Бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет4/14
Дата15.03.2017
өлшемі1,72 Mb.
#9497
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

2­тақырып. 

Бастауыш 

мектеп 

оқушыларына  ұлттық  тәрбие  берудің  

психологиялық­педагогикалық негіздері.

Жеке тұлғаны қалыптастырудағы «ұлттық 

сана», «ұлттық таным», «ұлттық менталитет», 

«ұлттық  мәдениет»  ұғымдарының  мәні. 

Бастауыш  сынып  оқушыларының  қарым-

қатынасының  дамуына,  әлеуметтенуіне, 

мектепке  бейімделуінде  ұлттық  тәрбие 

құрал дарын  пайдалану.  Жас  ерекшелік-

теріне  байланысты    бастауыш  мектеп  оқу-

шыларына  ұлттық  тәрбие  берудің  мазмұн-

дық  сипаттамасы.  Оқушылар дың  ұлт тық 

сана-сезімі,  дүниетанымы,  мінез-құлқы ның 

қалыптасуында  әдет-ғұрып,  салт-дәс түр-

лердің маңызы. 



3­тақырып. Бастауыш сынып оқушы­

ларына ұлттық тәрбие беру мазмұны. 

Бастауыш 

мектеп 

оқушыларымен 



жүргізілетін  ұлттық  тәрбие  мазмұны, 

түрлері мен әдістері. Ұл бала және қыз бала 

тәрбиесінде  дифференциалдық  қатынас. 

Ұлттық  тәрбие  беруде  қазақ  халқының 

балалардың жас және жеке - дара, жыныстық 

ерекшеліктерін  ескеруі.  Жеке  тұлғаны  қал-

ып тастыруда  ұлттық  тәрбиенің  маңызы. 

Ұлттық тәрбие беру негізінде жеке тұлғаның 

өзіндік «Менін» қалыптастыру: өзіндік сана, 

өзін-өзі  тәрбиелеу,  өзін-өзі  дамыту,  өзін-

өзі  белсендіру,  өзін-өзі  басқару,  өзін-өзі 

жетілдіру.



4­тақырып.  Бастауыш  мектепте  оқу 

пәндері арқылы ұлттық тәрбие беру әдіс­

темесі.

Ұлттық тәрбие берудің құралдары: халық 

ауыз әдебиеті, ұлттық салт-дәстүрлер, ұлттық 

ойындар,  мәдени  мұра  материалдарын 

бастауыш  сыныптың  оқыту  үрдісінде 

пайдалану. Қазақ тілін оқытуда оқушыларға 

ұлттық тәрбие беру. Математиканы оқытуда 

ұлттық  мазмұндық  үлгідегі  әдістеме-

лік  материал дар  пайдалану.  Дүние тануды 

оқытуда  қазақ  халқының  табиғаттану,  қор-

шаған  ортаны  қорғау  туралы  дәстүрлерін 

қолдану.  Бейнелеу  өнері,  еңбекке  баулу, 

дене  шынықтыру,  музыка  сабақтарында 

ұлттық  мазмұндағы  материалдар  үлгісін 

пайдалану арқылы оқушылардың танымдық 

құзіреттілігін  қалыптастыру.  1-4  сыныптың 

оқыту  үрдісінде  ұлттық  құндылық тар-

ды  инновациялық  технологиялар  арқылы 

қалыптастыру жолдары.

5­тақырып. Бастауыш сынып оқушы­

ларына  ұлттық  тәрбие  беруде  иннова­

циялық технология лар ды пайдалану.

Қазіргі  кезеңде  бастауыш  сынып 

оқушы ларына    ұлттық  тәрбие  беру дің 

иннова циялық 

бағыт тылығы. 

Халық-


тық  педагогика  материалдарын  заманауи 

талаптарға  сай  инновациялық  әдістермен 

байланыстырып 

жоспарлау. 

Бастауыш 

сынып  оқушыларының  қарым-қатынас 

мәдениетін  қалыптастыруда  ұлттық  тәрбие 

берудің жаңа технологиялары: сайыс, дөңге-

лек  үстөл,  педагогикалық-психологиялық 

тренингтер. Бастауыш сынып оқушыларына 

ұлтық  тәрбие  беруде  ойын  технологиясын 

қолдану: «Алтын қақпа», «Мың бір мақал», 

«Сиқырлы  сандық»,  «Атамекенге  саяхат», 

«Тарихи бұлақ», «Зерек бала» т.б. Бастауыш 

сынып  оқушыларының  ұлттық-танымдық 

құзыреттілігін қалыптастыру жолдары.



6­тақырып. 

Бастауыш 

мектепте 

сынып  тан тыс тәрбие жұмыс тарын ұйым­

дас тыруда халық ауыз әдебиеті үлгілер ін 

қолдану.

Бастауыш мектепте сыныптан тыс тәрбие 

жұмыстарында  аңыз  әңгімелер,  ертегілер, 

мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар 

т.б.  арқылы  оқушыларға  ұлттық  тәрбие 

берудің  маңызы.  Халық  ауыз  әдебиеті 

үлгілерін  тәрбиелік  іс-шараларда,  сынып 

сағат тарында 

пайдаланудың 

білімдік, 

тәрбие лік, дамытушылық маңызы. Бастауыш 

сынып  оқушыларымен  «Ұлттық  таным», 

«Ұлттық  ойындар»,  «Шешендік  өнер», 

«Тапқыр  бала»,  «Өнер  алды  қызыл  тіл» 

сайыстарын  ұйымдастыруда  оқушылардың 

тілдік-қатынастық  құзіреттілігін  қалып-

тастыру. 

7­тақырып. Бастауыш сынып оқушы­

ларына  ұлттық  тәрбие  беруде  сынып 

жетекшісінің рөлі.

Бастауыш  сынып  оқушыларына    ұлт-

тық  тәрбие  берудегі    сынып  жетекшісі 

жұмысының  негізгі  мақсаты,  міндеттері 

мен  мазмұны.  Бастауыш  мектепте  сынып 

жетекшісінің ұлттық тәрбиені ұйымдастыру 

қызметі. Бастауыш сынып мұғалімінің «Қыз 

сыны», «Жігіт сұлтаны», «Әжемнің ақылы», 

«Ата  көрген,  оқ  жонар»  тақырыбында 

тәрбиелік жұмыстарды жүргізуде оқушылар 

ұжымын  қалыптастыруы.  Оқушыларға 

ұлттық  тәрбие  беруде  бастауыш  сынып 

жетекшісінің  ата-аналармен  сабақтастықта 

жүргізілген  жұмыс  жүйесі.  Бастауыш 

мектеп  оқушыларына  ұлттық  тәрбие 

беруді  диагностикалау,  жүйелі  жоспарлау: 

педагогикалық  мониторинг,  педагогикалық 

эксперимент. 



«Бастауыш мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беру» 

элективті курсының тақырыптық үлгісі жоспары

Кесте - 1





Тақырыбы

Сағат саны

Лекция

Семинар 

1.

Кіріспе. Курстың мақсаты, міндеттері мен құрылымы



1

1

2.



Бастауыш  мектепте  оқушыларға  ұлттық  тәрбие  берудің 

теориялық-әдіснамалық  негіздері

2

2

3.



Бастауыш  мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің 

психологиялық-педагогикалық    негіздері

2

2

4.



Бастауыш сынып  оқушыларына  ұлттық тәрбие беру мазмұны 

2

2



5.

Бастауыш мектепте оқу пәндері арқылы ұлттық тәрбие беру 

әдістемесі

2

2



6.

Бастауыш  сынып  оқушыларына  ұлттық  тәрбие  беруде 

инновациялық технологияларды пайдалану

2

2



7.

Бастауыш мектепте сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын 

ұйымдастыруда халық ауыз әдебиеті үлгілерін қолдану

2

2



8.

Бастауыш сынып оқушыларына  ұлттық тәрбие беруде сынып 

жетекшісінің   рөлі

2

2



Барлығы:  30  сағат  

15

15



25

24

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



БАҒДАРЛАМА

Білімгерлердің өзіндік 

жұмыстарының тапсырмалары

1.  12  жылдық  білім  беру  жағдайында 

бастауыш  мектеп  оқушыларына  ұлттық 

тәрбие берудің маңызы.

2. Бастауыш мектептегі ұлттық тәрбиенің 

негізгі  мақсаты  мен  міндеттері,  ұлттық 

тәрбие  беруді  ұйымдастырудың  өзіндік 

ерекшеліктері. 

3.  1  сынып  оқушыларына  халық  ауыз 

әдебиеті  үлгілері  енгізілген  ұлттық  тәрбие 

беру іс-шараларының айлық жоспарын құру.

4.  1  сынып  оқушыларын  оқыту  үрдісіне 

бейімдеуде  ұлттық-дидактикалық  ойын 

түрлерін қолдану.

5. 2 сынып оқушыларына ұлттық тәрбие 

беруде  қазақ  халқының  салт-дәстүрлерін 

қолдануға  арналған  тәрбие  сағатының 

жоспарын құру.

6.  3  сынып  оқушыларының  қарапайым 

математикалық түсініктерін қалыптастыруда, 

ұлттық-логикалық  есептер  енгізілген  сабақ 

жоспарын құру.

7.  3  сынып  оқушыларының  ұлттық 

дүниетанымын  қалыптастыруда  «Жүзден 

жүйрік» байқауының үлгі-жоспарын құру.

8.  4  сынып  оқушыларының  танымдық 

құзіреттілігін 

қалыптастыруда 

интел-

лектуалды  «Ұлттық  дүниетаным»  сайысы-



ның жоспарын құру.

9.  4  сынып  оқушыларына  сабақтан 

тыс  жұмыстарда  ұлттық  тәрбие  беру  іс-

шараларының апталық жоспарын құру.

10. 

Дүниетанудың 



«Адам-қоғам-

табиғат»  бөлімдерін  оқытуда  ұлттық  маз-

мұндағы  материалдарды  инновациялық 

технологиялар арқылы меңгерту.

11.  Қазақ  тілін  оқытуда  халық  ауыз 

әдебиеті  үлгілерін  инновациялық  техно-

логиялар арқылы меңгерту.

12.  Бейнелеу  өнері,  еңбекке  баулу,  дене 

шынықтыру,  музыка  сабақтарында  қазақ 

халқының  ұлттық  ойын,  ою-өрнек,  әшекей 

бұйымдары, би, ән сазды өнер туындыларын 

пайдаланудың тәрбиелік мәні.



Білімгерлердің оқытушымен 

орындайтын 

жұмыстарының тапсырмалары 

1. Қазақстан Республикасында «Мә-

дени  мұра»  бағдарламасында  ұлттық 

тәрбие берудің басым бағыттары.

2.  Бастауыш  мектепте  оқушыларға 

ұлттық  тәрбие  беру  арқылы  ұлттық 

сананы қалыптасудың маңызы. 

3. Бастауыш мектепте ұлттық тәрбие 

беру құралдары.

4.  Бастауыш  мектепте  ұлттық  тәрбие 

беруде  сынып  жетекшісінің  қызметін  

тиімді ұйымдастыру.

5. Оқушыларға ұлттық тәрбие беруді 

диагностикалау жолдары.

6.  Бастауыш  мектепте  ұлттық  тәр-

бие беру әдістері.

7.  Бастауыш  сыныптарда  ұлт тық 

тәр  бие беру бағдарламалары.

8.  Бастауыш  мектепте  оқушыларға 

ұлттық тәрбие берудің  инновациялық 

технологиялары.

9.  Бастауыш  сынып  оқушыларына 

ұлттық  тәрбие  беруде  ойын  техноло-

гияларын пайдалану.

10.      Бастауыш сынып оқушыларының 

бойында  ұлттық  рухани  құндылық-

тарды қалыптастыру.

11.  Бастауыш  мектепте  ұлттық 

тәрбие  берудің  заманауи  ақпараттық 

құралдары  (интернет,  интерактивті 

тақталар, теледидар, т.б.)

12.  Бастауыш  сынып  оқушысы-

ның  тұлғалық,  әлеуметтік  қалып-

тасуындағы ұлттық тәрбиенің алатын 

орны.

Әдебиеттер

1.   Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2007

2.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2015  жылға  дейінгі  тұ-

жырымдамасы. – Астана, 2004.

3.  Қазақстан Республикасы жаңа тұрпатты педагогының үздіксіз педагогикалық білім 

беру тұжырымдамасы. – Астана, 2005

4.  Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған 

мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010

5.  Қазақстан  Республикасы  бастауыш  білімнің  мемлекеттік  стандарты.  Оқу  бағ-

дарламалары  мен  оқу-әдістемелік  құралдарында  оқушыларға  ұлттық  тәрбие  беру  мә-

селелері.

6.  Бөлеев Қ. Қазақ халқының этнопедагогикасы. Оқу пәнінің бағдарламасы. – Жам-

был, 1992.

7.  Бөлеев  Қ.,  Бөлеев  Т.Қ.  Қазақ  этнопедагогикасының  тарихы.  Оқу  пәнінің  бағ-

дарламасы. – Жамбыл, 1994.

8.  Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші. – Қызылорда, 1924. – 105 б.

9. Адамбаев Б. Халық даналығы. – Алматы: Мектеп, 1976. – 163 б.

10. Адамбаев Б. Қазақтың шешендік өнері. – Алматы: Ғылым, 1984.-159 б.

11. Адамбаев Б. Алтын сандық.  –Алматы: Жазушы, 1989. -125 б.

12. Әлімбаев М. Халық – қапысыз тәрбиеші. – Алматы: Білім, 1977. -43 б.

13. Әлімбаев М. Халық – ғажап тәлімгер. – Алматы: Рауан, 1994. -144б.

14. Қазақ халық ертегілері. – Алматы, 2010. – 96 б 

15. Әлімбаев М.  Өрнекті сөз – ортақ қазына. –Алматы: Қазақстан, 1967. – 120 б.

16. Әлімбаев М. Мақал сөздің мәйегі.  –Алматы:Жазушы, 1964. – 130 б.

17. Сәрсенбаев Т. Ұлттық сана-сезім мен ұлттық қадір-қасиет. –Алматы: Наука, 1990. 

– 122 б.


18. Нұрматов С. Ұлттық болмыс пен ұлттық сана. – Алматы: Ғылым, 1996. – 131 б.

19. Ғабдуллин М. Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес. –Алматы: Мектеп, 1966. – 123 б.

20. Жарықбаев Қ. Аталар сөзі – ақылдың көзі. –Алматы: Қазақстан, 1980. – 121 б.

21. Қалиев С., Жарықбаев Қ. Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі. –

Алматы: Мектеп, 1987. – 89 б.

22. Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы: Санат, 1995. – 552 б.

23. Қалиев С. Қазақ этнопедагикасының теориялық негіздері мен тарихы. – Алматы: 

Рауан, 1998. – 128 б.

24. Қалиев С. Қазақ этнопедагоикасының тарихы. – Алматы: Білім, 1999. – 153 б.

25. Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие. – Алматы: Білім, 1995. – 232 б.

26. Наурызбай Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұраты. Алматы: Ана тілі, 1995. – 192 б.

27. Озғанбай Ө. Халықтан асқан ұстаз жоқ –Алматы, 1996. -161 б.

28. Қожахметова К. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: теория және практика. –Алматы: 

РБК, 1997. – 141 б.

29. Табылдиев Ә. Халық тағылымы. –Алматы: Қазақ университеті, 1991. – 200 б.

30. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы: Санат, 2001. – 320 б.



27

26

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

Ж.Е. Ішпекбаев – 

Абай атындағы

ҚазҰПУ-нің Тәрбие істері

жөніндегі проректоры,

 саяси ғылымдарының кандидаты

доцент, Ханьшань педагогикалық

 университетінің құрметті профессоры

Құбығұл Жарықбаев: ҰЛТ БОЛМАСА, ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТ БОЛМАЙДЫ

–  Ұлттық  психологияның  қалыптасу 

тарихына  аз‑кем  тоқтала  кетсеңіз?

Өздеріңе  мәлім,  ежелгі  ата-баба лары

­

мыздың  күмбірлеген  күйімен,  сыбызғы 



үнімен,  асқақтата  салған  әсем  әнімен, 

ғашықтық лиро-эпос жырымен, мақал-мәтел, 

шешендік  сөз,  айтыс  –  жырларымен  сан 

ғасырлар бойы өзінің ұрпағын сегіз қырлы, 

бір  сырлы,  өнегелі  де  өнерлі,  имандылық-

адамгершілік ар-ұжданы жоғары, намысқор 

азамат  етіп  тәрбиелеп  келгені  тарихи 

шындық.  Әлем  ғылымындағы  екі  алыптың 

бірі – әл-Фараби бабамыздың да Қазақстан 

топырағында  дүниеге  келгені  белгілі. 

Артына  көптеген  тәліми  мұра  қалдырған 

ілкі  орта  ғасыр  ойшылдары:  Баласағұни, 

Қашқари,  Яссауи  шағармалары,  сондай-

ақ  Алтын  Орда  дәуірінің  ойшылдары: 

Хорезми, Сарай, Дулати, Жалайри, Әбілғазы 

т.б еңбектерінің де қазіргі ұрпақ тәрбиесінен 

алар орыны ерекше. 

Соңғы  кездері  қазақ  психологиялық  ой-

пікірі  тарихы  жаңа  ғылыми  пікірлермен 

толыса бастады, осыдан 500 жылдай бұрын 

орта  ғасырлық  ғұлама  ғалым  Өтейбойдақ 

Тілеуқабылұлы  «Шипагерлік  баян»  деген 

үлкен  еңбек  жазыпты.  Мұнда  шипагерлік 

мәселесімен қатар, қазақ тарихы, тіл, әдебиет, 

анатомия, физиология, медецина, философия 

ғылымдарынан  да  мағлұмат  береді.    Осы 

еңбекте де психология саласынан да көптеген 

қызықы  деректер  мол.  Ал  ХVIII  ғасырда 

өмір  сүрген  Тауасарұлы  Қазыбекбектің 

«Түп тұқиянымнан өзіме дейін» атты еңбегі 

тек  сол  кездің  өмірін  ашатын  төл  туынды 

ғана емес, сондай-ақ, халқымыздың ұлттық 

психологиясынан  көптеген  тың  деректер 

беретін кемел ғылыми мұра. 

Асан Қайғы, Шалкиіз, Доспанбет, Ақтам -

берді, Бұқар, Шал, Дулат, Мұрат, Маханбет 

т.б

.

  қазақтың  күміс  көмей,  жез  таң дай 



ақын-жырауларының  әртүрлі  өмір  құбы-

лыстары,  адам  мен  қоғам,  жан  мен  тән, 

өмірдің  сан  алуан  тұрмыс  тіршілігі  туралы 

толғаныстарының  ақыл-кеңес  өсиеттерінің 

қазіргі жастарымызға психологиялық тәрбие 

беру үшін маңызы зор. Әлемдік мәдениеттің 

шоқ  жұлдыздары:  Шоқан,  Ыбырай,  Абай 

сияқты ғұлама ойшылдардың адамның  жан 

жүйесі жайлы мұраларының, осы ғасырдың 

басында қазақ даласындағы рухани тыныс-

тіршілігін  дүр  сілкіндірген  Шәкәрім, 

Машһүр  Жүсіп,  Ахмет,  Халел,  Мағжан, 

Жүсіпбек,  Міржақыптардың  халқымыздың 

ұлттық  психология,  әдет-ғұрып,  салт-

санасын  өз  туындыларына  негізгі  арқау 

еткен  тұжырымдары  да  қазіргі  психология 

үшін таптырмайтын тақырыптар. 

–  Ұлттық  психологиямыздың  басқа 

ұлт тардан  басты  айырмашылығы  неде?

Басты  айырмашылығы  мынада,  ұлт 

болмаса, ұлттық мемлекет болмайды. Елба-

сының айтуынша, бізде бір ғана ұлт бар, ол 

мемлекет  құраушы  қазақ  ұлты,  қалғандары 

этностар.

Біздің  ұлттық  тәрбиеміздің  арасында 

мынадай  белгілер  бар.  Атап  айтар  болсам, 

жеріміздің 

ұлан-ғайыр 

кеңдігі 

мен 


табиғат  сұлулығы  әсерінен  ғасырлар  бойы 

қалыптасқан  дарқандық,  адамға  деген 

мейірімділік  пен  өнерпаздық.  Қазақтың 

көшпенділік  психологиясынан  туындаған 

асқан  қонақжайлылық,  жоңғарлар  тұтатқан 

жойқын  соғыс  пен  қырғынға  ұшырау 

кезінде  тірнектеп  жинаған  рухани  мұраны 

ұрпақтан  ұрпаққа  жеткізу  ниетімен 

қылыптасқан  балажандылық,  үнемі  мал 

шаруашылығымен  айналысудан  шыққан 

малжандылық,  өзінен  басқа  жұртқа  деген 

бауырмалдылық,  еш  уақытта  біреудің 

жеріне  көз  алартпаған  бейбітшілік,  өзі 

тиген  дұшпанның  қабырғасын  қақыратқан 

батырлық, «мың өліп, мың тірілген» кездегі 

шыдамдылық,  біздің  ұлттық  мінезіміздің 

жоғары  бітістері,    міне,  мұның  бірі  біздің 

ұлттық мақтанышымыз емес пе?



– Адамның тәрбиесі неден басталады?

Енді тал бесікті қойып тәрбие құрсақтан 

басталатынын  айтып  жүрміз.  Мұны 

биологиялық  тұрғыдан  шетелдік  ғалымдар 

дәлелдесе,  жақында  өзіміздің  қазақтың 

бір  ғалымы  мұның  ұлттық  тәрбиеміздегі 

орыны  жөнініде  докторлық  диссертация 

қорғап  шықты.  Бала  құрсақта  жатқанда 

анасының сөзін қабылдайды екен. Мәселен, 

анасы  ашуланса  немесе  жайдары  күйге 

түссе   мидағы талдағыштар арқылы осын-

дай көңіл-күйлері құрсақтағы балаға барып 

жатады.  Осыны  біздің  аналарымыз  ерте-

ден-ақ  біліп,  келіндері  құрсақ  көтерген 

күннен  бастап  оларға  барлық  жағдайды 

жасап, келеңсіздіктен, ұрыс-керістен сақтап 

жүрген. Келіннің аяғы ауыр екенін білгенде 

«Құрсақ шашар» той жасап, тілек тілеген.

Осылайша    он  сегіз  мың  ғаламды  бір 

тарының  қауызына  сыйдырған  Алланың 

құ ды ретімен  пайда  болған  ұрық  дамып, 

тоғыз ай, тоғыз күн дегенде дүниеге іңкәләп 

келгенде миының салмағы – 400 гр. болады. 

10  айда  –  900  грамға,  6-7  жасында  1  кг 

300  грамға  жетеді.  Осы  салмақ  өмірбақи 

сақталады. Сондықтанда, бес жасқа дейінгі 

тәрбие бала санасына терең сіңеді. 

–  Жалпы  этнопсихология  нені  қарас‑

тырады?

Ұлттық  әдет-ғұрып,  салт-сана,  тіл,  дін 

секілді  іргелі  мәселелердің  психологиялық 

жақтарын  этнопсихология  ғылымы  қарас-

тырады.  Этнопсихология  –  түрлі  ұлттар 

мен  ұлыстарға  тән  психологиялық  ерек-

шеліктерді, яғни, белгілі ұлт өкілінің мінез-

құлық  ерекшеліктерін,  ұлттық  сана-се-

зімінің  қалыптасу,  даму  жолдарын  зерт-

тейді. 


Этнопсиологиялық 

ой-пікірдің 

бас  тауы  әріден,  Платон  заманынан  бас-

талады. 


Ұлтымыздың 

психологиясы 

жайлы  сындарлы  ой-түйіндер:  А.Байтұр-

сынұлы,  Х.Досмұханбетов,  Ж.Аймауытов, 

М.Жұмабаев  сияқты  біртуар  перзент-

теріміздің шығармаларында көптеп кездееді. 

Осылай  жүйелеп  талдау,  қазіргі  заман 

талап-тілетеріне  сай  пайдалану  ғылыми 

психологиялық  тұрғыдан  зерттеуді  қажет 

ететіні сөзсіз.



– Осы ғылыми ұлттық психологиялық 

зерттеу  мәселесіне  тоқтала  кетсеңіз, 

қандай тақырыптарды зерттейді сонда?

Этнопсихологиялық  зерттеу  жүргізетін 

тақырыптардың  аясы  өте  кең.  Мектеп, 

мәдениет,  спорт,  заң,  сот,  жазалау  органдарынң 

жұмысын саралап, зерттеп, талдау жасаумен 

қатар, нарық экономикасына өту кезеңіндегі 

әртүрлі  топ  өкілдерінің  (жұмысшы,  шаруа, 

қызметкер,  оқушы,  т.б.)  психологиясында 

қалай  әсер  етіп  отырғандығы,  әртүрлі 

этнос  адамдарының    жеке  тұлғасы  қалай 

қалыптасып  жатқандығы,  мемлекеттік 

тілді  меңгеруге  байланысты  кісінің  жан 

қуаттарымен  жеке-дара  ерекшеліктерінде 

туындайтын  өзгерістер  мен  егемендік, 

тәуелсіздік  жағдайында  ерекше  белең 

алып  отырғанын  саясат  психологиясының 

астарын ашуға бағытталуы тиіс.  

Өйткені  аталған  сала  да  үлкен,  іргелі 

ғылыми еңбектер жазылмай, ұлттық  тәлім-

тәрбие  мәселесі  сараланбай  тұрғанда 

қазіргі  жастарымыздың  арасынан  «Ұлттық 

психология»  деген  ұғымның  өзінде  жөнді 

түсінбейтіндер  кездесіп  жүр.  Ал,  шын 

мәнінде  халқымыздың,  көп  этносты 

еліміздің рухани дамуын, бүгінгі қолы жетіп 

отырған тәуелсіздігін өз қолына берік ұстап, 

оны одан ары жетілдіріп, мемлекеттік тілін 

дамытып,  бүкіл  адамзаттық  өркениетке 

үлес  қосудың  басты  алғашарттарының  бірі 

– өзінің ұлттық сипатын сақтап қалу болса, 

оны  сақтаудың  басты  құралы  –  ұлттық 

психологияны жәй білу ғана емес, оның бүге-

шігесіне дейін зертеуге келіп саяды. Ұлттық 

психология әр ұлттың – паспорты. Мәселен, 

«ұлттық  мінез»,  «ұлттық  қасиет»,  «ұлттық 

мақтаныш», «ұлттық дәстүр», «ұлттық сана» 

ұғымдары әр ұлтты дүниежүзілік мәдениетке 

үлес  қосуда  белсене  әрекет  ететін,  ұлттық 

таланттардың  көзін  ашатын,  ақыл-ойын 

жинақтап,  оларды  бір  арнаға  бағыттайтын 

аккумалиатор,  не  катализатор  дер  едік.  Ал, 

білім  акедемиясына  қарасты  ҒЗИ  мұндай 

ауыр жүкті арқалай алмайтыны белгілі. 

Ұлттық  психология  мен  этика,  мінез-

құлық,  әдеп  мәселелері  –  қазақ  елі нің 

тәуелсіздік жариялауына байланысты бізде-



29

28

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

гі  біртіндеп  жүзеге  асып  келе  жатқан  ана 

тілін  өркендету  саясатына  орайласатын 

стратегиялық мәні бар шаралардың бірі. 

Кеңес мемлекетінің ұзақ жылдар бойына 

қазақ  тілінің  мәртебесін  төмендетуге 

бағытталған  солақай  саясатының  сал-

дарынан  еліміздегі  қостілділік  процесі 

бір  жақты  дамып  келді.  Ол  жергілікті 

халықтардың  ұлттық  мүдделерін  қиянат 

жасау  есебімен  жүзеге  асырылды.  Ұлттық 

тіл  психологиясында  да  зерттейтін  обьек-

тілір  ұшан-теңіз.  Мәселен,  төл  тіліміздегі 

төрт 


түлікке 

байланысты 

3000-дай, 

есімдік  дүниесіне  қатысты  8000-нан 

астам  төл  атауларымыз  бар  екен.  Ал,  адам 

психологиясына  қатысты    «көз»,  «бет» 

лексемдерінің  әрқайсысының  40-тан  астам 

синонимдері  бар  екенін  екінің  бірі  біле 

бермейді. Сөздік қоры аса мол дейтін орыс 

тілінде де «көз» бен «беттің» 7-8-ден артық 

баламаларын кездестіре алмайсыз. 

– Ұлттық психология өзгеріп тұратын 

құндылыққа  жатқызамыз  ба,  әлде  өзге‑

ріске ұшырап отыруы тиіс пе?

Ұлттық психология «заманына сай адамы» 

дегендей өзгеріске ұшырап отырады. Соның 

айқын  көрінісі,  нарықтық  экономикаға 

байланысты  біраз  өзгерістерге  ұшырадық. 

Нарықтық экономика біреулердің айтуынша, 

жалпы  қазақты  көркейтіп,  мәдениетті  ұлт 

етудің  себебі  меніңше  олай  емес,  нарыққа 

белсенді бейімделудің салдарынан ұлтымыз 

біраз  құндылықтарын  жоғалтты,  ақшаға, 

байлыққа  табынып  кетті.  Басқасын  былай 

қойғанда  Абайдың  «Мәсғұт»  поэмасында 

қубасғы  көзге  алтын  салғанда  толмай,  бір 

уыс  топырақ  салғанда  толатыны  нағыз 

қазаққы  танымның  белгісі  болатын, 

қанағат деген ұғым қазақ философиясында, 

психологиясында  ерекше  орын  алған,  қазір 

соны жоғалттық.



– Осы уақытқа дейін алға қойған мақ‑

саттарыңыздың қаншасын жүзеге асы ра 

алдыңыз?

Осы  ұлттық  психология  саласында  60 

жылдан  астам  еңбек  етіп  келемін,    60-тан 

астам кітап, 1000-нан астам ғылыми мақала 

жазыппын, негізгі міндетімді орындай алған 

сияқтымын.  Бірақ,  ұлттық  психологиялық 

дәрістерді  оқу  бағдарламасына  енгізсек 

деген  менің  және  менің  әріптестерімнің 

арманы орындалмай келеді.

– «Ұлттық тәрбие» журналына қандай 

тілек айтасыз?

Мұндай 


журналды 

тәуелсіздіктің 

алғашқы  жылдары  болмаса  да,  ертерек 

қолға  алу  керек  еді.  Ал,  кеште  болса  Абай 

атындағы ҚазҰПУ-дан шығуы, қазіргі ректор 

С.Ж.Пірәлиевтің  көрегендігі  деп  білемін. 

Журналдарыңыз  болашақта  Қазақстанның 

әр түкпіріне таралсын  деп тілеймін.



– Әңгімеңізге рахмет!

  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет