер  жүректіліктің, 

нағыз  батырлықтың  символы  екенін 

дәлелдеңдер.  Көкше  өңірінің  сал-серілері, 

әнші-ақындары қалай жырланады? Ақынның 

туған жерге деген махаббаты қалай көрінеді? 

Шығармашылық  тапсырма:  «Сәкенмен 

сырласу».  Әр  топ  Сәкенге  өз  наздарын, 

бүгінгі  күн  мәселелерін  айтып  шағым 

жасайды.  Міне,  осындай  жұмыс  жүргізу 

арқылы  қазақтың  маңдайына  біткен 

шоқ  жұлдызы,  қазақтың  сөз  өнерінің 

асау  тұлпары,  сымбаттылығымен  алаш 

жұртының  жүрегінен  орын  алған  Сәкен 

Сейфуллиннің 

ең 


үздік 

шығармасы 

«Көкшетау»  поэмасымен  таныстық.  Оның 

басты  идеясына,  басты  кейіпкерлерге 

мінездеме  жасадық.  Осындай  зерттеулер 

жүргізу  арқылы  оқушының  танымдық 

көзқарастарын  дамыттық,  тәрбиеледік. 

Осындай талдаулардың нәтижесінде көркем 

шығарма  адамға  өмірді  танытады;  таныта 

тұра,  адамды  тәрбиелейді  және  өмірге 

көзқарасын қалыптастырады.

Қазақ  әдебиеті  халқымыздың  асыл  да 

мол  мұрасы.  Ол  талай  ғасырдың  жемісі 

болғандықтан,  халқымыз  рухани  қазына 

ретінде  сақтап  ұрпақтарын  сонымен  тәрбиелей отырып, бүгінгі күнге жеткізген. 

Резюме

В данной статье автор рассматривает элементы воспитания ученика через поэму «Көкшетау». 

Summary

In this article the author examines the elements of education of the student through the poem “Kоkshetau.”

ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ ЕРЕКШЕЛІГІ

Қарғабаева Л.Т. – 

Алматы қаласының 

№42 жалпы білім беретін орта мектебінің 

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Әр  адам  өзінің  ұлттық  тамырын,  әдет-

ғұрпын,  мәдениетін  түсіне  алады.  Өз 

халқына  деген  сүйіспеншілігі,  өзінің 

туған  жеріне  өз  халқы  өмір  сүретін 

ортаға  деген  сезіммен  ұласып  жату  керек. 

Халықтық  әдет-ғұрып,  салт-санасының 

байлығы,  патриоттық  сезім  Отанға  деген 

сүйіспеншілігін қалыптастырады.

Қазақ  отбасында  дене,  еңбек,  ақыл-ой, 

адамгершілік, экономикалық, экологиялық, 

құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. 

Қазақ  отбасында  аталған  тәрбие  түрлерін 

жүзеге  асырудың  мақсаты  жан-жақты 

жетілген 

азамат 


тәрбиелеу 

болды. 


Отбасындағы  дене  тәрбиесінің  мақсаты 

бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, 

ағзасын  шынықтыру  және  күн  тәртібін 

дұрыс  ұйымдастыруға,  салауатты  өмір 

салтына тәрбиелеу болды. Сондай-ақ қазақ 

отбасында  адам  зиялылығының  негізі  – 

ақыл ой тәрбиесі деп есптелінеді. Ақыл-ой 

тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің 

шарты болатын білім қорымен қаруландыру, 

негізгі  ойлау  операцияларын  меңгерту, 

зиялылық  біліктері  мен  дүниетанымын 

қалыптастыру 

міндеттері 

шешіледі. 

Қазақ  халқында  ерекше  құрметтелетін 

адамшылдық  қасиеттің  бірі  –  ар  болып 

есептеледі.  Ары  бар  адамда  намыста, 

әділдікте,  адамгершілік  пен  имандылықта 

болары сөзсіз. 

Ұлттық  тәрбие  –  біздің  ұрпақтан-ұр-

паққа  жеткізетін  асыл  қазынамыз  [1].  Ал 

мұндай  мәселелерді  зерттеп,  көпшіліктің 

ой-пікірлерін  қаум  елге  жеткізетін  негізгі 

құрал – бұқаралық ақпарат құралдары екені 

даусыз. 

Ұлттық тәрбиенің негізгі қағидалары:



99

98

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

- Ақылды, намысқор және көпшіл болу. 

Өнегелі және арманшыл болып өсу. Айтқан 

сөзді  тыңдау.  Адамгершіл,  шыншыл  және 

байсалды болу;

-  Өскен  ортаның  ықпалдарына  мән 

беру.  Табиғат  заңдылықтарын,  жануарлар 

дүниесін, өсімдік жамылғысымен танысу;

-  Ақылды,  білімді  болып  өсу.  Ақыл-

ойды  дамыту  әрекеттері.  Дамыта  отырып 

тәрбиелеу үрдістері;

-  Қонақжайлылық.  Сыпайылық.  Мейір-

бандылық.  Әдет-ғұрыптарды  қас терлеу. 

Үлкен  адамдарды  сыйлау.  Бата-тілек терді 

дәріптеу;

- Парасатты, қанағатшыл, елжанды және 

отансүйгіш болып өсу. Қайратты, әділетшіл 

һәм  адалдық  қасиеттері  бойына  сіңірген 

тұлға болу;

-  Тыйым  сөздер  мен  ырым-сырымдарды 

сақтау және қастерлеу;

- Тәлім-тәрбиенің біртұтас этнокомплексті 

түрде жүргізілуі;

-  Денсаулықты  шыңдау  және  тазалықты 

(гигиенаны) сақтау. Салауатты өмір салтын 

қалыптастыру;

- Үлкенді өнеге тұту. Кішіге ізет көрсету. 

Ұлттық  қазыналарды  қастерлеу.  Өсиеттер 

мен аманаттарға назар аудару. 

Халық  өнерінің  адам  жандүниесінің 

ішкі  рухани  қазынасы  екенін  сезген  қазақи 

сана,  өскелең  ұрпағының  бойына  аталмыш 

ұлы  дүниелерді  сіңіруді  басты  мақсат 

еткені  –  ұлттық  тәлім-тәрбиенің  негізгі 

қағидаларына  жатады.  Қазақ  өнерінің 

қаншалықты мәнді, мазмұнды және әрқилы 

екені  өнертанушы  ғалымдардың  ғылыми 

зертеулері  мен  шығармалары  (Ә.Марғұлан, 

Ө.Жәнібеков,  Х.Арғынбаев  т.б.)  негізінде 

нақты көз жеткіземіз.

«Ұлттық  тәрбие  дегеніміз  –  қоршаған 

ортаның талап-тілегіне сай дені сау, ұлттық 

сана-  сезімі  оянған,  отаншыл,  рухани 

ойлау  дәрежесі  биік,  мәдениетті,  еңбекқор, 

бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан 

қоғамның  белсенді  мүшелерін,  яғни  өзі 

өмір  сүріп  жатқан  ортаның  моральдық 

нормаларына,  заң  және  құқықтық  талап-

тілектеріне мойынұсынатын, сонымен қатар 

халықтық  ой-арманы,  салт-санасы,  жөн-

жосық,  жол-жоралғы,  әдет-  ғұрыптарының 

қажеттісін бойына сіңірген жаңа тұрпаттағы 

жеке тұлға тәрбиелеу».

Қазақ халқында отбасылық ұлттық тәрбие 

беру  ана  құрсағынан  басталып,  адамды 

өмір  бойы  және  оны  о  дүниеге  шығарып 

салумен  аяқталатын  әдет-ғұрыптар  мен 

салт- дәстүрлер негізінде үздіксіз жүргізіліп 

отырған.  Халқымыз  ұл  бала  тәрбиесіне 

ерекше көңіл бөлген. Оны мал бағуға, шөп 

және  отын  шабуға,  аң  аулауға,  мылтық 

атуға,  мерген  құруға,  қолөнер  шеберлігіне 

үйренуге,  мал  тауып,  отбасын  асырауға, 

әсіресе  ұл  баланың  елін,  жерін,  халын 

қорғауға  тәрбиелеген.  Ол  үшін  ұл  бала 

тәрбиесінде  жас  кезінен  ауыз  әдебиеті 

шығармаларын,  оның  ішінде  батырлар 

жырын кеңінен пайдаланған. 

Халқымыз  қыз  баланы  адалдыққа, 

әділдікке,  имандылыққа,  таза  махаббатқа 

тәрбиелейді. Қыз бала – болашақ ана, аяулы 

жар.  Жатжұрттыққа  жаралған  қыз  баланы 

айрықша  мәпелеп,  бұлғақтатып  әлпештеп 

өсіре отырып, оның тәрбиесіне, бой түзеуіне 

ерекше мән берген. Қыз баланы жастайыннан 

үй  ішінде  тұрмыс-тіршіліктегі  кесте  тігу, 

ою-  өрнек,  киім  тігу,  шай  құю,  нан  пісіру, 

түрлі  тағамдар  әзірлеу,  ет  мүшелеу,  оны 

сақтау, үй ішін күту, тағы басқа да сан алуан 

істерге  машықтандырып,  баулыған.  Осы 

ретте, Жүсіпбек Аймауытовтың бала мінезін 

жас шыбыққа теңегенін атап өтуге болады. 

Жас  кезінде  дұрыс  тәрбие  алмаған  бала 

өскенде қисық ағаш сияқты болып өсетінін 

отбасында теріс тәрбиеленген баланы қайта 

тәрбиелеудің  үлкен  қиындық  туғызатынын 

айтқан.  Әр  бір  отбасы  шаңырақтағы  жас 

буынды  –  өмір  жалғасы,  қоғам  тірегі  ұлт 

болашағы  деп  танып,  оларға  деген  берік 

сенім  мен  оның  көз  қарасты  жоғалтпауға, 

төмендетпеуге тиіс.

Ұлттық мәдениет ұлттық тәрбие арқылы 

қалыптасады.  Тәрбие  дүние  таныммен, 

өмір  заңдылықтарымен  тығыз  байланысты. 

Ұрпақты адамгершілікке, еңбекке, әсемдікті 

сезінуге,  тіл  мәдениетіне  құштарландыра 

тәрбиелейтін  құдыретті  құрал  –  қазақ 

халқының  ауыз  әдебиеті  десек  болады. 

Әдебиет  әуелі  жеке  дарындардың  дуалы 

ауыздарынан  шығып,  кейін  халық  қалап, 

қастерлеп,  жаттап,  жадында  қалдырып, 

ғасырлар бойы өңдеп, өркендетіп, қадірлеп, 

асылым деп ақыл- санасына сіңірген. Ұлттық 

тәрбиенің  тағы  өзекті  арқауы  –  халықтық 

әдеп. Әдептің өмір қолданысына айналуы – 

әдет-ғұрып, ал өмір заңдылығының айналуы 

– салт- дәстүр деп аталады.

Ұлттық  тәрбие  деп  жеке  тұлғаның 

ұлттық  сана-сезімі  мен  мінез-құлқының 

ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және 

ұлттық  салт-дәстүрлерді  меңгеруі  негізінде 

қалыптасуын айтамыз.

Ұлттық  мәдени  құндылықтар  –  белгілі 

бір  ұлтқа,  ұлт  азаматына  тән  зат,  адами 

қадір-қасиет, 

яғни 


халық 

ғасырлар 

бойы  жинақтаған  ұлттық  рухани  және 

материалдық құндылықтар.

Адамдардың 

бойында 


қалыптасқан 

имандылық 

қадір-қасиеттер 

рухани 


құндылықтарға,  ал  адамдардың  қолымен 

жасалған  тұтыну  заттары  мен  кәсібі 

материалды құндылықтарға жатады [2].

Біздің,  мұғалімдердің,  ата-аналардың, 

балалардың  тәрбиесіне  қатысушылардың 

мақсаты  –  ұлттық  құндылықтарын  бойына 

сіңіру  арқылы  бүкіл  адамзаттың  құндылық 

тұғырнамасында  қалыптасқан  тәні  және 

жаны  сұлу,  өзіне-өзі  сенімді,  ғылыми-

теориялық  білімділігі  мен  тәжірибелік 

қабілеттері арқылы күрделі әлемдік, өмірлік 

әрі  әлеуметтік  кеңістікке  еркін  ене  алатын 

қасиеттерге  ие  және  әлемдік  бәсекеге 

қабілетті тұлға қалыптастыру. 

Өзімізді  өзіміз  бағалай  білуге  бет 

бұру  –  ұлттық  байлығымызды  игеру, 

ұлттық  санамызды  дамыту.  Ұлттық 

құндылықтарды  іріктеп,  оқыту  үрдісіне 

енгізу  арқылы  ұлттың  тұнып  тұрған  асыл 

мұралық  рухани  байлығынан  болашақта 

ел  билейтін  ұрпақтарды  сусындатып, 

отбасында  да,  мектепте  де  ұлтжандалылық 

пен  отаншылдыққа  баулып,  өз  халқын,  өз 

мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын 

тұлғаларды тәрбиелеп шығару.

Өз  ұлтын  қадірлеп-қастерлеген,  ұлт 

қадірін білген азаматтың бірі Ж.Аймауытов: 

«Мен  халыққа  кіндігіммен  байланып 

қалғанмын.  Оны  үзе  алмаймын.  Үзу 

қолымнан  келмейді»  –  дейді.  Сырым 

Датұлы: «Мен ағайынды екеумін: бірі – өзім, 

екіншісі – халқым» – дейді. Қазақ халқының 

осындай  дәріптеуге,  қастерлеуге,  дамытуға 

тұрарлық ұлттық рухани және материалдық 

құндылықтары  туралы  ұлағатты,  құнды 

ойларын халық игілігіне, келешек ұрпақты, 

ел-жұртқа ие болар азаматтарды тәрбиелеуге 

қолдануымыз қажет.

«Ел  болсам  десең,  бесігіңді  түзе» 

–  дейді  ұлы  жазушы  Мұхтар  Әуезов. 

Біздің  халқымыздың  тәрбие  тәсілдері  мен 

тәжірибелері  көп.  Халқымыздың  ғасырлар 

бойы  қалыптасқан  салт-дәстүр,  әдет-ғұрып 

үлгілері  мен  өнегелері  соның  айғағы.  Елін 

сүйген адам сол елдің салт-санасын, мәдени 

мұрасын қастерлеп, өнеге тұтуы тиіс.

Қандай  мемлекеттің  де  ертеңі  еңселі, 

бала-шағаның  баянды  болуы  жастардың 

тағдыр - талайының қалай қалыптасқанына 

байланысты. Сондықтан мектептер мен өзге 

де оқу орындарының басты міндеті – ұлттық 

және  жалпы  адамзаттық  құндылықтарды 

игеруге  қабілетті,  ғылым  мен  тәжірбие 

жүзінде терең білім ала отырып, жеке тұлға 

болып қалыптасуға дайын ұрпақ тәрбиелеу 

[3].


Жастарымыздың  бойына  елжандылық, 

азаматтық, жоғары ізгілік пен адамгершілік 

сезімдерді  жан-жақты  жетілгенде  ғана 

Қазақстандық  патриотизм  сезімі  асқақтай 

түседі. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің 

бағдарлы  идеялары  еліміздің  Президенті 

Н.Назарбаев  мемлекеттік  идеология  мәсе-

лесін ұдайы есте ұстауымызды ескере келе 

былай  деп  жазады:  «Бес  арыстарымызға 

арналған  тарихи  зерде  кешенінде  мен 

Қазақстандық  отаншылдық  сезімін  тәр-

биелеуге  көңіл  бөлген  едім.  Қазақстанда 

тұратын  әрбір  адам  осы  елдің  перзенті 

ретінде  сезінбейінше,  оның  өткенін  біліп, 



101

100


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз 

ілгері баспайды…». Осы қағиданы әр ұстаз 

басты мақсат етіп алдына қойса, оқу тәрбие 

үрдісін ұйымдастыруда әр ата-ана мектепке 

көмек  берсе,  сонда  ғана  Президентіміздің 

қойған  мақсатының  бәсекелестікке  сай  50 

елдің  қатарына  кіруге  еңбек  ететін  XXI 

ғасырдың азаматын тәрбиелейміз.

Олай  болса,  қазіргі  кезеңде  мектеп 

табалдырығынан  бастап  білім  беруде  ел 

тарихын терең қозғап, тәрбие сағаттарында 

қазақ  зиялы  қауымының  еңбектерін,  қоғам 

дамуына  қосқан  үлесін  айтып  түсіндіру 

арқылы  жастардың  адами  құндылық 

қасиеттерін 

қалыптастыра 

аламыз. 


Сондай-ақ  ұлттық  салт-сананың  өмірдегі 

қолданылмалы 

көріністері: 

рәсімдер, 

рәміздер,  ырымдар,  тыйымдар,  жөн-

жоралғылар,  діни  уағыздар,  сенімдер, 

кісілік  рәсімдері,  перзенттік  парыз, 

адамгершілік  борыш,  ұрпақтық  міндет 

арқылы іске асырылып, ұлттық қасиеттерге 

айналады.  Жастардың  ұлттық  қасиеттері: 

меймандостық,  кісілік,  сыйласымдылық, 

имандылық,  кішпейілділік,  кеңпейілділік, 

салауаттылық, 

тіршілікке 

бейімділігі, 

өнерпаздық,  шешендік,  ақынжандылық, 

сыпайылығы, мәдениеттілігі, т.б. қасиеттері 

арқылы ерекшеленеді.

Осыған  орай  мұғалім  (тәрбиеші,  сынып 

жетекшісі,  ата-ана)  қазақ  жастарының 

келбетін  қалыптастыруда  мектеп,  ЖОО 

тәрбие жұмысында төмендегідей қасиеттерді 

қалыптастыру керек:

өзгеріп  жатқан  өмір  жағдайларына 



бейімделе білу; 

әлеуметтік-саяси  жағдайда,  өз  көз-



қарасы  мен  сеніміне,  идеалына  және 

ізгіліктік  құндылықтарға  сүйене  отырып 

мақсат қоя білуі керек; 

ұлттық 



санасы, 

азаматтылық 

отангерлік  қасиеттері  болып  елінің  эко-

номикалық  және  мәдени  дамыған,  әлемдік 

қоғамда сай орны бар зиялы мемлекет болып 

қалыптасуына қатысуға талпынуы керек; 

заңды  сыйлап  және  әлеуметтік 



жауапкершілікті  болуы  қажет,  азаматтық 

ерлігі, ішкі еркіндігі мен өзіндік ар-намысы 

болуы керек; 

өзін  объективті  бағалайтын  және 



өзін  дамытатын  қабілеті  болып,  өз  әлеутін 

сезініп, оны іске асыра білуі керек, өздігінен 

шешім қабылдап, оны шеше білуі керек; 

өмірде 



бар 

жағынан 


жоғары 

әлеуметтік  белсенді  болуы  керек,  жаңаны 

іздеуге  өмірлік  және  кәсіптік  мәселелердің 

стандартты  емес  шешімдерін  табуға, 

әлеуметтік-экономикалық  жағдайда  бәсеке-

лестікке қабілетті болуы керек; 

жанашыр,  өнегелі,  парасатты,  басқа 



ұлтты,  басқа  діндегі,  басқаша  ойлайтын 

адамға  шыдамсыздық  пен  жаугершілік 

көрсетпейтін қабілеттері болуы керек; 

өз  денсаулыған  қалпына  келмейтін 



өмірлік ресурс ретінде бағалау; 

әлемдік  және  ұлттық  мәдениет 



байлықтарын бағалай білуі керек. 

Жан-жақты жарасымды дамыған, көркіне 

ақылы  сай,  адамгершілігі  мол  жігіттің 

сұлтаны, асыл ару тәрбиелеу халық арманы. 

Жан-жақты  дамыған  нағыз  ер-азамат 

тәрбиелеу  қазақ  мектебінің  басты  мақсаты 

болуы  керек  екенін  әр  ұстаз  есінде  сақтау 

қажет.


Ұлттық  құндылықтарымызды  әлемдік 

деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу 

үшін:



оқушылардың  ұлттық  сана-сезімін 



қалыптастыру; 

жас  ұрпақ  санасына  туған  халқына 



деген  құрмет,  сүйіспеншілік,  мақтаныш 

сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту

ана  тілі  мен  дінін,  оның  тарихын, 



мәдениетін,  өнерін,  салт-дәстүрін,  рухани-

мәдени мұраларды қастерлеу; 

жас  ұрпақ  бойында  жанашырлық, 



сенімділік,  намысшылдық  тәрізді  ұлттық 

мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді 

орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз. 

Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып 

отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, ата 

тарихын,  ұлттық  салт-дәстүрін  білмейтін 

жастар,  тастанды  жетім  балалар,  «қиын» 

балалар,  қарттар  үйлеріндегі  әжелер  мен 

аталар,  нашақорлыққа  салынған  жастар, 

тағы  басқаларды  бірте-бірте  жоюдың  және 

олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі 

жолы.  Ұлттық  тәрбие  алған  ұрпақ  дені 

сау,  білімді,  ақылды,  ұлтжанды,  еңбекқор, 

сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан 

да ұлттық тәрбие – ел болашағы.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1) Б.И.Иманбекова. Тәрбиеге жетекші. Алматы, 2004.

2) М.С.Керімбаева. «Ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы мектептің рөлі». 

Астана, 2007 ж. 

3) С.Әбішқызы, Ж.Сарманов. «Ұлттық тәрбие – құндылығы мол дүние». 2008 ж. 

Резюме 

В  статье  рассматриваются  особенности  национального  воспитания  казахского  народа, 

привитие у детей любви к своим обычаям, традициям и к своему народу.

Summary 

The article deals with the peculiarities of national education of the Kazakh people, instilling in children 

the love of their customs, traditions, and to his people.

 «Қазақстанның бірегей халықтарының ұлтаралық және 



мәдениетаралық ынтымағы мен жетілуін қамтамасыз ете отырып, қазақ 

халқының көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтаймыз 

және дамыта түсеміз»

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 

арнаған Жолдауынан


102

МАЗМҰНЫ – СОДЕРЖАНИЕ

Самал Дәрібайұлы Арманы көп еді ғой Алма апайдың...........................................................6

Жұматаева Е. Ұлттық тәрбиенің интеллектуалды ұлт құрау мүмкіндігі..............................11

Совет­Хан Ғаббасов Тәрбие мен білім берудің жаңа көзқарасы...........................................16 

Бөлеев Қ., Бұзаубақова К.Ж., Керімбаева Р.Қ., Досмұханбетова К.С. Бастауыш мектеп                

оқушыларына     ұлттық     тәрбие     беру (бағдарлама).......................................................................21



Жарықбаев Қ. Ұлттық болмаса, ұлттық мемлекет болмайды (сұхбат).................................26

Ізтілеуова С.Д. Абай шығармаларындағы тәрбие мәселесі....................................................29

Қосанов  Б.М.  Қазақтың  халық  санамақтарындағы  әдістемелік-математикалық 

тенденциялар................................................................................................................................34



Әбжан Г.М. Жанұя тәрбиесіндегі ым-ишараттың рөлі............................................................38

Садыкова А.Е., Құрманғали А.К. Оқушы әлеуетін қалыптастырудағы отбасы тәрбие      сі   нің 

рөлі................................................................................................................................................43



Қожабеков  Д.А.  Әлеуметтік  құндылықтар  және  олардың  маман  тұлға  болмысын 

қалыптастыруға ықпалы..............................................................................................................45 



Хинаят Бабақұмар      Қой жауырынының киелі қасиеті  және оның дәстүрлі мәдениеттегі 

орны..............................................................................................................................................50 



Еримбетова А.М., 

Исмаилова Ш.А. 

 Олимпиада по русскому  языку  как  эффективный  метод 

инновационных технологий обучения и воспитания................................................................57

Құрсабаев М.Қ. Ұлттық тәрбиенің технологиялық картасы..................................................63 

Мырзаханова  С.А.  Мүмкіндігі  шектеулі  мектеп  оқушыларының  рухани-адамгершілік 

құндылықтарын қалыптастырудың теориялық негіздері...........................................................67 



Туребаева  Б.З.,  Савчиц  Н.Е.  Популяризация  русского  языка  и  культуры  во  внеучебном 

воспитательном процессе в вузе.................................................................................................71 



Дюсембекова  Г.А.  Воспитание  культуры  межэтнического  согласия  в  рамках  проекта  «к 

диалогу культур через русский язык».........................................................................................76



Сулейменова А.А. Жүсіпбек Аймауытұлының шығармашылық жолы және психологиялық 

еңбектеріне талдау........................................................................................................................82



Сарсенова А. Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы.................................................................87

Урисалиева Г.И. Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі............................................................90

Жылқайдарова Ж.С. «Көкшетау» поэмасын оқытуда оқушыларға танымдық тәрбие беру -

дің мәні..........................................................................................................................................94



Қарғабаева Л.Т. Халқымыздың ұлттық тәрбиелеу ерекшелігі..............................................97

Мақалаларды журналға басып 

шығарудағы талаптары

Мақаланы  «Ұлттық  тәрбие»  журналына  тапсыру 

үшін журналдың жауапты хатшысына қағаз түрінде ба­

сылып шыққан файл көшірмесімен кез келген электрон­

ды таратушыда өткізу керек. Дискетадағы ақпарат қағаз 

түрінде басылып шыққан ақпаратқа сай келуі кажет.

Мәтін  Microsoft  Word  мәтіндік  редакторда,  Timas 

New  Roman  шрифтпен,  шрифтің  өлшемі  №  12  терілуі 

қажет.  Мақаланың  көлемі  5-беттен  кем  болмауы  тиіс. 

Беттің параметрлері: үсті – 2 см, асты 



 

2 см, сол жағы 





 

3 см, оң жағы – 1,5 см. Жоларалық интервал – дара 

(одинарный).

Мақала  автордың  аты-жөні,  қызметі,  ғылыми  лауа-

зымы, мақаланың атын көрсетумен басталады, мақала-

ның  соңында  екі  тілде  түйін  беріледі  (егер  мақала 

қазақ тілінде жазылса, онда түйін орыс және ағылшын 

тілдерінде, егер мақала орыс тілінде жазылса, онда түй-

ін  қазақ  және  ағылшын  тілдерінде  жазылады  т.с.с.). 

Мақала терілгеннен кейін автор өзі тексеріп, қателерін 

тү зеп, соңғы нұсқасын беруі қажет. Мақала мазмұнына 

автор өзі жауап береді.

Әдебиеттерге  сілтеме  міндетті  түрде  жасалсын. 

Олар мәтінде аталуына қарай таяқшада сан түрінде көр-

се тіледі. Мақаланың соңында берілетін әдебиеттер тізі-

мінде  алдымен  автордың  аты-жөні,  мақаланың  немесе 

кітаптың аты, сонан кейін кітаптың жалпы мәліметтері 

көрсетіледі.

Мақаланың соңында қызмет және үй телефон нөмір-

лерін көрсетулеріңіз қажет. 

Түп  нұсқалар,  қойылған  талаптарға  сай  келмеген 

жағ дайда баспаға қабылданбайды. Мақалалар кері қай-

тарылмайды және өңделмейді.

Мақаланы  баспаға  шығару  ақысы  университеттің 

кассасына  төленеді  немесе  банк  арқылы  төлеуге  бола­

ды.  *Қойылған  талаптарға  сәйкес  мақаланы  журналға 

шығару бағасы 1500 теңге. 

Бір  жылға  жазылу  бағасы  3104  теңге.  Журналға 

жазылу «Қазпошта» бөлімшелері арқылы жыл бойына 

жүреді. Индекс 74310

Требования к оформлению статей, 

публикуемых в журнале

Материалы  для  журнала  «Ұлттық  тәрбие»  сдаются 

ответственному  секретарю  журнала  в  распечатанном 

виде с приложением копии файла на любом электрон­

ном носителе. Информация на электронном носителе и 

в распечаттаном виде должна быть идентичной.

Набор должен быть произведен в текстовом редакто­

ре Microsoft Word шрифтом Times New Roman, кегль – 

12. Статья должна быть не менее 5 страниц. Параметры 

страницы: верхнее – 2 см, нижнее – 2 см, слева – 3 см, 

справа – 1,5 см. Междустрочный интервал – одинарный.

Статья должна начинаться с указания ФИО автора, 

занимаемой должности, ученой степени, названия ста­

тьи. В конце статьи обязательно наличие резюме на двух 

языках (если статья написана на казахском языке, то ре­

зюме должно быть написано на русском и английском, а 

если статья написано русском языке, то резюме следует 

писать на казахском и английском). Текст должен быть 

тщательным образом выверен и отредактирован автором 

после набора. Автор сам отвечает за содержание статьи.

Ссылки  на  литературные  источники  обязательны. 

Они даются в тексте цифрами в сносках по мере упо­

минания. В списке литературы, который дается в конце 

статьи, вслед за фамилией и инициалами автора идут на­

звание статьи или книги, а затем остальные выходные 

данные. 


В конце статьи необходимо указать номер служебно­

го и домашнего телефона. 

Оригиналы, оформление которых не будет соответ­

ствовать указанном требованием, к публикации не при­

нимаются. Статьи не возврашаются и не рецензируются. 

Материалы, поступившие в редакцию, в дальнейшем 

не будут использоваться в других изданиях.

Оплата за публикацию вносится в кассу университе­

та, либо производится по безналичному расчету. *Стои­

мость статьи в журнал 1500 тенге.



Подписная  цена  за  год  3104  тенге.  Подписка  на 

журнал  проводится  в  течение  года  в  отделах  «Казпоч­

та». Индекс 74310

*Реквизиты: РГП ПХВ Абай атындағы Қаз ҰПУ

ИИН KZ178560000000086696

БИН 031 240 004 969

РНН 600900529562

АГФ ОАО «БанкЦентрКредит»

МФО 190501719, код 16

Свидетельство о постановке на учет по НДС:

Серия 60305 № 0005741 от 13.01.04

Ескерту:

Жекелеген авторлардың журналда жарияланған 

мақалаларындағы пікір­ұсыныстары редакцияның 

түбегейлі көзқарасын білдірмейді. 

Мазмұнды, әрі мағыналы жазылған мақалалар ре-

дакцияда қара лып, ақысыз жарияланатын болады.

Примечание:

Мнения и предложения авторов статей опублико-

ванных в журнале могут не совпадать со взглядами 

и мнением редакции. 

Лучшие статьи по мнению редакции будут печатать-

ся в журнале бесплатно.


Құрметті оқырмандар!

«Ұлттық тәрбие» журналын «Қазпошта» АҚ мекемесінің кез келген бөлім-

шесінен жаздырып ала аласыз. Журналға жазылу жыл бойына жүргізіледі.

«Ұлттық тәрбие» журналын жаздырып алуға және мақала жариялап, өзіндік 

тың ой қосуға асығыңыз, ағайын!

Мына мекен-жайға хабарласуларыңызға болады: Жамбыл көшесі, 25 үй, 24 

каб. Тел: 291-88-83. Е-mail: nitso@mail.ru

050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13

Абай атындағы ҚазҰПУ

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Ұлағат» баспасының баспаханасында басылды

Издательство «Ұлағат»   Казахского национального педагогического  

университета имени Абая

Тікелей репродукциялық әдіспен басылады

Печатается методом прямого репродуцирования



Жауапты редактор/Ответственный редактор – Жанар Сейсенбаева

Жауапты хатшы/Ответственный секретарь – Анар Құрманғали

 Беттеген/Верстка – Анар Құрманғали

Редакция мекен­жайы:

050010, Алматы қ., Жамбыл к-сі 25 үй, Жаңартпа технологиялар және 

білім беру мазмұнын ҒЗИ, каб. 24.

Тел/факс: 8(727) 291-88-83, 8702 951-87-61,

электрондық мекен-жай: nitso@mail.ru

Басылымға жіберілді: 29.06.2012 ж. Пішімі 60х84 

1

/

8



Қағазы сыктывкар. Басылым – офсет. Көлемі 13 б.т.  

Таралымы 500. Тапсырыс №253. 

3 (11) 2012

(мамыр  ­маусым)


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

НАЦИОНАЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

3(11)2012

(мамыр-маусым)



Document Outline

  • _GoBack


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет